427
Астық токтарында тұрақты механикаландырылмаған жəне
жартылай механикаландырылған қоймалар салынды жəне
олардың сыйымдылығы 2,0 мың тонна 6,5 мың тоннаға дейін
болды.
Екінші деңгейдегі қоймалар қазіргі қолданыста пайдаланып
жүрген астық кəсіпорындары мен элеваторлар. Олардың жалпы
сыйымдылығы 24,0 млн тоннаға дейін жетті. Соның 35%-ына
жуық элеватор сыйымдылығы бар темір жол бойында
орналасқан. Астық кəсіпорындары 30% темір жол бойындағы
орналасқан жай қоймалардан құрастырылған кəсіпорындар, ал
қалған 25%-ы шеткей жақта автомобиль транспортымен ғана
байланысқан, егіс даласының төңірегіне жайғасқан астық
кəсіпорындары.
Үшінші деңгейдегі, олар 10%-дай шамадағы терминалды
элеваторы бар астық кəсіпорындары мен мемлекеттік астық
қорын қабылдап, өңдеп, сақтап жəне сұранысқа байланысты
астықты транспорт жолдарына артады.
Қазақстан Республикасындағы элеваторлық жəне жай қойма
сыйымдылықтарының үш деңгей бойынша бөлінуін келесі
кестеден көруге болады (36-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: