ӘӨЖ 339.94
ЕУРАЗЭҚ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ЖАҢА
ҚАЛЫПТАСУ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ
Г.Б.Тулешова, э.ғ.к., доцент
Tuleshova_04@mail.ru
Шыныбек Асхан - магистрант
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Интеграциялық процестердің дамуы - елдер арасында берік өндірістік
ынтымақтастық байланыстар құру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары
қозғалысы жолындағы көптеген кедергілерді жою қажеттіліктерінен туындағаны сөзсіз.
Мұны тек мемлекетаралық интеграциялық бірігулер шеңберінде ғана жүзеге асыруға болады.
Мақалада ЕурАзЭҚ - қазіргі жаһандану жағдайындағы экономикалық интеграцияның жаңа
бағыты ретінде қарастырылады.
Безусловно,
развитие
интеграционных
процессов
является
результатом
необходимости разрешения барьеров, возникающих в ходе международного сотрудничества и
мировой торговли. Эти проблемы могут быть разрешены в рамках межгосударственной
интеграции. В статье рассматривается ЕврАзЭС - как новое направление сотрудничества в
условиях глобальной экономики.
Undoubtedly, the development of integration processes is the result of necessity of barrier
solution that arises in the context of international cooperation and world trade. These problems can
be solved in the context of interstate integration. Eurasian-Asian economic society as a new direction
of cooperation in the context of global economics is considered in this article.
126
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
Түйінді сөздер: ЕурАзЭҚ, экономикалық интеграция, аймақтық интеграция,
Орталық Азия мемлекеттері, кедендік одақ
ХХІ ғасырдың басында жаһандану жаңа заманның көрінісі ретінде терең
экономикалық, саяси тәуелсіздікпен және мемлекеттердің бір біріне ықпалымен,
шекара тартылғанымен, халықаралық интеграцияның кеңеюімен, аймақтық
интеграциялық бірлестіктерді көрумен, өзара іс әрекеттерге жаңа рыноктық
механизмдерді қосумен және осы үрдістерге әлемдік масштабтағы құралдарды
қолданумен сипатталады. Экономикадан Нобель сыйлығының лауреаты Я.Тинберген
өзінің «ХХI ғасыр: жаһандық басқару» жұмысында «адамзат мәселелерін жеке елдердің
үкіметтері шешуі мүмкін емес. Бізге әлемдік үкімет қажет. Бұл жерде жақсы
басқарылатын елмен салыстыру тиімді болады, өйткені әлемдік экономиканың
интеграциялық дәрежесі өсе түскенде, әлемдік табысты бөлу дамыған елдердегі
процестерге ұқсатылуы тиіс» деген еді.
Интеграциялық үдерістердің шетелдік тәжірибелері, әлемде әртүрлі елдер мүдделерінің
тоғысуына, географиялық, экономикалық даму деңгейлері және т.б. сипаттағы
ұқсастықтарына қарай топтарға бірігу үлгілері де қазіргі кезеңде өміршеңдігімен мәнді.
ЕурАзЭҚ елдерінің тарихи, географиялық, саяси және экономикалық ерекшеліктері мен
шетелдік бай тәжірибесін ескере отырып, экономикалық интеграцияның еуразиялық
үлгісін қалыптастыру бүгінгі күннің талабы десек болады.
Экономикалық интеграция үдерісінің өзі көмір мен болат өндіру бойынша
Еуропалық бірігуден басталды. Бұл көмір және болат өндіру өнеркәсібіндегі ортақ
нарықты құру жөніндегі сауда-саттық келісім болды. Ол соғыс аяқталуына пайда
болды, ал көмір мен болат соғыста негізгі ресурстар қызметін атқарды.
ЕурАзЭҚ-ның қазіргі кезеңдегі басты қызметтерінің бірі жаңа тәуелсіз мемлекеттердің
қалыптасуына, трансформациялық процестер мен жан-жақты реформаларды жүзеге
асыру барысындағы қиындықтарды жеңуге көмек пен қолдау көрсету болып отыр.
Әрине, бұл - Қазақстанға да қатысты мәселе. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалык етуі осының сенімді дәлелі.
ЕурАзЭҚ-тың бәсекелестік қабілетін нығайту мүмкіндіктері бар әлеуетті артықшылық
тұстары төмендегідей анықталады:
-жер ресурстары – ауыл шаруашылығы жерлерінің ауданы. Бұл көрсеткіш бойынша
біздің елдермен әлемде салыстыратындай нысан жоқ;
- ЕурАзЭҚ территориясы планетамыздағы бірден-бір энергетикалық жағынан үстемдік
етуші аймақ;
- ЕурАзЭҚ сауда-саттық қатынастарда тиімді делдал ролін иемдену мүмкіндігі зор өте
жоғары транзиттік әлеуеті;
- ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ ішкі транспорттық кеңістікті құру - қатысушы-
мемлекеттердің маңызды транспорттық әлеуетін жүзеге асырудың қажетті
шарттарының бірі [1].
Орталық Азиялық мемлекеттердің бірігуі мемлекеттердің жиынтық әлеуметтілікті
барынша тез қолдануға, нарықтық негіздегі еңбек бөлінісінің аймақтық орналасуына,
мемлекетаралық сауда-саттыққа, өндірісті мамандандыру мен көшірме жасауға,
жалпыаймақтық экологиялық мәселелерді шешуге, су ресурстарын бірігіп қолдануға,
көлік-коммуникационды инфрақұрылымды, энергиямен қамтамасыз ету және
экологияға қатысты сұрақтарды жедел түрде шешуге, сонымен қатар, барлық аймақтың
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді [2].
Еліміз бүгінгі таңда әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі ретін-де
халықаралық қатынастардың табыстылығына өз үлесін қосып келеді. Жаһандық
жүйенің құрамдас бөлігі бола отырып, Қазақстан басқа мемлекеттермен өзара құрмет,
127
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
сенім және прагматизм негізінде толыққанды және ұзақ мерзімді қатынастар орнатуға
ұмтылады.Соның бірі Еуропалық Одақ елдерімен ынтымақтастық және экономикалық
байланыстарынның орнауы.
ЕурАзЭҚ ұйымының ерекшелігі барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша
ТМД
мемлекеттерінің
жағдайы,
сонымен
қатар,
экономиканың
салалық
құрылымындағы үлкен айырмашылықтар болып табылады. Мәселен, Қырғызстан мен
Тәжікстан аграрлы мемлекет қатарына кіреді, Қазақстан - индустриалды-аграрлы
мемлекет, ал Беларусь және Ресей индустриалды мемлекет қатарында. Сондай-ақ, оның
геосаяси және геоэкономикалық өлшемдерін негізгі экономикалық орталықтары мен
аудандарының дамуын көрсететін аса үлкен тартылыс күші. Олардың көбісі аралдың
түбінде орналасқан, үлкен қашықтықта бөлінген, мысал үшін, Тәжікстан ЕурАзЭҚ-тың
басқа мүшелерімен тікелей байланыса алмайды және тек Өзбекстан арқылы ғана хабар
алуға мәжбүр. Бұның барлығы дерлік мемлекет араларындағы адамдар мен тауар
айналымы кезіндегі тікелей жұмсалған шығынмен байланысты, сонымен қатар,
қосалқы шығындар: сақтандыру, жол-жөнекей тауардың жоғалуы, нарықтағы баға
жағдайының өзгерістері және т.б.
ЕурАзЭҚ мемлекеттері арасындағы өзара сауда-саттық байланыстарынан алуға
болатын экономикалық әсері: ортақ нарықтың дамуы; көлік шығындардың төмендеуі;
жүктің тез өтуі кедендегі әкімшілік іс-шаралар, энергетика, көлік, жоғары технология
және т.б. аясындағы ортақ салалық жобаларды іске қосу, ұлттық тауарлардың және
ортақ нарықтағы қызметтің бәсекеге қабілеттілігін арттыру [3].
Ынтымақтастық орнағаннан бергі жылдар ішінде Еуроодақ Қазақстан экономикасына
қомақты инвестиция салып келеді. Бүгінде оның көлемі 10 млрд долл. асып отыр. Бұл
инвестицияға Одақ бағдарламаларына сәйкес бірқатар жобалар жүзеге асырылу
үстінде. Бұған нақты бір мысал, 2005 ж. жалпы көлемі 36,5 млн еуроның Еуропалық
Одақ бюджетінен бөлінгендігі. Сондай-ақ, Еуроодақтың есірткі проблемалары
жөніндегі аймақтық өкілдігінің офисі Орталық Азияның басқа елдерінде емес,
Алматыда ашылуы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тығыз қарым-қатынасты
айғақтап тұр.
Қазіргі таңда Қазақстан Еуроодақтың Орталық Азиядағы ең ірі сауда және
инвестициялық әріптесі болып табылады. Мәселен, екіжақты қарым-қатынас енді-енді
орнай бастаған 1994 ж. Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тауар айналымы 1 млрд
84,5 млн. долл. құраса, қазір бұл көрсеткіш 25 млрд 287,2 млн долл. жетті. Еуроодақ
елдерінің Қазақстанның сыртқы сауда айналымындағы үлесі еліміздің жалпы сыртқы
сауда көлемінің 38,8% құрайтынының өзі біраз жәйттен хабар берсе керек [4].
Еліміздің Еуроодақ алдында салмағының артуына жер қойнауы байлықтарының, бірізді
экономикалық реформалар мен соңғы жылдар бедерінде ішкі жалпы өнімнің тұрақты
түрде жоғары қарқынмен өсуінің оң ықпал етіп отырғаны да шындық. Ал жоғарыдағы
инвестицияларға ЕО бағдарламаларына сәйкес бірқатар жобалар жүзеге асырылса, бұл
бағыттағы жұмыстар табысты жалғастырылу үстінде.
Еуропа Одағы елдерімен экономикалық және саяси қарым қатынас кеңею үстінде.
Мемлекет басшысының ресми кездесулері нәтижесінде көптеген үкімет арасындағы
және ведомоство аралық келісімдерге қол қойылды. Мұның өзі ертеңгі күнге деген
үлкен сенім.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Исингарин Н.К., Масакова С. Евразийское экономическое сообщество и проблемы
вступления в ВТО Казахстана // Аль-Пари. - 2002. - № 3. - С. 24.
Примбетов С.Д. Центральная Азия: реалии и перспективы экономической интеграции.-
М.: Издательсто «НИК», 2005.-504с.
128
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
Е.Винокуров, А.Либман Тренды региональной интеграции на постсоветском
пространстве: результаты количественного анализа//Вопросы экономики, №7, 2011
Нұрпейсова К.Қ. ЕурАзЭҚ-тың интеграциялық әлеуеті. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика
сериясы. -2006. -26 б.
ӘӨЖ 338.4
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ШЕҢБЕРІНДЕГІ ДАМУЫ
Г.Б. Тулешова, э.ғ.к., доцент
Tuleshova_04@mail.ru
М. Бейсебаева, магистрант
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде
туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал
етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі
жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз
байланысты.
В Казахстане огромное значение предается развитию отраслей современной
инфраструктуры, том числе на развитие туризма. Туризм активно оказывает влияние на
экономику целых регионов. Формирование субъектов хозяйственной деятельности и их
деятельность тесно связано с развитием дорожного транспорта, оказанием народу
торговой, культурной, медицинской услуг.
In Kazakhstan an enormous value gives way to development of industries of modern
infrastructure, that number on development of tourism. Tourism actively has influence on the economy
of whole regions. Forming of subjects of economic activity and their activity is closely related to
development of travelling transport, providing of people to trade, cultural, medical services.
Түйін сөздер: инфрақұрылым, туризм инфрақұрылымы, инновациялық даму,
туристік кластер, туризм экономикасы, туризм индустриясы
«Инфрақұрылым» термині ең алғаш рет 50 жылдарда Солтүстік Атлант Одағымен
(НАТО) әскери мобилизация сұрақтарын зерттеу үшін енгізілген. Одан кейін
«инфрақұрылымды» құрылыс саласымен байланыстырды. Латын тілінінен «Infra» -
асты, «structure» құрылыс, орналасуы деген мағынаны береді. Яғни белгілі элементтің
негізі, бастауы дегенді білдіреді. Инфрақұрылым кез келген экономикалық жүйенің
міндетті компоненті болып табылады. Нарыққа өту барысында, нарықтық жүйенің
қалыптасуы жағдайында «инфрақұрылым» нарықтық инфрақұрылымға айналады.
Туризм инфрақұрылымы – бұл туризм саласы негізінде әрекет етіп, олардың
дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара байланысының
жиынтығы, нарықтық экономика объектілерінің тиімді жұмыс істеуі мен олардың
белгілі бір нақты нарықтық кеңістіктегі бірлігін қамтамасыз ететін туристік қызметтер
түрлерінің жиынтығы [1].
Қазіргі таңда туризм экономиканың ең тиімді табыс көзі болып табылады. Мұны
бүкіл әлем мойындауда. Өйткені қазір әлемдегі әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм саласында
еңбек ететіндер алады. Осы орайда, бүгінгі күнгі туризм – дүние жүзінде мұнай өнімдері мен
автокөліктерді сатудан түсетін пайдадан кейінгі үшінші орында тұратындығын айта кеткен
жөн. Ал, одан түскен салық жылына 800 миллиард доллар шамасында. Бұл – жер-
жүзіндегі ЖҰӨ 10/1 бір бөлігі туризмнен түсетін табыстан келеді деген сөз. Сонымен
129
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
қатар, соңғы жылдары туризмнің валюта түсірудің және халықаралық байланыстарды
кеңейтудің ең тиімді көзі ретінде маңызы артып келеді. Сарапшылардың есебі бойынша,
2020 жылға қарай, дүниежүзі бойынша саяхат жасаушылар, күніне 5 миллиард доллар
жұмсайтын болады.
Ал, халықаралық туризм 3 есеге артады. Егер дәл осындай болжам расталса,
болашақта туризм саласы, әлемдік экономиканы алға жетелейтін бірден-бір салаға
айналмақ. Сондықтан да, туризмнің барлық түрін ұйымдастыруға толық мүмкіндігі бар
Қазақстан, бұл мәселеге шеттеп қалуы мүмкін емес.
Статистика жөніндегі агенттің былтырғы мәліметтеріне сүйенсек, елімізге туризм
саласына 30 миллиардтан астам теңге көлемінде табыс түскен, ал республика
бюджетіне туризм қызметінен түскен табыс 6,5 миллиард теңгені құрады. Ал, биылғы
жылдың соңғы 6 айында өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда сыртқы
туризм екі есеге өссе, ішкі туризм 2,8%-ға артқан. Сондықтан, бүгінде елімізде ең
қажеттіcі- ол туризм инфрақұрылымын дамыту. Бұл өз кезегінде еліміздің
азаматтарына, шетелдік туристерге сапалы қызмет көрсетуге, туризм нарығында өзге
мемлекеттермен бәсекелестік қабілет танытуға, еліміздің барынша шетелдерге туристік
бейнесін қалыптастыруға мол септігін тигізеді.
Әр мемлекет өз елінде туризм индустриясын дамытуға ұмтылатын себебі:
біріншіден, халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолының бірден-
бірі осы туризм саласы; екіншіден, халықаралық ынтымақтастықты арқылы,яғни
бейбітшілікті нығайтады. Қазіргі кезде туризм ғаламдық сипат алды. Туристік
инфрақұрылым материалдық байлықпен бірге, еңбек ресурстарының, ақпараттық өзара
қарым-қатынасты жақсарта түседі.
Туризм – бүкіл әлемдік құбылыс. Қазір туристерді қабылдамайтын, туристерін
саяхатқа жібермейтін ел жоқ. Рекреациялық ресурс барлық жерде бар, оның деңгейі
экономикалық теорияға сәйкес сұранысқа қарай анықталады, ол өз ретінде елдің
туризм бойынша шығыны мен табысын белгілейді [2].
Қазіргі күнгі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың
әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай
халықаралық экономикалық қатынастарда Қазақстанның экономикалық дамуы туризм
саласының бәсекеге қабілеттігіне де байланысты болмақ. Бәсекеге қабілеттілікті
арттыру мақсатындағы мемлекеттік іс-шаралардың бірі – туризм инфрақұрылымын
дұрыс іске асыру көзделіп, бұл өз кезегінде аймақ экономикасын тұтастай көтеретіндігі
анықталып, жүзеге асырылу үстінде.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы белгiлеген барынша
маңызды мiндеттерiнiң бiрi - Қазақстанды Орта Азиялық өңiрдегi туризм орталығына
айналдыру. Мемлекеттiк бағдарлама республикада қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары
және бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құруға және экономиканың сабақтас
секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Ол туризмдi дамыту
саласындағы
мемлекеттiк
саясаттың
стратегиясын,
негiзгi
бағыттарын,
басымдықтарын, мiндеттерi мен iске асыру тетiктерiн айқындайды және туризм
инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттiк реттеу мен қолдаудың тиiмдi
тетiгiн құрудың, туристiк әлеуеттi арттырудың, елдiң тартымды туристiк имиджiн,
рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негiзгi
аспектiлерiн қамтиды. Еліміздің теңдесi жоқ табиғи және мәдени әлеуетiне негiзделген
қазiргi заманғы туристiк индустрияға салынған капиталға қайтарымы жөнiнен де тиiмдi
салалардың бiрi болып табылады.
Аймақтық туризмнің даму стратегиясы жаңа білім, инвестициялық жобаларды
енгізу, оқыту арқылы аймақтағы стратегиялық мақсаттарды ынталандыруға
бағытталған. Бұл өз кезегінде Қазақстанның әр түпкірінде, әсіресе өнеркәсібі
дамымаған аймақтарда, шикізаттық емес өнеркәсіп-туризмді дамыту үшін өте қолайлы.
130
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
Сондай-ақ, туристік индустрия саласындағы қарым-қатынасты ретке келтіру мен
жетілдіруге бағытталған заңнамалық және нормативтік қүқықтық базаны қамтамасыз
етілуі тиіс. Яғни, Қазақстан Республикасында және оның аймақтарында туризм
инфрақұрылымының алғышарттары мен мүмкіндіктерін анықтау, қалыптастыру және
дамыту мәселелері әлі де болса көкейкесті екендігі анық. Сонымен қатар, халықтың
түрлі әлеуметтік-демографиялық санаттары мен топтары арасында әлеуметтік туризмді
дамыту үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Демалу қүқығын пайдалануда халықтың аз
қамтылған бөлігі ретінде әлеуметтік көмек көрсетілген оқушыларға, жастарға,
зейнеткерлерге, мүгедектерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне өзге әлеуметтік көмекке
мұқтаж азаматтарға саяхат жасау үшін жағдай жасау мақсатында мемлекет мемлекеттік
және мемлекеттік емес қорлардан, басқа да қайырымдылық ұйымдары мен қорлар
әлеуметтік көмек көрсететін бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен қаражат бөлу
арқылы әлеуметтік туризмді дамытудың экономикалық болашағы зор.
Бүгінгі
таңда туристердің ұлттық мәдениеттің формаларына деген
қызығушылықтары ұлғайып келеді. Мұны да біз туристерді қызықтыратын
факторлардың біріне жатқыза аламыз. Этнографиялық мәдениетке халық сәулетшілігі,
ұлттық үйлерді қүру, тұрмыс жағдайлары мен халықтың көркем кәсібін, көркем өнері
мен қолөнер кәсібі, еңбек кұралдары мен шаруашылық формаларын, киімі мен
әшекейлерін, салт-дәстүрі, ырымдар, мейрамдар, діни сенімі, фольклор, ұлттық
тағамдарын, ойындар мен салт жоралары және басқаларын да жатқызамыз. Олардың
барлығы дерлік халықтың мәдениет деңгейін көрсетіп, туристерді қарсы-алу қонақжай
зонасын қалыптастыруға септігін тигізеді[3].
Туризм инфрақұрылымындағы екінші бір міндет - ілеспе инфрақұрылым мәселесі.
Яғни, көптеген туристік аймақтар әлі күнге дейін сумен, электрмен жабдықталмаған.
Бұл осы аймақта туризмнің өсіп-өркендеуін, гүлденуін тежейді. Ал, ішкі туризмді
дамытуда бұл маңызды. Жаяу, демалыс күнгі саяхаттарда отбасымен серуендеген
жергілікті халық әлі күнге дейін қоқыстарын, қалдықтарын шашып, не ластап кетуге
жол беріп отыр. Туристік кешендерді, этнографиялық мұражайларды және демалыс
аймақтарын құруды қолға алу қажет. Сондай-ақ, тарихи-мәдени және этнографиялық
ескерткіштерді қалпына келтіріп оларды мұражайға айналдыру лазым. Себебі, осындай
объектілер арқылы еліміздің тарихын, құндылықтарын, рухани байлықтарын келер
ұрпаққа, өзге шетел туристеріне таныстырып, өз еліміздің беделін өсіру қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Гуляев В.Г. Туризм: экономика, управление, устоичивое развитие: учебник.-М.:
Советский спорт, 2008.-280 с.
2. Экономика современного туримза / под ред. Карповой. М.: Финансы и
статистика, 2005. - 225 с.
3.
ҚР Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы. Астана. - 2007
ӘӨЖ 336
МАҚСАТТЫ АНЫҚТАЙ БІЛУ КЕРЕК
Қ.М. Нұрханов - Экономика пәндер оқытушысы
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ,Талдықорған қаласы, kasenjr@mail.ru
Алдыға қойған мақсаттар алдымызға белгілі түрде бір талаптар
қояды.Сонымен қатар мақсаттарды көре білу және нақтыландыру керек.Ал,басқару
131
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
процесі бұл әр уақытта шығармашылық процесс.Мақсатты алдын ала қоя білу – ол
басқару өнері.
Поставленные цели требуют определенных критерий.Вместе с тем надо уметь
видеть и конкретизировать цели.Процесс управления – это всегда процесс
творчества.Уметь ставить перед собой определенные цели – это искусство
управления.
These objectives require certain kriteriy.Vmeste so you should be able to see and
specify tseli.Protsess management - is always a process tvorchestva.Umet to set specific goals
- is the art of management.
Кілт сөздер: Белтерек, қазанғап, иманбазар, серкебай, ділдә.
Қазақстанда қазіргі кезде салт-дәстүр бойынша, «Көкпар» тартуды жандандыра
бастадық. Осы ойында азаматтардың жекпе –жек тартыста «Көкпарды» , яғни серкені
кім тақымына қысып, ойдағыдай тартысып жүріп «Көкпарды» кім алады, кім салымды
ерте және епті жасай білетіндігінде. Сол секілді басқару процессінде алға мақсат қойып
және жете білу керек. Сондықтан күнделікті қадамдарды алдын -ала жоспарлап және
соған жете білу ең басты талап. Әйтпесе, талай уақыт пен шығын кетуі мүмкін ғой. Ол
үшін алдыға мақсат қоя білу керек.
Экономикада өнім өндіруді жоспарлап және сол жоспарды ұйымдастыра білетін
менеджер көптің алды болады. Ол менеджер мекемеде кімнің не үшін жауап
беретіндігін (басқару процессінің структурасы) қандай тізбекте қимыл әрекет ету керек
екендігін, қандай құралдармен қамтамасыз ету керек және т.б іс- әрекеттерді
жоспарлайды.
Басқару процессінің дамуы ендігі жерде ең маңызды тармаққа келіп тіреледі.
Бұл өндірістегі немесе экономикадағы басқару процесімен өндірістік талаптар. Өнім
өндіру процесі, әрине адамның немесе мекемені өз бетінше жұмыс істеуге
мәжбүрлейді. Яғни, өнім өндіру мамандықтары соны талап етеді. Мысалға: токарь
токарлық станокта немесе программист өз бетінше программа жасауы керек болады.
Сол себептен біз кейбір алдыға қойылған мақсаттарды кей-кездері өз бетімізше шешуге
тырысуымыз керек секілді. Бұл жерде бірақ принцип дәлелденеді: кім өндіреді - ол
басқармайды, кім басқарады-ол өндірмейді.
Талдау шешу композиция
Идеялар,жаңалықтар
енгізу.
Адамдар,мүмкіндіктер-
,білім.
132
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
Сол сияқты « кез-келген әрекетті басқа біреулердің қолдарымен істеу керек»
деген басқару анықтамасы бар. Егерде біздің қол астымызда басқа біреулер бағынышты
болса, біз олардың алдарында мақсат қоямыз. Әрине, ол мақсаттар біздің алдымызда да
белгілі бір талаптар қояды. Олар: инструктаж жүргізу, тәжірибені үйрету, құралдармен
қамтамасыз ету, керекті ақпарат алу. Бұл түсініктердің басым көпшілігі ынталандыруға
жатады. Сонымен қатар, ең бастысы алдыға қойылған мақсаттарды көре білу және
нақтыландыру.
Дәл осындай кезде «Өкілеттілік» деген түсінік пайда болу керек. Осы уақытта
басқарушы өзінің ұсыныстарын «Өкілеттілікке» тапсырады. Бұл өндірістегі өнім
шығаратын тұлғадан айырмашылық, яғни басшы кей-уақыттары қағаз жұмыстарын
көбейтеді.
Ал, өндірістегі өнім шығаратын тұлға ол, өзіне қызмет жасайды. Кезіндегі
Германия мемлекетіндегі соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру талпынысы,
көп жағдайда өндірістегі өнім шығаратын тұлғалардың көп жоғарғы еңбектерінің
арқасында жүзеге асты. Тек бұл адамдар бір нәрсені білмейді: олар басқаларға өсуге
мүмкіншілік жасамайды.Өйткені, өндіріс өнім шығаратын тұлғалар басқаруды
білмейді. Олар өздері жетістікке жетіп, сол жетістікке қанық болып басқаларға ондай
мүмкіншілік бере алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |