Қорағаты
(Корагаты) – Жамбыл облысының Луговой, Меркі, Шу аудандарының
жері арқылы ағатын өзен. Ұзындығы 172 км, су жиналатын алқабы 5840
км
2
. Қорағаты Қырғыз Алатауының солтүстік беткейінен басталып,
Кеңес ауылының тұсында Шу өзеніне құяды. Аңғары жоғарғы ағысында
тар, шатқалды, жарлы келеді, төменгі жағында кең. Жауын-шашын,
мұздық суымен қоректенеді. Жылдық орташа су шығыны құяр сағасында
3,63 м/сек. Суын егін шаруашылығында пайдаланылады.
Шу-Іле таулары
(Шу-Иле) – Шу өзені мен Тауқұм аралығында қалыптасқан құрылым.
Іле Алатауы жотасының солтүстік-батыс сілемі, Шу жəне Күрті өзендері
(аралығындағы тау бөктеріндегі өңірде, оңтүстік-і Қона жазығына
(ойысына) тіреледі. Ұз. солтүстік-батыс бағытта 180 км, ені 60 км-дей, ең
биік жері Айтау жүйесіндегі Аңырақай тауы (1183 м). Ш. -і. т. ертедегі тау
жүйесінің, су, жел, т.б. табиғат əсерінен бұзылуынан, мүжілуінен, аласа
тау, жеке шоқыларға айналған қыратты өңір. Аласа таулар көбіне бір-біріне
жақын бір өңірді алып жатады, не таулы қырқаға айналады. Түленқара,
Құлжабасы, Аңырақай, Алайғыр, Сұңқар таулары осындай таулы қырқалар.
Аласа таулар мен таулы қырқалардан басқа төбесі күмбезделіп келген,
биіктігі біркелкі шоқылар өте көп кездеседі. Бұл таулар мен шоқылар
аралығын жазық, кең дала алып жатыр. Ш-і. т. өңірінің қысы суық, жазы
ыстық, жылдық жауын-шашын мөлш. 200-400 мм. Қырат беткейлерінен
басталатын Ащысу, Қоналысай, Тесік, Қақпақтас, т.б. кішкене өзендерде су
көктемде қысқа мерзімде ғана болады да, кейін тартылып, арнасы құрғақ
сай, тасты шатқалға айналады. Бұл құрғақ шөл аймақта шалғын шөп,
көктемде сай-сала, жыра, ойпат жерлерде, тау бөктерінде шөлге төзімді
жусан, бетеге, қараған, т.б. өсімдіктер өседі. Шөл, шөлейт жануарлары
мекендейді.
Қырғыз Алатауы, Қырғыз жотасы
( Кыргыз Алатауы) – Қырғызстандағы таулы жота. Батыс бөлігі (Қазақстан
жерінде). Ұзындығы 375 км. Батысында Жамбыл қаласы атырабынан
басталып, шығысында Шу өзенінің аңғарындағы Боам шатқалына
тіреледі. Жотаның биік жері шығысындағы Батыс Аламедин шыңы (4875
м). Қырғыз Алатауы метаморфты жыныстардан, шөгінділерден түзілген.
Солтүстік беткейі оңтүстігіне қарағанда жатық, оңтүстігі Шy аңғарына
ұласады. Беткейлерінде 2500 м биіктікке дейін дала өсімдігі, шырша, арша,
одан жоғары жағында субальпі, альпі шалғындығы өседі. 3700 м биіктіктен
əрі көпжылдық қар жəне мұздықтар жатады. Мұздықтарының ауданы
223 км
2
. Жамбыл облысының кейбір өзендері басын осы жотадан алады.
Қырғыз Алатауының беткейлері көршілес Қазақстан мен Қырғызстан шар-
уашылықтарының мал жайылымы.
Жайсаң каналы
(Жайсан) – ауыл шаруашылық жерлерін суландыру мақсатында қазылған.
Алға ауылдық округінің территориясында.
Күйген каналы
(Куйген) – Жасан, Алға ауылдарының үстімен өтеді. Ұзындығы 18 ша-
қырым. 1930-1935 жылдары ауылшаруашылық жерлерін суландыру мақ са-
тын да қолмен қазылған. Алға ауылдық округінің аумағында жатыр.
ШУ АУДАНЫ
ШУ АУДАНЫ
320
321
Луговой каналы
(Луговой) – ұзындығы 10 шақырым. Ауыл шаруашылық жерлерін
суландыру мақсатында 1964-1965 жылдары қазылған.
Масақ-Ақтөбе каналы
(Масак-Актобе) – Қорағаты өзенінен бастау алады. Ақтөбе ауылдық
округіне қарасты нысан. Ауылдағы жерлерді суландыру мақсатында
қазылған. Масақ-Күнту руының бір тармағы осылай аталады. Ақтөбе –
жердің аты. Жер аппақ болып ағарып жатады. Осы екеуінің қосындысынан
канал аты пайда болған.
Ақсу өзені
(Аксу) – өзеннің ұзындығы 155 шақырым. Қырғыз Алатауының солтүстік
беткейінен бастау алып, Тасөткел су қоймасына құяды.
Бесторсық тоғаны
(Бесторсык) – Сарғау өзенінен бөлініп шығады. Бесторсық атаның
балаларының жасаған тоғаны болғандықтан сол атаның атымен аталады.
Қарабалты өзені
(Карабалты) – Қырғыз Алатауынан бастау алады. Ауылдың оңтүстік
батысынан өтіп, Жетіжар деген жерде қосылады. Ақсу өзеніне құятын сала
қырғыз халқының батыры Қарабалты атын иеленген.
Оразалы тоғаны
(Оразалы) – тоған Ақсу өзенінен бөлініп шыққан, ауылдың шығыс
бөлігінде орналасқан. Оразалы батыр ертеректе елді ұйымдастырып,
егіндік жерлерді суғару мақсатында осы тоғанды қаздырған.
Көкөзек өзені
(Кокозек) – Балуан Шолақ жəне Жаңа қоғам ауылдық округтерінің
түйіскен жеріндегі өзекті бойлай ағып жатқан кішігірім өзен. Түбінің көк
батпақ болуынан Көкөзек аталып кеткен.
Тоғызқайнар өзені
(Тогызкайнар) – Балуан Шолақ ауылдық округінің Далақайнар
бөлімшесінің аймағында. Бастауын осы жердегі Тоғызқайнардан алады.
Өзен аты осыдан шыққан.
Тасөткел күре каналы
(Тасоткел куре) – Тасөткел су қоймасынан басталады. Мойынқұм,
Шу аудандарының ауыл шаруашылық жерлерін суландыру мақсатында
қазылған.
Алтай өзені
(Алтай) – Шоқпар ауылының маңайында. Өзен аты сиқым руының
Ақылбек атасынан шыққан Алтай атты байдың атымен аталған.
Алпысбай өзені
(Алпысбай) – Үш Кербұлақ тауынан бастау алады. Сиқымның Барлыбай
əулетінен шыққан Алпысбай атты кісінің есімімен аталады.
Отыз үй өзені
(Отыз уй) – Үш Кербұлақ тауының біреуінен бастау алады. Өзен бойында
30 үйден тұратын сиқым руының Бөкей атасынан тарайтын ауыл отырған.
Осыдан өзен аты шыққан.
Теріскей өзені
(Терискей) – таудың солтүстік бетінен, яғни теріскей бетімен ағып жатыр.
Осыған байланысты теріс ағып жатыр деп Теріскей атаған.
Тасөткел су бөгеті
(Тасоткел) – Шу-Қордай тас жолының қиылысқан жерінде. Алғашқы
құрылыс жұмыстары 1941 жылы басталып, 1942 жылы пайдалануға
берілген. Плотинаның сол жəне оң жағалауынан магистральды каналдар
салынды. Плотина 1970 жылы автоматтандырылған. Су өткізу қуаты 350
куб м/сек.
Аспара өзені
(Аспара) – Қорағаты өзенінің оң жақ саласы Қырғыз Алатауынан бастау
алады. Ауыл шаруашылық жерлерін суаруға пайдаланады.
Аспара бөгені
(Аспара) – ауыл шаруашылық жерлерін суландыру мақсатында Қорағаты
өзенінің бойына осы бөгенді тұрғызған.
Тəтті бөгені
(Татти) – Қорағаты өзенінің бойында, Тəтті ауылының маңындағы бөген.
Аша каналы
(Аша) – Новое бөгенінен басталады. Аша – жер аты. Екі өзеннің
ортасында орналасқандықтан осылай аталады.
Кербұлақ
(Кербулак) – Шу алабындағы өзен.
Шу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 65 км, су жиналатын алабы 780 км
2
.
Өзен Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс сілемі – Кіндіктас тауындағы
ШУ АУДАНЫ
ШУ АУДАНЫ
322
323
бұлақтардан бастау алып, 80-разъездің солтүстік-батысында 6, 5 км
жерде сіңіп, тартылып қалады. Жоғарғы ағысындағы арнасы тар, жағасы
тік. Өзен, жерасты, жауын-шашын суымен толығады. Алабы жайылымға
пайдаланылады.
Tесік
(Тесик) – Іле алабындағы өзен. Шу ауданы жерімен ағып өтеді. Ұз. 83 км,
су жиналатын алабының аумағы 533 км
2
. Айтау жотасындағы бұлақтардан
басталып, Қорғанқұмға (Алматы обл.,) Жамбыл ауд. жерінде жетпей
тартылып қалады. Аңғары таулы, шоқылы өңірмен өтеді. Ені 150-200 м.
Қар, жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 0, 03
м
3
/с. Жазда құрғап қалады.
Ақсу
(Аксу) – Шу өзенінің сол саласы, Қырғыз Алатауының солтүстік
беткейлерінен бастау алып Тасөткел бөгеніне құяды. Ұз. 155 км, су жиналатын
алабы 483 км. Алабында жалпы ұз. 70 км болатын кішігірім 5 саласы жəне
жалпы ауданы 4, 2 км-ден астам бірнеше ұсақ көлдер бар. Мұздықтар жəне қар
суымен толығады. Жылдық ағынның 70%-ы мамыр-шілде айларына келеді.
Көп жылдық орташа су ағыны 4, 47 м/с. Суы тұщы, орташа минералдылығы
130-140 мг/л. Ақсу өзенінің суы, негізінен, егін суаруға пайдаланылады.
Тоғайтал
(Тогайтал) – Шу өзені алабындағы өзен. Меркі ауданы жерімен ағып
өтеді. Ұз. 62 км, су жиналатын алабы 302 км. Қырғыз Алатауының
солтүстік беткейінен басталып, Тасөткел ауылы тұсында Қорағаты өзеніне
құяды. Аңғары тар, ені 1, 5 км. Арнасы шоңғалды. Қар, жаңбыр суымен
толығады. Орташа жылдық су ағымы Ойтал а. тұсында 0, 52 м/с. Ауданның
шаруашылықтары егін суаруға пайдаланады.
Тоқтас, Тоқташ
(Токтас) – Шу алабындағы өзен. Меркі, Шу аудандары жерімен ағады.
Өзеннің жалпы ұз. 115 км, Қазақстан аумағындағы ұз. 32 км, су жиналатын
алабының аумағы 600 км
2
. Тоқтас Қырғыз Алатауының мұздықтарынан
бастау алады. Қырғызстанда Шоққайыңды, Қарабалта деп аталады. Төменде
Тасөткел бөгеніне құяды. Жоғарғы жəне орта арнасы тік жарқабақты, терең
шатқалдардан тұрады. Тауалды жазығына (Шу аңғарына) шыққаннан кейін
аңғары кеңейеді. Қар, мұздық, жерасты суларымен толығады. Желтоқсан-
ақпан айларында суы қатады. Өзен жағалауы шабындық. Суы аудан
шаруашылықтарының егістігіне пайдаланылады.
Ботабөрім, Ботабұрым
(Ботаборим) – Іле алабындағы өзен. Алматы облысының Балқаш ауданы,
Жамбыл облысының Шу ауданы жерлерімен ағады. Ұз. 85 км, су жиналатын
алабы 858 км
2
. Шу-Іле тауларының Айтау сілемінің солтүстік беткейінен
басталып, Іле өзені алабындағы Жалпақшидің құрғақ арнасына 10 км жетпей
тартылып қалады. Өзен суы ақпан-маусым айлары аралығында молаяды.
Жылдық орташа су ағыны 1 км-ге 0, 2 л/с. Өзен суы мал жайылымдарын
суландыруға пайдаланылады.
Шу аңғары
(Шу) – Шу өзенінің бойында. Аңғардың қазақстандық бөлігі солтүстікке
Бетпақдала, шығысында жəне солтүстік-шығысында Шу-Іле таулары,
оңтүстігінде Мойынқұм құмды массивінің аралығын алып жатыр. Ұзындығы
200 км, ені оңтүстігінде 15 км-ге жетеді. Биіктігі 500-1200 м. Жылдық жауын-
шашынның мөлшері 250-400 мм. Аңғардың жері жазық жерде жалпақ жəне
таяз, таулы жерде жіңішке, терең болады. Шу аңғарының Қырғыз Алатауы
жотасының етегінен бастап 400 км-дей жері мал қыстауға өте қолайлы жəне
суармалы егіншілік пен мал шаруашылығын дамытуда болашағы зор. Шу
аңғарының басым көпшілік жерінде қарасора өседі.
Кіндіктас
(Киндиктас) – Іле Алатауының солтүстік-батыс сілеміндегі тау.
Қопа аңғары мен Шу өзені аралығындағы суайырық. Солтүстік-батыстан
оңтүстік-шығыстқа қарай 80 км шамасында созылып жатыр, ені 15-20 км.
Абс. биіктігі 1506 м. Таудың оңтүстік-шығыс бөлігі палеозой гранитімен,
солтүстік-батысы карбон жəне кембрий шөгінділерінен түзілген. Жусан, боз,
бұта жəне эфемер өсімдіктерге бай. Жайылымға пайдаланылады.
Алтыайғыр
(Алтыайгыр ) – Қордай ауданындағы тоған.
Алтыайғыр өзені бойында жəне осы өзен суымен толығады. Сыйым ды лы-
ғы 1, 7 млн. м
2
. Алтыайғыр тоғанының суымен аудан аумағындағы шаруа шы-
лық тардың егістігі мен шабындығы суарылады.
Айтау
(Айтау) – Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс сілемі. Облыстың Шу ау-
даны жерінде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 150
км-ге созылған. Ендірек жері 60 км-ге жетеді. Ең биік жері – Сұңқар тауы
(1052 м). Каледонгерциндік тау түзілу процесінде қалыптасқан. Негізінен,
палеозойдың гнейстерінен, кристалды тақтатастан, каледондық граниттен
түзілген. Солтүстік беткейі көлбеу, оңтүстігі қырқалы төбе болып келеді.
Таудың саздақты бозғылт топырағында жусан бітік өседі. Кейбір тұстарында
ши шоғырлары кездеседі.
Аңырақай
(Аныракай) – Шу ауданы жеріндегі тау сілемі. Шу-Іле тауларының оңт.
-шығыс бөлігіндегі тарихи жер аты. Абс. биікт. 1295 м. ұз. 75 км, ені 5 км.
ШУ АУДАНЫ
324
Архей гнейстері мен кристалдық тақтастардан түзілген. Беткейлерінің оңт.
-батысы жазық, солт. -шығысы құлама жар, қорым тасты, шыңды келеді.
Қиыршық тас араласқан қоңыр топырағында жусан, бетеге, селеу, қараған,
тобылғы, ал тау аңғарларында бұта аралас қау өседі. Аңырақайдағы Итішпес
көлінің маңында 1729 ж. (кейбір деректерде 1730 ж.) қазақ жасақтары
жоңғар басқыншыларын ойсырата жеңген.
Хантау
(Хантау) – Шу ауданында кейбір халықтық этимология негізінде
айтылатын осы өңірде өсетін өсімдіктердің атымен аталатын жер атаулары
мен елді мекендер бар. Хантауының сілемдерінің бірінде жалғыз жиде өсіп
тұр. Ол ағашты көпшілік «Əулие ағаш» деп есептеп табынады. Ары өткен,
бері өткендер тоқтап, жидеге тəу етіп, ақ шүберек байлайды.
Ел арасында бұл əулие ағаш туралы əртүрлі аңыздар сақталған. Сол ауылдың
бір тракторшы азаматы айтылған аңыздарға сенбей, жидені трактормен
сүйретіп құлатпақ болады. Бірақ оның бұл əрекетінен түк шықпайды.
Халықтың айтуына қарағанда, ол көп ұзамай жұмбақ өліммен қайтыс болған
көрінеді. Жігіттің өліміне себеп болған ағаштың «киелі» екендігі жəне оның
бойына ұялаған белгісіз бір құпия сыр барлығы болса керек. Қазақта «жеке-
дара тұрған жалғыз ағашты кеспе» деген тыйым сөз бар.
Борана
(Борана) – орта ғасырларда салынған мұнара.
Шу өңірінің оңтүстік-шығысында, Қырғыз Алатауының беткейінде
X-XII ғасырларда азан шақыру үшін (кейбір деректерде керуен жолының
бойындағы белгі ретінде) салынған. Бастапқы биіктігі 40-50 м. Б. туралы
Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи-и Рашиди» атты еңбегінде айтылған.
Шығыстанушылар Н. Ф. Петровский, В.В. Бартольд өз еңбектерінде мұнара
сол жердегі ортағасырлық Борана қаласымен байланысты екендігін жазған.
Ол Жетісу аймағындағы түркілердің ислам дініне өткен кезеңінде салынып,
жақсы сақталған. 1970 ж. қайта қалпына келтірілген. Мұнара күйдірілген
кірпіштен қаланып, бірнеше бөліктерге бөлінген, өн бойы өрнектермен
безендірілген. Іргесінен бастап жоғары қарай тарылта əрі шырша тəрізді
етіп өрілген. Бұл тəсіл – архитектуралық шеберліктің айғағы. Орта ғасырдан
бастап жанына мешіт, медресе салынып, Жамал əл-Қарши (XIII ғ.) жазғандай,
олар бірыңғай архитектуралық жарасымдылық тапқан.
ƏКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БІРЛІКТЕР
ƏКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БІРЛІКТЕР
326
327
ЖА
М
Б
Ы
Л
ОБ
ЛЫСЫНДАҒЫ
а
удандар
мен
а
удан
ор
та
лықт
ары
, а
удандық
бағыныст
ағы
қа
ла
лар
, к
енттер
районы
и
районные
цент
ры
, г
оро
да
районног
о
по
дчинения
, к
ент
р
/с
№
А
уданның
(
қа
ланың
)
қазіргі
ат
ау
ы
нынешнее
наименов
ание
района
(г
оро
да
)
А
уданның
(қа
ланың
)
бұрынғы
ат
ау
ы
прежнее
наименов
ание
района
(
горо
да
)
А
удан
ор
та
лығының
(қа
ланың
,
кенттің
)
қазіргі
ат
ау
ы
нынешнее
наименов
ание
районног
о
цент
ра
(г
оро
да
, к
ент
)
А
удан
ор
та
лығының
(қа
ланың
, к
енттің
)
ат
ауының
орыс
тіліндегі
ат
ау
ы
(
транскрипциясы
)
наименов
ание
(т
ранскрипция
)
районног
о
цент
ра
(
горо
да
, по
селк
а)
на
р
усск
ом
язык
е
А
та
улар
дың
өзг
ер
тілг
ені
тура
лы
(
шешім
№
, мер
зімі
)
мəлімет
св
едение
об
из
менении
наименов
ания
(
решение
док
умент
а)
12
3
4
5
6
А
У
ДАНДАР
1
Байзақ
а
уданы
Байзак
ский
район
Св
ер
длов
ау
даны
Сарык
емер
а
уылы
ау
л
Сарык
емер
ҚР
Пре
зидентінің
Ж
ар
лығы
20.12.1995
ж
. №
2696
2
Ж
амбыл
а
уданы
Ж
амбылский
район
Ас
а
ауылы
ау
л
Ас
а
3
Жу
ал
ы
а
уданы
Ж
уа
лынский
район
Ба
уыржан
М
омышұлы
а
уылы
ау
л
Ба
уыржан
М
омышу
лы
4
Қор
дай
а
уданы
К
ор
дайский
район
Қор
дай
а
уылы
ау
л
К
ор
дай
5
М
еркі
а
уданы
М
ерк
енский
район
М
еркі
а
уылы
ау
л
М
ерк
е
6
М
ойынқұм
а
уданы
М
ойынк
умский
район
М
ойынқұм
а
уылы
ау
л
М
ойынк
ум
7
Тұрар
Рысқұлов
а
уданы
Т
урар
Рыск
улов
ский
район
Лу
го
во
й
ау
даны
Құлан
а
уылы
ау
л
К
улан
ҚР
Пре
зидентінің
Ж
ар
лығы
11.03.1999
ж
. №
82
8
Сарыс
у
ау
даны
Сарыс
уский
район
Ж
аңа
та
с
қа
ласы
горо
д
Ж
ана
та
с
9
Т
алас
а
уданы
Т
аласский
район
Қара
та
у
қа
ласы
горо
д
К
ара
та
у
10
Шу
а
уданы
Шуский
район
Төле
би
а
уылы
ау
л
То
ле
би
ҚАЛАЛАР
11
Т
араз
қа
ласы
горо
д
Т
араз
Ж
амбыл
қа
ласы
Т
араз
қа
ласы
об
лыстық
м
аңызы
бар
қа
ла
горо
д
Т
араз
ҚР
Пре
зидентінің
Ж
ар
лығы
08.01.1997
ж
.
№
3315
а
12
Ж
аңа
та
с
қа
ласы
горо
д
Ж
ана
та
с
об
лыстық
бағыныст
ан
ау
данға
а
уысты
Ж
аңа
та
с
қа
ласы
ау
дан
бағынысындағы
қа
ла
горо
д
Ж
ана
та
с
ҚР
Пре
зидентінің
Ж
ар
лығы
13.05.1997
ж
.
(қа
ланың
к
атег
ориясы
өзг
ер
ді
)
13
Қара
та
у
қа
ласы
горо
д
К
ара
та
у
об
лыстық
бағыныст
ан
ау
данға
а
уысты
Қара
та
у
қа
ласы
ау
дан
бағынысындағы
қа
ла
горо
д
К
ара
та
у
ҚР
Пре
зидентінің
Ж
ар
лығы
13.05.1997
ж
.
(қа
ланың
к
атег
ориясы
өзг
ер
ді
)
14
Шу
қа
ласы
горо
д
Шу
Чу
қа
ласы
об
лыстық
бағыныст
ан
ау
данға
а
уысты
Шу
қа
ласы
ау
дан
бағынысындағы
қа
ла
горо
д
Шу
ҚР
Ж
оғарғы
К
еңе
сі
Төра
лқасының
шешімі
04.05.1993
ж
. №
2189
(т
ранскрипциясы
өзг
ер
тілі
)
ҚР
Пре
зидентінің
Ж
ар
лығы
13.05.1997
ж
.
(қа
ланың
к
атег
ориясы
өзг
ер
ді
)
|