өрелі ОйДыҢ ИеСі
Бабаш Әбілқасымовтың тіл біліміне келуінде өзіне тән
заңдылық бар сыңайлы. Өйткені алтын ұя – отбасында
көрген тәрбие оны ана тілінің қызметшісіне айналдырары
сөзсіз еді. Ол 1931 жылдың 2 қарашасында Атырау облы-
сы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген.
Бұл талай тарихи аңызға негіз болған әйгілі Нарын құмы-
ның шығыс жағындағы Серікбай жағылы. Әрбір азамат
туған топыраққа тартып тұрады екен деген сөз бар. Ба-
баш бойынан да осындай бір ұқсастық табатындаймыз.
Төсіне неше алуан сыр бүгіп қатпарланып, мамықтай есіліп
толқынданып, түрленіп жататын майда жағыл кейде адам
мінезіне ұқсап кетеді. Қалай десек те, Серікбай жағылының
көп адам байқай бермейтін қасиет, қадірі Б. Әбілқасымов
мінезінен мықтап орын алған. Бұл атамекеннің адам болмы-
сына жасайтын ықпалы.
Бұған көргенді шаңырақтағы ата, әке тәрбиесі ұласса,
жас өскіннің адам болып қалыптасуына даңғыл жол ашыл-
май ма? Бабаш тәрбие көрген отбасы осындай шаңырақ.
Әкесі – Әбілқасым өз отбасында ғана емес, сол төңіректегі
195
ауыл-аймаққа аса беделді адам болған деседі. Беделді бола-
тыны өзінің ісі мен сөзіне берік, адалдық пен әділет жолын
таңдаған, сол жолдан еш таймаған тілі өткір, табанды жан
екен. Ол Дуаберген ауылдық кеңесінің көп жыл төрағасы
болыпты. Оның аузынан шыққан мақал-мәтелге бергісіз
небір ұтымды сөз орамдары мен мысқыл әңгімелері әлі
күнге дейін ел аузында жүргенін аузынан суы құрып отырып
әңгімелейтіндер бар. Соның бірі – Бабаштың өзі. Тіліміздің
таңдай қақтырар байлығын танытар мұндай мысалдың кө-
бін оның өзі майын тамыза айтқанда Бабаштың мамандық
ретінде тілді таңдағанына таңдана қоймайсыз.
Мұның үстіне тігіншісі келіссе, киім жараспай тұрмай-
ды. Екі ұл, төрт қыздың ортасында еркеліктің құлағынан
ұстаған Бабаш зейінді бала болып өседі. Мектеп тәрбиесі
оның осы зейінін ұштай түседі. Ол бір мен сегізінші кла-
старды Жамбыл, Айбас ауылдарындағы мектептерде оқып,
оныншыны аудан орталығындағы Амангелді орта мектебі-
нен тамамдайды.
Сол тұстағы орын алған отбасы жағдайына байланысты
Бабаш ынтасы болғанмен, оқуын жалғастыра алмай, Айбас
ауылындағы мектепте екі жылдай мұғалім болып істейді.
Оның ә дегеннен-ақ жауапкершілікті сезінуі осы кезден
басталған. Және бұл жылдар жас жігіттің болашақтағы өмір
соқпағын айқындап берген сияқты. Сол соқпақ оны 1949 жы-
лы Орал педагогтік институтына алып келеді. Институтты
ол айрықша (сталиндік) степендиямен оқып, оны үздік дип-
ломмен бітіреді.
Өз облысына арнайы жолдаумен келген Бабашты Аты-
рау облыстық оқу бөлімі тәжірибесі бар маман есебінде
және партия мүшесі екені есепке алынып, оны өзі оқыған
Амангелді орта мектебіне бірден директор етіп жібереді.
Сөйтіп ол қаршадай кезінде білдей мектептің директоры
болып шыға келеді.
Жасынан осындай жауапты қызметке тағайындалған-
мен, ол өз мамандығына қарай ойысуды аңсайды. Осы ойын
айтып, талай қолқа да салып жүрді. Бәлкім, осыны ескерді
196
ме екен, 1958 жылдың ақпан айында обком оны Гурьев пе-
динститутына проректор және партия ұйымы хатшысы етіп
жібереді.
Б. Әбілқасымұлы аталған жұмыста өз мамандығынан
дәріс оқи жүріп, тіл ғылымының мәселелерін зерделеуді
бір сәт есінен шығарған емес. Өйткені оның ғылыми
ізденіске деген ынта-ықыласы 1952 жылы студент кезінен-
ақ басталған болатын. Осы ұмтылыс ақыры оны Қазақ ССР
Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аспирантура-
сына алып келді. Оны 1964 жылы бітіріп, қазақ тіліндегі
алғашқы газеттің бірі – «Дала уәлаяты газетінің» тілі» де-
ген тақырыпта Қырғыз ССР-ының ҒА академигі, көрнекті
түркітанушы И.А. Батмановтың жетекшілігімен кандидат-
тық диссертация қорғады. Аталған газет 1888-1902 жыл-
дар арасында Дала генерал-губернаторының ресми органы
ретінде қазақ, орыс тілдерінде жұмасына бір реттен шығып
тұрған. Бұл газеттің тіл ерекшеліктерін сөз ету арқылы қазақ
әдеби тілінің өткен ғасырдағы тарихын сипаттаумен қатар,
оның бетінде көтерілген ана тіліміздің байлығын дамыту,
оның емлесін жетілдіру жайлы пікірлердің болғанын да
көрсете білді.
Б. Әбілқасымов бұл саладағы өз ізденістерін әрі қарай
жалғастырып, аталған газеттен 20 жылдай бұрын шыққан
ең бірінші қазақ тіліндегі газетіміз – «Түркістан уәлаяты
газетінің» (1870-83) тілдік ерекшеліктерін де зерттеу объек-
тісі етті. Бұл зерттеулердің нәтижесі «Алғашқы қазақ га-
зетінің тілі» (1971) атты монографияда көрініс тапқан. Міне,
осыдан былай қарай оның ғылым жолындағы табанды ізде-
ністері басталады.
ХІХ ғасырдағы әдеби тіліміздің сыр-сипатын толық ашу
үшін тек қана мерзімді баспасөз материалдары жеткіліксіз
екені белгілі. Сондықтан Б. Әбілқасымов сол тұстағы ба-
сылым көрген көркем әдебиет туындыларын, ғылыми-
көпшілік әдебиет үлгілерін, сондай-ақ ресми ісқағаздары
мен эпистолярлық нұсқаларды Мәскеу, Санкт-Петербург,
Қазан, Ташкент, Орынбор сияқты қалалардың кітапхана,
197
мұражайларынан іздеп тауып, оларды тілдік жағынан сарап-
тауды мақсат тұтты. Бұл орайда оны сол кезде көптеп жарық
көрген қисса аталатын әдеби нұсқалардың тілі қызықтырды.
Шындығында да, қиссалық әдебиет басқа түрік тілдерінің
қайсысынан да қазақ топырағында ерекше күшті дамыған,
мәселен, өткен ғасырдың соңғы ширегінде ғана жүзден
астам қисса аталатын шығармалар жарық көрген еді.
Б. Әбілқасымов осы мол дүниені тілдік жағынан алғаш са-
раптаушы болды, олардың діни, азаматтық идеяны жырлай-
тын және халықтық туындылар деп үшке жіктеп, олардың
әр тобына лингвистикалық сипаттама берді.
Дәрігерлік, малдәрігерлік және басқа ғылым салаларына
байланысты шыққан кішігірім кітапшалар мен мақалалар-
дан ғылыми-көпшілік әдебиет стилінің элементтерін көре,
көрсете алды. Ресми құжаттардың үлгілері қатарында әр-
түрлі бұйрық, жарлық, заң жинақтарымен қатар, Абай құ-
растырған «Қарамола съезінде жасалған ереже», эписто-
лярлық материалдар бірге қарастырылады. Сөйтіп, ол өткен
ғасырдағы қазақ әдеби тілінің одан бұрынғы және қазіргі
тілімізбен салыстырғандағы ерекшеліктерін көрсетіп, сол
кезеңге тән әдеби, тіл заңдылықтарын ашып берді. Бұл
бағалы деректер Б. Әбілқасымовтың «XIX ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ әдеби тілі» атты монографиясында
(1982) кеңінен сөз болады. Осы монографиясы негізінде
ол 1983 жылы докторлық диссертация қорғады. Ал аталған
монографияда талданған мәтіндер мен материалдардың
бірқатары оның 1988 жылы жарық көрген «ХVІІІ-ХІХ ға-
сырлардағы қазақ әдеби тілінің жазба нүсқалары» аталатын
кітабында көрініс тапты.
Қазақ әдеби тілі тарихының ХV ғасырдан XIX ғасыр-
дың аяғына дейінгі дәуірі біраз зерттелгенімен, XX ғасыр-
дағы даму, жетілу тарихы, жеке кезеңдері ғана болмаса,
толықтай жүйелі түрде зерделенген емес. Міне, ғалым осы
дәуірді тұтас алып, өз аспиранты Ш. Мәжітаевамен бірге
монографиялық дәрежеде зерттеп, «XX ғасырдағы қазақ
әдеби тілі» (2000) деген кітапты жарыққа шығарды. Әрине,
198
бұл аталған ғасыр өте күрделі оқиғаларға толы және
қамтитын уақыты да өте үлкен болғандықтан, бұл кезеңге
қатысты оқиғалар мен проблемаларды түгел қамтып, бәрін
шешіп берді деп айта алмасақ керек. Дегенмен әдеби тіл
тарихын зерттеушілер мен қазақ әдеби тіл тарихы кур-
сын оқушылардың қолына белгілі дәрежеде жүйеленген,
экстралингвистикалық, тілдік деректері мол еңбек тиді деп
ойлаймыз.
Б. Әбілқасымов тіл тарихының көне дәуірлеріне де еркін
барып, бұл салада да ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді.
Оның біраздан бері нысанаға алып жүрген бір жәдігерлігі –
ХVІІ ғасырда жазылған Хиуа ханы Әбілғазы Баһадүр
ханның «Шежіре-и түркі» («Түрік шежіресі») атты тари-
хи шығармасы. Бұл шежіренің Б. Әбілқасымовты айрықша
қызықтырған жері – оның тілінің қазақ тіліне өте жақын-
дығы. Өйткені ол таза қыпшақ тілінде жазылған, ал қазақ
тілі – қыпшақ тілінің тікелей мұрагері. Оның үстіне шежіре
авторы Әбілғазы өз кезінде айдауда жүрген көп жылын
Арал, Маңғыстау қазақтарының арасында өткізген, оның
да әсері болса керек. 1992 жылы Б. Әбілқасымов аталған
шежірені арабша нұсқасынан қазіргі графикамызға және
қазіргі қазақ тіліне қотарып, жеке кітап етіп шығарды. Қа-
зір ғалым сол еңбектің тілдік ерекшеліктерін сипаттап, түп-
нұсқасын, транскрипциясын жариялаумен шұғылданып жүр.
Б. Әбілқасымов бұрынғы одақ көлемінде өткен бүкіл-
одақтық, аймақтық конференциялар мен симпозиумдарда тіл
тарихынан баяндамалар жасады. Ол тіл тарихынан шәкірт
даярлауда да өз үлесін қосып келеді. Оның жетекшілігімен
7 адам кандидаттық, бір адам докторлық диссертация қор-
ғаса, қазір оның басшылығымен бір докторлық, 5 канди-
даттық диссертация дайындалып жатыр.
Бабаш Әбілқасымұлы – 4 монографияның және 150-ден
астам ғылыми мақалалардың авторы. Оның жарияланған
еңбектері жайлы белгілі түрколог ғалымдардың әр кезде
айтқан жылы лебіздері баршылық.
Мәселен, оның жоғарыда аталған «XIX ғасырдың екін-
ші жартысындағы әдеби тіл» атты монографиясы жайлы
199
белгілі түрколог А.М. Щербак «Қазақ әдеби тілі тарихында
XIX ғасыр әлі толық, жеткілікті зерттелген жоқ. Сондықтан
Сіздің зерттеуіңіздің нәтижесімен танысу өте қызықты
болды», – десе, екінші бір көрнекті түркітанушы ғалым
Г.Ф. Благова: «Сіздің кітабыңызда сөз еткен тақырыбыңыз
өте актуалды және тек қана қазақ тіл білімі үшін ғана емес,
бүкіл түркология үшін де өте пайдалы», – деп атап көрсетеді.
Мұндай пікірді Н.А. Баскаков, М.З. Закиев, В.Х. Хаков
сияқты белгілі түркітанушы ғалымдар да білдіріпті.
Б. Әбілқасымұлы тіл білімінің лексикография, тіл мәде-
ниеті, терминология және тіл білімі тарихы бойынша зерт-
теулерге де белсене араласып, бұл саладағы еңбектерде
өз қолтаңбасын қалдырып келе жатқан ғалым. Ол үлкен
«Қазақша-орысша сөздіктің» құрастырушыларының, әрі
осы жұмыстың жетекшілерінің бірі, редакция алқасының
мүшесі. Сондай-ақ ол 2000 жылы жарық көрген «Қазақ
тілі сөздігінің» редакция алқасының мүшесі. Оның автор-
лығымен «Орысша-қазақша тілдескіштің» бірнеше басылы-
мы (1981, 1988, 1992) жарық көрді.
Бабаш Әбілқасымұлы Тіл білімі институтында еңбек
еткен 40 жылдан астам уақытта ғылыми ізденістерімен
қатар, институттың ғылыми-ұйымдастыру, қоғамдық жұ-
мыстарына да белсене қатысып келеді. Ол 1967-75 жыл-
дары Институттың ғалым-хатшысы, 1987-91 жылы дирек-
тордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызмет-
терін атқарды, түркология және қазақ тілі тарихы бөлімінің
меңгерушісі болды. Бірнеше мәрте институт партия ұйы-
мына жетекшілік етті. Қазір институттағы Ардагерлер ал-
қасын басқарады, бірнеше жыл халықаралық «Қазақ тілі»
қоғамының алқа мүшесі және институттағы бастауыш
ұйымының төрағасы болып істеді, яғни бұл қоғамның ал-
ғашқы қалыптасу кезеңіне өз көмегін тигізді.
Қысқасы ф.ғ.д., профессор Бабаш Әбілқасымов:
Қазақ әдеби тілінің көптеген келелі мәселелерінің көзін
ашып, көңіл тұшытар ғылыми еңбектер туындатып келе
жатқан айтулы ғалым. Бұған жоғарыда аталған еңбектері
куә, дәлел.
200
Көкейінде түйгені мен айтары көп, өмірлік мол тәжіри-
бе жинақтаған жақсы ұстаз. Бұған Қазақстанның әлденеше
жоғары оқу орындарында оқып келе жатқан дәрістері дәйек.
Достықтың, жолдастықтың қадірін білетін, табан жолы-
нан таймайтын бір сөзді, әділ, турашыл азамат. Мен мұны
ондаған жылдар бойы қатар қызметтес болып, ғалымдық
пен адамдықтың талай тар жол, тайғақ кешуіне куәгер бол-
ғандықтан айтып отырмын.
Жігіттің отбасы оңалмай, өмірде жолы болуы қиын.
Бәкең бұл жағынан да бақытты жанның бірі. Оның адамдық,
азаматтық, ғалымдық болмысын аялап, тәрбиелеп ұстап
отырған ажарлы да есті аяулы жары – Ақатай, өкінішке
орай, өткен жылы дүние салды.
Әкелік пен аталық парызына дақ түсірмей келе жатқан
тамаша әке, кемел ата.
Осы тектес адами болмысымен өзгелерге үлгі, өнеге
таратып келе жатқан сараман-сайыпқыран замандасымыз
Б. Әбілқасымов бүгіндері 25-ті үш рет бүктеп алып, 80 ат-
ты үлкен бір өмір белесіне шығып отыр. Бұл белесіне ол
тірсегі дірілдемей, қолынан қаламы түспей, ойы ұшқырла-
нып, ақылы кемелденіп, керемет кейіпте келіп отыр. Біз
соған қуанамыз! Осындай замандасымыздың барлығына
масаттанамыз. Ендеше бүгін мына Тіл білімі дейтін үлкен
шаңырақтың кереге, уық, туырлық, түндіктерін түгелдеп
жүрген үлкен-кіші әріптестеріміз тағдыр сыйлаған қуаны-
шыңызға ортақ екенін білдіреді.
ПрОФеССОр талғат СайрамбаеВтыҢ
өмірі меН шығармашылығы
Талғат Сайрамбайұлы 1937 жылы 19 ақпанда Оңтүстік
Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Жиенқұм ауылын-
да дүниеге келген. Әкесі Қонысұлы Сайрамбай ақсақал өз
ортасының беделді кісісі болған. Талғат Сайрамбайұлының
ұлы үйленіп, тойда ақын асаба жаңа түскен келінге кел-
201
ген жерін таныстыруда: «Оңтүстіктің төрінде, ежелгі та-
рих жерінде, Сайрамбай бабаң сіргелі, сақилықпенен, бай-
лықпен қадірлі болған еліне», – деп сәлем-тағзым жаса-
тып еді. Ал анасы Қарашаш көрікті әрі сабырлы кісі бо-
лады. Анасынан ерте айырылған Талғат Ұлпа атты аса
мейірімді екінші анасының тәрбиесінде өседі. Он төртке
келгенде әкесі дүниеден өтіп, алдағы арман дүниеге Талғат
Сайрамбайұлының өз еңбегімен, өз қабілетімен, өз жолымен
сапар шегуіне тура келеді.
Онжылдықты Арыс қаласындағы мектеп-интернатта
бітіріп, бір жылдан соң М. Әуезов атындағы Шымкент пед-
институтының филология факультетіне түсіп, оны 1961 жы-
лы ойдағыдай бітіреді.
Ғылым жолына түсу сапары Қазақстан Ұлттық Ғылым
академиясының Тіл білімі институтының аспиранты, про-
фессор Мәулен Балақаевқа шәкірт болуынан басталады.
Нәресте күнінде анасынан, жеткіншек жасында әкесі-
нен айырылып, ата-ана мейірімі мен тағылымын аңсап
өскен жігітке Мәулен Балақаев әке орнына әке болғандай
еді. Сол жылдардан бастап Талғат Сайрамбайұлы өмірінің
соңына дейін ұстазын ғылым жолында болсын, сыйластық
қарым-қатынаста болсын, ұстаз рухын қастерлеуде бол-
сын ең биік адамгершілік деңгейде құрмет тұтты. Бұл ісіне
«Мәулен Балақаев» атты жеке монографиясы, әрбір жыл-
дарда жазған естелік мақалалары және ғылыми ортада
айтылып жүрген жарасымды әңгімелері айғақ.
Талғат Сайрамбайұлының ғылыми-педагогикалық еңбек
жолы негізінен Қазақ Ұлттық университетінде (1971-2009)
өтті. Жоғары оқу орнына оқытушылық қадамы Қызылорда
қаласындағы (1965-71) қазіргі Қорқыт Ата университетінен
басталды. Алматыда өз алдына шаңырақ көтерген Қайнар
университетінде де (2004-09) қосымша профессорлық лауа-
зымда қызмет атқарды.
Талғат Сайрамбайұлының шығармашылық жолына кел-
сек, ең басты еңбектері 1965 жылы қорғаған «Қазіргі қазақ
тіліндегі сын есім мен сан есімнің етістікпен тіркесі» атты
202
кандидаттық диссертациясы мен 1982 жылы қорғаған «Қа-
зіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестерінің құрамдық-
семантикалық типтері» атты докторлық диссертациясы.
Талғат Сайрамбайұлы не жазса да, сол нысаналы тақыры-
бы – сөз тіркесі мәселесі туралы жазды. Сондай-ақ сөз тір-
кесі жайлы жазылған еңбектерді талдап, авторлық көз-
қарастарын қолдап, қалайда осы тақырыптың көкжиегін
кеңейтуге ерекше ниетті ғалым болды. Өзінің жетекшілігі-
мен қорғаған 38 ғылым кандидаты мен 2 ғылым докторы-
ның да зерттеу жұмыстарының басым бөлігі осы сөз тір-
кесі мәселесі болатын.
Талғат Сайрамбайұлы Сайрамбаев қазақ тіл білімі син-
таксис саласының ішіндегі сөз тіркесі мәселесімен түбегей-
лі айналысты. Осы мәселеге өзінің барлық шығармашылық
еңбегін, кандидаттық, докторлық диссертацияларын, 15-ке
тарта монографиялық зерттеулерін, 230-ға тарта ғылыми
мақалаларын арнады.
Жұмыстарының ішінде жеке өзінің авторлығымен шы-
ғарғаны 12 еңбек (монографиялар, оқу құралдары), 7-8 ең-
бек қосымша авторлықпен шыққан оқу құралдары, 5-6 ең-
бек қосымша авторлықпен шыққан сөздіктер, қазақ тілі
тілашарлары, 14-і әдістемелік құралдар (әдістемелік нұсқау-
лар, пәндік бағдарламалар), одан басқалары ғылыми мақа-
лалар болып табылады.
Қазақ тіл білімі тарихында сөз тіркесі мәселесі – соңғы
50-60 жыл көлемінде ғана зерттеле бастаған жаңа бағыт.
Бұл мәселеге синтаксис мамандарының көпшілігі арнайы
бет бұрған жоқ еді. Тіл білімімен айналысқан әрбір ғалым
халық танымына жақын мәселелерді бұл ілімнің барлық са-
ласы бойынша жан-жақты зерттеді, тереңдетті, толықтырды,
тілдің біртұтас заңдылығын қалыптастырды. Келешекке
мұра етіп қалдырды.
Ал сөз тіркесі мәселесін сол қалыптасқан тіл ғылымы-
ның (сөздің, сөйлем мүшелерінің, сөйлемнің) бір-бірінің
байланысының заңдылықтарын қарастыратын ғылым деп
атасақ орынды. Сөз тіркесі мәселесіне синтаксисте бір ға-
203
лым ғана білек сыбана кіріскен болатын. Ол әйгілі ұстаз –
ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі,
филология ғылымдарының докторы, профессор Мәулен
Балақаев еді.
Ол кісінің шәкірті Т. Сайрамбаевтың да шығармашылық
жұмысының дені – сөз тіркесі мәселелері. Соның кейбіріне
тоқталған жөн. Атап айтқанда, «Күрделі сөз тіркестерінің
кейбір мәселелері» (1976), «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі
сөз тіркестері» (1981), «Сөз тіркесі мен жай сөйлем
синтаксисі» (1991), «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» (1996),
«Синтаксис туралы ойлар» (1996), «Синтаксистің кейбір
мәселелері» (2004), «Жақ категориясының функционалдық
көрінісі» (2005), т.б. оқу құралдары мен «Мәулен Балақаев»
атты зерттеу-эсселік монографиясы (2007) жарық көрді.
Осы еңбектерінде сөз тіркесінің мынадай басты-басты
мәселелері, яғни сөз тіркесінің түрлері, олардың өзіндік
ерекшеліктері, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері, басыңқы-
бағыныңқы сыңарлардағы синтаксистік қатынастар, сөз
тіркесінің есімді-етістікті түрлері, күрделі сөз тіркестері,
әрбір сөз табының басыңқы сыңармен тіркесу қабілеті
және т.б. күрделі мәселелер егжей-тегжейіне дейін қарас-
тырылды.
Талғат Сайрамбайұлының «Мәулен Балақаев» атты мо-
нографиялық еңбегі профессор М. Балақаевтың 1939-92
жылдар аралығында шыққан еңбектеріндегі сөз тіркесі мә-
селесін талдап, жинақтап, бүгінгі күнмен үйлесімді етіп
жалғастырған. Сөз тіркесі мәселесі – М. Балақаевтың кан-
дидаттық та, докторлық та жұмыс тақырыбы емес, ғалым-
ның қазақ тіл білімін дамытудағы жаңа көзқарасы. Сөз
тіркесі мәселесі зерттеуді күтіп тұрған тілдік құбылыс еке-
нін, бұл мәселені М. Балақаев дөп басып қолға алғанын, оны
ерінбей зерттеп, жалықпай жазғандығын тарихи жылдар
бойынша Т. Сайрамбаев аталған еңбегінде ашып көрсеткен.
Талғат Сайрамбайұлы – осы ұстаздың шәкірті. Ол ұстаз
ілімін жалғастыра, дамыта, жетілдіре жүріп, өмірінің соңына
дейін осы идеяны насихаттады, өз шәкірттері арқылы те-
реңдете түсті.
204
Профессор Т. Сайрамбаев қоғамдық жұмыстарды да бір
кісідей әділ де шебер атқарған қайраткер болды. ҚазҰУ-
де қызмет атқарған 38 жылының бір бөлшегі жалпы
университеттің дайындық бөлімінің деканы және орынба-
сары болып істеген 6 жылында ауыл жастарын, білімнен
қол үзіп қалған жастарды жоғары білімге тартуда көп еңбек
етті. Әрбір талапкердің өндірістегі ерен еңбегін, армия
қатарындағы айбынды істерін бағалап, бір де бірін кейін
қайтармай, олардың университет студенті болуына барлық
көмегін жасағанын дайындық бөлімінде оқып, кейін лауа-
зымды қызметте жүрген тұлғалар жыр қылып айтып жүргенін
талай естідік. Бірнеше жыл өзі қызмет ететін филология
факультетінің партия ұйымының хатшысы, өзі ашып, өзі
топтастырған қазақ тілі кафедрасының 10 жыл меңгерушісі
болып, қазақ филологиясы кафедрасына меңгерушілікке
ауысып бара жатқанда жас оқытушылар былай деп шыға-
рып салған екен:
Осы ұжымды өз қолымен құрды да,
Он жыл бойы өзі бас боп тұрды да,
Есейгендік белгісі ме, білмедік,
Кетіп қалды аттың басын бұрды да.
Жастар жақтан ұзаңқырап кетіпсіз,
Құрдастардың арасына жетіпсіз.
Жаңа орында көгеріңіз, көктеңіз,
Бірақ, аға-ау, бізді ұмытып кетпеңіз.
Ия, жастардың «көгеріңіз, көктеңіз» деген ниеті анық
болды. Ғылымды көркейтті, өзі де бірге көркейді. 38 жас
өрен ғылым кандидаты, екеуін ғылым докторы етті. Келе-
шекте докторлықтан, кандидаттықтан қорғайтын ізденуші-
лері әлі де бар.
Әрбір талапкерді ғалым етіп шығару оңай шаруа емес.
Әркімнің қабілетіне орай тақырып таңдау, оның ғылыми
жоба-жоспарын жасау, сол мәселе бойынша ауқымды ке-
ңес беру, сол тақырыпқа қызығушылығын ояту да Талғат
Сайрамбайұлының кезекті шаруасы болатын. Одан соң
205
жазылған жұмыстың жарияланымын, оның сауаттылығын
бақылап, әрбірінің дер кезінде қорғауын мұқият қадағалап
отыратын. Ең бастысы, диссертанттың ғылымға қосар жа-
ңалығына көзі жетпейінше, тынымсыз жұмыс жүргізетін. Ал
олардың қорғау сәтінде де қиналыс аз болмайтын. Балапа-
нын қорғаған құс секілді қиындықтарды бастан кешіретін.
Қашан қорғалған жұмыс Жоғары аттестациялық кеңестен
бекіп келгенше, көңілі орнына түспейтін ұстаз болды.
Т. Сайрамбайұлының шәкірттері де синтаксистің өзекті
мәселелеріне ғылыми жұмыстарын арнады. З. Күзекова мен
Ж. Көпбаева бірі мезгіл, бірі мөлшер пысықтауышты,
К. Оңалбаева қазіргі қазақ тіліндегі есімді сөйлемді, Б. Елік-
баева есімді құрмалас сөйлемді, А. Шойбекова сөз-сөйлем
туралы қорғады. Сөйтіп жай сөйлем синтаксисіне жаңа
сөйлем түрлері енді.
Сөз тіркесінен Д. Байғұтова меңгеру байланысу форма-
сынан, А. Әуелбекова матаса байланысу формасынан қор-
ғап, сөз тіркесінің байланысу формасы құрылымын терең-
детуге үлес қосты. М. Мамаева фразеологизмді сөз тіркесін
сөз етіп, тіл байлығы заңдылығын анықтай түсті. М. Төлеуов
зерттеу жұмысындағы жаңа бағытқа сай қазақ тіліндегі
себеп-салдарлықтың функционалдық аспектісін баяндат-
ты. С. Иманқұлова мен Н. Түймебаева ХІХ ғасырдағы орыс
түркітанушыларының қазақ тілін зерттеудегі ғылыми көз-
қарасына тиянақты талдау жасады, Б. Омарова сұрау есім-
дігінің грамматикалық ерекшелігіне, А. Таусоғарова өлең
мәтінінің синтаксистік ерекшеліктеріне жан-жақты тоқтал-
ды. Осы тектес басқа да диссертациялық жұмыстың ғылым-
ға қосар үлесі мол болды.
Т. Сайрамбайұлының әрбір шәкіртінің қорғаған ғылы-
ми жұмыстарының қай-қайсысында да ұстаздың пікірі өш-
пестей өріліп жатады. Ол шәкірттер ойымен өрбіп, жалға-
сып кете береді...
Профессор Талғат Сайрамбайұлы өзінің 44 жыл оқыту-
шылық жұмысындағы ең сүйікті ісі – студенттерге дәріс
беру, түрлі формадағы сабақтар өткізу жұмысы еді. Ұстаз-
206
дың терең мәнді, мазмұнды лекциялары, тартысты сабақ-
тары әрбір студенттің біліміне білім қосып, сол ғылымды
қабылдауға деген танымдық белсенділігін арттырып отыра-
тын. Көбіне студенттерді шығармашылық жұмысқа баули-
тын. Бүгінгі ғылым кандидаты болып жүрген шәкірттерінің
көпшілігі өзінің сабақ берген бұрынғы студенттері.
Бүгінгі студенттер, магистранттар және кең-байтақ Қа-
зақстанның жер-жерінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ
беріп жүрген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ-
ситетін бітірген мұғалімдер мен жас ғалымдар білім беру-
дегі сүйікті ұстаздары Талғат ағайларының есте қаларлық
үлгілі сабақтарын және ұстаздың өз білгенін жастарға
үйретуге құштарлығын, тіл ғылымының тылсым сырын,
бай қазынасын жастарға үлестіруге, бөліп беруге асыққан
ағартушылық ынтасын шәкірттері әзір ұмыта қойған жоқ,
ұмытпайды да.
Басқа құрмет түрлерін айтпағанда, ол өзіне берілген екі
атаққа риза болатын. Оның біріншісі – Мәскеуден берілген
«Отличник высшей школы СССР» және «Қазақстан Респуб-
ликасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері» деп атала-
тын атақтары.
Талғат Сайрамбайұлы Сайрамбаев – ғылымда да, өмірде
де үлкен мұра қалдырған, адалдықпен, пәктікпен, тыным-
сыз еңбекпен отбасына да, еңбек еткен ортасына да, әрбір
шәкіртіне де сарқыла тағылым берген, әрбір дос-жаранына
қимастай тұлға бола білген жақсы әке, жақсы жар, жақсы
дос және ғалым-ұстаз. Дана халқымыз «Жақсының жақсы-
лығын айт, нұры тасысын» дейді. Осы сөз Талғат Сайрам-
байұлына қатысты болады да тұрады.
Аяулы ұстаз, көрнекті ғалым, жастарға жақсы аға,
жаны жайсаң қадірлі дос Талғат Сайрамбайұлы Сайрам-
баев 2009 жылдың 20 қарашасында 73 жасында дүниеден
өтті. Оның есімі әріптестері мен шәкірттерінің, туған-туыс-
тарының есінен шықпайтыны хақ.
207
Достарыңызбен бөлісу: |