101
(максималды) мəнге ие болады. Оның мəні дəндердің
ылғалдылығы мен қалау тығыздығы жоғарылаған сайын өседі. В
нүктесінен кейін ауа жылдамдығының өсуі қабаттың жалған
қойыртпалануына жəне қысымның төмендеуіне əкеп соғады (ВС
кесінді). ВС кесіндісінде əр жерде ауа ағыны бұзылуы, қабаттың
тұрақсыз қайнауы байқалады. Сондықтан бұл телімді
жалғансұйылудың аралық кезеңі деп аталады.
Қысым төмендеуінің ең төменгі мəніне сəйкес келетін С
нүктесін жəне соған сəйкес υ΄
қайн
жылдамдықты жалған
қойырпаланудың алғашқы кезеңінің басы деп алады. СD
кесіндісінде қабаттағы қысымның төмендеуі біраз өсе түседі. Ал
қабаттағы дəндердердің қозғалғыштығы мен қайнау біркелкілігі
жоғарылайды.
D
нүктесіне
сəйкес
келетін
υ˝
қайн
жылдамдықты
жалғанқойырпаланудың екінші кезеңінің асы деп алынады.
Мұнда ауа жылдамдығының көтерілуі мен қабаттағы қысымның
төмендеуі өзгермейді, тек қабаттың тұрақты құйынды қайнауы
байқалады. υ
с
жылдамдығында дəндердер қабаттан ықтырылып
əкетіледі. Тұрақты қайнау барысында қабаттағы қысымның
төмендеуі ∆Р
қайн
тор ауданының əрбірлігіндегі бөлшектердің
салмағына пара-пар.
Жалған сұйылу қабатты кептіргіштерді жобалау кезінде
жұмысшы ауа жылдамдығы ретінде Əдетте, 2υ
аж
тең
жылдамдығы
алынады.
υ
аж
алдындағы
коэффициент
жалғансұйылудың саны деп аталады. Дəнді дақылдарда
жалғансұйылудың аумалы жылдамдығы υ
аж
0,9...1,1 м/с
аралығында жатыр. υ
аж
ауыспалылығы оның мəніне дəндердің
көлемі, қалау тəсілі мен беткі қабатының күйіне тəуелділігімен
түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: