Жаңатас
(Жанатас) – қала. Сарысу ауданының орталығы. Тараз қаласынан сол-
түстік-батысқа қарай 170 км жерде орналасқан. Іргесі ірі фосфорит кенін
САРЫСУ АУДАНЫ
САРЫСУ АУДАНЫ
244
245
игеруге байланысты 1964 ж. қаланып, жұмысшы кенті болған. 1969 жылы
25 маусымда аудандық бағыныстағы қалаға, 1971 ж. облыстық бағыныстағы
қалаға айналды.
Атау жаңа (сын есім) + тас (зат есім) сөздерінің қосылуынан жасалған.
Болашақ қаланың атын қоюға көрнекті геолог ғалымдар Д. Безруков пен
Б. Гиммельфарбтар үлес қосқан. Алғаш «Новый камень» деген ұсыныспен
картаға түсірмек болғанда, Б. Гиммельфарб қазақшаға аударып, кен ор-
нын белгілейді. Кейін осы атау Жаңатас қаласының атына негіз болды.
Мағынасы: «жаңарған тасты жер, ел» дегенді білдіреді. Бұл жерде фосфор
кені табылған соң кен өңдейтін фосфор шикізатын дайындайтын кешенді
құрылыстар салынды. Қашанда кен таулы-тасты жерден шығатыны белгілі.
Олай болса, тас сөзін кен сөзімен алмастырып айтумен орай «жаңа кен
шыққан жер», «жаңа кен орны» деген ұғыммен байланысты Жаңатас атауы
дүниеге келді.
Байқадам
(Байкадам) – Жамбыл облысындағы Сарысу ауданының ауылдық
округі. Жамбыл қаласының солтүстік-батысында 165 км. Қаратаудың
солтүстігіндегі жазықта, Шабақты өзенінің бойында орналасқан. Ең жақын
темір жол сатансасы Жаңатас солтүстік-шығысында (27 км). Əуелде Сауда-
кент аталған, ал 1931 жылдан Байқадам Қашқынбаевтың (тап жауларының
қолынан қаза тапқан коммунист) есімімен аталды. 1993 жылы тарихи Сау-
дакент аты қайтарылды. Халқы 7, 6 мың (1970). Байқадам – «Байқадам»,
«Коммунар» совхоздарының жəне ауылдық кеңестің орталығы болған.
1990 жылдары Байқадамда тұрмыс қажетін өңдейтін комбинат, лимонад
цехы, наубайхана, баспахана, бастауыш, 2 орта мектеп, халық театры,
4 клуб, 7 кітапхана, 2 аурухана, 2 балалар бақшасы жұмыс істеді. 1933-
1997 жылдары Сарысу ауданының орталығы болды. Байқадам стансасы
төңірегінің табиғаты сұлу: 8 км жерде «Ынталы» бөгені, Қосемшек тауы,
Қаратаудың биік шатқалдары, т.б. бар. Тараздан Байқадамға тас жол келеді.
Жайылма
(Жайылма) – Сарысу аудандағы ауыл, ауылдық əкімшілік округінің ор-
талығы. Аудан орталығы Жаңатас қаласынан солтүстікке қарай 32 км жер де,
Бүркітті өзінің жағалауында, боз жусан аралас баялыш, күйреуік өскен шөл-
дің сұр топырақты даласында орналасқан. Тұрғыны 2, 7 мың адамнан аса.
Іргесі 1957 ж. қаланған. Қаракөл қойын өсіретін «Жайылма» кеңшарының
ор талығы болып келді. 1997 ж. дейін Ленин ауылы аталып келген. Кеңшар
не гізінде Жайылмада 3 өндірістік кооператив, 35 шаруа қожалығы жəне 15
ЖШС кұрылған. Ауылда жəне осы округке қарасты Көлдала ауылында 2
орта, 1 орталау мектеп, отбасылық-дəрігерлік амбулатория, 2 фельдшер-
аку шерлік пункт жұмыс істейді.
Игілік
(Игилик) – Сарысу аудандағы ауылдық əкімшілік округінің орталығы.
Аудан орталығы Жаңатас қаласынан солтүстікке қарай 33 км жерде,
Шабақты өзені тармақтарының жағалауында, боз жусан, баялыш басым
өскен сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан. Тұрғыны 1, 2 мың адамнан
аса. 1957 ж. қаракөл қойын өсіретін Коммунар кеңшарының бөлімшесі
болды. Оның негізінде 1997 жылдан «Игілік» өндірістік кооперативі жəне
шаруа қожалықтары құрылды. 1993 ж. дейін Коммунар деп аталып келді.
Игілікте орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер пункт, т.б. мекемелер бар.
Саудакент
(Саудакент) – Сарысу ауданындағы ауыл, Байқадам ауылдық əкімшілік
округінің орталығы. Аудан орталығы Жаңатас қаласынан солтүстік-
шығысқа қарай 25 км жерде, Шабақты өзенінің жағалауындағы сұр
жусан, баялыш, көкпек басым өскен сұр, сортаңды сұр жəне шалғынды
сұр топырақты қуаң шөлді белдемде орналасқан. Тұрғыны 5, 9 мың адам.
Ауыл 1993 жылға дейін Байқадам ауылы жəне 1997 жылға дейін Сарысу
ауданының орталығы болып келді. 1957-1997 ж. аралығында көкөніс-сүт
бағытындағы «Байқадам» кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде
Саудакентте 1997 жылдан «Байқадам» ӨК, «Саудакент» AҚ жəне оннан
астам ЖШС-тер мен 50-ге жуық шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
Ауылда тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, кондитер, макарон цехтары,
наубайхана, т.б. жұмыс істейді. 2 орта мектеп, кəсіптік-техникалық мектеп,
2 кітапхана, мұражай, мəдениет үйі, мешіт, ауылдық аурухана, отбасылық-
дəрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар. Саудакентте ортағасырлық
тарихи-сəулеткерлік ескерткіштердің орны сақталған.
Саудакент
(Саудакент) – ортағасырлық қала орны. Сарысу ауданы, Саудакент
ауылында орналасқан. 1901 ж. В.А. Колосов зерттеген. 1946 ж. Орталық
Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ə. Марғұлан) ішкі
қамалдың солтүстік-шығыс бұрышына тікқазба (шурф) түсірген. Оның
барысында құлаған бөлме орны аршылып, сырланбаған қыш ыдыстар,
мал сүйектері шыққан. 1947 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық
экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) қала үстінен материалдар
жиыстырған. 1980 ж. Жамбыл облысы тарихи-өлкетану музейінің экспе-
дициясы (жетекшісі Қ. Байбосынов) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сауда-
кенттің орны тікбұрышты келген. көлемі 230 жəне 160 м, биіктігі 6 м. төбе.
11 мұнараның орындары сақталып қалған. Ішкі қамал қаланың солтүстік-
шығыс бөлігінде. Бұл биіктігі 2 м, көлемі 40 м
2
болатын төбе. Қала орнынан
сырлы жəне сырланбаған қыш ыдыс қалдықтары көптеп кездеседі. Бұлар
Талас өңіріндегі қалалардан табылған материалдарға ұқсас. Алынған
САРЫСУ АУДАНЫ
САРЫСУ АУДАНЫ
246
247
заттарға қарағанда Саудакентті халық IX-XV ғасырларда мекен еткен. Олар
егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан. Cаудакент арқылы Жібек
жолы өткен.
Тоғызкент
(Тогызкент) – Сарысу ауданындағы ауыл, ауылдық əкімшілік округі
орталығы. Аудан орталығы Жаңатас қаласынан солтүстік-шығысқа қарай
70 км жерде, Таластың тармағы, Аса өзенінің ең төменгі ағысындағы боз
жусан, баялыш, күйреуік, т.б. сораң шөптер өскен белдемде орналасқан.
Тұрғыны 1,0 мың адамнан аса. Ауыл 1997 ж. дейін Түгіскен деп аталып
келді. Ipгeci 1950 ж. асыл тұқымды қаракөл қойын өсіретін «Тоғызкент»
кеңшарының орталығы ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан
Тоғызкентте «Тоғызкент» АҚ жəне 20-дан астам шаруа қожалықтары
құрылды.
Түркістан
(Туркистан) – Сарысу ауданындағы ауыл, ауылдық əкімшілік округі
орталығы. Аудан орталығы Жаңатас қаласынан оңтүстік-батысқа қарай
15 км жерде, Үлкен Ақтау тауының солтүстік-батыс баурайында, Үшбас
өзенінің сол жағалаулық аңғарындағы бұта аралас қылқан, боз, сұлыбас,
бетеге басым өскен қызғылт қоңыр, қара топырақты жонды-қырқалы келген
тауаралық аңғарында орналасқан. Тұрғыны 1, 1 мың адамнан аса. Ауыл
1995 ж. дейін Андреевка деп аталған. 1954-97 жылдары қаракөл қойын
өсіретін «Түркістан» кеңшарының орталығы болып келді. 1954 жылы
тың игеруге байланысты құрылған астық совхозы болды. Оның Түркістан
аталу себебі ең алғашқы 12 үйді Түркістан əскери округінің жауынгерлері
салған. Ұлы жазушы М. Əуезов «Түркістан солай туған» деген очеркін сол
жылдары дүниеге келтірген.
Қазір ауылда «Түркістан» ЖШС-і жəне 30-дан астам шаруа қожалықтары
ұйымдастырылды. Орта мектеп, клуб, кітапхана, отбасылық-дəрігерлік
амбулатория, т.б. мекемелер бар.
Ақтоғай
(Актогай) – ауыл. Жаңатас қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 15
км жерде, Тараз-Жаңатас автожолының бойында, Сарысу ауданында.
Жаңаарық ауылдық округіне қарайды. Ақ (сын есім) + тоғай (зат есім)
деген екі сөзден бірігіп жасалған. Табиғаты сұлу, үлкен Ақтау тауының қос
шатқалынан ағып шығатын Ақтоғай мен Талдыбұлақ өзендерінің арасында
орналасқан, жасыл желекті ну ноғайға бөленген ауыл. Орта мектеп,
кітапхана, фельдшерлік пунк бар.
Жайлаукөл
(Жайлаукол) – е. м., Сарысу ауданы. Жайлау (зат есім) + көл (зат есім)
сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Елдімекен аты көл атынан алынған.
Мағынасы: «жайлаудағы көл».
Жарқұдық
(Жаркудык) – е. м., Сарысу ауданы. Жар (зат есім) + құдық (зат есім)
сөздерінің қосылуынан жасалған атау. Мағынасы: белгілі бір обьектінің
жарының жанынан қазылған құдық екенін білдіреді. Елді мекен аты осы
құдық атынан қойылған.
Майлыкөл
(Майлыкол) – е. м., Сарысу ауданы. Майлы (туынды сын есім) + көл (зат
есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Мағынасы: «суы малға жұғымды,
жағасы шалғынды көл» дегенді білдіреді.
Арыстанды
(Арыстанды) – а. Сарысу ауданы.
Бұл жерде «арыстан бар, арыстан көп, айбатты, қайратты» мəнінде
қойылған сияқты.
Жаңаталап
(Жанаталап) – а. о. Сарысу ауданы,
(Жанаталап) – а. Сарысу ауданы.
Жаңа (сан есім) + талап (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау.
Мағынасы: «революциядан кейінгі бұқараға арналған жаңа тілек жаңа
міндетке байланысты» қойылған атау.
Ақасорты
(Акасорты) – қоныс. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында.
Балақандым
(Балакандым) – қоныс. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында.
«Қандым өскен жердегі кіші қоныс, құдық» мағынасындағы атау.
Қамқалы
(Камкалы) – а. о. Сарысу ауданы,
(Камкалы) – а. Сарысу ауданы.
САРЫСУ АУДАНЫ
САРЫСУ АУДАНЫ
248
249
Бұл ауданда Үлкен Қамқалы, Кіші Қамқалы деген көлдер бар. Ауыл аты
сол көл атынан қойылса керек. Атаудың мағынасы: «қамқасы көп, қамқаға
бай», қамқа, қама – «терісі қымбат аң, құндыз; қама.» Қамқа сөзі түркілерге
иран тілінен ауысқан. Қамқалы атауы «құндызды» сөзіне пара-пар.
Қызылдиқан
(Кызылдикан) – а. Сарысу ауданы, Жайылма ауылдық округіне қарасты
ауыл.
Аудан орталығы Жаңатас қаласынан солтүстік-батысқа қарай орналасқан.
Ауыл жанынан Құрттыбұлақ өзені ағып жатыр. 1957 жылдан «Жайылма»
кеңшарының бөлімшесі болды. Оған дейін Жданов атындағы ұжымшар
болған. Ауылда орта мектеп, кітапхана, фельдшерлік пункті бар.
Қызыл (сын есім) + диқан (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған
атау. Мағынасы: «қызыл шаруа». Қызылдиқан атты ауыл Жамбыл, Жуалы
аудандарында да бар.
Маятас
(Маятас) – а. Сарысу ауданы.
Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, ҚР Үкіметінің жанындағы
Мемлекеттік ономастика комиссиясының 05.08.1997 ж. ұйғарымы бойын-
ша К. Маркс селосы бұрынғы тарихи аты бойынша Маятас ауылы болып
аталды. Атаудың мағынасы: «Үйілген, биік тас».
Ұйым
(Уйым) – а. Сарысу ауданы.
Сөз түбірі ұйы етістігі. Ауыспалы мағынасы «бірік, бірлес» дегенді
білдіреді. Осыған етістіктен зат есім тудыратын -м жұрнағы қосылу
арқылы жасалған атау. Мағынасы: «бірлесе, біріккен, басы қосылған ұжым
(коллектив)» дегенді білдіреді.
Ұ. Сыздықбайұлы
(У. Сыздыкбайулы) – а. Сарысу ауданы.
ҚР Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының
24.12.1999 ж. ұйғарымы бойынша Жаңаарық ауылы өзгертіліп, Ұ. Сыздық-
байұлы ауылы болып аталды.
Сыздықбаев Ұзақбай Сыздықбайұлы (22.09.1925, Сарысу ауданы – 1997,
Байзақ ауд.) – соғыс жəне еңбек ардагері, қоғам қайраткері болған. 1961-
1963 жылдары Қордай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы
болған. 1963-1967 жылдары ҚКП Сарысу жəне Свердлов (Байзақ) аудандық
комитетінің бірінші хатшысы болып істеген.
Үшбас
(Ушбас) – а. Сарысу ауданы.
Үш (сан есім) + бас (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы:
«үш биік, үш төбе» дегенді білдірсе керек.
Шағалалы
(Шагалалы) – а. Сарысу ауданы.
Шағала сөзіне сын есім жасайтын -лы жұрнағы қосылуы арқылы
жасалған. Мағынасы: «бұл маңдағы көлде шағала көп» екенін білдіреді.
Шығанақ
(Шыганак) – а. Сарысу ауданы.
Географиялық терминнен жасалған атау. Мағынасы: «Бұл жердің
басқа жерден бөлектеніп, оқшауланып жатқанын» білдіреді. Мойынқұм
ауданында Шығанақ кенті бар.
Қазанқап
(Казанкап) – төменгі палеолит қонысының орны. Жамбыл облысы, Сары-
су ауданы, Шу өзенінің биік жағалауында, Тантай жəне Қазанқап тауларының
аралығында. Қазанқапты 1961 ж. ҚазССР ҒА-ның Ш. Уəлиханов атындағы
Тарих, археология жəне этнография институтының археологиялық экспе-
дициясы зерттеді. (Қазақ Совет Энциклопедиясы Алматы, 1975. 6 том, 391-
бет).
Бұралқы
(Буралкы) – қоныс. Бетпақдала жазығының оңтүстігінде, Бұралқы
қонысында, Сарысу ауданында орналасқан.
Бүркітті
(Буркитти) – соңғы палеолит дəуірінің кейінгі кезеңіне жататын көне
қоныс орны. Сарысу ауданындағы бұрынғы Бүркітті, кейінгі Көксу аталған
ауылдан 2 км қашықтықта орналасқан.
Досбол
(Досбол) – ауыл. Талас өзенінің аңғарында, Саудакент ауылынан
солтүстік-шығысқа қарай 49 км жерде, Сарысу ауданында. Кісі есімінен
қойылған атау.
САРЫСУ АУДАНЫ
САРЫСУ АУДАНЫ
250
251
Егізкөл
(Егизкол) – қоныс. Талас өзенінің аңғарында, Сарысу ауданында. Суы
ащы.
Ескібұтақ
(Ескибутак) – қоныс. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында.
Жайлаукөл
(Жайлаукол) – ауыл. Шу өзенінің сол жағасында, Сарысу ауданында.
Жайылма
(Жайылма) – ауыл. Сарысу ауданында, Жаңатас қаласынан солтүстікке
қарай 32 км жерде, Бүркітті өзенінің жағалауында орналасқан. Тұрғыны
2, 7 мың адам. Іргесі 1957 ж. қаланып, 1997 жылға дейін Ленин ауылы
аталып келген. Жайыл (ырықсыз етіс) + ма (зат есім афф.) тұлғаларының
бірігуі арқылы жасалған атау. Мағынасы: «көктемде қар суы жайылатын
өзен жағасындағы шабындықты ойпаң, жазық алқап». Сонау 40-жылдары
Бүркітті, Шабақты, Аса сулары Қарақоға, Қазоты, Сарыкөл аймағында
бір-бірімен көктемде тоғысып, айнала дүниені су басып кетеді екен.
Кейін тартылған су орны адам аяқ алып жүре алмас шалғынға айналған.
«Жайылма» атауының астары сол ұлы құбылыспен байланысты.
Жалқұм
(Жалкум) – қоныс. Талас өзеңінің аңғарында, Сарысу ауданында. Жал-
жал болып ұзыннан-ұзақ созылып жатқандықтан Жалқұм аталса керек.
Жаңаарық
(Жанаарык) – қоныс. Бүркітті өзенінің аңғарында, Сарысу ауданындағы
ауыл. Жаңаарық ауылдық округінің орталығы. Жаңатас қаласынан оңтүстік-
шығысқа қарай 6 км жерде, жаңа (сын есім) жəне арық (зат есім) сөздерінің
бірігуінен жасалған. Мағынасы: «жаңа қазылған канал» болса керек.
Жаңаталап
(Жанаталап) – қыстау. Саудакент ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 7
км жерде, Сарысу ауданында. Жаңа жəне талап сөздерінің бірігуі арқылы
жасалып, «жаңа өмірге ұмтылыс, зор мақсат» мəніндегі кеңестік дəуірде
қойылған атау.
Жиделі
(Жидели) – қоныс. Шу өзенінің аңғарында, Сарысу ауданында.
Игілік
(Игилик) – ауыл. Сарысу ауданында, Жаңатас қаласынан солтүстікке
қарай 28 км жерде, Шабақты өзен тармақтарының жағалауында орналасқан.
Тұрғыны 1, 2 мың адам. Іргесі 1957 ж. қаракөл қойын өсіретін «Калинин»
ұжымшары, кейіннен кеңшардың негізінде қаланды. Ауыл 1993 жылға
дейін Коммунар деп аталған. Ру атынан не кісі есімінен қойылған атау
болуы мүмкін.
Кеттітақыр
(Кеттитакыр) – қоныс. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында.
Көкдала
(Кокдала) – ауыл. Талас өзенінің аңғарында, Саудакент ауылынан
солтүстік-шығысқа қарай 73 км жерде, Сарысу ауданында. Атау көк жəне
дала сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «Көкорай шалғынды
кең жер, үлкен жон, байтақ жер».
Қуарал
(Куарал) – қоныс. Бетпақдала жазығының оңтүстігінде, Сарысу ауданын-
да. «Шөл арал (жазық)» мəніндегі атау. Қазақтың ұлы сазгер қобызшысы
Ықыластың (1843) жерленген жері. Шығанақ ауылынан солтүстікке қарай
18 шақырым жерде, Шу өзенінің арғы бетінде.
Қаратұз
(Каратуз) – қоныс. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында.
Қиынтас
(Киынтас) – қоныс. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында
орналасқан.
Қаратоған
(Каратоган) – қоныс. Талас өзенінің аңғарында, Сарысу ауданында. Қара
(сын есім) + тоған (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Топонимдік
мағынасы: «тоғаны көп жер».
Қожамбақ
(Кожамбак) – қоныс. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында
орналасқан.
САРЫСУ АУДАНЫ
САРЫСУ АУДАНЫ
252
253
Қызылой
(Кызылой) – қоныс. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында. Қызыл
(сын есім) + ой (зат есім) тұлғалы атау. Мағынасы: «топырағы қызыл түсті,
ойпаң жер».
Қызылтөбе
(Кызылтобе) – қоныс. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында.
Қызылтұз
(Кызылтуз) – қоныс. Бетпақдала жазығының оңтүстігінде, Сарысу ауда-
нында.
Қыршабақты
(Кыршабакты) – ежелгі қорым. Жамбыл облысының Сарысу ауданында,
Қыршабақты өзенінің Шабақты өзеніне құяр сағасынан 3 км қашықтықта
орналасқан.
Қырыққұдық
(Кырыккудык) – қоныс. Саудакент ауылынан солтүстік-шығысқа қарай
22 км жерде, Сарысу ауданында. Топырағы сортаң, мал жайылымы. «Көп
құдығы бар жер» мағынасындағы атау.
Мойынқұм
(Мойынкум) – құмды алқап. Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстары
жерінде орналасқан. Солтүстігінде жəне шығысында Шу өзені аңғарымен,
оңтүстігінде Қаратау, Қырғыз Алатауы жоталары бөктерімен шектеледі.
Алқап оңтүстік-шығыстан солтүстік- батысқа 500 км-ге созылған, ені
50-150 км, ауданы 37, 5 мың шаршы км. «Ұзаққа созылған жіңішке құм»
мағынасындағы атау.
Мойынқұм
(Мойынкум) – ауыл. Талас өзеңінің аңғарында, Саудакент ауылынан
солтүстік-шығысқа қарай 60 км жерде, Сарысу ауданында орналасқан.
Өндіріс
(Ондирис) – ауыл. Сарысу ауданында, Жаңатас қаласынан солтүстік-
шығысқа қарай 30 км жерде, Шабақты өзеңінің аңғарында орналасқан.
Тұрғыны 1.3 мың адам (1999). Ауыл 1957-97 жылдары қаракөл қойын
өсіретін «Коммунар» кеңшарының орталығы болып келді. Кеңестік
дəуірде қойылған атау. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, балабақша,
фельдшерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Сордала
(Сордала) – қоныс. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында.
Соркөл
(Соркол) – қоныс. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында.
Соркілем
(Соркилем) – қоныс. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында.
Сортаң
(Сортан) – қоныс. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында.
Тасбұтақ
(Тасбутак) – қоныс. Бетпақдала жазығында, Сарысу ауданында.
Тұздыарал
(Туздыарал) – қоныс. Шу алабында, Шығанақ ауылынан солтүстік-
батысқа қарай 12 км жерде, Сарысу ауданында. «Топырағы тұзды, соры
шығып жатқан арал» мəніндегі атау.
Ұйым
(Уйым) – ауыл. Сарысу ауданында, Жаңатас қаласынан солтүстік-
шығысқа қарай 21 км жерде, Шабақты өзендерінің жағалауында орналас-
қан. Тұрғыны 1, 1 мың адам. Ауыл 1957-1997 жж. көкөніс-сүтті «Байқа-
дам» кеңшарының бөлімшесі болып келді.
Үшбас
(Ушбас) – ауыл. Жаңатас қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 17 км жерде,
Сарысу ауданында. Түркістан ауылының шығысында 4 км жер. Орталау
мектеп, фельдшерлік пункт бар.
Үшкөл
(Ушкол) – қыстау. Шу өзенінің аңғарында, Жайлаукөл ауылынан
солтүстік-батысқа қарай 19 км жерде, Сарысу ауданында. Үш (сан есім) +
көл (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған, «үш көлі бар өңір» мəніндегі
атау.
САРЫСУ АУДАНЫ
САРЫСУ АУДАНЫ
254
255
Үштөбе
(Уштобе) – қоныс. Мойынқұм алқабында, Сарысу ауданында. Қатарласа,
тізбектеле орналасқан үш үлкенді-кішілі таулар мен төбелер болғандықтан
осылай аталған.
Шабақты
(Шабакты) – т. ж. бекеті. Жаңатас қаласынан шығысқа қарай 20 км жерде,
Сарысу ауданында.
Ынталы
(Ынталы) – қыстау. Сарысу ауданында, Шабақты өзенінің бойын-
да орналасқан. Саудакент ауылынан оңтүстікке қарай 10 км жерде, теңіз
деңгейінен 350 м биіктікте жатыр. Бөген 1976 ж. іске қосылған. Суының
толық сыйымдылығы 30 млн. м, ұзындығы 3 км, енді жері 2 км-ге жуық.
Суымен аудан шаруашылығының 3, 2 мың га жері суарылады жəне
шабындық суландырылады. Ынта (зат есім) + лы (туынды сын есім
жұрнағы) тұлғаларынан жасалған, «еңбекке ынталы, еңбекшіл бол!» деген
тілекке байланысты қойылған атау.
Батырбай бұлағы
(Батырбай) – Саудакент ауылынан оңтүстікке қарай 20 шақырым
қашықтықта. Ертеректе елдің жаз жайлауы болған жер.
Білтебай бұлағы
(Билтебай) – Батырбай бұлағы екеуі Жаңатас қаласының солтүстігіндегі
Дегерес тауының оңтүстік шығысындағы алапта орналасқан. Халық
аңызында Білтебай деген батырды осы бұлақ маңында елге, малға
тыныштық бермеген айдаһарды шауып өлтірген батыр есебінде сипаттай-
ды.
Қатынжарма
(Катынжарма) – Саудакенттің солтүстік батысына қарай 20 шақырымдай
қашықтықта орналасқан жарма құдық. Ертеректе қазақтар көп малды бір
сəтте суару мақсатында тік құдықтан мүлдем өзгеше жарма құдықтар қазған.
Мұндай құдықтар қазылып, су деңгейіне жеткізіледі. Ол біршама мал су
ішетіндей ұзын астау секілді болады. Содан соң су ішіп болған мал шығар
жолда көлбей қазылған жолмен сыртқа шығады. Жармалардың ұзындығы
25-30 м, ені 5-6 м тереңдігі су деңгейіне жеткізілген астау секілді. Жарма
суаттың ұзындығы 8-10 м болады. Халқымыздың осы күрделі құрылымды,
аса үлкен күш-қуатты қажет ететін жарма құдықтарды қазуы жері құнарлы,
сусыз аймақта мал шаруашылығын дамыту жолындағы қажеттіліктен
туған. Ал жасанды суаттың Қатынжарма деп аталуының этимологиялық
астарында əйел тəнінің сыртқы сипатымен ұқсастығы негізге алынған.
Достарыңызбен бөлісу: |