1999 ж. Шыға издается бастады с 1999 г



Pdf көрінісі
бет11/44
Дата18.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2173
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44

Выводы 
Следует 
отметить, 
что 
степень 
корреляций 
между 
учтенными 
признаками  существенно  варьировала,  длина  волоса  находилась  (положительная  или 
отрицательная)  в  слабой  корреляции  с  плотностью,  степенью  посветления  волоса, 
уравненностью,  контрастностью,  выраженностью  расцветки,  рисунком  завитков,  живой 
массой, высотой в холке, косой длиной туловища, обхватом груди и обхватом пясти (г = 
от -0,26 до +0,41).  
Средняя  корреляция  наблюдалась  между  длиной  волоса  и  блеском  волоса, 
толщиной кожи, классностью, шириной завитка и каракулевым типом соответственно (г = 
от-0,45  до  +0,56).  Высокая  степень  корреляции  наблюдалась  между  длиной  волоса  и 
шелковистостью волоса, длиной завитка, соответственно (г = -0,70; -0,76), живой массой и 
площадью  каракуля  (г  =  +0,79),  а  также  с  высотой  в  холке,  косой  длиной  туловища, 
обхватом груди и обхватом пясти (г = +0,65 -0,92). 
Таким  образом,  селекция  направленная  на  укорочение  длины  волоса  приводит  к 
сужению ширины и удлинению завитка.  

82 
 
Литература 
 
1. Ширинский М.А., Умурзаков Т.У. Изменчивость корреляции между признаками в 
потомствах проверяемых каракульских баранов и ее селекционное значение //Сб. науч. тр. 
КазНИИК «Насущные вопросы каракулеводства». - Алма-Ата.-1978.-С.55-60. 
2. Ахметшиев А.С. Селекция каракульских овец каракалпакского сура. - Алма-Ата.-
1989.- 
150с.  
 
Саденова М.К., Бигара Т.С.,  Елеманова Ж.Р. 
 
КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ ЕСЕЛІКТЕРМЕН АРАЛЫҚ АЙДАРДЫҢ ҰЗЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ 
ҚАРАКӨЛДІҢ СҰРЫПТАЛЫНАТЫН БЕЛГІЛЕРІМЕН ҚАРАҚАЛПАҚТЫҚ СУРА 
ШАМ ТҮСТІ АЛУ 
 
Сұрыптау негізі жүн талшығы қысқартылуы, енінің жіңішкеруі мен бұйралығының 
ұзаруына бағытталады. 
 
M.K. Sadenova, T.S. Bigara,  Zh.R. Elamanova. 
 
THE COEFFICIENT OFCORRELATION BETWEEN HAIR LENGTH AND 
SELECTED QUALITIES OF KARAKUL FROM  KARAKALPAK SUR OF CANDLE 
FLAME COLORING 
 
Selection, aimed at shortening the length of the hair leads to a narrowing of the width and 
extencion curl.  
 
 
ӘОЖ: 613.281 (574) (045) 
 
Тулаева Г.М. 
 
Астана қаласы С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ 
 
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ «АСТАНА АГРОӨНІМ» ЖШС-і «БАҚАРА»  
ЕТ КОМБИНАТЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН ЕТ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМІНІҢ ХАЛАЛ 
СТАНДАРТЫНА СӘЙКЕСТІГІ 
 
Андатпа 
Мақалада  «БАҚАРА»  ет  комбинатының    ет  және  ет  өнімдерінің  халал  стандартқа 
сәйкестігі  туралы  мәселесі  қарастырылады.    Зерттеу  нәтижесінде  «БАҚАРА»  ЖШС-і  ет 
және  ет  өнімдерін  дайындауда  технологиялық  үдерістер  жоғары  деңгейде  жүргізілетіні 
белгілі болды. Тәжірибе барысында сойылған мал етінің және одан өңделген ет өнімдерін 
органолептикалық  және  физика-химиялық  көрсеткіштері  зерттелінді,  әрі  ет    және  ет 
өнімдерінінің  тағамдық  құндылығы  өте  жоғары  екендігі  айқындалды.  Барлығы  «Халал» 
MS 1500:2004 стандарттына сәйкес келді. 
Кілт сөздер: ет және ет өнімдері, органолептикалық, физика-химиялық көрсеткіш, 
халал стандарт. 
Кіріспе 
Республикамыздағы агроөнеркәсiп өндірісінің аса маңызды салаларының бірі - мал 
шаруашылығы.  Ет  өндiрiсiн  ұлғайту  және  сапалы  ет  өнiмдерiмен  халықты  толық 

83 
 
қамтамасыз  ету,  оның  сапасын,  тағамдық  қасиеттерін  халықтың  сұранысына 
сәйкестендіру, осы саланы өркендетудің негізгі шарттары болып табылады. 
Жалпы,  ет  –  аса  құнды  тағамдық  өнiм,  ал  қой  етi  халқымыздың  кеңінен 
пайдаланатын  тағамы.  Бiрақ,  халықтың  ет  және  ет  өнімдеріне  деген  сұранысын  толық 
қамтамасыз  ету,  осы  кезге  дейін  толық  қанағаттандырылмай  отыр.  Мәселен,  ет  және  ет 
өнімдерін пайдаланудың жылдық медициналық нормасы 81кг болса, ол қазіргі кезде 45-48 
кг  шамасында  ғана  [1].  Сондықтан,  ет  өндiрiсiн  арттыру,  халықты  мал  өнiмдерiмен 
медициналық  нормаға  сәйкес  қамтамасыз  ету,  осы  күнгi  өзектi  мәселелердiң  бiрi  екені 
белгілі.                                            
Ет  өндіруді  ұлғайту  және  оның  сапасын  арттыру  үшін,  қазіргі  кезде  қолданылып 
жүрген  технологияларды  жетілдіріп,  өндіріске  енгізу,  тағамдық  құндылығы  жоғары 
тағамның  жаңа  түрлерін  дайындауға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  тағамдық 
өнімдердің  сапасын  бұрынғыдай  калориялығымен  ғана  емес,  организмге  аса  қажетті 
белоктың құндылығы мен тиімділігін анықтаудың ғылыми, практикалық маңызы зор. Мал 
өнімін толық пайдалану, дайын өнімдердің сапасын, шығымын, сол сияқты биологиялық 
құндылығын арттыру ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің негізгі міндеті. Бұл міндетті 
іске  асыру  ғылыми  ізденістердің  жаңа  тәсілдерін,  әдістемелік  бағытын  күшейтуді, 
шикізаттың, дайын өнімдердің сапасын анықтауда тиімді, нақты және дәл  әдістерді қажет 
етеді [2,3]. 
Зерттеу әдістері және материалдар 
Органолептикалық  және  физика-  химиялық  зерттеу  жұмыстары  Ақмола  облысы, 
Қорғалжын  ауданы,  Сабынды  ауылында  орналасқан  «БАҚАРА»  ет  комбинатында 
жүргізілді.  Зауыттың  өндірістік  қуаты  жылына  5000  тонна  дайын  өнімді  құрап,  мал 
бордақылау алаңы 1000 бас малды қамтиды. Салқындатылған мұздалған субөнімдер – 20, 
шұжық өнімдері – 30, мұздалған ет шала фабрикаттары – 10-нан астам түрлерінен тұрады. 
Біздің мақсатымыз «БАҚАРА» ет комбинатында шығатын ет және ет өнімдері халал 
стандартқа сәйкестігін анықтау болып табылады.  
Тәжірибе барысында «БАҚАРА» да сойылған мал етінің және одан өңделген ет 
өнімдерін органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштері зерттелінді. Зерттеу 
барысында сиыр, қой, жылқы жауырыны еттерінен сынама алынды. 
Органолептикалық зерттеу 
  
Сынаманы  үлгіге  алу  МЕМСТ  7269-79  «Үлгі  алу  әдістері  және  жастығын 
анықтаудың  органолептикалық  әдістері»  бойынша  жүргізілді.  Органолептикалық 
көрсеткіштер  бойынша  зерттеу  кезінде  еттің  түрі,  түсі,  консистенциясы,  хош  иісі, 
анықталды. 
Еттің  түсі  мен  түрін  ішкі  қарау  кезіңде  анықтаймыз.  Тексеруді  табиғи  жарықта 
өткізген  дұрыс  болады.  Тексерген  кезінде  еттің  беткі  жағдайына,  оның  түсіне  назар 
аударамыз. Пальпациялау арқылы жабысқақтығын, еттің беткейі және терең қабатындағы 
ылғалдылықты (жаңа тілген жерге сүзгіш қағазды жапсыру арқылы) анықтаймыз. Балауса 
етте кебу қабығының түсі әлсіз қызғылт түстес, ал мұздатылған ұшада қызыл түсті, майы 
жұмсақ кейбір бөліктері ашық қызыл түсті болады. Әр малдың өзіне тән түсі болады. 
Еттің консистенциясын анықтау. Ол үшін еттің үстін саусақпен басады да, пайда 
болған шұңқырдың орнына келу жылдамдығын бақылайды. 
Жас  ет  кескенде  тығыз,  шымыр,  саусақпен  басқанда  пайда  болған  шұңқыр  тез 
орнына келеді. 
Балаусалығы төмен ет  бостау, серпінділігі нашар, саусақпен басқандағы шұнқыр 1 
минут шамасында орнына келеді, майы жұмсақ. 
Бұзылған ет кескенде жұмсақ, бос, саусақпен басқандағы шұңқыр орнына келмейді, 
майы жұмсақ. 
Еттің консистенциясы оның температурасы +15
о
 +20
о
 
шамасында анықталады. 

84 
 
Еттің  иісін  анықтау  Алдымен  еттің  иісі  беткі  қабатынан,  артынан  жаңа  кесілген 
жерден анықталады. Ұшадан немесе жіліктелген еттің иісін анықтағанда сүйекке жақын 
бөлшектерден бастау маңызды. Жас еттің сойылған мал түріне орай өзіндік хош иісі бар. 
Ал  балаусылығы    күдікті  ет  қышқылдау  немесе  аздап  борсыған,  қышқыл  немесе 
жағымсыз.  Еттің  иісін  анықтау  15-20
о
 
С  шамасында  жүргізіледі.  Одан  температурасы 
төмен  болған  жағдайда  иіс  онша  сезілмейді.  Ал  иістің  толық  шығуын  қамтамасыз  ету 
үшін оны қайнату сынағы жүргізіледі. 
Физика-химиялық көрсеткішін анықтау 
Алдын  ала  кептірілген  сынамадағы  күл  мөлшерін  анықтаудың  жедел  әдісі 
Майсыздандырылғаннан      кейінгі      бюксте      қалғаны,  қыздырылып  өлшенген  тиглге 
ауыстырып салынады да, үстіне 1 мл магний ацетаты қосылады. Тиглді электр плитасына 
қойып күйдіргеннен кейін муфель пешіне (500-600°) 30 мин салады. Сонымен қатар 1 мл 
магний ацетаты да күлдендіріледі (бақылау). 
Күлдің мөлшері (X, пайыз) төмендегі формула бойынша есептелінеді: 
 
(
)
100
2
1
×

=
M
H
M
M
X
 
 
Мұндағы:  М


Күл массасы, г. 
М
2

Магний   ацетатының   минерализацияланғаннан  кейінгі  массасы, г. 
Н - сынаманың массасы, г. 
 
Еттің калориялығын анықтау 
Өнімнің  калориялығын  химиялық  анализ  негізінде  анықтайды.  Оны 100  г  өнімдегі 
ақзат,  углевод  және  май  мөлшерлері  бойынша  есептейді.  1  г  осындай  қоректік  заттың 
энергетикалық  бағасы  төмендегідей:  ақзат    17,2  кДж,  көмірсу  17,2  кДж,  май  38,9  кДж. 
Өнімдердің калориялығын анықтау үшін, 100 г өнімдегі ақзат, көмірсу және майлардың 
калориялығын жеке-жеке анықтап, алынған нәтижелерді қосады. 
Өнімнің калориялығын анықтаудың жеңіл тәсілі құрғақ зат, күл және май мөлшерін 
анықтап,  оның  калориялығын  есептеп  шығару  болып  табылады,  углеводтардың  жалпы 
мөлшері, шамамен майсыз және күлсіз құрғақ затқа тең. 
Ақзаттар  мен  көмірсулар  жанған  кезде  бірдей  мөлшерде  калория  береді,  демек 
олардың калориялығын жеке-жеке анықтауға болады. 
100 
г өнімнің калориялығын мына формула бойынша есептейді:  
(
)
[
]
3
,
9
1
,
4
3

+
+

=
Ж
Ж
C
X

мұндағы  С - құрғақ зат; 
Ж - май мөлшері; 
З - күлдің массасы.  
Осы көрсетілген заттардың массасы пайызбен белгіленеді. 
Калорияны  қДж  көрсеткішіне  айналдыру  үшін  оны  4,1868  (4,19)  коэффициентіне 
көбейтеді. 
Зерттеу нәтижелері 
Зерттеуге алынған еттің түсін, иісін, қансыздануын, консистенциясын, серпімділігіне 
тексердік (1-кестеде көрсетілген). 
 
 
 
 
 

85 
 
Кесте 1 -  Еттің органолептикалық көрсеткіші 
 
Көрсеткіш 
атауы 
Мал еті сынамалары 
Халал 
стандарт 
Сиыр еті 
n=20 
Қой еті 
n=20 
Жылқы еті 
n=20 
Сыртқы түрі 
Ашық- қызыл 
түсті 
Ашық- қызыл 
түсті 
Кірпішті- қызыл 
түсті 
 
 
 
 
 
 
 
«Халал» MS 
1500 : 2004 
Иісі 
Спецификалық, 
жағымды 
Спецификалық, 
Спецификалық, 
жағымды 
Консистен-
циясы 
Тығыз 
Тығыз 
Тығыз 
Түсі 
Қызыл 
Қызғылт 
Қоңыр 
Майы 
Ақ-сары түске 
дейін 
Ақ 
Жұмсақ 
Қансыздануы 
Жақсы 
Өте жақсы 
Жақсы 
Бауыздығы 
Тегіс емес, 
қансыздандыры-
луы жақсы 
Тегіс емес, 
қансыздандыры-
луы жақсы 
Тегіс емес, 
қансыздандыры-
луы жақсы 
Лимфа түйіні  Қалыпты, ақшыл 
сары түсті, 
қоңыр реңді, 
ешқандай 
ауытқылар 
байқалмады 
Қалыпты, ақшыл 
сары түсті, қоңыр 
реңді, ешқандай 
ауытқылар 
байқалмады 
Қалыпты, 
ақшыл сары 
түсті, қоңыр 
реңді, ешқандай 
ауытқылар 
байқалмады 
 
Кестеде  етті  органолептикалық  тексеру  үшін  60  сынама  мал  еті  алынды.  Әр  түрлі 
мал еті. Сиыр еті мен қой етінің сыртқы түрі ашық- қызыл түсті, ал жылқы етінікі кірпішті 
қызыл  түсті  болғанын  байқадық.  Иісі  спецификалық,  жағымды,  консистенциясы  тығыз 
болды және май ақ, әрі жұмсақ. Сиыр еті мен жылқы етіне қарағанда қой еті өте жақсы 
қансызданғанын  байқадық.  Алынған  барлық  мал  етінінің  бауыздығы  тегіс  емес, 
қансыздандырылуы жақсы екенін көрдік. Лимфа түйіндері де қалыпты, ақшыл сары түсті, 
қоңыр реңді, ешқандай ауытқылар байқалмады. 
 
Кесте 2– Еттің химиялық құрамы, 100 г есебімен  
Көрсеткіштер 
Қой еті 
 
Жылқы еті 
Сиыр еті 
Халал стандарт 
су 
69,3±0,1 
73,9±0,5 
71,7±0,7 
 
 
ISO 9001:2000 
белок 
20,8±0,2 
20,9±0,1 
20,2±0,1 
май 
9,0±0,5 
4,1±0,1 
7,0±0,1 
күл 
0,9±0,5 
1,1±0,2 
1,0±0,1 
Энергетикалық 
қуаттылығы, 
ккал 
 
203±0,1 
 
165±0,1 
 
187±0,1 
 
2-
кестеде  көріп  отырғанымыздай  еттің  химиялық  құрамын  анықтадық.  Тексеру 
нәтижесінде су 69,3±0,1 –73,9±0,5 % аралығында, ал белок 20,2±0,1-20,9±0,1 % болғанын 
көрдік. Қой етінің құрамында май мөлшері 9±0,5 %, сиыр етінде 7±0,1%, жылқы етінде 
4,1±0,1 % екені көрінеді. Яғни, қой етінің май мөлшері сиыр етінен 2 ±0,4% және жылқы 
етінен 4,9±0,4% артық болғанын байқадық.  

86 
 
Ең маңыздысы қой етінің энергетикалық қуаттылығы 203±0,1 ккал /100г, сиыр етінің 
энергетикалық  қуаттылығы  187±0,1ккал/100г,  жылқы  етінің  энергетикалық  165±0,1ккал 
/100г. Яғни, жылқы етінің энергетикалық қуаттылығы қойдікінен 38 ккал, сиыр етінен 22 
ккал төмен екенін көрсетті. 
Шұжық  өнімдері  –  ет  турамасынан  жасалып,  жылумен  өңделетін  өнімдер  болып 
табылады.  Шұжық  өнімдері  технологиясы  мен  шикізатқа  байланысты  «Бақара»  ет 
комбинатында жіктелінеді:  
Пісірілген, фаршталған, жартылай ысталған, ысталған, ливерлі, қанды, ет нандары, 
паштеттер,  зельцтар  және  сілікпелер;  сапасы  бойынша  жоғары,  бірінші,  екінші,  үшінші 
сұрыптарға бөлінеді.  
Ал,  біздің  3-кестемізде  «Бақара»  ет  комбинатында  өңделген  ет  өнімдерінің,  яғни 
шұжықтардың  химиялық құрамын  анықтадық.  
 
Кесте 3– Шұжықтың химиялық құрамы, %  
Шұжықтың 
түрі 
 
Массалық үлесі, % 
100г –ның 
энергетикалық 
құндылығы,кДЖ 
су 
белок 
май 
Минералды 
заттар 
 
Халал сиыр 
етінен 
жасалынған 
67±0,7 
11±0,7 
23±0,1 
2±0,01 
886±0,5 
Забава халал 
45±0,5 
18±0,1 
29±0,5 
3±0,1 
1310±0,75 
Сабунтуй 
халал 
37±0,1 
16±0,75 
26±0,1 
3±0,25 
1156±0,25 
Халал қой 
етінен 
жасалынған 
26±0,25 
23±0,7 
43±0,2 
     4±0,01 
1980±0,25 
Байрам халал 
27±0,2 
25±0,75 
31±0,5 
4,2±0,4 
1645±0,1 
Халал 
мұсылман 
44±0,6 
27±0,02 
24±0,1 
2,3±0,1 
1445±0,6 
Халал 
стандарт 
 
ISO 9001:2000 
 
Соңғы  кестемізде  ет  өнімінен  өңделген  шұжықтың  химиялық  құрамын  тексердік. 
Шұжықтар сиыр, қой және жылқы еттерінен жасалынған. Сиыр етінен жасалынған халал 
шұжықтың  су  мөлшері  басқада  шұжықтарға  қарағанда  31±0,2%  артық,  ал  белок  халал 
мұсылман шұжығында 5-6% артық екенін байқадық. Құрамында май мөлшері көптеу ол 
Халал  қой  етінен  жасалған    шұжық  43±0,2%  және  Байрам  халал  шұжығында  болды. 
Энергетикалық  құндылығы  жоғары  шұжық  «Забава»  халал  және  «Халал»  қой  етінен 
жасалған шұжық екендігін көрсетті. 
Алынған нәтижелерді талдау 
Зерттеу нәтижелері бойынша жаңадан сойылған мал еті мен одан өңделген шұжық 
өнімдері  зерттелініп  талданылынды.  Еттің  органолептикалық көрсеткіштері  нормаға  сай 
келгені анықталды. Сойылған мал еттерінің майлылығы жоғары көрсеткіштерді көрсетті. 
Одан  өңделген  шұжықтардың  химиялық  құрамын  анықтадық.  Сиыр,  қой,  жылқы  етінен 
жасалынған халал шұжықтарды зерттедік. Барлығы «Халал» MS 1500:2004 стандарттына 
сәйкес келді. 
Зерттеу  нәтижелері  бойынша  алынған  шикізаттан  бастап  дайын  болған  өнімдерге 
дейін  зерттелініп,  талданылып  шықты.  Алынған  дайын  еттің  органолептикалық 

87 
 
көрсеткіштерін  зерттеп,  бағыты  бойынша  бөліп,  қолданылынған  аспаптардың,  сойыс 
технологияларының стандарт талабына сәйкестілігі айқындалды. «Бақара» ет комбинаты 
қазіргі  таңда  өз  тұтынушыларын  жоғалтпау  мақсатында  талғамына  сай  хош 
иістендіргіштердің  табиғилығына  да  ерекше  мән  береді.  Жаңа  технологиялардың 
талаптарына сай мамандардың біліктілігін арттырып отыр. Тұтынушылардан сұраныстың 
артуы жаңа ізденістердің пайда болуына мүмкіндік береді. 
Қорытынды 
«Бақара»  ет  комбинатында  өндірілетін  өнімдер  талаптарға  сай,  әрі  ет    және  ет 
өнімдерінінің  тағамдық  құндылығы  өте  жоғары  екендігі  белгілі  болды.    Ет  өнімдері 
ішіндегі  «Забава»  халал  және  «Халал»  қой  етінен  жасалған  шұжықтардың  ең  сапалы 
екендігі анықталды. «БАҚАРА» сауда белгісімен жұмыс істейтін комбинат Германияның 
озық технологиясы мен жабдықтарын пайдаланып, табысы да өсуде. 
 
Әдебиеттер  
 
1. Позняковский В.М. Экспертиза мяса и мясопродуктов качество  и безопасность. – 
Новосибирск,- 2005.- 526 с. 
2. Антипова Л.В., Глотова И.А., Рогов И.А. Методы исследования мяса  и мясных 
продуктов. – М., - Колос С. -2004.-376 с. 
3.  Елемесов  К.Е.,  Шуклин  Н.Ф.  Кырыкбайулы  С.  Ветеринарно-санитарная 
экспертиза, стандартизация и сертификация продуктов.1том-Алматы,2002.429с. 
 
Г.М. Тулаева  
 
«АСТАНА АГРОПРОДУКТ» МЯСОКОМБИНАТ ТОО «БАКАРА» ОПРЕДЕЛЕНИЕ 
МЯСО И МЯСНЫХ ПРОДУКТОВ НА СООТВЕТСТВУЮЩИЕ СТАНДАРТУ ХАЛАЛ 
ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ 
 
И в заключении, продукты производимые в мясокомбинате «Бакара», соответствуют 
нормам и мяса и мясные продукты высококалорийные и качественные.  
Среди  производимых  продуктов,  продуктов  под  названием  «Забава»  и  «Халал»  из 
баранины  оказались  высоко  качественные.  Мясокомбинат  под  маркой  «Бакара» 
оборудовано Германским высококачественными аппаратами. 
Ключевые слова: мясо и мясные продукты, органолептическиe, физико-химический 
показатель, стандарт халал.  
 
G.M. Tulaeva  
 
“ASTANA AGROPRODUCT” LLP MEAT-PROCESSING PLANT “BAKARA” A 
DEFINITION OF MEAT AND MEAT PRODUCTS ON CONFORMING TO THE 
STANDARD HALAL IN AKMOLINSK REGION 
 
In the conclusion, products made in meat-processing plant "Bakara", meet standards and 
meat both meat products high-calorific and qualitative. Among made products, under the name 
"Zabava" and "Halal" from mutton is highly qualitative. Meat-processing plant under Bakara 
brand it is equipped German high-quality equipments. 
Keywords: meat and meat product, standards of halal. 
 
 
 

88 
 
ЗЕМЛЕДЕЛИЕ, АГРОХИМИЯ, КОРМОПРОИЗВОДСТВО,  
АГРОЭКОЛОГИЯ, ЛЕСНОЕ ХОЗЯЙСТВО 
 
 
ӘОЖ 630.266 
 
Абжанов Т.С., Боранбай Ж.Т., Нурушев А.Х., Сейдабзалов Н.Б. 
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті 
 
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ТАНАП ҚОРҒАНЫШТЫҚ ОРМАН 
АЛҚААҒАШТАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУ ЖАҒДАЙЫ 
 
Андатпа 
Белгілі  бір  жердің  топырақ-климаттық  жағдайы  ерекшеліктеріне  көңіл  бөлінген, 
жеке  ағаштар  мен  бұталардың  биологиялық  қасиеттері  ескерілмей  танап  жиектеріне 
қорғаныштық  орман  жолақтарының  түр  құрамы  мен  құрылым  сұлбаларының  ұтымды 
ұсыныстарын жасау қиын.  
Кілт сөздер: қорғаныштық орман, түр құрамы, татар үйеңкісі, қотыр қайың, шаған 
жапырақты үйеңкі. 
 
Қазақстанда  қорғаныштық  мелиоративті  орманшылықтың  дамуына  көп  үлесін 
ғылыми зерттеу институттары және тәжірибелік мекемелер қосты. 
Осы  мекемелердің  мәліметтерін  талдау  барысында  келесідей  тұжырымдар  айтуға 
болады,  қазіргі  кезде  екпе  орман  отырғызуға  қажетті  топырақ  дайындау  агротехникасы 
ғылыми-зерттеу  және  тәжірибелік  мекемелермен  толығымен  зерттелген  және  шешілген, 
бірақ әр жердің топырақ-климаттық жағдайына байланысты, биологиялық тұрақты танап 
қорғаныштық  орман  алқаағаштарына  ағаш  тұқымдастарын  таңдау  және  және  құрылым 
сұлбаларын құру мәселелері шешілмеген. 
Көбінесе  Солтүстік  Қазақстан  облыстарындағы  қорғаныштық  мелиоративті 
алқаағаштары,  биологиялық  тұрақсыз  және  экологиясына  бейімделмейтін  ағаш  және 
бұталар  түрлерінен  құралған  (ұсақ  жапырақты  шегіршін,  бальзамды  терек,  жіңішке 
жапырақты жиде, т.б.) [1]. 
Қазіргі кезде ағаш және бұталардың жақсы бейімделуіне негізгі факторлардың бірі 
сол  жердің  экологиялық  жағдайының  әсері  екені  белгіленген.  Соңғы  кезде  ағаш-бұталы 
тұқымдастардың әр түрлі  жағдайда өсуіне көп көңіл бөлінеді. 
Ауылшаруашылық  аймақтарында  орман  жолақтары  белгілі  бір  жүйеде  орналасқан 
кезде,  өзінің  қызметтерін    өте  жақсы  орындайды.  Аталған  жүйені  жобалау  үшін  келесі 
мәліметтерді  білген  жөн:  берілген  топырақ-климат  жағдайында  қандай  ағаш  сүректері 
жақсы өседі немесе  нашар өседі және қалыптасқан жастарында қанша биіктікке жетеді. 
Бурабай  ауданының  танап  қорғаныштық  орман  жолақтарының  биіктігін  және  жағдайын 
зерттеу нәтижесінде, бальзамдық теректер отырғызылған орман жолақтарында ең жоғары 
желден  қорғаныштық  қасиеттері  бар  екендігі  анықталды  [2].  Ағаштарды  сирек 
бірқалыпты  орналастырғанда,  терек-шегіршін,  қайың  және  басқа  сүрек  ағаштармен 
салыстырғанда тез өседі және өміршеңдігі ұзақ. 
Қорғаныштық  орман  жолақтары  өзінің  мелиооративтік  әсерін  жүйелі  түрде  құрған 
кезде және орналасқан территориясына қажетті көлемде орналасса және бір-бірімен тығыз 
байланыста болса, қорғаныштық қарқындылығы өте жоғары болады. Алқап қорғаныштық 
орман  жолақтарын  орналастыруда  келесідей  талаптар  қойылады:  ауыл  шаруашылық 

89 
 
дақылдарын,  егісін  және  топырақты  жер  эрозиясынан,  құрғақшылықтан  және  қатты 
желдерден қорғау қажет.  
Ағаштар  мен  бұталы  тұқымдастардың  биологиялық  ерекшеліктерін  анықтау  үшін, 
бірнеше  жылдар  ішінде  Бурабай  ауданындағы  танап  қорғаныштық  алқаағаштарына 
бақылаулар  жүргізіліп,  олардың  жапырақтардың  шыға  басталуы,  жалпы  жапырақпен 
жамылу уақыты, гүлдеуі және жемістер жетілуі бекітілді, белгілі бір ағаш не бұтаның қай 
жастан  жеміс  беруі  анықталды,  жеміс  беру  ерекшеліктері,  жапырақтар  сарғаю  уақыты, 
жапырақтар түсуінің басталуы және аяқталуы бекітілді. 
Бурабай  ауданындағы  танап  қорғаныштық  алқаағаштардағы  сынақ  алаңдарындағы 
сүрек ағаштарының таксациялық көрсеткіштерін келесі кестеден (1-кесте) көруге болады. 
 
Кесте 1– Сүректі қорғаныштық орман алқаағаштарының таксациялық көрсеткіштері 
Сүрек ағаштары 
Жасы, 
жыл 
Биіктігі, см  Диаметрі, 
см 
Биіктікке 
орташа өсімі, 
см 
Бальзамдық терек 
14 
675 
12,6 
48 
Ұсақжапырақты шегіршін 
13 
528 
7,43 
40 
Қотыр қайың 
12 
425 
4,74 
40 
Кәдімгі шегіршін 
13 
397 
4,82 
30 
Шаған жапырақты үйеңкі 
13 
361 
6,64 
28 
Татар үйеңкісі 
11 
142 

13 
 
Атап  көрсетілген  сүрек  ағаштарының  ішінен,  теректен  басқа,  ұсақ  жапырақты 
шегіршін  мен  қотыр  қайыңға  да  көңіл  аударған  жөн.  Ұсақжапырақты  шегіршін  жас 
кезінде жақсы өседі, қуаңшылыққа тұрақты және топырақ тұздалуына төзімді. Бірақ жыл 
сайын шегіршіннің жас өркендері үсіп кетеді, ал 15 жастағы орман жолақтары құрғап сола 
бастайды. 
Қотыр  қайың  қара  сұр  топырақта  жақсы  өседі,  бірақ  ауылшаруашылық 
алқаптарында қолданылатын гербицидтерден қатты зардап шегеді. 
Кәдімгі шегіршін құрғақ далада жақсы өседі, бірақ голланд ауруына тез шалдығады, 
өміршеңдігі қысқа және қояндармен зақымдалады. 
Шаған жапырақты үйеңкі – топыраққа талғамды емес, бірақ биіктікке нашар өседі 
және қар басудан зақымдалады. 
Татар үйеңкісі – бұта тәрізді, оны орман жолағының шеткі қатарларына отырғызады. 
Ақмола  облысының  аймақтарының  қара  сұр  топырақтарында  алқапқорғаныштық  орман 
дамытудың  ағаш  сүректерінің  ассортиментін  ұлғайту,  тек  қана  құрамы  механикалық 
жеңіл  топырақтарда  қарағайларды  отырғызу  арқылы  іске  асады.  Қазіргі  зерттеулер 
деңгейі  қалған  аймақтардағы  орман  жолақтарына  бальзамдық  терек,  ұсақжапырақты 
шегіршін және гербицид қолданысы шектелген жерлерде қотыр қайың енгізуді ұсынады. 
Шахмат  тәрізді  құралған  орман  жолақтарының  қорғаныштық  әсерінің  алыстығы, 
жел соқпайтын жаққа 20-25 алқаағаш биіктігі, жел соғатын жаққа 5-8 биіктікті құрайды. 
Орташа  есеп  нәтижелері  бойынша  орман  жолақтарының  қорғаныштық  әсері  екі  жаққа 
жайылады  және  әсер  алыстығы  қорғаныш  алқаағаштың  30  есе  көбейген  биіктігіне  тең 
болады. 
Теректен  құралған    орман  жолақтарының  арақашықтығы  250  м,  басқа  сүректі 
ағаштарда – 150 м, максимум 200 м және теректер жасы 15-20 жыл, биіктігі 8 м, ал ұсақ 
жапырақты  шегіршін  биіктігі  4,5-5  м  болған  жағдайда,  орман  жолақтарының  алқап 
қорғаныштығы ең жоғары болады. 

90 
 
 
Ақмола облысының көптеген ауылдарындағы алқаптардың пішіні шаршы түрінде 
алынған  (2х2  м).  Берілген  жолақ  аралық  арақашықтық  бойынша  ауданы  400  га  алқапта, 
теректен 8 жолақ және шегіршін мен қайыңнан 100 жолақ құру және өсіру керек. 
 
Жолақ  ені  12  м  болғанда  (әр  жағынан  3  м  шегін  қосқанда)  терек  алқаағаш 
жолақтары алқап аумағының 19,2 га немесе 4,7  % жерін алады.  
 
Агроорман  мелиоративтік  алқаағаштарын  ауыспалы  егістік  алқаптарында 
орналастырған  жөн.    Бұл  орман  отырғызуда  жерді  өңдеуді  жеңілдетеді,  бір  жағынан 
егістің өнім беруін 30 %-дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді [3]. 
 
Әдебиеттер 
 
1.
 
Грибанов Л.Н. Некоторые вопросы биологии возобновления сосны и хозяйства в 
степных  борах  Казахстана.  Труды  института  водного  и  лесного  хозяйства.  Алма-Ата. 
1956. Т.1 С. 155-182. 
2.
 
Нурушев  А.Х.  Ақмола  облысы  Бурабай  ауданының  қорғаныштық 
алқаағаштарының ландшафттық-экологиялық маңызын зерттеу. Магистрлік дисс. 2013 ж. 
82бет. 
3.
 
Рекомендации  по  повышению  эффективности,  устойчивости  и  долговечности 
агролесомелиоративных  и  защитно-декоративных  насаждений  на  низкоплодородных 
почвах Северного и Западного Казахстана. / Алматы, 2011 – С. 3 - 27 
 
 
Т.С. Абжанов, Ж.Т. Боранбай, А.Х. Нурушев, Н.Б. Сейдабзалов  
 
СОСТОЯНИЕ РАСПОЛОЖЕНИЯ ПОЛЕ ЗАЩИТНЫХ ЛЕСНЫХ НАСАЖДЕНИЙ  
НА ТЕРРИТОРИЙ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ 
 
Акклиматизировать  можно  только  те  растения,  которые  происходят  из  исходного 
климата. Создание искусственных популяций редких и исчезающих видов  в природных 
биотопах  осуществляется  путем  посадки  взрослых  генеративных  экземпляров,  посевом 
семян и посадки рассады, выращенной в питомниках. 
Ключевые слова: клен татарский, береза повислая, клен ясенелистный. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет