471
кеміргіштер індерінде, құс ұяларында тіршілік етеді де, солар
арқылы астық қорына барып түседі. Тəжірибе зарарсыз-
дандырылмаған қырмандар, дəндер тазалау машиналары, қаптар,
автомобильдердің астыққа зиянкестердің араласуына себепші
болатынын көрсетеді.
Астық қабылдау жəне басқа да кəсіпорындарда дəндердің
зақымдануына
себеп – астық
өндіріп,
өткізушілердің
қырмандарынан сондай күйге ұшыраған дəндердің келіп түсуі.
Осындай дəндер партиясын кəсіпорын ішінде ауыстыру
зиянкестердің басқа объектілреге де қоныстануына себепші
болады.
Зиянкестердің таралу жолдарының көптігі кəсіпорынның
барлық объектілерін ұдайы тексеріп отыру жəне зақымдану көзін
дер кезінде анықтап, зиянкестерге қарсы шараларды мезгілінде
белгілеуге міндеттейді. Астық қабылдау кəсіпорындарында,
элеваторларды, ұн, жарма жəне құрама жем зауыттарында мына
объектілер тексерілуге тиіс:
1) дəндер, одан алынатын өнімдер, құрама жем, қалдықтар;
2) өндірістік объектілер (қойма, элеватор, ұн тарту
зауыттары) жəне ондағы құрал-жабдықтар;
3) кəсіпорын территориясы;
4) транспорт құралдары (автомобильдер, вагондар, кемелер,
мотовоздар т.б.);
5) ыдыстар (қап, брезент, т.б.);
6) механикаландырылған желілер, транспортерлер, дəндер
тазалау машиналары, астық кептіргіштері мен зертхана құрал-
саймандары.
Зақымдануды анықтау жəне аталған объектілерді зарарсыз-
дандыру жұмыстарының бəрі дəндер, ұн, жарма зиянкестеріне
қарсы күрес жөніндегі нұсқауға сəйкес жүргізіледі.
Зиянкестермен күреске бағытталған шаралар
Достарыңызбен бөлісу: