М. Х. Дулати атындағы Тарму-дің Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған



Pdf көрінісі
бет19/110
Дата18.01.2017
өлшемі15,4 Mb.
#2185
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   110

Шығанақ

(Шыганак) – Мойынқұм ауданындағы кент, көл аймағы, кенттік округінің 

орталығы.  Аудан  орталығы  Мойынқұм  ауылынан  солтүстік-шығысқа 

қарай 195 км жерде, Балқаш көлінің оңт.-батыс жағалауында, боз жусан, 

бая лыш, күйреуік, т.б. шөптесін өскен, сұр, сортанды сұр топырақты шөлді 

бел демде орналасқан. Тұрғыны 2, 3 мың адам. Ipгeci 1954 ж. қаланып, қала 

тип тес поселке статусына ие болды. Кентте балық аулаумен айналысатын 

бір неше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Орта мектеп, клуб, кітапхана, 

от басылық-дəрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар. 

Кеңес

(Кенес– Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы ауылдық округ. 

Аудан орталығы Мойынқұм ауылының оңтүстік-шығысында 68 км. Бірлік 

ауылдық округінің құрамынан бөлініп шыққан. 

Қызылотау 

(Кызылотау) – Мойынқұм ауданынындағы ауыл. 

Бұрынғы  Амангелді  ауылы  тұрғындарының  ұсынысына  орай  Қызыл-

отау ауылы болып өзгертілген. 



Бурылбайтал

(Бурылбайтал) – Мойынқұм ауданындағы темір жол стансасы, Шығанақ 

кенттік  округі  құрамында.  Аудан  орталығы  Мойынқұм  ауылынан  солт.-

шығысқа қарай 112 км жерде, боз жусан, баялыш, күйреуік, т.б. шөлдің сораң 

шөптері өскен сортаң, сортаңдау сұр, топырақ қалыптасқан шөлді белдем-

де  орналасқан.  Іргесі 1950 ж.  Мойынты – Шу  темір  жолын  салу  кезінде 

қаланған.  Бурылбайтал  стансасында  орталау  мектеп,  клуб,  фельдшерлің 

пункт бар. Бурылбайтал – бурыл (сын есім) + байтал (зат есім) сөздерінің 

қосылуынан жасалған атау. Мағынасы: «бұл жерде бурыл байталға байла-

нысты оқиға болғанын» білдіреді. 



Байтал 

(Байтал) – Мойынқұм ауданындағы ауыл. 

 Бай (сын есім) + тал (зат есім) сөздерінің қосылуынан жасалған атау бо-

луы керек. Мағынасы «қалың өсіп тұрған тал» дегенді білдіруі ықтимал. 

Ек інші бір жорамал: бұл маңда жылқы малы байталға байланысты бір оқи-

ға болып, содан қойылуы мүмкін. 



Жасұлан

(Жасулан) – е.  м.,  Мойынқұм  ауданы.  Жас  (зат  есім) + ұлан  (зат  есім) 

сөздерінен бірігуінен жасалған атау. Атау ерінбей еңбек етіп, жаңа қоғам 

құрып жатқан жастарға (жас ұландарға, Кеңес дəуіріндегі комсомолдарға, 

т.б.) арналған. 

Қарақамыс

(Каракамыс)  –  е.  м.,  Мойынқұм  ауданы.  Қара  (сын  есім) + қамыс  (зат 

есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Топонимдік мағынасы: «қалың, 

ну қамыс». 

Сарыөзек

(Сарыозек– е. м., Мойынқұм ауданы. Сары (сын есім) + өзек (зат есім) 

сөз дерінің қосылуынан жасалған атау. Мағынасы: «өзектің топырағы неме-

се құмы сары болып жататынын, яғни объектінің түсін» білдіреді. Кейбір 

зерт теушілер «кең, үлкен өзен» дегенді білдіруі мүмкін дегенді айтады. 



Талдыөзек

(Талдыозек– ақ, жер, Мойынқұм ауданы. Талды (туынды сын есім) + 

өзек (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «тал өскен өзек» 

де генді білдіреді. 

Құмөзек

(Кумозек) – а. Мойынқұм ауданы. 

(Кумозек) – а. Шу ауданы;

Бұл атаудың мағынасы: «Жағалауы не болмаса табаны майда құм, қайраң 

бо лып келгендіктен аталса керек». 

Биназар

(Биназар) – а. о. Мойынқұм ауданы. 

Биназар баба əруағын есте қалдыру мақсатында бұрынғы ауылдың аты 

өз гер тіліп қойылған. 



МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

190

191

Биназар батыр шамамен 1802-1860 ж. өмір сүрген Ұлы жүздің дулат тай-

па сының шымыр руынан. Ол Қоқан хандығына қарсы күресте Сыпатай ба-

тыр дың сенімді серігінің бірі болған. Жасы ұлғайған шағында Шу өзеніне 

тоған салып, ауылын егіншілікпен айналысуға баулыған. Биназар батырдың 

бе йіті Хантау қыратының Сұңқар деген шоқтығында орналасқан. 



Бурылбайтал

(Бурылбайтал) – кент. Мойынқұм ауданы. 

Бурыл  (сын  есім) + байтал  (зат  есім)  сөздерінің  қосылуынан  жасалған 

атау. «Бұл жерде бурыл байталға байланысты оқиға болғанын» білдірумен 

бай ланысты аталғаны байқалады. 

Жиделі

(Жидели) – Мойынқұм ауданынындағы ауыл. 

Жиделі (зат есім) сөзіне –лі сын есім тудыратын жұрнақ қосылуы арқылы 

жасалған атау. Атау осы елді мекен мен оның төңірегінде жиде ағаштың 

көп екенін білдіреді. 

Кіші Қамқалы 

(Киши Камкалы) –Мойынқұм ауданынындағы ауыл. 

Қамқа  сөзі  түркі  тіліне  парсы  тілінен  ауысқан.  Мағынасы – құндыз. 

Мойынқұм  ауданындағы  Кіші  Қамқалы  көлінің  айналасындағы  шағын 

ауыл осы атауға орай Кіші Қамқалы деп аталған. 

Қияқты

(Киякты) – Мойынқұм ауданындығы ауыл, темір жол стансасы. 

Қияқ (зат есім) сөзіне сын есім тудыратын –ты жұрнағы қосылу арқылы 

жасалған атау. Мағынасы: «сабағы үш қырлы, жапырағы таспа пішінді көп 

жылдық шөптесін өсімдіктің» бұл маңда көп өсетінін білдіреді. 

Назарбеков Айтбай

(Айтбай Назарбеков) – Мойынқұм ауданындағы ауыл. 

Бұрынғы  Жасұлан  ауылының  аты  өзгертіліп,  ауыл  тұрғындарының 

ұсынысына орай А. Назарбековты есте қалдыру мақсатында қойылған. 

Назарбеков Айтбай (5. 6. 1922, Сарысу ауд. Байқадам с. – 29.03.1993, Ал-

маты қ.) – қоғам қайраткері. Қапланбек а.ш. техникумын (1941), Алматы 

Жоғары партия мектебін (1956) бітірген. 1941-45 ж.  2-дүниежүз. соғысқа 

қа тысты. 1946-56 ж.  Сарысу ауданы атқару комитетінің хатшысы, 1956-61 ж. 

Жамбыл  ауд.  атқару  комитетінің  төрағасы, 1961-63 ж.  Көктерек  ауд. 

партия  комитетінің  бірінші  хатшысы, 1963-65 ж.  Шу  аудандық  атқару 

коми те тінің  төрағасы, 1965-83 ж.  Мойынқұм  ауданы  партия  комитетінің 

бірінші хат шысы. Назарбеков Айтбай Мойынқұм ауданын басқарған жыл-

дары  қаракөл  қойының  саны  мейлінше  көбейіп,  жүгеріден,  бау-бақша 

мен  көкөніс  түрлерінен  аса  жоғары  өнімдер  алуға  қол  жеткізді.  Ол 8-9- 

шақырылған  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  депутаты  болып  сайланды. 

Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Ту орденімен, медальдармен, Қазақ КСР 

Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 

Аманкелді

(Амангельды) – а. Мойынқұм ауданы. 

Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай ҚР Үкіметінің жанындағы Мем-

ле кеттік ономастика комиссиясының 1997 жылы 6-ақпандағы ұйға ры мы-

мен Қызылотау ауылы болып өзгертілген. 

Бірлік

(Бирлик) – Мойынқұм ауданындағы ауыл, ауылдық округ. «Бірлікте, ын-

ты мақтастықта  болайық»  жəне  халықтың  «Бірлік  бар  жерде,  тірлік  бар» 

деген мəтеліне сай мағынаны білдіреді. 



Күлтабан

(Култабан) – орта  ғасырлардағы  шағын  қаланың  орны.  Мойынкұм  ау-

даны, «Бірлік»  ауылының  батыс  жағында 5 км  жерде.  Бұл  төңіректе 

«Төрткүл», «Күлтабан» деп аталатын шағын қалалардың орындары өте көп. 

Шу өзенінің бойын қуалай бір-бірінен 10 – 15 км қашықтықта орналасқан. 

Күлтабанды 1948 ж.  Орталық  Қазақстан  археологиялық  экспедиция-

сы  (жетекші  Ə.  Х.  Марғұлан)  зерттеді.  Күлтабаннан  алынған  көзелерге 

қарағанда, оның тұрғындары б. з. X-XIV ғасырларда өмір сүрген. Олар су-

армалы жер шаруашылығымен айналысқан. 

Орта Ақтөбе

(Орта Актобе) – Қазақстандағы орта ғасырлардан сақталған ежелгі қала 

орны.  Мойынқұм  ауданының  орталығы  Мойынқұм  ауылының  солтүстік-

шығысына қарай 65 км жерде, Шу өзенінің ескі арнасының оң жағалауында 

орналасқан. 1948 ж. Қазақстан FA-ның Орталық Қазақстан археологиялық 

экспедициясы (жетекшісі Ə. Марғұлан) зерттеген. Қала орны төртбұрышты 

төбе. Биіктігі 5-10 м. Төбе үстінде ауданы 140x90 м

2

 жазық алаң бар. Алаң 



айнала бекініспен қоршалған. Бекініс қалдығының биіктігі 1 м. шамасын-

да. Оның ұзына бойында жəне бұрыштарында биік мұнаралар болғандығы 

байқалады. Mұнаралар қалдықтарының биіктігі 1 – 1,5 м. Археологиялық 

зерттеу  нəтижесінде  табылған  заттар  (негізінен,  қыштан  жасалған  ыды-

стар), қаланың б. з. XII ғасырларына жататындығын көрсетеді. 


МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

192

193

Тыңқұдық

(Тынкудык) – көне қала орны. Мойынқұм ауданы Қызылотау ауылынан 

солтүстік-шығысқа  қарай 5 км  қашықтықта  орналасқан. 1982 ж.  ҚазМУ 

(қазіргі əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) археологиялық от-

ряды (жетекшісі М. Елеуов) pthnntuty. Қазіргі орны екі бөліктен немесе екі 

қабаттан тұратын төбе. 1986 ж. қазба жұмыстары жүргізілген. Оңтүстікке 

қарай 70 м,  батыстан  шығысқа  қарай 50 м,  биіктігі 1, 5 м.  Ал,  жоғарғы  

жағының  көлемі 40x50 м,  биіктігі 1 м.  Үстіне  бүгінгі  уақытта  қажетті 

триангуляциялық  белгі  орнатылған.  Зерттеу  жұмысы  негізінде  қаланың 

X-XII  ғасырларда  өмір  сүргендігі  анық тал ды.  Қала  орнынан  құмыралар, 

тостағандар жəне т.б. керамикалық ыдыстар та былды. 

Үлкен Ақтөбе

(Улкен  Актобе) – көне  қала  орны.  Мойынқұм  ауданы,  Қызыл  ту  ауы-

лынан  солтүстікке  қарай 6 км  қашықтықта  орналасқан.  Алғаш 1948 ж. 

Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетек. Ə. Х. Марғұлан) 

ашқан. 1982, 1984, 1986 ж.  ҚазМУ  (қазіргі  əл-Фараби  атындағы  Қазақ 

ұлттық  уни верситеті)  археологиялық  экспедициясы  жоспарын  түсіріп, 

қазба жұмыстарын жүргізді. 2000 ж. KP FA Археология институты жанын-

дағы  Оңт.  Қазақстан  кешенді  археол.  экспедициясы  (жетекшісі  К.  Бай-

пақов)  қайта  зерттеді.  Қазіргі  орны  əлемнің  төрт  тарапына  бұрыштары 

бағытталған екі қабаттан тұратын төбе. Астыңғы төбешік орнының көлемі 

солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 м, батыстан шығысқа қарай 90 м, биіктігі 

1 м. Төбешік тің ортасында тік төртбұрышты келген, көлемі 50 м, биіктігі 

5 м ек інші төбешік бар. Төрт мұнара бұрыштарына орналасқан, тек солтүстік 

жə не шығыс бөліктерде екі жерде (ортаңғы тұста) ғана мұнара қалдықтары 

сақ  талған. Екінші алаңға кіру есігі шығыс қабырғасы жағында. 1982 жəне 

1986 ж. жүргізілген қазба жұмыстары көп нəтижеге қол жеткізуге мүмкіндік 

бер ді. Ескерткіштің батыс, оңтүстік-шығыс бөліктерінде ұзындығы 16 м, 

ені 1-1,6 м, тереңдігі 6,5 м жерді алатын қазба жұмысы жүргізіліп, қа ла-

шық тың  бекініс  қабырғалары  бес  кезеңді  қамтитындығы  мəлім  болды. 

Зерт теу барысында құм (хум), құмыра, т.б. шаруашылық бұйымдары көп-

теп жинастырылды. Археологиялық ізденістер нəтижесінде Yлкен Ақтөбе 

қа лашығын тұрғындары VII-XII ғасырларда мекендегені айқындалды. 



Шары 

(Шары) – көне қала орны. Мойынқұм ауданы Қызылту ауылынан сол түс-

тік ке қарай 6 км қашықтықта орналасқан. 1989 ж. ҚазМУ (қазіргі əл-Фараби 

ат ындағы  Қазақ  ұлттық  университеті)  археологиялық  экспедиция сы  (же-

тек шісі  М.  Елеуов)  ашып,  онда  алғашқы  зерттеу  жұмыстарын  жүр гізді. 

Шары орны екі төбеден тұрады. Бірінші оңтүстік төбе көлемі 320-340x280-

320  м,  биіктігі 2,5 м.  Екінші  солтүстік  алаң  үшбұрыш  пішіндес (320х60х

180  м).  Қазба  жұмыстары  барысында  керамикалық  ыдыстар  табыл ды. 

Зерттеу жұ мыс тары Шарыда тұрғындар X-XIV ғасырларда өмір сүр ген деп 

болжау жа сауға мүмкіндік береді. 



ЬІнталы

(ЬІнталы) – көне қала орны. Мойынқұм ауданы Ынталы ауылының сол-

түс    тік-шығыс шетінде орналасқан. 1986 ж. ҚазМУ (қазіргі əл-Фараби ат-

ын дағы  Қазақ  ұлттық  университеті)  археологиялық  отряды  (жетекшісі 

М. Елеуов) ашып, алғашқы зерттеу жұмысын жүргізген. Қала орны төбешік 

пі  шіндес, биіктігі 2,3 м, солтүстік-шығыстан оңтүстік – батысқа қарай 85 

м-ге созылып жатыр. Қазба жұмыстары кезінде табылған қыш құмыралар 

он  ың X-XII ғ-да өмір сүргенін көрсетеді. 



Ыстөбе

(Ыстобе) – көне қала орны. Мойынқұм ауданы Ынталы ауылынан сол-

түс  тікке  қарай 12 км  қашықтықта  орналасқан. 1980 ж.  Жамбыл  облы-

сы  тарихи-өлкетану  музейінің  археологиялық  экспедициясы  (жетекшісі 

К. Байбосынов) тауып, алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ыстөбенің 

қа зіргі орнының биіктігі 3,8 м, солтүстіктен оңт-ке 66 м-ге созылып жат-

қан  төбешік. 1986 ж.  ҚазМУ  (қазіргі  əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлт-

тық  университеті)  археологиялық  отряды  (жетекшісі  М.  Елеуов)  қазба 

жұмыстарын жүргізіп, керамикалық ыдыстарды аршып алды. Зерттеу нə-

ти желері Ыстөбенің X-XII ғасырларда өмір сүргенін көрсетеді. 



Төрткүл

(Торткул) – ортағасырдағы қаланың орны. Жамбыл облысының Мойынқұм 

ау данындағы Бірлік елді мекенінің оңтүстік – батысында 5 км жерде. 1948 ж.  

Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Қаланың орны 

бұрыштары төрт тағанға қаратылған тік бұрышты алаңнан тұрады, ауданы 

200x180м. Негізгі алаңнан солтүстік жəне шығыс жағында құрылыс ор ын-

дарының қалдықтары, ал оңүстік-батысы мен оңтүстік-шығыс жағында кө-

не канал орны сақталған. Оңтүстік-батысы басқа үш жағы топырақ үй ін ді-

ле рімен қоршалған, қала VIII-XIV ғасырларды өмір сүрген. 

Шеңгелді

(Шенгелди) – көне  қала  орны.  Мойынқұм  ауданы,  Ынталы  ауылынан 

шы ғысқа қарай 12 км қашықтықта орналасқан. 1989 ж. ҚазМУ (қазіргі əл-

Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) археологиялық экспедиция-

сы (жетекшісі М. Елеуов) тауып, алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген. 

Қала солтүстіктен шығысқа қарай 85 м-ге созылып жатқан, биіктігі 2,3 м 

болатын  төбе  болып  келеді.  Теріліп  алынған  материалдар:  құм  (хум), 


МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

194

195

құмыра,  табакша,  т.б.  сынықтары.  Олардың  дені  сырланбаған  ыдыстар. 

Қазба жұмыстары барысында табылған қыш ыдыстар оның X ғасырларда 

өм ір сүргенін көрсетеді. 



Ақсүйек

(Аксуйек) – өзен. 

Жамбыл  облысының  Мойынқұм  ауданындағы  өзен  атауы.  Ақсүйек, 

ұзындығы 70 км. су жиналатын алқабы 321км

2

. Айтау жотасының солтүстік 



бет кейінен  басталып,  Қошқарбай  сорына  жетпей  жерге  сіңіп  кететін 

көрінеді. Наурыз айының екінші жартысында тасиды. Жазда қарасуларға 

бө лініп қалады. Суы кермек, тек мал суаруға жарайды. 

Қарасай

(Карасай) – Мойынқұм аумағындағы өзен. 

Іле алабында. Ұзындығы 80 шақырым, су алабы 1960 км

2

. Майжарылған 



та уының  солтүстік–шығыс  беткейінен  басталып,  Балқаш  көліне 7-8 

шақырым жетпей тартылып қалады. Арнасы жоғарғы жəне орта бөлігінде 

тік (10-50 м), төменде кеңейеді. Жылдық орташа су ағыны 0, 18 м

3

/с. Мал 



суарылады. 

Балқаш

(Балхаш) – Қазақстанның  оңтүстік-шығысындағы  тұйық  көл.  Аумағы 

жөнінен  Каспий,  Арал  теңіздерінен  кейін 3-орында.  Алматы,  Жамбыл, 

Қарағанды  облыстарының  шегінде,  Балқаш – Алакөл  ойысында,  теңіз 

деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Суының көлемі 100-110 км. куб. Басты 

айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе. 



Қашқантеңіз

(Кашкантениз) – Жамбыл  облысының  Мойынқұм  ауданындағы  тұйық 

көл. 

Балқаш көлінің батыс жағында Қашқантеңіз шығанағымен ертеде қос-



ылып жатқан. Ауданы 18, 5 км

2

. Ұзындығы 22, 5 м. Ені 4, 3м. Тереңдігі 1, 



4  м.  Солтүстік-шығыстан  соққан  күшті  желдің  əсерінен  толқын  айдаған 

Балқаш суы кейде Қашқантеңіз көліне құяды. Суы тұзды, жағалауы сортаң 

батпақты. 

Сарыбұлақ өзені

(Сарыбулак) – Хантау кенттік аймағында орналасқан. Сұңқар тауының 

бау райынан  бірнеше  өзендер  (ұзындығы 15-25 шақырым)  бастау  алады. 

Олар дың ең ірісі Сарыбұлақ өзені. 

Хантаудың беткейлері өзен аңғарларымен, сай-жыралармен қатты ті лім-

дел ген. Ақсүйек, Үлкен жиделі т.б. өзендер бастау алады. 



Сарыбұлақ

(Сарыбулак) – Айтау тауындағы өзен. 

Мойынқұм ауданы жерінен ағады. Ұзындығы 82 км, су жиналатын алабы 

210 км


2

. Бастауын Айтаудың шығыс баурайынан алып əуелде солтүстікке, 

одан кейін батысқа қарай бұрылып ағады да Сексеуілдала жазығына жетпей 

тар тылып қалады. Арнасында су тек көктем айларында (наурыз – мамыр) 

бо лады.  Жауын-шашын  жəне  жер  асты  суларымен  толығады.  Жағалауы 

мал жайылымы үшін пайдаланылады. 



Шу

(Шу) – Қазақстан  мен  Қырғызстан  жерінде,  облыстың  Қордай,  Шу, 

Мойынқұм, Сарысу аудандары жерімен ағып өтетін өзен. Қазақстан ау ма-

ғын дағы ұзындығы 800 шақырым, су жиналатын алабы 62,5 км

2

. Теріскей 



Алатауы мен Қырғыз Алатауындағы мұздықтардан басталатын Жуанарық, 

Қошқар өзендерінің қосылуынан қалыптасады. 

 Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Ащыкөл-Ақжайқын ойысына 

құя ды. Ірілі-уақты 80 саласы бар. Қорағаты, Меркі, Ақсу т.б. Бетпақдала 

ар қылы ағады. Арнасының ені орта ағысында 50-100 м, төменгі жағында 

40-60 м-дей. Орта ағысындағы ең терең жері 2, 8 м, төменгі бөлігінде 4, 5 

м. Негізінен, мұздық жəне қар суымен толығады. Жылдық ағынның 15%-

ға  жуығы  көктемде, 58% жаз-күз  айларында, 27% қыста  өтеді.  Жылдық 

орташа су өтімі 77 м/с (Қызылотау (Амангелді) а. тұсында), жылдық ағыны 

2426 млн м

3

, шілде – тамыз айларында суы болады, Желтоқсан – наурыз 



айларында қатады, мұзының орташа қалыңдығы 64-74 см. Суының орташа 

лайлылығы 820 г/м, ағып келетін жылдық тасқынның мөлшері 1800 млн м

3



Жазда судың орташа температурасы 22-23, ең жоғарғы температурасы 26,7 



(шілдеде) жетеді. Сазан, табан, жайын, қаяз, т.б. балықтар бар. Шу бойын-

да  Тасөткел  бөгені,  Тасөткел  суару  жүйесі  салынған.  Егіндік  пен  жа йы-

лым    ды суару жəне суландыруға Шу өзені суының 55%-ы жұмсалады. Өзен 

бо  йындағы ірі елді мекендер: Шу, Бірлік, Төле би жəне Мойынқұм. 



Құмөзек

(Кумозек) – с. с., Мойынқұм ауданы, құм (зат есім) + өзек (зат есім) сөз-

де рі нің  қосылуынан  жасалған  атау.  Жағалауы  не  болмаса  табаны  майда 

құм, қай раң болып келген өзен аты. 



Қарасай

(Карасай) – Мойынқұм аудандағы өзен. Іле алабында. Ұзындығы 80 км, 

су жиналатын алқабы 1960 км

2

. Қарасай Майжарылған тауының сол түс тік-



шығыс беткейінен басталып, Балқаш көліне 7-8 км жетпей тартылып қа-

лады. Арнасы жоғарғы жəне орта бөлігінде тік, төменде кеңейеді; Жыл дық 

орташа су шығыны 0, 18 м/сек. Мал суарылады. 


МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

196

197

Балқаш

(Балкаш) – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. 

Аумағы  жөнінен  Каспий,  Арал  теңіздерінен  кейінгі 3-орында.  Алма-

ты,  Жамбыл  (Мойынқұм  ауданы),  Қарағанды  облыстарының  шегінде, 

Балқаш – Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ау-

даны құбылмалы: 17-22 мың км

2

, ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс 



бөлігінде 9-19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көл. шамамен 

100-110 км

3

. Су жиналатын алабы 500 мың км



жуық. Орташа тереңд. 6 м, ең 

терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 

78, 2%-ін береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15, 1%), Лепсі (5, 4 %), Ақсу 

0, 43% өзендері  құяды.  солтүстіктен  ағатын  Аягөз,  Бақанас,  Тоқырауын, 

Жəмші,  Мойынты,  т.б.  өзендер  əдетте  көлге  жетпей  сарқылады.  Көлдің 

солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып 

жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді жəне көптеген жыра-жылғамен 

ті лімделген, ал, оңт. жағалауы – суы біртіндеп тартылған кезде жиналған 

шө гінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қой-

нау лары бар, аралдары аз, үлкендері Басарал, Тасарал. Балқаш туралы ал-

ға шқы жазба деректер XIII ғасырдан белгілі. 

Көлді тиянақты зерттеу XVII ғасырда басталды. Орыс картографы жəне 

тарихшысы С. У. Ремезов 1695 ж. «Чертежи всех сибирских городов и зе-

мель» атты атласында Балқашты «теңіз» деген атаумен көрсеткен. XVIII ға-

  сырдың  басында  көлде  геодезиялық  өлшеу  жұмыстары  жүргізілді. 

Балқаш XIX ғасырда Клапроттың (1836) жəне швед картографы И.Г. Рен-

ат тың  (Жоңғарияның  картасын  жасаған)  карталарында  бейнеленді. 

П.В. Рихтгофен (1877) мен В.Ф. Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш 

ту ра  лы деректер бар. Б-ты зерттеуге басқа да Ресей ғалымдар (И.В. Мушке-

тов, А.М. Никольский, Л.С. Берг, т.б.) атсалысты. Қазақстың ұлы ғалымы 

Ш.  Уəлиханов  та  Балқаш  алабын  зерттеп,  сипаттаған. 1920 жылдан  ба-

стап  Балқаш  көлін  кешенді  зерттеу  басталды,  көптеген  экспедициялар 

(П.Ф.  Домрачев,  В.  Н.  Абросов,  Л.И.  Лев,  Н.М.  Страхов,  Д.Г.  Сапожни-

ков,  М.Н.  Тарасов)  ұйымдастырылды.  Көлдің  экол.  жағдайын,  суының 

химиялық  құрамын,  өсімдік,  жануарлар  дүниесін,  алабының  физикалық-

географиялық  сипатын  зерттеумен 1970-90 ж.  Қазақстан  ҒА-ның  инсти-

туттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, бірнеше 

жобалау  институттары  т.б.  айналысты.  Бұл  жұмыстардың  нəтижесінде 

көлдің  табиғи  орнықтылығын  сақтап  қалуға  бағытталған  нақты  шаралар 

белгіленді,  олардың  біразы  жүзеге  асырылып,  көл  деңгейінің  құлдырауы 

тоқтатылды.  Көл  шөл  жəне  шөлейт  климаттық  белдеуде  орналасқан. 

Қаңтардағы орташа температура –15, –17, шілденің орташа температура-

сы 24. Жауын-шашынның  жылдық  орташа  мөлшері 120 мм.  Ауаның  са-

лыстырмалы ылғалдылығы 55-66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 

4,5 – 4, 8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде, көбінесе солтүстіктен, шығысында 

солтүстік-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын бола-

ды. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін 

ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сəуірдің ортасында 

мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы 

мұздықтар еріген кезде (маусым – шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп 

жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері 3 метрден асады. 20 ғ-да Балқаш 

көлінің деңгейі 1908 жəне 1961 ж. көтеріліп, 1946 жəне 1978 ж. төмендегені 

байқалды. 

1970 жылдан бері Іле өзені бойында Қапшағай бөгенінің салуына бай-

ланысты  көлдің  табиғи  гидрол.  режимі  көп  өзгеріске  ұшырады.  Бал-

қаш – жартылай  ащы  көл.  Суының  химиялық  құрамы  көл  алабының  ги-

дрогр.  ерекшеліктеріне  байланысты.  Көлге  сұғына  еніп  жатқан  Сарыесік 

түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрол. жəне гидрохим. жағынан бір-бірінен 

өзгеше  батыс  жəне  шығыс  бөліктері  ені 3,5 км  Ұзынарал  бұғазымен 

жалғасады.  Судың  минералдылығы  мен  тұздылығы  бұл  екі  бөлікте  екі 

түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс 

бөлігінің суы тұщы (0,5 – 1 г/л), түсі көгілдір, ашық көк. Балқаш фаунаға 

бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жəндіктердің дернəсілдері, шаян 

тəрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-

дан  астам  түрі  бар,  мұның 6 түрі  ежелден  көлдің  өзінде  өскен  балықтар 

(Іле,  Балқаш  көкбасы,  Балқаш  алабұғасы,  т.б.),  қалғандары  басқа  жақтан 

əкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық 

(жылына 9 – 10 мың  т) – сазан,  көксерке,  Балқаш  алабұғасы,  маринка, 

аққайран.  Көл  суы  жағалауындағы  (Балқаш  кен-металлургия  комб.,  т.б.) 

мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су 

көлігі қатынайды. Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет