ЖУАЛЫ АУДАНЫ
ЖУАЛЫ АУДАНЫ
92
93
мекемелерінен 2 аурухана 32 фельдшер-акушерлік пункт, 2 дəріхана, т.б. халыққа
қызмет көрсетеді. 1924 жылдан ауданда «Жаңа өмір» га зеті шығарылып келеді.
Аудан жерімен Түрксіб т. ж., Ташкент-Алматы, Б. Момышұлы-Қошқарата авто-
мобиль жолдары өтеді.
Көлбастау
(Колбастау) – Жуалы ауданындағы ауыл, Ақсай ауылдық əкімшілік округтің
құрамыңда. Аудан орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылынан оңтүстікке
қарай 2 км жерде, бұта аралас сұлыбас, бетеге, селеу өскен бозғылт қоңыр
топырақты тау алды жазығында орналасқан. Тұрғыны 3, 0 мың адамнан аса.
1993 ж. дейін Евгеньевка деп аталып келген. 1930-1997 ж. картоп өсіретін Ленин
атындағы ұжымшардың орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан
Көлбастауда жəне округ құрамындағы Қайрат, Диқан, Талапты ауылдарында
«Мыңбұлақ-7», «Қайрат-7», «Шетбұлақ-7» ЖШС-тер жəне 82 шаруа қожалығы
құрылды. Ауылдарда 2 орта, 2 орталау, 1 бастауыш мектеп, 4 кітапхана, 2 клуб, 2
отбасылық-дəрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 фельдш.
пункт бар.
Көлтоған
(Колтоган) – Жуалы ауданындағы ауыл, Боралдай ауылдық əкімшілік округінің
орталығы. Аудан орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылынан батысқа қарай 42
км жерде, бұта аралас бетеге, сұлыбас, селеу өскен қоңыр топырақты тау аралық
қоңыржай агроклиматтық белдемде орналасқан. 1992 ж. дейін Алексеевка деп
аталып келді. 1960 – 97 ж. сүт өндіретін «Коммунизм жолы» ұжымшарының
орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Көлтоғанда жəне округке қарасты
Кеңес, Рысбек батыр, Ақтасты, Қошқарата, Қызтоған ауылдарында осы елді
мекендердің атымен аталатын кооперативтер жəне 2 шаруа қожалығы құрылды.
Ауылдарда 3 орта, 2 орталау, 1 бастауыш мектеп, 4 кітапхана, 3 мəдениет үйі,
отбасылық-дəрігерлік амбулатория, фельдш. -акушерлік пункт, 4 фельдш. пункт
бар.
Кременевка
(Кременовка) – VIII-X ғасырлардағы қалашық. Жуалы ауданы Кременевка ауы-
лы нан оңтүстікке қарай 1 км жерде орналасқан. Биіктігі теңіз деңгейінен 1123 м.
1903 ж. Каллаур ашып, зерттеген. 1940 ж. Жамбыл археологиялық пунктінің
экс педициясы (жетекші Г.И. Пацевич), 1978 ж. Жамбыл облыстық тарихи-өлке-
тану музейінің экспедициясы, 2000 ж. Қазақстан ҒА-на қарасты Ə. Марғұлан
ат ындағы 1 Археология институтының Оңт. Қазақстан кешенді археологиялық
экс педициясы (жетекші К.М. Байпақов) зерттеген. Қала таудың шығыс еңісінде
орын тепкен. Құрылысы тікбұрышты, шығысында биіктігі 8 м, батысында 4 м.
топырақ дуалмен қоршалған. Ішкі алаңы 54x70 м. қабырғасының ортасындағы
бұрыштарда орналаскан биіктігі 1-2 м мұнараның үйіндісі байқалады. Қақпасы
болған солт. – шығыс бұрыштағы ең биік саналған үйінді қалдықты мұнараның
ЖУАЛЫ АУДАНЫ
Жуалы – облыстың оңтүстік-батысында орналасқан əкімшілік бөлік. 1928 ж.
құрылған. Алғашыңда Шымкент облысы (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы)
құрамында болған. 1951 ж. Жамбыл облысының құрамына кірді. Жерінің аум.
4, 2 мың км
2
. Тұрғыны 48, 4 мың адамнан аса. Орталығы Бауыржан Момышұлы
ауылы. Жуалы ауданы Теріс (Асы) өзенінің жоғары жəне орта ағысында, жерінің
көп шілік бөлігін Жуалы таулы үстірті (биікт. орталығыңда 900 м, шет жақта-
рын да 1200 м) алып жатыр. Солтүстігі мен солтүстік -шығысын Қаратау жо-
тасы, батысы мен оңтүстік-батысынан Боралдай тауы, оңтүстігінен Талас Ала-
тауы қоршайды. Ауданның солтүстігінде Билікөл қазаншұңқыры (абсолюттік
биіктігі 450 м) орналасқан. Кен байлықтарынан тас көмір, кұрылыс материал-
дары кездеседі. Тас көмір 1960 жылға дейін өндіріліп келді. Таулы үстірттің
кли маты қоңыржай континенттік. Қаңтардың орташа температурасы -2°С-дан
(оңт-те) – 7°С-қа (солт-те) дейін, шілдеде 24 – 26°С. Жауын-шашынның жылдық
орташа мөлшері 400 мм шамасында, оның көпшілігі көктемде түседі. Қардың
қалыңдығы 30 см-ге дейін барады, қарашаның ортасынан наурыздың аяғына
дейін жатады. Климат жағдайлары дəнді дакылдар мен кейбір техникалық
(күнбағыс) дақылдарды егуге қолайлы. Ауданның солтүстігінде климат тым
континентік жəне құрғақ қаңтарда – 8°С, шілдеде 24°С. Жылдық жауын-шашын-
ның орташа мөлшері 200 – 500 мм.
Басты өзендері: Теріс (төм. жағы Аса деп аталады), оның ең ірі саласы –
Шақпақ, Ақсай, Көксай, Бахаты, Боралдай өзендері, ауданның солтүстік – ба-
тысынан Қошқарата (Боралдайдың саласы) өзені ағып өтеді. Теріс өзенінде
Теріс- Ащыбұлақ бөгені салынған (көлемі 158 млн м
3
). Билікөл көлі ауданның
солтүстігінде орналасқан. Ауданның таулы үстіртінің сұр топырағында жусан,
астық тұқымдас өсімдіктер, боз, селеу, қызыл қоныр топырағында түрлі шөптер.
жуа кекіре, т.б. бидайық аралас өсімдіктер өседі. Өзендердің бойында бұталы
тоғайлар-тобылғы, итмұрын, долана, сарыағаш кездеседі. Тау аңғарларында жа-
байы алма, алмұрт, үйеңкі, арша, шаған өседі. Ауданның оңтүстік бөлігіндегі
Талас Алатауынын беткейлері – альпілік жəне субальпілік шалғын. Бұл өңір
Ақсу-Жабағылы қорығының солтүстік бөлігі саналады. Солтүстігіндегі Билікөл
қазаншұңқырының сұр топырағында жусан, сораң өсімдіктер. Аса өзенінің
аңғарыңда ши өседі. Жабайы жануарлардан қарақұйрық, жабайы шошқа,
шибөрі кездеседі. Құстардан қырғауыл, кекілік бар. Билікөлде сазан, жайын ау-
ланады. Ауданда халық біркелкі орналаспаған. Халқының орташа тығыздығы
жалпы аудан бойынша 1 км
2
-ге 14, 9 адамнан келсе, орталық бөлігінде 30 адам-
нан, солтүстігінде 7 адамнан келеді.
Елді мекендері көбінесе темір жол бойында орналасқан. Ірі ауылдары Бауыр-
жан Момышұлы, Көлбастау, Кайрат, Бурнооктябрьское, Күреңбел, Шақпақата,
Қарасаз.
Ауданда мемлекеттік жалпы білім беретін 44 мектеп, 2 балабақша, 2 көпшілік
кітапханасы, мұражай, 15 клуб жəне мəдениет үйі, Қызғалдақ ансамблі. 7 ұлт тық
мəдени орталық, мешіт, стадион, 23 спорт зал мен алаң бар. Ден саулық сақтау
ЖУАЛЫ АУДАНЫ
ЖУАЛЫ АУДАНЫ
94
95
биікт. 3м-дей. Үйіндінің солтүстік жағынан аумағы 35x46 м. екінші төбешік
келіп жалғасады. Оны қоршап тұрған дуалдың қазіргі кездегі биіктігі 0, 5-0, 6 м.
Қалашық орнында керамиканың сынықтары кездеседі, бір бөлігінде бейіт орын
алған. Шығыс жағында кірпіш зауыты бар.
Күреңбел
(Куренбел) – Жуалы ауданындағы ауыл, ауылдық əкімшілік округінің орта-
лы ғы. Аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-батысқа
қа рай 30 км жерде, Теріс өзені жағалауының бетеге, нарғия, т.б. шөптесін өс-
кен шалғынды қо ңыр, бозғылт қоңыр топырақты тауаралық құрғақ аңғарға ор-
наласқан. Тұр ғыны 1, 8 мың адамнан аса. Іргесі 1952 ж. Чапаев атындағы сүт
өн діру ұжым ш а ры ретінде құрылған. Ұжымшар негізінде Күреңбелде жəне
округ ке қарасты Қа ратас (Чапаев) ауылында 2 өндірістік, 16 шаруа қожалықтары
құ рылған. Орта, ор талау мектеп, мəдениет үйі, кітапхана, 2 фельдш. -акушерлік,
2 фельдш. пункт бар.
Қарасаз
(Карасаз) – Жуалы ауданындағы ауыл, өзімен аттас ауылдық əкімшілік
округінің орталығы. Аудан орталығы Б. Момышұлы ауылынан солтүстік-батысқа
карай 8 км жерде, бұта аралас бетеге, қау, сұлыбас басым өскен қоныр топырақты
төбелі-жонды келген тау аңғарында орналасқан. Тұрғыны 1, 9 мың адамнан аса.
1993 ж. дейін Петровка деп аталып келген. 1961 – 97 ж. картоп өсіретін К. Маркс
атындағы кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде Қарасазда 1997 жылдан
өндірістік кооператив жəне 40-тан астам шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда
орта мектеп, мəдениет үйі, кітапхана, федьдшер-акушерлік пункт орналасқан.
Қошқарата
(Кошкарата) – Жуалы ауданындағы ауыл, ауылдық əкімшілік округінің ор та-
лығы. Аудан орталығы Б. Момышұлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 54 км
жерде, Қаратау мен Боралдай жоталары аралығында, боз жусан, баялыш, кү-
йреуік басым өскен таудың қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты қуаң шөлейт бел-
демде орналасқан. Тұрғыны 1, 1 мың адамнан аса. Ауыл 1992 ж. дейін Канте-
мировка деп аталып келді. Ipгeci 1939 ж. XXII партсъезд атындағы ұжымшар
ре тінде қаланды. Оның негізінде Қошқаратада 1997 жылдан «Қошқарата» ӨК
жə не шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда орта мектеп, кітапхана, мəдениет
үйі, фельдш. -акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Қырықкүрзі
(Кырыккурзи) – орта ғасырдағы шағын қаланың орны. Шақпақ-Ата кентінен
солтүстік – батысқа қарай 5 км жерде. 1940 ж. Жамбыл археологиялық пунктті
(жетекшісі Г.И. Пацевич) тексеріп шыққан. Бұл – тік бұрышты төбешік. Көлемі
солтүстіктен оңтүстікке қарай 114 м, батыстан шығысқа қарай 220 м. Айна-
ла топырақ үйіндісімен қоршалған, үйіндінің батыс жəне шығыс бетінде 11,
оңтүстік жəне солтүстік бетінде 17 мұнара бар. Мұнаралардың биіктігі 1 м-ден 1,
5 м-ге дейін, ал диам. 10 – 11 м. Қырықкүрзіде археологиялық зерттеу жұмысын
жүргізудің тарихи маңызы бар.
Шақпақата
(Шакпаката) – Жуалы ауданындағы ауыл, ауылдық əкімшілік округінің орта-
лы ғы. Аудан орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылынан оңтүстік-батысқа
қа рай 13 км жерде, Боралдай тауының қиыр оңтүстік-шығысында, бұта аралас
қылқанбоз, селеу, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен тау алды жазы-
ғы ның қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты қуаң жазығында орналасқан. Ауыл
1992 ж. дейін Кременевка деп аталып келген. ҚР Жоғарғы Кеңесі Президиумы-
ның 19.03.1992 ж. №1265 Қаулысының шешімімен ауыс қан. Жақын темір-
жол стансасы – Отар. Қазақ СCP Мемагроөндіріс Жамбыл облысы ауыл
шаруашылығы тəжірибе стансасының орталығы болып келді. Оның не гі-
зінде Шақпақатада 1997 жылдан ЖШС жəне бірнеше шаруа қо жалықтары
жұмыс істейді. Ауылда орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт, т.б.
мекемелер бар.
Шақпақ
(Шакпак) – Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы бес классты т. ж. ст. Жам-
был – Түлкібас тас жолының бойында. Аты осы маңдағы шақпақ тасты жыныс-
ты таудың атына байланысты шыққан. Арнаулы мек теп интернат бар.
Жылыбұлақ
(Жылыбулак) – е. м., Жуалы ауданы. Жылы (сын есім) + бұлақ (зат есім) сөз-
де рі нің қосылуынан жасалған атау. Мағынасы: «жер астынан шығып жатқан бұ-
лақ суының жылы екенін» білдіреді.
Ақтөбе
(Актобе) – а. Байзақ ауданы,
(Актобе) – а. о. Жуалы ауданы,
(Актобе) – а. Жуалы ауданы,
(Актобе) – а. Талас ауданы,
(Актобе) – а. о. Шу ауданы,
(Актобе) – а. Шу ауданы.
Ақ (сын есім) + төбе (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Мағынасы:
«тө бе тасының немесе топырағының ағарып жататын көрінісін» білдіреді.
Алатау
(Алатау) – а. Жуалы ауданы.
Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, облыстық мəслихат пен облыс əкімі-
нің бір лескен шешімдері (12 -сессия), 21. 12. 1996 ж. Мемлекеттік ономастика
ко мис сия сының ұйғарымы бойынша Андреевка ауылы Алатау ауылы болып өз-
гер тіл ді.
Ауыл қазақтың заңғар Алатауың бөктерінде орналасқан. Қырғыз республи-
касымен шекаралас Көксай өзені сағасында. Батысында Ақсай шатқалы жатыр.
Ауыл осы Алатау тауына байланысты қойылған.
ЖУАЛЫ АУДАНЫ
ЖУАЛЫ АУДАНЫ
96
97
Бақалы
(Бакалы) – а. Жуалы ауданы.
Ауыл тұрғындарының ұсынысы орай ҚР Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік
оно мастика комиссиясының ұйғарымымен Қызыл дихан ауылы бұрынғы тарих
аты бойынша Бақалы ауылы болып өзгертілді. Ру атынан қойылған атау.
Бурное
(Бурное) – а. о. Жуалы ауданы,
(Бурное) – а. Жуалы ауданы.
Қазіргі Б. Момышұлы ауылы. Бұл жерде қыс айларында қарлы боран көп
болғандықтан орысша «буран» – «Бурное» деп аталып кеткен. Жамбыл об лы-
сын дағы т. ж. стансасы Тараз қаласының оңтүстік батысында 69 км, Талас Ала-
тауы жо тасының солт-батыс етегінде 1961 ж. теміржол салынуына байланысты
пайда болды.
Дарбаза
(Дарбаза) – а. Жуалы ауданы.
Иран тіліндегі дарбаза (қақпа) деген сөзден қойылған атау. Дəлірек айтқанда,
бұл иран тобына жататын тəжік тілінен енген. Мағынасы: «қақпалы мекен» де-
ген ді білдіреді.
Кəріқорған
(Карикорган) – а. Жуалы ауданы.
Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай ҚР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының
19.03.1993 ж. №8 Қаулысы бойынша Казанка ауылы, бұрынғы тарихи аты қал-
пы на келтіріліп, Кəріқорған ауылы болып аталды.
Күркіреусу
(Куркиреусу) – стансасы Жуалы ауданы.
Күркіреу (етістік) + су (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Ма-
ғынасы: бұл маңда күркіреп қатты ағатын өзен немесе бұлақ бар екенін білді-
реді. Күркіреусу атты өзен бар.
Қоңыртөбе
(Коныртобе) – а. Жуалы ауданы.
ҚР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 07. 10. 1993 ж. №2410-XII Қаулысы бо-
йын ша Успеновка ауылы өзгертіліп, ұлттық тарихи аты қалпына келтіріліп,
Қоңыртөбе ауылы аталды.
Қосбөлтек
(Косболтек) – а. Жуалы ауданы.
ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының
05.09.1997 ж. ұйғарымымен Кастельевка ауылы өзгертіліп ұлттық тари-
хи аты қалпына кел тіріліп, Қосбөлтек ауылы аталды.
Құмсуат
(Кумсуат) – а. Жуалы ауданы.
Құм жəне суат сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Мағынасы: «су жа ға ла уы-
ның не болмаса астының майда құм, қайрақ болып келгенін» білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: