192
Астық кептіргіш "Целиинная 30" екі шахтадан оперативті
қораптан, Ι-175 рециркуляциялық нориядан, екі қабатты 1-2х100
нориядан тұрады жəне ауа үрлегіш, ауа өтетін түтікшелерден
тұрады. Қорап 3 мм жалпақ болат темірден дəнекерлеп
құрастырылған. Шаң –тозаң, қалдық қоқыстардан тазарту үшін
екі циклон ЦОЛ-18 тетігі орнатылған. Жұмысты диспетчерлік
пульттен бақылау жасайды. Кептіргіштің торламалары болат
таяқшалардан (10 мм) ұяларының мөлшері 64 х 64 мм. Қораптың
төменгі бөлігінде төрт воронка орналасқан. Олардың мөлшері
200-200 мм екі керней орнатылған. Бидай қалыптан тыс толып
кетпеу үшін, кернейлердің өлшемі 210х210 мм. Осы кернейлер
арқылы өздігінен, артық бидай қыздыру камерасына құйылады.
Қызу камерасының құрылымы: үш секциялы тік шахта.
Камераның қабырғалары екі қабатты, ішкі болат қабырғаның
қалыңдығы 3 мм, сыртқы қабырғаның қалыңдығы 2 мм.
Қабырғалардың арасы жылу шығармайтын орама материалмен
қамтылған.
61а-сурет. Рециркуляциялы «Целинная-30» дəндер кептіргіш
193
1-кептіргіш үстіндегі қорап; 2-жүктегішқондырғы; 3-дəндер
қыздырғыш камера; 4-дифуззор; 5-жылу-ылғалалмастырғыш;
7-металды каркас; 8-шығарғыш қондырғы; 9-салқындытқыш
шахта; 10-қалдық үшін қорап; 11-циклон ЦОЛ
Тоқтатқыш элемент ретінде металдан жасалған 16 мм торлар
қолданылады. Қамерада 25 қатарда тор орналастырылған, əр
қайсысын, бірінші тордың ұяшығы астында орналасқан 5 қатарлы
торды металмен жауып тұратындай орналастырған.
Қыздыру камерасының төменгі жəне жоғарғы секциядағы
кептіргіш агентті енгізу жəне шығару үшін патрубқа құрылған.Ол
камераның қыбырғасына 45
0
градус бұрышта орналасқан.
Кептіргіш агентті қыздырғыш камерадан желдеткіш арқылы Ц4-
70 №10 шығарылып, екі циклонды тазалауға жіберіледі.
42,5 м
3
сыйымдылықты жылу-ылғал алмастырғыш қалың-
дығы 3 мм темірден жасалынады. Дəндермен толып кетудің
алдын алу үшін онда өзіндік 300 мм шығарғыш құбыр орналас-
тырылады. Артық дəндер сыйымдылығы 7,5 м
3
оперативті
қорапқа түседі, содан кейін рециркуляциялы норияға жіберіледі.
Дəн кептіргіштің шахтасы парақты қалыңдығы 3 мм болатын
металдан жасалынады. Жөндеу мен тасымалдауға ыңғайлы болу
үшін шахтаның əрқайсысы биіктігі 2500 мм болатын екі
секциядан жасалынады. Салқындатқыш жəне рециркуляциялы
шахтаны жөндеу кезінде жақсылап бекітеді, оны ауамен
желдетеді. Салқындатқыш шахтаның шығаратын қораптардың
ауа, рециркуляциялы шахтаның енгізгіш қораптарына түсетін
етіп жүргізеді. Қысымды- реттегіш камера салқандатқыш шахта
жақта орналасқан. Əр шахтада 12 қатарлы қораптарды, біреуі
шығарғыш, ал екіншісі енгізгіш етіп орналастырады. Ауа екі
желдеткішпен Ц4-70 №10 желдетіледі.
Приводсыз шығарғыш қондырғы дəндердің санын реттеу
үшін арналған. Шығарғыш қондырғының əрқайсына ТП3-300
300х300 мм тесігі бар қозғалтқышты орналастырады.
Эксплуатация кезінде рециркуляциялы астық кептіргіштер
ішінен ДСП, ВТИ типтегі шахталы кептіргішті қайта құрастыру
кезінде құрылған қондырғылардан бір бөлігі тұрады. Реконс-
тукцияның сызбасы əр алуан түрлі. Əрқайсысында ерекше
қасиеттері мен жетіспеушіліктері болады.