Айша бибі
(Айша биби) – а. о. Жамбыл ауданы.
Айша бибі облыс орталығы – Тараз қаласының батысында 18 км. Аса
өзе ні нің аңғарына орналасқан. Елді мекен ертеде «Айша бибі» деп аталған.
(Айша биби) – а. Жамбыл ауданы.
Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, ҚР Жоғарғы кеңесі Төралқа-
сы ның 05. 08. 91 ж. №751-ХІІ Қаулысы бойынша Головачевка ауылы
өзгертіліп, Айша Бибі ауылы болып аталды.
Ауыл аты, атақты, аты аңызға айналған Айша атты қыздың атына қо йыл ған.
Айша бибі ескерткіші – ХІ-ХІІ ғасырларға тəн қазақ халқының қол өне-
рі нің ізі кеңінен сақталған архитектуралық ескерткіш. Бұл туралы халық
ара сында көптеген аңыздар тараған жəне жазушылар мен тарихшылардың
ең бектерінде ай тыл ған. Солардың бірі төмендегіше:
Шах Махмуд Қарахан батыр мен Хакім ата Айқожа мен Əнуар ананың
қы зы Айша бір-біріне ғашық екен. Алыстағы қыздың еліне жау шабады.
Қыздың əкесі Қараханға хабар береді. Қарахан қыз елінен хабар алысымен,
сарбаздарын бастап жолға шығады. Қарахан қыздың еліне келген жаумен
соғысып, оны қуып тастайды. Соғыстан жеңіспен оралған батырды Айша
өз сарайына түсіреді. Қарахан мен Айша некелеспей тұрып үш күн, үш түн
бірге болады. Қыздың əкесі қызының бұл қылығына қатты қапаланады. Үш
күннен кейін жау күш жиып, елге қайта шабады. Қарахан қолын бастап,
соғысқа тағы шығады. Бірнеше күнге созылған қан майдан соғыстан жау
жеңіледі. Қарахан да көп батырдан айырылады, өзі жараланады. Осы кезде
Қараханға өз еліне жау келді деген хабар жетеді. Батыр қыздың сарайына
соқпай, еліне жүріп кетеді. Батыр қызға құда түсуге өз кісілерін жібереді,
оларға қызды біржола алып келуді тапсырады.
Қыз əкесі құдалықты дұрыс қабылдағанмен, қызының Қараханмен неке-
лес пей тұрып бірге болғанын кешіре алмапты. Сондықтан қызын батасыз
ұзат қан екен.
Күркіреу дариясына келіп жеткенде, Айша керуенді тоқтатып, дема-
лып, бой сергітуді қалайды. Керуен тоқтайды. Қыз Қараханның ордасы-
на жол ша ңынан арылып, тазарып бармақшы болып, Күркіреу дариясы-
на түсіп, жуы нып-шайынады. Күркіреу дариясы жағасында қызды жылан
шағады. Жұрт Қараханға хабар береді. Қарахан соғыс болып жатқан жер-
ден Күркіреу дариясына жетеді. Өлер халге келген қыз əкесінің не себепті
ба та сын бермей ұзатқанын айтады.
Қарахан сол жерде өзі мен Айшаның некесін қидырады. Некелесу салты
аяқ талған кезде, Айша үзіледі.
Қарахан өкінеді. Ол Айшаның аруағына арнап Айша бибі ескерткішін
сал дырады. Ол Тараз шаһарының ортасында өзіне орнатылған мавзолейінен
көрінетін болған. (Талас аңыздары. ж. Дəдебаев. Алматы, 2002 ж. 16-бет).
Айша бибі туралы екінші аңыз. Шаш түбіндегі əскери əзірліктің бірінде
ару Айша Тараздан келген жас батыр Қараханның өнеріне ғашық болған.
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ
68
69
Жігіт те қызды ұнатқан. Батыр жорыққа аттанар алдында:
– Ажалдан алыс болсам, соғыстан соң мен мұнда соқпаймын, тіке Талас-
қа тартамын. Сүйгенің рас болса, мені іздеп Таразға кел, асылым күтіп ала-
мын, – деген екен. Қыз келісіп, екеуі серт байласқан.
Жыл өткен соң, Айша əкесінен бата сұрайды, қызды алысқа қимаған əке:
–Тілімді алмасаң, ажалың тілсізден болсын, көлденең көк дарияның ал-
та уынан өтсең де, соңғысынан өтпе, дегеніңе жетпе, – деп теріс батасын
бе ріпті.
Бірақ Айша дегенін істеп, жанына Баба əжені ертіп, қосағына түйе алып,
бейтаныс жерге бет түзепті. Талай қиындықтан өтіп, Тараздың төбесі кө-
рінгенде, екі жолаушы көліктен түсіп, мамық төсін керген аққу-қаздай
ару қыз мамырлап барып көз жасындай мөлдір суға аппақ тəнін жуыпты.
Өзі кестелеген асыл киімдерді киініп, шарайнадан өзін-өзі қызықтап ұзақ
отыр ған Айшаны кенеттен жылан шаққан...
Баба əже атқа қонып, Қараханға хабар салады.
Асығып жеткен сүйіктісіне жанары тайған нəркес көздерін соңғы рет
қимастықпен қадап:
– Сертіме жеттім, – депті Айша. Ғашықтықтың азабын əбден тартқан ару
қыздың ажары таң қараңғысында жанған шолпандай жарқырап барып бір-
жо лата сөніпті.
Тіршілікте тəңірі қоспаған Айшаның суып бара жатқан денесін құшақтап
отырып, Қарахан өзі мен қыздың некесін қидырады. Сөйтіп:
– Айша, сен енді Бибі болдың! – деп, арудың құлағына үш рет айқайлапты.
Айша Бибіні өлген жеріне арулап қойып, Қарахан бүкіл Дешті қыпшақтан
өнері асқан бəдізші-шеберлерді алдырып, Аса өзенінің жағасында то пы-
рақ қа түйенің жүнін қостырып, оны аруананың сүтіне илетіп, бұрын бұл
өң ір де болмаған зəулім ескерткіш орнатқан.
Баба əже өле-өлгенше Айшаның басында шырақшы болып өтіпті. Кəрі
əже дүние салғанда, Қарахан ол кісінің басына да мавзолей тұрғызған. (Та-
лас аңыздары, ж. Дəдебаев, Алматы, 2002 ж. 15-б.)
Ақбұлым
(Акбулым) – а. о. Жамбыл ауданы,
(Акбулым) – а. Жамбыл ауданы.
Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, ҚР Үкіметінің жанындағы Мем-
лекеттік ономастика комиссиясының 06.02.1997 ж. ұйғарымымен Ильич
ауылының аты өзгертіліп, тарихи аты қалпына келтіріліп, Ақбұлым ауылы
болып аталады
Ақбұлым – біріккен тұлғалы атау. Атаудың бірінші сыңарындағы ақ» –
бір нəрсенің ақ түсін білдіретін сын есім. Атаудың екінші сыңарындағы
бұлым сөзі бұлың нұсқасында айтылып – «өзеннің шығанағы» мəнін біл ді-
ре ді. Яғни Ақбұлым (бұлың) «ақ шығанақ» деген мағынада қойылған бол-
са керек.
Ақбұлым ауылдық округінің орталығы. Ақбұлым аталуының екінші
бір болжам, Қырғыз Алатауының төменгі сілеміндегі Ақтаудың етегінен
шыққан бұлақтан көктемдегі, күздегі будан ауылды ақ бу басып, бұлыңғыр
тартып тұрған, соған байланысты ауыл «Ақбұлым» атанған деген пікір бар.
Бəйтерек
(Байтерек) – а. Жамбыл ауданы.
Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, ҚР Үкіметінің жанындағы Мем-
ле кет тік ономастика комиссиясының 14. 07. 2000 ж. ұйғарымымен Октябрь
ауылы Бəйтерек ауылы болып аталды.
Бектөбе
(Бектобе) – а. Жамбыл ауданы.
Бек (сын есім) + төбе (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Бек
сөзі «мықты, берік», жəне «биік» мағыналарына ие болып, «мықты, берік
немесе биік төбе» деген мағынаны білдіреді. (Қазақстан географиялық
атау ларының сөздігі. Жезқазған облысы. Алматы, 1990, 64 беттегі Бектау
то понимінің түсінігін қараңыз. Авторы Т. Жанұзақов.)
Бұл атау жөніндегі екінші бір жорамал: осы өңірде бектер яғни сол кез-
дегі ел билеуші адамдарды бек деп атаған. Сол елді мекендеген халықты
бас қарып отырған адамдарды бектер бір төбенің басына жинап, белгілі бір
тартысты мəселеге байланысты мəжіліс өткізгендіктеріне орай бектер тө-
бе сі яғни «бектөбе» деп аталуы мүмкін.
Бесағаш
(Бесагаш) – Бесағаш ауылдық округігің орталығы. Атаудың Бесағаш
ата луы на қатысты тарихқа тоқтала кетсек, Ноғайлының батыры Бекмолда
арабша білім алған бес баласымен жəне көп əскермен Талас өзенінің таудан
шыға беріс тар арналы жеріне келіп орналасқан. Ол ел шетін жоңғар-қытай
шап қын шылығынан қорғауды міндетіне алып, сансыз бұлағы, шөбі шүйгін
жер, қазіргі Бесағаш ауылының үстіңгі жағын таңдап алады. Бекмолданың
бес баласының келіп қоныстануынан бастап Бесағаш ноғайларының
тарихы басталады.
Ауылдың Бесағаш атануының сыры мынада болса керек, Бекмолданың
бес баласы еккен ағаштарының арасынан бес тал, алыстан мұндалап көз ге
ер екше көрінетін болғандықтан, ел арасында «Бесағаш» аталған. Тараз қа-
ла сын қорғау үшін салынған қор ғаныс қамал қалдықтары, қарауыл төбелері
бү гінге дейін сақталған.
Аса
(Аса) – ауылдық округі, Жамбыл ауданы. Орысша «Асса» деп қате жазы-
лып жүр. Асы деген сөз қазіргі асу (бел, кезең) сөзінің көне варианттары.
Сонда мағынасы: «асу» дегенді білдіреді. Бұл сияқты «Асы» өзен жəне
жайлау аты, «Асы саға» деген ауыл аты ретінде Алматы облысының
Еңбекші қазақ ауданында да бар. Тарихшы Ə. Байбатша бұл «Аса» (Асы)
атауларын біздің дəуірімізге дейін өмір сүрген ең үлкен тайпаның бірі Сақ
тайпасына тəн «Аса» (Асы) аты деп жазды.
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ
70
71
Гродиково
(Гродиково) – а. о. Жамбыл ауданы.
Кісі фамилиясына байланысты қойылған атау.
(Гродиково) – а. Жамбыл ауданы.
Облыс орталығы, Тараз қаласының оңтүстік-шығысында 12 км. Талас
өзені аңғарының сол жағасында орналасқан. ХІХ ғасырдың аяғында іргесі
қаланды. Алғашқыда Əулиеата гарнизонындағы əскери қызметтен босанған
солдаттар қоныстанған, село «Солдатское» аталған, онан соң оған Оңтүстік
Қазақстандағы патша əскерінің қолбасшысы Гродиковтың аты берілген.
Казарма
(Казарма) – Құмшағал ауылдық округінде орналасқан. Казарма разъезінің
алғашқы үйлері теміржолшылар үшін тұрғызылған. Оны жұмысшылар
«Полуказарма» деп атаған. Кейінірек сол жерді Ақтам деп те атаған. Казар-
ма разъезі Талас жəне Аса өзендерінің оазисінде орналасқан, суы мол, жері
құнарлы, тұрғындары бау-бақша егумен айналысады.
Ерназар
(Ерназар) – а. о. Жамбыл ауданы,
(Ерназар) – а. Жамбыл ауданы.
Қара халықтан шығып, Қазақстан үкімет басшысының деңгейіне дейін
көтерілген қо ғамдық қайраткер Елтай Ерназаровтың құрметіне қойылған
атау. (Жергілікті адамдар осылай деп түсіндірді). Қазақстанда ол кісінің
атынан қо йылған Елтай деген басқа атаулар да баршылық.
Қаракемер
(Қаракемер) – а. Жамбыл ауданындағы ауыл, ауылдық əкімшілік
округінің ор талығы. Аудан орталығы – Аса ауылынан солтүстік-батысқа
қарай 8 км жерде, баялыш, көкпек, боз жусан аралас сұр, сортаңды сұр
жəне шалғынды сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Қаракемер ауылы – ауыл маңында биік құм кемері болғандықтан
«Қаракемер» атаған. Қаракемер ауылының оңтүстік батысына қарай 2 ша-
қы рым қашықтықта орналасқан VII-XII ғасырдағы Адахкент қаласының
ор ны бар. 1939 жылы қаланы ғалым А.Н. Бернштам зерттеген.
Қызылқайнар
(Қызылқайнар) – а. Жамбыл ауданындағы ауыл, ауылдық əкімшілік
округінің орталығы. Аудан орталығы – Aca ауылынан оңтүстік-шығысқа
қа рай 41 км жерде, Талас өзенінің жағалауында, боз жусан, бетеге,
сұлыбас басым өскен тау алдының қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты
қуаң жазығында орналасқан. Ipгeci XXII партсъезд атындағы көкөніс-сүт
өндіретін ұжымшардың бөлімшесі ретінде қаланған.
Тау беткейіндегі қызыл тастар арасынан қайнап шығып жатқан бұлаққа
бай ланысты ауыл атауы қойылған. Бұл бұлақтан осы күнге дейін ауыл тұр-
ғындары су ішеді, суы тұщы, тұрмыс қажеттілігіне пайдаланады. Ауылдың
батыс жағында Талас өзені ағып жатыр. Ертеде Қоқан хандығының
қолындағы бүркіт құсын сыйға беріп, Қырғыз Алатауының етегінен жер
сұрап алған Ұлы жүздің Жаңабай руының атасы Ерденнің қонысы болған
деседі ауыл ақсақалдары.
Құмтүйін
(Кумтуйин) – Қаракемер ауылдық округінің аумағында орналасқан.
Бұрын ауылдан 2-3 шақырым жердегі Үлкен Құмтөбе жəне Бала құм тө-
бенің түйіскен жерінде орналасқан. Ауылдың батыс жағынан керамика
қал дықтары, тас мүсін табылған. Тас мүсінді жергілікті тұрғындар «Қыз
əу лие» деп атаған.
Жамбыл
(Жамбыл) – Көлқайнар ауылдық округінің аумағында орналасқан, ұлы
ақын Жамбыл Жабаевтың құрметіне аталған.
Пригородное
(Пригородное) – а. Жамбыл ауданындағы ауыл, Қараой ауылдық əкім ші-
лік округінің орталығы. Аудан орталығы Aca ауылынан оңтүстік-шығысқа
қа рай 32 км, Тараз қаласының оңтүстігінде 2 км жерде, бетеге, жусан,
бая лыш, т.б. шөптесін өскен сұр, қоңыр топырақты тау алды жазығында
ор наласқан. Ipгeci 1929 ж. қаланған. Облыс орталығы Тараз қаласының
кө көніс, жеміс-жидек жəне сүтпен қамтамасыз ететін өзімен аттас кең шар-
дың орталығы болып келді.
Данай
(Данай) – а. Жамбыл ауданы.
Ауыл тұрғындарының ұсынысына орай, облыс əкімінің 01.10.93 ж. №111
шешімі бойынша, Қаракемер ауылы Данай ауылы болып өзгертілді. Бұл ру
атына байланысты қойылған.
Жалпақтөбе
(Жалпактобе) – а. Жамбыл ауданындағы ауыл, Полатқосшы ауылдық
əкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы Аса ауылынан оңтүстік-
шығысқа карай 28 км жерде, Тараз қаласымен іргелес, шектесіп жатқан
ірі елді мекен. Талас өзенінің көрікті аңғарына жақын орналасқан. Қазан
төңкерісіне дейін Жалпақтөбе еліміздің оңтүстігіндегі дүнгендердің ал-
ғаш қы қоныстанған жерлерінің бірі саналады. 1950-97 ж. көкөніс-сүт өн-
діретін «Октябрь» ұжымшарының орталығы болып келді. Ауыл көршілес
Қырғызстан мен Тараз қаласын байланыстыратын асфальт жолдың бо-
йында.
Жасөркен
(Жасоркен) – а. Жамбыл ауданындағы ауыл, Қызылқайнар ауылдық
əкім шілік округінің құрамында. Аудан орталығы Аса ауылынан оңтүстік
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ
72
73
шығысқа қарай 45 км жерде, боз жусан аралас, баялыш, нарқия, күйреуік,
т.б. шөптесін өскен тау алдының қоңыр, сортаңды қоңыр топырақты
жазығында орналасқан. Іргесі 1957 ж. жеміс-жүзім өсіретін өзімен аттас
кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде Жасөркенде шаруа
қожалықтары мен серіктестіктер ұйымдастырылды. Орта мектеп, клуб,
кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Жуантөбе
(Жуантобе) – а. орта ғасырлық қалашық Жамбыл ауданы. Шөлтөбенің
сол түс тік батысында, Аса өзен жалауында орналасқан. 1983 – 84 ж. Тараз
ар хео логиялық-экспедициясы (жетек. К. Байпақов) зерттеу жұмыстарын
жүр гізген. Қазіргі орны сопақтау болып келген, шығыстан батысқа созыла
жатқан төбе. Оның ені 30 м, биікт. 3-5м. Зерттеу барысында түрлі құмыра,
қазан, тостаған, көзе, табақша сынықтары жинастырылған. Қазіргі құрылыс
жұмыстарының салдарынан мəдени қабатының біраз бөлігі бұзылған.
Табылған материалдарға қарағанда Жуантөбе қалашығын халық VII – XIІ
ғ. мекендеген. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан.
Еңбек
(Енбек) – а. Жамбыл ауданы,
(Енбек) – а. Қордай ауданы,
(Енбек) – а. Шу ауданы.
Халықты аянбай еңбек етуге шақыратын жаңа атау. Сондықтан «Еңбек –
тү бі жеңбек» деген мəтел де бар.
Күңгірбай төбе
(Кунгирбай тобе) – а. орта ғасырларға жататын көне қаланың орны. Ол
Жамбыл ауданына қарасты Тастөбе ауылының маңында. Күңгірбай төбені
1936 ж. Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекші А.Н. Бернштам)
зерт теген. Қаланың қазіргі көрінісі – 260x180 м жерге созылып жатқан
сопақша төбешік. Күңгірбай төбенің төменгі бөлігінің биіктігі 2, 2м, ал жо-
ғарғы бөлігінің биіктігі 6, 5 м. Күңгірбай төбе төңірегінде басқа да көп теген
ескі құрылыс орындары бар. Қазба кезіңде табылған заттарға қа рағанда,
Күңгірбай төбе тұрғындары мал өсіріп, егін еккен.
Күңгіртөбе
(Кунгиртобе) I-II бекіністі қоныс орны. Жамбыл ауданы Тамды ел-
ді мекенінің батыс жəне солтүстік-батыс жағында 1-1, 5 км жерде. 1941 ж.
Жамбыл археологиялық пункті (жетекші Г.И. Пацевич) зерттеген. Күңгіртөбе
І-нің би іктігі 1 м, аум. 700 – 350 м сопақша төбешік, мұнаралардың қал дығы
сақ талған. X-XII ғасырларға жатады. Күңгіртөбе ІІ-нің биіктігі 4 м, аум. ба-
тыстан-шығысқа қарай 82 м-ге, солтүстіктен-оңтүстікке қарай 65 м-ге со-
зылған сопақша төбешік. Төбешіктің іргесінен үш жақтан орап Тамды өзенінің
ескі арнасы өтеді. Мекен тұрғындары VII-XI ғасырларда өм ір сүр ген.
Құмшағал
(Кумшагал) – а. о. Жамбыл ауданындағы ауыл, ауылдық əкімшілік ок ру-
гінің орталығы. Аудан орталығы – Aca ауылынан оңтүстікке қарай 23 км
жер де, бөз жусан, баялыш, күйреуік басым өскен бозғылт сұр, сортаңды
сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. Ipгeci 1929 ж. Тараз қаласын
кө көніс, сүтпен қамтамасыз ететін «Пригородное» кеңшарының бөлімшесі
ретінде қаланған.
Өрнек
(Орнек) – а. Жамбыл ауданындағы ауыл, темір жол стансасы, өзімен аттас
ау ылдық əкімшілік округтің орталығы. Аудан орталығынан Құлан ауы-
лынан батысқа қарай 47 км жерде, бұта шоғыры аралас нарғия, сұлыбас,
т.б. астық тұқымдасты шөптесін өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты
тау алдының қуаң шөлейтті белдемінде орналасқан. Ауыл 1962 – 1997
жыл да ры қой өсіретін «Алғабас» кеңшарының орталығы болып келді. Он-
ың негізінде Өрнекте 1997 жылдан «Өрнек» өндірістік кооперативі, ЖШС
жə не бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда орта мектеп, клуб,
кі тапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Пионер
(Пионер) – а. Жамбыл ауданындағы ауыл, ауылдық əкімшілік округінің
ор та лығы. Аудан орталығы – Аса ауылынан солтүстікке қарай 10 км жерде,
Көделі өзенінің тармақтарының бірінің жағалауында, жусан, бая лыш,
күйреуік басым өскен шалғынды сұр топырақты шөлейт белдемде ор-
наласқан. Ауыл 1964-1997 жылдары өзімен аттас қой өсіретін кеңшардың
ор талығы болып келді. Оның негізінде Пионерде 1997 жылдан «Пионер»
ӨК жəне шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда орталау мектеп, клуб, кі-
тапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Тастөбе
(Тастобе) – а. Жамбыл ауданындағы ауыл, Көлқайнар ауылдық əкімшілік
округі құрамында. Аудан орталығы – Aca ауылынан солтүстік-шығысқа қа-
рай 9 км жерде, Тасарық өзенінің жағалауындағы сұр, қара жусан аралас
бая лыш, көкпек басым өскен сұр, шалғынды сұр топырақты қуаң шөлді
да лада орналасқан. Ауыл 1996 ж. дейін Куйбышев деп аталып келді. 1964 –
97 жылдары қызылша өсіретін Куйбышев атындағы кеңшардың орталығы
бол ған. Оның негізінде Тастөбеде 1997 жылдан өндірістік кооператив жə-
не шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана,
фельд шер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Түркісіб
(Туркисиб) – а. Жамбыл ауданындағы ауыл, Бесағаш ауылдық əкімшілік
округінің құрамында. Аудан орталығы Aca ауылынан оңтүстік-шығысқа
қарай 32 км жерде, боз жусан, баялыш, күйреуік басым өскен сұр, шалғынды-
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ
74
75
сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. Ipгeci 1931 ж. Түрксіб темір
жолды салуға байланысты қаланған. Кейіннен Алматы темір жолының №6
жол жөндеу қызметі басқармасының бөлімшесі ретінде құрылған көкөніс-
сүтті кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан
тəжірибе стансасы жəне бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда
орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Ең
жақын Жамбыл темір жол стансасына дейін 5 км.
Үшқорған
(Ушкорган) көне қала орны. Жамбыл ауданындағы Үшқорған ауылының
же рінде. Оны 1940 ж. Г.И. Пацевич басқарған Жамбыл археологиялық
пунк ті зерттеген. Yшқорған шаршы сипатты алаң. Ол биіктігі 3м соқпалы
дуал мен қоршалған. Соқпа қабырғаларының орталарында жəне бұрыш-
бұ рыш та рында биіктігі 7 м мұнаралар бой түзеген. Қала XVIII-XIX ға-
сырларда өм ір сүрген.
Шайқорық
(Шайкорык) – а. Жамбыл ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық əкімшілік
округінің орталығы. Аудан орталығы – Aca ауылынан оңтүстік-шығысқа
қарай 18 км жерде, баялыш, күйреуік, т.б. шөптесін өскен сұр, шалғынды,
сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. Ipгeci XIX ғ-дың 2-жартысында
қаланды. 1929 ж. Шайқорық ауылында Шайқорық ұжымшары ұйымдасты.
Ол 1953 ж. «Бесжылдық» ұжымшарына қосылды. 1961 ж. «Шайқорық»
аймағы негізінде Жамбыл атындағы жеміс-жүзім кеңшары құрылды. Оның
негізінде Шайқорықта 1997 жылдан «Шербет» ЖШС-і «Шайқорық», т.б.
шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда орта, бастауыш мектептер, клуб,
отбасылық-дəрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар.
Үштөбе
(Уштобе) – қорған. Жамбыл ауданындағы Тастөбе өзенінің оңтүстігінен
2, 5 км. жерде. Зерттеу жұмысын 1936 ж. Жетісу археологиялық экспедиция
(жетек. А.Н. Бернштам) жүргізген. Қорған аумағы 42×50 м, биіктігі 2, 3 – 5 м,
сол түстіктен оңтүстікке тізбектеле орналасқан бірнеше обадан тұрады.
Зерт теушілердің пікірінше, байырғы үйсіндерден қалған (б.з.б. III ғасыр –
б. з. II ғасырлар) мұра.
Жасөркен
(Жасоркен) – е. м., Жамбыл ауданы. Жас (зат есім) + өркен (зат есім)
сөздерінің қосылуынан жасалған атау. Атау ерінбей еңбек етіп, талаптанып
оқу оқып жүрген жастарға (жас жеткіншектерге) арналған.
Шөлтөбе
(Шолтобе) – мекен орны Жамбыл ауданы Ақшолақ станциясының сол-
түс ті гінде 4 км жерде. 1964-67 ж. Жетісу археологиялық экспедициясы
зерт теген. Шөлтөбе екі сатылы жайдақтау келген төбелерден тұрады. Қаз-
ба жұмыстарының нəтижесінде көптеген құрылыс орындарының іргесі
ашы лып, тас диірмен, дəн үккіш, ұршық, қыш құмыра т.б. заттар табылды.
Құрылыс орындарының ең сəндісі – табыну орны. Шөлтөбе тұрғындары
ег ін шілік, мал шаруашылығы, тоқыма кəсібімен айналысқан. Шөлтөбе б. з.
I-IV ғасырларда өмір сүрген.
Қызылдиқан
(Қызылдикан) – е. м., Жамбыл, Жуалы, Сарысу аудандары. Қызыл (сын
есім) + диқан (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Мағынасы:
«Қызыл əскер», «Қызыл шаруа» деген аттарымен үндес. Таптық күресте
жеңген қызыл дар дың қызметіне қойылған атау. Жаңа социалистік дəуірдің
саясиландырылған атауы.
Қызылтаң
(Кызылтан) – е. м. Жамбыл ауданы Қызыл (сын есім) + таң (зат есім) сөз-
де рінің бірігуінен жасалған атау. Мағынасы: «Қазан төңкерісі бізге қызыл
таң, бақыт таңы болып атты» дегенді білдіреді.
Қызылжар
(Кызылжар) – е. м., қызыл (сын есім) + жар (зат есім) сөздерінің қо сы-
луынан жасалған атау. Мағынасы: «осы маңдағы жар топырағының қыз-
ғылт болып келуіне байланысты» қойылған атау.
Қаратау
(Каратау) – Жамбыл ауданы, е. м., Қара (сын есім) + тау (зат есім) сөз-
дерінің бірігуінен жасалған атау. Мағынасы: «бұл тауға қар түспей, қарайып
жататынына байланысты» қойылған. Қала жəне е. м., аттары осы тау аты-
нан.
Достарыңызбен бөлісу: |