5.1. Кептіру үдерісінің сипаты
Кептіру – стационарлық емес үдеріс, яғни ылғалдылық та,
материал температурасы да, сусыздану жылдамдығы да уақытқа
қарай өзгереді. Кептіру теориясында бұл өзгерістерді кептіру
қисығы (координаталарда материал ылғалдылығы – уақыт),
кептіру жылдамдығының қисығы (координаталарда кептіру
жылдамдығы – материал ылғалдылығы), температуралық қисық
(координаталарда материал температурасы – материал ылғал-
дылығы) түрінде графикалық жолмен бейнеленеді.
Мұндай графиктерді құрастыруға қажетті мəліметтер
материалдың біршама үлгілерін кептіру үдерісінде, сəйкес
уақыттарда ылғалдылығы мен температурасын анықтау арқылы
78
алынады.
Кептіруші
агент
параметрлері
(температура,
жылдамдығы мен салыстырмалы ылғалдылығы) тұрақты күйде
сақталады. Əдетте, кептіру үдерісінде материалдың ылғалдылығы
ылғал массасының кемуіне қарай есептеу жолымен анықталады.
Ол үшін белгілі бір уақыт аралықтарынан кейін кептірілетін
материалдың салмағын өлшейді.
Достарыңызбен бөлісу: |