М. Х. Дулати атындағы Тарму-дің Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған



Pdf көрінісі
бет14/110
Дата18.01.2017
өлшемі15,4 Mb.
#2185
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   110

МЕРКІ АУДАНЫ

МЕРКІ АУДАНЫ

140

141

Құланды 


Куланды 

құдық 


к. 

Меркі ауд. 

Майқұдық 

Майкудык 

құдық 

к. 


Меркі ауд. 

Жыңғылды 

Жынгылды 

құдық 


к. 

Меркі ауд. 

Бает 

Бает 


құдық 

к. 


Меркі ауд. 

Жаманбұлақ

Жаманбулак 

бұлақ 


род. 

Меркі ауд. 

Иттамбұлақ

Иттамбулак 

бұлақ 

род. 


Меркі ауд. 

Сұлтанбек

Султанбек 

бұлақ 


род. 

Меркі ауд. 

Шортанды

Шортанды 

бұлақ 

род. 


Меркі ауд. 

Əулиеағаш

Аулиеагаш 

бұлақ 


род. 

Меркі ауд. 

Даукүл

Даукул 


арық 

ар. 


Меркі ауд. 

Совхозный

Совхозный 

арық 


ар. 

Меркі ауд. 

Жаңаарық

Жанаарык 

арық 

ар. 


Меркі ауд. 

Дүйсек


Дуйсек 

өзек 


лощ. 

Меркі ауд. 

Үмбетсай

Умбетсай 

өзек 

лощ. 


Меркі ауд. 

Қадырбексай

Кадырбексай 

өзек 


лощ. 

Меркі ауд. 

Қайыңды

Кайынды 


өзек 

лощ. 


Меркі ауд. 

Шолақсай


Шолаксай 

өзек 


лощ. 

Меркі ауд. 

Мұздықора

Муздыкора 

өзек 

лощ. 


Меркі ауд. 

Тəттi


Татты 

бөген 


вдхр. 

Меркі ауд. 

Бұзылғанкөл

Бузылганколь 

жылға 

руч. 


Меркі ауд. 

Көлтоған


Кольтоган 

тоған 


пр. 

Меркі ауд. 



Оронимдердің 

қазақша атауы

Оронимдер-

дің орысша 

атауы

Ороним 

түрлері 

(қаз.) 

Ороним 

түрлері 

(орысша) 

Аудан

Боқтiкен


Боктикен 

тау 


г. 

Меркі ауд. 

Жалаңаш

Жаланаш 


тау 

г. 


Меркі ауд. 

Шақпақты


Шакпакты 

тау 


г. 

Меркі ауд. 

Қарақия

Каракия 


тау 

г. 


Меркі ауд. 

Мұзды


Музды 

тау 


г. 

Меркі ауд. 

Əулие

Аулие 


тау 

г. 


Меркі ауд. 

Есенаман


Есенаман 

тау 


г. 

Меркі ауд. 

Өгiзасу

Огизасу 


асу 

пер. 


Меркі ауд. (Жамб. 

обл.) Талас обл. 

(Қырғ. Респ.). 

Ақтас


Актас 

асу 


пер. 

Меркі ауд. (Жамб. 

обл.), Талас обл. 

(Қырғ. Респ.). 

Сарытөр

Сарытор 


асу 

пер. 


Меркі ауд. (Жамб. 

обл.), Талас обл. 

(Қырғ. Респ.). 

Қасқасу


Каскасу 

асу 


пер. 

Меркі ауд. 

Құмбел

Кумбель 


асу 

пер. 


 

Меркі ауд. (Жамб. 

обл.) 

Талас обл. (Қырғ. 



Респ.). 

Тұйықтөр


Туйыктор 

асу 


пер. 

Меркі ауд. 

Күнгейсандық

Кунгейсандык 

асу 

пер. 


Меркі ауд. 

Қызылауыз

Кызылауыз 

асу 


пер. 

 

Меркі ауд. 



1- Ақтас

Актас 1-й 

асу 

пер. 


Меркі ауд. 

МЕРКІ АУДАНЫ

МЕРКІ АУДАНЫ

142

143

MЕРКІ АУДАНЫ

(Mерки) – Меркі ауданының орталығы, ауыл, ауылдық əкімшілік окру гінің 

ор та лы ғы,  темір  жол  стансасы.  Облыс  орталығы  Тараз  қаласынан  шығысқа 

қарай 163 км,  Қырғыз  Алатауының  етегінде,  Меркі  өзенінің  жағалауындағы 

селеу, сұлыбас, бетеге, т.б. астық тұқымдасты шөптесін басым өскен тау алды-

ның қоңыр, кызғылт қоңыр топырақты қоңыржай, ылғалды агроклимат тық бел-

демінде орналасқан. Ipгeci орта ғасырларда қаланды. VI-VIII ғ-да керуен жо лын-

дағы ірі сауда орталығы болды. XII ғасырда ол белгілі Меркі қамалына айналды. 

Ауыл орталығында көне қамалдың жұрнағы осы күнге дейін сақ тал ған. 1905 

ж. Меркіде тұңғыш мектеп ашылып, бұл мектепте еліміздің ар дагер азаматта-

ры – Тұрар Рысқұлов, Қабылбек Сармолдаев, т.б. оқыған. Меркі ауданындағы 

бұрынғы шаруашылық субъектілері 1996 жылдан бас тап өндірістік кооператив-

тер мен шаруа қожалықтарына өзгертілді. Ауылда 2 орта мектеп, кəсіптік мек-

теп, кітапхана, мəдениет үйі, мұражай, стадион, «Меркі» шипажайы, орталық 

аудандық аурухана, санэпидстанса, фельдшер-аку шерлік пункт, т.б. мекемелер 

бар.  Ауыл  арқылы  Тараз-Алматы,  Тараз-Бішкек  автомобиль  жолдары  жəне 

Taраз-Бішкек темір жолы өтеді. 

Mеркі – көне  қала  орны.  Орны  Меркі  ауылының  батыс  шетінде. 1893-1894 ж. 

В.В.  Бартольд  жетекшілік  еткен  экспедиция  зерттеген. 1936 ж.  Жетісу  ар  хе-

ологиялық  экспедициясы  (жетекші  А.Н.  Бернштам), 1964-1980 ж.  осы  экс пе-

дицияның Луговой отряды (жетекшісі К.М. Байпақов), 1986-1987 ж. Қазақстан 

FA-ның  Археологиялық  экспедициясы  (жетекшісі  К.М.  Байпақов)  зерттеу 

жүргізген. Меркі Жетісудағы көне атауын сақтап қалған ескерткіштердің бірі. 

Меркі VIII ғ-дан  бастап  белгілі  болған.  Құдама,  Ибн  Хордатбек,  əл-Мақдиси 

сынды  орта  ғасырлық  зерттеушілердің  еңбектерінде  Меркі  жайлы  айтылған. 

Əл-Мақдиси еңбегінде «Меркі орта дəрежелі, бекінісі мен цитаделі бар қала» 

ретінде көрсетілген. Меркінің орны үлкен төбе тəрізді. Бір шеті жар қабақты. 

Солтүстік жағы 380 м, шығыс жағы 275 м, батыс жағы 250 м. Оңтүстік-батыс 

шетінде  қамалдың  қираған  орны  сақталған.  Қамалдың  бұрыштары  күзет 

мұнараларымен  күшейтілген.  Қамалдың  ішкі  жағында  төрт  бұрышты  алаң 

бар. Ол алаңда ескі құрылыс орындары сақталып қалған. Қамалдың батыс қа-

бырғасы  жағында  биіктігі 4, 5 м  болатын  төбешік  кезінде  үлкен  ғимараттың 

бол ғанын  айғақтайды.  Қаланың  шахристаны  төртбұрышты.  Қазір  ол  биіктігі 3 м 

болатын төбешік. Шахристанның шет-шетінде мұнаралар болған. Мұнара лар-

дың орны биіктігі 2 м болатын төбешік. Шахристан қамалының ұз. 500 м-ге жуық. 

Қазба жұмыстары барысында қаланың жоғарғы мəдени қабаты XI-XII ғ-ларға 

сəйкес  келетіндігі  айқындалды.  Бұл  кезеңдегі  ғимараттар  шикі  кірпіштен 

салынған. 3, 5 м тереңдіктен кейін IX-X ғ-лар кезіндегі мəдени қабат бастала-

ды.  Сол  кезеңдегі  мəдени  қабатта  құрылыс  материалдары  ре тінде  алебастр, 

тастар  кеңінен  қолданылған.  Ең  төменгі  мəдени  қабат – VIII ғ-лар  кезеңіне 

сəйкес келеді. Төменгі мəдени қабаттан керамикалық ыдыстар, ою-өрнектермен 

Үшемшек


Ушемшек 

асу 


пер. 

Меркі ауд. 

1- Қызылқия

Кызылкия 1-й 

асу 

пер. 


Меркі ауд. 

Қызылқия


Кызылкия 

асу


пер. 

Меркі ауд. 

Көтенүзбе

Котенузбе 

асу 

пер. 


 

Меркі ауд. 

Талдыбұлақ

Талдыбулак 

асу 

пер. 


Меркі ауд. 

Шырғанақ


Шырганак

асу


Меркі ауд. (Жамб. 

обл.) и Талас обл. 

(Қырғ. Респ.). 

Қалмаққия

Калмаккия 

асу 


пер. 

Меркі ауд. 

Өтемiс 

Отемис 


төбешік

буг. 


Меркі ауд. 

Қарасу


Карасу 

төбешік


буг. 

Меркі ауд. 

Құмжота

Кумжота 


төбешік

Меркі ауд. 

Асылбек 

Асылбек 


төбешік

Меркі ауд. 

Балта

Балта 


төбешік

Меркі ауд. 

Сынтаскемер

Сынтаскемер

төбешік

буг. 


Меркі ауд. 

Жетiтөбе


Жетытобе 

төбешік


Меркі ауд. 

МЕРКІ АУДАНЫ

МЕРКІ АУДАНЫ

144

145

безендірілген плиталар табылды. Табылған заттар Меркінің кезінде гүлденген 

қалашық болғанын айғақтай түседі. 

Mеркі  ауданы 26. 10. 1928 ж.  құрылған.  Ауданның  аумағы 7, 1 мың  км2. 

Тұрғыны 74, 3 мың адам. Аудан аумағындағы 43 елді мекен, 1 кенттік жəне 12 

ауылдық  округтерге  біріктірілген.  Аудан  орталығы  Меркі  ауылы.  Ауданның 

оңтүстігі  таулы  келеді.  Онда  Қырғыз  Алатауының  Мүйіздіқара,  Қараауыз, 

Құмбел, Қасқасу, Үңгірлі, Сандық, Шайсандық, Молалы таулары орналасқан. 

Ауданның  орталық  жəне  солүстік  бөліктері  жазық.  Солтүстігінде  Мойынқұм 

құ мына ұласып кетеді. Жер қойнауынан құрылыс материалдары, жер асты ши-

палы сулары (Меркі бұлақтары) барланған. Негізгі өзендері: Қайнар, Меркі, Ой-

тал, Acпapa жəне олардың тармақтары Мөңке, Қызтоғансай, Тоғайтал, Қарақау, 

т.б. Өзендердің барлығы Қырғыз Алатауының солтүстік беткейінен бастау ал-

ып ауданның орталық бөлігін кесіп ағатын Қорағаты өзеніне құяды. Tay бөк-

те рінде қара, қызғылт қоңыр, жазықта сұр, бозғылт сұр, шалғынды сұр жəне 

құм ды  топырақ  таралған.  Кейбір  жерлерінде  сор,  сортаң  топырақ  кездеседі. 

Өсім діктерден  арша,  жабайы  жеміс  ағаштары,  жа зық  өңірлерде  бұта,  бетеге, 

жусан, жыңғыл, сексеуіл, қылша өседі. Жабайы жануарлардан тауда арқар, елік, 

су ыр, қасқыр, түлкі, жазық жерлерде жəне қо палы-қорысты өзен-көл маңында 

қоян, саршұнақ, ақбөкен, т.б. кездеседі. Құс тардан қырғауыл, кекілік, ұлар, бүр-

кіт, сұңқар, қаршыға, т.б. мекендейді. 

Ipi елді мекендері: Mepкі (12, 9 мың адам), Меркі темір жол стансасы (4, 9), 

Жамбыл (6, 5), Сарымолдаев (8, 2), Нововоскресеновка (4, 7), Ойтал кенті (3, 8), 

Ақтоған, т.б. 

Аудан  жерінен  Түркістан-Сібір,  Луговой-Бішкек  темір  жолы,  Алматы-Та-

раз респ. автомагистралі өтеді. Меркі ауданы аумағында көне Меркі қа ла шы-

ғының орны, Қара кемпір, Шаңырақ, Қаратөбе, Ұлысай, Атабайсай, Көржайлау, 

Жетітөбе,  Ақтоған,  Қарасай,  Жамбыл,  Мақанды,  Майтөбе,  т.б.  еж елгі  тарихи 

жəне мəдени қорғандар, бекіністер мен қалашықтардың орны көптеп кездеседі. 

Жігімбай

(Жигимбай) – көне бекініс орны. Меркі ауданының Мөңке стансасынан 2 км 

жерде. Сыртқы көрінісі төртбұрышты, ауданы 24x24 м. Жігімбай то пы  рақтан 

тұрғызылған дуалмен қоршалған. Дуалдың сақталған қалдығы 1 м-ден асады. 

Жігімбайды 1936 ж. археолог А.Н. Бернштам зерттеген. Археологиялық барлау 

кезінде құмыралар, қос құлақты қазандар жəне астық са латын күбі сынықтары 

табылған.  Алынған  материалдарға  қарағанда  б.  з. VIII-X ғасырларда  өмір 

сүрген тайпалардың тұрағы болған. Олар егінші лік пен, мал шаруашылығымен 

шұғылданған. 

Кеңес

(Кенес) – Меркі ауданындағы ауыл өзімен аттас ауылдық əкімшілік округтің 

орталығы. Аудан орталығы – Меркіден солтүстік-шығысқа карай 33 км жерде, 

Аспара өзенінің жағалауындағы бидайық, нарғия, сұлыбас, т.б. шөптесін өскен 

қоңыр бозғылтым қоңыр топырақты тау алдының құрғақ жазығында орналасқан. 

Тұрғыны 2, 3 мың адам. Іргесі 1929 жылы қызылша өсіретін «Қазақстан» атты 

ұжымшардың орталығы ретінде қалаңды. Оның негізіңде 1997 жылдан Кеңесте 

жəне округке қарайтын Жауғаш, Қояңдысай, Кентай ауылдарында «Племзавод» 

акционерлік  қоғамы  құрылған.  Ауылда  орта  мектеп,  кітапхана,  отбасылық-

дəрігерлік амбулатория жұмыс істейді. 



Қостоған

(Костоган) – Меркі  ауданындағы  ауыл,  Жаңатоған  ауылдық  əкімшілік 

округінің  орталығы.  Аудан  орталығы – Меркі  ауылынан  шығысқа  карай 16 

км  жерде,  сұлыбас,  бетеге,  т.б.  астық  тұқымдас  шөптесіндер  өскен,  таудың 

қоңыр,  қызғылт  қоңыр  топырақты  жонды-қырқалы  келген  таулық  аңғарында 

орналасқан.  Тұрғыны 1, 9 мың  адам.  Ауыл 22-партсъезд  атындағы  қызылша 

өсіретін  ұжымшардың  орталығы  болып  келген.  Оның  негізінде  Қостоғанда 

өндірістік  кооператив  жəне  ЖШС  құрылған.  Ауылда  орта  мектеп,  клуб, 

кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. 

Ойтал

(Ойтал) – Меркі ауданындағы кент, өзімен аттас кенттік округтің орталығы. 

Аудан  орталығы – Меркі  ауылынан  солттүстік-шығысқа  қарай 10 км  жер-

де,  Ойтал  өзені  аңғарындағы  бұта  аралас  сұлыбас,  бетеге,  қылқан  боз,  т.б. 

астық тұқымды шөптесін өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты тауаралық 

қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан. Тұрғыны 3, 8 мың 

адам. Ipгeci осы өңірден кен орындарының табылуына байланысты қаланды. 

1932 жылдан қызылша өсіретін «Меркі» кеңшарының орталығы болып келді. 

Кентте орта, бастауыш мектептер, клуб, «Райхан» ЖШС-і, фельдшер-аку шерлік 

пункт, т.б. мекемелері бар. 



Пионер-1

(Пионер-1) – орта  ғасырлық  қалашық  орны.  Мерке  ауылынан  оңтүстік-

шығысқа карай 7-8 км жерде. 1988 ж. ҚазМУ (қазіргі əл-Фараби атындағы Қазақ 

ұлттық университеті) археологиялық экспедициясы (жетекшісі М. Елеуов) ашып, зерт-

теген. Қазіргі орны көлемі 60x60 м, бұрыштары əлемнің төрт бағытына қарай 

бағытталған төбешік. Оны биіктігі – 1, 5 жал үйіндісі қор шап тұр. Жалда жеті 

мұнара орны анықталған. Олардың төртеуі дуалдың бұрыштарына, қалғандары 

ортасына орналасқан. Қалаға оңтүстік-шығыс қақдадан кірген. Үйінді жалдың 

сыртқы жағында ені 15-20 м, терендігі 1, 5 м ор орны бар. Табылған заттар мен 

қыш  ыдыстар  (құмыра,  тостаған,  көзе,  т.б.)  сы  нық тары  қалашықты  адамдар 

X-XII ғасырларда мекендегенін ай ғақ тай ды. Олар егін, мал шаруашылығымен 

айналысқан. 



Плодовоягодное

(Плодовоягодное) – Меркі  ауданындағы  ауыл,  Жамбыл  ауылдық  əкімшілік 

округі құрамында. Аудан орталығында – Меркі ауылынан оңтүстікке қарай 15 км 

жерде сұлыбас, нарғия, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен қоңыр, қызғылт қоңыр 

топырақты тау алдының қоңыржай ылғалды белдемінде орналасқан. Тұрғыны 1, 9 

мың адам. Ауыл 1959-1997 ж. жеміс-жидек өсі ре тін «Меркі» кеңшарының бөлімшесі 



МЕРКІ АУДАНЫ

МЕРКІ АУДАНЫ

146

147

болып келді. Оның негізінде Плодовоя годноеде 1997 жылдан «Меркі»  өндірістік 

кооперативі  жəне  шаруа  қожалықтары  құрылды.  Ауылда  орта  мектеп,  клуб, 

фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. 



Сарымолдаев ауылы

(Сарымолдаев) – Меркі  ауданындағы  ауыл,  ауылдық  əкімшілік  округінің 

орталығы.  Аудан  орталығы  Меркі  ауылынан  шығысқа  қарай 5 км  жерде, 

сұлыбас, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен тауалдының қоңыр, қызғылт 

қоңыр топырақты қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан. 

Тұрғыны 8, 2 мың адам. Ауыл 1991 ж. дейін Кузьминка деп ата лып келген. Ipгeci 

30-жылдары қаланды. 1936-1997 жылдары қызылша өсі ретін «Красный восток» 

ұжымшарының оралығы болып келді. Оның негізінде Cарымолдаев ауылында 

жəне округке қарасты Əкпенді, Ақарал, Ойтал ауылдарында «Жылыбұлақ» АҚ, 

«Ақарал», «Талдыбұлақ» ӨК-тері ұйым дастырылған. 5 орта, 1 орталау, 1 баста-

уыш мектеп, 2 мəдениет үйі, кі тапханалар, 3 отбасылық-дəрігерлік амбулатория, 

3 фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. 



Cұрат

(Сурат) – Меркі  ауданындағы  ауыл,  ауылдық  əкімшілік  округі  орталығы. 

Аудан  орталығы  Меркі  ауылынан  шығысқа  қарай 18 км  жерде,  бұта  ара-

лас қылқанбоз, сұлыбас, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен қызғылт қоңыр, 

қара  топырақты  төбелі-жонды  келген  қоңыржай  ылғалды  тауаралық  аңғарда 

орналасқан. Тұрғыны 1, 5 мың адамнан аса. Ipгeci 1950 ж. қызылша өсіретін Ки-

ров атындағы ұжымшардың орталығы болып қаланған. Оның негізінде Сұратта 

1997 жылдан «Сұрат» өндірістік кооперативі жəне бірнеше шаруа қожалықтары 

құрылды. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. 

мекемелер бар. Сұрат арқылы халықааралық маңызы бар Тараз-Меркі-Бішкек 

автомагистралі өтеді. 

Сыпатай

(Сыпатай) – орта ғасырлық қалашық. Меркі ауданы Сарымолдаев ауылы ның 

оңтүстік жақ шетінде. Алғаш рет 1940 ж. Жетісу археологиялық экспедициясы 

(жетекші А.Н. Бернштам) тауып, зерттеген. 1977 ж. Жамбыл облыстық та рихи-

өлкетану музейінің экспедициясы (жетекшісі Қ. Байбосынов) зерттеу жүргізді. 

1986  ж.  ҚазМУ  (қазіргі  əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  уни  верситеті) 

археологиялық  отряды  (жетекші  М.  Елеуов)  жоспарын  тү сі ріп,  материалдар 

жинастырған. Cыпатай қалашығы төрткүл түріндегі ес керт кіш. Оның бұрыштары 

əлемнің төрт тарапынан қараған. Көлемі 50x50м. Қалашықты ені 8-10 м, биікт. 

1 – 1, 5 м үйінді жал, яғни бұрынғы бекініс қабырғалары қоршап жатыр. Зерттеу 

барысында құмырасы, көзе, саптаяқ, тос таған секілді сырсыз ыдыс сынықтары 

жинастырылды.  Оларға  қарағанда  Сыпатайды  тұрғындары X-XII ғасырларда 

мекендеп, егін егумен жəне мал өсірумен айналысқан деп пайымдауға болады. 

Сыпатай батыр ауылы

(Сыпатай  батыр) – Mepкi  ауданындағы  ауыл,  Ақарал  ауылдық  əкімшілік 

округтің құрамында. Аудан орталығы Меркі ауылынан шығысқа қарай 15 км 

жерде, Меркі өзенінің жағалауындағы бұта аралас бетеге, сұлыбас, т.б. астық 

тұқымдас  шөптесін  өскен  қоңыр,  қызғылт  қоңыр  жапырақты  тауалдының 

қоңыржай  ылғалды  агроклиматтық  белдемінде  орналасқан.  Тұрғыны 1 мың 

адам. 1968-1997 ж.  жеміс-жүзім  өсіретін  «Красно-Октябрь»  кеңшарының 

бөлімшесі болып келеді. Оның негізінде, Cыпатай батыр ауылында 1997 жыл-

дан «Сыпатай» ЖШС-і жəне бірнеше шаруа қожалығы құрылды. Ауылда орта-

лау мектеп, т.б. мекемелер бар. 



Тəтті

(Татти) – Меркі ауданындағы ауыл, темір жол стансасы, ауылдық əкімшілік 

округінің орталығы. Аудан орталығы – Меркі ауылынан солтүстікке қарай 45 

км  жерде,  Қызтоғансай  өзенінің  Қорағатыға  құйылар  сағасында,  боз  жусан, 

эфемерлі сұр жусан аралас баялыш, күйреуік, ажырық, ши т.б. шөптесін өскен 

шалғынды,  сұр  топырақты  аллювийлі-пролювийлі  қуаң  далада  орналасқан. 

Тұрғыны 1, 3 мың адам. Ауыл 1962-1997 жылдары өзімен аттас қой өсіретін 

кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде Тəттіде 1997 жылдан өн ді-

рістік кооператив ұйымдастырылды. Ауылда орта, бастауыш мектептер, клуб, 

отбасылық-дəрігерлік  амбулатория,  т.б.  мекемелер  бар.  Тəтті  арқылы  Түрксіб 

темір жолы жəне Тараз – Алматы автомагистралі өтеді. 

Тұрар Рысқұлов ауылы

(Турар Рыскулов) – Меркі ауданындағы ауыл, Меркі ауылдық əкімшілік ок руг -

тің құрамында. Меркі ауданының шығысында, бетеге, сұлыбас, көде, т.б. астық 

тұқымды шөптесін өскен құрғақ тауалды жазығында орналасқан. Тұр ғыны 1, 0 

мың адам. 1959-1997 ж. жеміс-жидек өсіретін «Меркі» кеңша ры  ның бөлімшесі 

болып  келді.  Оның  негізінде  Тұрар  Pысқұлов  ауылында  шар уа  қо жа лықтары 

құрылды. Ауылда орталау мектеп, клуб, фельдшерлік пункт бар. 

Жаңатұрмыс ауылы

(Жанатурмыс).  Бұл  елді  мекен  Қазақстанның  оңтүстік  жағында  таулы  ай  -

мақта орналасқан. Ауылдың аумағына Мойынқұмның біраз жерлері мен Тянь-

Шань тауларының, оның ішінде Қырғыз Алатауының біраз сілемдері кіреді. Бұл 

жерден ежелгі Жібек жолындағы əйгілі қалалардың бірі – Құлан қа ласына дейін 

23-24 км болса, шығысындағы Меркі қаласының орнынан бой көтерген Меркі 

ауылына дейін 7-18 км жер. Сондықтан Құлан, Меркі қа лаларына байланысты 

барлық тарихи мəселелер осы елді мекенді де шар пыған. Бұл жерде де моңғол 

шапқыншылығын басынан кешіріп, қазіргі кез де гі жер атауларында олардың ізі 

қалған. Бұл атауларға төменде толығырақ тоқ таламыз. 

Жаңатұрмыс  ауылы  Кеңес  өкіметінің  кезінде  құрылған.  Ол  Ботбайдың 

Қожай аталығынан тараған Əлібек жəне Айбас руларына жататын екі ауылды 

біріктіреді. Ауылдың бұрынғы атауы осы екі рудың атына байланысты «Əлібек», 

«Айбас»  деп  аталған.  Сондай-ақ  Əлібек  ауылын  Сазқұдық  деп  те  атай ды. 

Өйткені ауылдың мекендеген жері сазды жер болып, одан құдық тез қазылып, 

тереңдемей – ақ су шығатын болған екен. Ол 1933-1934 жылдары кол хоздастыру 

кезінде екі ауылдың біріктірілуінен жаңа ауыл жасалынып, аты «Жаңатұрмыс» 

болып өзгерген. 



МЕРКІ АУДАНЫ

МЕРКІ АУДАНЫ

148

149

Бұл жердің алғашында Сазқұдық аталуына байланысты елде мынадай аңыз 

əңгіме сақталған. 

Қазіргі кезде ауылда 15-20 метрден су шығарылса, ол кезде қайнар бұлақ секілді 

2-3 метрден-ақ су шыға берген екен. Шөбі майса келіп, ал жердің өзі былқылдақ 

болған. Сол жердегі тұрғындар құдықты да көп қазған екен. Содан барып алғаш 

«Сазды», кейін «Құдықты» дей жүріп, «Сазқұдық» аталған деседі. 

Ал бұл жердің, сондай-ақ Əлібек ауылы, оған көрші Айбас ауылы деп аталы-

нуы ағалы – інілі кісілердің есіміне байланысты дейді. Олар Бəйдібектің баласы 

Жарықшақтан  тараған  Дулаттың  Ботбайының  ішіндегі  Қожайдың  балалары. 

Қазір бұл жерде Қожай аталығынан тараған ұрпақтар тұрады. 

Бұл жердің қазіргі атауы Кеңес өкіметі кезіндегі қаулы-қарармен қойылған, 

орысша «Жить по новому» делініп, Біраз жылдар осылай аталынып келіп, кейін 

қазақшалап «Жаңатұрмыс» аталды. 

Бұл маңдағы таулардың, шоқылардың, сай, үңгір, асу, қыстаулардың атта ры 

көп кездеседі. Оларға «Мөңке», «Жетітөбе», «Ойранды», «Қалмақия», «Қал мақ 

қашқан», «Көтен үзбе» т.б. жатады. Бұл жерлердің тарихы Ақта бан шұ бы  рынды 

жылдарындағы  қырғынмен  байланысты.  Сол  кезде  қа зіргі  «Жаңа тұрмыс» 

ауылының төмен жағын қыстау еткен қалмақ шон жар лары ның үйлерінің орны 

сақталған. Кейін қазақтар қалмақтарды қуғанда сол үй лер ді қиратқан олар ке-

ле-келе  үлкен-үлкен  төбелерге  айналған.  Сол  жер  «Жетітөбе»  делінеді.  Сол 

жерге жақын жазықты Мөңке деп атайды. Ол – қалмаққа қарсы соғыста Меркі 

қаласына жақын осы аталып отырған жер лерді азат етуге қатысқан батыр. Бұдан 

кейін  өрге  қарай,  яғни  Жаңатұрмыс  ауылының  таулы  аймағы  жағында  «Ой-

ранды» деп аталатын жер бар. Ол өзінің аты айтып тұрғандай қалмақтардың 

қазақтардан  жеңіліп,  ойраны  шыққан  жер.  Ал  «Қалмақия» – асу,  оны  салған 

қалмақтар. Қазақтардан қаш қан қалмақтар, таудан асуы керек болған. Ал ондай 

асу болмағандықтан, олар са  тылап жол жасаған. Бұл жолдың екі жағы терең де 

тік құз. Ол асу əлі де сақ  талған. 

Бұдан басқа тау-тастардың Үштік, Сандықтас, Шыңырау, Көкқошқар де ген 

атаулары бар. 

Осының  ішіндегі  «Көк  қошқар»  атауына  байланысты  аңыз.  Бір  əйелдің 

ұлы болмаған екен. Ол құдайдан күні-түні ұл сұрайды. Аян келіп, құрбан ша-

лып, Құдайдан ұл сұра дейді. Əйелдің тіпті союға тышқақ лағы жоқ екен. Өз 

ауылының байнан қошқар сұрап барады. Ол бермейді. Осыған ма за ланған ерлі-

айыптылар тау аралап кезіп кетеді. Сөйтіп қазіргі қошқар мү  сінге келіп, на  зын 

айтып, ұйықтап кеткен екен. Бір уақыттан соң оянғанда, Құдайдың өзі көктен 

түсірген қошқарды көреді. Кейіннен ол тас «Көкқошқар» делініп ке те ді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет