ҚОРДАЙ АУДАНЫ
ҚОРДАЙ АУДАНЫ
116
117
ҚОРДАЙ АУДАНЫ
Кордай – 1930 жылдан аудан орталығы. Облыс орталығы – Тараз қаласынан
шығысқа қарай 300 км жерде, Шу өзінің оң жағалауында, боз жусан аралас боялыш,
күйреуік, т.б. эфирлі шөптесін өскен қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты жонды-
тобелі келген тау алды жазығында орналасқан. Тұрғыны 24, 9 мың адамнан аса.
Ipгeci XIX ғ-дың 90-жылдары қаланған. 1995 жылға дейін Георгиевка деп аталған.
Қордай ауданы тарихы туралы айтатын болсақ, солтүстігінде қазақтың жа-
зира Бетпақдаласына, оңтүстігінде қазақ-қырғыз телемген Шу өзеніне ті ре ліп,
8. 9 мың шаршы шақырым алқапты алып жатыр.
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының археологтар экспедиция-
сының зерттеулері нəтижесінде Ауқатты ауылының тұсынан сақ жауынгерлерінің
бас киімі 6 V ғасырларға тəн ыдыс-аяқтар, тұрмыстық қолданыстағы басқа да
то лып жатқан заттар Бішкектегі тарихи мұражайларда сақтаулы. Мыңбұлақтан
жар ты шақырым қашықтықтағы Қызылсайға барар жолға дейінгі жер асты
үңгірі, Масанчи ауылының əкімшілігі аумағында Өтеген шаруа қожалықтары
одағына қарасты Жораз сайындағы тасқа салынған суреттер, «Алмалы»
аумағындағы екі бекініс, Майбұлақ өзенінің Шуға құятын тұсында ертедегі
адамдар жерленген кө лемі 150-200 метрлік ірі қорған ертеде өткен адамдардың
тұрмыс-тіршілігінен, эволюциялық өсу кезеңдерінен хабардар етеді.
Қордай ауданы жерінде Георгиевка X-XI ғ. ғ Кішімешін VII-IX ғ. ғ, Шортөбе
қа лалары жəне 4 ауылдық мекен бар. Тарихқа зер салсақ, құнарлы Шу өңіріне
жəне тоғыз жолдың торабына салынған бұрынғы Георгиевка, қазіргі Қордай қа-
ласы жылдам өркендеп, ірі мəдени жəне саяси орталыққа айналды. Ұлы Жібек
жолымен қалаға көптеген керуендер келіп жатты. Солтүстік батысқа жүр -
ген жол Қордай (Георгиевка) X-XII ғғ., Жаңатұрмыс X-XII ғғ., Қақпатас XXII ғғ.,
X-XII ғғ., елді мекендеріне өтіп, Тасөткел өткелінен келген де Шу жо лының негіз-
гі торабына қосылған. Қордай қаласынан оңтүстік-шығысқа шық қан керуен-
дер Қордай асуы арқылы Керімбай төбе (Ақтерек) қаласы арқылы Алмалық, Іле
өңірі арқылы Қытайға өткен.
Батыс бағытында Қордайдан шыққан керуен сарайлар салынды. Қалаға түрлі
тауарлар əкелінді, экономикасы дамып, X-XII ғасырда үлкен қалаға айналды.
X-XII ғғ. Қордай ауданының жері Қарахан мемлекетінің құрамында болды.
Қарахан мемлекеті (915-955 ж. ж) болып есептелді. Саманилердің қолдауына
сүйеніп, ол өз ағасы Оғылшаққа қарсы шығады да, Қашғар мен Таразды өзіне
қа ратады. 942 жылы Сатұқ Баласағұн қаласы билеушісін құлатып, өзін Жоғарғы
қа ғанмын деп жариялайды. Қарахан құрылады. Оның иелігі Хотан, Бұқара,
Балқаш көлі мен Алакөл, шығыста ұйғырлар Амудария мен Сырдария, Жетісу
мен Қашқарияға дейін созылып жатты. XII ғ. 30 жылдары Қарахан мемлекеті
Батыс жəне Шығыс Қарахан болып бөлінеді. Шығысқа Тараз, Исфиджаб,
Шаш, Ферғана, Жетісу, Қашғар жері кірді. Астанасы болады. XII ғ. 2 ширегінде
Қарахан мемлекетін қарақытайлар Жетісу мен Баласағұн қаласын басып алады,
Қордай осы X ғасыр кезде өркендеген ірі қалаға айналды.
Қордай ауданы алғаш 17. 1. 1928 ж. Алматы округінің құрамында, ке йін-
нен (14. 10. 1939 ж.) Жамбыл облысына берілді. Аумағы 8973 мың км
2
. Тұрғын
саны 132 500 мың адамнан аса. Ayдандағы 41 елді мекен 19 ауылдық əкімшілік
округтерге біріктірілген. Орталығы – Қордай ауылы. Қордай ауданының жері,
негізінен, таулы. Солтүстік жəне шығыс бөлігін Шу-Іле таулары (биіктіктері
теңіз деңгейінен 1000 м-ден жоғары) алып жатыр. Кіндіктас, Жетімжол, т.б. тау
жоталары ауданның оңтүстік жəне оңт. -шығыс бөлігін алып жатыр. Шу аңғары
жазық келген.
Климаты континенттік, қысы-жазы жиі-жиі Қордай желі соғып тұрады.
Аудан жерімен Шу өзенінің оң саласы саналатын Ырғайты, Қалғұты,
Қаракоңыз, Қалқатас (Қақпақтас), Кіндіктас пен Жетімжолдан бастау алатын
бірнеше кішігірім өзендер ағады. Ауданның ортүстігі жəне оңт. -шығысынан Іле
өзенінің алабына жататын, жазда құрғап қалатын Жаманты, Иірсу, Ұзынсу, т.б.
өзендер ағады. Қақпатас, Карақоңыз өзендері алабында осы өзендердің атымен
аталатын бөгендер салынған. Олардың жалпы су сыйымдылығы 18, 7 млн м3.
Олар аудан шаруашылықтарының 4, 5 мың га жерін суарады жəне суландырады.
Одан басқа аудан аумағында Алтыайғыр, Майбұлақ жəне Қалғұты тоғандары
бар. Шy өзенінен бірнеше каналдар тартылған. Олардың ең ірісі – Георгиев-
ка магистралдық каналы. Аудан жерінде қоңыр, шалғынды қоңыр, шалғынды
сары, қызыл коңыр, солүстігінде (Қопа жəне Қараой жазығында) сұр, сортаңды
сұр топырақ қалыптасқан. Ipi елді мекендері: Қордай (24,9 мың адам), Сортөбе
(10, 8), Масаншы (9, 0), Отар (4, 4), Ауқатты (4, 2), Бетқайнар (4, 4), Қаракемер
(3, 2), Қapacy (3, 2), Қасық (3, 0), т.б.
Қордай ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, ҚР Үкіметінің жанындағы
Мемлекеттік ономистика комиссиясының 22.07.1995 ж. ұйғарымы бойынша
Георгиева ауылы Қордай ауылы болып аталды. Бұл тарихи атаудың мағынасы
туралы əр түрлі пікір бар. XI ғ. ғалымы Махмуд Қашқари Қордай – «Құстың
бір түрі» десе (М. Қашқари. III т. 1962, 258 б.), В. Радлов Қордай сөзі алтай,
телеуіт тілдерінде «цапля» деп көрсетеді (Радлов В. Опыт словаря Тюркских на-
речий. Т. II. Часть 1 стр. 576). Қоңқашбаев бұл моңғолдың хуртай – «жаңбырлы»
деген сөзінен қойылуы мүмкін дегенді айтады. Біздің пікірімізше, қор сөзі қар
сөзінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі, ал дай тіліміздегі ды, ты жұрнағының
монғол, көне түркі тіліндегі нұсқасы. Демек, Қордай – «қарлы, жаңбырлы» не-
месе Якут тіліндегі Хордогой «биік қырат, тау тізбегі» дегенде тура келетіндей.
Жамбыл
(Жамбыл) – Қордай аудандағы ауыл, ауылдық əкімшілік округінің орталығы.
Ол аудан орталығы – Қордайдан солтүстік-батысқа қараған жерде, бұта ара-
лас түкті бидайық т.б. астық тұқымдасты шөптесін өскен төбелі-жонды келген
таудың қо ңыр, қызыл қоңыр топырақты аңғарында орналасқан. Тұрғыны 1, 8 мың
адамнан асды. 1930 ж. кұрылған элиталық тұқым алатын Георгиевка қызылша
бөлімшесі ре тінде қаланды. Оның негізінде ауылда шаруа қожалыктары мен
ЖШК құ рыл ды. Жамбылда орта мектеп, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт,
т.б. мекемелер бар.