Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013


Кейіпкерлерінің қалып-сапасын суреттеуде



Pdf көрінісі
бет19/26
Дата17.01.2017
өлшемі2,87 Mb.
#2117
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26

Кейіпкерлерінің қалып-сапасын суреттеуде: сай-сүйегі сырқырау, міз бақпау, 
бесіктен белі шықпай жатып, көзі ілініп кету, үстінен ауыр жүк түскендей болу, бір уыс 
болып бүрісу, кежегесі кейін тарту, қара терге түсу, мұрттай ұшу, кірпігі айқаспау, қара 
басу, қызып қалу, жақ жүндері үрпию, екі көзі төрт болу, сең соққандай, қол қусырып 
отыру,  ат  жалын  тартып  міну,  демін  ішіне  тарту,  кірпідей  жиырылу,  кілт  тоқтау, 
ұйқысы  шайдай  ашылу,  тер  басу,  қалпақтай  ұшу,  айызы  қану,  иегі  иегіне  тимеу,  т.б. 
қолданады [2].  
Ой –сезімді білдіретін фразеологизмдер жалпы, қазақ тілінде көп емес. Десек 
те  Сайын  Мұратбеков  оларды  кейіпкер  іс-әрекетін  баяндауда  жиі  қолданып,  оқырман 
мен  кейіпкер  арасындағы  байланысты  қоюландыра  түседі.  Көз  тастау,  құлағын  тосу, 
қалың ой, ойға бату, асау сезім, көз жіберді, көз қиығын салу, құлақ аспау, үш ұйықтаса 
ойына кірмеу, кірерге жер таппау, құлақ түру, секем алу, күдікпен қарау, сырттай есту, 
есіне  түсу,  көзі  тайып  кету,  көңілге  тоқу,  есінде  жоқ,  көрген  түстей,  сыр  білдірмеу, 
қабырғаңмен кеңес, ой түбіне жете алмау, үш ұйықтаса түсіне кірмеу, т.б. [2]. 
Табиғат  құбылысы,  негізінде,  авторлық  суреттеулерде  баяндалады.  Сайын 
Мұратбеков  әңгімелеріндегі  ауыл,  табиғат  көріністері,  табиғат  құбылыстарын 
сипаттауда  жиі  кездесетін  фразеологизмдер:  таң  қылаң  бере,  көз  байлану,  ақша  бұлт, 
ала  қыстай,  қазбауыр  бұлттар,  көз  тұндыру,  қоңыр  салқын,  өкпе  тұс,  қоян  жон 
(жоталар), хош иіс, көз байлану, жеті түн, тас қараңғы, ымырт үйірілу, қас қараю, көзге 
түртсе көргісіз, тастай қараңғы түн, жалғыз аяқ жол, төте жол, екі кештің арасында, күн 
ұясына қонғанша, күн райы бұзылу, күн ұясынан шығу, сары шұнақ аяз [2]. 
Этнографизмдер  де  жазушы  шығармаларында  қолданылады:  жат  жұрттық, 
сүйекке  таңба,  от  жақ,  оң  жаққа  салу,  жылу  жинау,  сыбағасын  жеу,  ат  суыту,  басын 
құбылаға беру, сүйінші сұрау, сегіз өрім қамшы, қара шаңырақ, құтты орнына қондару.  
Кейіпкер портетін мінездеу, сипаттауда:  қара қайыстай қату, арыстай азамат, 
бармағынан бал тамған, пісте мұрын, қып-қызыл нарттай, қаз мойын, көздің жауын алу, 
ұрты суалған, түрі суық, ақ жарқын, жағы суалу, ер мінезді, салт басты, түсі суып сала 
беру,  шымыр  денелі,  жылы  шырайлы,  екі  иығына  екі  кісі  мінгендей,  қара  торы,  іші 
бауырына  кіру,  түлкідей  бұлаңдау,  қанын  ішіне  тарту,  т.б.  халық  аузындағы,  жиі 
айтылатын  тұрақты  теңеуге  айналған  фразеологизмдер  қолданылып,  авторлық 
баяндаудың «әрін» кіргізеді [2]. 

     
 
 
155 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     
 
Сөйлеу мәнді фразеологизмдер: тілінің уын төгу, тіл қату, аузынан ақ ит кіріп, 
көк ит шығу, артық ауыз сөз, әңгіме басын шалу, тіл қатпау, дәті жетпеу, ауыз жаппау, 
жер-жебіріне  жету,  шер  тарқатысу,  арыз-армандарын  айту,  ернін  қыбырлату,  баж  ете 
түсу, жағы тынбау, жан дауысы шығу, есіп сөйлеу, тіс жармау, сөзге ілінісу, шымбайға 
батар  сөз,  суық  хабар,  т.б.  Хабарлау,  сырласу,  сөзге  келісу  сияқты  сөз  қызметтерін 
атқарып, «айтты», «де, деп, деді» тәрізді етістіктердің орнына жұмсалады [2]. 
Қозғалысты  білдіретін  фразеологизмдер:  үкідей  ұшу,  зыта  жөнелу,  дедектей 
жөнелу, т.б. 
Фразеологизмдерді көркем әдебиетте қолданудың екі түрлі тәсілі бар:  
Фразеологизмдерді өзгеріссіз, қаз-қалпында қолдану; 
Фразеологиялық тіркестердің жаңғыртылып қолданылуы. 
С. Мұратбеков авторлық баяндауда бұл екі тәсілдің екеуін де қолданады. 
Соғыстан  кейінгі  жылдарда  армияда  талай  нәрселерді  біліп,  көп  жерді  аралап, 
көп дүниені көріп, көңілге тоқып қайтқан сияқты еді, қазір соның анық бәрі есінде жоқ. 
Көрген түстей ғана еміс-еміс қана оралады. Сол есіне түсіп, әуелде көңілі біраз  секем 
алып  калды.  Мойындарына  ақша  мінген  адамдардың  өстіп  шопандардан  жылу 
жинайтын  әдеттері.  Күсен  де  атын  тарағанын  тоқтатып  құлақ  түрген:  машинаның 
дүрілі  естілді  (Күсен  - Күсеке).  Қыз  үрейі  ұшып,  қалшылдап,  көзі  шарасынан  шығып
екінші  қолымен  кабинаның  есігін  қармай  берді.  Ұзақ  от  жаққа  өзі  жатқан  соң, 
көкірегін  толтыра  тыныстап,  тың  тыңдады.  Қыздың  тамырын  басып  байқап  көрмек 
оймен  әзілдеп,  бір-екі  тіл  қатты.  Тамағына  тас  тығылғандай  боп  көзі  жасаурап 
жұтына берді. Ұзақ кінәлі пішінмен жалтақтап әкесіне бірер рет көз қиығын салған. Өз 
баласын  бауырына  сыйғызбаған  қытымыр  атанып,  бүкіл  ел-жұрттың  алдында  сүйекке 
таңба  болар  дәл  осындай  қорлықты  кешу  қай  ата-анаға  жеңіл  тиер  дейсің.  Әкесі 
қайтып тіл қатқан жоқ. Танаға деп айтқандарының бәрі өзінің зағын да аяздай қарып 
жатқанын  сезбей  ме  екен?...  тек  таң  алдында  ғана  көзі  ілініп,  бір  сәтке  тынығып  еді. 
Осы  кезде  атасының  ащы  дауысы  шықты  (Отау  үй).  Әкесі  сонша  әлжуаздығына 
зығырданы қайнайды. Жанай сілейіп отырып қалды. Енді Бақыттың көңілі су сепкендей 
басылды. Оның долбарлап сөйлегенінен әдебиет жапа шекпес-ау, ал шаруашылықтың 
жапа шегіп жүргені хақ. Сауыншылар сиырлардың алдына жем-шөп салған болып, енді 
кешкі сауынға кіріскелі халаттарын киіп, шелектерін жуып, үй мен қораның ортасында 
қолды-аяққа  тұрмай  зыр  жүгіруде.  Сөйтіп,  бүгін  түнде  көп  жұртқа  дабыра  қылмай 
қызды  құтты  орнына  қондырудың  қамы  басталған  көрінеді.  Жаңағы  айтқандарының 
шыбын шаққандай да қауқары болған жоқ (Көкорай).  
С.  Мұратбековтің  фразеологизмдерді  жаңғырта,  өзгерте,  арасына  сөз  кіріктіре 
қолданатын тұстары жиі кездеседі.  
Ыза  кернеу  –  ашуға  булықты,  күйіп-жанды  деген  мағынаны  білдіреді.    «Кенет 
Жанайдың  бойын  әлдеқандай  бір  ыза,  ызақорлық  кернеді»  деген  сөйлемде  «ыза 
кернеу»  тұрақты  тіркесін  жазушы  өз  баяндауында  ашу-ызаға  булығумен  қатар, 
кейіпкер  бойында  ызақорлық  қаситеттің  барлығын  сыйыстыра  беруді  көздеген. 
«Мысалы  бұрын  ауылдағылар  Жанайды  түктің  исі  кірмейтін  боқмұрын  бала  ғой  деп 
есептеп келсе, ендігі жерде оған деген көзқарас мүлдем басқаша» сөйлемінде «мұрнына 
иіс  келмеді»,  «түктің  иісін  сезбеді»  -  ештеңеден  хабары  жоқ,  дәнеңе  білмейді 
мағынасындағы мәндес тұрақты тіркестерді «түктің исі кірмейтін» деп өзгерте отырып, 
ол  сөз  тіркесті  «боқмұрын»  кемсіту  мәніндегі  сөзбен  толықтырып,  қиыстырады  да, 
фразеологизмдердің бастапқы мағынасына қосымша реңк береді.  
Бұрынғы  жағымсыз  істі  қайта  еске  салды,  өткен-кенткенді  қайта  қозғады 
мағынасындағы  «ескі  жараның  аузын  ашу  (тырнау)»  тұрақты  тіркес  жазушы 
баяндауында:  Әрине,  әзіл  орайына  қарай  әзілдеп  айтты.  Бірақ  жараның  аузын  удай 
ашытып,  тырнап  кетті.  Бұл  сөйлемде  тұрақты  тіркес  сыңарларының  арасына 
экспрессивті  сөздер  (удай  ашыту)  кіріктірілген,  бұл  кіріктіру  тіркес  экспрессиясын 

     
 
 
156 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     
 
қоюландырып, мақсатты стильдік қызмет атқарып тұр. Айтылған тәсілді С. Мұратбеков 
жиі  әрі  орынды  қолданады:  Қылау  жоқ,  қылтанақ  жоқ  томпиған  қоян  жон  кішкене 
жоталар бірінен кейін бірі қалып жатыр (Қылау). Өзін қойшы оның көзінен жас емес, 
қан  аққанына  қарамастан  атып  тастасаң,  обалы  жоқ  (Қылау).  Осы  сәтте  ғана  байқады 
Ұзақ:  әкесінің  жасаурай  беретін  шүңірек  көкшіл  көзі  отқа  түскен  тұздай  шатынай 
қызарып, кемпірін жеп қоярдай ежірейе қадалып қапты (Отау үй) [2].  
С.  Мұратбековтің  фразеологизмдерді  авторлық  баяндауда  қолдануына 
байланысты мынадай қорытынды жасауға болады: 
1. Жазушы фразеологизмдерді халық тілінде қалыптасқан күйінде, даяр күйінде 
пайдаланады.  
Мең-зең  болған  күйде  біраздан  соң  басын  көтерген,  кешкі  аспанның  ымырт 
пердесінде,  ауылдың  батыс  жағындағы  биік  жотадан  үкідей  ұшып,  асып  бара  жатқан 
біреу  көрінді  (үкідей  ұшу  –  көз  ілестірмей  жүгіру,  қашу).  Сөйтіп,  әжем  екеуіміз 
тобылғыны дәу бір арбағып шауып қойып, терең сайдың ішінде шер тарқатысып, күн 
ұясына қонғанша отырдық (Ананың арманы). «Шіркін, ұл-ай!» дегенде ішкен астарын 
жерге қойып, көкіректері қарс айырылып жүрген ата-анасы бұл туғанда мұны қателесіп 
туған  ұлға  балап,  атын  Ұлтуған  қойыпты  (Ұлтуған).  Былай  шыға  бере,  долы  тиектің 
аузын  қайта  ағытты,  аузына  ақ  ит  кіріп,  көк  ит  шығып,  бүкіл  көшені  басына  көтеріп 
барады (Ұлтуған) [2]. 
2. Кейбір фразеологизмдердің бір сыңарын басқа сөздермен алмастыру арқылы 
мағынасын сақтай отырып, жаңғыртады.  
Тек Темірқазық  қана қаққан шегедей (қазықтай) сол бір орнында бедірейіп тұр 
(Ананың арманы).  
3.Фразеологизмдердің  экспрессивтілігін,  эмоциялық  бояуын  қанықтыру 
мақсатында  тіркес  компоненттерінің  арасын  алшақтатып,  арасына,  алды  мен  соңына 
сөз қосып, өзгертеді.  
Тана  сол  үйде  отырған  киімімен  зытып  алды  да  жөнелді  (зыта  жөнелу  – 
тырағайлап тез қашты, тайып тұрды) (Отау үй) [2]. 
4.  Синонимдес,  вариант  фразеологизмдерді  бір  сөйлем  ішінде,  немесе  іргелес 
сөйлемде қолданады.  
Ауылдан ұзаған соң, ымырт үйіріліп, қас қарайды. Көзге түртсе көргісіз тастай 
қараңғы түн орнады (Отау үй). Тіпті мінезі бір тоға, көп үндемейді дейтін құдағиының 
өзі де мақтанышын жасыра алмай ділмарсып кетті (Құданың фоексы).  
5. Сөз бен фразеологиялық тіркестер арқылы жасалған синонимдерді қолданады.  
Ендігі  жерде  Ұзаққа  секем  алып,  күдікпен  қарайтын  сияқты.  Қатша  бұл  түні 
ұйықтаған жоқ, атар таңды көзімен атқызды (Құданың фокусы) [2].  
6. Екі фразеологизмдерді кіріктіріп қолданады. 
Жалғыз  аяқ  төте  жол  жота-жотаны  асып,  ирелеңдеп  құзға  да  түсті,  шамамен 
ауылдан  он  шақырымдай  жер  (жалғыз  аяқ  жол  –  тек  жаяу  адам  ғана  жүретін  соқпақ 
жол;  төте  жол  –  тіке,  қысқа  жол)  (Отау  үй).  Кіріктіру  тәсілі  арқылы  төте  соқпақ  жол 
ұғымы сәтті берілген.  
Жазушының халық  тіліндегі  фразеологизмдерді  мақсатты түрде өзгертіп айтуы 
мәтін тілінің әсерін күшейтіп, сөз өрнегінің жүзі өткірлене түсуіне мүмкіндік береді. 
Дайын  тілдік  материалдар  –  фразеологизмдерді  мағынасын  «құбылта»  қолдану 
тәсілдері автордың сөз саптау ерекшелігін, авторлық даралықты көрсетеді.  
Фразеологизмдердің  көркем  шығармада  атқаратын  қызметі  сан  алуан:  образ 
жасау, кейіпкерді мінездеу. 
С.  Мұратбеков  баяндау  тілінде  тұтастай  фразеологизмдерден  құралған,  не  бір 
сөйлемде  бірнеше  фразеологизмдерді  кездесіп  отырады.  Білек  сыбанып,  сырттай 
долданып, қызыл өңеш боп күпілдегендер, біріне-бірі ерсілі-қарсылы айбат шегіп, дос 
пен  қасқа  айнала  қалған  адамдар  (Көкорай).  Қап-қара  көзі  ойнақшып,  екі  беті  қып-

     
 
 
157 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     
 
қызыл  нарттай  боп,  бал-бұл  жанып,  аппақ  ірі  тістерін  көрсетіп  сақылдай  күлді 
(Үскірік). Мүлдем кірпігі айқаспай қойды (Отау үй). Етінен ет кесіп алсаң, қабақ шыту 
дегенді  білмейді.  Үкідей  ұшып,  сар  желіп  келеді.  Соңғы  сөйлем  толығымен 
фразеологизмдерден құралған, бірақ сәтті қолданыс деу қиын. 
Жазушы  қолданған  фразеологизмдер  көркемдегіш  құрал  қызметін  атқарады: 
тұрақты эпитет, тұрақты теңеу, тұрақты әсірелеу, тұрақты литота, шендестіру, дамыту, 
параллелизм,  анафора  сияқты  поэтикалық  синтаксиске  құрылған  фразеологизмдер 
молынан кездеседі. Әрине, бұлардың бәрі тек жазушының баяндау тілінде емес, жалпы 
шығарма бойында ұшырасады.  
Мәтін  түзуде  фразеологизмдердің  орны  бөлек.  Тұрақты  сөз  тіркестерінің 
дағдылы,  қалыптасқан  түрлерімен  қатар,  оларды  мақсатты  түрде  өзгертіп  қолданумен 
қатар, жазушы өзі де жаңа тіркестер тудырып отырады. Ол заңды да. Мұның бәрі – тіл 
заңдылығы,  тіл  байлығы,  тіл  мүмкіндігі.  Тың  тіркестер  –  міндетті  түрде  бейнелі, 
образды, көңіл күйі туғызған әсерлі тіркестер.  
Жер  түстен  кейін-ақ  қаспағын  қырған  қазандай  алақ-жолақ  боп  шыға  келді 
(Көкорай).  Шаңқай  аппақ  қар  көзді  суырып  тұр.  Бір  ойдан  бір  ой  қоздап,  қат-қабат 
жайлар көз алдына тіркеле берді (Көкорай). Өткен кеш пен бүгінгі түнді оқиға ойынан 
кетер емес. Айналған ұршықтай орала берді (Көкорай).  
Автор қаламынан туған ерекше қолданысты – окказионал қолданыс деп білеміз. 
Бұл  қолданыс  –  С.  Мұратбековтің  қазақ  тілін  байыту,  көркейту,  қырлап  айшықтау 
бағытындағы еңбегі, ізденістерінің жемісі.  
Біздің  мақсатымыз  С.  Мұратбеков  қолданысында  фразеологизмдердің 
мәтінтүзушілік  мүмкіндіктерін  анықтау  болғандықтан,  қайсыбір  басы  ашық 
мәселелерде, тұжырымдарды қайталауды жөн көрмедік. Десек те,  
С.  Мұратбеков  шығармаларындағы  фразеологизмдерді  арнайы  зерттеу, 
синтаксистік,  морфологиялық,  семантикалық  тұрғыдан  тереңдете  қарастыру  қазақ  тіл 
білімінде қыруар тіл фактілерін берері анық.    
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ: 
1.
 
Сарбасова Қ. Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдер. Астана, 2008. 
2.
 
Мұратбеков С. Таңдамалы шығармалары 1, 2 том. Алматы, 1982. 
 
 
         ӘОЖ 811. 512. 122 373 
 
ТІЛ  САБАҚТАРЫНДАҒЫ  ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ 
 
Қ.Б. Дармишева  
Пограничник орта мектебі. Мектепке дейінгі шағын орталығы мен коммуналдық 
мемлекеттік мекемесі 
 
Мақалада  қазақ  тілі  сабақтарындағы  жазба  жұмыстар  қарастырылады.  Атап 
айтқанда,  жаттығу  жұмыстарының  түрлері  ажыратылады.  Тіл  сабақтарындағы 
орындалатын  жаттығу  жұмыстарына  қойылатын  талаптар,  орындау  шарттары 
көрсетіліп, мұғалім  іс-тәжірибесімен бөліседі.  
В  статье  рассматриваются  организация  и  проведение  письменных  упражнений  на 
занятиях  казахского  языка.  Они  классифицируются  по  видам.  Указаны  требования  к 
письменным  заданиям,  способы  выполнения.  Эти  задания  взяты  из  опыта  работы 
преподавателя. 
The article deals with the  written tasks at the lessons of Kazakh language, also shown the  
types of  written tasks. Demands on written tasks at language classes, the ways of doing  tasks. The 
teacher  deals with her practice at a given article. 

     
 
 
158 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     
 
         Тірек  сөздер:  тіл  сабағы,  жаттығу  жұмысы,  тепродуктивті  жаттығу, 
шығармашылық  мазмұндағы  жаттығу,  фонетикалық,  морфологиялық,  лексикалық, 
синтаксистік жаттығулар. 
 
Тақырып  түсіндіргеннен  кейін,  жаттығу  жұмыстары  орындалады  дедік.  Дұрыс 
ұйымдастылған бұл жұмыстың нәтижесі біріншіден, оқушының білімін нақтылайды әрі 
нығайтады.  Екіншіден,  өздігінен  жұмыс  істеуге  жаттықтырады,  ой  қабілетін 
арттырады.  Үшіншіден,  қажетті  кезінде  алған  білімін  тәжірбиеде  қолдана  білк 
дағдыларын  қалыптастырады.  Сонымен,  сабақтағы  жаттығу  жұмыстарының  басты 
мақсаты – білімнің берік те тиянақты болуын қамтамасыз ету. 
Грамматикалық 
сабақтардағы 
жаттығу 
жұмыстарын 
ұйымдастырушы, 
басшылық етуші – мұғалім. Ол жаттығулардың орындалу сипатына қарай: көру сезімі 
арқылы,  есту  сезімі  арқылы,  түсінудің  әртүрлі  жолдары  арқылы  орындалатын 
жаттығулар  болып  бөлінетіндігін  және  белгілі  бір  үйлесімділікте  сабақта  қолданылуы 
керектігін  естен  шығармайды.  Оқушының  орындау  қызметіне  қарай  репродуктивті 
және  шығармашылық  мазмұндағы  жаттығулар,  орындалу  тәсіліне  байланысты 
ауызша,  жазбаша,  жазбаша-ауызша  жаттығулар  болатындығын,  тақырыптың 
қамтылуына байланысты жаттығулардың фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, 
синтаксистік, т.б. болып бөлінетіндігін, әрқайсысының өзіндік міндеті, сонымен қатар, 
бір-бірімен ұқсас және айырым белгілерінің барлығын жақсы білуі шарт. Жаттығудың 
сипаты,  міндеті,  дидактикалық  талаптары  анықталған  соң,  мұғалім  шешетін  басты 
мәселенің  бірі  –  сабақтың  мақсатына  сай  жаттығулар  іріктеу.  Іріктеу  барысында 
шамамен мынадай талаптар қамтылуы тиіс. 
Жаттығудың өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы; 
Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір ретпен келуі, жүйелі ұсынылуы; 
Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын арттырарлық болуы; 
Өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыруы; 
Шығармашылық сипаттағы жаттығулардың (түсіну сезімі арқылы) болуы. 
Бұл  талап  –  тілектердің  орындалу-орындалмауы  мұғалімнің  қабілетіне  және 
оқулықтағы жаттығулар сапасына да байланысты. 
Ендігі  жерде  мұғалім  орындалатын  жаттығудың  неден  басталып,  немен 
аяқталатынын  анықтайды.  Оқушыға  жаттығуды  не  үшін  орындайтынын  түсіндіреді, 
жаттығу  шартын  түсінуге  көңіл  бөледі.  Керек  деп  есептесе,  жаттығудың  орындалу 
үлгісін көрсетеді. Орындалуын бақылап, бағалайды. 
Сыныптағы  жаттығулар  көбіне  ұжымдық  түрде  орындалады:  бірге  талданады, 
түсініксіз болса, мұғалім тарапынан бағыт-бағдар беріледі. Қандай қиын жаттығуды да 
табандылықпен  орындауға  мүмкіндік  бар.  Жаңа  тапсырманы  оқушылардың  меңгеру 
дәрежесі де біршама белгілі болады. 
Ал  үйге  берілетін  жаттығулар  қандай  болуы  керек?  Мазмұны  мен  сипаты 
жағынан оқушыға таныс, орындалуы аса қиындық келтірмейтін, жалықтырмайтын, тым 
ұзақ  емес  әрі  тәсіліне  қарай  аралас  тұрғыда  болғаны  жөн.Үйге  үнемі  жазбаша 
жаттығулардың  берілуі  дағдыға  айналып  кеткенін  жасыра  алмаймыз.  Осындай 
біржақтылық  оқушының  ауызша  жауап  беруге  дағдыланбауына,  талдау  жұмысын 
(жаттығу  шарттары  бойынша)  жүргізудегі  шұбалаңқылыққа  әкеп  соғады:  Неге?  Не 
себепті?  Қалай?...  сияқты  «жетелеу»  сұрақтары  болмаса,  бала  жауабына  қанағаттану 
мүмкіндігі болмайды. 
Мұғалімнің  оқулық  жаттығуларымен  шектеліп  қалмай,  шығармашылық   
бағыттағы  тапсырмаларды  өз  тарапынан  беруі  тәжірбиеде  кездеседі.  Ол  көбінесе... 
қатыстырып сөйлем жаз, көркем шығармадан  теріп жаз, сұрақтарға жауап бер, жанұя 
мүшелерінен  сұхбат  ал,  ішінен   тап,  талда т.б.  сипатта  болды.  Ара-тұра  берілетін  бұл 
іспеттес жаттығулардың басы артық болмасы анық. 

     
 
 
159 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     
 
Құрастыру, талдау, салыстыру, табу, топтау, дәлелдеу, қорытынды шығара білу 
дағдыларын  қалыптастыратын  жаттығулардың  әр  сабақта  жүргізілуі  мұғалімнің 
шеберлігіне, қабілетіне, табандылығына байланысты. 
Мектеп  оқушысының  сауаттылығын  арттыруда  сөз  таптарының  дұрыс  жазылу 
емлесін  меңгертудің  орны  ерекше.  Бағдарламада  пунктуациялық  және  емлелік 
сауаттылыққа  арнайы  сағаттар  бөлінбейді.  Тыныс  белгілері  синтаксистік  тақырыптар 
аясында,  сөздердің  жазылу  емлесі  сөз  таптарын,  фонетикаға  қатысты  тақырыптармен 
бірге  беріледі.  Оқушының  емлелік  және  пунктуациялық  тұрғыдан  сауатты  жазуын 
қамтамасыз ету үшін, емлелік ережелерді меңгеруі үшін, мысалы, сөз таптарын өткенде 
арнайы  сағат  арнап,  жаттығу  жұмыстарын  түрлендіріп  берген  орынды  әрі  нәтижелі 
болмақ.  
Тілімізде  қимылдың,  іс-әрекеттің  әртүрлі  белгісін,  амал-тәсілін,  мекенін, 
мезгілін,  себебі  мен  мақсатын  білдіретін  сөз  табы  үстеудің  емлесін  меңгертуде 
пайдаланып  жүрген  жаттығулар  мен  тапсырмаларды  әріптестер  назарына  ұсынамын. 
Үстеудің  сөз  табы  ретінде  лексика-грамматикалық  сипаты  меңгертілгенен  кейін,  өз 
тәжірибемде, оның жазылу емлесіне сағат бөліп, сабақ барысында төлемегендей жұмыс 
түрлері  орындалады.  Тапсырма  шарттары  жеңілден  ауырға,  жалпыдан  жалқыға  қарай 
қағидаларына  негізделеді.  Жаттығу,  тапсырма  шарттары,  мәтіндер,  көрнекіліктерді  әр 
сабақта әр мұғалім өз тұрғысынан өзгертіп отыруға мүмкіндіктері бар. 
1.  Үстеудің  мағыналық  түрлерін қайталау  үшін  жаттығу.  Тапсырма  шарты:  «адасқан» 
үстеулерді өз тобына қайтару. 
Мезгіл:   амалсыздан, сонша, бекерге, бірталай 
Мекен:   қыстыгүні, бүгін, бірте-бірте, артта 
Сын-қимыл:   әдейі, бірқыдыру, кілең, осында, босқа 
 (бейне) 
Мөлшер:   әрең, бұрынғыша, ертең, ала жаздай 
Күшейткіш:   өйтіп-бүйтіп, әрі-бері, әрмен 
Мақсат:   мүлдем, емін-еркін, осылай, қолма-қол 
Себеп-салдар:   бірталай, сәл, әжептәуір, ендігәрі 
Бұл жаттығуды таблицаны карточка, перфокарта түрінде таратуға, немесе интерактивті 
тақта көмегімен орындауға болады. 
2.  Үстеу  сөздерді  орынды  қолдану  дағдысын  қалыптастыруға  арналған  жаттығу. 
Тапсырма шарты: берілген сөйлемдердегі үстеулерді мәндес үстеулермен алмастырып, 
салыстыру. 
Көзіңді ашып жұмғанша айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды (ЫА).  
Өтірік, өсек, мақтаншақ 
Еріншек, бекер мал шашпақ (А). 
Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға...  
 
Жоғары-төмен үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап...(А)  
Ертегідегі  жан-жануарлар адамша сөйлейді.  
Ерен еңбегі үшін ардақтаймыз ананы. 
Ала жаздай егіс басындамыз. Мұнша байлық оңай өсірілмейді. Нағыз бақыт – еңбекте. 
Кілең сайдың тасындай ауыл азаматтары осында.  
3. Берілген үстеулердің синонимдерін тауып, қатарларды толықтыру. 
                                 Әдейі - ... 
 
 
босқа - ... 
 
        Ілгері - ... 
 
амалсыздан - ... 
                                 Қыруар - ... 
 
 
жылдам - ... 
                                 Тым - ...  
 
            әжептеуір - ... 
4. Тұрақты тіркестердің қайсысы үстеу мәніне ие, үстеу сөзден баламасын табуға бола 
ма? 

     
 
 
160 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     
 
Көзді  ашып-жұмғанша.  Қас  пен  көздің  арасында.  Қол  созым  жер.  Ат  шаптырым  жер. 
Сүт пісірім уақыт. Қозы көш жер, т.б.   
5.  Үстеудің  емлесін  меңгерту  үшін  орындалатын  жаттығу.  Емлелік  ережені 
толықтырып, мысалдармен дәлелдеу.  
1)  •  Негізгі және туынды үстеулер ____ жазылады. Мысалы: ____ 
•  Сөздің бірігуінен жасалған үстеулер _____, _____ күйінде жазылады. Мысалы: _____ 
•  Түбір тұлғасын сақтап жазылатын күрделі үстеулер: _____, _____  
•  Қос сөз түріндегі үстеулер_____ арқылы жазылады. Мысалы: _____ 
• Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулердің әр сыңары _____ жазылады. 
Мысалы: _____ 
2) Берілген үстеулердің емлеге сай жазу, (бірге,  бөлек, дефис арқылы) 
Таңсәріде.  Бірғыдыру.  Таңертең.  Қыстыкүні.  Келесала.  Қаннен  –  қаперсіз.  Қолмақол. 
Бүрсүгүні. Бір талай. Орсан зор. Не дәуір ұзын. Алды артын. Тектен тек. Ертеден – қар 
кешке. Күнұзаққа.  
3) Кестені толтыру. Өз ойыңнан бірнеше сөйлемдер жазу.  
 
Бірге жазылатын үстеу 
  
Бөлек жазылатын үстеу 
   
Дефис арқылы  жазылатын 
үстеу  үстеу 
 
6. Ойнайық та ойлайық. Мақал-мәтелдерді үстеулермен толықтыру. Жұмбақтар шешу. 
Өлең жолдарын толықтыру. 
Еріншекке ...  оңай; Жалқаудың .... ертеңі бітпес. 
 ... тұрған жігіттің ырысы артық, ... әйелдің бір ісі артық. Қатты жауған күн ... ашылады.  
          Таңертең төрт аяқты 
          Түсте екі аяқты 
          Кешке үш аяқты 
          Түнде  бармын, 
          Кешке жоқпын 
          Ең ақылды баламын,  
          Тым ерекше баламын, 
          . . .     . . .     . . .     
          . . .     . . .     . . . 
7.  Ой  ұшқырлығын  дамыту.  Жадында  сақтау  мүмкіндіктерін  қалыптастыру 
мақсатындағы  жаттығу.  Ауызша  орындауға  негізделген.  Әр  оқушыға  не  топқа 
бағытталады. Жауап «жоқ», «иә» түрінде берілуі тиіс.  
– Ала жаздай біріккен үстеу ме?  
– Қолма – қол бірге жазла ма?  
– Әдейілеп себеп-салдар үстеуі ме?  
– Лезденің синонимі соңшалық па? 
– Бала зат есімінен үстеу тудыруға бола ма?  
– Бағана мен әлгіде антоним бе?  
– Әнтектің мағынасы сәл ме?   
– Қыруарды талаймен ауыстыруға бола ма?  
– Баяғыдан мөлшер үстеу ме?  
– Лажым қалмады үстеу ме? 
Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  ұсынылған  жаттығуларды  ауызша,  жазбаша,  тақтада, 
кестемен, үлестірмелі кеспе карточкаларымен, интерактивті тақта, басқа да техникалық 
құралдар  көмегімен  орындауға  болады.  Нәтижелі  кабинет  жабдығына,  мұғалім 
тәжірибесіне, сынып дайындығына байланысты. 

     
 
 
161 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     
 
Айтылғанның  бәрі  мұғалім  үшін  жаңалық  емес.  Бірақ,    қайта  бір  соғып,  «Нені 
үйреттім?»,  «Қандай  дағды  мен  іскерлік  қалыптастырдым,  жаттығудың  орны  және 
қызметі қаншалықты?» деген сияқты сұрақтарға үңілсе деген ойдан туған пікірді ортаға 
салдық.          
 
 
    ӘОЖ 378 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет