Айнакөл
(Айнакол) – Досбол ауылының солтүстік батысында 12 шақырым
қашықтықта орналасқан көл.
Астаукөл
(Астаукөл) – Досбол ауылының солтүстік батысында 4 шақырымдай
жерде. Кейде халық оны Иреккөл деп те атайды.
Буынбай құдығы
(Буынбай) – ауылдың солтүстік шығысында 38 шақырымдай жер-
ден қазылған, дүзгенмен шегенделген терең құдық. Ошақтының Қоңыр
Аталығынан шыққан кісі.
Егізкөл
(Егизкол) – ауылдың батысында 20 шақырымдай жерде бірімен іргелес,
арасы қосылып жатқан, сыртқы пішім өзара ұқсас көл.
Қалмақан құдығы
(Калмакан) – ауылдың солтүстік шығысында 30 шақырым қашықтыққа
орналасқан. Қалмақан Ошақтының Байлы аталығынан шыққан.
Қаратоған бөгені
(Каратоган) – ауылдың батысында 15 шақырымдай жерде.
Қойлыбай құдығы
(Койлыбай) – ауылдың солтүстігінде 40 шақырым жерде. Қойлыбай –
Ошақтының Аталық тарауынан шыққан.
Ошағандыкөл
(Ошагандыкол) – ауылдың батысында 4 шақырым қашықтықта орна-
ласқан көл.
САРЫСУ АУДАНЫ
САРЫСУ АУДАНЫ
256
257
Сатыбалды құдығы
(Сатыбалды) – ауылдың солтүстігінде 40 шақырымдай қашықтықта
орналасқан құдық.
Сүйірбай көлі
(Суйрбай) – Ошақтының Тасжүрек Аталығынан шыққан кісінің атымен
айтылған. Солтүстік-батысында 2 шақырым қашықтықта орналасқан
көлемді көл.
Томаршалыкөл
(Томаршалыкол) – ауылға жақын, солтүстікке қарай 3 шақырым
қашықтықта орналасқан көл. Айдын бетінің аумағы 2 шаршы шақырымға
жетеді. Айналасы жыңғылды, қопалы болып келеді.
Айдын
(Айдын) – Жайылма ауылының солтүстігінде, Қазоты аймағында
орналасқан үлкен көл. Шабақты жəне Аса өзендерінің суларымен толығады.
Айдын бетінің көлемі 10-12 шаршы шақырымды құрайды.
Балақандым тоғаны
(Балакандым) – Бетпақта қазылған құдық. Оның іші Қандымның сүйекті
бұталарымен шегенделген.
Батпақкөл
(Батпаккол) – көлемі шағын көл. Аты айтып тұрғандай, маңы қорыс
батпақ болып келеді.
Бесшеген құдығы
(Бесшеген) – сексеуілмен шегенделген ескі құдық. Іргежал мен Шу
аралығында.
Бүйреккөл
(Буйреккол) – Жайылма ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырымдай
қашықтықта орналасқан көл. Сыртқы пішіні бүйрекке ұқсас көлдің айна-
ласында жыңғылдар, сексеуілдер өскен.
Досанкөл
(Досанкол) – Тереңкөлден солтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан
көл.
Егізкөл
(Егизкол) – Талас арнасы бойындағы көл. Өзен арнасының екі жағында
орналасқан.
Жылыбұлақ
(Жылыбулак) – Қызылдиқан ауылынан 10 шақырымдай жоғары
орналасқан. Ақшидың оңтүстік бетіндегі Сарықобы мен Таутарының
аралығындағы беткейден шығып жатқан қалың бұлақ. Бұл бұлақтар
қосылып, Құрттыбұлақ өзеніне айналады.
Исабай көлі
(Исабай) – Айдын, Бəсеңбай, Жылқыбай, Түкібай көлдері желісінде
жатқан көлдердің бірі. Жайылма ауылынан 32 шақырым жерде. Негізінен
Аса, Шабақты суларымен толығады.
Қарқабат көлі
(Каркабат) – Көккөлден кейінгі үлкен көл, 2 бөлікке бөлінген. Қысы-
жазы тартылмайды. Ауылдан 37-38 шақырым жерде.
Қыздаркүл көлі
(Кыздаркул) – Досан көлінен кейінгі көл. Айдыны шағын болғанымен
терең көл.
Сапақтұма
(Сапактума) – Орта Шудың ортасындағы аралдағы тұма.
Сорбұлақ
(Сорбулак) – Бетпақ жеріндегі үлкен тақыр маңындағы бұлақ.
Суықбұлақ
(Суыкбулак) – Таутары жотасының солтүстік беткейіндегі суы тұщы
бұлақ.
САРЫСУ АУДАНЫ
САРЫСУ АУДАНЫ
258
259
Тоғандыкөл
(Тогандыкол) – Бүйреккөлдің ар жағында жеті шақырым жерде.
Төлтай көлі
(Толтай) – Шешенбай алабындағы көл. Соғыстан кейінгі жылдары
соғыстан ауыр жарақат алып қайтқан шеркеш руының белгілі азаматы
Төлтай ферма бастығы болып істеп жүргенде, сол көл маңында қайтыс
болған. Содан бері Төлтай көлі атанып кеткен.
Үшбұлақ
(Ушбулак) – Жамандегерестің шығыс бетіндегі сайдан шығып жатқан
бұлақ суы.
Шилібұлақ
(Шилибулак) – Түркістан ауылының бастысындағы, жалпы Жон ала-
бындағы ірі бұлақ. Басында жеке шаруашылық егелер қоныстанып, үйлер
салған.
Шошқабұлақ
(Шошкабулак) – Жон алабындағы бұлақ. Бұрынғы Калинин атындағы
кеңшардың жайлауы. Қаратау кенішінің игеруіне байланысты өзінің
алғашқы келбетін жоғалтып қалған.
Ақбұлақ
(Акбулак) – Жаңатастың оңтүстік-шығыс бетінде жатаған жартастың
қуыстарынан, екі жерден бұрқырай ағып жатқан ірі бұлақ. Халық Ақбұлақты
қасиетті санап, оның басына түнеп, суына түсіп, түрлі жоралғылар жасап
отырған. Бүгінгі таңда Ақбұлақ суы қаланың Бүркітті бөлігінің бау-бақша
жайын сумен қамтамасыз етіп отыр.
Табақбұлақ
(Табакбулак) – бұлақ, Маятас ауылының шығысында. Қызылқырқа
жотасының баурайында. 4 км жерде, Сарысу ауданында. Табақ (зат есім) +
бұлақ (зат есім) сөздерінен жасалған атау. Топоним объектінің сырт көрініс,
сипатына қарай қойылған «табақ сияқты дөңгелек бұлақ» деген мағынаны
білдіреді.
Бүркітті
(Буркитти) – Жаңатас қаласының Бүркітті, Дегерес, Саяжай бөлімдерін
қақ жарып ағатын өзен. Ұзындығы 58 км, су жиналатын алқабы 248 км.
Аяғы Жайылма ауылы жанындағы Домалақ көлге құяды, одан асып Құрсай
арқылы Ақжар көліне құяды. Өзеннің арнасы тар, жағасы тік жар. Жауын-
шашын, жер асты суымен толығып отырады. Орыс ғалымы Н.А. Север-
цев Қаратау алабында ерте кезде тау бүркіттері көп болғандығын жазады.
Байырғы тұрғындар, бүркіт ұстап, түлкі, қарсақ, қоян, т.б. аңдарға салған.
Шаттарды жарып ағатын Бүркітті атауының астарында осындай мағыналық
сипат бар. Желтоқсан айында аяғында мұзы қатады. Бүркіттінің суын егін
суаруға пайдаланылады.
Байшақан оманы
(Байшакан) – қазіргі Саудакент пен Игілік ауылы аралығындағы көне,
терең арық. Кейін цементтен жасалған арық салынды. Ыстының тілік
руының Байшақан ұрпақтары негізін салған.
Итаяқ
(Итаяк) – Өндіріс ауылынан 40 шақырым қашықтықта, солтүстік бағытта
орналасқан көне құдық.
Қамыстыбұлақ
(Камыстыбулак) – ауыл орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 24
шақырым қашықтықта орналасқан бұлақ. Айналасы қопалы қамыс болып
келген.
Қаракөл
(Каракол) – солтүстікке қарай 50 шақырым қашықтықта. Айдын көлемі
3, 5 шаршы шақырымдай.
Ащыкөл
(Ащыкол) – Шығанақ ауылының шығысында ауылға жақын орналасқан
көл. Өте тұзды. Емдік қасиеті бар.
Ащыкөл
(Ащыкол) – Сарысу ауданындағы тоған. Аса өз. алабында орналасқан
жəне осы өзеннің суымен толығады. Тоғанның су сыйымд. 4, 7 млн. м
3
.
САРЫСУ АУДАНЫ
САРЫСУ АУДАНЫ
260
261
Онымен аудан аумағындағы егістікті, шабындығы жəне жайылымы сулан-
дырылады.
Аққұдық
(Аккудык) – Шығанақ ауылының солтүстігінде 65 шақырымдай жерге
орналасқан.
Байдың көлі
(Байдын) – көлдің бұлай аталуын тама руының Молдас əулетінен шыққан
Жидебай байдың атымен байланыстырады.
Жайлаукөл
(Жайлаукол) – көл Жайлаукөл ауылының солтүстік бетінде. Ені жар-
ты шақырымдай, ұзындығы шақырымнан асады. Көлге су Шу өзенінен
құйылады.
Қарақұдық
(Каракудык) – Шығанақ ауылының солтүстігіндегі 5 шақырым жердегі
құдық.
Саржантұма
(Саржантума) – халық бұл тұманың тарихын белгілі Саржан төренің
атымен байланыстырады. Жергілікті қазақтармен болған бір қақтығыста
қыспақта қалған Саржан: «Өлтірсеңдер, осы тұманың басында өлтіріңдер.
Ең болмағанда, атым қалады ғой», – деген екен.
Арыстанды
(Арыстанды) – Арыстанды ауылының жанындағы терең жырамен ағатын
тау өзені. Қар, жауын мол жылдары арқырап, қатты тасиды. Солтүстік
жағасындағы ауыл аты осы өзенге байланысты қойылған.
Қаратас өзені
(Каратас) – шағын ғана Қаратас қыстағымен ағып өтетін тау өзені.
Төменірек шатқа құларда Арыстанды өзенімен қосылады.
Үшбас өзені
(Ушбас) – Қаратаудың оңтүстік сілемдерінен бастау алады. Үшбас ауылы
жанындағы үшбасты жатаған төбе атымен аталған.
Жылқыбай
(Жылкыбай) – Сарысу ауданындағы көл. Суы мол жылдары Шабақты,
Аса өзендерінің суымен молығады. Ауданның оңтүстігінде Игілік ауылынан
солтүстікке қарай 21 км жерде, теңіз деңгейінен 305 м биіктікте орналасқан.
Көлдің ауд. 14 км
2
, енді жері 3 км-ге жуық. Ирелең келген жағалауының ұз.
33, 5 км. Ең терең жері 1, 5 м, суының көл. 8, 2 млн. м
3
. Жауын-шашын жəне
жерасты суымен толығады. Жағалауы жайпақ, қамысты-құрақты келген.
Суы кермек татиды, жаз айларында шалшыққа айналады, кей жылдары
кұрғап қалады. Жағалауы мал жайылымына пайдаланылады.
Кіші Қаратау жерасты су алабы
(Киши Каратау жер асты су алабы) – Жамбыл облысының Сарысу жəне
Талас аудандарының аумағында орналасқан. Жерасты суын алғашқы
зерттеулер 1946-1947 ж. басталған. 1947-1992 ж. Оңт. Казақстан геология
басқармасы Кіші Қаратауда фосфор кен орындарының ашылуына
байланысты шахталар жүйесіне құйылатын жерасты суының көлемін
анықтау жəне ауыз сумен қамтамасыз ету үшін кең көлемді гидрогеоло-
гиялық жұмыстар жүргізді (Т. Айтуаров, М. Жұмағұлов, Р. Ахметов,
Р. Айымбетов, т.б.). Жерасты суы кембрий-ордовик кезеңдерінің карстік-
жарықшақты əктастарында таралған. Сулы қабаттың қалындығы 40-300 м.
Осы тереңдікке бұрғыланған гидрогеологиялық ұңғымалардан тəулігіне 2, 2-
86, 4 мың м
3
су шығады. Жерасты суының мол көзі тектоникалық жарылым-
дарда қалыптасқан. Өзен аңғарларында жəне тектоникалық жарылым-
дарда көптеген қайнар бұлақтар (Жылыбұлак. т.б.) бар. Олардан тəулігіне
4, 3-34 мың м
3
су шығады. Жерасты суы тұщы, минералдануы 1, 0 г/л-ден
аспайды, химиялық құрамы гидрокарбонатты-кальцийлік түрге жатады.
Алапта 10 кен орны жете зерттелген. Оның ішінде Бүркітті, Көктал, Май-
төбе, Тамды су кен көздері Қаратау, Жаңатас қалаларын, т.б. елді мекендерді
ауыз сумен қамтамасыз етуге пайдаланылуда. Жерасты суының пайдалану-
ға болатын тəуліктік жалпы қоры 216 мың м
3
көлемдей деп болжанған.
Шабақты
(Шабакты) – Талас алабында, Сарысу ауданындағы өзен. Ұз. 64 км, су
жиналатын алабы 1290 км
2
. Қаратаудың солтүстік беткейіндегі бұлақтардан
басталып, Ақжар көліне 15 км жетпей тартылып қалады. Аңғары Саудакент
ауылына дейін таулық сипатта, төменде жазықпен ағады. Арнасы тік жарлы.
Кішігірім 17 саласы бар. Қар, жерасты суымен толығады. Көп жылдық
орташа су алымы таулы өңірден шыға берісте 2, 48 м
3
/с. Шабақты бойында
Саудакент (бұрынғы Байқадам), ұйым ауылдары орналасқан.
САРЫСУ АУДАНЫ
САРЫСУ АУДАНЫ
262
263
Тұзкөл
(Тузкол) – Жамбыл облысының Талас, Сарысу ауд. ағынды көл. Талас
алабында Қарашеңгел елді мекенінен солт. батыс 2, 5 км, ауданы 11, 8км²,
су жиналатын алқабы 1056 км². Жағалауы жазық, солт. батыс жағалауында
жалпы биіктігі 1, 6-2, 5 м. Көктал өзені көлді жарып ағып, Ащыкөлге
жалғасады, су мол жылдары Аса өзенінің суы кемерінен асып, Ащыкөлге
жəне Тұзкөлге құяды. Суы мол жылдары балық ауланады.
Соркөл
(Соркол) – Сарысу ауданында, Саудакент ауылынан оңтүстік-шығысқа
қарай 23 км жерде жатқан көл. Теңіз деңгейінен 329, 4 м жоғарыда
орналасқан. Аумағы 7, 4 км², ұз. 6, 2 км, енді жері 1, 9 км, жағалауының
ұз. 12, 5 км. Көл саяз, орташа тереңдігі 0, 3 м. Суының көлемі 0, 3 млн
м
3
. Су жиналатын алабының аумағы 9 км². Соркөл – батыс жəне шығыс
бөліктерден тұрады. Көктемде суы молайғанда көлдер бірігіп кетеді. Жаз
айларында құрғап екіге бөлінеді. Суы тұзды, кермек татиды. Солтүстік
жағалауы тіктеу жарқабақты келген. Қалған бөлігі жайпақ. Онда шағын
қамыс-құрақ өскен. Көл жағалауы шабындыққа жəне мал жайылымына
пайдаланылады. Суы мал ішуге жарамды. Оңтүстік бетінен бірнеше жер-
ден артезиан құдықтар қазылған.
Айуантөбе
(Айуантобе) – Қаратау жотасының орталық бөлігінде, Сарысу ауд.
жерінде орналасқан тау. Абс. биікт. 1024 м. Жер қыртысы, негізінен,
протерезойдың тақтатас пен құмтастарынан түзілген. Тау үсті тегістеу кел-
ген. Оңт., оңт. -батысы көлбеуленіп жазыққа ұласып кетеді. Солт. беткейлері
шамалы тілімделген жартасты келеді. Айуантөбенің етегінде шөлді ланд-
шафт түзілген. Онда селеу, боз, кейбір жерлерінде ши, жусан өскен. Етегі
жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады.
Андағұл
(Андагул) – Бетпақдаланың оңтүстігіндегі тау. Сарысу ауданының жерінде
орналасқан. Абс. биікт. 330 м. Тау батыстан шығысқа қарай 20-22 км-ге со-
зылып жатыр, енді жері – 4 км. Жер қыртысы жоғ. ордовик қыртыстарынан
түзілген. Беткейлері жайдақ келген. Онда боз жусан, ақселеу, теріскен, т.б.
шөлдің сораң шөптесіндері өскен. Етегі жыл бойғы мал жайылымы сана-
лады. Ру атынан қойылған атау.
Айгене
(Айгене) – Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы шұратты құм.
Мойынқұмның оңтүстік-батысында, Талас өзенінің төменгі шенін екі
жақтан бойлай, 70-80 км-ге созылып жатыр. Ені 30-40 км, ауданы 3000 км²
шамасында. Айгене – өсімдігі көп, ұсақ төбелі, жалды құм. Оңтүстігінде
оқшауланған жеке төбелер, өзен арнасына жақын жерде сор кездеседі. Жер
астының суы жақын. Құм төбелерде жүзген, қоянсүйек, теріскен, жусан,
селеу, солтүстігінде сексеуіл аралас бұта мен шөптесін өседі. Төбе –
төбенің аралығында жусан, еркек шөп, бидайық, селеу, сор шөбі, өзен
бойында шеңгел, жыңғыл көп. Айгене жыл бойы мал жайылымы ретінде
пайдаланылады. (ҚСЭ, І том, 162б.).
Үлкен Ақтау
(Улкен Актау) – жота, тау. Қаратау жотасының оңтүстік шығыс сілемінде,
Сарысу ауданы жерінде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа
қарай 70-80 км-ге созылған, ені 15-20 км шамасында. Абс. биіктігі 992 м
(Көктал кентінің батысында). Беткейлерін сай-жыра тілімдеген. Үшбас,
Бүркітті, Шабақты өзендері бастау алады. Жусан, бетеге, көде өседі.
Атырабы мал жайылымына пайдаланылады. Аса ірі Түйесай, Жаңатас
фосфорит кен орындары бар. «Көлемі мен аумағы көп жерді алып жатқан
Ақтау» мəніндегі атау.
Бетпақдала
(Бетпакдала) – шөлді алқап. Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең
байтақ аймақты алып жатыр. Бетпақдала Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік
Қазақстан облыстары аумағында орналасқан. Батысында Сарысу өзенінің
төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзенінің
аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Ол батыстан шығысқа
қарай 500 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км аумаққа созылған, ауданы
150 мың км² шамасында.
Бетпақдала үстіртті шөлінің орташа абс. биіктігі 300-350 м, биік жері –
Жамбыл тауы (974 м). Сай-жыралармен тілімденген Бетпақдала жазығында
сор, тақыр жəне жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кездеседі. Қарқаралы,
Қарасу, Талдыеспе сияқты кішігірім өзендер бар. Тұрақты су көздері
болмағанымен, жер асты (артезин) суының қоры мол. Жайылымдар тереңдігі
10-30 м артезин құдықтарымен суландырылады. Бетпақ (зат есім) + дала
(зат есім) сөздерінен жасалған атау. Проф. Қ. Жұбанов: «Бетпақ жалқы есім
емес, сын есім тұлғалы жалпы есім мағынасы: «Бақытсыз» (иранның бад,
бах сөздері)» десе (Жұбанов, 1966), А. Əбдірахманов: «иран тілдеріндегі
«бəдбахт» сөзінің екі мағынасының бірі – «бақытсыз» Бетпақдала атауын
САРЫСУ АУДАНЫ
САРЫСУ АУДАНЫ
264
265
жасаған да, екіншісі – «оңбаған, бетсіз, арсыз» деген мағынада жəне ұрысу
ретінде «бетпақ» түрінде əдеби тілге енген» – дейді. Сонымен сөздің
этимологиясы мынадай: бад бахт (иранша – «бақытсыз») + дана (түрікше
«жазық жер»). Атаудың мағынасы: «аса ыстық, жаман шөл дала, жапан дүз».
Э.М. Мурзаевтің пікірі бойынша «батпақ дала» дегеннен шығуы мүмкін.
Өйткені Бетпақдаланың батыс жағының топырағы сұр-құба. Көктемгі қар
суынан жəне күзгі жаңбыр суынан топырақ ылғи батпақтанып жатады да
жазда кеуіп, тақырға айналады. Көшпелі заманда Сырдария, Шу өңірлерінің
халқы көктемде еріген қардың соңын ала Сарыарқаға көшіп, жазды соның
жайлауларында өткізіп отырған. Күзгі жаңбырдан кейін, алғашқы қармен
бірге кері көшіп отырған. Осы кездерде Бетпақдаланың батпақтанып
жататыны түсінікті. Мал қар мен жаңбыр суын, ал ел сирек құдық суын
пайдаланып отырған. Сонымен Бетпақдала көшпелі заманда қойылған атау
болса керек.
Домбыралытау
(Домбыралытау) – төбе. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында. Абс.
биіктігі 380 м. Атау домбыра (зат есім) + лы (зат есімнен сын е. ту. жұрнақ)
+тау (зат есім) сөздерінен жасалған. Бұл жерде «домбыра қалған, домбыра-
лы (төбе)» дегенді білдіреді.
Итмұрын
(Итмурын) – төбе. Шу өзенінің аңғарында, Талас ауданында. Кісі есімінен
қойылған атау.
Келін
(Келин) – қыстау. Шу өзенінің аңғарында, Жайлаукөл ауылынан солтүс-
тік – батысқа қарай 18 км жерде, Сарысу ауданында.
Көкшетау
(Кокшетау) – төбе. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында. Абс.
биіктігі 325 м. Төбенің көгеріп жатуына немесе алыстан көгеріп көрінуіне
байланысты қойылған атау.
Қазанғап
(Казангап) – төбе. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында. Абс. биіктігі
296 м. Кісі есімінен қойылған атау болуы мүмкін.
Қарақия
(Каракия) – төбе. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында. Абс. биіктігі
316 м. Қара (сын есім) + қия (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау.
Мағынасы: «үлкен, биік қия».
Қарақоға
(Каракога) – қоныс. Шабақты өзенінің төменгі атырабында, Сарысу ауда-
нында. Жері сортаң, қарақоға өседі. Мағынасы: «қалың, ну қоға».
Қараоба
(Караоба) – төбе. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында. Абс. биіктігі
285 м. Атаудың топонимдік мағынасы: «үйінді тастың көп жері, шошақ тау,
төбе».
Қаратас
(Каратас) – ауыл. Қаратау жотасының солтүстік етегінде, Сарысу ауда-
нында. Шағын Қаратас өзенінің солтүстік-батыс қанатына қоныстанған.
Қаратау
(Каратау) – жота. Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысында,
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан жəне Қызылорда облыстары аумағында
орналасқан. Жота солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 420 км-
ге созылған, енді жері 60-80 км, ең биік жері Бессаз тауы (2175 м). Жота
қатарласа созылған. Кіші Қаратау жəне Үлкен Қаратау жоталарынан
тұрады. Ең биік жері – Шығыс Қаратау жотасында орналасқан Бесшоқы
тауы (552 м). Е. Қойшыбаев келтірген (1985) Э. Мурзаев пікірі бойынша
«бұл атаудағы қара сөзі түспен байланысты, өйткені Қаратауларда өзге
таулардағыдай жаз бойы қар жатпайды» – дейді.
Қызылтұма
(Кызылтума) – төбе. Мойынқұм алқабының солтүстігінде, Сарысу ауда-
нында. Абс. биіктігі 317 м.
Сарытөбе
(Сарытобе) – төбе. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында. Абс.
би іктігі 290 м. Объектінің геофизикалық сипатына қарай қойылған атау.
Таудың, төбенің тас жыныстарының топырағының түсіне байланысты
аталған болуы керек.
САРЫСУ АУДАНЫ
266
Қаратөбе
(Каратобе) – төбе. Мойынқұм алқабында, Сарысу ауданында. Абс.
биіктігі 375 м.
Қойтас
(Койтас) – төбе. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында. Абс. биіктігі
267 м. Қой жəне тас (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. «Кеспел-
тек үлкен келген жұмыр тастары көп тау, төбе» мəніндегі атау.
Соқыртөбе
(Сокыртобе) – төбе. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында. Абс. би-
іктігі 281 м. «Соқыр руының төбесі» деген мағынадағы атау.
Майдегенкөл
(Майдегенкол) – сор. Шу өзенінің аңғарында, Сарысу ауданында.
Суықтөбе
(Суыктобе) – төбе. Мойынқұм алқабынын солтүстігінде, Сарысу ау да-
нын да. Абс биіктігі 340 м. Атау екі сөзден бірігіп жасалған: суық (сын
есім) + төбе (зат есім). «Қоңырсалқын, самал соғып тұратын төбе» деген
ма ғынадағы атау.
Тасоба
(Тасоба) – төбе. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында. Абс. биіктігі
246 м. Тас (сын есім) +оба (зат есім) сөздерінен жасалған атау.
Тантай
(Тантай) – төбе. Бетпақдала жазығының оңтүстігінде, Сарысу ауданын-
да. Абс. биіктігі 295 м. Кісі есімінен қойылған атау.
Ұзынтау
(Узынтау) – төбе. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында. Абс.
биіктігі 438 м. Ұзын (сын есім) + тау (зат есім) сөздерінен біріккен атау.
Мағынасы: «көлбей жатқан қырат-жалды биік тау».
Шірік
(Ширик) – құдық. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында.
ТАЛАС АУДАНЫ
ТАЛАС АУДАНЫ
268
269
ОЙКОНИМДЕР, ГИДРОНИМДЕР, ОРОНИМДЕР
Əкімшілік орталығы – Қаратау қаласы
Халық саны – 52 100 адам
Аудан аумағы – 15 200 шаршы шақырымды құрайды
Аудандағы ауылдық округтер саны – 14
Құрылған жылы – 3 қыркүйек, 1928 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |