М. Х. Дулати атындағы Тарму-дің Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған



Pdf көрінісі
бет5/110
Дата18.01.2017
өлшемі15,4 Mb.
#2185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110

Наурызбас

(Наурызбас) – ортағасырлық  қала  орны.  Байзақ  ауданы  Байзақ  ауылынан 

шығысқа қарай 6 км жерде. 1983 ж. ҚазМУ (қазіргі əл-Фараби атындағы Қазақ 

Ұлттық  университеті)  археологиялық  отряды  (жетекшісі  М.  Елеуов)  ашып, 

зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі орны əлемнің төрт тарапына бұрыштары 

қаратылған төбешік. Оның көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 30 м, батыстан 

шығысқа қарай 45 м, биіктігі 1 м. Қала ені 6 – 8 м, биіктігі 2 м үйінді жaлмен 

қоршалған. Жалда 5 мұнара қалдығы сақталған. Археологиялық зерттеу бары-

сында құмыра, тостаған, келі, т.б. шаруашылыққа қажетті бұйымдар жинасты-

рылды. Алынған заттарға қарағанда Наурызбасты халық X-XII ғасырларда ме-

кендеген. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан. 

Оххум

(Оххум) – көне қала орны. Байзақ ауданы, Шахан ауылынан солтүстік – шы-

ғыс жағында 300 м қашықтықта орналасқан. Алғаш рет B. Бартольд 1894 ж. 

зерт   теген. 1936 – 1938 ж. KCPO FA Материалдық мəдениет тарихы институты 



БАЙЗАҚ АУДАНЫ

БАЙЗАҚ АУДАНЫ

46

47

мен KCPO FA Қазақстандық филиал археологиялық экспедициясы (жетекшісі 

А.Н. Бернштам), 1983 ж. ҚазМУ (қазіргі əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 

уни вер ситеті)  археологиялық  отряды  (жетекшісі  М.  Елеуов), 1986жылы  ес-

керткіштер  жиынтығының  археологиялық  экспедициясы  (жетекшісі  М. 

Елеуов), 1986 ж.  ескерткіштер  жиынтығының  археологиялық  экспедициясы 

(же тек шісі K. М. Байпақов), 2000 ж. ҚР FA Археология институтының Оңт. 

Қазақстан кешенді ар хео логиялық экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов) 

зерт теу жұмыстарын жүр гізген. Оххум кезінде екі қатар қабырғамен қоршалған. 

Қоршау  төрт  бұ рышты.  Қоршаудың  биіктігі 4-4, 5 м  болған.  Сыртқы  жəне 

ішкі  қоршаудың  ара  қашықтығы 50-60 м.  Қазба  жұмыстары  кезінде  Oххум 

қаласында  су  құбырлары  болғандығы  айқындалды.  Табылған  керамикалық 

бұй ымдар қаланың VI-XII-ғасырлар аралығында өмір сүргендігін көрсетеді. 

Сарытөбе

(Сарытобе) – орта ғасырлық қоныс орны. Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауы-

лынан 2, 5 км солтүстік-батыста. 1978 ж. Жамбыл облысы тарихи-өлкетану 

музейінің экспедициясы ашып, зерттеу жұмыстарын жүргізген. «Алаңқайлы 

төбе»  түріндегі  бұл  қоныс  жобасы  тікбұрышты.  Бұрыштары  əлемнің  төрт 

бұрышына қараған. Төбе ұзындығы 120 м, ені 40 м. Оның қасында диаметрі 

40  м  шамасында,  биікт. 3 м  төбе  жəне  оған  жанасып  жатқан  төбешік  бар. 

Қонысты табандығы 9-10м, биіктігі 1, 5 м болатын жал қоршап жатыр. Зерт-

теу  барысында  құм,  түрлі  қыш  ыдыстар  сынықтары  кездескен.  Олардың 

көбісі  сырсыз.  Табылған  бұйымдарға  қарағанда  Сарытөбені  халқы VII-IX 

ғасырларда мекендеп, егін жəне мал шаруашылықтарымен шұғылданған. 

Талас

(Талас) – Байзақ ауданындағы ayыл, Қостөбе ауылдық əкімшілік округінің 

ор талығы. Аудан орталығы Сарыкемер ауылынан оңтүстікке қарай 12 км жерде, 

Талас өзенінің оң жағасындағы сұр жусан, баялыш, көкпек, т.б. шөптесін өс кен 

сұр, шалғынды, топырақты қуаң, шөлейт белдемде орналасқан. Тұр ғы ны 3 мың 

адам. Ipгeci 1933 ж.  қаланған. 1997 ж. дейін сүт бағытындағы ас ыл тұқымды ірі 

қара мал өсіретін Жамбыл атындағы кеңшардың орталығы бо лып келді. Оның 

негізінде  Таласта  өндірістік  кооператив  жəне  бірнеше  шаруа  қожалықтары 

құрылды. Ауылда орта мектеп, кітапхана, клуб, фельдшер-аку шер лік пункт, т.б. 

мекемелер бар. Талас гидрониміне қатысты атау. 



Түймекент

(Туймекент) – орта ғасырлық қала орны. Байзақ ауданы Түймекент ауылының 

оң түстік-шығыс шетінде, Талас өзенінің оң жағалауында. Алғаш рет 1894 ж. B. B. 

Бартольд зерттеді. 1936 – 38 ж. KCPO FA Материалдық мəдениет тарихы инсти-

туты мен Қазақстан филиалының Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекші 

А.Н. Бернштам), 1986 ж. Қазақ KCP FA Ш. Ш. Уəлиханов атындағы Тарих, ар-

хе о логия  жəне  этнография  институтының  Тарихи  жəне  мəдени  ескерткіштер 

жиынтығының экспедициясы (жетекшісі К. Байпақов) зерттеген. Бірнеше жер-

ден тік-қазба (шурф) түсірілген. Қала орнының аумағы 250x310 м. Жан-жағынан 

топырақ үйінділерімен қоршалған. Биіктігі 4-6 м болатын қоршаудың бойында 

7 мұнараның орны сақталған. Қазба жұмыстары кезінде табылған керамикалық 

ыдыстар VII-XII ғасырларға сай келеді. Ғалымдар Түймекент кезінде түркі би-

леу  шілерінің ордасы болуы мүмкін деген болжам да айтады. 

Түймекент

(Туймекент) – Байзақ ауданындағы ауыл, ауылдық əкімшілік округінің ор та-

лы ғы. Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан солтүстікке қарай 18 км жерде, 

Талас өзені жағалауындағы боз жусан, баялыш, күйреуік, ши, т.б. шөптесін өскен, 

шалғынды, сұр топырақты қуаң, шөлейт далада орналасқан. Тұрғыны 4, 5 мың 

адам. Ауыл 1993 ж. дейін Буденновка деп аталып келген. Ipгeci 1924 ж. қызылша 

өсіретін «Трудовой пахарь» ұжымшарының орталығы ретінде қаланды. Оның 

негізінде «Түймекент» өндірістік кооперативі, ЖШС жəне бірнеше шаруа қо жа-

лық  тары құрылды. Ауылда орта, орталау мектеп, клуб, кі тап  хана, от ба сы лық-

дə рігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар. 



Үлгілі

(Улгили) – Байзақ ауданындағы ауыл, Сарыкемер ауылдық əкімшілік округінің 

құрамында. Ayдан орталығы Сарыкемер ауылынан батысқа қарай 3 км жерде, 

боз жусан, баялыш, күйреуік басым өскен сұр, шалғынды, сұр топырақты шөлді 

белдемде орналасқан. Тұрғыны 1, 6 мың адам. 1983-1997 жылдары қызылша 

тұқымын  өсіретін  Киров  атындағы  кеңшардың  орталығы  болып  келді.  Оның 

негізінде  Үлгіліде 1997 жылдан  шаруа  қожалықтары  құрылды.  Ауылда  орта 

мек теп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. 



Шөлтөбе

(Шолтобе) – ерте орта ғасырлық қоныс орны. Байзақ ауданы Ақшолақ стан-

са  сының солтүстік-шығыс жағынан 12 км жерде, Қырғыз Алатауының етегінде 

ор наласқан. 1963-1967 ж. Жетісу археол. экспедициясының отряды (жетеК.М. 

C. Мерщиев) тауып, қазба жұмыстарын жүргізген. Қоныстың аумағы 80x100 м., 

биікт. 3 м. Қазба жұмыстары кезінде керамикадан жасалған бұйымдар көптеп 

та былған. Бұл жерден табылған дəн үккіштер, тарының калдықтары, шикі кір-

піш тер  құрамындағы  сабандар  қонысты  мекендегендердің  шаруашылығында 

жер өңдеудің маңызды рөл атқарғандығын куəландырса, ал тастан жəне қыштан 

жа салған ұршық бастары тоқымашылық кəсібінің, қолдан жасалған қыш ыдыс-

та рының көптігі – құмыра өндірісінің дамығанын көрсетеді. Олардың жасалған 

мерзімі V-XII ғасырларға сəйкес келеді. 



Сəмбет

(Самбет) – а. Байзақ ауданы. 

Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, облыс əкімінің 06. 07. 1992 ж.  №60 

ше ші мі бойынша, Тегістік ауылы қазақтың белгілі батырының атымен Сəмбет ау-

ылы аталды. 


БАЙЗАҚ АУДАНЫ

БАЙЗАҚ АУДАНЫ

48

49

Сеңкібай

(Сенкибай) – а. Байзақ ауданы. 

Ауылы тұрғындарының ұсынысына орай, ҚР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 

07. 10. 1993 ж. №2410-ХІІ Қаулысы бойынша, Еңбек ауылы өзгертіліп, жоңғар 

қал  мақтарымен шайқастарда аты шыққан, ұлы жүздің жаныс тайпасынан шық-

қан ат ақ ты Төле бидің інісі Сеңкібай батыр есімін мəңгі есте қалдыру мақ са-

тында – Сеңкібай ауылы аталды. 

Сухамбаев

(Сухамбаев) – а. о. Байзақ ауданы. 

Ағəділ Сухамбаев – Совет Одағының батыры. 

2005 жылы мамыр айында Тараз қаласы, Қонаев жəне Абай көшесінің қиы -

лы  сында, Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай (1914-1945), А. Сухамбаевқа ор на-

тыл  ған ескерткішті Елбасы Н. Назарбаев ашты. 



Тегістік

(Тегистик) – а. Байзақ ауданы. 

Тегіс (сын есім) + тік (сын есімді есімге айналдыратын жұрнақ) жолымен жа-

сал ған атау. Мағынасы: «теп-тегіс, жап-жазық жер» дегенді білдіреді. 



Ақжар

(Акжар) – а. Байзақ ауданы. 

Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, ҚР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 

04. 05. 1993 ж. №2189-ХІІ Қаулысы бойынша Жамбыл ауылы бұрынғы тарихи 

атымен Ақжар ауылы деп аталды. 

Ақжар – мекен, өзен, елді мекен аттары. Ақжар – «ақтаңдақ жар». Ақжар 

атаулары өзге де түркі тілдес халықтар топонимдерінен кең орын алғаН.В.А. 

Никонов: Қырымның қазіргі Севастополь қаласы тұрған жерді құмандар бұрын 

«Ағджар» атаған дейді. (Қойш. Е., 1985, 31-б). 

(Акжар) – елді мекен, Шу, Байзақ ауданы. Ақ (сын есім) + жар (зат есім) сөз-

де рінің  қосылуынан  жасалған  атау.  Мағынасы  жардың  топырағының  ағарып 

жататынын білдіреді. 



Аққия

(Аккия) – елді мекен Байзақ ауданы. Ақ (сын есім) + қия (зат есім) сөздерінің 

қосылуынан жасалған. Мағынасы осы маңдағы төбеге шығар тік беткейі (қиясы) 

ағарып жататынын білдіреді. 



Ақтөбе

(Актобе) – а. о., Жуалы, Байзақ аудандары. Ақ (сын есім) + төбе (зат есім) 

сөздерінің  бірігуінен  жасалған  атау.  Мағынасы  төбенің  тасының  немесе 

топырағының ағарып жататын көрінісін білдіреді. 

(Актобе) – а. Байзақ ауданы, 

(Актобе) – а. о. Жуалы ауданы, 

(Актобе) – а. Жуалы ауданы, 

(Актобе) – а. Талас ауданы, 

(Актобе) – а. о. Шу ауданы, 

(Актобе) – а. Шу аудандарында кездеседі. 



Базарбай

(Базарбай) – а. Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округіне бағынысты. Кісі 

есімінен қойылған атау. 

Құмжота

(Кумжота) – е. м., Байзақ ауданы. Құм (зат есім) + жота (зат есім) сөздерінің 

қосылуынан жасалған атау. Мағынасы: «құмдауыт келген жоталар». 

Жаңатұрмыс

(Жанатурмыс) – а. о. Байзақ ауданы – а. о. е. м., Байзақ ауданы. Мағынасы: 

«революциядан кейін жаңа қоғам, жаңа тұрмыс құруға тілек білдіруге байланы-

сты» қойылған атау. Бұл атау Қордай ауданы, Т. Рысқұлов ауданы, Талас аудан-

дарында да кездеседі. 

Жеңіс

(Женис) – а. Байзақ ауданы. 

Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, ҚР Үкіметінің жанындағы Мем ле-

кет тік ономастика Комиссиясының 06.02.1997 ж. ұйғарымымен Победа ауылы 

Жеңіс ауылы болып өзгертілді. 

Көкөзек

(Кокозек) – а. Байзақ ауданы. 

Атау мағынасы: «көк шөпті өзек» сөзімен теңдес. 

Қарасу

(Карасу) – а. Байзақ ауданы, 

(Карасу) – а. Меркі ауданында. 

Қара (сын есім) + су (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Топонимдік 

мағынасы: «бұлақ, қайнар жер суы» дегенді білдіреді. 

Қосақ

(Косак) – а. Байзақ ауданы. 

Тіліміздегі қос «екі», «екеу», «қатар» мəніндегі сөз болса, -ақ қосымша. Де-

мек, атау: «екі, екеу, қосы зат» мəнінде қойылғандай. Оған Қостөбе Қосшоқы, 

Қоссай сияқты атаулар сəйкес келеді. 


БАЙЗАҚ АУДАНЫ

БАЙЗАҚ АУДАНЫ

50

51

Сарыбарақ

(Сарбарак) – а. Байзақ ауданы. 

Ру атынан қойылған болуы мүмкін. 

Төрекелді

(Торекельды) – а. Байзақ ауданы. 

Ауыл тұрғындардың ұсынысына орай, облыс əкімі мен облыстық мəс ли хат-

тың 27.01.1996 ж.  бірлескен шешімі (ІХ сессия) бойынша, Лесоутопитомник 

ауылы Төрекелді ауылы болып аталды. 

Төрткүл

(Торткуль) – а. Байзақ ауданы. 

Ауыл  тұрғындардың  ұсынысы  бойынша,  ҚР  Үкіметінің  жанындағы  Мем-

лекеттік ономастика Комиссиясының 06.02.1997 ж. ұйғарымымен Бағара атауы 

өзгертіліп, оның орнына бұрынғы Төрткүл деген тарихи аты қалпына келтірілді. 

Төрткүл атауы туралы Н.А. Бернштам еңбектерінде былай делінген: «Төрткүл 

– елді мекен аттары, топырақ үйінділерінен тұрғызылған көне жəне ерте орта 

ға сырлардағы (VII – XIV ғғ.) бекініс орындары, төбесі тегіс, беткейлері тік кел-

ген  төрткүлді  дөңестер.  Төрткүлдердің  көбі  бір  жүйеде  салынған:  солтүстік 

жəне  шығыс  жағы  құрылыс  орындарының  қал дық тары,  ал  оңтүстік-батыс 

жəне  шығыс  каналмен  немесе  өзенмен  қор ған ған. «Жетісу  қалалары  керуен 

жолдарының бойына салынған. Төрткүл қал дық та рын сол жолдардың сүрлеуі 

деп ұғыну керек». 

Шахан

(Шахан) – а. Байзақ ауданы. 

Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, ҚР Үкіметінің жанындағы Мем ле-

кет тік ономастика комиссиясының 06.02.1997 ж. ұйғарымымен Чапаев ауылы 

Шахан ауылы болып аталды. 

Кісі есіміне байланысты қойылған атау. 



Жібек жолы

(Жибек жолы) – а. Байзақ ауданы. 

Ауыл тұрғындарының ұсынысы бойынша, ҚР Үкіметінің жанындағы Мем-

лекеттік ономастика Комиссиясының 06.02.1997 ж. ұйғарымымен Жібек жолы 

ауылы болып аталды. 

Жаңасаз 

(Жанасаз) – а. Байзақ ауданы. 

Ауыл тұрғындарының ұсынысы бойынша, облыс əкімінің 24.01.1995 ж. ше ші мі. 

Дихан 

(Дихан) – ауыл, ауылдық əкімшілік орталығы. Сарыкемер ауылынан сол түс-

тік ке қарай 12 шақырым жерде орналасқан. 1929 жылы «Дихан» колхозы ұй ым-

дас тырылған. Бұрын Ленин атындағы колхоз деп аталған. Еліміз егемендік ал ған 

соң 1996 жылы 27 қаңтарда ҚР Мемлекеттік ономастика комиссиясының ұй ға-

ры мымен Дихан аулы аталады. «Дихан» сөзінің мағынасы сол жердегі жергілікті 

тұр  ғындардың егіншілік шаруашылығымен айналысатындығын білдіретін атау 

бо  лып табылады. 



Үшбұлақ 

(Ушбулак) – темір  жол  стансасы.  Бұл  станса  Ботамойнақ  ауылдық  округ 

құрамында. Осы станса үстімен Түркісіб темір жолы 1930 жылдары өткен. Ол 

Жамбыл-Алматы бағыты бойындағы станса. Атаудың қойылу себебі бұрын сол 

темір жол стансасының маңайында бұлақтар болған, сондықтан Үшбұлақ деп 

аталған. 

Түймекент  ауылдық  округіне  қарасты  ауыл  маңында  биіктігі 6 м  болатын 

«Жайлау төбе» деп аталатын V ғасырға жататын көне қала орны бар. Сол кезде 

қа лыңдығы 12 м, биіктігі 1, 5 м болатын дуалдармен қоршалған. Дуалдың бұ-

рыш та рында мұнаралар болған. 



Талас

(Талас) – өзен. 

Талас – Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен ұзындығы 661 км, су жина-

латын алабы 52700 шаршы км. Қазақстандағы бөлігі 453 км. Негізінен, Жамбыл 

облысының Байзақ, Талас, Сарысу аудандары жерімен ағады. Қырғыз Алатауы 

мен Талас Алатауы мұздықтарынан шығатын Қарақол жəне Үшқоша өзендері 

қосылған жерден басталып, Мойынқұмдағы Айдын көліне жетпей құмға сіңіп, 

тартылып калады. Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, ені 2 км, жазыққа 

шыққан төменгі бөлігінде кең, 25 – 30 км. Көпжылдық мұз, жауын-шашын су-

ынан толысады. Маусым – тамыз айларында тасиды. Тараз қаласынан, төменгі 

ағысында Таластан бірнеше тармақ (Шалқы, Көделі, Тасарық, т.б.) таралады. 

Суы көктемде, күзде тұщы, жазда сəл кермек, ауыз суға жарамды. Жылдық ор-

таша су ағысы Тараз қаласы тұсында секундына 27, 4 м3. Өзен бойында, Тараз 

қаласынан 10 км жерде Киров бөгені, сағасынан 197 км жерде Юбилейный, 275 

км-де Жінəлі, 280 км- де Қазақбай бөгендері жəне Талас – Аса каналы салынған. 

Егін суаруға пайдаланылады. 

Талас өзенінің атының шығуы туралы əр түрлі жорамал бар. Оны монғол 

тіліндегі далай «теңіз, мұхит, үлкен көл» екендігінде күмəн жоқ, сөз аяғындағы с 

əрпі бұл арада көне түркі-монғол тілдеріндегі көптік жалғауы болуға тиіс дегенді 

А.  Əбдірахмановтың  «Топонимика  жəне  этимология» (1975) атты  еңбегінен 

оқимыз.  Талас  атауының  тым  ерте,  ежелгі  замандардан  біздің  дəуірімізге 

жеткені тарихи еңбектерден белгілі. Талас пен Тараз ескі заманнан бірге ата-

лады. «Қаратаудың құшағында қырық бұлақ бар болса, Талас өзенінің қырық 


БАЙЗАҚ АУДАНЫ

БАЙЗАҚ АУДАНЫ

52

53

сағасы бар», – деп айтады халық. Атақты Майкөт ақын Құлмамбет ақынмен 

айтысқанда: «Аса, Талас екі өзен, Ат бауырынан саз алған, Балдырғанын жеген-

де Баланың көңілі мəз болған» деп, жер байлығын жырға қосқан. V-VIII ғ. көне 

ескерткіштерде talas, argu talas – географиялық Талас қаласының бір аты екені 

аталады (Древнетюркский словарь. М.:1969, с. 51). Сол көне түркі жазбаларын-

да Ертіс, Іле өзендерінің аттары да аталады. Бұлардың арасында Іле өзенінің, 

яғни Іле атауының мұнан екі мың жылдан бұрын Қытай жазба ескерткіштерінде 

бары ғылымда белгілі. Демек, Талас өзен аты, қала аты ретінде де ежелгі заман-

нан, шамамен біздің дəуірімізден бұрынғы 2000-2500 ж. болса керек. Көне түркі, 

иран тілдерінде тал «шың құз», ал екінші сыңардағы ас көне түркі тілдерінде 

«өзен», «су». Бұған қарағанда, Талас – «биік шың, құзды таудағы өзен» деген 

мəнді атауға жуықтау сияқты. 

Əйтімбет каналы 

(Айтымбет) – Əйтімбет – Байзақтың  ең  үлкен  ағасы  Жүндібайдың  ұлы. 

Ақшолақ аймағында, ұзындығы 35 шақырым. Байзақ ауданының Байзақ атын да-

ғы ұжымшарының, (Үшбұлақ), Жамбыл ауданына қарасты (Ақбұлым) бұрынғы 

«Ильич» кеңшарының егістіктеріне су апарады. 

Базарбай каналы

(Базарбай) – Байзақ жəне Жамбыл ауданындағы егістікке жарамды алқапты 

игеру мақсатында 1985 ж. іске қосылды. Су (19 м/с) Талас өзеніндегі бөгеттен 

алынады. Темір-бетон жапқыштармен қапталған бас каналының ұз. 30, 2 км. Ба-

зарбай суару жүйесіне 2 ауданның 7 мың га егістік алқабы енеді. 

Базарбай каналын Талас өзенінен бастау алып Байзақ ауданындағы Түймекент, 

Сухамбаев, Амангелді, Үшбұлақ елді – мекендердің егістіктерді ылғ ал дандыру 

үш ін пайдаланылады. Жергілікті халық Базарбай тоғаны деп атаған. Базарбай 

Байзақ тың ағасы, Бəйтеректің тұңғыш ұлы. 

Ертеде Күнасұлы Мəмбет бабадан 6 ұл болған. Оның бірі – Бəйтерек. Ол кі-

сі нің бір ұлынан бала болмаған екен. Ол – Базарбай еді. Базарбай ағайындарын 

жинап кеңес құрып: «Менде артта қалар ұрпақ болмады, мен өз атымды қалдыру 

үшін тоған қазамын», – деген. Ағайындары адам жинап, тоған қаздырған, ел ау-

зында «Базарбай» деген ат қалған. 



Егетай көлі

(Егетай) – Егетай көлі (тоқтау су қоймасы) адам атымен аталған. 



Жерасты үңгір ішіндегі бұлақ 

(Жер асты унгир ишиндеги булак) – Жеті төбенің тұсында 3 шақырымдай 

жерде Қаратаудың беткейінде Жұмабай базы (кісі атымен аталған қыстау) де-

ген жерден бұлақ ағып шығады. Сол бұлақтың жоғарғы жағында тау жарылып, 

үңгір болып қалған. Оған түсіп, тереңірек барса, ағып жатқан өзен бар. 

Төрегелді тоғаны 

(Торегелди тоганы) – немесе Аққойлы тоғанын Құдайберген Бəйтінұлы ның 

нұсқауымен ауыл азаматтарының күшімен қазылған. Төрегелді Байзақтың үл-

кен  ұлы.  Жамбыл  ауданының  Ақбұлым,  Байзақ  ауданының,  кеңшарларының 

Байзақ атын дағы ұжымшардың суармалы жеріне ылғал жеткізеді. 

Сасық бұлақ

(Сасык булак) – бұл бұлақ немесе «Сасық бастау», Ботамойнақ тауының ете-

гінен ағып шығады. Суы қара қошқыл, қою, иісті келеді. 

Белқожа каналы

(Белкожа) – Белқожа  каналы.  Оны  қазіргі  Ынтымақ  ауылдық  округінің 

əкімшілік орталығы Мəдімар ауылында ғұмыр кешкен Белқожа болыс қаздырған. 

Өтеміс арығы 

Өтеміс арығы – Абай, Кеңес, Құмжота ауылдарына су жеткізу үшін Даңғыл 

ата арық қаздырған. Бұл ауылды мекендеген қазақтардың руы Өтеміс бол ған-

дықтан солай аталған. 



Қарлығаш бастауы

(Карлыгаш) – Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі ауылдың маңында Қарлығаш 

атты бастау болған. Сол таза бұлақтан ауыл адамдары су алып тұрса, бастаудан 

аққан арықтан ауыл малдары ішкен. Ел кəдесіне жараған мөлдір, таза бұлақтың 

атымен жергілікті халық ауылдарын «Көкбастау» деп атап кеткен. 

Қарасу

(Карасу) – көлдің аты. 1930 жылдары колхоздастыру жұмысы жаппай жүріп 

жатқан кезде осы жердің халқы отырықшылыққа бейімделіп, егіншілікпен айна-

лыса бастағ ан тұста ауыл маңындағы табиғи қазаншұқыр болып келген жердің 

ашық тұсына бөгет салып, өзекті байлап, жасанды көл жасаған. Жердің түсіне 

қарай бұлақ, өзек, жылға суларының жинақталуынан пайда болған көлдің түбі 

көрінбей, қап-қара болғандықтан Қарасу деп атаған. 

Қайып, Қаратал 

(Кайып, Каратал) – өзен. 

Қайып, Қаратал – Шу – Талас алабындағы өзен. Байзақ, Талас аудандары же рі  -

мен ағады. Ұз. 105 км, су жиналатын алқабы 2620 км

2



Қусақ 



(Кусак) – Қазақстанның əр тұсындағы өзен, көл, тау аттары. Көне этно-

то по ним дердің бірі: қу жəне сақ этнонимдерінен қалыптасқан атау деп жа-

зады Е. Қойшыбаев. Қазақстанның жер-су аттары, 1985 ж. 176-б. 


БАЙЗАҚ АУДАНЫ

54

Көкөзек 

(Кокозек) – гидротопонимдер  аты: 1) өзек,  ауыл  аты  (Орталық 

Қазақстанда); 2) бұлақ аты (Оңтүстік Қазақстанда). «Көк» сөзі түспен бай-

ланысты анықтауыш компонент. Байзақ ауд. 

Байзақ ауданында Қырсаз (Кырсаз), Қарасу (Карасу), Өтеміссай (Отемис-

сай),  Сарыөзек  (Сарыозек),  Көкөзек  (Кокозек),  Сүленбай  (Суленбай),  Дуа-

насай (Дуанасай), Көлқайнар (Колкайнар) Байзақ жəне Жамбыл ауданында 

Көшеней (Кошеней), Кіші Алмалы (Киши Алмалы), Қарабатыр (Карабатыр) 

гидронимдері бар. 

Қаратөбе

Қаратөбе – Қырғыз  Алатауының  қиыр  батыс  сілемдерінің  бірінде, 

Қырғызстан мен Қазақстан Республикалары шекарасында орналасқан асу. 

Жамбыл  облы сы ның  Жамыл  жəне  Байзақ  аудандары  шекарасында.  Абс. 

биікт. 1948 м. Асудан сə уір – қыркүйек айлары аралығында өтуге болады. 

Қазақстанның солт. бет ке йі нен Қайыңды өз. бастау алады. 



Сыртбелдiк

(Сыртбелдик) – тау.  Сарыкемер  ауылының  солтүстік  батысында,  Түй-

мекент ауылының оңтүстік батысында орналасқан. 

Ботамойнақ

(Ботамойнак) – тау.  Қырғыз  Алатауы  арқылы  Қырғызстанға  өтетін  асу 

жол  бар.  Бұлай  аталу  себебі,  осы  шыңға  үңіліп  қарасаң,  ботаның  иілген 

мойнына  ұқсайды.  Осы  таудың  етегіне  орналасқан  тауды  халық  осылай 

атап кеткен. 

Түйетөбе

(Туйетобе) – төбешік.  Сарыкемер  ауылының  солтүстік  батысында, 

Түймекент ауылының оңтүстігінде орналасқан. 

Жайлаутөбе

(Жайлаутобе) – төбешік. Ажар ауылының батысында, Кеңес ауылының 

оңтүстік шығысында орналасқан. 

Маралбайтөбе

(Маралбайтобе) – төбешік.  Бостандық  ауылының  оңтүстік  батысында, 

Кеңес ауылының солтүстік батысында орналасқан. Кісі атына байланысты 

қой ылған. 



ЖАМБЫЛ АУДАНЫ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ

56

57

ОЙКОНИМДЕР, ГИДРОНИМДЕР, ОРОНИМДЕР

Əкімшілік орталығы – Аса ауылы

Халық саны – 69966 адам

Аудан аумағы 4300 шаршы шақырымды құрайды

Аудандағы ауылдық округтар саны: 17

Құрылған жылы: 31 қаңтар, 1966 жыл




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет