М. Х. Дулати атындағы Тарму-дің Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған



Pdf көрінісі
бет18/110
Дата18.01.2017
өлшемі15,4 Mb.
#2185
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   110

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

180

181

Биiк


Биик

төбешік


буг. 

Мойынқұм ауд. 

Көкқамыс

Коккамыс


төбешік

буг. 


Мойынқұм ауд. 

Шөл


Шоль

төбешік


буг. 

Мойынқұм ауд. 

Шың

Шын


төбешік

буг. 


Мойынқұм ауд. 

Қараүңгiр

Караунгир

төбешік


буг. 

Мойынқұм ауд. 

Төкен

Токен


төбешік

буг. 


Мойынқұм ауд. 

Жаманжол


Жаманжол

төбешік


буг. 

Мойынқұм ауд. 

Төрттау

Торттау


төбешік

буг. 


Мойынқұм ауд. 

Бұлдырық


Булдырык

төбешік


буг. 

Мойынқұм ауд. 

Көктал

Коктал


төбешік

буг. 


Мойынқұм ауд. 

Холмы


Холмы

төбешік


буг. 

Мойынқұм ауд. 

Үлкенсай

Улькенсай

төбешік

буг. 


Мойынқұм ауд. 

Ортатөбе


Ортатобе

төбешік


буг. 

Мойынқұм ауд. 

Қызқазғанбиiк

Кызказганбиик

шоқылар

сопки


Мойынқұм ауд. 

Андассай-

Қараоба

Андассай-



Караоба

шоқылар


сопки

Мойынқұм ауд. 

Құмитжон

Кумитжон


құм

пески


Мойынқұм ауд. 

Қызылкемер

Кызылкемер

сор


сол. 

Мойынқұм ауд. 

Қошқарбай

Кошкарбай

сор

сол. 


Мойынқұм ауд. 

Теспе


Теспе

сор


сол. 

Мойынқұм ауд. 

Соркөл

Сорколь


сор

сол. 


Мойынқұм ауд. 

Алакөл


Алаколь

сор


сол. 

Мойынқұм ауд. 

(Жамб. обл.) Балқаш 

ауд. (Алм. обл) шек. 

Жыландысай

Жыландысай

аңғар

долина


Мойынқұм ауд. 

Құланкетпес

Куланкетпес

аңғар


долина

Мойынқұм ауд. 

Сарыой

Сарыой


аңғар

долина


Мойынқұм ауд. 

Кеңшаңырлы

Кеншаңырлы

сай


бал. 

Мойынқұм ауд. 

Аққұдық

Аккудық


жырасай

лог


Мойынқұм ауд. 

Шаянтассай

Шаянтассай

жырасай


лог

Мойынқұм ауд. 

Үйеңкелiсай

Уйенкелисай

жырасай

лог


Мойынқұм ауд. 

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ 

(Мойынкум) – облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде орналас-

қан əкімшілік бөлік. Оның жалпы жер аум. 55, 5 мың км

2

 (облыстың 42% ау-



ма ғын алып жатыр). Мойынқұм ауданына Бельгия, Израиль, Ливан секілді 

бір  неше мемлекет сыйып кетер еді. Аудан батыстан шығысқа қарай 330 км, 

ал оңтүстіктен солтүстікке қарай 275 км- ге созылып жатыр. Тұрғындар са-

ны 34, 7 мың адам. Аудан аумағындағы 27 елді мекен бар, олар15 ауылдық-

əкім ші лік округтерге біріктірілген. 

Мойынқұм  а уданының  басым  көпшілік  жері  Бетпақдаланың  шығыс 

бө    лі гін  алып  жатыр.  Шығысында  жəне  соған  жалғас  аймағын  Болаттау, 

Бет пақ тау,  Байқара,  Желтау,  Шоғырлы,  Жамбыл,  Акжол,  Майжарылған, 

Қойжарылған, Аңырақай, Үлкен Тасоба, Ақыртау, Бурылтау, Бақтау сияқ ты 

ала са таулар құрайды. Жер қойнауынан вольфрам, молибден, мырыш, ал-

тын, қоңыр көмір, мұнай, газ, құрылыс материалдары барланған. Олардың 

кейбіреулері өн ді рі леді. Климаты тым континентті, қысы біршама салқын, 

солтүстік  аязды,  жа зы  ыстық,  қуаң,  аңызақты.  Ауданның  негізгі  су  көзі 

–  Шу  өзені.  Өзен  ауданның  мал  шаруашылығы  мен  егін  шаруашылығын 

өр кендетуде негізгі рөл атқарады. Басын Қырғыз Алатауынан алып, аудан 

жеріне жеткенге дейін Қорағаты өзені Шуға сол жағынан қосылады. Аудан 

орталығы Мойынқұм жəне Кіші Қамқалы ауылдары тұсында бірнеше саға 

мен қолтықтарға бөлінеді. Шудан басқа Былқылдақ, Сарыбұлақ, Ақсүйек, 

Қарасай, Андасай, Ақсай, Тоғыз, т.б. бірнеше ірілі-ұсақты өзендер бар. Ау-

дан жерінде Балқаш, Алакөл, Қаракөл, Тұздыкөл сияқты көлдер де аз емес. 

Аудан жерін табиғатына, жер құрылымына, ауа райына қарап, негізінен, 

4  аймақка  боледі.  Бірінші  аймаққа – Шу  бойының  ну  шалғынды,  қалың 

қамысты  аңғарлары  мен  өзектері  жатады.  Жері  шаруашылыққа  қолайлы 

болғандықтан,  елді  мекендердің  басым  бөлігі  өзен  бойында  орналасқан; 

екінші  аймақ-Мойынқұм  құмы.  Құмның  қысы  малға  жайлы.  Қap  жұқа 

түседі.  Құмда  сексеуіл,  жүзгін,  жыңғыл  сияқты  бұталы  өсімдіктер  өседі; 

үшінші аймақ – Бетпақдала. Оның ауа райы құрғақ. Ол түрлі аң-құстармен 

ерекшеленеді.  Мұнда  қасқыр,  қоян,  ақбөкен,  қарақұйрық,  елік,  арқар, 

мəлін, қарсақ, түлкі, ондатра сияқты аңдар жəне қырғауыл, шіл, бұлдырық, 

бөдене, қаршыға, бүркіт, үйрек, қаз т.б. құстар көптеп кездеседі; төртінші 

аймақ – Сарыарқа жайылымы. Жаз айларында бұл аймақ малға қолайлы. 

Аймақтардың  барлығы  дерлік  шөл  жəне  шөлейт  белдемде  орналасқан. 

Ауданның шығысындағы Жамбыл тауына дейін «Андасай» қорығы кеңінен 

созылып жатыр. Мойынқұм ауданында, негізінен, қазақтар (84, 1%), оры-

стар (13%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың 1 км

2

-ге шаққандағы орта-



ша тығыздығы 0, 6 адам. Ipi елді мекендері: Мойынқұм (8, 7 мың адам), 

Бірлік (3, 6), Кеңес (2, 0) Ұланбел (1, 4), Биназар (1, 3), Қылышбай (1, 1), 



МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

182

183

Қызылту (1, 1) ауылдары жəне Шығанақ (2, 3), Мирный (1, 8), Аксүйек (1, 

5) кеніттері. 

Мойынқұм  ауданында 1997 ж.  дейін  негізінен,  қаракөл  қойы,  оған  қо-

сым  ша етті-сүтті мал, мүйізді ірі қара, жылқы, түйе өсірген, сондай-ақ, кө-

кө  ніс,  бақша  өсіруге  маманданған 13 кеңшар  болған.  Олар 1997 жылдан 

ак   ционерлік қоғамдарға (2), кооперативтерге (2), ЖШС-ке (1) жəне шаруа 

қо жалықтарына (331), т.б.  шаруашылық  субъектілеріне  біріктірілген.  Қа-

зір   гі уақытта аудан экономикасының негізгі бөлігін өнеркəсіп саласы құ-

рай    ды.  Мойынқұм  ауданында  кен  байлықтарының  түрлері  жəне  қорлары 

мол. Кен байлықтары балансының қоры: алтын – 220 т, күміс – 1370 т, көмір 

– 642 млн т, барит рудасы – 12 млн т, гранит 631, 5 мың м

3

, флюорит руда-



сы 1, 5 млн т, қорғасын – 784 мың т, мырыш – 529 мың т, цемент шикізаты 

– 82, 6 млн т-ны құрайды. Осылардың ішінде қазір ауданда алтын, күміс, 

барит, гранит жəне көмір өндірілуде. Ipi өнеркəсіптік кəсіпорындардан (12) 

«Ақбақай кен байыту комбинаты» АҚ (алтын), «Шығыс кен басқармасы» 

АҚ  (барит), «Батыс  кен  басқармасы»  АҚ  (барит), «Оргстрой»  ЖШС-і, 

«Көптас»  ЖШС-і  (гранит), «Құлан TB» ЖШС-і  (көмір), «Асхат-балық» 

ЖШС-і  (балық),  одан  басқа  «Жамбыл», «Ұланбел», «Көктерек»  ӨК  бар. 

Одан басқа аудандық дəрежедегі тұтынушылар кооперативі, телекоммуни-

ка  ция торабы, мемлекеттік пошта торабы, электрлендіру жүйесінің ме ке-

месі, Мойынқұм су шаруашылығы жүйесінің басқармасы, т.б. мекемелер 

ха   лыққа қызмет етеді. Ауданда ауыл шаруашылығына берілген жерінің ау-

мағы (2001) 2, 1 млн га, оның ішінде ауыл шаруашылығы пайдаланылған 

жер лер 1, 3 млн га. 2001 ж. ауданда 8, 8 мың га жерге егістік отырғызылды, 

ша  бындығы 59, 3 мың га, жайылымы 1, 22 млн га жерді құрады. Егістіктің 

60 га жеріне бидай, 240 га жеріне арпа, 1100 га жерге күздік көкөніс, 256 га 

бақша, 220 га күнбағыс, 540 га жерге мал азығы егілді. Аудан 2001 ж.  ті рі 

салмақтағы ет (2, 9 мың т), сүт (6, 1 мың т), жүн (198 т), жұмыртқа (2, 0 млн. 

дана), 2, 4 мың т астық, 955 т картоп, 343 т. көкөніс өнімдерін алды. 2002 

жыл  дың басында ауданында 15, 3 мың мүйізді ірі қара, 120 мың бас қой 

мен ешкі, 3, 7 мың жылқы, 1043 түйе, 189 шошқа, 49, 3 мың құс болды. 

«Тасөткел» бөгенінен жіберілетін егін суын реттейтін «Сушар» ЖШС-і ұй-

ым    дастырылды. 

Аудан бойынша тұрғындардың əлеуметтік-тұрмыстық жағдайы 1995 – 97 

жылдарға қарағанда жақсарды. 2002 ж. аудан аумағында жалпы білім беретін 

31 мектеп, кəсіптік мектеп, оқу-өндірістік мектепаралық комбинаты, 3 ба-

ла бақша, мəдениет үйі, 10 клуб, 16 кітапхана, мұражай, 2 аурухана, 1 ем-

хана, 8 отбасылық-дəрігерлік амбулатория, 18 фельдшер-акушерлік пункт, 

23 пошта бөлімшесі, 21 байланыс нүктелері бар. Мойынқұм ауданында 32 

мə дени жəне тарихи ескерткіштер, олардың ішінде екі мəрте Социалистік 

Еңбек Epi ж. Қуанышбаевқа арналған 2 ескерткіш (Moйынқұм жəне Бірлік 

ауылдарында),  Екінші  дүниежүзілік  соғыста  қайтыс  болған  боздақтарға 

(1974 ж. орнатылған), Сəкен Сейфуллинге арналған бюст (Мойынқұм ауда-

ны, 1979) орнатылған. Елді мекендерден тыс жерлерде 27 көне тарихи ес-

керт кіш  орындары  табылып  зерттелуде.  Аудан  жерінен  елімізге  белгілі 

Еңбек Ерлері Ж. Қуанышбаев, Д. Итбасова, Қ. Біртаев, Ш. Шəріпбаев, көп-

те ген  орден,  медальдардың  иегерлері  Ə.  Төлепбергенов,  С.  Əжітүрлиев, 

Б. Оспанов, М. Қойшыбеков, Н. Туғанбаева, Ш. Тайбағаров сияқты адамдар 

шық  қан.  Халық  Қаһарманы  Қайрат  Рысқұлбеков  Мойынқұм  ауданының 

Бір лік  ауылынданда  туып-өскен.  Аудан  жерімен  Тараз-Шу-Мойынқұм – 

Ұланбел автомагистралі жəне Тараз-Шу Шығанақ-Қашқантеңіз темір жол-

да ры өтеді. 

1929 жылы 31 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 

Қау лысына байланысты, бұрынғы Көктерек ауданының аумағында қазіргі 

Мойынқұм ауданы құрылды. Орталығы Фурмановка ауылы болды. 

Мойынқұм ауданы Оңтүстік Қазақстанның орталығына жуық 40-46 гра-

дус солтүстік енділікпен 68-74 градус шығыстық- бойлық аралығына ор-

на ласқан. Аудан солтүстік жағынан Қарағанды облысынан 190 шақырым 

қа  шықтықты  қамтитын  аумағымен  шектессе,  шығыс  бөлігінде  Балқаш 

кө лінің 115 шақырым жиегін жерлерді басып өтеді. Оңтүстік шекара 180 

шақырым Шу, 120 шақырым Т. Рысқұлов аудандарымен шек теседі. 



Мойынқұм 

(Мойынкум) – Жамбыл  облысының  солтүстік-шығыс  бөлігіндегі  əкім-

шілік бөлік. Жер аумағы 55, 5 мың км². Батыстан шығысқа қарай 330 км, 

ал оңтүстіктен солтүстікке қарай 275 км-ге созылып жатыр. 1964 жылы 31-

ші  желтоқсанда  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  Қаулысына 

байланысты, бұрынғы Көктерек ауданының аумағында қазіргі Мойынқұм 

ауданы  құрылды.  Аудан  орталығы  бұрынғы  Фурмановка  ауылы,  қазіргі 

Мойынқұм ауылы болды. 1925-1926 жылдары уақ болыстарды ірілендіру, 

болыстық  советтің  атқару  комитеттерін  ұйымдастыру,  əкімшілік  басқару 

орындарының  аумақтарын  белгілеу  істері  жүргізілді.  Сол  жылдары 18 

старшин елді (кейін ауыл советі аталды) қамтитын Аққолтық, Ағашақ, Жа-

лайыр болыстары біріктіріліп, Гуляев сельсоветі құрылды. Оның орталығы 

бұрынғы Гуляевка (одан кейін Фурмановка ауылы) қазіргі Мойынқұм ауылы 

болды. Сол кезеңде ауыл немесе селолық Совет атқару комитеті деген атқа 

ие болды. Əкімшілік, басқару орындары, соның ішінде Гуляев подрайоны 

18 ауылды қамтыған 6 ауыл Советі біріктірілді. Ірілендірілген бұл селолық 

Совет атқару комитетіне немесе подрайонына қазіргі Шу ауданының батыс 

бөлігін, төменгі Шу өзенінің сол жағасындағы елді мекендердің барлығы 

да кірді. Жаңа құрылған Мойынқұм ауданына Гуляев подрайонына қарасты 

6 ауыл Совет 18 елді мекенінен басқа 31 елді мекен қараған 12 ауыл Совет 



МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

184

185

қарады. Село орталығында В.И. Ленинге жəне еңбек ардагерлері мен Ұлы 

отан соғысында қаза болған жауынгер жерлестерге ескерткіш орнатылды. 

Мойынқұм ауданы облыс территориясының 42 пайызын алып жатыр, яғни 

жер көлемі бойынша облыста бірінші орында, ал халқының саны жағынан 

8-орында.  Аудан  территориясының  көлемі  Батыс  Европадағы  Голландия, 

Бельгия жəне Монако сияқты майда мемлекеттердің жерімен тең деуге бо-

лады. 


Мойынқұм атауы мойын (зат есім) + құм (зат есім) сөздерінің қосылуынан 

жасалған. Мойынқұм аумағы солтүстік Бетпақдалада, Сексеуілдала сияқты 

құмдармен, ал оңтүстіктегі толып жатқан өзендермен өрнектелген жазира 

дала, одан əрі Алатаудың арасында мойынға ұқсап, созылып жатыр. Сөйтіп 

атау объектінің көрінісін дəл көрсетеді. 

Ақсүйек

(Аксуйек) – к. о. Мойынқұм ауданы, 

(Аксуйек) – кент. Мойынқұм ауданы. 

  Ақ  (сын  есім) + сүйек  (зат  есім)  сөздерінен  жасалған  атау.  Атаудың 

мағынасы  «бұл  маңда  жұттан  немесе  жаппай  аурудан  қырылып  қалған 

малдардың сүйектері жатқанын» білдіреді. Бұл сүйек қазір мүлде жоқ бо-

луы да мүмкін, бірақ атау сақталып қалған. 

Ақбақай

(Акбакай)  –  кент  Мойынқұм  ауданы  Ақ  (сын  есім) + бақай  (зат  есім) 

сөздерінің қосылуынан жасалған атау. Мағынасы осы жерде ақ бақай атқа 

байланысты бір нəрсе болғанын білдіреді. 

Жамбыл

(Жамбыл) – облыс аты, 

(Жамбыл) – аудан аты, 

(Жамбыл) – а. о. Жамбыл ауданы, 

(Жамбыл) – а. Жамбыл ауданы, 

(Жамбыл) – а. о. Қордай ауданы, 

(Жамбыл) – а. Қордай ауданы, 

(Жамбыл) – а. о. Меркі ауданы, 

(Жамбыл) – а. Меркі ауданы, 

(Жамбыл) – а. о. Мойынқұм ауданы, 

(Жамбыл) – а. Мойынқұм ауданы. 

Атақты халық ақыны, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың (1846-1945) 

есімін мəңгі есте қалдыру үшін қойылған ауыл аттары. Жамбыл Жабайұлы 

1846 жылы, Жамбыл облысы, Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. 

Ол қазақ батырларының ерлігін жырлайтын дастандарды көп білетін. Со-

нымен бірге өзі жиі барып, сыйлы қонағы болатын қырғыз ақындарымен 

де  айтысып,  олардың  құрметіне  бөленіп  жүрді.  Қырғыздың  ыршылары 

мен  манасшылары  Таныбек,  Қалығұл,  Найманбай,  Қотаған,  Арсланбек, 

Сағынбек шығармаларын да жақсы білген. Жамбыл – бір отырғанда дом-

бырамен «Көрұғлы» дастанын бірнеше күн қатарынан, сол сияқты «Шах-

наме», «Мың бір түннің» үзінділерін бірнеше сағат бойы жырлаған жыр-

шы. 


Сұлу сазды жырларымен Жамбылға тартқан сыйындай Сүйінбай ақын 

пі рі  болса,  ұстазым  деп  аса  құрметтеген  ақындары  Майлықожа,  Майкөт, 

Құлыншақ, Қылышбай сынды сөз зергерлері еді. Дарынды дала ақын да ры-

нан алғыс бата алып, үлгі берген өлеңдерінен үйренеді. 

Жыр тасқынын селдеткен Жамбылдың ақындық рухына бас иген фран-

цуз халқының ұлы перзентті жазушы Ромен Роллан: «Жамбыл жаңа адам-

зат тың жыршысы» деп бүкіл əлемге паш етті. 

1941 ж.  шыққан «Ленинградтық өренім» атты өлеңі сұрапыл соғысты 

аш тық  пен  ауру  сынды  ажал  аузында  қалған  қаншама  адамға  күш-қуат 

беріп, жі герлендірді, Жеңіс күнін жақындатты. 

Əлем  халықтарының  жүрегіне  нұр  болып  құйылған  Жамбыл  жыр  ларын 

орыс ақындары П. Кузнецов, К. Алтайский, П. Тарновский, М. Исаковский, 

беларус М. Божан жəне көптеген ұлтты талантты тəр жі ма шы  лар өз тілдеріне 

аударды. 

Жамбыл – өзгеге  ұқсамайтын  дара,  зор  құбылыс.  Ол  халықтың  сенім 

күшін нығайтатын ұрнына айналған рухани атасы, ар-намысы бола білді. 

Жамбыл – облыс, аудан аты. Жамбылдың атынан қойылған. Енді біз осы, 

Жамбыл сөзіне этимологиялық тұрғыдан талдау жасайық: Т. Жанұзақовтың 

зерттеулеріне  қарағанда  совет  ұйғырлары  мен  Шыңжаң  ұйғырлары 

Ямул немесе Ямбул деп «қорған», бекіністерді айтатын көрінеді. Шығыс 

Қазақстанның Үржар, Мақаншы аудандарының қазақтары, Жамбыл об лы -

сының тұрғындары бекіністі «Жамбыл» деп атайды дейді автор (Т. Джану-

заков. Лично – собственные имена в казахском языке. Автореферат канд. 

диссертации. 1960, 14-б.). 

Екінші зерттеуші Б. Бафин Жамбыл сөзі қытайдың Ямэнь «қамал, бекініс» 

деген сөзінен алынған, өйткені ХVІІІ ғасырда «маньжур əкімдері кез кел-

ген  жерде  жолыққан  қазақты,  тағы  басқа  жергілікті  халықтарды  ұстап 

алып, ақысыз-пұлсыз қамал (Жамбыл) жұмысына пайдаланған. Сондай-ақ 

қазақтардың  қалаға  сатуға,  айырбастауға  алып  келген  малдарын  қамалға 

(Жамбылға)  қамап  алып,  төлеуін  бермей  жəбірлеп  (қайтарып)  отырған»-

дейді  (Б.  Бафин.  Қазақ  пен  қытай  тілдеріне  ортақ  кейбір  сөздер  туралы. 

«Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мəселелері». 4-шығуы, 1962, 

230-231-беттер). Біздің ойымызша, дүние жүзіне мағлұм болған Жамбыл 


МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

186

187

ақын ның жəне облыс аты қытайдың йамұн\\йамұл сөздеріне қатысы жоқ 

се кілді. Мұндай қытай қамалдары сол қытай жерінде, Шыңжаңда са лын ға-

ны белгілі. Ендеше ол сөздің Жамбыл ақынның атына қатысы жоқ. 

Ономаст ғалым ф. ғ. д. Ə. Əбдірахманов өзінің «Топонимика жəне этимо-

логия» атты еңбегінде: «Жамбыл» атауын өзбек тілдеріндегі жамбыл деген 

өсімдік атына байланыстырады. Бұл – бір жылдық жəне хош иісті гүл аты. 

Орысша аты – «габор, гербей» (Узбекско-русский словарь. М., 1959, 151-б.). 

Көбіне  бұл  өсімдіктің  атын  Алматы  облысының  қарттарының  аузынан 

естігенбіз. Сондықтан, Жамбыл ақынның аты жəне одан алынған жер атта-

ры да осы «Жамбыл» өсімдігіне байланысты», – деп қараймыз дейді. 

Жамбыл

(Жамбыл) – Мойынқұм ауданындағы ауыл, Мойынқұм əкімшілік округі-

нің құрамында. Аудан орталығы – Мойынқұм ауылынан шығысқа қарай 10 

км жерде өзеннің оң жағалауында, сексеуіл, жүзгін аралас бұйырғын, күй-

реу ік т.б. шөлдің сораң шөптері өскен сұр, сортаңды жəне құм топырақты 

шөл  ді белдемде орналасқан. Тұрғыны 1, 2 мың адам. Іргесі 1957 ж. қаракөл 

қой  өсіретін  өзімен  аттас  кеңшардың  орталығы  ретінде  қаланды.  Оның 

не   гі зін де  Жамбылда  шаруа  қожалықтары  ұйымдастырылды  орта  мектеп, 

клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, мекемелер бар. 

Кеңес

(Кенес) – а.  Мойынкұм  ауданындағы  ауыл,  Бірлік  ауылдық  əкімшілігі 

окру гі құрамында. Аудан орталығы Мойынқұм ауылынан оңтүстік-ба тыс-

қа қарай 77 км жерде, Шу өзенінің оң жағалауында, қамыс, құрақ аралас, 

си рек тоғай өскен шалғынды сұр, сортаңды сұр топырақты шөлді белдем де 

ор наласқан. Тұрғыны 2, 0 мың адам. Іргесі 1961 ж. Айдарлы қаракөл қо йын 

өсі ретін кеңшар ретінде қаланды. Оның негізінде Кеңесте «Айдарлы» өн-

ді рістік кооперативі жəне бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда 

орта мектеп, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт бар. 

Қызылту

(Кызылту) – а. Мойынқұм ауданындағы ауыл, Қызылтал ауылдық əкім-

ші лік округтің орталығы. Аудан орталығы – Мойынқұм ауылынан шығысқа 

қа рай 22 км  жерде,  Шу  өзенің  оң  жағалауында  қара  сексеуіл  аралас  ер-

кекшөп,  боз  жусан,  теріскен  басым  өскен  шөлді  белдемде  орналасқан. 

Тұр ғыны 1, 1 мың  адам. 1957-97 ж.  Амангелді  атындағы  қаракөл  қойын 

өсі ретін кеңшардың орталығы болып келді. 1996 ж. дейін ауыл Амангелді 

деп аталып келген. Кеңшар негізінде Қызылтуда 1997 жылдан шаруа қо жа-

лықтары құрылды. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер- аку-

шер лік пункт бар. 



Қылышбай

(Кылышбай) – Мойынқұм ауданындағы ауыл, ауылдық əкімшілік округі 

орталығы. Аудан орталығы – Мойынқұм ауылынан батысқа қарай 19 км жер-

де. Шу өзенінің төменгі тарамдарының жағалауында, қара сексеуіл, қамыс, 

құрақ, күйреуік, еркекшөп, теріскен, ши өскен құмайтты сұр, сортаңды сұр 

топырақты шөлді белдемде орналасқан. 1997 ж. дейін K. Маркс ауылы деп 

аталып келді. Тұрғыны 1, 1 мың адам. 1969 – 97 жылдар аралығында қаракөл 

қойын  өсіретін  «Талдыөзек»  кеңшарының  орталығы  болып  келді.  Оның 

негізінде  Қылышбайда 1997 жылдан 30-дан  астам  шаруа  қожалықтары 

құрылды.  Ауылда  орта  мектеп,  кітапхана,  клуб,  отбасылық-дəрігерлік 

ам булатория,  т.б.  мекемелер  бар.  Ауыл  тұрғындарының  ұсынысына  орай 

елімізге танымал шешен жəне ақын Қылышбай Ержанұлының есімі берілді 

(1997). 

Ынталы

(Ынталы) – Мойынқұм ауданындағы ауыл. Ынта (зат есім) сөзіне зат ес-

ім ге қосылып сын есім жасайтын -лы жұрнағы қосылу арқылы жасалған. 

Ма ғынасы: «еңбекке, білімге ынталы ел» дегенді білдіреді. 



Мыңарал

(Мынарал) – Мойынқұм ауданындағы ауыл, кенттік əкімшілік округінің 

ор  талығы. Аудан орталығы Мойынқұм ауылынан солүстік-батысқа қарай 

245  км  жерде,  Балқаш  көлінің  оңтүстік-батыс  жағалауындағы  ақ  жусан, 

бая  лыш, күйреуік, т.б. шөлді өсімдіктер өскен қиыршықты-құмдақты сұр 

то   пы рақты  шөлді  белдемде  орналасқан.  Тұрғыны 0, 7 мың  адам.  Кент-

те  балық  ау лаумен  айналысатын  кəсіпорын  бар.  Кенттен 10 км  батыста 

Мыңарал  те мір  жол  стансасы  орналасқан.  Орта  мектеп,  кітапхана,  фель-

дер   лік пункт, т.б. мекемелер бар. 

Мыңарал мың (сан есім) + арал (зат есім) сөздерінің қосылуынан жасал-

ған атау. Атау сол төңіректе, маңда аралдар көп болғандықтан мың сан есі-

мін қолдану арқылы қойылған. 



Ұланбел

(Уланбел) – Мойынқұм ауданындағы ауыл, ауылдық əкімшілік округінің 

ор  талығы.  Аудан  орталығы  Мойынқұм  ауылынан  батысқа  қарай 175 км 

жер де, Шу өзенінің төменгі сол жағалаулық аңғарындағы жусан, бұйырғын, 

қа  мыс, құрақ өскен сортаңды сұр топырақты шөлді белдемнің аллювийлі 

жа зығында  орналасқан.  Тұрғыны 1, 4 мың  адам. 1950-97 жылдары  асыл 

тұ қым ды  қаракөл  қойын  өсіретін  «Шу»  кеңшарының  орталығы  болып 

келді. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда 

орта мек теп, мəдениет үйі, кітапхана, отбасылық-дəрігерлік амбулатория, 

т.б. ме  кемелер бар. Қазақ тілінде ұлан сөзі көп, аса мол деген ұғымдарды 



МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

188

189

бейнелейді.  Кең  жазира,  ұлан-байтақ  ұғымдарының  бастауына  бел  сөзі 

қосылу арқылы жасалған. 

Мойынқұм ауданындағы Ұланбел ауылының іргесі 1951жылы қаланған. 

 

Xантау

(Xантау) – Мойынқұм  ауданындағы  кент,  темір  жол  стансасы,  кенттік 

əкім шілік округінің орталығы. Аудан орталығы Мойынқұм ауылынан шы-

ғыс қа қарай 90 км жерде, Хантау тауының оңтүстік-шығысында жусан ара-

лас эфемерлі өсімдіктер өскен құм топырақты шөлді белдемде орналасқан. 

Тұр ғыны 0, 9 мың адам. Ipгeci 1951 ж. қаланды. Xантау кентінде мемлекеттік 

маңызы  бар  кен  басқармасы  орналасқан.  Орта  мектеп,  клуб,  кітапхана, 

фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. 

Хантау атауы хан (зат есім) + тау (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған. 

Мағынасы: «бізге  белгісіз  қазақ  хандарының  бірі  бұл  тауда  не  бір  жиын 

өткізуіне немесе осы маңда қоныстануына» байланысты қойылса керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет