ШУ АУДАНЫ
ШУ АУДАНЫ
310
311
Далақайнар
(Далакайнар) – а. о. Шу ауданы,
(Далакайнар) – а. Шу ауданы.
Қайнар бастаулар, тегінде, тау етектерінде, тау қойнауларында болады.
Бұл атаудың далада да жер қойнауынан қайнап шығып жатқан қайнардың
болуымен байланысты аталғаны байқалады.
Еңбекші
(Енбекши) – а. Т. Рысқұлов ауданы,
(Енбекши) – а. Шу ауданы.
Еңбекшіл, еңбек сүйгіш қалың бұқараның құрметіне қойылған атау.
Еспе
(Еспе) – а. Шу ауданы.
Республикада көптеген елді мекен аттары ретінде кездеседі. Еспе сөзі
«ақпа, сусымалы, борпылдақ құм». Ақтөбе обл. Ойыл ауданда еспе деп
«Майық құтықты» айтса, Орталық Қазақстанда еспе деп «Көктемде
тасығанда арнасын қатты орып, жайылып кететін дала өзенін» айтады.
Сондай-ақ «Еспе құм» деген атау да кездеседі.
Еспе – көптеген елді мекен аттары. Еспе көбіне құмдауыт немесе сор
топырақты аудандарға тəн атаулар. Жалпы еспе сөзі (сын) «ақпа, сусымалы,
борпылдақ мəндеріндегі құмның, қардың (кейде құбылмалы желдің)
сипатын көрсетеді. Еспе атауы қаз. есту етістігінен – «ес» етістігінің
қимыл тұлғасы. «Еспе құмның суы жарқын». Түркі халықтары тілдерінде
бұл термин ертеден бар сияқты. (Қойшыбаев. 1983., 99-бет).
Жайсаң
(Жайсан) – а. Шу ауданы.
Сын есімнен жасалған атау. Мағынасы: «жақсы, құтты (жер)» дегенді
білдіреді.
Жиенбет
(Жиенбет) – а. Шу ауданы.
Халық ақыны Жиенбеттің құрметіне қойылған ауыл аты.
Көктөбе
(Коктобе) – а. Қордай ауданы,
(Коктобе) – а. Шу ауданы.
Көк (сын есім) + төбе (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау.
Мағынасы: төбенің тасы, өсімдік көк немесе «биік төбе» екенін білдіреді.
Қонаев ауылы
(Конаев ауылы акими) – а. о. Шу ауданы.
(Конаев) – а. Шу ауданы.
ҚР Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының
14. 07. 2000 ж. Ұйғарымен Ленин ауылының аты өзгертіліп, ірі мемлекет
қайраткері, үш мəртебе Социалистік Еңбек Ері, қазақ халқының даңқты
перзенті Д.А. Қонаевтың есімін мəңгі есте қалдыру мақсатында Д.А. Қона-
ев ауылы болып аталды.
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) – аса көрнекті мемлекет
жəне қоғам қайраткері, үш мəрте Социалстік Еңбек Ері, Қазақ ҚСР Ғылым
академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО, шет ел
ордендері мен медальдарының иегері. Верный (Қазіргі Алматы) қаласында,
қызметкердің отбасында өмірге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін,
Қазақстан өлкелік комсомол комитеті оны Москваның Түсті металлургия
институтына оқуға жібереді. Институтын бітіріп, тау-кен инженері
мамандығын алған Д. Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат
руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех
бастығы, рудниктің бас инженері жəне оның директоры болып істейді.
1942-1952 ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары
болып қызмет етті. 1955-1960 жəне 1962-1964 ж. Қазақ КСР министрлер
Кеңесінің төрағасы, 1960-1962 жəне 1964-1984 ж. Қазақстан Коммунистік
партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1956 ж. бастап
СОКП Орталық комитетінің мүшесі. Партияның ХХІІІ съезінде ол СОКП
Орталық Комитетінің Саяси бюросының мүшесіне кандидат, ал ХХIV
съезінде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының
жəне Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президумының мүшесі болды. 1993 ж.
тамыздың 22-сінде 8-жасқа қараған шағында дүние салды.
Құлақшын
(Кулакшын) – а. Шу ауданы.
Қысты күні киетін жылы бас киім құлақшынға байланысты қойылса
керек.
Құмөзек
(Кумозек) – а. Мойынқұм ауданы.
(Кумозек) – а. Шу ауданы.
Бұл атаудың мағынасы: «Жағалауы не болмаса табаны майда құм, қайраң
болып келгендіктен аталса керек».
Сауытбек
(Сауытбек) – а. Шу ауданы.
ҚР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 19.03.1992 ж. №1265-ХІІ қаулысы
бойынша Жаңа тұрмыс ауылының аты өзгертіліп, белгілі ақын Сауытбек
есімін мəңгі есте қалдыру мақсатында Сауытбек ауылы болып аталды.
ШУ АУДАНЫ
ШУ АУДАНЫ
312
313
Жаңажол
(Жанажол) – Шу ауданындағы ауыл.
Ескішу ауылдық əкімшілік округіне карайды. Аудан орталығы –
Төле би ауылынан оңтүстікке карай 25 км жерде, Шу өз. аңғарының
бетеге, жусан, селеу, сексеуіл шоқтары өскен сұр топырақты қуаң агро-
климатты белдемінде орналасқан. Іргесі 1974 ж. «Жаңа жол» қызылша
өсіретін кеншарының орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде 1997
жылдан бірнеше шаруа қожалығы жұмыс істейді. Орта мектеп, дəрігерлік
амбулатория бар.
Көкқайнар
(Коккайнар) – Шу ауданындағы ауыл.
Көкқайнар ауылдық əкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы
Төле би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 47 км жерде, Шу өзенінің
Тасөткел бөгеніне құяр тұсында, бұта аралас əр түрлі шөптесін өскен шөлді
белдемінде орналасқан. Тұрғыны 4, 3 мың адам. Іргесі 1950 ж. Жданов
атындағы қой шаруашылығымен айналысатын ұжымшардың негізінде
қаланған. Көкқайнарда екі орта мектеп, клуб, кітапхана, музей, дүкен,
фельдшер-акушерлік пункт, дүкен жəне т.б. мекемелер бар.
Көктөбе
(Коктобе) – Шу ауданындағы ауыл, Жаңақоға ауылдық əкімшілік округінің
құрамында. Аудан орталығы Төле би ауылынан солтүстік-шығысқа қарай
4 км жерде, Шу өзенінің оң жағалауында, бетеге, боз, жусан, бұта аралас
шалғынды сұр, сортаңды сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Іргесі 1970 ж. Жамбыл атындағы қызыл мия өсіру кеңшары ретінде қал-
анған. Оның негізінде 1997 жылдан Көктөбеде 123 шаруа қожалығы,
1 өндірістік кооператив ұйымдасты. Ауылда 2 орта мектеп, клуб, кітапхана,
фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Мойынқұм
(Мойынкум) – Шу ауданындағы ауыл.
Қорағаты ауылдық əкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы
Төле би ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде, Шу өзенінің сол
аңғарында, бұта аралас сирек тоғай өскен шалғынды, сұр топырақты шөлді
белдемде орналасқан. Тұрғыны 2, 0 мың адам. 1965-1997 жылдары қызылша
өсіретін «Дружба» кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде
Mойынқұмда 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда орта
мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Оразалы батыр ауылы
(Оразалы батыр) – Шу ауданындағы ауыл, Ақсу ауылдық əкімшілік
округінің құрамында. Аудан орталығы Төле би ауылынан оңтүстік-шығысқа
қарай 63 км жерде, Шу өзенінің сол аңғарындағы бұта аралас сирек тоғай
өскен шалғынды сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан. Тұрғыны 1, 1
мың адам. Ауыл 1950-1997 ж. Жданов атындағы қой өсіретін ұжымшардың
бөлімшесі болып келді. Оның негізінде Oразалы батыр ауылында шаруа
қожалықтары құрылды. Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік
пункт, т.б. мекемелер бар.
Шоқпар
(Шокпар) – Шу ауданындағы ауыл, темір жол стансасы, ауылдық
əкімшілік округі орталығы. Аудан орталығы Төле би ауылынан шығысқа
қарай 63 км жерде, Қона өзенінің жағалауыңда, сұр жусан, баялыш,
күйреуік, т.б. эфемерлі өсімдіктер өскен сұр, шалғынды сұр топырақты
шөлді белдемде орналасқан. Тұрғыны 1, 3 мың адамнан аса. Ауыл 1954-
1997 ж. қой өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болып келді. Оның
негізінде 1997 жылдан Шоқпарда ЖШС жəне бірнеше шаруа қожалықтары
құрылды. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана бар.
Ескішу
(Ескишу) – а. о. Шу ауданы. Ескі (сын есім) + шу (зат есім) сөздерінің
қосылуынан жасалған атау. Атаудың бірінші сыңары ескі – «көне»,
«бұрынғы», екінші сыңары Шу (өзен аты) көне түркі тілдерінде «су, өзен»
деген мағынаны білдірген. Сонымен елді мекен аты Шу өзенінің атынан
қойылған.
Зверохозяйство
(Зверохозяйство) – е. м., Шу ауданы. Орысша зверь (аң) – хозяйство
(шаруашылық) деген сөздердің бірігуінен жасалған атау. Мағынасы: «аң
шаруашылығымен шұғылданатын бірлестік» дегенді білдіреді.
Белбасар
(Белбасар) – е. м. Шу ауданы. Бел (зат есім) + басар (етістіктің есімше
тұлғасы). Бұның топонимдік мəні «белді, кезеңді өтер жерде. Осы жерде
ауыл қоныстанған» дегенді білдіруі мүмкін.
Алаайғыр
(Алаайгыр) – е. м., Шу ауданы. Бұл атаудың мағынасын «ұлы айрық»
деп түсіндіру бар (Қойшыбаев, 1985, 40). Бірақ республиканың басқа
облыстарында Торыайғыр, Құлаайғыр деген жер, тау аттары бар. Соған
қарағанда бұл атаулар осы түстес жылқыларға байланысты бір оқиғаға
қойылуы мүмкін.
Жиделі стансасы
(Жидели) – Шу ауданындағы Жалғызжиде деген жерге жақын Жиделі
стансасы бар. Бұл өткен ғасырдың 50-жылдары Мойынты-Шу темір
жол құрылысы кезінде пайда болған станса, Шудан 35 шақырым жерде
ШУ АУДАНЫ
ШУ АУДАНЫ
314
315
орналасқан. Жиделіден оңтүстік-батыста Қарабарақ деген ойпатты жерге
орналасқан. Қарабарақтың сабағы сексеуілге ұқсас. Кей кездері белуарға
дейіп өседі. Қарабарақ кетпенмен шауып, көлікпен жеткізсең, өте қызуы
мол отын. Ата-бабамыз жаққан отынды қазіргі ұрпақтың ішінде аға буын
өкілдері пайдаланған екен. Шу ауданының аумағында қарабарақ көп өсетін
жер болғандықтан Жамбыл облысының картасында да Қарабарақ деп
көрсетілген.
Қорғаншы
(Корганшы) – көне қала орны. «Шy ауданында Төле би ауылынан
солтүстік-шығысқа қарай 3 км қашықтықта орналасқан. Алғаш 1941 жылы
Жамбыл археологиялық пунктінің экспедициясы (жетекші Г.И. Пацевич)
зерттеу жұмысын жүргізген. Қорғаншының орнының аумағы төртбұрышты
(80x130 м) болып келген, топырақ үйінділерімен айналдырыла қоршалған.
Қоршаудың биіктігі 3-4 м, ені 12-15 м. Оның бойында 5 мұнараның
орны сақталып қалған. Мұнараның диаметрі 20 м болған. Қорғаншының
территориясында 3 су қоймасы болған. Бірінші жəне екінші су қоймасының
тереңдігі 3 м, үшінші су қоймасының тереңдігі 20 м. Қорғаншы 10-12
ғасырларда гүлденіп, ірі сауда орталығы қызметін атқарған.
Навакет
(Навакет) – Шу өңіріндегі ерте ортағасырлық қала. Навакет туралы
алғашқы мəлімет VII-VIII ғасырлардағы қытай жəне соғды жазбаларында
кездеседі. Ол жазбаларда Навакетте батыс түрік қағанаты билеушісінің
ордасы болғандығы жайлы айтылады. Парсы географтарының
шығармаларында Навакетті түрік қағанының Ялан-шаһ лауазымын
иемденген ағасы басқарғаны жөнінде жəне қаланың 20 мыңға жуық əскер
шығара алатыны жайлы мəліметтер келтіреді. Х ғасырларда жазылған
«Худуд əл-Əламə» атты географиялық шығармаларда Hавакет Урун-
Арадж деген таудың маңында орналасқаны, бірақ оның қирап, қарақшылар
тұрағына айналғаны туралы айтылады. Hавакет қаласының орналасқан
орны жайлы əлі күнге ғалымдар арасында нақтылы пікір жоқ. Дегенмен
кейбір зерттеушілер Бішкек қаласынан шығысқа қарай 40 км қашықтықтағы
Красноречка деп аталатын көне қала орнында Hавакет болған деген пікір
білдіреді.
Сарғау
(Саргау) – көне қала орны. Шу ауданының Оразалы батыр ауылынан
оңтүстік-шығысқа қарай 3 км қашықтықта орналасқан. 1986 жылы ҚазМУ
(қазіргі əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) археологиялық
отряды (жетекшісі М. Елеуов) ашып, алғаш зерттеу жұмысын жүргізген.
Қазіргі орны төрткүл түріндегі бұрыштары əлемнің төрт бұрышына
қараған, көлемі 35x45 м тікбұрышты келген төбешік. Оның айналасында
ені 6-7 м, биіктігі 1 м шамасында мұнара қалдықтары бар үйінді жал
орналасқан. Жинастырылған материалдар: сырланбаған құм, құмыра, көзе,
тостаған, т.б. Зерттеу жұмыстары кезінде табылған заттар қалашық Х-ХІІ
ғасырларда көркейгендігін айғақтайды. Оны мекендеген халық егін егіп,
мал шаруашылығымен айналысқан.
Тастұмсық
(Тастумсык) – көне қала орны. Шу ауданы Бəйдібек ауылынан оңтүстікке
қарай 11 км кашықтықта, Тастұмсық қаласының орны.
Тасөткел су қоймасының оң жағалауында орналасқан. X - Х I I ғасыр-
ларда гүлденген қала ретінде танылған Тастұмсықтың қазіргі көрінісі
биіктігі 1, 7-2 м болатын төбе тəріздес. 1980 ж. ҚазМУ (қазіргі əл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті) археологиялық экспедициясының
отряды (жетекшісі М. Елеуов) зерттеу барысында қамал қабырғасына,
бірнеше ғимарат орнына қазба жұмыстарын жасады. Қазба барысында
керамикалық ыдыстар табылды.
Шөлтөбе
(Шолтобе) – ерте ортағасырлық қоныс орны. Байзақ ауданы Ақшолақ
стансасының солтүстік-шығыс жағынан 12 км жерде, Қырғыз Алатауының
етегінде орналасқан. 1963-1967 ж. Жетісу археологиялық экспедициясының
отряды (жетек. М.C. Мерщиев) тауып, қазба жұмыстарын жүргізген. Қо-
ныстың аум. 80x100 м., биікт. 3 м. Қазба жұмыстары кезінде керамикадан
жасалған бұйымдар көптеп табылған. Бұл жерден табылған дəн үккіштер,
тарының қалдықтары, шикі кірпіштер құрамындағы сабандар қонысты
мекендегендердің шаруашылығында жер өңдеудің маңызды рөл атқар-
ғандығын куəландырса, ал тастан жəне қыштан жасалған ұршық бастары
тоқымашылық кəсібінің, қолдан жапсырылып жасалған қыш ыдыстарының
көптігі қыш-құмыра өндірісінің дамығанын көрсетеді. Олардың жасалған
мерзімі V-VIII ғасырларға сəйкес келеді.
Тарылған
(Тарылган) – өзен.
Шу алабында, Меркі, Шy аудандары жерімен ағады. Ұз. 42 км, су жина-
латын алабы 185 км
2
. Кіндіктас тауының оңтүстік-батыс беткейінен бастау
алып, Шу өзеніне 10 км жетпей тартылып қалады. Жағасының бойы
жарлы келген. Қар, жерасты суымен толығады. Көктемде деңгейі көтеріліп
тасиды. Жаз айларында қарасуларға бөлініп қалады. Жағалауы шабындық,
суаруға пайдаланылады.
Тасөткел бөгені
(Тасоткел) – Шу ауданының жерінде, Ақсу өзенінің Шуға құйылатын
тұсында орналасқан. 1963 ж. іске қосылған. 1974 ж. қайта жөнделді.
Ауданы 78 км
2
, ұз. 18 км, енді жері 8,5 км, орташа терендігі 8,0 м, ең терең
жері 31, 0 м. Шарасы толған кездегі мөлшері 620 млн м
3
. Cy жиналатын
ШУ АУДАНЫ
ШУ АУДАНЫ
316
317
алабы 27 мың км
2
. Бөген арқылы аудан шаруашылықтарының 42,1 мың га
жері суарылады. Тасөткел бөгені Қазақстанның маңызды мелиорациялық
құрылыстарының бірі.
Қопалысай
(Копалысай) – Шу ауданындағы құрғақ арна. Ұзындығы 90 км, су жи-
налатын алабы 1020 км
2
. Қопалысай Шу-Іле жотасындағы Хантау тауы-
ның бұлақтарынан бастау алып, Аққолтық құдығының солтүстік-баты-
сындағы (2 км жерде) құмға сіңіп тартылады. Арнада су көктемде 5 күндей
ғана ағады. Өзен жағалауы жайылым.
Теректісай, Tеректі
(Теректисай, Tеректи) – Шу алабындағы өзен.
Шу ауданы аумағымен ағып өтеді. Ұз. 56 км. Cy жиналатын алабының
аумағы 651 км
2
. Кіндіктас тауының батыс беткейінен басталып, Далақайнар
ауылының солтүстік-шығысында 2,8 км жерде тартылып калады. Аңғар-
ының ені 500-800 м. Қар, жауын-шашын суымен толығады. Наурыз-сəуірде
су деңгейі көтеріліп, кейде тасиды. Орташа жылдық су ағымы 0, 17 м
3
/сек.
Шаруашылыққа пайдалы.
Ойранды
(Ойранды) – Қорағаты алабындағы өзен. Қырғыз Алатауының солтүстік
сілемдерінен бастау алып, Меркі, Шу аудандары аумағымен ағып, Қорағаты
өзеніне оң жағынан құяды. Ұз. 100 км, су жиналатын алабы 640 км
2
. Қар,
мұздық, жаңбыр суымен толығады. Көктем айларында тасиды.
Үңгірлі
(Унгирли) – Шу алабындағы өзен.
Шу ауданы жерімен ағады. Ұз. 71 км, су жиналатын алабы 278 км
2
.
Кіндіктас жотасының батыс беткейіндегі бұлақтан басталып, Қонақбай
ауылы тұсында тартылып қалады. Аңғары астау тəрізді, беткейі тік, арнасы
тік жарлы, жайылмасы оң жаңалауында 50-100 м. Жауын-шашын суымен
толығады. Орташа жылдық су өтімі 0, 2 м
3
/с. Суы шаруашылық қажетіне
пайдаланылады.
Шатыркөл
(Шатыркол) – Шу алабындағы өзен. Шу ауданы жерімен ағады. Ұз. 57
км, су жиналатын алабы 233 км
2
. Кіндіктас тауының батыс беткейіндегі
бұлақтан басталып, Бірлік кентіне жетпей тартылып қалады. Аңғары астау
тəрізді, беткейлері тік, арнасы бұралаң. Қap суымен, аздап жерасты суымен
толығады. Наурыз-сəуір айларында суы мол, жазда иірімдерге бөлініп
калады. Сағасында жылдық орташа су ағымы 0, 05 м
3
/с.
ЬІрғайты
(ЬІргайты) – Шy алабындағы өзен. Қордай ауданы жерімен ағып өтеді.
Ұз. 58 км, əрқайсысының ұзындығы 10-20 км болатын 41 жылға келіп
құяды. Олардың жалпы ұзындығы 60 км-ге жуық. Ырғайты өзені Жетіжал
жотасынан басталады. Қар, жауын-шашын, жерасты суымен толығады.
Жоғарғы ағысындағы аңғары тар, жартасты. Ақтерек ауылы тұсында өзен
суын шаруашылықтар егін суаруға бөліп əкетеді.
Тесік
(Тесик) – Жамбыл облысының Шу ауданындағы өзен. Іле алабында
ұзындығы 83 км, су жиналатын алқабы 533км². Айтау жотасындағы
бұлақтан басталады, Қорғанқұмға жетпей тартылып қалады. Аңғары таулы,
шоқылы өңірмен өтеді. Ені 150-200 м. Қар суымен қоректенеді. Жылдық
орташа су шығыны 0, 03 м³/сек.
Шу
(Шу) – Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Ұзындығы 1186 км
(Қазақстан аумағында 800 км), су жиналатын алабы 148000 км² (Қазақстан
аумағында 62500 км²). Теріскей Алатау мен Қырғыз Алатауынан бастау
алатын Жуанарық жəне Қошқар өзендерінің қосылған жерінен бастап
Шу аталады. Ірілі-ұсақты 80 саласы бар, ірілері (Қазақстанда): Қорағаты,
Меркі, Қарабалта, Ақсу, т.б. Теріскей Алатау мен Қырғыз жотасын кесіп
өте бере Шу Жоғары Ортотоқой жəне төменгі Ортотоқой шатқалдарын
қалыптастырған. Соңғысының тұсында Ортотоқой бөгені салынған.
Төменде Шу Ыстықкөл қазаншұңқырына шығады. Шу мен Ыстықкөлдің
суайрығы айқын емес. ХХ ғасырдың 50-жылдарында Шу суының бір
бөлігі су тасу кезінде Көтемалды тармағы арқылы Ыстықкөлге құйылған.
Қазіргі кезде көлмен байланысы жоқ. Қазаншұңқырдан шыға бере тағы
да бірнеше тар шатқалдар арқылы өтетін аңғары Боом шатқалынан
кейін біртіндеп кеңейеді, сағалық аңғары айқын байқалмайды. Қорағаты
өзенінен кейінгі саласыз аумағында Шу Мойынқұм құмды алқабына
шығады. Одан əрі бірнеше тармақтарға бөлініп, тартыла бастайды. Суы
мол кезеңдерде Қаратаудың солтүстік сілемдері етегі мен Бетпақдаланың
аралығындағы Ащысу ойысының көлдеріне жетеді. Арнасының ені орта
ағысында 50–100 м, төменгі ағысында 40–60 м. Ертеде суы Сырдарияға
құйған. Қар, жаңбыр, жерасты суларымен толығады. Қазақстан жерінде
Тасөткел бөгені бар. Бойында егін суару мақсатында Шығыс жəне Батыс
Үлкен Шу, Шу каналы, Сортөбе, Георгиевка, Атбашы, т.б. каналдар, шағын
СЭС салынған. Жылдық ағынының 14, 8%-ы көктемде, 58, 3%-ы жаз-күз
айларында, 26, 9%-ы қыста байқалады. Шілде-тамыз айларында тасып,
желтоқсан-наурызда қатады. Ағыны реттелетіндіктен су режимі табиғи
қалпынан өзгеріп кеткен. Көпжылдық орташа су ағымы Амангелді ауылы
тұсында 77 м³/с. Алабындағы 60 мың га-дан астам егістікті суаруға Шу
өзен суының 55%-ы пайдаланылады.
ШУ АУДАНЫ
ШУ АУДАНЫ
318
319
Шу аңғары
(Шу) – Шу өзені бойындағы аңғар Боам шатқалының оңт. шығ.
Мойынқұмға дейін созылып жатыр. Шу аңғары Қырғызстанның
солтүстігінде орналасқан. Бұл аймақтың құрамына аңғардың оңтүстігін
көмкеріп жатқан Сусамыр аңғары келіп тірелетін Қырғыз қыраты, сондай-
ақ Шу өзенінің оң саласы Шоңкемін өзенінің аңғары кіреді. Шу өзені Шу
аңғары аймағының солтүстіктегі табиғи шекарасын құрайды. Сонымен
бірге бұл Қырғызстан мен Қазақстанның арасындағы шекара болып
есептеледі. Шу аңғарының ландшафтылары бай əрі сан алуан. Аймақ кен
байлықтарына бай емес. Полиметалл кендері, құрылыс материалдарының
кен орындарымен ерекшеленеді. Негізінде, Шолпан ата шипажайы
пайдаланатын ыстық қайнарлар жəне минералды бұлақтар бар. Шу аңғары
республикадағы неғұрлым қолайлы көліктік-географиялық орынға ие, оның
аумағы арқылы маңызды көліктік магистральдар Құланнан (Қазақстан)
Бішкекке одан əрі Балықшыға дейін темір жол жəне Тянь-Шань мен
оңтүстік-батыс Қырғызстанның ішкі аудандарына дейін тармақталатын
Ташкент-Бішкек-Алматы автожолының телімі өтеді.
Шу каналы
(Шу) – Жамбыл облысындағы шаруашылық жайылымдарды суландыруға
жəне егін суаруға арналған канал. Шу өзені бойындағы Қазықты бөгенінен
басталады, Мойынқұм, Бетпақдала өңіріне тартылған. Жалпы ұзындығы
82 км, канал ені 5-15 км, тереңдігі 36 м, орташа су шығыны 8 м³/сек, ең көбі
14 м³/сек, 4140 га жерді суарады, 200 мың га жерді суландырады.
Құрғақшолақ
(Кургакшолак) – Майжеген, Ақтасты – Шу (Жамбыл облысы) жəне Балқаш
(Алматы) аудандары жерімен ағатын өзен. Ұзындығы 83 км, су жиналатын
алабы 457 км
2
. Құрғақшолақ Шу-Іле жотасындағы Алатау бұлақтарынан
басталып, Серəлі бейітінің солтүстігінде 7 км жерде тартылып қалады.
Өзен, қар, жаңбыр, жерасты суымен толығады. Арнасында көктемде ғана
ағын болады. Алабы жайылым ретінде пайдаланылады.
Қайып-Қаратал
(Кайып-Каратал) – Жамбыл облысындағы Шу-Талас алабындағы өзен.
Ұзындығы 105 км, су жиналатын алқабы 2620 км
2
. Өзеннің гидрологиялық
элементтері зерттелмеген.
Достарыңызбен бөлісу: |