Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет38/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   269
Байланысты:
Iztaev astyk keptiru

Бақылау сұрақтары 

 

1.  Дəннің гигроскопиялық құрамына талдау жасау 

2.  Тепе-тең ылғалдылықтың қалыптасу жағдайлары 

3.  Дақыл дəндерінің сорбциялық изометриясы 

4.  Дақыл дəндерінің десорбциялық изометриясы 

5.  Осматикалы байланысқан ылғал 

6.  Ылғалдың дəнмен байланысу энергиясы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

77

 



V тарау. Астықты кептіру үдерісіндегі  

жылуылғал алмасу 

 

Конвективті кептіру дегеніміз - дəндердің бетіндегі ылғалдың 



кептіру  камерасы  ішінде  буланып  шығуы.  Əрине,  бұл  жағдайда 

дəндердің  ішіндегі  ылғалды  оның  бетіне  шығару  қажет. 

Ылғалдың  булануына  қажетті  жылуды  дəндерге  инертті  газ 

береді.  Алайда,  ол  кептіру  камерасында  тек  жылутасығыштың 

ғана  емес,  ылғалсіңіргіштің  қызметін  атқарады.  Бұл  газ  кептіру 

камерасынан  дəндерден  бөлініп  шыққан  ылғал  буын  сіңіріп, 

жояды.  

Жылыған  газ  беретін  жылу  тек  ылғалдың  булануына  ғана 

емес,  оны  булану  температурасына  дейін  қайнатуға,  түзілген 

будың  қызуын  арттыруға,  сонымен  бірге  дəндердің  өзін 

қыздыруға  жұмсалады.  Соңғысы  болмаса  ылғалдың  ысып 

булануы мүмкін болмас еді.  

Сөйтіп,  конвективті  кептіруге  бір  мезетте  жүретін  жəне  бір-

біріне  əсер  ететін  үдерістер  кешені  кіреді.  Олар:  жылуды 

кептіруші  агенттен  беткі  қабат  арқылы  дəндерге  жеткізу, 

дəндердің  ішіндегі  ылғалды  шығару,  ылғалды  буландыру, 

дəндердің  бетіндегі  ылғалды  кептіру  камерасындағы  ортаға 

көшіру.  Дəндердің  ішіндегі  жəне  беткі  қабатындағы  жылу  мен 

ылғалдың  орын  ауысу  үдерістері  қалай  өтетінін,  сонымен  қатар 

олардың заңдылықтарын қарастырайық. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет