Кептіру агентімен біржақты үрлеу арқылы кептіру. Ол
астыққабатымен тігінен төменнен жоғарыға қарай немесе
горизонталь қабатта жарып өту арқылы өтеді. Кептіру агенті
төменнен жоғарыға қарай қозғалуы барысында (22-сурет, а)
дəндер үйіндісінің төменгі қабатының ылғалдылығы бірден
төмендей бастайды (22-сурет, ə).
Кептіру агентінің, астықтың бастапқы температурасы мен
ылғалдылығына байланысты ортаңғы жəне жоғары қабаттарының
ылғалдылығы 1,0 – 1,5%-ға ұлғаюы мүмкін, сол деңгейде ұзақ
немесе азғантай төмендеп, сол күйінде сақтаулы қалады. Бұл
кезеңде төменгі қабаттың кебуі тезірек өтеді. Кептіру үдерісі
ортағы қабатқа жеткенде төменгі қабат толық кеуіп бітеді.
111
22-сурет. Дəндерді тығыз қозғалыссыз қабатта кептіру
агентімен біржақты үрлеу арқылы кептіру қисықтары
(төменнен жоғарыға қарай)
а-қабат сызбасы; ə- кептіру қисықтары; Н – төменгі қабат, С –
ортаңғы, В – жоғарғы қабат; ω
1
, ω
2
, ω
т
– бастапқы, соңғы, тепе-
теңдікті ылғалдылық; ∆ω
2
– кептірудің қалдықты біртексіздігі
Осы кезден бастап орта жəне жоғарғы қабаттарда кебу
үдерісі жылдамырақ жүреді. Мұндай əдіске қатысты кептіру
қабаттарының ылғалдылық айырмашылығының көп болуында,
яғни төменгі жəне жоғарғы қабаттарының арасында ұзақ кептіру
жағдайында кездеседі. Жоғарғы қабат кеуіп біткенде, бұл
айырмашылық жойылады. Себебі орта жəне төменгі қабаттағы
дəндер
кептіру
агентімен
тұрақты
тығыз
байланыста
болатындықтан, олардың ылғалдылығы тепе-теңдік ылғалды-
лығына ертерек жетеді. Сондықтан дəндерді төменгі қабаттарда
терең құрғақ кептірмеу үшін кептіру агентінің қатынасы
ылғалдылығын 55-65%-дан асырмайды, ол 12-14%-дық тепе-тең
ылғалдылық шамасына сай болады. Сыртқы ауаны 3-5 °С дейін
температурасын көтеріп, ал кептіру үдерісі төменгі жылу
беруліде жүретіндіктен, кептіру ұзаққа созылады.
Астық қабатын реверсивті үрлеу арқылы кептіру
Астық қабатын бір бағытта кептіру агентімен үрлеп, төмен-
нен жоғары, одан қарама-қарсы бағытта жоғарыдан төмен үрлеу.
Бұл реверсивті үрлеуді бірнеше рет қайталап, дəндерді
қыздыру температурасына жеткенге дейін қайталайды. Кептіру
112
үдерісінің уақыты, сыртқы қызымаған ауаны қолданғанға
қарағанда көп жылдам өтеді. Бірінші кептіру агентінің төменнен
жоғарыға қарай қозғалыс кезінде, астық массасының төменгі
жағы кебеді жəне орта қабаттардың кейбір бөліктері, ал екінші
кезеңде кептіру үдерісі жоғары қабатта, төменгі қабаттағыдай
заңдылықпен жүреді. Төменгі қабаттағы дəндердің ылғалдылығы
осы кезеңде 0,5...1,0% дейін жоғарлайды.
Орта қабаттардағы астық дəндері екінші кезеңде біртіндеп
өзгеріп, кейін қайтадан жылдамдап жоғарлайды да, қайтадан
ылғалдылығы төмендейді. Астық дəндерінің ылғалдылығы
осындай тербелмелі күйге түседі.
Кептіру агенті төменнен жоғарғы қабатқа көтерілгенде,
кептіру зонасы төмен жақтан көтеріліп, ортаңғы қабаттағы астық
дəндерін кептіреді, ал жоғары жақтан төмен қарай қозғалыс
кезінде, кептіру зонасы жоғары жақтан төмендегі ылғалы көп
дəндерді кептіріп, бос ылғал төменгі жаққа орнын ауыстырып, аз
мөлшердегі кейбір дəндерді ылғалдайды. Осы əдіспен кептіру
кезінде көп жағдайда орта қабаттағы дəндердің ылғалдылығы
ауытқып отырады. Осыған байланысты кептіру үдерісінің
соңында орта қабаттағы дəндердің ылғалдылығы жоғарыдағыдай
болады (12,8 сағат ішінде кептіру сызығы) 24-сурет.
Бұл кептіру əдісін қолданған кезде оның кептіру режимдерін
∆ω
2
, ақырғы ылғалдылықтан ауытқуы ±1%-дан аспауы тиіс.
Қозғалмайтын қабаттағы астықты салқындату
Қозғалмайтын астық қабатын сыртқы ауамен желдеткенде
дəндер салқындайды, ол тек ауаның ауаның температурасы
төмендігі ғана емес, сонымен қатар ондағы бар ылғалдың
булануына да байланысты.
Салқындату үдерісінің тиімділігі, астық дəндерінің бастапқы
ылғалдылығы мен температурасы жоғары жəне ауаның қатысты
ылғалдылығы мен температурасы төмен шамада болғанда көрініп
тұрады.
Егер дəндердің тепе-теңдік ылғалдылығы, оның өз
ылғалдылығынан төмен болса, онда кептіру үдерісі жүреді, ал
ылғалдық астық қабаттарында біркелкі болмайды. Ауаның
төменнен жоғары қозғалу кезінде астық қабатының төменгі
бөлігі, яғни ауа түскен жері қарқынды кебе бастайды. Қарқынды
(интенсивті) кебу үдерісі біртіндеп жоғарғы жағына көтеріледі.
113
Салқындату үдерісі кезінде ылғалдың ыстық қабатының өзгеруі
олардың параметрлеріне байланысты.
Мысалы: астық дəндерінің бастапқы ылғалдылығы 20,6%,
температурасы 21°С, қабат қалыңдығы 1,5 м, ауа температурасы
22°С, қатынасты ылғалдылығы 45%, фильтрлеу жылдамдығы
0,06 м/с, кептіру зонасы қабаттың барлық қалыңдығы бойынша
жүріп, жоғарғы беттегі ылғалдылықтың төмендеуі орта мен
төменгі қабаттарға қарағанда баяуырақ болады. Қозғалмаған
қабатта астық дəндерінің температурасы, оны салқындату кезінде
һ өзінше өзгереді.
Астық
дəндерінің
температурасы (21°С),
ауаның
температурасы (22°С) алшақтамады, тұрақтылығын сақтады,
кейбір жерлерде одан сəл де болса кейінірек болды. астықтың
салқындауы мұндай жағдайларда тек ылғалдың булануынан ғана
болады.
Ауаны үрлеу үдерісінде, салқындатудың кең үлкен зонасы
пайда болып, қабаттың барлық қалыңдығына таралып, 6-8 сағат
өткен соң, төменгі жақтан басқасының барлық жерінде 12 ... 14°С
болып қалды 23-сурет.
Тез салқындатудан кейін, дəндердің температурасының
көтерілу кезеңі келді, əсіресе бірінші рет төменгі қабаттан
көтеріліп, орта жəне жоғарғы қабаттар бөлігіне ауа бастады.
23-сурет. Сыртқы ауамен үрлегендегі астықтың əртүрлі кезеңде
қозғалмайтын қабатындағы температураның өзгеруі.
1 – торлы түбінен 0,05м қашықтықта; 2 – 0,25; 3 – 0,45; 4 –
0,65; 5 – 0,85; 6 – 1,05; 7 – 1,25 м; 8- ортаңғы; 9 – келген ауа үшін.
114
Бұлар мына тұрғыдағы себептермен түсіндіріледі. Дəндер
қабатын ауамен желдету кезінде өзара бір-бірімен байланысқан
екі үдеріс жүреді: жылуалмасу жəне ылғалалмасу үдерісі. Əр
жердегі астық жиынтығында олар астық температурамен
ылғалдығын төмендетіп немесе жоғарлатып жіберуі мүмкін.
Астық дəндерінің температурасының жоғары температурасы бар
ауа, өз қозғалыс бағытында дəндердегі ылғалды буландандырады
жəне оларға жылу беріп қыздырады.
Жылу тиімділігінің сандық қатынасына байланысты, өз
мезгіл кезінде астық дəндерінің өзгерісі қай бағытта жəне қандай
жылдамдықта болатынын анықтайды.
Ылғалдың өздігінен булануы, дəндердің салқындату
тиімділігінің шамасын көрсетеді. Бұл ылғалдың тезірек булануы,
салқындатып ауаның қатысты ылғалдылығы 60...65% болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |