ЖАЛАЙЫР ҚОСЫМҰЛЫ ҚАДЫРҒАЛИ - ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ
ҚАЗАҚТЫҢ ҒҰЛАМА ҒАЛЫМЫ, АТАҚТЫ БИІ
Қ.Н. Танкакова
Шұбар орта мектебінің тарих мұғалімі
М.А. Джетимов
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,Талдықорған қаласы,
make._d_61@mail.ru
Қадыр Әлі би еңбегінің қазақ халқының, қазақ хандығының қалыптасу процесін
зерттеп білуде алатын орны ерекше. Жалайыр тайпасынан шыққан қазақтың бірінші ойшыл
148
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
ғалымы, жазушысы, өрнек қалдырған мәдениет мұрагері. Тарихымыздың бұл мәселелерін
анықтау барысында тарихшылар оған әлі талай рет оралатын болады.
Кадыр Али би внес большой вклад в исследования казахского народа и казахского
ханства. Он был первым казахом, вышедшим из рода Жалайров, который являлся ученым,
мыслителем, писателем и движущей силой культуры. Историки-исследователи еще не раз
вернутся к этим историческим событиям.
Kadyr Ali had a pivatol role in the researches of the Kazakh people and the Kazakh khanate.
He is the first Kazakh the Zhalayrov who has left a sort being the scientific thinker, the writer and a
driving force of culture. Historians researchers yet time will return to these historical events.
Кілт сөздер: Батырлар, хандық, тайпа, шаһит, Жамиат.
Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғытегі Жалайыр) деп аталған
бұлкісі ХVI-ғасырдың ортасымен ХVII-ғасырдың басында өмірсүріп (1530-1605
жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Туған жері—Қазақстан
жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата бабалары Қарахандар әулеті билігін ен
бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қолбастар
батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығайханның батыры болса, әкесі
Қосымбек лауазымын иеленген.
Ол қазақтың ұлы хандарының бірі Тәуекел сарайында қызмет етіп, ақылшы,
кеңесшілік қызымет атқарған. Ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жақсы
меңгергендіктен, асқан зор білімінің арқасында жас бекзадаларды оқытып,
тәрбиелеген. Әсіресе оның үлкен үмітеткені—Оразмұхаммед сұлтан еді. Өзінің
ғылыми еңбегінде бұл туралы былай дейді: «Менің аталарым Оразмұхаммед
сүлтанның аталарына қызмет етті. Өзім Оразмұхаммедтің қасында болдым». ХVI-
ХVII-ғасырларда жалайырлардың бір бөлігі Ұлытау, Көкшетау аймағында көшіп
жүрген. Қазіргі географиялық картада, Арқа жақта Жалайыр, Наймандеген ұзыннан
ұзақ бел-белестер бар. ХVIII-ғасырдағы Жоңғар қалмақтары жасаған жойқын
шабуылда («Ақтабан шүбырынды, алқа көл сүлама» заманында) Жалайырлар әуелі
Бетбақдалаға ығысып, кейін құба қалмақтар жеңіліп, қазақтың кеңдаласы жаудан
тазара бастаған соң, жылжи-жылжи Шу, Іле, Қаратал өзендерінің жағалауына келіп
орналаса бастайды [1].
Қазақ хандарының қыстық қонысы Түркістанда болғанда, жазда Арқа жаққа,
Көкшетауға көшіп барады екен. Хан-сұлтандар ол кезде аң аулауға жеке дара
шықпайды, көп нөкер, саятшы ерткен. Бұл кезде бір орталыққа бағынып, жаңа күшейіп
келе жатқан орыс патшалары оңтүстік шығыстағы көршісі қазақ хандығымен қарым-
қатынасын кеңейтуге мүдделі-түғын. Шығысында пайда болған үлкен мемлекет
Жоңғар хандығы, оңтүстік батысында өзбек әмірлері, Жайық жақтан башқұр
мырзалары тыныштық бермей отырған қазақ хандарыда орыстармен сыпайы сауда-
саттық қатынас жүргізіп жатқан. Оқта-текте Мәскеуге елшілері де барып қайтатын.
Бірақ өздерін ішке кіргізбейтін. Сол кездердің өзінде-ақ қазақ хандығы әлсірей
қалса, ұлан байтақ даланы иемдену сияқты түпкіарамойы бар орыс патшалары сол
елдіңішкі-сыртқы жағдайын, тарихын, салт-санасын, әскери күшін, қорғану қабілетін
жете білуге тырысуы заңды еді. Осы мақсатпен олар ханның айналасындағы
адамдардан түтқын алуды бұрыннан ойлап жүрген. Жас сұлтан Оразмұхаммедтің
аңшылыққа құмарекенін, жылма-жыл ерте көктемде, күзде Ертіс, Тобыл бойын жағалап
ит жүгіртіп, құссалатынын жансыздары арқылы біліп отырған Сібірдегі орыс әкімдері
(патшаның тапсырмасы бойынша) аңдып жүріп, Тобыл алқабында қаршыға салып,
көңіл көтеріп жүрген Оразмұхаммедті, Қадыр Әлі бастаған саятшы, нөкерлерімен қоса
тұтқынға аладыда, «аманат» ретінде Мәскеуге жөнелтеді. Бұл 1588 жыл еді.
Оразмұхаммедтің хан ордасы адамы екенін, Қадыр Әлінің Шығыстарихын, мәдениетін
149
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
жақсы білетінін, көптілдерді игерген ғұлама екенін сезген соң, орыспатшасы оларды
жақсы қабылдайды, өзмаңайында ұстайды. Әскер өнерін жетік білетін батыржігіт
Оразмұхаммед 1590-91 жылдары орыстардың Шведтерге, Қырым хандығына қарсы
жүргізген соғыстарына қатысып, ерлік көрсетеді. Соны ескерген және оның хан
тұқымы екенін білетін патша Федор Иоанович 1592 жылы Ока өзені бойындағы
мұсылмандар мекендейтін бұрынғы Қасымов хандығынан Оразмұхаммедке жер бөліп
береді, 1600 жылы ұлы патша Борис Годунов Оразмұхаммедті Қасымов ханы етіп
тағайындаған. Өзінің арғы тегі жалайыр екенін білдіме, жоқпа—әйтеуір Қадыр Әлі
бекте зор құрметке бөленіп, бас уәзірлік қызметін атқарады. Қазақ елінің тарихы
жөніндегі ғылыми еңбектіде Борис Годуновтың тапсырмасы бойынша жаздым деуі
орынды. Себебі бұл еңбек ақпатшаға арналған және алғашқы тарауын да соның билік
жүргізу жүйесін бейнелейді. Қадыр Әлінің бұл шежіресі ертедегі қазақтілінде
жазылған тұңғыш тарихи еңбекекені аян [2].
Ш.Уәлиханов бұл кітаптың аңыздангөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған.
Байұзақ Албани: «Тарихнамада оның есімі Әбілғазы, Бабыр, Бенаи сияқты ғүлама
тарихшылармен қатар аталады. Орыс ғалымдары Н.И. Ильминский, И.Н.Березин,
В.В.Вельяминов-Зерновоның еңбегін жоғары бағалады», —дейді «Тарихи таным»
атты кітабында. Оразмұхаммед пен Қадыр Әлі бастаған қазақтардың Ресейде болу
оқиғасын көрнекті жазушы, көне тарихымыздың білгірі Мүхтар Мағауин
«Аласапыран» атты романында кең және көркем баяндаған. Бұл романы үшін оған
Мемлекеттік сыйлық берілгені белгілі.
Соңғы кездері Қадыр Әлінің еңбегін әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік
үлттық Университетінің профессоры М. Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. Байұзақ
Албани былай дейді: «Ол жырақта жүрседе, қазақ хандарының саяси-өлеуметтік
жағдайлары, Қазақстан дарулық-патриархалдық қатынастардың қалыптасуы, хан
төңірегіндегі сұлтандармен қаршылар, бектермен хафиздер т.б. жайында деректі
мәліметтер жазып қалдырды. Автор жылнамада Шығыс елдеріне, оның шаһарларына
шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман,
қоңырат, керейіт, алшын т.б. түркіру-тайпаларына тарихи анықтама берді. Ол Рашидад-
Диннің парсы тіліндегі «Жамиат-тауарих» шежіре кітабына сүйене отырып,
Шыңғысхан әулеті және оның өзі жайында аса молдеректер келтіреді, қазақ
хандарының өмір баянына тоқталады. Онда қазақ жері, оның қалалары, ХIII-ХVӀ ғ.
Аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі-сыртқы
жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақ жерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі
жайында деректер бар [3].
Қадырғали араб, парсы, түркі, орыс тілдерін бірдей жақсы білген…Қадырғали—
Жалайыр тайпасынан шыққан қазақтың бірінші ойшыл ғалымы, жазушысы, өрнек
қалдырған мәдениет мұрагері. Өзінің жазуында да жалайыр тайпасын жоғары көтеріп
ардақтаған: «Алаш мыңы арасында үлығы тарақ тамғалы Жалайыр болған. Оның
жазғандарын қазақ жазу мәдениетінің бірінші үлгісі деп тану керек».
Соңғы жылдары казақ ғалымдарының күш салуы арқасында Қадыр Әлі еңбегі өз
халқымыздың алтын қазынасына айналғанын айта кеткен жөн. Еңбек үш бөлімнен
тұрады: 1. Борис Годунов билігін бейнелеу. 2.Рашидад-Диннің«Джамиат-Таварих»
атты еңбегінің қысқаша аудармасы. 3.Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанғадейінгі
қысқаша аудармасы. Бұларға қосымша алтын-ордалық ірі қайраткер Едігебатыр
жайында дастаны берілген. Қадыр Әлінің бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсаты—өз
әміршісі Шыңғысхан ұрпағы Ондан сүлтанның баласы Оразмұхаммедтің хан тағына
лайық екенін дәлелдеу. Екінші бір мақсат: «…патша Борис Федоровичтің мәңгі
әділдігін, ақтығын айту және тағы жоғары мәртебелі Оразмұхаммед ханды жоғары
мәртебелі патшаның қүрметпен хандыққа отырғызғанын көрсету үшін жазылды » [4].
Одан әрі Қадыр Әлі былай дейді: «…бүкіл орыс патшасы Борис Федоровичтің үкім
150
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
жарлығымен оңды-солды қаршыларды, қүрметті бектерді отырғызып, көше-көше,
орам-орам мылтық андаздар мен маңғазданып және саясатпен қол қусырып, бас иіп,
игі жақсылар тұрды. Осындай салтанатпен Оразмұхаммед Ондан Сұлтанұлын аса
құрметтеп, көрініске алып, бұл жерде патша хазіреті таққа отырғызды» (Қасымов
қаласында). (Қасым хандығы Мәскеуден 250 шақырым Оң түстік шығыста, Ока
өзенінің солжағалауына орналасқан.) Орыс хан туралы былай деген: «Оны барлыгы аға
тұтып, патшалыққа отырғызды. Одан соң Орысхан Алатау төңірегіне қоныс тепті. Ол
жер өте үлкен және биік тау еді. Онда жақсы жайылымдар, сулар мен бұлақтарда
көпболған.Отырар, Сайрам шаһарлары, Шу, Талас, Ыстықкөл, Теклі кәуләяттары
болған. Халқы өте көп, іргелі, мықты, даңқты және батыр болған». Қадыр Әлі бұдан
кейін Құйыршық хан, Барақсұлтан, Кіші Жәнібек, Қасым хан жайында баяндайды.
«Оразмұхаммед Орысханнан Жәнібек ханға дейін төртінші буын еді», —дейді.
«Шығайхан батырлығымен мәлім болды. Оның ұлы Ондан сұлтан ер жүрек, батыр,
садақ атудың керемет мергені еді. Әрқашан сыртқы жауларға қарсы күресте көп ерлік
көрсетті. Ақырында қалмақтар мен шайқаста отыз жасқа келген жігіт шағында шаһит
болды. Оның қабірі Қожа Ахмет Яссауи (қасында) жерленді». Жалпы, Қадыр Әлі
еңбегі қай сұлтанның, қай ханның, қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін
көрсетуімен де қүнды. Тәуекел ханды«Ислам мемлекетінің басшысы» деп атаған. Онда
сұлтан шаһит болғанда Оразмұхаммедтің он үш жаста жетім қалғанын айтады.
«Оналты жасында жалпы христиан басшысы Борис Федоровичке қызметі стеуге дайын
болды» дейді (Оразмұхаммед 1610 жылы Лжедмитрий мен Василий Шуйский
арасындағы қантөгісте ерлікпен көзжүмған). «Қадыр Әлі би еңбегінің қазақ халқының,
қазақ хандығының қалыптасу процесін зерттеп білуде алатын орны ерекше, бұл
мәселелерді анықтау барысында тарихшылар оған әлі талай рет оралатын болады, —
дейді одан әрі М.Қойгелдиев. —Мәселен, Қадырғали бидің сол түстағы қазақ
елін«Алаш мыңы» атау себебі ғылыми әдебиетте әлі күнгедейін жан-жақты баяндалған
емес. Аса маңызды тарауларының бірі—«Орыс хан дастаны». Бұл дастаннан біз басқа
еңбектерде кездесе бермейтін мынадай фактілерді байқай мыз: бірінші ден, Жәнібек
ұлысының, яғни қүдіретті Алтын Орданың ыдырау барысы, оған Фетка Науакрат
бастаған әскердің «қосқан» үлесі, Фетка Науакрат деген кім, қайдан келген—бұл әлі
анықталмаған мәселе. Екінші ден, осы Фетка Науакрат салған алаңнан кейін
Орысханның Алатаужаққа кетіп, сонда орын тебуі. Ал бұл Орысхан қазақ хандары
династиясының негізін қалаушы болғандығы мәлім. Үшінші ден, Қадырғали би бұл
дастанында Жетісудың солтұстағы (ХIV-ғасыр) қалаларын атап, әскерін сипаттап,
елінің ірі, ержүрек келетіні туралы да айтқан». «Қазақ тарихы» журналының сол
нөмірінде Қадыр Әлі еңбегінің «Орысхан және оның ұрпақтары» деген тарауы
берілген. Жалпы, Қадыр Әлі еңбегі қолдан қолға көшірілгенде көп қателер кеткені
анық, сонда да оған әлі талай тарихшы айналып соғары сөзсіз [4].
Шығыс жылнамашыларының, әсіресе, Рашидад-Диннің, Әбілғазының, Хайдар
Дулатидің, Қадырғали Жалайыридің тағы басқа ғалымдардың жазбаша еңбектерін
оқып отырғанда ағайын-туғандар бақ-дәулет, атақ-даңқ үшін қаншама ғасырлар бойы
өзара қырғын соғыстар ашқанынақ сөз жеткізу қиын емес. Бірақ, бұл—тарих. Ал
тарихтан келер ұрпақ сабақ алып, өсіп-өркендеуге тиіс. Ол үшін өткен тарихқа жиі-жиі
көз жіберіп отыруымыз керек. Қадыр Әлі бидің еңбегі—бұл салада айрықша көзге
түсетінін інжу-маржан.
Қадырғали Қосымұлы (1530-1605 ж.ж.) қазақтың орта ғасырда өмірсүрген
ғұлама ғалымы әрі атақты биі. Қадырғали бидің түптегі ұлы жүздің тарақ таңбалы
Жалайыр тайпасынан шыққан. Сондықтан да ол көбінесе «Қадырғали Жалайри»
аталып кеткен. Ата-бабалары ертеде Сырдария бойын мекен етіп көшіп-қонып жүрген.
Кейін Ескелді, Балпық билер, Орақ сияқты батырлардың басшылығымен Жалайыр
әулет осы күнгі Талдықорған облысына келіп қоныс тепкен. Қадырғали бидің ата-
151
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
бабалары Қарахан дәуірінен бері ел басқарған ықпалды кісілер болған. Әкесі Қосымда
беделді би.Оның әкесі Темшік, баһадур Анжы баһадур Адым шейх мырза ағасы,
Қарашбек Құбай Қамбар мырза, Айтаулыбек Шейх Софыбек, Тебребек Саба баһадур
Сартақ ноян бәрі-бәрі батыр, бек, би болыпты [5].
Ата, әке жанында жүріп, олардан тәрбие алған Қадырғали жас кезінен-ақ хан
ордасындағы жас бекзадалардың ақылшысы, кейіннен ханның ордасындағы жас
бекзадалардың ақылшысы, ал кейіннен ханның кеңесші биі болады. Жалайыр елін
қалмақтар шауып, берекесін алған жылдары оның аталары Көшім ханның қоластына
барып қосылады. Онда барған соң да ол ханға ақылгөй би боп тұрады. Қадырғали би
өзінің «Жамиат-тауарих» («Жылнамалар жинағында») кітабында: «Менің аталарым
Ораз Мұхамед сұлтанның аталарына қызмететті. Әзім Ораз Мұхамедтің қасында
болдым»деп жазады. Осыдан-ақ оның атақты Ораз Мұхамед пен қызметтес болып,
орыс княздігімен қарым-қатынаста жүргені аян. Сібір сұлтаны Сейдектіңде кеңесші биі
болып тұрған. 1588-1598 жыл аралығынды Қадырғали Ораз Мұхамедпен бірге
Мәскеуде патша сарайында қызметте болады. Орыс патшалығы мен шведтер және
Қырымхандығы арасындағы соғысқа қатысады. Сол соғыста ерлік көрсеткені үшін
орыспатшасы Ораз Мұхамед Сұлтанға Ока өзені жағалауынан жер бөліп беріп, өз
алдына хандық құруға рұқсат берген. Ол хандықтың орталығы Қасым қаласы болған.
Қадырғали сол Ораз Мұхамед басқарған хандықта уәзір, би болып қызмет атқарады.
Қадырғали би сол жылдардан бастап ғылым мен айналыса бастайды. 1600-1602
жылдары Қасым қаласында ол өзінің «Жамиат-тауарих» атты кітабын жазып бітіреді.
Енді оның атақ-даңқы осы тарихи шежіре кітабы арқылы бүкіл дүние жүзіне мөшһүр
бола бастайды. Түріктілінде жазылған, бұл еңбегінде қазақ сахарасында өмір сүріп,
тіршілік еткен Үйсін, Жалайыр, Арғын, Қыпшақ, Қаңлы, Сіргелі, Қоңырат, Керей,
Найман, Алшын т.б. түрік тектес ру-тайпалардың түп ата-тегін таратып ғылыми талдау
жүргізеді. Оғыздармен Қарахан дәуіріне сипаттама береді. Ерте дегі және одан бергі
хан дар дәуірін әсіресе Шыңғысхан және оның әулетімен қазақ ұлыстарынан шыққан
хандар, сұлтандар, бектер және олар билеген қазақ халықтарының ішкі-сыртқы
шапқыншы жаулар мен күресі т.б. саяси-әлеуметтік жайлары баян етілген.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Миллер Г. Ф. Описание Сибирсқого царства и всех происшедших в нем дел. СПб. 1750
2. Усманов М. А. Татарские исторические источники ХVII-ХVIII вв. Казань, 1972. С. 45
3. Сибирские летописи. изд. «Книга» Москва, 1923г. с. 293-294
4. Даланың дара діл марлары .-Алматы: ЖШС«Қазакстан» баспаүйі», 2001, – 592 бет. ISBN
5-7667-5647
5. Березин И.Н.«Библиотека восточных источников». I том, Казань, 1854.
152
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА
153
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
ӘОЖ 811.512
АВТОРЛЫҚ БАЯНДАУ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
(С. Мұратбеков шығармалары негізінде)
А.Қ. Ахмежанова
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қаласы
Мақалада авторлық баяндау тіліндегі фразеологизмдердің қолданылу ерекшеліктері
қарастырылады. С. Мұратбеков шығармаларынан алынған мәтіндер арқылы дәлелденеді.
Фразеологиялық мәтінтүзушілік сипаты ашылады.
В статье рассматриваются особенности употребления фразеологизмов в языке
авторского повествования. Доказывается на примере произведении С. Муратбекова.
Раскрывается текстообразующая сущность фразеологизмов.
The article considers the using pecularities of phraseologisms in author`s reporting language.
It is proved in S. Muratbekov`s work`s. Also is opened the phraseologics text forming.
Кілт
сөздер:
авторлық
баяндау,
кейіпкер
тілі,
фразеологизмдер,
этнографизмдер, құлпырту, синонимдер.
Көркем әдебиет тілі туралы сөз болғанда, оны құрайтын екі компонент міндетті
түрде аталады. Олардың бірі - авторлық баяндау тілі, бірі – кейіпкер тілі. Автор тілі мен
кйіпкер тілі дегеніміз – шығарма композициясын құрайтын бірліктер. Авторлық
баяндау кейіпкерге қатысты оқиғаларды баяндап, сипаттап, әңгімелеуге құрылады. Осы
баяндауда жазушы көркем сөзді, көркемдегіш құралдарды, фразеологизмдерді, мақал -
мәтелдерді, экспрессивті-эмоционалды сөздерді орынды қолдану арқылы мәтіннің
«көркін» арттыра түседі.
Қазақ әдеби тіліндегі әсірелеу, көркемдеу тәсілінің ішінде фразеологизмдердің
алатын орны ерекше. Фразеологизмдер – көркем шығарма тілін жандандырып,
астарлап бейнелей суреттеудің тілдегі дайын құралы. Бұлар – халық даналығына
суарылған образды ойлау үлгісі. Халықтың талай ғасыр сомдап, шыңдап шығарған
тұрақты тіркестерін – тіл қазынасының бір бөлшегін өз қажетіне, шығарма мақсатына
сай қолданбаған бірде – бір жазушы, суреткер жоқ. Ақын-жазушы – сөз шеберлерінің
бір сыналар жері де, өзін-өзі көрсетер тұсы да осы – сөз қолданысында. «Дертпен тең»
сөз өнерінің шырқау биікке көтерілуі, ең алдымен жазушыға қойылатын үш шарттың –
сөздерді дұрыс қолдану, сөз байлығын жете меңгеру және тіл нормасын сақтау – толық
орындалуына байланысты. Көркем сөз негізгі жетігін сөз қолданыста деп білсек, оның
екі түрі бар екен: біріншісі – сөзді орнымен, өз жүйесімен дұрыс қолдану да, екіншісі –
сөзді дұрыс қолдану кезінде әсем де, әсерлі етіп қолдану. Біріншісі – елдің бәріне
қойылатын жалпы талап болса, екіншісі – ақын-жазушылар үшін міндетті де ерекше
талап. Көркем шығармада сөз барлық бояу нақышымен, экспрессивті-эмоционалды
реңкімен, қысқа да нұсқа үнемділігімен көрінуге тиіс. Оны көрсетіп, сөз құдіретін
танытатын – жазушы. Жазушының тіл байлығы оның қолданған сөз, сөз тіркестерінің
аз-көптігімен бағаланбаса керек. Бар сөзді қолдану, «құлпырту» ерекшелігімен өлшенсе
керек.
Біздің алдымызда ескі, жаңа сөздердің құрылған сөз мұхиты жатыр, осы
мұхиттан сөз таңдап алуға ұстамдылық, қанағат сезімі, талғам керек. Әр нәрсе өз
орнында жарасымды, мәселе – сол орынды таба білуде. Шын еңбек осында. Осы
бағыттағы – сөз қолданыстағы тұрақты сөз тіркестерін қолдану, оны «әсем де әсерлі»
қолдану тұрғысынан жазушымыз Сайын Мұратбеков әңгімелеріне «барлау» жасап
көрелік.
154
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
Халық «Орнын тапқан сөз - асыл» деп бекер айтпаған. Сайын Мұратбеков
қолданысында (әңгімелерінде) «асылға айналған» фразеологизмдер саны біршама.
Олардың қолданылу принциптері, әдіс-тәсілдері, таңдау-талдау амалдары да әр қилы.
Алдымен осы фразеологизмдерді семантика – тақырыптық жағынан топтастырамыз: 1.
Сөйлеу, ойлау фразеологизмдері; 2. Көңіл-күй фразеологизмдері; 3. Қарым-қатынас
фразеологизмдері;
4.
Адамның
физиологиялық
қалып-сапасын
білдіретін
фразеологизмдер, т.б. ең негізгілері осылар [1]. Осы фразеологизмдерді атқаратын
функциясына қарай жіктейік. Біріншіден, образ жасау, кейіпкерге мінездеме беруде,
екіншіден, белгілі бір жағдайға (ситуация) қорытынды жасауда, үшіншіден, әзіл-оспақ,
әжуа-күлкіні аңғартуда, төртіншіден, адамдың әртүрлі психологиялық жай-күйін
білдіруде қолданылатыны байқалады. Жазушы қай әңгімесінде де кейіпкердің көңіл-
күйлерін жағымды – жағымсыз эмоцияға байланысты жан құбылыстарын оқты
көзімен ату, қаны қараю, ыза болу, қабақ шыту, мырс етіп күлу, зығырданы қайнау,
көңілі су сепкендей басылу, жымың-жымың қағу, іші удай ашу, зәресі ұшу, жүрегі зу
ету, тіс қайрау, үрейі ұшу, төбе құйқасы шымырлау, көзі шарасынан шығу, екі көзі
боталау, көңілдері жарасу, жүрегі сыздау, көзі шатынау, көзі жасаурау, сай-сүйкгі
сырқырау, тамағына жас тығылу, ала көзімен ату, екі езуі екі құлағына жету, шала
бүліну, зәре-құты қалмау, езу тарту, қабағынан қар жауу, т.б. тұрақты тіркестерді
пайдалана отырып жеткізеді [2].
Достарыңызбен бөлісу: |