М. Х. Дулати атындағы Тарму-дің Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған



Pdf көрінісі
бет15/110
Дата18.01.2017
өлшемі15,4 Mb.
#2185
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   110

Қостоған

(Костоган) – Жамбыл  облысының  Меркі  ауданындағы  елді  мекен.  Аудан 

ор талығы  Меркі  ауылының  шығысында 19 км;  Алматы-Ташкент  автомоб. 

жолының бойына орналасқан. Халқы 1, 8 мың. Атау қос (екі деген сөз) + тоған 

(зат есім) сөздерінің қосылуынан жасалған атау. Мағынасы осы маңда екі тоған 

болғанын білдіреді. 



Ақермен

(Акермен) – елді  мекен.  Меркі  ауданы.  Ақ. (сын  есім) + ермен  (зат  есім) 

сөздерінің қосылуынан жасалған. Ермен – шөп аты. Сонда атаудың мағынасы – 

бұл маңда ақ ермен шөп өсетіндігін білдіреді. 



Алтынарық

(Алтынарык) – е. м., Меркі ауданы. Алтын (сын есім мағынасында қол да-

ны лып тұрған зат есім) + арық (зат есім) сөздерінен қойылған атау. Мағы на сы: 

«Суы мол жақсы арық» дегенді білдіреді. 



Қарасу

(Карасу) – е. м., Меркі ауданы. Қара (сын есім) + су (зат есім) сөздерінің бі-

рігуінен жасалған атау. Топонимдік мағынасы: «бұлақ, қайнар суы» дегенді біл-

діреді. 


Қайыңдысай

(Кайындысай) – е.  м.,  Меркі  ауданы.  Қайыңды  (туынды  сын  есім) + сай 

сөздерінің  бірігуінен  жасалған  атау.  Мағынасы: «сайдың  бойында  қайыңның 

көп өсетіндігін» білдіреді. 



Аралқыстақ

(Аралкыстак) – е. м. Меркі ауданы. Арал (зат есім) +қыстақ (зат есім) сөз-

де  рі нің қосылуынан жасалған атау. Мағынасы: «Қыстақтың бұл өңірде аралға 

ұқ   сап, бөлектеніп жатқанын» білдіреді. 



Беларық

(Беларык) – е. м. Меркі ауданы. Бел (зат есім) + арық (зат есім) сөздерінің 

қо    сылуынан жасалған атау. Қазақ тілінде бел «асу, кезең» мағынасынан бас қа 

«орта», «тең құс» мағыналарында да қолданылады. Ендеше атаудың ма ғы на   сы 

«кезеңнен, асудан аққан арық» немесе «отар арық» дегенді білдіруі ы қ    тимал. 

Ақкөзқайнар

(Аккозкайнар) – а. Меркі ауданы. 

Ақ (сын есім + көз (зат есім) + қайнар (зат есім) сөздерінің бірігуінен жа сал ған 

күрделі атау. Мұндағы көз жəне қайнар сөздері бұлақтың басталатын жерінде 

жерасты суының бұрқырап шығып жатқанын білдіреді. Бұ лақтың көзі деп су 

шығып жатқан тесікті айтса, қайнар деп судың жер бе тін дегі қайнап жатқан су 

сияқты бүлк-бүлк етіп жатқан көрінісін білдіреді. Сонымен атаудың мағынасы 

жерасты суы бастау көзінен қатты қайнап шы ғып, аға рып жататынын білдіреді. 



Аққайнар

(Аккайнар) – а. Меркі ауданы. 

Ауыл  тұрғындарының  ұсынысына  орай,  ҚР  Үкіметінің  жанындағы  Мем ле -

кеттік  ономастика  комиссиясының 22.07.1995 ұйғарымы  бойынша  Киров  ауылы 

өзгертіліп, тарихи аты қалпына келтірілді де, Аққайнар ауылы болып аталды. 


МЕРКІ АУДАНЫ

МЕРКІ АУДАНЫ

150

151

Ақ (сын есім) + қайнар (зат есім) сөздерінен жасалған атау. Қайнар деп же-

расты суының бұрқырап шығып бүлк-бүлк етіп жатқан бастауды айтады. «Таза 

мөлдір, тұнық бастау» мəніндегі атау. Атаудың мағынасы туралы екі түрлі жо-

рамал айтуға болады: біріншіден, бұлақ басы ақ топырақты жерден басталуы 

мүмкін, яғни бұлақ басының топырағы ақ болғандықтан осылай аталуы мүмкін, 

екіншіден, бұлақ көзі – қайнар суы жерден бұрқырап, ағарып шығып жатуына 

да байланысты болуы ықтимал. 



Гранитогорск

Гранитогорск – к. Меркі, 

(Гранитогорск) – кент. Мойынқұм ауданы. 

Орыс тіліндегі гранит (тас) жəне гора (тау) деген сөздерінен жасалған атау. 

Мағынасы: «бұл маңдағы тауларда гранит тас көп» дегенді білдіруі мүм кін.). 

Қордайдың қызыл граниті сапасы жағынан Украинаның, Оралдың, Кореяның 

гранитінен кем емес. 

Екпінді

(Екпинды) – а. Меркі ауданы. 

Екпін  (зат  есім) + ді  (зат  есімнен  сын  есім  тудыратын  жұрнақ)  жолымен 

жасалған атау. Еңбек үлкен қайрат күшпен атқарылады. 



Жауғаш батыр

(Жаугаш батыр) – а. Меркі ауданы. 

Абылай ханның əскери қолбасшысы, елші, Ұлы жүздің дулат тайпасы ның 

ботпай  руының  қоралас  аталығынан  шыққан  Жауғаш  Қырбасұлының (1733-

1782) есімін мəңгі есте қалдыру мақсатында қойылған ауыл аты. 

Жауғаш Қырбасұлы – (1738-1787) Абылай ханның белгілі мəлімгерлерінің 

бі рі,  атақты  батыр,  қолбасшы,  өз  дəуірінің  көрнекті  қайраткері.  Шыққан 

тегі – Ұлы жүздің дулат тайпасының ботпай руынан. Қазіргі Алматы облысының 

же рінде туып, Жамбыл облысының жерін мекендеген. Оның ер-тұрманы, қа ру-

жорағы қазіргі таңда Меркедегі өлкетану мұражайында тұр. 

Ол-бітімшіл мəмілегер, Қазақ хандығының 1756-1758 жылдардағы Қытаймен 

Ке лісімге келуіне, 1770-1774 жылдардағы Қырғыздармен қақтығысының нə ти-

желі аяқталуына ерекше еңбек сіңіреді. 

Жауғаш батыр 49 жасында өз ажалынан қайтыс болады. Халқы аяулы батырын 

арулап жуып, сүйегін Түркістанда Қажы Ахмет Иассауи кесенесіне қойған. 

Интернациональный 

(Интернациональный) – кент. Меркі ауданы. 



Кентай 

(Кентай) – а. Меркі ауданы. 

Кісі атына қойылған атау. 

Қазақдиқан 

(Казах Дикан) – а. Меркі ауданы. 

  Қазақ  (зат  есім) + диқан  (зат  есім)  сөздерінің  тіркесуінен  жасалған  атау. 

Еңбекші диқандар құрметіне қойылған атау. 



Қызылқыстақ

(Кызылкыстак) – а. Меркі ауданы. 

Қыстақ топырағының не тасының қызылдығына байланысты аталса керек. 

Қызылсай

(Кызылсай) – а. Меркі ауданы. 

(Кызылсай) – тар. жер, а. Қордай ауданы. 

Қызылсай  атының  қойылу  себебі – сол  ауылда  ертеде  болған  қанды 

оқиғаға байланысты болыпты. ХХ ғ. басында орыс патшасы қазақ жастарын І 

дүниежүзілік соғысқа алмақшы болғанда, бүкіл ауыл əскерге адам беруге қар-

сы  болып,  таудағы  үңгірге  қашып  тығылған.  Оларды  ұстап  алып,  үлкен-жа-

сының  бəрін  шетінен  өлтірген.  Сол  қырғында  қаза  тапқандардың  қаны  ау ыл 

ортасындағы үлкен саймен төменге қып-қызыл болып аққан екен. Сол се  бепті 

ауылды Қызылсай деп атапты. 



Меркі

(Мерке) – а. о. Меркі ауданы, 

Мағынасы түсініксіз атау. Алайда орта ғасырларда меркіттер түркі тайпалары 

ретінде айтылады. Меркіт – меркит этномимі, əсіресе, Рашид-ад-дин ең бегінде 

жиі  кездеседі.  Олар  далалық  жəне  ормандық  меркітттер  деп  екіге  бө лінеді. 

Ормандық  меркіттер – аңшылықпен  күн  көретін  тайпалар  деп  баяндайды. 

Біздіңше, осы аңшы руларды мерке, мерген деп атап, оған – т көптік жал  ғауы 

қосылғанда, көне түркі монғол тілдерінде жұрнақ қосылғанда сөз ая ғындағы – 

н дыбысы түсіп қалатын заңдылыққа сай меркіт аталса керек. Сонда атаудың 

мағынасы  мергендер  (меркендер)  дегенді  білдіріп,  бұл  ру лар дың  аңшылық 

кəсібімен шұғылданатын дəл білдіретін болған. Меркі атауына қатысты гидро-

ним бар. 



Меркі санаторий ауылы

(Санаторий Мерке аулы) – а. Меркі ауданы

Бұл ауылда халықтың денсаулығын түзейтін демалыс жəне емделу орны бол-

ғандықтан ауыл солай аталған. 



Мыңқазан

(Мынказан) – а. Меркі ауданы. 

Ауыл  тұрғындарының  ұсынысы  бойынша  ҚР  Үкіметінің  жанындағы 

Мемлекеттік  ономастика  комиссиясының 24.06.1998 ж.  ұйғарымы  бойынша 

Ворошилов ауылының аты өзгертіліп, бұрынғы тарихи аты қалпына кел ті рі ліп, 

Мыңқазан  ауылы  аталды.  Бұл  этномəдени  тұрғыда  қойылған  атау дың  уəжіне 

қарағанда, бұл жерде «көптеген, тіптен бірнеше жүз қазан асылып, үлкен бір 

той-думан болғандықты» білдіреді. 



МЕРКІ АУДАНЫ

МЕРКІ АУДАНЫ

152

153

Мықанды

(Мыханды) – а. Меркі ауданы. 

Атаудың  мəн-мағынасы  жайды  бұрынды-соңды  айтылған  пікірді  кез дестіре 

ал мадық. Егер атаудың бірінші сыңарындағы мых сөзінің бастапқы тұл  ғасын мық 

– «шеге» деп қарар болсақ, ан қосымша, алды (сын есімнен зат есім ту дырушы), 

географиялық  атауларда  жиі  қолданылатын  қосымша  еке ні  бесе не ден  белгілі. 

Олай болса, Мыханды – «шегелі, шегесі көп» деген мəнді берер еді. Бірақ бұл 

атаудың негізгі, бастапқы мағынасын білдіре ал май   тыны сөзсіз. Сон дықтан бұл 

атаудың шығу төркінін əлі де іздестіре беру лəзім болмақ. 

Тескентоған 

(Тескентоган) – а. Меркі ауданы. 

Ауыл тұрғындардың ұсынысына орай, ҚР Үкіметінің жанындағы Мем лекет-

тік  ономастика  Комиссиясының 24.12.1999 ж.  ұйғарымы  бойын ша  Қызылту 

ауылы өзгертіліп, бұрынғы тарихи аты қалпына келтіріліп, Тескен то  ған ауылы 

болып аталды. 



Шалдуар

(Шалдуар) – а. Меркі ауданы. 

Бұл атау сөздің мағынасы өзбек жəне қырғыз тілдерінде сақталған. Өзбекше 

«чалдивар» – разг. заброшенный, запущенный двор, развалины (Узб.-русск. сло-

варь. М., 1959, 513 б.). Қырғызша «чалыбар» – зат. қандай да бір бүтін нəрсенің 

қирап, бүлінген қалдығы. Чалдыбары чьгуу – бұзылу, там  тығы шығу, керектен 

шығу. Бұл үй чалдыбары шыққан ескі үй екен. (Бөкенбаев.)... (Қырғыз тілінің 

түсіндірме сөздігі. Фрунзе, 1965, 678-бет). 

Академик К.К. Юдахин бұл сөзді былай түсіндіреді:

«Чалдыбар  ир. 1. старые  развалины,  руины  (остатки  древних  поселений), 

қаланын чалдыбары развалины города; үйдүн чалдыбары развалины строения» 

(К.К. Юдахин. Киргизско-русский словарь. М., 1965, стр. 839.). 

Шалдуар – (ор. челдовар) – елді мекен, əуелде ескі қорған аты (Жамбыл облы-

сы). А. Бернштам бұл атаудың аяққы (əуелгі) – вар форманты ескі иран – соғды 

тілдерінен кезігетін тау шатқалдарына тəн элемент (А.Н. Бернштам, Дренвне-

тюрк. элем. в этноген. Средн. Азии., стр. 34) дейді. М. А. Мамедов сир. – иран 

тілдеріне тəн бар//вар//пар элементтері Орта Азия, Арғы Кавказ топонимдерінен 

Гадживар, Махмудвар, Мұсавар түрлерінде көрініс беретін жəне олардың «ме-

кен, орын – жай, киіз үй, тіпті семья, тайпа мəндеріне де қатысты кең мағыналы 

форманттар  екенін  ескертіпті.  Бұл  деректерден  біз  сөз  боп  отырған  атаудың 

бірінші компонентінің де иран тілдес этникалық мəні болуы талассыз деп айта 

аламыз. (Е. Қойшыбаев, 236-б.). 



Молалы

(Молалы) – өзен. 

Қайнар өзен алабында, Меркі ауданы жерімен ағады. Ұз. 30 км. Бастауын 

Қырғыз Алатауының солтүстік беткейінен алады. Өзеннің өн бойы тік жар қа-

бақты.  Таудан  шыққаннан  кейін  аңғары  біраз  кеңейеді  де  Қайнар  өзе ніне  оң 

жағынан құяды. Қар, жауын-шашынмен толығады. 



Меркі

(Мерке) – өзен. 

Шу өзені алабында, Меркі ауданының жерімен ағып өтеді. Ұз. 100 км, су жи-

налатын алабының аум. 645 шаршы км. Өзен Қырғыз Алатауының солтүстік 

беткейіндегі  мұздықтардан  басталып,  Шимен  а.  тұсында  Қорағаты  өзеніне 

құяды.  Аңғары  жоғары  ағысында  тар  шатқалды,  төменде  кеңейеді.  Мұздық, 

жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Бейсе бейітінен 

жоғары 2 км жерде 3, 2 м/с. Қырғыз Алатауының мұзды аймақтарынан бастау 

алып, 40-50 шақырымдай тау шатқалдарынан аққан шағын өзен – бұлақтардан 

су жиналып, бір арнамен ағыны күшті өзен болып, жазықтағы елді мекенге қарай 

жөңкіледі.  Ертеректе  ары-бері  көшіп-қонып  жүрген  малшылар,  жүргіншілер 

бұл өзеннен белі мықты атпен жəне түйемен ғана өтіп отырған. Қазір таудан 

шыға  берістегі  өзен  арнасы  бірнеше  бөлікке  бөлініп,  бетон  каналдар  арқылы 

жазықтағы  егістік  алқаптарды  суаруға  пайдаланылады.  Одан  артылған  өзен 

суы, егістіктен шыққан сарқынды су құм мен далалы аймақты қақ жарып өтетін 

Қорағаты өзеніне барып құяды. 



Қарақау

(Каракау) – Қорағаты алабындағы өзен. 

Меркі ауд. жерімен ағады. Ұз. 50 км, салаларымен қоса есептегенде 114 км-

ге  жетеді.  Бастауын  Қырғыз  Алатауының  солтүстік  беткейінен  алып  Аспара 

өзеніне сол жағынан құяды. Өзеннің басым бөлігі тар шатқалмен ағады. Қар, жа-

уын, жерасты суымен толығады. Жағалауы жайылым жəне шабындық Төменгі 

ағысында су егіс суаруға пайдаланылады. 

Қызтоғансай

(Кызтогансай) – Меркі ауданындағы өзен. 

Шу алабында. Ұз. 56 км, су жиналатын алабы 279 шаршы км. Қызтоғансай 

Талас Алатауының Солтүстік беткейінен басталып, жоғарғы ағысы Тəтті ауылы 

тұсында Қорағаты өзеніне құяды. Жағасы тік жарлы, ағыны қатты. Қар, жаң быр, 

жерасты суымен толығады. Егіс суаруға пайдаланылады. 



Аспара

(Аспара) – аудандағы  екі  ірі  өзеннің  біреуі.  Ол  да  Меркі  өзені  секілді 

Алатау дың солтүстік беткейінен бастау алып, Қорағаты өзеніне барып құяды. 

Ұзындығы 108 шақырым  болатын  бұл  өзеннің  суын  шекаралас  Қырғызстан 

Республикасының  елді  мекендері  де  егіндік  алқаптарын  суғаруға  пайдалана-

ды.  Тау  аралығындағы  арнасы  тар,  тік  жарлы,  жазықтықта  аранасы  кеңиеді. 

Аспара таулы алқапта қар, жауын, қайнар суы арқылы көбейіп, далалы аймаққа 

шыққанда бірнеше тарамға бөлінеді. Сондай-ақ Аспара Шуға құятын өзен аты 

жəне сол аттас көне қоныстың орны. Тарихи, түркілер қонысы. Этнотопоним. 

Аз немесе əз тайпаларының бір парасы мағынасын береді. Екінші компоненттегі 

қатаң п əсерінен з дыбысы с түрін қабылдаған, ассимиляцияланған. 


МЕРКІ АУДАНЫ

МЕРКІ АУДАНЫ

154

155

Қорағаты

(Корагаты) – бұл өзен ерте заманда өткел бермейтін Қорағаты дариясы атан-

ған,  жаратылысы  басқа  өзендерден  ерекше,  табиғатта  сирек  кездесетін  ағ ым-

бағыты батыстан шығысқа қарай ағатын өзен. Алатаудан бастау алатын Меркі, 

Аспара  өзендерінің  тармақтары  Мықанды,  Көлтоған,  Ойтал,  Қызтуған  жəне 

басқа өзендердің суы осы Қорағаты өзеніне барып құяды. Бұл өзен Т. Рысқұлов 

атындағы  ауданның  Қорағаты  кеңшарынан  бастау  алып,  батыстан  шығысқа 

қарай ағатын бірден-бір өзен. Луговой – Шу темір жолының солтүстік бетінде 

яғни құмды аймақтың оңтүстік шетімен ағады. Меркі, Т. Рысқұлов аудандары 

тұсындағы Алатаудан бастау алатын үлкен, кіші өзендердің бəрі осы Қорағаты 

өзеніне келіп тоғысады. 

Қасқа су

(Каска су) – тау ішіндегі қайнарлардан шыққан су қасқая ағып, төменде ағ  ып 

жатқан Меркі өзеніне келіп қосылғандықтан осылай атаған. 

Үлкен Шу каналы

(Улкен Шу) – Луговой-Бішкек темір жолының төменгі жағында Қырғыз стан 

Республикасынан шығатын канал. Бұл каналды қолмен қазу жұмыста ры колхоз-

дар ұйымдастырылғаннан кейін қолға алынды, яғни Ұлы Отан со ғысы басталған 

1941 жылға дейін канал Қырғызстан Республикасының Қайыңды елді мекеніне 

дейін қазылып, тоқтап қалды. Соғыс аяқталып, канал қазу қайта қолға алынды. 

Бұл  жұмыстарға  Меркі  ауданының  барлық  колхозда рынан  жүз деген  адамдар 

қатыстырылды. Əр колхоздың адамдары канал қазатын жерді бөліп-бөліп алып, 

топрағын қол арбамен сыртқа шығарады. Үлкен Шу ка налы Т. Рысқұлов ауда-

ны «Қарақыстақ» ауылдық округіне қарасты Аязби деп аталатын жерге дейін 

қазылған. Бұл канал арқылы 11-12 текше метр су ағады. Мұнымен Меркі ауданы 

тұтас, Т. Рысқұлов ауданының бір бөлігі егіс тік алқапты суғарған. 



Астау көл

(Астау) – Қарақыстақ  тау  қойнауындағы  көл  атауы.  Астау  ыдысқа  ұқ сап 

тұрғандықтан осылай аталған. 

Бұзылған көл

(Бузылган) – Алатау ішіндегі көл атауы. Бұрындары үлкен көл болған. Қатты 

нөсер жаңбырдын салдарынан көл толып кетіп, ернеуінен асқан да жыр ылып, 

төмен қарай ағып кеткен. 



Көккөл

(Коккол) – Қарақыстақ деп аталатын тау аңғарында. Диаметрі 100 метрдің 

төңі регінде  болатын  бұл  көлдің  табанына  үңілес  көкпеңбек  болып  жатады. 

Сондықтан солай атаған. 



Сарыкөл

(Сарыкол) – тау  аңғарындағы  көл.  Су  мөлдірлігінен  табаны  сарғыш  түсті 

болғандықтан осылай атанған. 

Қайыңдысай

(Кайындысай) – Қырғызстан Республикасынан бастау алатын өзен. 

Өзен суы егінді алқаптарды суғарады. Ойранды деген сөз қазақта да қырғызда 

да  бар.  Алайда,  көне  көз  қариялардың  айтуынша  бұл  жолға  «Ойранды»  сөзі 

қырғыз  ағайындардан  шыққан  корінді.  Өйткені  дəл  осы  Оранды  өзенінің 

маңында бір кездері қырғыз – қазақтың арасында қатты соғыс болған көрінеді. 

Екі жақтан да адам шығыны коп болғандықтан қырғыз ағайындар бұл жерді 

«Ойран болады, Ойранды» деп атап кеткен. Осы өзеннің Қырғыз Республика-

сына қарасты жоғарғы сағасындағы елді мекеннің бірін қырғыз елі «Ойранды» 

аулы деп атаған. 



Балатоған

(Балатоган) – Қызыл таң ауылының үстіңгі жағында аты айтып тұрғандай 

кішігірім, ені үлкендеу тоған болған. Бірақ қазір ол тоғанның суы тартылып кет-

кен. 


Көлтоған

(Колтоган) – Қызыл таң аулының оңтүстік қапталында яғни ауылдың үс тіңгі 

жағында қолдан жасалған көл. Осы байламта бөгенді Тұрлыбай батыр ха лықты 

ұйымдастырып, жасаттырған. 



Шоңтоған

(Шонтоган) – Меркі  өңірінің  адамдары  егіншілікпен  айналыса  бастаған 

шақта Меркі өзенінен батысқа қарай Алатаудың етегімен көлденең тартылған 

тоған. Қазір бұл тоған бөгені темір-бетонмен каналға қапталған. 



Ойтал

(Ойтал) – Меркі өзенінің төменгі сағасы, яғни Екпінді мен Сарымолдаев ел-

ді мекенінің ортасынан ағып отетін өзен. Бұл өзен Ойтал елді мекеніне де й ін 

жалғасады. 



Қызтуған

(Кызтуган) – бұл  өзен  Меркі  өзенінің  төменгі  сағасынан  бастау  алып, 

Қорағаты өзеніне барып құяды. Бірақ бұл өзеннің суы қазіргі шақта тартылып 

кеткен. «Қызтуған» деп атауының себебі ілгерірек уақытта бір атақты бақуат-

ты  кісі  көптен  бері  нəрестелі  болмай  жүргенде  əйелі  екіқабат  болыпты.  Үй 

иесі  үйінде  жоқ  кезінде  əйелі  өзен  жағасында  босанып,  қыз  туыпты.  Содан 

«Қызтуған» деп атанып кеткен. 

Сарықұдық

(Сарыкудык) – «Сарқобы» мал жайылым учаскесінде қалың қамыс өс іп тұ-

ратын  жерден  құдық  қазылған.  Құдық  маңында  өскен  қамыстың  сарылығы 

қосылып «Сары құ дық» аталған. 



МЕРКІ АУДАНЫ

МЕРКІ АУДАНЫ

156

157

Қызылқайнар

(Кызылкайнар) – тау аңғарындағы бұлақ, қызыл тастың ортасынан қайнар 

шыққандықтан осылай аталып кеткен. 

Ұзынбұлақ

(Узынбулак) – таудағы қайнарлардан шығатын бұлақ. Күнгейсандықтан ба-

стау алып, Меркі өзеніне келіп құйылады. 

Бетон канал

(Бетон) – Меркі өзенінің арасымен бетон канал салынған. Ол 1-ші ГЭС-тің 

түбінен тіке төмен қарай тартылып, Екпінді ауылын қақ жарып, Луговой-Бішкек 

темір жолының астындағы Үлкен Шу каналына барып құйылады. 



Ленин жол байламасы

(Ленин) – Тəтті ауылдық округіне қарасты Ақ жол елді мекенінің оңтүстік 

бетінде егіндік алқапты суару үшін қолдан жасалған үлкен су қоймасы. 

Қайнар

(Кайнар) – Қорағаты алабындағы өзен. 

Меркі  ауданының  жерімен  ағып  өтеді.  Ұз. 58 км,  су  жиналатын  алабы 187 км

2



Қырғыз Алатауының солтүстік беткейімен басталып, Қорағаты өзе ні не оң жа-

ғынан құяды. Ірі саласы – Молалы (ұз. 21 км). Жоғарғы ағысы тар шат қал  мен 

ағады,  орта  жəне  төменгі  ағысында  жазыққа  шығып  арнасы  кең е й еді.  Қар, 

жаңбыр  жəне  жерасты  суымен  толығады.  Көктем  айларында  таси ды.  Өз ен 

аңғары жайылым. Суымен Меркі ауданының егістігі суарылады. 

Тоғайтал

(Тогайтал) Меркі ауданындағы өзен. Шу өзе ні алабында ұзындығы 62 км, су 

жинау  алқабы 302 км².  Қырғыз  Алатауы ның  солтүстік  беткейінен  басталып, 

Тасөткел елді мекені тұсында Құрағаты өзе ніне құяды. Аңғары тар, ені 1, 5 км. 

Арнасы шоңғал тасты, қар, жаңбыр суымен қоректенеді. Орташа жылдық су 

шығыны Ойтал ауылы тұсында 0, 52 м³/сек. Ег ін суарады. 



Тоқтас, Тоқташ

(Токтас) – Шу алабындағы өзен. 

 Меркі, Шу аудандарының жерімен ағады. Өзеннің жалпы ұзындығы 115 км, 

Қазақстан аумағындағы ұзындығы 32 км, су жиналатын алабының аумағы 660 

км

2

.  Тоқтас  Қырғыз  Алатауының  мұздықтарынан  бастау  алады.  Қырғызстанда 



Шоққайыңды, Қарабалта деп аталады. Төменде Тасөткел бөгеніне құяды. Жоғары 

жəне орта арнасы тік жарқабақты, терең шатқалдардан тұрады. Tay алды жазығына 

(Шу аңғарына) шыққаннан кейін аңғары кеңейеді. Қар, мұздық, жерасты сула-

рымен  толығады.  Желтоқсан – ақпан  айларында  суы  қатады.  Өзен  жағалауы 

шабындық. Суы аудан шаруашылықтарының егістігіне пайдаланылады. 

 

Молалы

(Молалы) – өзен. 

Қайнар өзені алабында, Меркі ауданының жерімен ағады. Ұз. 30 км. Бас та уын 

Қырғыз Алатауының солт. беткейінен алады. Өзеннің өн бойы тік жар қа бақты. 

Таудан шыққаннан кейін аңғары біраз кеңейеді де, Қайнар өзе ні не оң жағынан 

құяды. Қар, жауын-шашынмен толығады. 

Ойранды

(Ойранды) – Қорағаты алабындағы өзен. 

Қырғыз  Алатауының  солтүстік  сілемдерінен  бастау  алып,  Меркі,  Шу  ау-

дандары аумағымен ағып, Қорағаты өзеніне оң жағынан құяды. Ұз. 100 км, су 

жиналатын алабы 640 км

2

. Қар, мұздық, жаңбыр суымен толығады. Көктем ай-



ларында тасиды. Бастауында (Қырғызстан жерінде) Жарлықайың деп аталады. 

Жоғарғы арнасы тік жарлы, төменде жазыққа шығып, арнасы кеңейеді. Суы егін 

суаруға пайдаланылады. 

Ойтал

(Ойтал) – өзен. 

Қорағаты өзенінің алабында, Меркі өзенінің оң тармағы. Ұз. 68 км. Меркі 

ауданы жерімен ағып, Қорағаты өзеніне оң жағынан құяды. Меркі өзені тау алды 

жазығына шыққаннан кейін Ойтал кентінен төменіректе (8 км) Меркі өзеніне 

қосылады. Қорағатыға құяр тұсында Тоғайтал деп аталады. Қар, жауын-шашын 

суымен толығады. Суы егістік суаруға пайдаланылады. 

Тарылған

(Тарылган) – өзен. 

Шу алабында. Меркі, Шy аудандары жерімен ағады. Ұз. 42 км, су жиналатын 

алабы 185 км

2

. Кіндіктас тауының оңтүстік-батыс беткейінен бастау алып Шу 



өзеніне 10 км жетпей тартылып қалады. Жағасы өн бойы жарлы келген. Қар, 

жерасты суымен толығады. Көктемде деңгейі көтеріліп тасиды. Жаз айларында 

қара суларға бөлініп қалады. Жағалауы шабындық егін суаруға пайдаланылады. 

Қызтоған, Қызтоғансай

(Кызтоган) – Меркі ауданындағы өзен. Шу алабында. Ұзындығы 56 км, су 

жи налатын алабы 279 км2. Қызтоған Taлас Алатауының солтүстік беткейінен 

бас та лып, жоғары ағысы Тəтті ауылы тұсында Қорағаты өзеніне құяды. Жағасы 

тік жарлы, ағыны қатты. Қар, жаңбыр, жерасты суымен толығады. Eгic суаруға 

пай даланылады. 



Құмбел

(Кумбел) – Қырғыз Алатауындағы асу. Қазақстан мен Қырғызстан Респуб ли -

касы ше карасында. Жамбыл облысының Меркі ауданында, Mepкі өзенінің бас -

тауында ор наласқан. Абсолютті биіктігі 3247 м. Құмбелден мамыр – қыр күйек 

айлары ара лығында салт атты адам ғана өте алады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет