ORIGINAL
Acte I.
Une Representation l’Hotel
de Bourgogne.
Scene І.I.
Le public, qui arrive peu à
peu.
Cavaliers, bourgeois, laquais,
pages, tire-lane, le portier,
etc., puis les marquis, Cuigy,
Brissaile, la disturbutrice, les
violons, etc.
(On entend dérrière la porte
un tumulte de voix, puis un
cavalier entre brusquement.)
LE
PORTIER
(le
poursuivant):
Hola! Vos quinze sols!
LE CAVALIER :
J’entre gratis !
LE PORTIER :
Pourquoi ?
LE CAVALIER :
Je suis chevau-leger de la
maison du Roi !
LE PORTIER : (à un autre
cavalier qui vient d’entrer) :
Vous ?
DEXIME CAVALIER :
Je ne paye pas !
LE PORTIER :
Mais...
DEUXIEME CAVALIER :
Je suis mousquetaire.
PREMIER CAVALIER (au
deuxième):
On no commence qu’à deux
heures. Le pqrterre est vide.
Exerçons-nous qu fleurent.
HUMAN TRANSLATION
INTO ENGLISH
Act I.
A Representation at the Hotel
de Bourgogne.
Scene І.I.
The
public
arriving
by
degrees.
Troopers, burghers, lackeys,
pages, a pickpocket, the
doorkeeper, etc., followed by
the
marquises;
Cuigy,
Brissaile, the buffet-girl, the
violinists, etc.
(A confusion of loud voices
is heard outside the door. A
trooper enters hastily.)
THE
DOORKEEPER
(following him):
Hollo! You there! Your
money!
THE TROOPER:
I enter gratis.
THE DOORKEEPER:
Why?
THE TROOPER:
Why? I am of the King’s
Household Cavalry, ‘faith!
THE
DOORKEEPER
(to
another trooper who enters):
And you?
SECOND TROOPER:
I pay nothing!
THE DOORKEEPER:
How so?
SECOND TROOPER:
I am a musketeer.
FIRST TROOPER (to the
second):
The play will not begin till
two.
The pit is empty. Come about
with the foils to pass the time.
MACHINE
TRANSLATION
INTO
ENGLISH
Act I.
A Representation with the
Hotel of Burgundy.
Scene І.i.
The public, which arrives
little by little. Riders, middle-
class man, lackey, pages,
footpad, the gatekeeper, etc.,
then
marquis,
Cuigy,
Brissaile, the saddle jib crane,
violins, etc.
(One hears dérrière the a
tumult of voice, then a rider
enters abruptly.)
The
GATEKEEPER
(the
prosecutor) :
Hola! Your fifteen grounds!
THE RIDER:
I enter gratis!
The GATEKEEPER:
Why?
THE RIDER:
I am chevau- light house of
the King!
The GATEKEEPER (with
another rider who has just
entered):
You?
SECOND RIDER:
I do not pay!
THE GATEKEEPER:
But.
SECOND RIDER:
I am a musketeer.
FIRST RIDER (with the
second):
One starts only at two hours.
The floor is empty. Exert we
with the foil.
169
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
E-mail Activities [4].
Teacher ↔ Teacher
Teacher ↔ Student
Student ↔ Student
Use e-mail discussion lists
for peer support
Submit assignment by e-mail
rather than on paper
Discuss current events among
groups
of
geographically
dispersed students
E-mail
mentoring
with
master
and
pre-service
teachers
Class announcements
Peer
Collaboration
on
assignments
Receive resources such as
syllabi and class materials
from other instructors
Question and answer sessions
outside of class time
Group
work
conducted
electronically
Concerning digital video it is found to be the most satisfying way of communication
allowing the learners not only to focus on the target language, but also combines both
listening and speaking skills using images. Moreover, most of the students of all age find it
interesting.
In conclusion, we can honestly say that computers have equipped educators and
instructors with a lot of tools which can be of a very good use in language learning.
The invention of the Internet has made us change our minds about computer based
teaching. Electronic journals, online assignment, assessment, e-mail, etc. all of these are
widely used throughout our country today.
But, machines nowadays are mainly used as a means of communication rather than
bringing drill exercises or other activities. Thus most classroom activities are centered on the
Internet. Millions or even billions of e-mails are sent everyday among computer users.
An enormous amount of information can be found on reading on any topic you wish
which are available 24 hours a day on the Web and the chance of communicating with people
from all walks of life motivates people to learn and study.
We cannot apparently say anything about the future technology but it could be said
that we can no longer ignore its growing power and force which is changing cultures
worldwide.
Besides, the government, in its turn, is providing the conditions for development of
informational technologies, supplying educational centers and classes with computers,
interactive technologies and multimedia classrooms.
REFERENCES
Teaching English as a Second or Foreign Language. (Third edition) by MARIANNE CELCE
– MURCIA 2004
New Ways of Using Computers in Language Teaching by BOSWOOD T. 1997
Dave Sperling’s Internet Guide by SPERLING D. 1998
Teaching English as a Second or Foreign Language. (Third edition) by MARIANNE CELCE
– MURCIA 2004
В.Л. Каушанская English grammar (1986).
170
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
ӘОЖ 88.015.39
«ЕЛ БҮГІНШІЛ, АЛ ОЛАРДІКІ ЕРТЕҢГІ ҮШІН...»
Ш.А. Кыяхметова, ф.ғ.к., доцент
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ., Aset_Shara
@mail.ru
Мақалада ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік оқиғалар, олардың
мәдениеттің, әдебиеттің дамуына тигізген әсері, ұлт зиялыларының ерен еңбектері жайлы
айтылады.
В статье излагаются социально-политические события начала ХХ века, их влияние на
развитие культуры и литературы, а также о значимых трудах национальных деятелей этого
периода.
The article deals with the socio-political events of the 20
th
century and their development in
the culture and literature and also is said about the work of naition authorities.
Тірек сөздер: Әдебиет, мәдениет, баспасөз, жанр, қайраткер.
Кез келген әдебиет бір күннің төңірегінде өрбитін немесе белгілі бір тарихи
кезеңнің оқиғасын баяндайтын тар ұғымды дүние емес. Мәдениеті бай елдердің
әдебиеті де қаз тұрып, қалыптасқанша қоғамның дамуы секілді толып жатқан
өзгерістерді қорытындылай келіп, алдымен өз халқының, кейін жалпы адамзаттың
ортақ игілігіне айналады. Бұл - заңды құбылыс.
ХХ ғасыр – қауырт қоғамдық құбылыстар ғасыры. Қазақ халқының тарихында
бүкіл қоғамдық даму өзгеріске ұшырап, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ой-
сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең.
Тарихи ұлттық сана түлеп, жаңғырықты. Бұл
кезеңде өмір сүрген қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, М.
Тынышбаев, М. Шоқай, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев,
т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді.
Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына атсалысып, халықтың құқықтық,
эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Қазақ зиялылары өздерінің
мақалалары мен көркем шығармаларын Қырым татарларының «Тәржіман», Еділ бойы
татарларының «Шора», «Уақыт» сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша
үкіметі әкімшілігінің қазақтардың ежелгі заманнан бергі ата қонысын тартып алу
саясатын сынады. Мақала авторлары сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін
күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтың ана тілін қолданыстан ығыстырып
шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттеріне қарсы күресті.
Бұл дәуірдегі ақын-жазушылардың, білікті азаматтардың бәрі дерлік медреседе
білім алып, саяси көзқарасы қалыптасқан, ел қамын жейтін қайраткер дәрежесіне дейін
көтерілген еді. Ресей империясының отарлау ісі дін мен тілге ауыз салып, елдіктен
кетіре бастаған тұста, Байтұрсыновша айтқанда, «Енді жату жарамастың» кезі келді.
Қоғамдық ойға көшбасшы жаңа тұрпатты қоғамдық-саяси әрі әлеуметтік күш қажет
болды. Бұндай күш алғашында ана тілінде сауат ашып, сонан соң медреселерде оқып,
өз ұлтының тарихы мен ұлттық ерекшелігін жете танып-білген, түркі тектес ғұламалар
мен ойшылдар танымынан тағылым алған, кейіннен орыс оқу орындарында
тәрбиеленіп, білімін жетілдірген, сөйтіп, елі үшін қызмет етуге даярланған, яғни
«Шығыс» пен «Батысты» тең игерген алғашқы қазақ зиялылары болатын.
XX ғасыр басында биік даму сатысына көтерілген «Ғалия» медресесі Ресейдегі
алдыңғы қатарлы оқу орны болған. Осы оқу орнында дін сабақтарымен қатар
математика, физика, химия, тарих, философия және басқа да пәндер оқытылған.
«Ғалия» медресесінен талай қазақ балалары білім алып, ұлттық рухты, ұлттық сананы
171
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
оятуға аянбай еңбек етті. Ғалым Ахмедовтің деректеріне сүйенсек, оны 70-тен аса қазақ
балалары бітіріп шыққан. Олардың ішінде М.Жұмабаев, А.Мәметов, Б.Майлин, т.б. аса
талантты да дарынды қазақ ұлдары бар. Ал Орынбордағы «Хүсәйния» медресесінде
Қ.Жұбанов, Ш.Сарыбаев, Б.Сүлеев, Х.Болғанбаев сынды азаматтар оқыған. Осы
азаматтардың ғылымда, әдебиетте, қоғамдық өмірде атқарған қызметтері Алаш
қауымына белгілі. Бұлар өз білімдерін медреседен алған еді.
«Галия» отличалась от многих медресе не только постановкой учебного
процесса, но и Свободолюбимым Духом. Здесь были диспуты, лекции, литературные
вечера, издавались рукописные журналы на татарском, казахском, узбекском языках.
Учащиеся живо откликались на революционные события. Крупная забастовка
шакирдов состоялись в 1912 году» [1,36] деген мәнді хабарлар мен деректер біраз
жайдан мағлұмат берсе керек.
Сонымен «Ғалия» медресесі 12 жыл өмір сүрді. Профессор Қайыржан Бекхожин
«Қазақ баспасөзінің даму жолдары» деген еңбегінде [2] «Ғалияны» бітірген 154 қазақ
шәкірттері төте оқу мектептерін ашып, бала оқытқандары жайында тиянақты дерек
келтіреді. Одан кейінгі екі оқу жылын қосқанда ең аз дегенде екі жүздей қазақ жастары
жоғары оқу деңгейіндегі медреседен білім алып, елге пайдалы еңбек етті деп
шамалауға болады.
1913 жылы Ә. Бөкейханов ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері А. Байтұрсынов
және М. Дулатовтармен бірге тұңғыш жалпыұлттық баспасөз ұйымы - «Қазақ» газетін
ұйымдастырды. «Қазақ» газеті апталық басылым болып жарық көрді. Ол Орынбор
қаласында шығып тұрды. А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейхановтар барша қазақ
елінің мүддесін білдіретін ғасырдың ұлттық газетін құра білді. Олар «Қазақ» газетінің
төңірегіне Шәкәрім Құдайбердіұлы, Халел Ғаббасов, Хайретдин Болғанбаев, Ғұмар
Қарашев, Райымжан Мәрсеков, Мұхтар Саматұлы сияқты көптеген көрнекті
қайраткерлер мен ақындарды топтастыра білді. Баспасөз қызметінің қаншалықты зор
болғандығының бір белгісін біз М.Әуезовтің мына бір сөзінен ұғамыз. «Жазба
әдебиетте Абайдан соң аты аталатын – «Қазақ» газеті. «Қазақ» газетінің мезгілі
әдебиетте ұлтшылдық туын көтерген мезгілмен тұстас» [3,231], - дейді ұлы жазушы,
ғұлама ғалым. «Қазақ» газеті XX ғасырдың басындағы азаттық қозғалысының
стратегиясын анықтап берді. Газет бетінде жарияланған мақалалардың едәуір бөлігі тіл
мен әдебиет, мәдениет пен тәрбие, халық санасын жетілдіруге арналды, халық ағарту,
кітап шығару мәселелеріне басымдық берілді. Ә. Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары
отаршылдықтың мәнін ашып көрсетті, газет мұсылман діні мәселесі бойынша ғылыми
негізделген бағыт ұстанды. «Қазақ» газеті қазақ халқы тарихының бетбұрысты
кезеңінде шығарылды, өз ұлтының көкейкесті мүдделеріне адал қызмет етті. Ол бүкіл
қазақ халқын өзінің төңірегіне топтастыра білген ұлттық-саяси және ғылыми-әдеби
басылым болды.
Газет беттерінде халыққа білім беру, ұлттық сана-сезімді ояту хақында көптеген
құнды дүниелер жарық көрді. Ә. Бөкейхановтың қаламынан көптеген тарихи және
этнографиялық туындылар, атап айтқанда, «Қазақтар», «Сұлтан Кенесары Қасымовтың
тарихына қатысты материалдар», «Қарқаралы уезіндегі қырғыздардың рулық
құрылымы» және Абай қазасына арналған «Абай Құнанбаев» атты қазанамалық
мақаласы, тағы басқа зерттеулері жарық көрді.
Қоғамдық ой-сана мен әлеуметтік дамудың айнасы баспасөз десек, аталмыш
кезеңде оянған сананың ұясына айналған көрнекті басылымдар мәдениет рухын септі.
Ресейде болған төңкеріс дүмпуі нәтижесінде қазақ газеттерінің екінші бір үлкен
шоғыры, жаңа сипаттағы еркін басылымдар дүниеге келді. «Серке» (1907), «Қазақ»
(1907), «Қазақстан» (1911-1913), «Ешім даласы» (1913), «Қазақ» (1913-1918),
«Сарыарқа» (1917-1918), «Алаш» (1916-1917), «Бірлік туы» (1917-1918) т.б. басқа
газеттер қазақ ұлтының саяси-әлеуметтік ой-санасына түрткі салып, заманның
172
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
көкейтесті мәселелерін қозғады. Бұл басылымдар елдегі жаңалықтармен қоса орыс
классиктері, зерттеуші ғалымдары, саяхатшылары, атақты адамдар жөнінде жазылған
материалдармен солардың шығармаларынан үзінділер жариялап тұрды.
Олар отарлық саясаттың езгісінде отырған қазақ халқының бостандығы мен
азаттығын аңсап, ел-жұртын ғылымы мен білімі өркендеген халықтар санатында көруді
қалады. Қазақ халқының дүниетанымына әсер етіп, көзқарасын кеңейтіп,
прогрессивтік, ағартушылық, бағытта қызмет атқарғанын анық байқауға болады.
Қазан төңкерісі қарапайым халықтарға азаттық әкелгенімен, қазақ жұртшылығы
сан жылдар бойғы отаршылдық қамытынан босай алмады. Алаш арыстарының бірі А.
Байтұрсынов «Революция және қазақтар» атты мақаласында қазақ халқының Ақпан
және Қазан төңкерістерін қалай қарсы алғандығы жөнінде баға бере келіп,
большевизмді қабылдауға еш дайын еместіктерін ескертеді. Сонымен бірге ол:
«Россияның орталық аудандарында большевиктік қозғалыстың қалай өткендігі ең,
қазақтарға белгісіз, ал шет аймақтарда барлық жерде зорлық, қиянат жасау және
ерекше диктаторлық өкімет билігімен қатар жүргізіліп отырды. Тоқ етерін айтқанда, ол
қозғалыс шет аймақтарда революция емес, барып тұрған анархия болды... Егер мұны
бұрын патша чиновниктері атаған адамдар тобы жүргізіп отырса, енді мұндай
әрекеттерді большевиктер, коммунистердің атын жамылған адамдар тобы жүргізіп
отырды» деп революция шындығын алдымызға жайып салады.
Жаңа дәуір әдебиеті өзінің даму, кемелдену арнасына біржолата түсті. Реалистік,
романтикалық сарын жарыса өрілген, ұлттық тарихи сананың оянуына бастаған,
жаңашылдық рухындағы әдебиет бірте-бірте көш түзеп, қазақ қоғамының рухани
тіршілігінде басымдыққа жетті. Әдебиет белгілі деңгейде ұлтты дамытудың әмбебап
құралына айналды.
Әдебиет тарихынан мәлім әр жанрдағы көркем әдеби мұраларға,
көркем әдеби, публицистикалық жазбаларға қарағанда, ХХ ғасырдың басындағы ширек
ғасыр қазақ әдебиетінің бәз қалпында даралық танытқан, халық тағдырының өртіне
түсіп, санасынан сартап болған ұлттық мүденің тізгінін қолға алған сәті деп қараған
дұрыс.
«ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті – ұлы дәуірдің: ілгерілеулер, күрес,
көтерілістер, сұрапыл соғыстар, қиян-кескі төңкерістер дәуірінің әдебиеті. Күрделі көп
қырлы әдебиет» [4,212], – деп тұжырымды баға берді профессор Бейсенбай
Кенжебаев.
Қазақ қоғамының оянуына, сілкінуіне сол кезеңдегі қазақ баспасөзі өлшеусіз
үлес қосты. Бұл қатарда ұлттық қозғалыстың серпінді болуына, қарқынды өрістеуіне
зор ықпал жасаған «Қазақ» газеті. «Қазақтан» кейінгі алаштық идеяны Х.Ғаббасов пен
Р.Марсеков шығарушылары болған «Сарыарқа» газеті және М.Шоқай шығарған
«Бірлік туы» газеті өрістетіп отырды. Бұл газеттер қазақ баласының бойына ұлттық
сезімді, ұлттық ождан мен абыройды сіңірді. Қазақ ғылымының тууына Алаш
зиялыларының тікелей ықпалы тигені бәрімізге белгілі. Қазақ тіл білімі мен
әдебиеттануының басында Ахмет Байтұрсынов тұрса, медицина, биология, табиғаттану
салаларынан
Х.Досмұхамедов,
математикадан
М.Дулатов
пен
Ә.Ермеков,
психологиядан Ж.Аймауытов, педагогикадан М.Жұмабаев, ауыл шаруашылығынан
Т.Шонанұлы, Қ.Кемеңгерұлы арнайы еңбектер жазды.
Қазақтың жазба әдеби тіліндегі публицистикалық стильдің қалыптасуы 1905-
1918 жылдар аралығында баспасөз құралдарының көбейе түсуімен түсіндіріледі. Осы
тұстағы баспасөз беттерінен тілімізде публицистикалық стильдің қалыптаса бастағанын
көреміз. «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Алаш», «Жас азамат» газеттерінен және
«Айқап» журналынан т.б. баспасөз құралдарынан қазақ сөзінің қоғамдық-әлеуметтік
саланың әртүрін көрсететін лексикасының стильдік реңктерге ие бола бастағанын
байқаймыз.
173
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
Қазақ кітаптарының даму тарихына арналған еңбектерде XX ғасырдың бас
кезінде қазақ кітаптарының сапалық жағынан да, сандық жағынан да күрт өсуі дәлелді
айтылған.
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 1907 жылы үш бірдей жинағы (Қазан, «Хал-ахуал»,
«Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Сарыарқа кімдікі екендігі»)
оқырмандар колына тиді. 1909 жылы Санкт-Петербургте ұлы Абайдың өлеңдері мен А.
Байтұрсыновтың «Қырық мысал» атты кітабы жарық көрді. Осы жылы Қазан
қаласында М. Дулатовтың атақты «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы басылып
шықты.Кейіннен «Бақытсыз Жамал» романы, «Азамат» және «Терме» атты
шығармалары жарық көрді. Ғ. Қараштың «Бала тұлпар» (1911), «Карлығаш» (1911),
«Тумыш» (1911), «Аға тұлпар» (1914), «Тұрымтай» (1918) атты өлеңдер кітабы іркес-
тіркес жарық көрді. Нұржан Наушабаевтың «Алаш» (1910), Шәкәрімнің «Түрік,
қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911), Мағжан Жұмабаевтың «Шолпан» (1912),
Бекет Өтетілеуовтің «Жиған - терген» (1914), Сәкен Сейфуллиннің «Өткен күндер»
(1914), Сәбит Дөнентаевтың Уфада «Уақ-түйек» (1915) жинақтары дүниеге келді.
ХХ ғасырда қоғамдық қарым-қатынастардың жеделдеуі, баспагерлік істің қанат
жаюы, әдебиеттегі әртүрлі көркемдік-жанрлық терең түлеулер эстетикалық танымның
жаңашылдығына бастады. Осы тұста кәсіби әдебиетке тән басты жанрлардың бәрі де
әртүрлі деңгейде көрінді. Прозаның кесек жанрлары, әдеби сын, әдебиеттану, аударма,
драматургия жедел даму үрдісін танытты.
Өткен ғасыр басындағы ақындар алдында қазақ даласының саяси-әлеуметтік
жағдайынан, рухани-психологиялық ахуалынан туындайтын сан-алуан тақырыптар
тұрды. Мұның өзі лирикалық идеяға көп міндет жүктеді. Халық өмірінің әрбір сәтін
қалт жібермеуге ұмтылатын лирика жанрының маңызы ерекше артты.
XX ғасырдың басында идеялық мазмұны жағынан басым жырланғаны – саяси-
әлеуметтік өлеңдер. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясындағы зар заман ағымының заңды
жалғасы болған әлеуметшіл, заман сырларын халықтың бүгіні мен болашақтағы
тағдырымен
қоса
толғайтын
ақындардың
ағартушылық-демократиялық
көзқарастарында сыншыл реализм көркемдік әдісіне негізделген өткір туындылар
туды. Зерттеуші М.Базарбаевтың XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясындағы осы
құбылысқа байланысты айтқан: «Саяси-әлеуметтік өлең-жырлар – кезеңдік поэзияның
саяси мәселелерді көтеріп, әлеуметтік мақсат-мүдделерді паш ететін саласы. Қоғам
өзгеріс алдында, бұқара толғаныс үстінде тұрған алмағайып кезеңде саяси-әлеуметтік
өлеңдердің белсенділігі арта түсетіні белгілі. А.Байтұрсынов, М.Дулатовтардың
отаршылдық езгі, қазақ қамы туралы өлең, жырлары – соның айғағы» [5,253] деген
пікірі шындық.
Шәкәрім Құдайбердиевтің «Бостандық туы жарқырап», «Бостандық таңы
атты», Ахмет Байтұрсыновтың «Маса», «Сөз иесіне», Міржақып Дулатовтың «Оян,
қазақ», «Шағым», «Сырым», «Жас қазақтар, қайдасыңдар», «Тұңғыш құрбан»,
«Алашқа»., Мағжан Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма», «Тез барам», «Мен жастарға
сенемін», «Бостандық», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Арманым», «Жарлау»,
«Міне, алақай», «Тұтқындағы Байтұрсынның «Масасына», «Сарыарқаның жаңбыры»,
«Алаш ұраны» және т.б. осы сарында жазылған. Қазақ лирикасының саяси-
әлеуметтік белсенді сарынға көшуі - ұлттық оянуға түрткі болған поэзияның әртүрлі
ықпалдылығын күшейте түскендігінің белгісі.
Зерттеуші М.Базарбаевтың пікірі де осы ойымызды дәлелдей түседі: «Қазақтың
демократиялық мәдениетінің өсіп-өркендеу сәті қазақ интеллигенциясының қалыптасу
кезеңі еді. Әлеуметтік кұрамы жағынан да, саяси көзқарасы жағынан да әдебиет және
оқу-ағарту қайреткерлері сан түрлі күйді басынан кешті. Олардың түсінігінде айқын
бір-ақ мәселе болды, ол - бостандыққа, тендікке ұмтылу, халқының мәдениеті мен
бақыты үшін күресу».
174
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
Алаштың қалам қайраткерлері қазақтың тұңғыш романдары мен драмалық
шығармаларын, алғашқы әдеби-сын мақалаларын дүниеге келтірді. Қазақтың сөз өнерін
жанрлық жағынан да, идеялық-көркемдік жағынан да байытып, жазба әдебиетін
қалыптастырды. Алаш қаламгерлерінің ерен қабілеті, ұлтына деген ерекше махаббаты,
туған жұртының бүгінгісіне көңілі толмаған күдігі мен азат болашағына сенген үміті
кейінгілерге үлгі боларлық әдеби туындыларды өмірге әкелді.
Поэма жанры да биік белеске көтерілді. Мұхаметжан Сералиннің реалистік,
романтикалық сипаттағы «Топжарған» (1900ж.), «Гүлһашима» (1903 ж.) поэмалары,
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың азаматтық рухы күшті, реалистік сарыны басым
«Таныстыру» (1918), «Адасқан өмір» (1918), «Кедей» (1919), «Қайғы» (1919)
поэмалары, Ығылман Шөрековтың тарихи реалистік суретке толы «Исатай-Махамбет»
поэмасы, Шәді Жәңгіровтың «Назым чәһар дәруіш» (1913), орыс-қазақ тарихи
қатынастарының шынайы шежіресіне негізделген «Ресей патшалығында Романов
нәсілінен хұқмыранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық
заманынан бері қарай қазақ халқының ахуалы» (1912), «Тарихнама», «Ибраһим
пайғамбардың хикаясы», «Назым Сияр Шәриф немесе Пайғамбардың ақ жолы туралы»,
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Гүлшат-Шеризат», «Жер мен көк», «Хаятбақшы»,
«Миғраж», «Қиямет күн», «Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы», Шәкерім
Құдайбердиевтің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу»,
«Ләйлі-Мәнжүн» дастандары. Осы кезеңде заман талабына орай поэма жанрының
реалистік, тарихи, азаматтық, философиялық сипаты, ұлттық рухы айқындалып,
күшейді.
Ұлттық драманың алғашқы туындылары ХХ ғасыр басында бірте-бірте ел ішінде
тарала бастады. 1914 жылы Семейде өткен әдеби кеште Біржан- Сараның сахналанған
көрінісі, Атбасарда 1916 жылы М. Дулатовтын «Бақытсыз Жамал» романы сахнаға
қойылған. Ал Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы (1917 ж.) - қазақтың алғашқы
сахналық қойылымы.
ХХ ғасыр басындағы әдеби дамуға қарап отырып, проза жанрының өркендеуін
жанрдың ұшталуымен ғана емес, соған сәйкес көркем мазмұнның пайда болуымен,
көркемдік жағынан ерекшеленуімен де түсіндіруіміз керек.
Мерзімді баспасөзде жарық көрген шығармалардың басты тақырыптары: оқу
ағарту, жастардың, әсіресе, қазақ қыздарының бас бостандығы, қазақ халқының Ресей
отарлау
саясаты
салдарынан
ата-қонысынан
айрылу,
сауда-саттық,
ақша
қатынастарының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрді бұзуы, т.б. Кейіпкерлер
портреті, әрекеті, мінез-құлқы сирек суреттеледі. Олар тап болған жайдың трагедиялық
сипатын аша түсу үшін автор ара-тұра шегініс жасайды, әңгімеге өз эмоциясын қосу
арқылы заманға назасын білдіреді.
Алғашқы әдеби сындар ХХ ғасыр басында жаңа сапалық қырынан өрісін
кеңейтті. Оған ұлттық баспасөз бен кітаптардың жиірек шыға бастағандығы ықпал етті.
Баспасөз беттерінде жарық көрген кітаптарды сипаттаған, мазмұндаған, жарнамалаған
хабар-ошарлар жарық көре бастады.
Қазақ әдебиетінің тарихына, теориялық мәселелеріне, тіл тазалығына, тіл
тарихына, фольклорлық мұралар жайына, эпос, батырлық жырлар секілді әдеби
мәселелерге тереңдеп барған А. Күзембаевтың «Қырық мысал», «Бақытсыз Жамал»,
«Оян, қазақ!», «Гүлқашима», «Топжарған», «Шайыр» кітаптарына жазған сыны,
Райымжан Мәрсековтың «Қазақ әдебиеті жайынан» мақаласы, Әлихан Бөкейхановтың
«Қара қыпшақ Қобыланды» сияқты ғылыми пайымдаулары да кездеседі.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті – халық тарихының ең бір биік белесті,
шешуші кезеңінің күрделі шындығын суреттеген, бүгінгі күні жалғаса зерттеліп келе
жатқан «Алаш ұранды әдебиет» (Р.Нұрғали).
175
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. История Уфы. – Москва: Наука, 1981 г.
2. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің жаму жолдары. – Алматы: Қазақстан, 1964. – 263б.
3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.
4. Кенжебаев Б. Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары. –
Алматы: Қазақ мемлекеттік баспасы, 1998. – 307б.
5. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы.– Алматы: Қазақ университеті.2001 – 1- к. – 467 б.
6. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. – Алматы: Ғыл. баспа орталығы, 2001.
448 б.
7. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. – Астана: Фолиант, 2002. – 474б.
8. Қозыбаев М. Аласұрған XX ғасыр // Казахстан в начале XX века: методология,
историяграфия, источниковедение. Сборник статей. – Алматы: Ғылым, 1993. – 167б.
Достарыңызбен бөлісу: |