ТАЛАС АУДАНЫ
ТАЛАС АУДАНЫ
278
279
ТАЛАС АУДАНЫ
(Талас) – облыстың оңтүстік-батысында орналасқан əкімшілік бөлік.
1928 ж. құрылған. Жерінің аумағы 12, 2 мың км
2
. Халқы 53, 3 мың
адамнан аса. Аудан аумағындағы 25 елді мекен, 1 қалалық, 1 кенттік жəне
14 ауылдық əкімшілік округке біріктірілген. Аудан орталығы – Қapaтау
қаласы Тараздан солтүстік-батысқа қарай 105 км жерде орналасқан. Аудан
жері, негізінен, жазық, тек оның қиыр оңтүстік-батысы ғана таулы. Мұнда
Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс бөлігі орналасқан. Ауданның ең биік
жері де осы тұста (1109 м). Солтүстігі Мойынқұмға ұласады. Мұндағы тау-
төбелердің ішіндегі ең биік жері Кемпіртөбе тауы (409 м). Жер қойнауында
ірі кен орындары барланған. Онда əктас, доломит, мəрмəр жəне гранит,
уран, табиғи газ, алтын, гипс, барит, хальцедон, минералды бұлақтар, т.б.
кен орындары бар. Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ,
жазы ыстық, аңызақты. Ауаның каңтар айындағы орташа температурасы
– 6-10
0
C, шілдеде 24-27°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері
150-250 мм, Қаратауда 400 мм-ге жетеді. Аудан жерімен Талас, Аса,
Көктал, Тамды өзендері ағып өтеді. Билікөл, Ақкөл, Ақжар, Ащыкөл,
Тұздыкөл көлдері бар. Жері сұр, шалғынды сұр, бозғылт қоңыр топырақты,
солтүстігінде құмды, құмайтты топырақ қалыптасқан. Өсімдіктерден
жусан, баялыш, шеңгел, жыңғыл, жүзгін, изен, теріскен, күйреуік, сексеуіл
өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, ақбөкен, саршұнақ, аламан, тасбақа, кесіртке,
жыланның бірнеше түрі кездеседі.
Ауданда, негізінен, қазақтар тұрады (81, 4%). Одан басқа орыстар (10,
2%), украиндар, курдтар, немістер, т.б. ұлт өкілдері бар.
Талас өңірі ерте заманнан-ақ адамдардың құт мекені болып келгені
тарихтан белгілі. Археологиялық қазбалар арқылы табылған мұралар
мен жəдігерлер, жартастардағы суреттер, жазулар мəдениетіміз бен
тарихымыздың тым əріден басталатындығын көрсетеді.
Қазан төңкерісі қарсаңында бүгінгі Талас ауданы аумағында Ойық
болысынан 10 ауыл, Ошақты болысынан 11 ауыл, Ағашақ болысынан 4
ауыл болған. Олар кейін біріктіріліп, Төменгі Талас ауданы болып құрылған.
Ауданның алғашқы орталық əкімшілік мекені Ошақты болысының 3,
4 – ауылдарының қонысында болды. 1929 жылы аудан орталығы Ойық
ауылына көшірілді. 1934 жылы аудан орталығы Ақкөл ауылына көшірілген,
1960-1963 жж. аудан орталығы Шолақтау тау-кен жұмысшыларының
кентіне көшірілді, одан 1963-1997 жж. аралығында Ақкөлге қоныс тепті.
1997 жылдан күні бүгінге дейін аудан орталығы Қаратау қаласы болып келе
жатыр.
Аудан аумағында ежелгі тарихи-архитектуралық ескерткіштер көптеп
кездеседі. Ауданнан 62 Социалистік Еңбек Ері, Кеңес Одағының Батырлары
шыққан.
Достарыңызбен бөлісу: