САРЫСУ АУДАНЫ
САРЫСУ АУДАНЫ
242
243
САРЫСУ АУДАНЫ
(Сарысу) – облыстың батысында орналасқан əкімшілік бөлік. 1928 ж.
құр ылған. Аудан орталығы – Жаңатас қаласы.
Аудан жері, негізінен, жазық, тек оңтүстік бөлігі ғана таулы. Мұнда
Қаратау жотасының орталық бөлігіндегі Үлкен Ақтау тауы орналасқан.
Ауданның ең биік жері де осы тұста (Айуантөбе тауы, 1024 м). Солтүстігін
Мойынқұм жəне Бетпақ-даланың оңтүстік бөлігі қамтыған. Бетпақдала
өңіріне аласа таулы құрғақ ландшафт тəн. Мұнда аласа келген Қазанғап
(298 м), Аңдағұл (330 м), Көкшетау (325 м), Сарытөбе (290 м) таулары жəне
Ескібұтақ, Сортаң, Соркілем, Қаттытақыр, т.б. қоныстар кездеседі. Жер
қойнауынан фосфорит, химиялық шикізаттар, ас тұзы, т.б. кен орындары
барланған. Оның кейбіреулері өндіріледі.
Ауданның климаты континенттік, қысы солтүстігінде суық, аязды, оң-
түс тігі жұмсақ, жазы барлық бөлігінде ыстық, қуаң, аңызақты. Ауданның
орташа температурасы қаңтар айында 6 –12°С, шілдеде 22 –21°С. Жауын-
шашынның жылдық орташа мөлшері 150 – 250 мм.
Аудан жерінен Шу, Талас, Бүркітті, Шабақты, Көктал өзеңдері ағып
өтеді. Ақжар, Тұзкөл, Үлкен Қамқалы, Соркөл көлдері бар. Шабақты,
Бүркітті өзендеріне Ынталы, Бүркітті бөгендері салынған. Жері бозғылт
қоңыр (оңтүстігінде), сұр, сортаңды сұр (солтүстігінде) жəне Шу, Талас
өзеңдері аңғарында, Мойынқұмда шалғынды-сұр, құмайтты топырақ
қалыптасқан. Жусан, бетеге, бұйырғын, баялыш, көкпек, итсигек,
адыраспан, сарсазан, күйреуік, т.б. шөлдің 5 сораң шөптері, Шу аңғарында
қамыс, ши, Мойынқұмда сексеуіл, жыңғыл өсе ді. Аңдардан: қасқыр, түлкі,
қоян, ақбөкен, арқар, таутеке, жабайы шош қа, құстардан үйрек, қаз, дала
бүркіті, т.б. құстар кездеседі.
Аудан халқының басым көпшілігі қазақтар (86, 8%). Одан басқа орыс,
белорус, украин, курд, татар, т.б. ұлт өкілдері тұрады.
Ipi елді мекендері: Жаңатас қаласы (25. 9 мың адам), Саудакент (5, 9)
Жайылма (2, 8), Өндіріс (1, 4), Игілік (1, 2), Түркістан (1, 1), Ұйым (1, 1),
Жаңаарық (1, 0) жə не Toғызкент (1, 0) ауылдары. Аудан бұрын, негізінен,
қаракөл қойы, оған қосымша етті-сүтті мал, жылқы, түйе өсіруге, астық,
көкөніс өндіруге ма манданған 10 кеңшардан тұратын. Қазір олар əртүрлі
шаруашылық субъектілерін құрайды.
Аудандағы жол желісінің ұзындығы 472 км, оның 322 км жері қатты
төсенішпен (асфальтпен) жабылған. Байланыс саласында 5 ATC (3690
нөмірлі) жəне 18 байланыс бөлімшесі бар.
Ауданда жалпы білім беретін 28 мектеп, 1 мұражай, 2 мəдениет үйі, 9
кітапхана, 1 спорт мектебі, 11 клуб, 2 кəсіптік мектеп бар. Денсаулық сақтау
ме кемелерінен 2 аурухана, 1 аудандық санэпидемстанса, 5 отбасылық –
дəріг ерлік амбулатория, 6 фельдшер-акушерлік пункт, 7 фельдшерлік пункт
тір келген.
Ауданда ежелгі тарихи-архитектуралық ескерткіштер көптеп кездеседі.
Шабақты өзенінің оң жағалауындағы Саудакент ауылында ортағасырлық
(XI-XV ғ.) Саудакент қаласының орны сақталған. Осы ауылда Шоқай датқа
мазары (XIX ғ.) мен оған 2001 ж. тұрғызылған ескерткіш бар. Үшбас,
Ақтобе, Арыстанды, Досбол елді мекендерінде бекіністік қамал, Ақтоғай,
Түркістан, Қызылдиқан ауылдары маңында тас келіншек тастағы жазулар
сақталған. Саудакент ауылында 1993 ж. Ықылас Дүкенұлына монумент
тұрғызылған. Аудан жерімен ортағасырда Тараз – Қаратау – Жаңатас
Саудакент елді мекендері арқылы Ұлы Жібек жолы жүрген.
3 қыркүйекте енді Сарысу ауданының тарихына тоқталсақ, Сарысу
ауданы 1928 жылы Қазақ АССР Халық Комиссарлар Кеңесінің «Қазақстанда
көшпелі, жар ты лай көшпелі жəне отырықшы аудандарды белгілеу туралы»
қаулысына сəй кес құрылған. Осы қаулыға сəйкес Сарысу ауданы Қызылқұм,
Созақ, Шу аударымен бірге Сырдария округіне қаратылған.
«1928 жылы Қазақстанда өткізілген байларды тəркілеу науқанының көш-
пе лі халыққа тигізген зардабы шексіз ауыр болды. 1932-1933 жыл дар дағы
ғасырлар бойы көшпелі тірлікпен күн кешіп, еркін шарушылықпен, мал
өсі румен айналысқан халықты əсіресе Сарысу халқын аяусыз қырғынға
ұшы ратты. Осы күнгі Қарағанды облысының Жаңарқа ауданында 130
жыл дан астам құтты қоныс еткен, сонау 1797 жылы осы күнгі Атырау,
Орал облыстарының бойынан қоныс аударған Кіші жүздің Он екі ата
Байұлысының Шеркеш, Жетірудың Жағалбайлы, Табын, Тама секілді ірі
тайпаларының ұрпақтарының басым көпшілігі бауыр басқан құт қонысын
тастап, Сарысу өзенінің бойынан 6000-дай шаңырақ үдере көшіп, Қаратау
бойына шұбырды. Солақай, ұзынсойыл ұрдажық Голощекиннің өзім білер-
мендік саясаты салдарынан бір ғана Сарысу ауданында сол 6 мың ша-
ңырақтан 2-ақ мыңдайы арып-ашып Қаратау алабына тұяқ іліктірді.
1926 жылғы санақ бойынша Арқа төсін мекен еткен Сарысу ауданының
халқында 1 млн-дай қой-ешкі, 10 мыңдай жылқы мен түйе бар болса,
1932жылдың аяғына қарай зорлық саясат-ұжымдастыру салдарынан ті-
герге тұяқ қалмады десе де болғандай. Елдің алды, аз-кем қоңы барла-
ры, күш-көліктері барлары Түркістан, Əулиеата, Шымкент, т.б. жақтарға
қа шып жансауға қылды (Үркердей болып көшкен жұрт... П. Дүйсенбин.
Алм., 2007).
1933 жылы сонау Сарысу өзені бойынан қоныс аударып келген
жұртшылықтың өтініші бойынша аудан аты Сарысу болып сақталып
қалды. Көрнекті қоғам қайраткерлері Ораз Жандосов пен Жанайдар
Садуақасовтарды белсенді қолдауы Жаңаарқа жеріндегі аудан атын сақтап
қалуға зор ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: