М. Х. Дулати атындағы Тарму-дің Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған



Pdf көрінісі
бет27/110
Дата18.01.2017
өлшемі15,4 Mb.
#2185
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   110

Қаратау

(Каратау) – қала (1963 жылдан),  Жамбыл  облысы  Талас  ауданының 

орталығы,  ауылдық  əкімшілік  округі  орталығы.  т.  ж.  ст.  облыстың  оңт. 

бөлігінде, Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 82 км жерде, Қаратау 

тауының солтүстік-батыс сілемі – Шолақтау баурайында, Жетімшоқы жəне 

Ақтау  тауаралық  аңғарында,  бұта  аралас  боз  жусан,  сұлыбас,  баялыш, 

бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен сұр топырақты шөлді белдемде 

орналаскан. Ipreci 1946 ж.  Шолақтау  кенті  болып  қаланған.  Қаланың 

орталық алаңының өзіндік архитектуралық ансамблі қалыптасқан. Қаратау 

қаласының іргесінде ежелгі Тамды елді мекенінің орны (Тамдыкент немесе 

Пергант) сақталған. 

Ақкөл

(Акколь) – а. о. Талас ауданы, 

(Акколь) – а. аудан орталығы болған Талас ауданы. 

Ақ (сын есім) + көл (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған. Атаудың ма-

ғынасы: «қамысты, ақ айдын көл». Ауылдың аты осы көлдің атына қой ыл ған. 

Бұл атаудың шығуында мынадай аңыз-əңгіме бар:

Бұрынырақта бұл көлге көп аққу қонады екен, көп болғаны сонша, тіпті 

көлдің беті көрінбей, аппақ болып қалады екен. Ол аққулар көлге жылда 

қонатын көрінеді. Содан кейін оның аты «Ақ көл» деп аталып кетсе керек. 

(ҚСЭ. I-том, 208 бет.) 

Ақкөл атауы «ағымды көл» мəніндегі ұғымды да білдіруі мүмкін. Бұл Е. 

Қойшыбаевтың  «Қазақстанның  жер-су  аттары  сөздігінде»  осы  мағынада 

берілген. 

Аққұм

(Аккум) – а. о. Талас ауданы, 

(Аккум) – а. Талас ауданы. 

Ақ  (сын  есім) + құм  (зат  есім)  сөздерінің  бірігуінен  жасалған  атау. 

Атаудың  мағынасы  бұл  маңның  жері  құмды  болып  келіп,  тұзы  шығып, 

ағарып жататынын білдіреді. 

 1) Ежелгі  мекен,  қазір  төбе;  биіктігі 5 м,  диаметрі 50 м.  Жамбыл 

облысының Жуалы ауданындағы «Билікөл» елді мекенінен 0, 5 км. жерде 

Аса өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. 

 2) Орта  ғасырдағы  қала  (Оққұм).  Жамбыл  облысындағы  Қарабақыр, 

Талас  өзендерінің  сағасынан 1, 5 км.  қашықтықта.  Қала  тік  бұрыштала 

салынған, ортасы ашық алаң. Оның оңтүстік-шығысында биік қамал бар, 

ішіндегі  Рабад  (сыртпен  сыбайлас  қала)  он  бұрышты  болып  саналып, 

дуалмен  қоршалған.  Екі  жағасында  шоғырлана  орналасқан  дуалдар  мен 

мұнаралардың қалдықтары бар. ҚСЭ., 1-том, 210-б., 1973. 


ТАЛАС АУДАНЫ

ТАЛАС АУДАНЫ

280

281

3) Жезқазған облысындағы ортағасырлық елді мекен. Салыстырыңыз: сол 

туыстас атау (Ағчайғв) Түрікменстанда да бар делінген Е. Қойшыбаевтың 

«Қазақстанның  жер-су  аттары»  сөздігінде 33-бет, 1983 ж.  Сондай-ақ 

Аққұм – құм аттары. Балқаш көліндегі түбектің, елді мекендер аты. «Ақ» 

сөзі құмның түсін көрсетпейді, сипатын көрсетеді. Этим.: «сусымалы, ақпа 

құм» мағынасын береді. 

Ақтөбе

(Актобе) – а. Талас ауданы, 

(Актобе) – а. Байзақ ауданы, 

(Актобе) – а. о. Жуалы ауданы, 

(Актобе) – а. Жуалы ауданы, 

 (Актобе) – а. о. Шу ауданы, 

(Актобе) – а. Шу ауданы. 

Ақ  (сын  есім) + төбе  (зат  есім)  сөздерінің  бірігуінен  жасалған  атау. 

Мағынасы: «төбе тасының немесе топырағының ағарып жататын көрінісін» 

білдіреді. 

Жамбыл  облысының  Шу  ауданындағы  поселке, «Ақтөбе»  колхозының 

орталығы.  Аудан  орталығы  Новотроицкое  а-сының  солтүстігіне 25км. 

жақын  т.  ж.  ст-сы – Шу (45км).  Шаруашылығының  басты  салалары  қой 

өсіру,  қант  қызылшасын  егу.  Халқы 2, 5 мыңдай (1970). Ақтөбеде  орта 

мектеп, клуб, кітапхана, дəрігерлік пункт бар. 

Бостандық

(Бостандык) – а. о., ауыл Талас ауданы. 

Зат есімнен қойылған атау. «Еркіндік, азаттық» мəнінде қойылған атау. 

Бөлтірік шешен

(Болтирик шешен) – а. Талас ауданы. 

Ауыл  тұрғындарының  ұсынысына  орай,  ҚР  Үкіметінің  жанындағы 

Мемлекеттік  ономастика  комиссиясының 24.12.1999 ж.  ұйғарымы 

бойынша  Кеңес  ауылы  өзгертіліп,  атақты  шешен,  ақын  Бөлтірік  шешен 

ауылы аталды. 

Əлменұлы Бөлтірік (1771-1854) – қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры. 

Туып-өскен  жері  Жамбыл  облысы,  Шу  ауданы.  Жастайынан  ақындық, 

батырлық  жолын  қуып,  есейген  шағында  ел  арасындағы  жер,  су,  еңбек, 

құн  жəне  жесір  дауларына  талай  рет  əділ  төрелік  айтқан.  Бай-манаптар, 

барымташы,  жалақор,  алаяқтар  Бөлтіріктің  тапқыр  да  əділ  сөздерінен 

жеңіліс тапқан. Ел арасында «Бөлтірік айтыпты» деген шешендік сөздер 

қырғыз, өзбек халықтары арасында да кездеседі. Халық ақындары К. Əзір-

баевтың  «Аңыздар  сыры» (1969), Б.  Бигелдиевтің  «Балқаш»(1970)  атты 

жинақтарында  Бөлтіріктің  батырлығын  бейнелеген  аңыз,  дастандар 

баршылық. ҚСЭ А., 1973., т 2., 443-б. 



Көшек батыр

(Кошек батыр) – а. Талас ауданы. 

Ауыл  тұрғындарының  ұсынысы  бойынша  ҚР  Үкіметінің  жанындағы 

Мемлекеттік  ономастика  комиссиясының 24.12.1999 ж.  ұйғарымымен 

Қызылжар ауылы өзгертіліп, Көшек батыр ауылы аталды. 

Қайыр

(Кайыр) – а. Талас ауданы. 

Зат  есімнен  жасалған  атау.  Кісі  атынан  қойылған  ауыл  аты. «Шапағат, 

мейір» мəнін білдіреді. 



Қараой

(Караой) – а. Талас ауданында жəне (Караой) – а. о. Жамбыл ауданында 

кез деседі. 

Қара  (сын  есім) + ой  (зат  есім)  сөздерінің  қосылуынан  жасалған  атау. 

Мағынасы: «маңайындағы  жерлерден  төмен  жатқан,  алыстан  қарайып 

көрінетін ойпаң жер». 



Қожағаппар

(Кожагаппар) – а. Талас ауданы. 

Белгілі халық емшісі, тəуіп кісінің есімінен қойылған ауыл аты. 

С. Шəкіров

(С. Шакиров) – а. о. Талас ауданы 

(С. Шакиров) – а. Талас ауданы

Бұрынғы  Жданов  атындағы  совхоз  Жамбыл  облысы  əкімінің  жəне 

облыстық  мəслихаттың 22. 06. 2011 ж.  №9-6  шешімімен  Сəду  Шəкіров 

атына өзгертілді. Сəду Шəкіров – Кеңес Одағының Батыры. 



Сейілбек

(Сейілбек) – а. Талас ауданы. 

Кісі есімінен қойылған атау. 

Талапты

(Талапты) – а.  Талас  ауд.  Талап  (зат  есім)  сөзіне  туынды  сын  есім 

жасайтын  -ты  жұрнағы  қосылу  арқылы  жасалған  атау.  Мағынасы:  сол 

жердің халқының ынтасына, талаптылығына сай қойылған. 



ТАЛАС АУДАНЫ

ТАЛАС АУДАНЫ

282

283

Қызылəуіт

(Кызылауит) – Талас  ауданындағы  ауыл,  ауылдық  əкімшілік  округі 

орталығы.  Аудан  орталығы – Қаратау  қаласынан  солтүстікке  қарай 75 

км  жерде,  бөз  жəне  қара  жусан,  баялыш,  көкпек  өскен  сұр,  бозғылт  сұр 

топырақты қуаң шөлейтті далада орналасқан. 1994 ж. дейін Комсомол ауылы 

болып келген. Ipгeсі 1962 ж. қаракөл қойын өсіретін «Ильич» кеңшарының 

орталығы  болып  келді.  Оның  негізінде  Қызылəуітте  акционерлік  қоғам 

жəне 20-ға  жуық  шаруа  қожалықтары  құрылды.  ҚР  Жоғарғы  Кеңесі 

Төралқасының 07. 10. 1993 ж. №2410 қаулысымен бұрынғы Ильич атауы 

Қызылəуіт  болып  өзгерді.  Ауылда  орта  мектеп,  кітапхана,  мəдениет  үйі, 

фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. 

Майтөбе

(Майтобе) – Талас ауданындағы ауыл. Аудан орталығы – Ақкөл ауылының 

оңтүстігінде 55 км,  Қаратау  етегінде,  Тараз  бен  Қаратау  қалаларының 

аралығындағы  автомобиль  жолының  бойына  орналасқан.  Ауыл  бұрынғы 

6-ауылдың  орнында 1929 ж. «Майтөбе»  кеңшарының  ұйымдасуына 

байланысты  пайда  болды.  Мұнда  ауыл  шаруашылығы  машиналарын 

жөндейтін, тұрмыс қажетін өтейтін шеберханалар, орталау, орта мектептер, 

балалар  бақшасы,  дəрігерлік  пункт  орналасқан.  Майтөбеден 8 км  жерде 

Билікөл көлі мен тау бұлақтары бар. Атау май (зат есім) + төбе (зат есім) 

сөздерінің  бірігуінен  жасалған.  Мағынасы: «үстінде  малға  жұғымды, 

малды семіртетін шөп өсетін жайылымды төбе» дегенді білдіреді. 

Ойық

(Ойык) – Талас  ауданындағы  ауыл,  ауылдық  əкімшілік  округінің 

орталығы.  Аудан  орталығы  Қаратау  қаласынан  солтүстікке  қарай 92 км 

жерде,  Талас  өзені  аңғарындағы  сарсазан,  сорқаңбақ,  қарабарқын  басым 

өскен шалғынды шөлдік белдемде орналасқан. Тұрғыны 2, 8 мың адамнан 

аса. 1957-1997 жылдар  аралығында  қаракөл  қойын  өсіретін  «Ойық» 

кеңшарының  орталығы  болып  келді.  Оның  негізінде 1997 ж.  ауылда 

«Ойық»  ЖШС-І, «Қойшыбай  Ата»,  т.б.  шаруа  қожалықтары  құрылған. 

Орта мектеп, кітапхана, мəдениет үйі, отбасылық-дəрігерлік амбулатория, 

т.б. мекемелер бар. 



Тамабек

(Тамабек) – Талас ауданындағы ауыл. 

Аудан  орталығы  Қаратау  қаласынан  солтүстік-шығысқа  қарай 75 км 

жерде,  Талас  өзенінің  шығыс  жағындағы  жусан  мен  шалғын  шөп  өскен 

қоңыр топырақты далада орналасқан. Ipгeci «Елтай» (Чкалов) ұжымшары 

негізінде  қалыптасты (1929). Ол  кейіннен  асыл  тұқымды  қой  өсіретін 

«Амангелді»  кеңшары  болып  құрылды.  Екінші  дүниежүзілік  соғыс 

жылдарында  бұл  ауылдан  майданға  жүздеген  арғымақтар  бапталып 

жөнелтілді. 60-жылдардан  бастап  қаракөл  қой  шаруашылығымен 

шұғылданды.  Бір  ғана  осы  ауылдан 11 Социалистік  Еңбек Epi шыққан. 

Кейінгі  жылдары  жоғары  сортты  егін  өсірумен  айналысатын  шаруа 

қожалықтары құрылды, 1997 жылдан облысқа белгілі ауыл шаруашылығын 

ұйымдастырушы  Тамабек  Қартабаевтың  құрметіне  осылай  аталады. 

Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, т.б. мекемелер бар. 



Тамды

(Тамды) – Талас  ауданындағы  ауыл,  ауылдық  əкімшілік  округінің 

орталығы. 

Аудан  орталығы  Қаратау  қаласынан  оңтүстік-шығысқа  қарай 10 км 

жерде,  Қаратау  жотасының  солтүстік  баурайындағы  бетеге,  сұлыбас 

басым өскен сортаңды қызғылт қоңыр топырақты құрғақ шөлейтті далада 

орналасқан.  Тұрғыны 1, 7 мың  адам.  Ауыл 1936-1997 ж.  қой  өсіретін 

«Майтөбе»  кеңшарының  бөлімшесі  болып  келді.  Оның  негізінде 1997 

жылдан Tамдыда өндірістік кооператив жəне 50-ден астам шаруа қожалығы 

ұйымдастырылды. Ауылда орта, орталау мектеп, кітапхана, фельдшерлік 

пункт бар. 

Үшарал

(Ушарал) – Жамбыл  облысы,  Талас  ауданындағы  ауыл,  ауылдық  округ 

орталығы.  Аудан  орталығы  Қаратау  қаласынан  солтүстікке  қарай 102 

км  жерде  орналасқан.  Тұрғыны 4, 6 мың  адамнан  асады.  Іргесі 1930 ж. 

асыл  тұқымды  қаракөл  қойын  өсіретін  «Талас»  кеңшарының  орталығы 

ретінде қаланған. Тұрмыстық комбинат бөлімшесі, жоғарғы вольтті электр 

желісінің  қосалқы  станциясы,  наубайхана,  орта  мектеп,  клуб,  кітапхана, 

кино қондырғы, қонақ үй, учаскелік аурухана бар. 



Көктал

(Коктал) – ауыл.  Жамбыл  облысы  əкімдігінің 01. 02. 2008 ж.  №17 

қаулысы, обл. мəслихаттың №4-19 08.02.2008 ж.  шешімімен Көктал кенті 

Көктал  ауылы  болып  өзгерді.  Көк  (сын  есім) + тал  (зат  есім)  сөздерінің 

қосылуынан жасалған атау. Мағынасы: бұл жерде бір кезде жас та жасыл 

тал көп өскенін білдіреді. 



Берікқара 

(Бериккара) – ауыл.  Талас  ауданы.  Берік  (сын  есім) + (сын  есімнен 

субстантивтенген  зат  есім)  сөздерінің  бірігуінен  жасалған  атау. «Қара 

жергілікті  жерде  тау»  мағынасында  қолданылады.  Мағынасы – «бекем, 

мықты, зор тау». 


ТАЛАС АУДАНЫ

ТАЛАС АУДАНЫ

284

285

Қасқабұлақ

(Каскабулак) – е. м., Талас ауданы. Қасқа (сын есім) + бұлақ (зат есім) 

сөздерінің қосылуынан жасалған атау. Топонимдік мағынасы: «жалтырап, 

жайылып  жататын  бұлақ»  дегенді  білдіреді.  Елді  мекен  аты  осы  бұлақ 

атынан қойылған. 

Жамукат

(Жамукат) – Талас  алабындағы  ортағасырлық  қала.  Орны – Тараз 

қаласынан  оңтүстікке  карай 15 км  жердегі  Қостөбе  корғаны  (Талас 

өзенінің  оң  жағалауы).  Ортағасырлық  араб  тарихшысы  əл-Мақдисидің 

еңбегінде Жамукат аталған. Х ғ. тарихшысы Наршаһи каланың іргесін VI 

ғасырда соғдылықтар қалаған дейді. Кейін Жамукат түркі билеушілерінің 

орталығының біріне айналған. Қаланың орта бөлігі төртбұрыш пішіндес, 

аумағы 420x450 м төбе түрінде сақталған. Мұны 4 қақпалы мұнаралармен 

күшейтілген екі қатар қабырға қоршап жатыр. Цитаделінің аумағы 70x80 

м, шахристанының аумағы 150x150 м. Қала іргесінде үлкен зираттар бар. 

Айнала радиусы 5 км жерде түрлі кішігірім бекіністер көптеп орналасқан. 

Қала  орнында  жүргізілген  археологиялық  қазба  жұмыстары  кезінде 

VIII-IX  ғ.  кезіндегі  отқа  табынушылар  ғибатханасының  орны  табылды. 

Ғимараттардың  көпшілігі  безендірілген  панельдермен  көмкерілген. 

Олардың ою-өрнектері Варахша, Афрасиаб қалаларындағы қабырғаларға 

ұқсас  болып  келеді.  Мұның  өзі  Ұлы  Жібек  жолы  бойында  орналасқан 

Талас өңірінің қалалары Орта Азиямен тығыз мəдени байланыста болғанын 

айғақтай түседі. 



Жікіл, Чигил

(Жикил) – Казақстанның Талас алқабындағы ортағасырлық қала. Орны 

Тараз  қаласынан  оңтүстік-шығыска  қарай 5 км  жердегі  Жалпақтөбе 

ауылында  бірқатар  ортағасырлык  авторлар  (Мақдиси,  Махмұт  Қашқари, 

ас-Самани, Əбу-л-Фида, Вассаф, Шихаб əд-Дин) І–ХІ ғасырлар кезеңінен 

мəлімет  беретін  еңбектерінде  Жікіл  Тараздан,  дауыс  жетер  жерде 

орналасқан шағын кент деп жазады. Оңда корған-қоршау, қамал, күмбезді 

мешіт болған. Махмұт Қашқари Жікілді сипаттай келіп, оның заманында 

бұл кент Жікіл тайпасының орталығы болғанын айтады. Оның жазуынша, 

Жікіл  ірге  көтергеннен  кейін,  оған  келіп  қоныстанған  түркі  тайпалары 

өздерін  «жікілміз»  деп  атай  бастаған.  Жікілде  Т.И.  Сенигова,  К.М.  Бай-

пақов  археологиялық.  зерттеулер  жүргізді.  Каланың  орталық  бөлігінің 

аумағы 90x95 м, төбе биікт. 4 м. Деректердің көрсетуіне қарағанда Жікіл 

ХІІ ғасырға дейін өмір сүрген. 



Кенжек

(Кенжек) – Қазақстанның  Жетісу  аймағында  орта  ғасырларда  болған 

қала.  Махмут  Кашқари  оны  Кеншек-Кеңгір  деп  атап,  ол  қала  Тараздың 

түбінде, кыпшақтармен шекарада болған деп мəлімдейді. Кенжек туралы 

дерек  араб  жазушысы  əл-Омаридің  еңбегінде  ұшырасады.  Ол  ХІІІ 

ғасырда Талас алқабында бір-бірінен ара қашықтығы бір фарсах (4 км-ге 

жуық) Яныбалық, Кенжек жəне Талас қалалары болды деп жазады. Талас 

маңындағы Кинчат (Кенжек) каласынана ХІІІ ғ-да Моңғолияға сапар шеккен 

Еуропа  саяхатшысы  Плано  Карпини  де  соққан.  Қала  түріктің  Кенжек 

деген тайпасының атымен аталған. Махмұт Қашқаридың деректемелеріне 

қарағанда, кенжектер соғдылар мен аргулар сияқты екі тілде сөйлеген. 

Қызылқорған I

(Кызылкорган) – көне  қала  орны.  Талас  ауданы,  Ойық  ауылынан 

солтүстікке  қарай 12 км  қашықтықта  орналасқан. 1980 ж.  Жамбыл  обл. 

тарихи-өлкетану музейінің экспедициясы (жетекшісі Қ. Байбосынов), 1983 

ж.  ҚазМУ-дың  (қазіргі  əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті) 

археологиялық отряды (жетекшісі М. Е. Елеуов), 2000 ж. Оңт. Қaзақстан 

кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов) зерттеу 

жұмыстарын жүргізген. Қызылқорған орнының аумағы 40x30 м, биікт. 1 м, 

жан-жағы топырақ үйінділерімен қоршалған. Қоршаудың 8 жерінде күзет 

мұнараларының  орны  сақталып  қалған.  Қазба  жұмыстары  жүргізілгенде 

керамикалық  ыдыстардың  қалдықтары  табылды.  Қызылқорған VIII-XII 

ғ-да гүлденіп, сауда орталығы қызметін атқарған. 



Қызыл мақташы

(Кызыл макташы) – көне қала орны. Талас ауданы Бостандық ауылының 

оңтүстік  шетінде  орналасқан. 1980 ж.  К.  Байбосынов  жетекшілік  еткен 

экспедиция  тауып,  алғашқы  зерттеу  жұмыстарын  жүргізген.  Қызыл 

мақташы  Х-ХІІІ  ғ-да  өмір  сүрген.  Көне  қала  орны  биіктігі 3 м  болатын 

төбешік  пішіндес,  аумағы 270x200 м.  Топырақ  үйінділерінен  жасалған 

қоршау қамал рөлін атқарған. Қамалдың бұрыштарында күзет мұнаралары 

болған. Қызыл мақташы орнының оңтүстік-шығыс жағындағы цитадельдің 

аумағы 40x25 м.  Цитадель  қазір 5 м  болатын  төбешік  болып  дараланып 

тұрады. 


Тектұрмас

(Тектурмас) – ерте орта ғасырдағы қаланың орны. Жамбыл облысының 

Талас  ауданы  «Қызыларық»  қ-ң  маңындығы,  Талас  өзенінің  төменгі 

жағында орналасқан. Алғаш 1898 жылы В.А. Каллаур ашқан. 1949 жылы 

Жамбыл облысы тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы (жетекшісі 


ТАЛАС АУДАНЫ

ТАЛАС АУДАНЫ

286

287

Л.И.  Ремпель)  зерттеген.  Жобасы  тікбұрышты  келген  қала  жұртының 

ауданы 300Х200. Қалашықтың солтүстік шетінде орналасқан цитадельдің 

ауданы 70Х70,  биіктігі 11 м.  Айнала  қорғаныс  дуалмен  қоршалып, 

сыртынан ор қазылған. Қаланың іші мен сыртында құрылыс қалдықтары 

байқалады. Қазба барысында табылған қыш ыдыстардың сынықтары мен 

қалашықтың жобасының сипаты оның VII–XIII ғасырлар аралығында өмір 

сүргенін білдіреді. 



Төрткөл

(Торткол) – көне қала орны. Талас ауданы Бостандық ауылынан оңтүс-

тік – шығысқа  қарай 6 км  қашықтықта,  Тараз-Бостандық  автомобиль 

жолының  сол  жағында  орналасқан. 1980 ж.  Жамбыл  облысы  тарихи-

өлкетану  музейінің  экспедициясы  (жетекшісі  Қ.  Байбосынов)  тауып, 

алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қаланың қазіргі орны биікт. 2,5 м

болатын  төртбұрышты  төбе.  Əрбір  сыртқы  қабырғасының  ұзындығы 

80  м.  Қаланың  орталық  бөлігінде  күзет  мұнараларының  орындары  сақ-

талып  қалған.  Мұнаралардың  диаметрі 5 м.  Қала  іш  жағынан  терең 

ормен  қоршалған.  Ордың  ені 8 м.,  қазіргі  тереңдігі 1,5 м.  Қала  орнынан 

керамикалық  ыдыстардың,  əйнектердің  сынығы,  қоладан  жасалған 

бұйымдар табылды. Қала VIII-XII ғасырларда ірі сауда орталығы болған. 



Ұзынбұлақ

(Узынбулак) – мустье  мəдениетінің  жоғарғы  кезеңіне  жататын  қоныс. 

Талас ауданы, Қаратау қаласынан солтүстікке қарай 35 км жерде. Зерттеу 

жұмыстарын 1958 ж.  Қазақ KCP ҒА-ның  Уəлиханов  атындағы  Тарих, 

археол. жəне этнография институтының Қаратау экспедициясы (жетекшісі 

Х.А.  Алпысбаев)  жүргізген.  Қазбадан  əртүрлі  үлкен  қырғыштар,  тескіш-

қырғыштар, өзек тастар, өңделген тас құралдар табылған. 

Шаруашылық

(Шаруашылык) – көне  қала  орны.  Талас  ауданы,  Ойық  ауылынан 

солтүстік шығысқа қарай 8 км қашықтықта орналасқан. 1949 ж. Л.И. Рем-

пель жетекшілік еткен экспедиция ашып, алғаш зерттеу жұмысын жүргізген. 

Қаланың  орны  солтүстіктен  оңтүстікке 400 м-ге,  батыстан  шығысқа 

300 м-ге созылып жаткан, биіктігі 3 м төбешік тəрізді. 2000 ж. К. Байпақов 

жетекшілік еткен экспе диция қазба жұмыстарын жүргізгенде керамикалық 

ыдыстар  қалдықтары  көптеп  табылды.  Зерттеy  барысында  қала VII–XIII 

ғ-да сауда орталығы болғаны анықталды. 

Ынтымақ

(Ынтымак) – көне қала орны. Талас ауданы Ойық ауылынан солтүстік-

батысқа  қарай 5 км  қашықтықта  орналасқан. 1949 ж.  Л.И.  Ремпель 

жетекшілік  еткен  экспедиция  тауып,  алғашқы  зерттеу  жұмыстарын 

жүргізген.  Қаланың  орнының  аумағы 120x90 м,  биіктігі 2 м  болатын 

төбешік  тəрізді.  Қазба  жұмыстары  барысында  керамикалық  ыдыстардың 

қалдықтары көптеп табылды. 

Шолақтау

(Шолактау) – төменгі палеолит дəуірінің Шель-ашель кезеңіне жататын 

қоныс. Жамбыл облысының Қаратау қаласының оңтүстігінде 5 км жерде. 

Шолақтауды 1958 ж.  Қазақ  ССРҒА-ның  Ш.  Уəлиханов  атындағы  Тарих, 

археология  жəне  этнография  институтының  палеолит  энциклопедиясы 

(Қ.  Алпысбаев)  зерттеген.  Шолақтаудан  қара  шақпақ  тастан  жасалған 

пышақ,  т.б.  тас  құралдары  табылған.  Шолақтау  Жамбыл  облысындағы 

Қаратау  қаласының  негізі  болған,  кеншілерге  арнап  соғылған  кенттік 

қыстақ болған. 

Ынтымақ

(Ынтымак) – ортағасырдағы  қаланың  орны,  Жамбыл  облысының  Талас 

ауданындығы  бұрынғы  «Ынтымақ»  қаласының  жанында.  Дуалмен  қор-

шалған тік бұрышты алаң. 



Аса

(Аса– Жуалы, Талас жəне Жамбыл аудандары арқылы ағып өтетін өзен. 

Талас өзенінің сол жақ саласы. Ұзындығы 253 км., су жиналатын алабының 

ауд. 8756 км². Жалпы ұз. 104 км болатын кішігірім 30-дай саласы бар. Басы 

Теріс  жəне  Күркіреу  өзендері  қосылған  тұстан  басталады.  Ол  жол  бойы 

Билікөл мен Ақкөл көлдерін суландыра отырып, Қаракөлге құяды. Асаның 

жоғарғы  жағы  таулы  аңғармен  өтеді,  төменгі  ағысы  жазық  болып  келеді. 

Көктемгі еріген қар, жаңбыр жəне жерасты суларымен толығады. Жылдық 

орташа су ағынының мөлш. Ақкөл ауылының тұсында 4, 45 м/с. Өзен суы 

толығымен пайдаланылады. Суының табиғи қалпы Терісащыбұлақ бөгенімен 

реттеледі. 



Талас

(Талас) – Қырғыстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. 

Ұзындығы 661 км, су жиналатын алабы 52700 км². Қазақстандағы бөлігі 

453  км.  Негізінен,  Жамбыл  облысының  Байзақ,  Талас,  Сарысу  аудандары 

жерімен  ағады.  Қырғыз  Алатауы  мен  Талас  Алатауы  мұздықтарынан 

шығатын  Қарақол  жəне  Үшқоша  өзендері  қосылған  жерден  басталып, 

Мойынқұмдағы  Айдын  көліне  жетпей  құмға  сіңіп,  тартылып  қалады  да, 

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы жерінде су аяғы құрдымға 

сіңіп бітеді. Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, ені 1-2 км, жазыққа 


ТАЛАС АУДАНЫ

ТАЛАС АУДАНЫ

288

289

шыққан  төменгі  бөлігінде  кең, 25-30 км.  Көп  жылдық  мұз,  жауын-шашын 

суынан  толысады.  Маусым-тамыз  айларында  тасиды.  Тараз  қ-нан  төменгі 

ағысында  Т-тан  бірнеше  тармақ  (Шалқы,  Көделі,  Тасарық,  т.б.)  таралады. 

Суы көктемде, күзде тұщы, сəл кермек, ауыз суға жарамды. Жылдық орташа 

су ағымы Тараз қ. тұсында секундына 27, 4 м. Өзен бойында, Тараз қаласынан 

10 км жерде Киров бөгені, сағасынан 197 км жерде Юбилейный, 275 км-де 

Жінəлі, 280 км-де Қазақбай бөгендері жəне Талас-Аса каналы салынған. Егін 

суаруға пайдаланылады. 

Қызыл бөген

(Кызыл боген) – Көктал өзені алабындағы бөген. 

Талас  ауданында  орналасқан. 1940 ж.  салынды.  Бөген  суының  жалпы 

сыйымдылығы 7, 0 млн м

3

. Талас ауданы шаруашылықтарының 0, 44 мың га 



жерін суарады жəне шабындықтарды суландырады. 

Ащыкөл

(Ащыкол) – Талас,  Сарысу  ауданының  аумағында,  Ақкөл  ауылының 

солтүстік-батысында 12 км  жерде  орналасқан  көл.  Ұз. 10 км,  ені 8 км, 

ауданы  жылдық  жауын-шашын  мөлшеріне  байланысты  көл  аумағы 31-

67  км

2

  аралығында  өзгереді.  Тереңдігі 5 метрге  жуық.  Көлдің  солтүстік 



жағалауы тік жарқабақты (биіктігі 6-8 метр), шығысы жазық, құмдауытты, 

оңт.  сазды,  жағалауында  қамыс,  қоға  өседі.  Көлге  оңтүстік-батыстан 

Көктал,  шығысынан  Аса  өзенінің  бір  тармағы  құяды.  Желтоқсанның 

аяғында  мұз  қатып,  наурыздың  аяғында  ериді.  Көлде  қаз,  үйрек,  т.б.  су 

құстары мекендейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет