74
Макрокапиллярлардың мениск үстіндегі қаныққан бу
қысымы іс жүзінде капиллярдың радиусына тəуелді емес жəне
бос сұйықтың жайдақ бетіндегі қаныққан бу қысымымен бірдей.
Алайда макрокапиллярлардың бір бөлігі келесі жағдайда
капиллярлық
конденсация
жолымен
толуы
мүмкін.
Макрокапиллярлардың ішкі бетінде су молекулаларының
адсорбциялаушы қабаттары (бірінші, екінші жəне т.б.) түзіледі.
Капиллярдың қандай да бір жіңішкерген жерінде мениск түзілген
жағдайда жəне жарықта капилляр радиусы r≤10
-5
болады, сонда
бу конденсацияланып, капиллярлар жартылай немесе толығымен
суға толады. Сөйтіп ауадағы су буының сорбциясы кезінде
макрокапиллярлардың бір бөлігі суға толады.
Макро жəне микрокапиллярларды толтыратын ылғал
байланысының беріктігі осмостық байланысқан ылғалдан едəуір
төмен, алайда, кептіруде соның өзін жою қосымша энергияны
қажет етеді.
Суландырудың байланысы ең əлсіз байланыс. Суландырудың
ылғалы сұйық фазадағы сумен тікелей жанасқанда дəндердің
беткі қабатына жабысып, су бөлшекерінің мехааникалық күшпен
ілінісуі арқылы ұстап тұрады.
Ылғал беткі қабатқа түскеннен кейін осмостық қысым
əсерінен дəндердің ішіне енуі мүмкін, сөйтіп байланыстың жаңа–
осмостық немесе құрылымдық түрі пайда болады. Бұл жағдайда
дəндер ісінеді де көлемі ұлғаяды.
Дəндердегі ылғалды жоюда кептірудің басынан ω
1
аяғына ω
2
дейінгі аралықты кептіру аймағы деп атайды. Бұл аймақта
болдырмайтын ылғалды жояды. Дəндерде қалып қойған ылғал
жойылмайтын ылғалға жатады. Тепе-теңдікті ылғалдың ОАВС
қисығының кез келген нүктесінде орналасқан гигроскопиялық
ылғал ω
1
мен ω
2
аймағы десорбция аймағы деп аталады. Тепе-
теңдікті ылғал қисығынан жоғарғы жағында сорбция аймағы
орналасқан.
Ылғалдың дəндермен байланыс түрінің сипатын дəлдеу үшін
сорбция изотермиясын талдаудың маңызы зор. Бұл талдау
келесідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы φ=0-10% интервалын-
да, яғни дəндердің ылғалдылығы төмен болғанда ОА изотермасы
телімінде қисық абсцисса осіне қарай дөңесті келеді. Бұл едəуір
75
жылу
бөлумен
қатар
жүретін
(гидратация
жылуы)
мономолекулалық адсорбцияға тəн. Мономолекулалы адсорбция-
ның ылғалын жою барысында жылудың бұл көлемі қосымша
жұмсалуы тиіс.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы φ=10-90% интер-
валында, АВ изотермасы телімінде қисық ордината осіне қарай
дөңесті келеді. Бұл полимолекулалық адсорбцияға, сонымен бірге
дəндердің ішіне осмостық қысым (осмостық байланысқан
ылғалға) нəтижесінде кірген ылғалдылыққа тəн. Поли-
молекулалық адсорбцияның ылғалы жылу анағұрлым аз бөліп
сіңіріледі, дəндердің ылғалдылығы өскен сайын сорбция жылуы
азаяды.
Ауаның
салыстырмалы
ылғалдылығы
φ=90-100%
интервалында
ВС
изотермасының
телімі
көбінесе,
микрокапиллярлардың ылғалына сəйкес келеді (r≤10
-5
см). Мұнда
сорбцияның изотермасы түзу сызыққа жақын, ылғал жылу
бөлмей сіңіріледі.
φ=100% маңында қоршаған ортадағы будың сорбциялануы
жолымен микрокапиллярлардың бір бөлігі толып, кейін
капиллярлық конденсация орын алады да, дəндердің тұйық
жасушаларының ішіне сұйықтық осмостық жолмен кіреді.
Гигроскопиялық ылғалдылықтан кейін ω
г
ылғал барлық
макрокапиллярлардың ішін толтырып, беткі қабаты сумен
тікелей жанасқаннан дəндердің ішіне кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: