Белсенді салқындату. Бұған дəндерді аударыстыру,
нориялар,
дəндер
тазалағыш
машиналар,
кептіргіштер,
транспортер арқылы өткізу жəне активті желдету жатады.
Дəндерді аударыстыру жолымен салқындату қарапайым жəне
артықшылығынан гөрі кемшілігі басым. Технологиялық
тиімділігінің шамалы жəне еңбекті көп қажет ететіндігіне
байланысты мұны астықтың тиімді салқындату тəсілі ретінде
ұсынуға болмайды. Ол дəндерді салқындатудың жетілдірілген
жəне экономикалық жағынан тиімді басқа құралы болмаған
жағдайда ғана қолданылатын тəсіл. Дəндер сондай-ақ
транспортер, дəндер тазалағыш машина жəне кептіргіштер
арқылы өткізуден де салқындайды.
Неғұрлым жоғары тиімділік дəндердің жүретін жолын ұзарту
(салқындау ұзақтығы) арқылы жəне ауа мен дəндер
температурасы арасындағы айырма үлкен болған жағдайда
алынады. Салқындатудың бұл тəсілі астық қоймаларда,
элеваторларда сақталғанда жəне суық ауаның қоймаға неғұрлым
көп енгізілуі қамтамасыз етілетін жағдайда қолданылады.
Белсенді желдету астықты салқындатудың неғұрлым
жетілдірілген жəне экономикалық жағынан тиімді тəсілі болып
есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |