Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013


Басқару - бұл басқаларды жетістікке әкелу



Pdf көрінісі
бет16/26
Дата17.01.2017
өлшемі2,87 Mb.
#2117
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26

Басқару - бұл басқаларды жетістікке әкелу 
 
Басқару  функциясының  мөлшері  мен  көлемі  бақылаумен  шектеледі  немесе 
қорытындыланады.  Бұл  жерде  түпкі  мақсатқа  жетудің  барлық  функциялары 
бағаланады, қолдау көрсететін және мақсатқа жетуге кедергі болатын.  
 
Мақсатқа  жетуді  қолдайтын  немесе  бөгет  болатын  факторлар  олардың  ішінде 
нақты  және  сырттай  келген  жайттар  бір  адам  тұлғасында  болмайды.  Ең  бастысы 
осыларды бағалап, болжайтын мақсатты алдыға қойып және соған жетуде жоғарыдағы 
тәжірибені  колдану  керек.  Кімде  кім  ең  басында  алдына  қойған  мақсатты  дұрыс 
білмесе, ол мақсатқа қандай жолмен және қалай жететіндігін біле бермейді. 
 
 
                    Қарым-қатынасуға шеберлік –менеджердің кәсібилік саласы 
 
Басқарушылар, эксперттердің айтуы бойынша  - бұл шешім қабылдап және сол 
шешімдерді  жүзеге  асыратын  тұлғалар.  Шешім  қабылдаудағы  ең  бастысы  ол,  мақсат 
қою.  Шешім  қабылдаудағы  дайындық  ол  ақпарат  жинап  және  оны  талдау.  Шешім 
қабылдаған соң, ол басқарушылар мен қызметкерлерге жеткізу керек. Өйткені, олар сол 
шешімді жүзеге асыруда. 
 
Басқару  саласында  бір  ақиқат  бар  ол,  ұжымдық  басқару,бірақ  ол  тәжірибе 
жүзінде көп жерде жүзеге аспайды. Ұжымдық басқару –басқару түрі, бұл түрге сырттай 
қабылдауына    байланысты  көпшілік  ұмтылады.  Яғни,  басқарушы  бүкіл  ұжымды  ал, 
соның  ішінде  әр  қызметтерді  ортақ  шешім  қабылдауға  мәжбүрлей  алатын  шеберлік 
танытса,  онда  ол  түп  нұсқасында  үлкен  пайда  тауып,  сол  шешім  қабылдауға  кеткен 
уақыт пен күшті толықтырады.  
 
Басқару процесі-әр  уақытта шығармашылық процесс, ол жаңа идеяларды талап 
етеді,  сонымен  қатар,  жаңаруға  дайын  болу  керек.  Егерде  «Біз  әр  уақытта  солай 
істедік!»  –деп  айтса,  бұл  бюрократ  сөзі,  яғни  ол  басшы  емес.  Тек  әр  уақыттағы 
тәуекелділікке,  ыңғайсыздыққа,  өздерінің  қызметкерлерін  қолдап,  ыңталандыруға, 
шығармашылыққа бастап жүрген басшылық бар жерде, жоғарғы дәрежедегі басшылық 
деп айтуға болады.  
 
Басқа  сөзбен  айтқанда  басқару  –бұл  ғылым.  Ол  белгілі  бір  дәрежеде  талап 
қояды.  Егерде  кімде-кім  сол  талаптарға  сай  болса  жақсы.  Әр  қателік  өте  қымбат 
тұрады. Ең сорақысы ол сізге сенген адамдарға ауыр тиеді.   

     
 
 
133 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     
 
 
Сонымен  қателіктер,  адамдардың  іштей  тұйықталуына  әкеп  тірейді.  Олардың 
ынталары жойылады, жұмыс істегілері келмейді. Сөйтіп, жұмыста әр –түрлі тартыстар 
(конфликт) пайда болады. Әр адам өз жұмыс орнына өзіне тән күш-қуатын әкеледі. Бұл 
күш-қуаттың болашақта іске асуы әрине, басшыға байланыста болады. Яғни сол басшы 
қалай сол қызметкерлерді өзінің маман ретінде толық жүзеге асырып қызметкерлердің 
қызметте  білгілі  бір  жетістіктерге  жетуге  ықпал  жасағандығында  белгілі  болады. 
Басшылардың мақсаты мекемедегі мамандардың күш-қуатын және тәжірибесін белгілі 
дәрежедегі мақсатқа жетуге бағыттай білу. 
Әйтпесе, ол мамандар дұрыс жетістікке жетпесе, денсаулықты жоғалтып, әр түрлі ұрыс 
керіске, немқұрайлыққа және тынышсыздыққа әкелуі мүмкін гой. 
                                       
                                   Мақсат қалай қалыптасады? 
 
Қоғамда,  экономикадағы  барлық  басқарудағы  әдіс  пен  түрлерін  қолдану  бұл 
мақсатты білгендіктен. Қалай және қалай мақсатты тауып қою керек?  
Бұл жерде екі көзқарас болады. Ең бастысы ол – біз алдын ала өз мүмкіншіліктерімізді 
жобалап, болашаққа талпынамыз. Яғни, өз күштерімізге байланысты уақыт өте қандай 
жетістікке  жетуге  болады.Уақыт  өте,көрсеткіш  жоғарылайды  немесе  уақыт  көптеген 
көрсеткіштер өзгеруі мүмкін.Мысалға: жұмыспен айналысатын қызметкерлер бар және 
құрал-жабдықтарды  пайдаланып  бір  жыл  ішінде  басқаруды  жақсартып,  мекемедегі 
шығынды 3% азайтуға болады.  
Мысалға:  Егерде бір жыл ішінде мекемедегі  өндіріс шығындарын   5% төмен түсіруге 
болмаса,  онда  белгілі  дәрежеде  қиындықтар  туады.  Бұл  жерде  құрал-жабдықтардың 
салмағын  қалай  ұлғайту  керек,  яғни  ең  қымбат  тұратын  құрал-жабдықтарға  салмақ 
жасамау  керек.  Жоғарғы  басшылық  шығындарды  азайту  үшін,  әдетте  екінші  мысалға 
сүйене  отырып,  мекемені  өркендетуге  ықпал  жасайды.  Бұл  күнделікті  өндіріс 
мекемелерінде кездесіп тұратын әдіс пен тәсіл. 
 
                                 Мақсатқа тек анық мақсаттар жеткізеді 
    Егерде  әр  уақытта  біз  мақсатты  орындауда  қандай  дәрежеге  жеткенімізді  білгіміз 
келсе, біз әр кезде мақсатты белгілі бір сандық жүйеде, сонымен қатар  уақыт пен сол 
уақыт мөлшерінде істелінген түпкі мақсаттың көрсеткішін білуіміз керек. Егерде ондай 
мүмкіншілігін болмаса, сол мақсаттың басқа көрсеткіштері мен сол мақсат объектісінің 
құрылысын суреттеуге болады.Мысалға: егерде білімгер ағылшын тілін үйренем десе, 
ол алдына мақсат қою керек. Яғни, жұмасына неше сөз жаттайтыны. Жылдың аяғында 
қанша  ағылшын  сөзін  аударып  беретініне  алдыға  мақсат  етеді.  Бұл  білімгердің  өз 
алдына қойған анық мақсаттары болып саналады.  
 
               Мақсатқа жету жақындаған сайын, ол адамды қимылдатады. 
     Негізінде қысқа уақыттағы мақсаттар, ұзақ уақыттағы мақсаттарға қарағанда адамды 
тезірек  қимылдатады.  Ал,  егерде  мақсат  мысалға:  бір  жылға  созылса,  ол  адамды 
сабырлатып, әлі уақыт бар ғой, - деп жайбасар қылады. Және ол әр уақыт өткен сайын 
мақсатқа жетуді шегере береді. Әр уақытта табылады: істейтін бір шаруалар. Және де 
көз  алдында  мақсат  үлкен  болып  көрінсе,  онда  адамға  ол  мақсатқа  жету  ұзақ  болып 
көрінеді.  Сондықтан  экономикада  жылдық  мақсаттарды  кварталдық  деп  болжап  көру 
керек.  Бақылау  осы  мақсаттарға  жетудің  арасында  жүргізеді.  Не  болмаса  ай  сайын 
бақыланады.  
 
                       Әр уақытта мақсатқа жету жоспарлары керек пе екен? 
      Жоқ,  әрине  бұл  өте  үлкен  қате  болып  саналар  еді.  Егерде  кім  бәріне  ұмтылса, 
түбінде  ештеңеге  жетпейді.  Ең  бастысы  біраз  мақсаттарды  орындауға  топтасу 
керек.Бұл мақсаттың екі жолы, екі стратегиясы болады. 

     
 
 
134 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     
 
       Бір  стратегия,  ол  кей  кездері  бір  тар  жері  бар  стратегия  болады,  сол  жерді 
икемдеген соң, басқасы толыққанды жүреді. Сонаң соң, жіберілмеген әдіс стратегиямен 
бұл белгілі бір мүмкіншілікті таңдап, сол мүмкіншілікті қолдану керек болады. 
                           
   Мақсат ең басты бағытта шоғырлану керек 
   Ең басты бағыт -  деген не?  
   Бұл біздің өнімдерге сұраныс барма? 
Қай өнім, қандай экономикалық  формада сұранысы бар? Бұл сұрақтарға жауап 
беру,  әр  мекемеге  қызмет  маңызды.  Егерде  кімде  -  кім  нарыққа  емес,  складқа  өнім 
шығарса,  ол  жанып  кетуі  мүмкін,  егерде  жасанды  демеуші  болмаса.Сондықтан,  қай 
мекеме болмасын ең басты мақсат – ол нарықтың сұранысын қанағаттандыру. 
Әрине,  шығарылатын  өнімдерге  байланысты  мекеме  өзінің  келесідей 
сұраныстарын  қанағаттандыруға болады.Ол,қоғам,нарық,экономика,мекеме, 
ұжым,бөлім,цех,жұмыс орны,қызметі. Мекеме белгілі дәрежеде нарықтың сұранысына 
керекті  өнім  шығаруды,  белгілі  бір  тар  жерлерге  ұрынады.  Бұл  тар  жерлер  осы 
«системаның»  ішінде  болады.    Тар  жерлерге  жататын:  ең  жоғарғы  шығындарға  қуат 
жетіңкіремейді,  мамандықты  дұрыс  игермеген  мамандар,  маркетинг  қызметінің 
әлсіздігі,  қаржының  жетіспеушілігі,  басқару  әлсіз.  Сондықтан  әр  мекеме  тез  арада 
өзінің  әлсіз  жақтарын  жоюға  тырысады.  Өйткені,  сол  әлсіз  жерлер  мекемеге  шығын 
әкеледі.  Қазір  біз  сол  әлсіз  жерлерді  жою  мақсаттарын  айтуымыз  керек.  Ең    басты 
мақсат  системада  орын  алу  керек.  Мысалы  мекеме  өзінің  бөлімшелері  шығаратын 
өнімге  сұраныс  жасауы  керек.  Осы  сұраныстарда  ең  өзектісі  болады.  Сонымен 
мекемеде  «Сырттан»  қарағанда  мекеме  әр  уақытта  өз  өніміне  сұраныс  алады.  Ал, 
егерде «Ішіне» қарағанда бөлімшелердің кейбір тар жерлерді айтқандарын көреміз: ол 
компьютерлерді  жиі  қолдануға  болады,  бірақ  оларға  программистер  жетіспейді,  не 
болмаса  жалпы  мамандар  жетіспейді.  Бұл  мысалдар  Негізінде  әр  басшыға  өзінің 
бөлімшелер  көлемінде  тар  жерлерді  тауып  және  ол  өндірісте  өнім  өндіруге  бөгет 
жасамайтындай және сол алаңды қалай айналып өту жайлы мақсат қоюды ойласа; 
 
                  Тар жерлерді алып тастау системаға байланысты болады 
        Мұндай  мақсат  жоспарланған  науқандар  арқылы  көп  жетімді.  Ең  басты  мақсатты 
іздеу – бұл нақтылы процесс. Көптеген мақсаттардың арасынан, бізге ғана тән мақсатты 
(  біздің  жайтта  сұранысты  қанағаттандыру)  таңдап  алып  және  сол  процестегі  тар 
жерлерді жою керек. 
        Жоғарыдағы  «Мақсаттардың  жиынтығы»  суретінен  еңбек  процесіндегі  тар 
жерлерді анықтау керек. Бұл жерде ең бірінші қызметтің барлығын анықтаймыз. Келесі 
жұмыс орнында қызметші шебер болуы тиіс. Егерде шеберлік болмаса онда шеберлік 
ұлғайту  мақсаты  қойылады.Келесі  жерде  маманның  шеберлігі  ұлғайса  онда 
тауқыметтер  туындайды.  Өйткені,  шеберлігі  жоғары  маманға  жұмысқа  деген 
немқұрайлық туындауы мүмкін. 
        Сонымен  қатар  әр  маман  өзіне  сұрақ  қою  керек,  өзінің  жұмыс  орнында  қандай 
қиындықтар туындауы мүмкін екендігін көрсетеді. 
        Бұл  жанжалдық  сәттер,  телефонмен  сөйлескен  кездегі  өз-өзіне  сенімсіздік, 
қарапайым  салғырттық  және  жұмыс  орнындағы  бей-берекетсіздік.Әрине,  өзіне  сұрақ 
қоюға болады ол, өзіңнің сәтсіздігі мен  жетісдіктердің мамандық шеберлігінің қандай 
дәрежеде  екен.  Басқарушыға  мамандық  шеберлігінің  сәтсіздігі,  дер  кезінде  дұрыс 
диктофон  қолдана  алмағандығынан  болады.Бұл  жерде  ол  өзінің  алдына  мақсат  қою 
керек,  яғни  күніне  20  минут  диктофонмен  жұмыс  істеуге  уақыт  бөлу  керек  екендігін 
ескеру  керек.    Басқа  біреу  қолданылмаған  әдіс  стратегиясы,  бұл  белгілі  бір 
мүмкіншілікті  таңдап  алып,  сол  мүмкіншілікті  қолдану  керек.  Мысалға  жаңадан 

     
 
 
135 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     
 
шыққан    заң  немесе  ережеде,  ертеден  өзіне  керектілерді    тармақтарды  таңдап  алып, 
қолданса.  Сонымен ол болашақта өз ісін жақсы білетін экспертке айналуы мүмкін ғой. 
 
                        Мақсаттарды талқылап отыру керек. 
   Әр  басқарушы  өздерінің  қызметкерлерімен  бірге  белгілі  орындалатын  мақсатты 
талқылап, әркімің өз жауапкершілігін талдайды. Әр кәсіпкер немесе басқарушы біледі, 
әр  ұжымдық  мекемесі,  оның  сыртында  болып  жатқан  жағдайды  байқап  отыру  керек. 
Өйткені, алдына мақсат қойған адам, әрине өзі шешуге тырысу керек ол өзіне берілген 
уақытта сол мақсатқа жете ме, әлде жете алмай ма. Егерде өз күшін білсе, ол ары қарай 
да үлкен мақсаттар қою мүмкін. Бірақ білу керек, адам бес аспап болса да, бес істі бір 
уақытта тындыра алмайды. 
                           Науқан кездерінде,мақсаттар нақтыланады 
  Енді  ең  бастысы  мақсатқа  жетуге  науқандарды  нақтылап  алуымыз  керек.  Өмірлік 
тәжірибе  дәлелдеген,  жылдық  мақсаттарды    кварталдарға    бөлуіміз    бұл  нақтылы 
мақсаттардың дұрыс орындалуына жеткізеді. Сонымен бұл әрекетімізде болашақ есеп- 
қисап сұрайтын кездер анықталады. Яғни квартал сайын істелінетін істер тұрып қалмау 
үшін,  оларды  нақтылы  істер  белгілі  шығындармен  байланысып  жоспарлаймыз.Еш 
уақытта    бір  кезде  қымбат  тұратын  науқандар  жоспарламау  керек.  Мақсаттарды 
өндірістің мүмкіншілігімен салыстырып отыруымыз тиіс. 
 
Мақсат- бұл әр уақыттағы  сатылап жоғарылау 
     Сыншылар айтады: «Жақсы, бірақ  екі мақсатқа жету, ол аз, мен өз жұмысымды әзер 
орындаймын. Менде жұмыстар деген көп! Менің қызметтік міндеттеріме қараңызшы! 
 Бұл  -  ақиқат.  Сондықтан  менеджмент  ғылымы  жеткен  мансаптар  мен  өндірістің 
мүмкіншіліктерін салыстырамыз. Әр мекеме, әр өзінің белгілі өндіріс дәрежесіне жетуі: 
-  көлем,  айналым,  пайда,  жұмысшылар  саны,  көрсетілетін  қызметтер,  жарнама,имидж  
және т.б. Әр ұжым өзінің жеткен жетістіктерін жоғалтып алмауға тырысуы керек. Сол 
себепті  ұжым  еңбек  өнімділігін  бақылап  және  өз  қызметкерлерінің  еңбек  сапасын 
бірқалыпты ұстап отыруы тиіс. Ең басты көрсеткіштер келесідей тұжырымдануы тиіс: 
еңбек  қорытындысы    қанағаттанарлық,  егерде...»  (мысалға  жіберілген  қателіктер  2% 
жоғары  емес  болса,  немесе  сұрақтарға  егеде  бір  күн  өтпей  жатып  жазбаша  жауап 
болса.).  
 
Халайық: Алдыға қойылған мақсаттардың қарама қайшылығы! 
      Біз  әр  уақытта  кей-кездері  алдыға  қойылған  мақсаттардың,  оларға  жеткеннен  соң, 
олардың  қарама  –қайшылық  туғызатын  кездері  болады.  Әрине,  бұл  мақсатқа  жетуге 
болмайды  деген  түсінік  туындамау  керек.  Мысалға  қызметкерлердің  табысқа  кететін 
шығындарын  азайту  және  жұмыс  орындарын  сақтап  қалу.  Бұл  жерде  шешім  сан 
дәрежесінде талдау жасап барғаннан соң ғана қабылдануға тиіс немесе басқа тәсілдер 
қолданылуы  керек  ғой.  Сондықтан,  әр  уақытта  алдағы  мақсат  қойғанда,  белгілі  бір 
түсінік  болуы  керек.  Кей  кездері  тұжырымдалып,  мақсаттарға  жеткеннен  соң,  бәрібір 
олар жалған болып шығады. Бұл түсінікті болады, сол уақытта мақсатқа жетесің, бірақ 
қанағат болмайды. Сол себепті түпкілікті мақсат әр уақытта үлкен ойдан өтуі керек. 
Мысалға  кейбір  мекемеге  өз  өнімінің  өндірісін  ұлғайтып  керегі  жоқ.  Ал,  олар 
қарапайым  ғана  өнімнің  сапалық  ұлғайтумен  айналасуы  тиіс  шығар.  Қайтадан  басқа 
көп  өнім  шығара  бермей,  шығарған  өнімді  жақсылап  сервистік  қызмет  көрсетсе  және 
т.б.  Ең  басты  қағида  егер  де  әр  адам  өз  алдына  жеке  мақсат  қойса,  онда  ол  тұлғаны 
үгіттеп керегі жоқ шығар. Сондықтан ұтымды, мекемеде әр қызметкер өз мақсатының 
дұрыс екендігіне сенімді болуы тиіс. Бұл ұжымда және мекемеде өте маңызды. Уақыт 
өте  ұжымда  және  мекемеде  мақсат  қою  процессінде  көп  қызметкерлер  қатысса,  онда 
оларды үгіттеу үшін көп құлшыныс керегі жоқ. 

     
 
 
136 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     
 
Жақсы  басшы  ұжым  мен  мекемедегі  қойылған  мақсатты,  әр  қызметкер  өзіндікі  деп 
ойласа,  сонда  үлкен  жетістікке  жетуі  мүмкін.Мақсатты  алдына  қоя  білу  -  ол  басқара 
білу өнері болып саналады. Мақсатсыз жетістікке жету процесін бақылау мүмкін емес. 
Мақсатсыз  қызметкерлердің  еңбегін  бағалауда    мүмкін  емес.  Мақсатсыз 
шығармашылық  жоғалады  және  бюрократия  көбейеді.  Әр  уақытта  есте  болуға  тиіс  
мақсатты ең бастысы  ол мақсатты анықтай білу керек.   
 
ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ: 
1.
 
Ахметов К.Е,Сағындықов Е.Н,Байжомартов Ү.С - Менеджмент негіздері. 
Ақтөбе-Орал. «А-Полиграфия»,2005.509 бет.95 бет. 
2.
 
Рахымбаев А.Б,Сабатаева Е,О,Белгібаев А.Қ - Менеджмент. Оқу құралы. 
«Заң әдебиеті» Алматы.2008.149 бет.61-91 бет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
 
 
137 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ОБЩЕСТВЕННЫЕ   НАУКИ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
 
 
138 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     
 
        ӘОЖ 1/14(075.8) 
 
«ДІНТАНУ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ  ҚАЖЕТТІЛІГІ  ТУРАЛЫ  
 
К.Н. Аликенова, философия ғылымдарының кандидаты, доцент 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ-сы. 
 
Қазақстанның  экономика,  саясат,  мәдени  және  рухани  саладағы  жетістіктерін 
өркениетті  елдер  мойындап,  әсіресе  руханият  саласындағы  табыстары,  атап  айтсақ, 
ұлтаралық  келісім  мен  дінаралық  сұхбаттастық  және  төзімділік  мәдениетін 
қалыптастырған  Қазақстандық  модель  әлемдік  қауымдастық  тарапынан  оң  бағасын  алуда.  
Дінтанулық білімді беруші дінтанушыны анықтаудың формальды өлшемдеріне тоқталсақ, ол 
кәсіби  білімнің  болуы,  сондай-ақ  ғылыми  ізденістері  дінтанулық  ғылым  саласымен 
байланысты болу керек. 
Религиозный фактор влияет на экономику, политику, государство, межнациональные 
отношения,  семью,  на  культуру  через  деятельность  верующих  индивидов,  групп  в  этих 
областях.  Освоение  религиоведения  относится  к  такого  рода  знаниям,  которые 
способствуют становлению человека как личности, формируют его духовную культуру. 
Religious factor affects the economy, politics, government, international relations, the family, 
the culture through the activities of religious individuals, groups in these areas. The development of 
religion to this kind of knowledge that contribute to the development of man as an individual, form its 
spiritual culture. 
 
         Кілт сөздер: Руханият, дінтану, төзімділік, сұхбат, ұлтаралық келісім. 
 
Қазақстанның  экономика,  саясат,  мәдени  және  рухани  саладағы  жетістіктерін 
өркениетті  елдер  мойындап,  әсіресе  руханият  саласындағы  табыстары,  атап  айтсақ, 
ұлтаралық  келісім  мен  дінаралық  сұхбаттастық  және  төзімділік  мәдениетін 
қалыптастырған  Қазақстандық  модель  әлемдік  қауымдастық  тарапынан  оң  бағасын 
алуда.Қазақстан Республикасының дінге байланысты мемлекеттік саясаты қолданысқа 
енген «Діни қызмет және діни бірлестіктер» заңында анықтала түсті, еліміз татулық пен 
бейбітшілікке  негізделген,  конфессияаралық  келісімді  ұстанатын  мызғымас  бағдарда 
екенін танытты. Діннің мемлекеттік немесе міндетті болмауы белгілі бір діннің екінші 
бірінен  үстем  болуына  жол  бермейді,  яғни  бір-бірімен  заңдық  тепе-теңдігі 
ескерілгендіктен,  дінаралық  келісімнің  үйлесімділігінің  орын  алуына  бастама  болады. 
Мемлекетте кез келген діннің деңгейі заңдық тұрғыдан бірдей. Бұл шешім мемлекеттің 
зайырлылық  принциптеріне  сай  дамып,  мемлекет  пен  діни  бірлестіктердің  ара 
қатынасын  ашып  көрсетсе,  «мемлекеттік  мекемелерде,  құқық  және  сот  орындарында, 
әскери  құрылымдарда,  адамның  денсаулығын  қорғау  мен  қоғамдық  тәртіпті 
қамтамасыз  етумен  айналысатын  органдарда,  зайырлы  оқу  орыдарында  құдайға 
құлшылық  ету,  миссионерлік  міндеттерді  атқару,  дәни  жораларды  жасауға  тыйым 
саынады» деген баптары да зайырлылық принциптерін ұстануда туындаған.  
 
Заңда  көрсетіліп  отырған  діни  әдебиеттің  сарапталуы  ақпараттық  қауіпсіздік 
үшін  аса  маңызды.  Қазіргі  ақпараттық  қоғамда  мәліметтер  жан-жақтан  келіп,  сол 
ортада  таңдампаздық  танытпасақ,  өскелең  ұрпақтың,  санасының  улануына  жол  беріп 
алатынымыз анық. Бұл ретте дінтанушы ғалымдарға артылатын сенім жүгі ауыр екені 
анық. 
 
Ендігі жерде бастысы осы заң аясында жасалатын жұмыстардың ауқымдылығы 
мен  маңыздылығы,  күрделілігі  мен  жауапкершілігі,  осылардан  туындайтын 
мәселелерде болып тұр. Атап айтсақ, кадрлар, мамандар жетіспеушілігі, бұл діни сала 
болсын,  зайырлы  мекемелерде  болсын  кезек  күттірмес  шешімдердің  бірі  болуы  тиіс. 
Мәселен, мешіттерде білікті кадрлардың болмауынан жергілікті жердегі имамдар діни 

     
 
 
139 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     
 
мәселелерге  және  азаматтардың  сауалдарына  дер  кезінде  жауап  бере  алмайды,  соның 
салдарынан  халықтың  бір  бөлігі  дәстүрлі  емес  діндерді  жағалап  жүр.  Елімізде 
жастарды  теріс  жолға  салып  жүрген  ислам  дінінің  атын  жамылып  жүрген  және 
миссионерлік немесе дінге тартушыылық сияқты қауіпті ағымдар, топтар аз емес. Дін 
тақырыбы – бұл күрделі, нәзік тақырып. Діни жағдайды қалпына ұстап тұрудың жолы – 
дінтану  білімі  арқылы  қоғамдық  сананы  дұрыс  қалыптастыруда  болып  тұр,  себебі 
қазіргі  кезде  еліміздегі  дінге  сенушілер  әр  түрлі  сенім  жолын  ұстануда.  Әсіресе 
жастардың  басқа  діни  ағымдарға  кетуі  ел  болашағына  нұқсан  келтірері  айдан  анық. 
Өздерінің білім, ғылым іздеп, болашағына іргетас қалайтын шақтарында өз энергиясын 
болымсыз  жалған  діндерге  жіберулері  алаңдатады.  Адасқандар  өз  ортасына  қайта 
оралуы  оңай  шаруа  емес  екені  де  белгілі,  себебі  жаңа  діни  ұйымдарға  тартуда 
қолданылатын  әдіс-амалдар  ортаға  келген  адамның  өз  еркімен  кете  алмауын 
қамтамасыз  ететіндей құрылған.  Бір  қарағанда  қарапайым  көрінетін  нәрсенің  астында 
басқа  елдің  саяси,  экономикалық  мүддесі,  қазақ  жерін  саудалау  саясаты  жатқанын 
көбісі  ойлана  бермейді.Сондықтан  осындай  жағдайға  қарсы  күресуде  төмендегідей 
шаралар қолдануға болады: 
халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын одан әрі жақсарту, тұрмысын түзелту; 
жастар  мен балалардың тәрбиесіне, оқуына көңіл бөлу, ұлттық құндылықтарды бойына 
сіңіріп өсулеріне жағдай жасау; 
діни  қызметкер  мен  діни  тәрбиеге  қажетті  жағдайды  жасау,  оны  тікелей  үкімет 
қарамағына алғызу, діни қызметтерге жоғарғы білімді азаматтарды тағайындау; 
құтқарушы,  қамқоршы  атын  жамылып  келген  қара  ниеттегі  ұйымдардың  халықтың 
сенімінің, болмысының бұзылуына себеп болатын әрекеттерге кедергі жасау. 
Осы  орайда  діни  сауаттылық,  оған  іргетас  болатын  дінтану  пәні  аса  қажетті  болып 
отыр. 
Дінтану,  қарапайым  көпшілік  санайтындай,  діни  білім  беру  емес  және 
діндарларды дайындау курсы да емес. Дінтану зерттеу нысанына алған адамға қайсыбір 
сенімді  қабылдау  талабы  қойылмайды,  дінтанушы  болу  үшін  белгілі  бір  дінді 
ұстанудың қажеттілігі жоқ. Дегенмен бұл дінді ұстанбау деген емес, діндар адамдар да 
жақсы  дінтанушы  бола  алатынын  айта кету  керек:  мұндағы  басты  талап  академиялық 
ғылымның  шеңберінен  шықпау  керек.  Адамның  діндарлығы  объективті  көзқараста 
болуына  кедергі  жасамау  керек.  Дінтанушы  болу  үлкен  жауапкершілікті  талап  етеді. 
Дінге қызығушылық танытып, өзін дінтанушы ретінде анықтау аздық етеді. Дінтанулық 
білімді беруші дінтанушыны анықтаудың формальды өлшемдеріне тоқталсақ:  
-
 
кәсіби  білімнің  болуы,  сондай-ақ  ғылыми  ізденістері  дінтанулық  ғылым 
саласымен байланысты болу керек (ғылыми дәрежесі); 
-
 
ғылыми,  ғылыми-танымдық  журналдарда  кәсіби  мақалаларымен  танымал 
болуы тиіс; 
-  дінтанулық  конференциялар,  дін  мәселесін  сараптауға  арналған  халықаралық, 
аймақтық  деңгейдегі  ғыылыми  іс-шараларға  қатысып,  кәсіби  баяндамаларын  ұсынып 
отыруы тиіс; 
- дінтанушы ретінде қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыруы; 
- діни ілімдерді БАҚ арқылы дұрыс насихаттауы. 
Дінтанушы  осы  өлшемдерге  сай  келетін  дінтанушылардың  еңбектеріне  сілтеме 
жасап  отыруы  тиіс.    Дінтанулық  қауымдастықтар  қазіргі  дінтанулық  білімнің 
жағдайын,  мәселелерін  ортаға  салып,  оларды  шешудің  жолдарын  ұсына  алады. 
Осындай жасалған іс-шаралардың барысында бірқатар мәселелердің мәні анықталады. 
Дінге байланысты ақпарат алғысы келген шақта, ақпараттың қол жетімді болмауы, яғни 
ақпаратты  беруші  дінтанушының  болмауы  мәселені  күрделендіре  түседі.  Өйткені 
көптеген  ақпарат  дәстүрлі  емес  дінге  таратушының  позициясынан  берілетін  мәлімет. 

     
 
 
140 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     
 
Сондықтан қоғамда алып отырған көптеген келеңсіз жағдайларды қолға алып, бақылап, 
реттестіріп отыру әлі кеш емес. Бұл үшін: 
-  білікті дінтанушыларды дайындау ісіне қолдау көрсету
- қоғамдық қажеттілікті ескере отырып, дінтанушыларға мемлекеттік гранттарды 
көбейту; 
-  халыққа дұрыс және толыққанды білім беретін, дінтанушы мамандар даярлау.  
 
 
        УДК 316. 3/4 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет