Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


  Тұқымға арналған астықты сақтау тəртіптері



Pdf көрінісі
бет217/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

19.6.  Тұқымға арналған астықты сақтау тəртіптері 

 

Астық  қабылдау  кəсіпорындарына,  сондай-ақ  сұрыпты 



дəндері  мен  мамандандырылған  астық  қабылдау  кəсіпорындары 

жəне  кейбір  тұқым  шаруашылығы  зауыттары  дайындайтын 




 

424


 

тұқымдық 

дəндер 

де 


түседі. 

Осындай 


кəсіпорындар 

қызметкерлерінің негізгі міндеті – дəндерді тұқымдық қорға дер 

кезінде  құю,  оларды  сақтауға  төзетіндей  күйге  келтіру,  сапасын 

егіс  кондициясына  жеткізу,  бүкіл  сақтау  мерзімі  бойы  дəндерге 

мұқият  бақылау  жасап  отыру.  Сақтауға  қойылған  тұқымдық 

дəндерге  салғырт  қарау  оның  өнгіштігін  күрт  төмендетуі 

ықтимал. 

Егіске  көп  тұқым  жұмсалатын  біздің  елімізде  оның 

өнгіштігінің  болмашы  төмендеуінің  өзі  орасан  шығынға 

ұшыратады,  себебі  бұдан  əр  гектарға  жұмсалатын  себу  нормасы 

көбейеді.  Бидай 60-65 млн  гектар  жерге  себілетін  болса, 

өнгіштіктің 1 пайыз  нашарлауы  себу  нормасын 70 мың  тоннаға 

дейін  өсіретіні  есептеп  шығарылды.  Оның  есесіне  өнбейтін 

дəндер  азықтық  жəне  жемдік  мақсатқа  пайдалануға  əбден 

жарамды. 

Əртүрлі  дақылдардың  сортты  жəне  будан  тұқымдары 

мемлекеттік  қорға  сақтық  қор  есебінде  жəне  ауыл  шаруа- 

шылығына  таңдаулы  аудандастырылған  жəне  перспективалы 

сорттар енгізу үшін келіп түседі. 

Тұқым  жинау  жəне  дайындау  басталғанға  дейін  тұқым 

шаруашылықтары  астық  қабылдау  кəсіпорындарында  сортты 

егістерді  апробациялау  актілері  мен  жүгері  егісін  зерттеу 

актілерін  тапсыруға  тиіс.  Бұл  құжаттар  егістерді  апробациялау 

жөніндегі нұсқаға сəйкес толтырылады. 

Сортты  тұқым  партиялары  сорттық  жəне  егістік  сапасын 

куəландыратын арнайы құжаттармен бірге əкелінеді. Оған: тұқым 

аттестатын 

(тұқым 


анықтамасы, 

тұқым 


куəлігі) 

жəне 


кондициялылығы  туралы  куəлік  жатады.  Құжат  болмаған 

жағдайда сортты тұқым қабылданбайды. 

Астық қабылдау зертханасының қызметкерлері құжаттар мен 

актілер мəліметтер дұрыстығын тексереді, одан соң партияларды 

орналастыруға қажетті сапалық көрсеткіштерді анықтау, сондай-

ақ  толық  тауарлық  жəне  ауылшаруашылық  талдау  жасау  үшін 

дəндер үлгісін алады. 

Сортты  дəндер  жоспарға  сəйкес  таңдаулы  қоймаларға 

орналастырылады,  бұл  дəндерді  оның  сорттық  тазалығы  мен 

кондициялылығын  сақтауға,  яғни  олардың  сапасының  егістік 

дəндер жөніндегі стандартқа сай болуын қамтамасыз етеді. 



 

425


 

Дəндер  партиялары  дақылдар,  сорттар,  репродукциялар, 

сорттық  тазалық  категориясы,  тұқымдық  стандарт  класы  ішінде 

ылғалдылығы  бойынша  бөлек  орналастырылады.  Класқа 

жатпайтын  тұқым  сапасына  қарай  бөлек  қойылады.  Оларды 

орналастырылуда  тұқымның  сорттық  тазалығын  сақтауға  басты 

назар  аударып,  əртүрлі  сорттар  мен  дақылдардың  араласып 

кетпеуіне  сақ  болған  жөн.  Тұқымдық  дəндерді  құрғақ  күйінде 

қапта  сақтау  кезінде  қаптар  қатарының  саны  туралы  нұсқау  

34-кестеде берілген. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет