Өмірзақ айтбайұлы



Pdf көрінісі
бет9/27
Дата20.01.2017
өлшемі1,46 Mb.
#2304
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

қазақ ауДарма ғылымыН 
қалыПтаСтыруДағы 
С. О. талЖаНОВтыҢ рөлі
Өлшеулі  өмірдің  әрбір  күні  тағдыр  сыйы  екенін  әркім 
өзінше  бағаласа  керек.  Сол  қайталанбас,  қайтып  келмес 
күндер  әрбір  пенденің  басынан  әр  алуан  күй  мен  сапада 
өтпек. Бағзы біреулер отбасы, ошақ қасының күйін күйттеп, 
өз  тірлігін  берік  ұстайды.  Енді  біреулер  өзінің  де,  өзгенің 
де қамын жеп, содан алатын өмір ләззатын қанағат тұтады. 
Ал үшінші біреулер бас қамынан гөрі ел қамын, орта қамын 
артық санап, сол жолға өмірін сарп етеді. Таразыласақ, бұл 
үш түрлі сападағы үш жаран да өмір, тіршілік атты зәулім 
ғимараттың  қажетті  бөлшектері,  орын-орнына  қаланатын 
кірпіштері. Өмірге бәрі де керек, бәрі де қажет.
Осы  бір  қарабайыр  өлшем  тұрғысынан  қарайтын  бол- 
сақ, Сәйділ Омарұлы Талжановты өте күрделі де қызықты 
тұлға  қатарында  бағалар  едік.  Бүкіл  өмірін,  қалдырған 
еңбегін саралап шыққанда, көрген-білгенін кейінгілерге ай-
тып, жазып кетсем деп асыққан адамның кейпін көруге бо-
лады.
Қазақ ССР Ғылым академиясының қара шаңырағы ата-
луға қақысы бар Тіл білімі институтының тарихында ғылым 
мен мәдениетте із қалдырған, сөйтіп көптің көңілінен шы- 
ғып,  көкейінен  орын  алған  зиялылар  бар,  бірақ  олар  көп  
емес.  Біздің  ойымызша,  арғы-бергі  тарихты  қозғап,  жатқа  
соғатын  әңгімешіл  эрудициясымен,  аудармашылық  шебер-
лігімен,  жазушылық  дарынымен  артына  кейінгі  ұрпақ  сү-
йінер із қалдырған адамның бірі – С.О. Талжанов. Өмірдің 
соқтықпалы-соқпақты  сүрлеуін  шарлап,  ащы  мен  тұщыны 
жеткілікті  татқан  ғалымның  өмір  жолында,  әсіресе  кейінгі 
ұрпаққа  ой  салар  өнегелік  үлгілер  мол.  Соларды  саралап, 
пікір тарату, шынын айтқанда, оңай емес. Оқырмандар ал-
дында ақталып алар бір-ақ нәрсе, марқұмның ғылым орда-
сына  келген  кезіне  куәгер  ағайынның  бірі  болғандығымыз 
ғана;  күнделікті  қызмет  бабында  көп  қырлы  азаматтың 

130
қайсыбір  қылығы  көңілге  түйіліп,  есте  қалған  еді.  Біз  кө-
бінесе  сол  ретпен  келіп  пікір  таратпақпыз,  мұның  үстіне 
біздің  білмегенімізді  толықтырған  көптеген  қосалқы  мате-
риалдар болды. Олардың ішінде, әсіресе, замандастары мен 
қаламдастарының  естеліктері  мен  жазғандары  және  зайы- 
бы  Зура  апайдың  көздің  қарашығындай  сақтап  отырған 
керекті мәліметтерінің көп көмегі тиді.
Бір  үйдің  туы  жығылғанмен,  артында  түтінін  өшірмей, 
ордасын  орнықтырып  отырған  бұл  кісідей  салауатты  жан-
ның  қалғаны  Сәкеңнің  мерейін  көтере  түскен  тәрізді.  Со-
нымен  жұртшылық  еске  алып  ілтипат  көрсететіндей, 
Сәйділ  Омарұлының  ел  үшін  еткен  қандай  еңбегі  бар  еді,  
не тындырып, нендей қажетімізді өтеп еді? Біз осы сұрақ- 
тарға жауап беруге тырысамыз. Марқұмның 70 жылдығын-
да жазушы Ғабиден Мұстафин: «Менің көз алдыма әманда 
өз тұстастарының көбінен алғыр, көбінен білімді, оқығаны, 
тоқығаны көп, бүкпесіз адал да аңқылдаған ақкөңіл Сәйділ 
елестейді», – деп суреткерге тән танымпаздықпен әділін ай-
тып, ақтарыла жазған еді. Алайда тумысынан алғырлыққа, 
адалдыққа  баулынған  С.  Талжанов  ә  дегеннен  білімді,  бі-
лікті азамат бола қоймағаны белгілі. Өзінің 70 жылға таяу 
жасаған өмірінде тағдыр оны талай тар жол, тайғақ кешу-
лерден өткізіп, шыңдап, ширатып шығарғаны мәлім.
Омар  Талжанов  отбасында  дүниеге  келген  жеті  ұлдың 
ең кенжесі Сәйділ Омарұлының өмір жолдарын ой елегінен 
өткізсеңіз, ең алдымен, сол кезеңдегі көп зиялылардың бол-
мысына тән тарихты, екіншіден, Сәкеңнің өзіне ғана, соған 
ғана тиесілі өмір соқпақтарын танимыз. Ол оқуды 1921 жы-
лы Орынбор қаласында сауатты ағасының бірі, коммунист 
Әшім Омаровтың қолында жүріп орысша бастайды. Сөйтіп 
1928  жылы  Петропавловскіде  9  кластық  орыс  мектебін 
бітіреді.  Дәл  сол  жылы  Ташкент  қаласындағы  САГУ-дің 
Шығыс  тілдері  факультетіне  түседі.  1931  жылы  ол  иран 
тілі бөлімін аяқтаған соң кездейсоқ жағдайларға байланыс-
ты, диплом алуды да күтпей Алматыға аттанады. Алматыға 
келісімен  ол  қызмет  істей  жүріп,  1934  жылы  ҚазПИ-дің 

131
толық курсын бітіріп шығады. Ол бұл кезде (1931-ден 1933 
жылға  дейін)  Халық  ағарту  комиссариатында,  сосын  ауыл 
шаруашылық  институтында  тіл,  әдебиет  кафедрасының  
алдымен  ассистенті,  кейінірек  (1934  жылдан  1937  жылға 
дейін)  доценті,  меңгерушісі  болып  педагогикалық  жұмыс-
пен  айналысады.  1956-58  жылдары  Қазақтың  мемлекеттік 
көркем әдебиет баспасында проза бөлімінің редакторы, аға 
редакторы қызметін атқарады.
Ал 1958 жылдан өмірінің соңғы сағатына дейін ол Қа-
зақ  ССР  ҒА  Тіл  білімі  институтында  еңбек  етті,  кіші  ғы- 
лыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер ретінде ғылымның 
жаңа саласы – аударма мәселесімен айналысты.
Сәйділ Омарұлы творчестволық жұмыспен 21 жасында, 
яғни 1927 жылдан бастап шұғылданған. Ең әуелі өлең жа-
зады, сосын әңгімеге ауысып, ара-арасында сын мақалалар 
бере  бастайды.  Сөйтіп  әдеби  процеске  өзінің  көзқарасын 
білдіріп, төрелік айтуға ыңғайы бар екенін танытады.
Жалпы Талжановтың бүкіл ғылыми-творчестволық қыз-
метін негізгі үш түрлі салаға жіктеп қараған дұрыс тәрізді. 
Ол белгілі жазушы, білікті маман аудармашы, танымал ғалым.
Талжановтың  жазушы  ретіндегі  кредосы  жамандық 
атаулымен  айқасқан  жақсылықты  үлгі  ету.  Оның  қай  шы-
ғармасын саралап шықсаңыз да, ең алдымен, осындай мақ- 
сат көзделетінін байқау қиын емес. Соны басқаларға ұқса-
майтын өзгеше әдіс, амал арқылы, Талжановқа тән тіл, сөз 
өрнектерімен  береді.  Бұл  оның  даралық  сипатын  танытып 
келе жатқан қасиеттің бірі еді.
Әрине,  творчествомен  айналысқан  оның  алғашқы  ке-
зеңі  албырттық  пен  ала-құлалық  та  байқатпай  тұрмайды. 
Өзінің жазу өнеріне деген ықыласы мен мүмкіндігін бар- 
лау  ретінде  ол  әдепкіде  әрқилы  жанрға  қармақ  тастап, 
көркемөнер  дариясында  қалам  қалтқысын  ойнатып  көр-
генге ұқсайды. Ол бірде өлең, енді бірде әңгіме, очерктер 
жазумен  әуестенеді.  Тіпті  ауыл  шаруашылығын  өркен-
детуге  байланысты  да  пікір  таластырып  қалатын  тұста- 
ры бар.

132
Бастапқы кезеңнің айтулы белгісінің бірі ретінде, ақын 
Талжановтың  1928  жылы  Ленинге  арнап  жазған  «Жолбас-
шы» атты өлеңін еске түсіруімізге болады. Өлеңнің поэзия-
лық  сапасын,  сыпатын  сарапқа  салмағанның  өзінде,  әде-
биетке жаңа араласа бастаған жас қаламгер С.О. Талжанов-
тың социалистік өмір жайындағы түсінік-пайымының ерте 
жетіле бастағанын танытатын бір дерек бұл. Содан кейінгі 
сүбелі  туындысы  «Сералы»  повесі  («Әдебиет  майданы», 
1934, №7-8). Бұлар жазушы С. Талжановтың алғашқы ады- 
мын  танытса,  қалам  сілтесін  шеберлікпен  шендестіре 
бастаған  шығармалары  деп  50-60-жылдары  жарық  көрген 
«Сейфулланың  Сәкені»  (1959),  «Ұлдай  кегі»  (1968)  повес-
тері  мен  «Қайып  қарттың  әңгімесі»  (1961),  «Адам  туралы 
толғау» (1965) т.б. туындыларын атау керек.
Халқымыздың ардақты ұлы Сәкен Сейфуллиннің әдеби 
образын  жасауға  аталған  повестің  өзіндік  орны  бар  десек  
артық  болмас.  Ол  революционер  Сәкеннің  көпшілік  біле  
бермейтін  мол  қасиетін  ертерек  елге  жеткізсем  деп  асық-
қандай, әралуан керекті-керексіз оқиғаларды кірістіріп, кей- 
де шашырандылыққа ұрынатын жері де бар. Қайсыбір басы  
артық кейіпкерлер де жүре береді. Алайда бұл повесть хал-
қының болашағы үшін ешнәрседен тайынбайтын күрескер- 
дің бейнесін жасап берді. Жалпы С. Талжанов творчество-
сының мол бір саласы осы сәкентануға арналады. Мәселен, 
Сәкеннің жазушылық талантын айқынырақ көрсететін «Ұл-
дай  кегі»  повесінде  де  негізгі  кейіпкердің  бірі  астыртын 
әрекетте жүрген Сәкен. Ал «Есен толғауларындағы» Сәкен 
жаңа заманның жақсылығын жырлаушы суреткер ақын ре- 
тінде  еске  алынады.  Мінеки,  осының  бәрі  жазушының  сә- 
кентануға  елеулі  үлес  қосқанын  дәлелдейтін  әдеби  мәлі-
меттер.
Сәйділ  Омарұлының  жазушылық  өнерін  шыңдай  түс-
кен бір сала – аударма. Шынтуайтқа келсек, ол ең алдымен 
аудармашы. Мәдени өміріміздің қат-қабат шаруасы мол со-
нау  бір  кезеңдерде  С.  Талжанов  өзінің  білімі  мен  сауатын 
аудармашылық  өнерге  жұмсаған.  Аударма  дегенде  оның  

133
сала-саласы  көп  қой.  Соның  қай-қайсысында  да  аударма- 
шы Талжановтың қолтаңбасы қалып отырған.
Аударма өнерін халықтар достығының бірден-бір дәне-
керi  деп  жүрміз.  Шынында  да,  бұлар  өнердің  ең  бір  ауыр 
жүгін арқалаған ардагер азаматтар. Міне, солардың нақ ор-
тасында С. Талжановтың тұлғасы айқынырақ көрінеді.
Ол өзінің саналы өмірін түгелге жуық осы өнерге сарп 
етті десек те болады. Орыс тілін жете меңгерген және оның 
рухани мәдениет үлгілерін құмарлана оқыған, құныға бой- 
ға  сіңірген  жас  талапкердің  осы  тұстағы  еңбегі  ауыз  тол-
тырып айтарлықтай. Ә дегеннен-ақ, мәдени революция ар- 
миясының  сапында  болудың  өзі  оны  өмірдің  қайнаған  қа-
занына салып жібергендей.
Кеңестік  Қазақстанның  алғашқы  жылдары  онша  жеңіл 
бола  қоймағаны  тарихтан  мәлім.  Білімге  сусаған  қазақ 
халқының алдында, ең алдымен, жаппай сауаттану міндеті 
тұрды. Сосын мәдени мағлұматын кеңейтіп, дүниетанымын 
тереңдете  түсу  қажет  еді.  Шаруашылықты,  экономиканы, 
ғылымды  дамыту  үшін  де  сауат  керек  болатын.  Міне,  сол 
себепті,  көптеген  басқа  зиялылар  қатарында  Талжановтың  
аударма шаруашылығымен айналысуы осындай елдік мүд-
дені  орындаудан  туса  керек.  Мәдени  өремен  дүниетаным- 
ды кеңейтуге септігін тигізер әрқилы әдебиетті ана тілімізге 
аудару Талжанов тәрізді азаматтардың халық алдында сіңір-
ген еңбегін әйгілей түседі.
Сәйділ Омарұлы кезеңнің, дәуірдің қажетін өтеуге тиіс-
ті  әдебиеттің  (шаруашылық,  мәдениет,  медицина,  халық 
ағарту т.т.) қандайын болса да аудара жүріп, біртіндеп өзінің 
икемі көркем аударма жағында екенін түсінеді. Халқына ал-
дымен жеткізгісі келген жазушылар – М. Горький, Ф. Дос- 
тоевский, А. Пушкин, В. Белинский. Осының өзінен-ақ жас  
аудармашының  талғамы  мен  батылдығын  аңғаруға  бола-
ды.  Аудармадағы  тырнақалдысы  –  М.  Горькийдің  «Суайт 
саршымшық  пен  шыншыл  тоқылдақ  туралысы»  (1929)  та-
лапкердің  кеудесіне  творчестволық  сенім  ұялатқан  тәрізді. 
Әйтпесе,  осыған  іле-шала,  ол  мейлінше  күрделі  де  терең 

134
толғанатын  психолог  жазушы  Ф.М.  Достоевскийдің  «Би-
шарасына»  (1935)  баруын  қалай  түсіндіруге  болады?  Бұл 
да  творчество  саласында  жиі  кездесе  бермейтін  жүректі- 
лік.  Мұны  аудару  арқылы  ол  орыс  ойшылының  құдіретін 
танытса, екіншіден, сол құдіретті ойды бір де бәсеңдетпей, 
қапысыз бере алатын қазақ тілінің қауқарын көрсетті. Сөй-
тіп, екі тілді тел еміп, ел кәдесіне жаратудың жақсы үлгісін 
жасай бастаған азамат, осыдан былай қарай бұл істі өмірлік 
кәсіпке айналдырады. Пушкинге, Белинскийге, Чеховке, Тур- 
геневке,  Шолоховқа  бару  осындай  игі  мақсат  көздеуден 
туған.
С.О.  Талжановтың  аудармашылық  өнерін  сөз  еткенде,  
шығыс  әдебиетінің  інжу-маржаны  –  «Калила  мен  Димна-
ның»  жөні  тіпті  бөлек  екенін  ерекше  атауға  міндеттіміз. 
Біздің  жыл  санауымыздан  бұрын  дүниеге  келген  атақты 
«Махабхаратаның»  он  екі  кітабынан  алынған  бұл  мұра 
әуелде  «Панчатанатра»  деген  атпен  әлемге  таралған  бола- 
тын. Кейін «Калила мен Димнаға» айналған мұның шарла-
маған  жері  жоқ.  Әлем  әдебиетінің  қай-қайсысы  да  бұдан 
нәр алып, сусындап отырған. Осындай өнегесі мол ғажайып 
дүниеге  батылдықпен  барып,  оны  ана  тілімізге  аударуы 
ұлттық мәдениетіміздің табысы деп бағалау жөн.
С.О. Талжановтың өзге аудармашы-жазушылардан озық  
тұратын  бір  артықшылығы  –  екі  тілден  бірдей  ерсілі-қар-
сылы  аударғандығы.  Қазақ  әдебиетінің  айтулы  туындыла-
рын  орыс  тіліне  аударып,  сол  арқылы  ұлттық  өнерімізді 
баршаға баян ету – оның екінші қыры. Қазақстандағы рево-
люциялық  қозғалыстың  эпопеясы  деп  бағаланып  жүрген 
С.  Сейфуллиннің  «Тар  жол,  тайғақ  кешуі»  орыс  тілінде  
С. Омарұлының аударуында жарық керді. Орысшадан қазақ- 
шаға,  ана  тілімізден  керісінше  аударылған  сан  түрлі  шы-
ғармаларды  санамалап  жатпай-ақ,  осы  сөз  болған  басты- 
басты  дүниелердің  өзі-ақ  аудармашы  Талжановтың  тұлға-
сын  таныта  алса  керек.  Ал  ол  туындылардың  тіл  шебер- 
лігі, стиль ерекшелігі, мағыналық реңкі т.т. тәсілдерінің са-
пасы  жайында  әңгіме  қозғау  басқа  бір  кезекте  тұрған  мә- 
селе деп қараймыз.

135
Аударма  практикасындағы  мол  тәжірибе  Талжановты 
осы  өнердің  әрқилы  заңдылықтарын  ашып,  соған  сәйкес 
теориялық  түйіндеулер  жасауға  жетектей  беретін.  Тіпті, 
1935 жылғы лингвистикалық жинаққа енген «Парсы тілінің 
қазақ  тіліне  жасаған  ықпалы  туралы  мәселе  төңірегінде»  
деп  аталатын  алғашқы  мақаласынан  бастап-ақ  ол  өзінің 
ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  қабілеті  бар  екенін  таныт- 
қан еді.
Сөйтіп  аударма  практикасы  және  іс  үстіндегі  толқыт- 
қан ойлар оны ғылымға алып келді. Ия, ол ғылымға әлде-
қандай  кездейсоқ  жолмен  емес,  осылай  заңды  жалғастық-
пен келді.
Шынында,  ғылыми-зерттеу  жұмысымен  аударманың 
ащылы-тұщылы  дәмін  татқан  осындай  адамдар  айналы-
спаса,  бұл  салада  пәлендей  тірлік  тындыра  қою  оңайға 
сокпас та еді. Және бір ескере кететін нәрсе, С. Талжанов 
аударманың  ғылыми  проблемаларымен  айналысуы  осы 
мәселенің  Қазақстан  топырағында  күн  тәртібіне  шыға 
бастаған  кезімен  тұспа-тұс  келеді.  Бұл  да  құлағы  түрік 
ғалымның  зердесін  танытар  қылық.  Яғни  аударманың 
ғылыми мәселелерінің күн тәртібіне қойылуы белгілі бір  
қажеттілікпен байланысты туды деп есептейміз. Өйткені 
50-60-жылдар тұсында қазақ тіліне аударылған көркем дү- 
ние  көбейді  де,  енді  соларды  ғылыми  тұрғыдан  қарап 
саралағанда дұрысы қайсы, бұрысы қайсы және ол аудар-
малардың тілі, стилі қай дәрежеде дегенге келгенде тартым-
ды ештеңе жазыла қоймаған тұс болатын.
Сонымен, С.О. Талжанов өзінің мол тәжірибесін жинақ-
тай  келе,  қазақ  аударма  ғылымының  дамуы,  қалыптасуы, 
тарихына  қатысты  пікір  таратып,  принциптерін  түзуге  ты-
рысқан бірнеше еңбек берді. Н.В. Гоголь шығармаларының 
ана тілімізге аударылу сапасын зерттеген «Көркем аударма 
туралы»  (1962)  монографиясы  оған  кандидаттық  дәреже 
алып  берсе,  «Аударма  және  қазақ  әдебиетінің  мәселелері» 
(1975)  деген  кітабы  докторлық  диссертациясы  болатын. 
Бұл кейінгі зерттеу – қазақ аударма ғылымының тарихында 
докторлық атақ әперген тұңғыш еңбек.

136
Автор  бұл  еңбегінде  тіл  мен  әдебиетті  диалектикалық 
бірлікте,  өзара  тығыз  байланысты  құбылыс  есебінде  қа- 
растырып,  қыруар  мәселенің  басын  шалған.  Әдеби  байла-
ныстың  тіл  дамуына  да  тиімді  жақтары  болатынын  осы 
еңбек арқылы тағы бір көз жеткізесіз. Себебі сол аударыл- 
ған көркем шығармалар арқылы біз қазақ тілінің табиғатын-
да жаңа бір аралық жаңаша сөз тіркестері пайда болатынын 
байқаймыз.  Ал  тілдер  арасындағы  байланыс  пен  қарым-
қатынасты зерттей отырып, ол мұндай әсердің тіл дамуына 
бөгет бола алмайтынын, қайта мүмкіндікті аша түсетіні ту-
расында тұжырым жасайды.
Жалпы  С.  Талжановтың  зерттеуші  ретінде  әйгіленетін  
бір қасиеті – объектіге алған мәселесін жеке-дара қазбала-
май,  оны  өзге  салаларымен  қабаттастыра,  байланыстыра  
қарап, аумағымен түгел тексеретіні. Жасыратыны жоқ, бұл  
әдіс, бір жағынан, ұтымды көрінгенмен, екінші бір жағынан, 
жинақтап  нақты  бір  түйін  жасап,  белгілі  бір  ақиқат  ай-
туға келгенде кемшін соғатын жайы да бар. Сондықтан да  
қабаттастыра,  қатарынан  қарастырылып  жататын  мәселе-
лердің  қайсыбірі  түбегейлі  зерттелінбей,  ашылмай  шашы- 
рап жатады. Алайда бұл ауқымды талдау, аумағымен қарас-
тыру Талжанов зерттеушінің өзіндік ізденіс тәсілін таныта-
тын ерекшелік деп білеміз. Бұл монография – ғалым Сәкең-
нің  көп  жылғы  көз  майын  тауысқан  зерттеуінің  нәтижесі. 
Әлемдік  мәдениет  тарихынан  мол  хабары  бар  ғалымның  
бұл кітабы кейінгі ұрпаққа әлі талай жолазық болары сөзсіз.
Ол  заманында  кітапты  мейлінше  көп  оқыған  және  сол 
оқығандарын,  көргендерін  көкейіне  көп  түйген  адам  бо-
латын.  Міне,  сондықтан  оның  айтатыны  да,  жазатыны  да 
жетерлік  еді.  Кейде,  тіпті  ауызекі  әңгіме  ағынында,  ол  та-
лай тарихи кезеңдерді ойша шарлап, талай әдеби үлгілерді 
талдап  отырып  алатын.  Әңгімесінің  арасында  әзіл-әжуасы 
да,  жайма-шуақ  жадыраңқы  қалжыңы  да,  әлдекімнің  әді-
летсіз  кылығына  байланысты  өткір  ашу-ызасы  да  арала-
сып, алақұйын мінезге мініп кететін. Соның ізін кейде оның 
жазғандарынан да тануға болады.

137
Жазушы,  аудармашы,  ғалым  С.  Талжановтың  ғылыми 
шығармашылығына  қысқаша  шолу  жасағанда,  біз  оның 
тағдыр тауқыметін тартып, көп қиыншылық көрсе де, мойы-
маған  қажыр-қайратын  танып  еске  аламыз.  Түрлі  себеп-
термен  біраз  кешеуілдеп  қалса  да,  қыруар  іс  тындырған. 
Өмірінің соңғы он-он бес жылға таяу шамасында ол өзінің 
мүмкіндігінің әлі де мол екенін, ғылыми ой-пікірлерге бай 
екенін,  керемет  еңбек  сүйгіштігін  танытып  үлгерген  еді. 
Оның бергенінен әлі берері көп екенін сезетінбіз.
Онымен  тірісінде  жиі  араласып,  жақсы  қатынаста  бол- 
ған  жандардың  айтуына  қарғанда,  өз  шаңырағын  қатты 
қадірлей  білген  жар,  әке  болғанға  ұқсайды.  Ұлын  ұяға, 
қызын қияға қондырған аяулы әке болған. Ал Зура апайы-
мыз  бен  екеуінің  арақатынасы  кейінгі  жастардың  көбіне  
үлгі боларлық.
Белгілі  жазушы,  білікті  маман  тілші,  айтулы  аударма-
шы, теоретик, танымал ғалым, туған әдебиетіміз бен орыс  
әдебиетінің,  әлемдік  әдеби  мұраның  білгірі,  ішкі  психоло-
гиялық кейіптеуге шебер тарихи мемуарлар авторы, бірнеше 
туыс  тілдерді  меңгерген  түрколог  әрі  шығыстанушы,  тіл  
мен  әдебиет  насихатшысы,  шешен,  қазақ  журналистикасы  
мен  баспа  жүмысының  ардагері  Сәйділ  Омарұлы  Талжа-
новтың  сан  салалы  еңбегі  әлі  талай  зерттеушіге  жан  азық 
болады деп білеміз.
тұлПар бОй ЖаСыраДы….
(Ә. Қайдар және тіл мәртебесі)
Әбекеңнің өмір жолындағы өзім білетін, өзім куә болған 
батылдығының,  табанының  бүрі  бар  өршілдігінің  табиға- 
тын түгелдей табиғи зеректік, зерделіліктен, ерте қалыптас-
қан кісіліктен деп топшылаймын.
…Иә,  осы  жылы  Әбекең  80-ге  толып  отыр.  Оның  ал- 
пыс,  жетпіс  жылдығында  ауыл  адамдарының  біразымен 
сөйлескен едім. Олар Әбекеңді қолқалап ауылға да шақыр-

138
ған.  Ол  жөнінде  көбірек  білгісі  келіп,  мені  де  әңгімеге 
тартқаны  бар.  Мен  жұрт  алдында  соғыстан  төрт  орден, 
бірнеше  медаль  тағып  оралған  офицер  Әбдуали  Қайдар 
туралы шамам келгенше айттым. Ал ол адамның соғыстан 
соңғы  өмірі  жайма-шуақ,  мамыражай  бола  қоймағанын 
да  білемін.  Ғылымда  даңғыл  жол  жоқ.  Бұл  да  бір  құлақ 
үйреніп,  етіміз  өліп  кеткен  құбылыс  емес  пе?!  Әбекеңнің  
қыруар еңбегін тізбелеп шығу қиынға соқпас, ал әр жұмыс 
қамал  бұзумен  парапар  екенін  қалай  жеткізерсің?  «Тұлпар 
бойын  жасырады»  дейді  дана  бабалар.  Осы  сөз  тұп-тура 
Әбекеңді көріп барып айтылған секілді. Ел алдына шыққан-
да  да  Әбекең  сол  табиғи  қарапайымдылығынан  аспайды. 
Сонда  бәз-біреулер  ойлар:  «Оу!  Академигіміз  осы  ма?»,  – 
деп. Бұл-дағы – уақыттың белгісі. Ол заңды да, газет-жур- 
налдар,  радио-теледидар  күллі  адамды  өмірдің  сан  са-
ласында үздіксіз хабардар етіп отырады. Жаңағы үстірт ин-
формациямен жүріп жатқандардың жүзі жарқын, көзі мірдің 
оғындай келерін қайтерсің. Шығыстың әулиесі, я батыстың 
ел  басшысындай  мысыңды  басқысы  кеп  тұрады.  Кез  кел-
ген  әңгімені  іліп  әкетеді.  Кез  келген  тақырыпта  жорғалап 
алдыңды  кес-кестейді.  Содан  да  болар,  көп  жалтырақтың 
арасынан  шын  асылды  табу,  аршып  алу  қашан  да  қиын 
тиетіні.
Академик  Әбдуали  Қайдардың  кандидаттық  диссерта- 
циясының  тақырыбы  «Қазіргі  ұйғыр  тілінің  қос  сөздері»  
болатын.  Кезінде  бұған  біреулер  езу  тартып,  біреулер  «Өз 
тілінен неге қорғамады?» деп таңырқайтын. Оны түсіндіру 
үшін қырғыз халқының «Манасын» әуелі зерттеген Шоқан 
Уәлиханов екенін еске алсақ болар. Қашан да ернеуі толған 
бастаудан сыртқа бір нәрсе ауысады, сыңарезулеп құйыла-
ды.  Ал  ұйғыр  тілі  мен  қазақ  тілінің  түп  төркіні  түркі  тілі, 
жыртылып  айырылысар  жақындығы  бар  емес  пе?  Ол  ең-
бекке  аты  әлемге  әйгілі  америкалық  түрколог,  профессор 
Карл Менгес, неміс түркологы, профессор Герхард Дерфер, 
атақты кеңес түркологы, профессор Э.Р. Тенишевтің берген 
аса жоғары бағасы біраз нәрсені аңғартса керек. 

139
Әдетте,  жаныңда  жүрген  ақыл-парасат  иесін  сыртта-
ғылар мақтағанда ғана бағалай бастайтын мінезіміз бар емес 
пе?!  Жалпы  туысқан  ұйғыр  халқының  арғы  беттегісі  де, 
бергі жақтағысы да Әбекеңе риза болар. Түбегейлі бірнеше 
үлкен еңбек жазды, кітаптар шығарды. Бұл еңбектері үшін 
1971  жылы  Ә.  Қайдарға  қоғамдық  ғылымдар  және  геогра-
фия  саласы  бойынша  Шоқан  Уәлиханов  атындағы  бірінші 
дәрежелі сыйлық берілді. Сол мен айтып отырған мерзімге 
дейін  Әбекең  бір  кісіге  жетерлік  даңқ,  дәрежелерін  алып 
та  болған  екен.  1972  жылы  профессор,  Қазақ  ССР  Ғылым 
академиясының  корреспондент  мүшесі,  1982  жылы  Қазақ  
ССР-ның ғылым қайраткері, 1983 жылы Қазақ ССР Акаде-
миясының толық мүшесі. Осыдан соң тоқмейіл өмір сүруге 
де болар еді. Бірақ Әбекеңдерге еңбек ету, іздену, жаңалық 
жолында сарсылу – адамның үш мезгіл тамақтануы, толас-
сыз  жұтар  ауа  секілді  табиғи  қажеттілік.  Онсыз  өмір  жоқ. 
Бұл да ғалымдарға жарасар қасиет.
Ғылым  мен  Ғалым.  Ғылым,  сірә,  теңіздің  табанында 
жатқан  маржан  болса,  ғалым  сол  тұңғиықтан  маржан  ілем 
деген сүңгуір іспеттес. Асылға, маржанға кім қызықпайды, 
кім талап қылмайды?! Алайда оған әркімнің шамасы, демі 
жете  берген  бе?  Ішкі  қуат,  көрік  демді  адам  болмаса  мар-
жан оңай ілінбейді, таптырмайды. Су түбі тереңдеген сай-
ын қарауыта береді. Бар мен жоқты ажырату үшін көкірек 
көзі  керек  болар.  Оған  келгенде  жаратылыс  сараң.  Ал 
Әбекеңдер  сол  тұңғиықта  еркін  жүзіп,  інжу-маржанның 
өзін таңдайтын ғалымдар санатынан. Олай деуге негіз бар-
шылық.  Академиктің  қаз-қатар  алып  келе  жатқан  ізденіс 
салалары  шамамен  былай  болып  келеді:  тіл  тарихы  және 
этимологиялық ізденістер, түркі тілдеріндегі қос сөздердің 
жасалу  жайы,  лексика-грамматикалық  түркі  синкретизм-
дері,  плеоназмдар,  бөлінбейтін  сөздердің  өлі  түбірлері… 
Осы  секілді  тақырыптар  төңірегінде  көп  еңбектер  жазы- 
лып, жарық көрді. Мақал-мәтел, фразеологизмдердің мағы- 
насын  ашу,  қазақ  тілінің  этнологиялық  лексикасын  терең-
дете  зерттеу,  этностар  мен  ру-тайпа  бірлестігінің  атаула-

140
рын  тарихи-лингвистикалық  тұрғыда  қарастыру,  алтаис-
тика  проблемалары…  Бұл  тізбе  де  Әбекеңнің  кең  қамтып, 
түренді терең салып жасаған еңбектерінің бәрі емес. Оның 
сыртында алпыстан астам ғылым докторы мен кандидаты-
на  диссертация  қорғатқаны  және  бар.  Олар  қазақ,  ұйғыр, 
қарақалпақ,  хакас,  якут,  моңғол  боп  келеді.  Жарық  көрген 
еңбектері  төрт  жүздің  үстінде.  Оның  бәрі  де  қиындықпен 
келген  қымбат  туындылар.  Сөйте  тұра  тарының  қауызын-
дай  мақалаға  бәрін  сыйғызу  мүмкін  емес.  Бәріне  бағасын 
беру үшін соны жасаған адам жайлы айту керек. Ал өз ба-
сым  Әбекең  туралы  осы  уақытқа  дейінгі  жазғандарымда, 
жұрт  алдында  айтқандарымда  ойымды  сарқа  жеткізе  ал- 
дым деуден аулақпын.
Үлкен  ғалым  туралы  мерзімді  басылымдарда  көп  жа-
зылды, әр қырынан көрсетілді, әлі де жазылып жатыр. Сірә, 
сол  Әбекең  туралы  очерк,  мақала,  интервью-сұхбаттар 
ғалым  портретінің  шағын  фрагменттері  шығар.  Мұндай 
тұлға туралы үлкен еңбек жазылмайынша мақсатқа жете 
алмаймыз. Осыны толықтыра алатын бір жай бар. Ол Әбе- 
кеңнің  этимология  бағытындағы  еңбектерінің  әлемдік  аре-
надағы аса ірі түркологтар – ағылшын профессоры Джерар 
Клоусон  (ХІІІ  ғасырға  дейінгі  түркі  тілдерінің  этимоло-
гиялық  сөздігін  жасаған),  мажар  ғалымы  профессор  Ар-
ман Вамбери («Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігінің» 
авторы), советтік ғалым, профессор Эрванд Владимирович 
Севортян («Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігінің» ав-
торы) еңбектерімен терезесі тең аталуы.
Біздің  елде  жаңсақ  ұлттық  саясаттың  өте  ұзақ  уақыт 
дәурені  жүріп,  бет  қаратпас  боп  тұрғандықтан,  қоғамның 
дамуы  мен  орыстан  өзге  тілдердің  дамуында  кереғар  си-
пат  болды.  Бір  ғана  тіл  еркін  тайраң  қақты  да  қалғандары 
жасқанып,  бұғып  жүріп,  жарымжан  халге  тап  болды.  Ол 
құбылыс  Әбекеңдей  үлкен  ғалымды  бейтарап  қалдырған 
жоқ.  Ол  жөнінде  Әбекең  өз  пікірін  қашан  да,  қай  жерде 
де  ашық  айтып  келген  адам.  Ал  сөзден  іске,  пікір  айтудан 
күреске  шығу  1986  жылғы  Желтоқсан  оқиғасынан  кейін  

141
басталды.  Сол  1986-87  жылдары  қазақ  жеріне  телегей  те-
ңіздей боп жеткен жаңа уақыт саясатының бір тамшысы Тіл 
білімі институты еді. Теңіздің дәмін тамшысынан білуге бо-
лады. Ол кезде Республикадағы саяси-әлеуметтік ахуал өте 
қиын болғаны баршамызға аян.
Қазақстанға келген жаңа басшы Г.В. Колбин әрине дүр-
дараз  халықтың  бетін  бері  қаратудың  жолын  іздеді.  Эко-
номиканы күрт көтерем деу ақылға қонбайды. Ал халыққа 
дем  берер,  жүрегін  жібітер  бір  іс  керек-ақ.  Содан  болар, 
1987 жылғы 3 наурызда қазақ және орыс тілдерін дамытуға 
ерекше  көңіл  бөлу  жайлы  қаулы  дүниеге  келді.  Бірақ  бұл 
ұлттық,  тілдік  мәселеге  деген  үстірт  көзқарастан,  таяз  па-
йымнан туған шара болатын. Рас, біраз жұрт қазақ сөздік-
тері шығатын болады, тілді дамытуды қолға алатын болдық 
деп  әлдеқандай  болып-ақ  қалды.  Шын  мәнісінде  ол  қаулы 
Мұзды  мұхитқа  тамған  бір  тамшы  ыстық  жас  тәрізді  еді. 
Одан ешнәрсе өзгере қоймасы кешікпей-ақ айқындала бас-
тады.  Арал  теңізіндей  тартыла  бастаған  қазақ  тіліне  шын 
жанашырлық  жасайтын  адам  оған  мемлекеттік  мәртебе 
беріп,  Заңмен  шегелеп  тастауға  тиіс-тін.  Оны  да  Орталық 
Комитет  пен  институттың  арасында  сабылып  жүрген  Әбе- 
кең  анық  біліп  отырды.  Басқа  республикаларда  (Әзірбай-
жан, Армения, Грузия, Латвия, Литва, Эстония) өз тілдеріне 
мәртебе  беріп,  Заң  қабылдай  бастады.  Осы  самал  бізге  де 
жететініне ешкімнің күмәні болмады. Содан да болар, рес-
публикада  Тіл  жөніндегі  заңға  байланысты  әңгіме  үдей 
берді.
Міне,  академик  Әбдуали  Қайдардың  әлемдік  деңгейге 
шыққан ғалымдығымен парапар келетін адамшылық, кісілік, 
азаматтық  қыры  жарқ  еткен  тұсы  осы  еді.  Тіл  жөніндегі 
заңның  нұсқасы  көп  болды.  Соның  ішінде  өзгелерден  бір  
демі артық деген қайраткерлер, ғалымдар, жазушылар, өнер  
адамдарының  өзін  жаңылтқан  ойнақы  варианттар  аз  емес-
тін. Әсіресе қазақ тілімен қатар орыс тіліне де мемлекеттік 
мәртебе  берілсін  деген  жоба  жұтынып,  иненің  жасуынан  
өтіп кеткелі тұрған. «Қостілділік – достықтың қос қанаты»  

142
деген жылымшы тіркес миға салмақ түсіруге жоқ, жылты-
раққа  әуес  көптеген  ағайындардың  аузынан  шығып,  биік 
мінбелерден  айтылып,  баспасөзде  жазылып  жатты.  Болар-
болмас жылы қабаққа қағанағы қақ айырыла қуанып үйрен-
ген  қазақы  психологияның  шеңберінен  шыға  алмағандар: 
«Қазақтың  тілін  орыс  тілімен  теңдестіріп  қойса,  екеуіне 
де мемлекеттік тіл деген мәртебе берсе несі жаман?» – деп 
жалбақтады. Бірақ өмірде орын алып отырған, қалыптасып, 
әбден  баттасқан  жағдайды  ой  сарабына  салуға  олардың 
ақылы  жеткенімен,  табандылығы  жетпей,  дегбірі  қашты. 
Оларды да түсінуге болады. Құдайдан мүйіз сұраймыз деп, 
құлақтан  айрылып  қалмаймыз  ба  деген  жасқаншақ,  әбден 
запы  болғандық  еді,  мұның  сыры.  Газет-журнал,  радио-
теледидардан  пікірталас,  тіпті,  ашық  айтыс  жүріп  жатты. 
Екі тілге қатар мәртебе берілсе, бір саты алға ілгерілейміз 
деген  алдамшы  түсінік  дендей  берді.  Тіпті  атақты  ақын-
жазушылар  арқылы  қайсыбір  ғалымдар  да  осы  шырмауға 
шатылып,  қазақ  тілінің  халі  мүшкілдене  бастады.  Әрине, 
бұған да көнуге болар ма еді, егер ана тіліміздің алқындысы 
ғана қалып тұрмаса, онымен бірге дәл осы Заң дүниеге ке-
лер  болса,  бұл  анау-мынау  емес,  қазақ  тіліне  берілген  ең 
соңғы, ақтық мұрат болмақ. Міне, кім-кімге де дәл осы ащы 
шындық,  басы  ашық  ақиқатты  түсіну  керек-тін.  Ол  төніп 
келген тажалға тайсалмай қараумен бірдей еді. 
Әбдуәли  Қайдар  дәл  осы  тұста  өзінің  жалғыз  вариан-
ты  –  тек  қазақ  тіліне  мемлекеттік  мәртебе  берілуі,  орыс 
тілінің ұлтаралық қатынас тілі болуы, басқа халықтар тілі-
нің  дамуына  жағдай  жасау  позициясынан  бір  сәт  тайған 
жоқ.  Республиканың  сол  кездегі  басшысы  Г.В.  Колбин: 
«Осы  академиктер  ақшаны  не  үшін  алатынын  білмеймін. 
Жолдас  Қайдаров!  Сізге  айтылды  емес  пе,  «Қостілділік  – 
достықтың қос қанаты!» – деп. Бұдан артық сіздерге не ке-
рек? Қазақ тілін орыс тілімен теңестірсек болмады ма?!» – 
деп жекіді. Г.В. Колбиннің даусы қатты-қатты шыққан. Бі- 
рақ  Ә.  Қайдар  қызбалыққа  салынбай,  өзіне  тән  биязылық-
пен,  тіл  білімінің  үлкен  маманы  ретінде,  өмірдегі  тілдер 

143
теңсіздігін қоса дәлелдеп, қарсы пікір айтқан. Г.В. Колбин  
сонда:  «Жолдас  Қайдаров,  Сіз  басы  бұлғақтап  жүрген  еш-
кімнің есебінде жоқ еркін суретші емессіз. Қалтасында парт-
билеті бар институт директорысыз», – деуге дейін барды.
Академик  Әбдуали  Қайдарды  осы  әңгіменің  маңында 
жүрген адамдар кеше көрген жоқ. Ешқандай буынсыз жерге 
пышақ ұрмайтын, уәжсіз сөйлемейтін, ұсақ саясатшылдық- 
қа  жоламайтын,  ар  жолы,  иман  жолымен  жүретін  адам 
осы тұста неге сонша сіресті екен деп сонда басшылар да, 
қосшылар да ойлана бастайды. Несін жасырайық, сол тұста 
біраз  ғалымдар,  жазушылар,  өнер  қайраткерлері  қостіл-
ділікке үн қос деген әңгімеге тартылды. Ол, сөз жоқ, әркім-
ді  толқытты.  Дегенмен  көпшілігі-ақ  халық  мүддесін  ойла- 
ған мақалалар жариялай бастады. Ал Ә. Қайдар мақалалары 
редакцияларда  сарғайып  жатқан.  Оның  авторына  мақалаң-
ды  жариялайық,  тек  қостілділікке  қол  көтер  деп  телефон 
да  соғылды.  Мәселе  бірді-екілі  мақалада  ма  екен?  Мәселе 
қазақтың тілі, тілмен бірге өзінің де я бар, я жоқтығында еді. 
Күндердің күнінде осы ұшы-қиырсыз күресте үнемі жалғыз 
келе жатқан Ә. Қайдарға филология ғылымдарының докто-
ры, ұлты украин А.Н. Гаркавец қосылды. Одан соң Орталық 
Комитетінің  Идеология  бөлімінің  меңгерушісі  Ә.  Қайдар- 
дың пікіріне саятын хаттардан шолу жасап, Г.В. Колбиннің 
алдына  апарып  тастайды.  Және  аз  уақыттан  соң  бұрынғы 
екпін,  адуыны  сәл  бәсең  тартқан  біріншіге  идеология  жө-
ніндегі хатшы, ұлттың үлкен жанашыры, ғалым Ө. Жәнібек 
былай дейді: «Геннадий Васильевич! Мнение большинства 
все больше и больше склоняется в пользу позиции академи-
ка Кайдарова. На предстоящей сессии мы как бы не оказа-
лись в гордом одиночестве…». Осылай асау Колбиннің бетін 
бері бұруға тура келді.
СССР  Халық  депутаттарының  бірінші  съезі  өтті.  Қа-
зақстан  басшылары  алмасты.  Сол  ауыс-түйістен  соңғы  ал-
ғашқы жиналыстардың бірінде Н.Ә. Назарбаев қазақ тілінің 
жаншылып  қалған  жағдайын,  оны  көтеру  үшін,  құтқару 
үшін  жеке  өзіне  ғана  мәртебе  беру  керектігін,  орыс  тіліне  
еш  тосқауыл  жасалмай,  басқа  тілдерге  де  кеңдік  жасау 

144
керектігін  айтты...  Бұл  да  болса  уақыттың  өз  қазанында 
пісіп-жетілген  құбылыс  еді.  Қазақша  сөйлейтін,  өз  ана  ті-
лін  қадірлейтін,  өз  ұлтын  мақтан  ететін,  өз  тарихы  мен 
мәдениетіне жаны ауыратын саяси қайраткерлер легі келді. 
Соның  нәтижесінде  Ә.  Қайдар  секілді  таразы  адамдардың 
арқасында Одақтағы барынша әділетті, барынша кең, жан- 
жақты  ойластырылған  Қазақ  ССР-інің  «Тіл  туралы»  Заңы  
қабылданды.  1989  жылғы  қазан  айының  21-інде  респуб-
ликалық  «Қазақ  тiлi»  қоғамы  құрылды.  Оның  тұңғыш 
президенті  болып  академик  Әбдуали  Туғанбайұлы  Қайдар 
сайланды. Ол халқының тағдыры үшін күресті, халық оны 
дұрыс бағалап, өзінің аппақ үмітінен жаралған «Қазақ тілі» 
қоғамының  төрағасы  болуына  делегаттар  бір  кісідей  қол 
көтерді.
Сол  толқымалы  заманда  бастан  өткен  қайсыбір  оқиға-
лар  әлі  күнде  жүрек  сыздатады:  не  қуантады,  не  қабар- 
тады. Әбекең Жазушылар одағында өткен жиналысқа Кол-
биннен келді. Жай келген жоқ. Көңілі алабұртып, ауыр сөз-
дер  естіп,  толқып  келді.  Сөйледі.  Ана  тілі  үшін  еңбекпен  
жеткен  атақ,  даңқ,  дәреже  атаулының  бәрін  құрбандыққа 
шалып  жіберуге  дейін  дайын  ерекше  қайсарлықпен  айтып 
салған  еді.  Біз  оның  сөзіне  сендік.  Рухтандық.  Ана  тіліне 
деген  осыншама  құштарлық  бізді  әлі  күнге  қуаттандырып 
келеді.  Нағыз  қазақ  ана  тілін  осылайша  сүйсе  керек-ті. 
Тәуелсіздік тұғырын ұлттық тіл ғана беркіте түсетіні осыдан 
көрінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет