169
колонкасында орналасқан. Колонкалардың астықпен толы
болуын бақылап тұру қажет, əйтпесе кептіргіш агент жалюзді
тақтай арқылы астықпен толтырылмаған күйде сыртқа шығады.
Кептіргіш салқындатқыш камера арасында ені 120 мм болатын,
екі кептіргіш, екі салқындатқыш кеңістікті түзетін биіктігі
бойынша екі тік көпірі бар реттегіш камерасы орналасқан.
Кептіргіш биіктігі бойынша 8 секциядан жинақталған. Беткі
үшеуі биіктігі 4304 мм бірінші кептіргіш зонасын түзеді, ортаңғы
екеуі биіктігі 2842 мм – екінші жəне соңғы үшеуі биіктігі 3363 мм
– салқындатқыш зонаны түзеді. Кептіргіш агентті кептіргіш
зонаға түсу үшін ВПС № 10 желдеткішті, екіншіге – ВПС № 8
жəне салқындатқыш зонаға – ВПС № 8 ауа желдеткішті
қолданады.
Жалюзілі қабырға жанындағы дəн қыздырылып, тез
кептіріледі. Дəнді кептіру мен қыздырудың теңсіздігін жөндеу
үшін кептіргіш агентті бірінші жəне екінші зонадан астық
қабатына əртүрлі бағытта жеткізеді.
Кептіргіштің шығарғыш қақпағының 12 тесігі болады, ол
жалюзилі колонка санына сəйкес келеді. Қақпақты КЭП-12 У
прибор көмегімен басқарады. Қақпақтың жұмыс аралық уақытын
20 сек-тан 4 минутқа дейін өзгертуге болады. Кептіргіш ғимарат
сыртында орналасады. Кептіргіш камералардың қабырғалары
жылудан ажыратқыш болады. Қолданылған кептіргіш агентті
шығаруға арналған тесігі козырек көмегімен қорғалып тұрады.
Астық кептіргіштің пеші сұйық ертінді арқылы жұмыс
жасайды. Пеш, кептіргіш зона желдеткіші жəне басқару
қондырғысы ғимараттың ішінде орналасқан.
170
45-сурет. ЖЗС-22 кептіргіші секцияларының көрінісі
1-жалюздік колонкалар; 2-жеткізетін каналдар; 3-шығаратын
каналдар.
ЖЗС-22 кептіргіші тазартылмаған астықты кептіруге
арналған. Жоғары камерада ірі қоспаны ажырату үшін 70х70 мм
тесігі бар решетка орналастырылған. Эксплуатация тəжірибесі
бойынша: кептіру кезінде бұл решетканы тазалау қиынға соғады.
Басқа да жетіспеушіліктері байқалды. Жалюзилі колонкада зигзаг
түрінде астық қабатын араластыру дəннің кептіру мен қыздыру
теңсіздігінің алдын алу үшін жеткіліксіз. Ыстық жалюзилі
қабырғамен тип тұрған дəндердің сапасы нашарлау болады.
Сусымалылығы кенеттен төмендейтін шикі астықты
кептіргенде қыздырудың қауіптілігі ерекше өседі. Көлбеу
сөрелерде, сондай-ақ тікжəне еңіс сөрелердің бұрыштарының
арасында орналасқан астық, ортаңғы қабаттағы астыққа
қарағанда, баяу жылжиды, осыған байланысты жылу біркелкі
таралмайды.
Кептіргіштердің каналдарын, кептіргіштің үрлегіш агенті
салқындатқышауа арқылы жиналып қалған жеңіл қоспаларынан
тазартып тұру қажет.