ген. 1960 жылы мазарға қорғаныш ретінде шыны қалқа жасалды жəне ол бі лім
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ
66
67
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ
(Жамбыл) – Жамбыл облысының оңтүстік-батысындағы əкімшілік бө-
лік . 1928 ж. кұрылған. Жері 4, 3 мың км
2
. Тұрғыны 69, 6 мың адам. Аудан
ау мағындағы 45 елді мекен, 16 ауылдық əкімшілік округтерге бі рік тірілген.
Ор талығы – Аса. Аудан жері таулы (Қаратау мен Қырғыз Алатауы ның
түй іскен жері), қыратты (орталығы), солтүстікке қарай жазық ке леді. Ау-
дан ның ең биік жері орта тұсында (Үлкен Бурылтау, 1138 м). Клима ты
кон тиненттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық. Ауаның жылдық орташа тем -
пературасы қаңтарда 6 – 7°С, шілдеде 22 – 26°С. Жауын-шашынның ор -
таша жылдық мөлшері 250 – 400 мм. Аудан жерімен Талас, Көделі, Аса
өз ен дері ағып өтеді; Бегеткөл, Сұлукөл, Сеңгірбай, Көкіш, Таскөл, Ақкөл
тұз ды көлдері бар. Жері тау-шалғынды, сұр, шалғынды сұр, шалғынды бат-
пақ топырақты келеді, жусан, жантақ, сораң шөп, қамыс-құрақ, бұталы өс-
ім діктер, т.б. өседі. Акбөкен, арқар, қоян, түлкі, касқыр, шиебөрі, қырғауыл,
т.б. мекендейді. Аудан аумағында 38 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады.
Жамбыл ауданындағы халықтың басым көпшілігі қазақтар (95, 5%).
Аудандағы ірі елді мекендер: Аса (7, 9 мың адам), Жалпақтөбе (7, 6),
Айша бибі (2, 8), Гродеково (4, 4), Шайқорық (3, 3), Бесағаш, Өрнек,
Ақбұлым, Қызылқайнар, Пригородное ауылдары.
Тараз қаласынан 18 км жердегі Айша бибі ауылында X – XII ғасырларда
са лынған архитектуралық – мəдениет ескерткіштер Айша бибі кесенесі
жəне Бабаджа қатын кесенесі сақталған. Аудан аумағында көне қала
орындары көп. Олардың ішінде Жалпақтөбе ауданындағы əйгілі Жікіл,
Атлах, Бектөбе Тастөбе, Живукет, Қаракемер ауылында көне деректерде
жиі кездесетін Алдахкент, Нуджикес қалалары бар.
Құмтүйін ауылының жанындағы адам жерлеп жүрген «Қыз əулие» де-
ген орын ежелгі заманғы қоныс болған. Жанында Төрткүл бекінісі бар.
Қалада мұндай Төрткүл бекінісі Қаракемер ауылының оңтүстік-ба ты-
сын да да бар. Аудан өңірінде сақ, үйсін, қаңлы дəуірінің ондаған қор ған
обалары кездеседі. Жалпақтөбеден 60 км-дей жердей осы ауылдың шар -
уа шылылығына карасты «Ақшолақ» учаскесінде де Ақыртас қор ға ны
жатыр. Жаңа Жамбыл фосфор зауытынан солтүстікке карай 250 м жерде
Қыршынды шабындығында орта ғасырлық елді мекен болған. Мəдени
қо ғам дық ұйымдардан Жалпақтөбе ауданында дүнген мəдени орталығы,
Гродеково ауданында облыстық филиал негізінде неміс ұлттық мəдени ор-
та лығы, күрд ұлттық мəдени орталығы жəне түріктердің аудандық ұлттық
ор талығы орналасқан.
Жамбыл ауданындағы жолдардың жалпы ұзындығы 200 км. Оның бə рі не
дерлік асфальт төселген. Аудан жерімен Шымкент-Алматы, Тараз-Қаратау-
Жаңатас, Шымкент-Алматы-Тараз, Аккөл-Саудакент авто моби ль жолдары
өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: