Ақпараттық технологияның сабақ үрдісінде қолдану нәтижесі:
1. Ғылым негізін түсіну, ғылым жүйелігін жүзеге асырудың басты шарттарының бірі
екендігіне көз жеткізеді;
2. Дүниеге ғылыми, диалектикалық, материалистік көзқарасты қалыптастыру, оқу
мазмұнының бір-бірімен тығыз байланыста болуын қамтамасыз етеді.
3. Оқушының жалпы ақыл-ой , дене қимылы,көңіл күйінің үйлесімді дамуына әсер етеді.
4. Қазіргі өндірістің ғылыми негізін меңгеру , техникалық процестер мен құрылымы,
оның негізгі принциптерін түсіну жүзеге асады.
Сонымен , ақпараттық технологияны қолданып, сабақты ұтымды жүргізу оқытушыдан
терең білімділікті, оқу үрдісін шеберлікпен ұйымдастыруды талап етеді. Мұндай сабақ
материалдары әр алуан ғылымдағы өзара байланыстарды оқушылардың зерделеуіне,олардың
білімін арттыруға мүмкіндік береді.