Ұлт мəдение-
тінің хантəңірі деп бағалаймыз.
233
Кенжеғали Сағадиев,
академик
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ
Адамзаттың бүкіл тарихына ой жүгіртсек, халық болашақты
патшалар мен корольдердің мүддесі тұрғысынан бағдарға ал-
майтынын ұғынамыз. Олар қанша жыл билік жүргізсе халық
сонша жыл ығында болады да, келесі билеуші билік басына кел-
генде соның талабын орындап отырады. Алайда, қай уақытта
да халық кемеңгерлердің ой-парасатын басшылыққа алмақ.
Мұндай бүкіл адамзаттық ақыл-ойдың көшбасында Будда мен
Конфуций, Христос пен Мұхаммед пайғамбар, Аристотель
мен Гегель, Лев Толстой мен Махатма Ганди, əл-Фараби мен
Абай сынды ұлы ұстаздар болып келді... Əлі де осылар бола
бермек. Соқыр сенім мен надандық түнегінен, қайыршылық
пен жоқшылықтан, бейнет пен қиыншылықтардын жол табуға
көмектесіп келе жатқан да нақ осындай кемеңгерлердің дария
ақыл-ойлары. Нақ осылар əлі күнге бізді желеп-жебеп, адам-
гершілік асқақ рухты бойымызға дарытып келеді. Осындай
кемеңгердердің қатарында жалпы адамзаттың адамгершілік
рухты мықтап ұстанған Ахмет Байтұрсынұлының да тұрғаны
анық. Оның өмірді түсінуін, философиялық рухын барынша
толық əрі терең ұғынған сайын біздің ұлттық рухымыздың
қайнарын ұлы Абайдың қатарынан көретініміз күмəнсіз.
Біздер, үшін Ахмет Байтұрсынұлының кейінгі ұрпақтары
үшін оның есімі Абай сынды аса зор тарихи мəнге ие екені
анық. Ахмет Байтұрсынұлы біздің ұлттық мəдениетіміздің
асқақ шыңы ғана емес, сонымен қатар, ол біздің рухани баста-
уымыз, үйретушіміз, ұстазымыз, халқымыздың түйсік-түсігін
түсінуге, қоғамдық болмысымызды түбірімен жаңғыртуға
бастаушы кемеңгер тұлға болмақ. Ғасырлар бойы тұйыққа
қамалғандай болып келген халқымыздың алдына жалпы
адамзаттық құндылықтарды тарта отырып, болашаққа баста-
ушы көсеміміз де Ахмет Байтұрсынұлы екені даусыз. Оның
қасіретті тағдырының өзі жоғары адамгершілік рух пен тарих
234
сабақтарын үйрететін тағылым болмақ. Қасіретті ғасырдың
тоғысында өмір сүрген ол өткен тарихи оқиғалар мен ұлт-
азаттық қозғалысын жəне ХХ ғасыырдың демократиялық ре-
форма талаптарын терең түйсініп, түсіне білген. Ол шындықты,
əділетті, халқының бақытына барар жолды қажымай, тал-
май, жасқанбай тынымсыз іздестірумен болды. Бұл ретте ол
өзінің жеке басының рахаты мен атақ-даңқты қуалаудан бой-
ын аулақ сала білді. Өзінің саналы ғұмырында халқының арт-
та қалу себептерін зерделей отырып болашаққа жетудің жөн-
жобаларын, жоспарларын, оны жүзеге асыру мүмкіндіктерін
іздестірумен болды.
Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы өзінің ойшыл серіктері
Əлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы жəне өзге де кемеңгер
қайраткерлердің өмір жолымен бірдей болды. Ал нақ осы кезең
қазақ халқы үшін де дербес этнос болып сақталып қалу, қалмау
жөнінде жанталасқа түскен кезең болды емес пе? Бұл кезең Ресе-
сй империясының Қазақстанда Ұлттық мемлекеттікті - хандық
басқару құрылымын мүлде жойып, елімізді біржолата басы-
байлы бодан еткен шақ болған еді. Сөйтіп, өз жерінен айыры-
лу, Ресейден орыс шаруаларының жаппай қоныстануы, табиғи
қазына-байлықты жыртқыштықпен, ашкөздікпен қомағайлана
иемдену, зорлықпен орыстандыру əрекеттері жүргізілуі қазақ
халқының дəстүрлі шаруашылық əдіс-тəсілдерінен адастырып,
ұлт болып сақталып қалу мəселесін күн тəртібіне шығарды.
Əрине, осы кезеңде Қазақстанды аграрлық шикізат көзі ретінде
ғана пайдаланған империя өз дегенін істеп бақты, соның бары-
сында Ресесйдің ішкі губернияларындағы халықтың саяси жəне
экономикалық артықшылығы орын алды. Сөйтіп, қазақтардың
тұрмыс-тірлігі мұнда көшіп келген славян тұрғындарына
(орыстарға, украиндарға) қарағанда мүлде құлдырай түсті.
Ал империя болса қазақ халқының мұң-мұқтажы, мүддесімен
мүлдем санаспады. Міне, осындай өте күрделі кезеңде
Қазақстанда жаңа саяси күш – ұлттық либералдық интелеген-
ция пайда болып, олар өз халқын жойылып кетуден құтқару
жолдарын қарастырумен болды. Ал мұндай саяси күштің ба-
сында Əлихан, Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып
235
Дулатұлы сынды ойшыл күрескерлер болды. Олар ұлттық
қозғалысты ұйымдастырып, соның барысында Алаш парти-
ясын құрды. Бұл партия шын мəнінде реформатор, жаңашыл
көзқарасты ұстанып, оны жүзеге асыруға күш салды. Мұндағы
жаңашылдық: азаттық қозғалысы принциптерінің негізін са-
луынан ұлттық-территориялық автономияның бағдарламасы
дүниеге келді. Сөйтіп мемлекеттік құрылымды жəне қазақ
қоғамының əлеуметтік-экономикалық жаңғыру жолдарының
талабына сай жобалары ұсынылды.
Бүтіндей алғанда, «Алаш» қозғалысының бағдарламасында
қазақ ұлтының ұлттық өзін-өзі билеу негіздері жасалды.
Ғасырымыздың басында туған мұндай бағдарламаның əлі
күнге дейін өзекті болып келе жатқанын еліміздің Президенті
Н.Назарбаев бірнеше рет атап көрсетті де.
Өкінішке орай, қазіргі тарих жəне экономика ғылымдары
салаларында «Алаштың» реформаторлық қозғалысының əлеу-
меттік-экономикалық қырлары жете зерттелмей «ақтаңдақ»
күйінде қалып келеді. Ал бұған зерделей үңілгенде қоғамның
даму заңдылығы, экономикалық дамудың тарихи алғышарттары
мен əдіс-тəсілдері бүкілəлемдік өркениет жетістіктері мен
озық өнегелері жөніндегі құнды тұжырымдарыд, пікірлерді
жиі ұшырастырамыз. Сондай-ақ, «Алаш» басшыларының
Қазақстанның бодандықтан құтылу жолдары, қазақ ауылының
тағдыры мен оны жаңғырту, көші-қон қозғалысы мəселелері
жөніндегі көзқарастары қазіргі таңда да өте-мөте маңызды бо-
лып табылады.
Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімі мен əдебиеттану ғылымы
саласындағы аса зор шығармалары тəрізді экономика мəсе-
лесінде бүтіндеп сүбелі еңбек жасай қойған жоқ. Дегенмен
де оның көптеген мақалалары мен айтқан айшықтарында
қазіргі экономикалық даму заңдылықтары үшін аса қажетті
маңызы зор тұжырымдары жетерлік. Мəселен, «Қазақ»
газетінің 1915 жылғы 145-148, 158, 161, 163-сандарында «Ша-
руашылық өзгерісі» атты өзекті мəселе көтерген үлкен мақала
жарияланған. Мақала авторы көрсетілмеген, десек те ұлт ба-
сылымы бетінде ауқымы кең, маңызы зор мұндай сауалды тек
236
жауапты жан ғана көтерері анық. Ал басылымның бас редакто-
ры Ахмет Байтұрсынұлы, демек мақала авторы да Ахмет екені
даусыз. Жалпы, бұл мақаланының маңыздылығы мен өзек-
тілігі жағынан салмақтасақ, мұны Ахмет Байтұрсынұлы жəне
«Алаш» қозғалысының экономикалық манифесі деуге болады.
А.Байтұрсынұлының бағамдауы бойынша тарихи прогресс
адамдардың шаруашылық жүргізу əдістерінің өзгеруі арқылы
айқындалып отырады. Сондай-ақ, күрескер ағартушының
көзқарасы мен пайымдарына қарағанда, сол кезеңнің өзінде-
ақ ол маркстік əдебиетпен жете таныс болған. Сонымен қатар,
оның көзқарасы маркстік əдебиеттің ықпалымен емес, батыс-
тағы экономикалық көзқарастардың ықпалымен қалыптас-
қаны аңғарылады. Өйткені, «Алашорда» басшылары батыс
ойшылдарының еңбектерімен жете таныс болған. Сөйтіп,
олардың экономикалық, саяси жəне əлеуметтік көзқарастары-
ның қалыптасуына Батыста туыныдаған озық өнегелер мықтап
əсер еткен. Олардың қазақ қоғамының ерекшелігін дұрыс зер-
делеп, əлемдік өркениет дəрежесіне көтеру жолдарын дұрыс
бағамдағанына мысалдар аз емес. «Шаруашылық өзгерісі» топ-
тамасымен басылған мақалаларда халықтың шаруашылық
тұрмыстық өмір тірлігін эволюциялық жолмен өзгерту жө-
ніндегі көзқарасқа мықтап табан тірейді.
Ахаң ғаламдық ілімдерді сарапқа сала отырып, қоғамдық
экономикалық фармацияны бұрынғыша таптастырудан бас
тартып, жаңаша алты сатыға жіктейді: 1). Аңшылық дəуір;
2). Жануарларды тіршілікке икемдеу, бақташылық (бағбандық)
дəуір; 3). Жер шаруашылығының дамуы мен пайда болу дəуірі;
4). Жер шаруашылығы мануфактуралы (кəсіби игеру) дəуірі;
5). Жер шаруашылығы мануфактуралы-тауар айналымы дəуірі;
6). Машиналардың пайда болуы жəне таралу дəуірі. Ал қоғам-
ның эволюциялық дамуының қозғаушы күші қоршаған табиғи
орта, халықтың тығыздығы, техникалық прогресс, өзге елдердің
жетістіктері, саясат пен заң, дін мен адамгершілік, білім мен
оның таратылуы, сыртқы ықпалдар, мемлекеттің мақсаты бо-
лып табылатынын Байтұрсынұлы дөп басып көрсете білген.
Ол тұрмыс-тіршіліктің өзгеруі ешқашанда шұғыл түрде жүзеге
237
аспайтынын, мұның өзі көптеген ғасырлар бойы сандаған са-
тылар арқылы жүзеге асатынын нақты айта алды. Сөйтіп, ұлы
ойшыл тірлік көзін секірмелі түрде өзгертуге болмайтынын,
оның бірқалыпты эволюциялық жолмен дамуы орынды екенін
көрсетеді.
Мұндай теориялық тұжырымдар Əлихан Бөкейхан, Ах-
мет Байтұрсынұлы жəне олардың көзқарасымен ортақ болған
серіктері қазақ халқының болашағы мен қазақ қоғамының
даму заңдылықтарын дұрыс болжап, мүмкіндіктерді дұрыс
қарастырғанын, ал көшпелі өмір салтын дереу отырықшылыққа
ауыстыру, жер шаруашылығын, жалпы шаруашылықты бірден
отырықшылық тəсілге аудару, экстенсивті мал шаруашылығына
ауысу зор қателік болғанын ұғыну қиын болмаса керек. Ал
патшалық Ресейде кейінгі кезеңдегі кеңестік дəуірдегі отырық-
шылыққа шұғыл көшіру қандай зардапты болғанын бұл күні
жақсы білеміз.
Өкінішке орай, сол кезеңнің өзінде қазақ зиялыларының
бір тобы «Айқап» журналының маңына шоғырланып, патша
əкімшілдігінің сойылын соғып, орыс шаруаларының көптеп
қоныс аударуы үшін қазақ жерлерін отырықшылыққа көшіру
нəтижесінде босатып отыруды жақтады. Мұның қате екенін
Əлихан Бөкейхан өз сөзінде кеңінен дəлелдеп көрсетіп отыр-
ды. Алайда, Алашорда басшылары отырықшылыққа жəне жер
шаруашылығына ауысуға мүлде қарсы болған жоқ. Олар бұған
эволюциялық жолмен біртіндеп көшуді уағыздады. Мұның
өзі 1917 жылға дейін жан-жақты сөз болып, кеңінен қозғалды
деуге болады. Осы жылдан қазақ жеріне төңкеріс дүмпуі келіп,
ұжымдастыру басталып, ел арасында отырықшылыққа жап-
пай көшу күштеп жүргізілгені мəлім. Мұның салдары қандай
зардаптарға, қайғы-қасіреттерге ұрындырғаны баршамызға
белгілі.
Егер еліміздің тарихындағы түрлі реформалар Əлихан
мен Ахмет бастаған қазақ зиялыларының көзқарастарына сай
жүргізілген болса, халқымыз мұндай алапат нəубетке ұрынбаған
болар еді. Мұның өзі қазіргі күнге де сабақ болса керек. Бүгінгі
таңда да ауылдағы күрделі ахуалдарға көз жүгіртсеңіз, ел
238
ішіндегі асығыс жаңартулардың олқы тұстары «мен мұндалап»
тұр. Демек, «Алаш» қозғалысы басшыларының əлеуметтік
экономикалық көзқарастары мен тұжырымдарын, жоба-жо-
спарларын бүгінгі таңда да мықтап ескеріп, оқып-үйреніп
басшылыққа алып отыруымыз өте маңызды, əрі келешекке
қажет демекпін.
Шындығында, Ахмет Байтұрсынұлының қоғамдық даму
заңдылықтары жөніндегі көзқарастарын тереңдей зерделесек,
ол қоғамның дамуының қозғаушы күші таптық күрес емес
екенін, сондай-ақ, қазақ қоғамының тапқа бөлінуін зардап-
ты деп дəлелдегенін ұғынамыз. Ол «Төңкеріс жəне қазақтар»
(Революция и киргизы) деген мақаласында қазақтарда капи-
тализмнің нышаны да, тапқа жіктелу де жоқ екенін, тіпті
меншік дегеннің өзі өзге халықтар секілді нақты айқындалып
белгіленбейтінін, көптеген тұтыну заттары ортақ игілік бо-
лып табылатынын баса көрсетеді де, қазақтардың Ресейдегі
алғашқы 1917 жылғы Ақпан төңкерісін барынша құптағанын
мұны патша үкіметінің езгісінен құтылу деп қабылдағанын,
ал екінші төңкерісті қорқынышпен, үреймен қарсы алғанын,
мұны мүлде түсінбегенін, өйткені, қазақтардың арасында
таптық (жікке бөліну) антагонизм болмағанын нақты дəлелдеп
жазады.
Ахмет Байтұрсынұлы мұнан басқа «Этностың пайда бо-
луы жəне 1913 жылдардағы экономикаға сыни көзқарас» деген
мақаласында экономика мен ғылым-білімнің тығыз байланы-
сы, оның тарихи шарттарын негіздеді. Сөйтіп ол кез келген
қоғамдағы прогрессті сауаттандыру, білімді болумен тығыз
байланысты екенін атап көрсетті. Қандай бай болса да білімсіз
халық сол байлығынан айырылатынын, оның қазына байлығы
білімдар халықтың қолына ауысатынын атап көрсетеді. Əрі
ол нақты сандық есептеулермен экономикамыздың біржақты
шикізаттық бағдарға ұрынуын, біздің технологиялық ілімді
игермегініміз, артта қалушылығымыз екенін дəлелдей отырып,
өзге өркениетті жұрттарға жем болатындығымызды көрсетеді
дейді. Көреген ойшыл еліміздің ұлттық шаруашылығына бір
жағынан халықтың өресіздігі зиян келтірсе, екінші жағынан
239
сауатсыздықтың салдары да елді тəуелділікке ұрындыратынын
ескертеді. Сондай-ақ, бұл мəселені саналы азаматтың мықтап
ескеруі тиіс екенін баса айтады. Байқағандарыңыздай Байтұр-
сынұлы айшықтары тəуелсіз еліміздің ұлттық экономикасын
жасап отырған бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптарымызбен де
үндесіп жатыр.
Ахаңның пайымынша «халықты озық ойлы технологиялық
ақыл-оймен қаруландыра алсақ, онда шет жұрттардың езгісінен
құтылатынымыз сөзсіз». Бұл ой-пікір ХХ ғасырдың басында
айтылса да дəл қазіргі тұрмыс-тірлігімізді жақсарту жөніндегі
біздің ой-арманымызбен қабысып, кірігіп жатыр. Тіпті,
бір ғасыр бұрын қазіргі біздің алдымызда шешімін күткен
мəселені дөп басып, болжап айқындаған А.Байтұрсынұлы-
ның көрегендігіне қалай сүйенбессіз. Ал патшалық Ресейдің
аграрлық саясатына жер мəселесіне Алашорда басшыларының
көзқарасын бағамдасақ та, көп жайтті айқын аңғаруға бола-
ды. 1905 жылы шілде айында қазақ зиялыларының бір тобы
Ресей үкіметіне өз наразылықтарын білдірді. Онда орыс
бодандығына түскен қазақ елі, ата-бабамыздың қанымен ие
болған жеріне деген меншіктік құқына мемлекеттің қол сұғып
отырғандығы атап көрсетіліп, «орыс үкіметінің ешқандай
себепсіз қоқан-лоқы күштеу арқылы заң шығарып, бүкіл қазақ
даласын мемлекеттік меншік деп жариялауы салдарынан қазақ
еліне орыс мұжықтарының ағылып келуіне жол ашылып, ең
шұрайлы жерлер соларға беріліп, ал «қазақтар» жарамсыз
жерлерге ығыстырылғанын» мəселе етіп көтерді. Ақиқатында,
қазақ зиялыларының бұл мəселедегі көзқарасы айқын əрі
түсінікті еді. «Қазақ жерінің мемлекеттік меншік болып жари-
ялануы жəне келімсектердің қоныс аударуы дереу тоқтатылуы
керек». Қазақтардың ұйғарымынсыз орыстар олардың жерін
уақытша да, өмірлікке де пайдалануына, иеленуіне жол
берілмеуі тиіс деген олар патша үкіметіне жіберген талабында.
Ахмет Байтұрсынұлы «бодандық ағынды тоқтату керек.
Бүкіл жерімізді меншігімізге алып, өзіміздің дəстүрімізбен өмір
сүрейік» деп дабыл қақты. Алашордашылардың империяның
аграрлық саясатына қарсы жəне ұлттық өзін-өзі басқару (би-
240
леу) жолындағы бүкіл күресі шын мəнінде осынау ұранға сай-
ды. Мұндай ойды Думаның мінберінен Мұсылман фракция-
сы мүшелері үнемі айтумен болды. Бірақ, А.Байтұрсынұлы
Мемлекеттік дума депутаты емес еді. Алайда, оның қазақ
жұртының жері «мемлекеттік меншік болмауы тиіс, бұл қазақ
халқының тікелей өзінің меншігі болып табылатындығы
жөніндегі ойлары» Ресейдің парламентіндегі тұңғыш заңгер
Бақытжан Қаратаевтың аузымен бірнеше рет айтылады.
Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы жəне қазақтың
өзге де демократ азаматтарының жер мəселесі жөніндегі
көзқарастары «Алаш» партиясының бағдарламасында барынша
айқын қамтылды. Олар Жер туралы Құрылтай жиналысының
заңын шығарғанда жерді бірінші кезекте төл халыққа үлестіріп
беру мəселесін көтерді. Мұның өзі жергілікті ұлттың мұң-
мұқтажы мен талап-тілегіне сай келетіні түсінікті. Сондай-ақ,
бағдарламада жерді сатуға үзілді-кесілді тыйым салынатыны
жөнінде де нақты айтылды. Мұның өзі қазақтардың өз жерінен
айырылып қалу қаупінен, жерді байлар мен шет жұрттық
іскерлердің сатып алып иелену қаупінен туындаған көзқарас
болатын. 1911 жылы А.Байтұрсынұлы «Айқап» журналында
«Қазақ өкпесі» деген мақаласында жерді сатуға құқ берген
жағдайда кейбір қазақтардың меншігіне алған жерін дереу са-
тып, сауық-сайран салатыны, сөйтіп ертеңінде-ақ қаңғырып
қалатынын кеңінен сөз етеді. «Қазір қазақтар арасында жерін
жалға бергісі келгендер аз ба? Кімде-кім жерін жалға бергісі
келгенімен, оны сатпай тұра алмайды ғой» деп жазды ол. Бұл
сөзде халықтың мұң-мұқтажын тереңнен ойлағандықтан ащы
шындық жатты.
«Алаш» партиясының бағдарламасында «аудандық жəне
ауылдық қоғам жерді жеке отбасылар болып емес, бір атадан
тараған туыстар бірігіп пайдалану жүзеге асырылуы тиіс, бүкіл
жер байлығы – ірі ормандар, өзендер мемлекеттің қарауына
жатады жəне жер жөніндегі құрылым арқылы басқарылады»
деп жазылды. Сөйтіп, «Алаш» партиясының бағдарламасында
экономика мəселесіндегі аграрлық бөлімінде қазақ көшпелі
қоғамының ішінде жерді ұжымдық пайдалану жөніндегі талап-
241
тар қамтылды. Мұның өзі жерді жеке адамдардың бөлшектеп
меншіктену институтын жойып, жер сатуға, əсіресе жер шет
жұрттықтарға сатуға тыйым салу мақсатынан туындады. Бұл
дегеніміз кертартпалық консерватизм нышаны емес, қазақ
демократтарының халықтың табиғатын терең түсінгендігінің,
сол кезеңдегі нақты тарихи жағдайға сергек қарай білгендігінің
белгісі еді. Олар қазақтар арасында тауар – ақша, нарықтық
қатынас барынша дамып, ұлттық буржуазия қалыптасатынын,
сөйтіп бұлар бүкіл халықтық мүддені қорғауға қабілетті бола-
тынын аңғара алды.
Демек, бүгінгі таңда да біз жер реформасын жүргізгенде
жерді жеке меншікке беру ұранын көтеріп, алғы кезеңге де
көз жібермей отырғанымыз жөн болмақ па? Қазақ қоғамында
қазір жоғарыда «Алаш» партиясы атап көрсеткеніндей,
ұлттың мүддесін қорғауға бейім буржуазиямыз қалыптасып
үлгерді ме? Бұл тұрғыдан салмақтасақ, жерді жеке меншікке
беру мəселесіндегі қызу айтыс-тартысқа күдікпен, сақтана
қарағанымыз жөн болар. Бір сөзбен айтқанда, бұл мəселедегі
алашордашылардың көзқарасы қазіргі күнге де қызмет етіп
тұрғанын аңғару қиын болмаса керек.
Бұған дейін үнемі айыпталып айтылып келгеніндей, Байтұр-
сынұлы жəне ұлттық либералдық зиялылар «қазақ халқын
ескірген орта ғасырлық шаруашылық жағдайына кері сүйре-
ген» жоқ, қайта олар халықтың жақсы өмір сүруін көздеп, же-
келей ауыл шеңберінде шаруашылықты ортақтасып өз алдына
дербес жүргізуді, нарық экономикасы дағдысын меңгеруді, со-
нан кейін барып, жерге жекеменшік құқын иеленуді жақтады.
Бұл Байтұрсыұлының өз халқына деген протекционизмі бол-
ды. Өйткені, қазақтар əлеуметтік экономикалық даму жағынан
көрші халықтардың əсіресе, экономикалық жағынан іскерлігі,
кəсіпкерлігі, мəдениеті едəуір дамыған ұлттарға қарағанда арт-
та қалып келгені жасырын емес.
Ахмет Байтұрсынұлы мен оның жақтастары өздерінің
аграрлық мəселе жөніндегі көзқарастарынан Кеңес үкіметі
жылдарында да бас тарта қойған жоқ. Мəселен, 1920 жылы
шабындықтар мен жыртылған жерлерді теңестіру өлшемін
242
олар негізсіз эксперимент жəне «даладағы азамат соғысы» деп
есептеді. Олар 1928 жылғы малды тəркілеуге қарсы шығып,
мұны «халықты тонау» деп əшкереледі. Ең бастысы, қазақ
қоғамының əл-ауқатын көтеруге қажетті ірі корпоративтік жəне
фермерлік шаруашылықтарды құру идеясын негіздеді. Тұтастай
алғанда, Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы жəне «Алаш»
партиясының өзге арыстарының еңбектерінде экономиканың
өтпелі кезеңі теориясының негізін Қазақстанның өмір сүру
ерекшелігін ескере отырып, жан-жақты дəлелдеп жасады
жəне шаруашылық түрлерінің дəстүрлі əдіс-тəсілдерінен жаңа
нарықтық қатынасқа байыппен, бірқалыпты, эволюциялық
ырғақпен көшудің жолдары айқын көрсетілді. Бұл жағынан
қарағанда, олардың көзқарастары мен ақыл-ойлары өздері өмір
сүрген қасіретті кезеңінен əлдеқайда озық болғанын жəне сол
кезеңдегі билеушілерге түсініксіз болып қалғанын ұғынамыз.
Тек бүгінгі таңда олардың аса бай мұрасын зерделеп-зерт-
теп, қазіргі ұрпақ олардан бүгін өздерін толғандырып жүрген
көптеген күрделі мəселелерге нақты ғылыми жауап тауып
отыратыны күмəнсіз. Осы қырынан алғанда, өзге кемеңгерлер
секілді Ахмет Байтұрсынұлы қашанда уақыттан озық тұрған
ұлы тұлға. Əр ұрпақ оны өзінше бағалап, əр ұрпақ одан үнемі
оқып-үйреніп отыратыны күмəнсіз.
243
Нұргелді Уəлиұлы,
филология ғылымдарының докторы
ҰЛТТЫҚ ЖАЗУДЫҢ ҰЛЫ ДИҚАНШЫСЫ
Cан ғасырлық тарихы бар, өркениетті əлемге кеңінен
тараған араб, латын, кирилл, т.б. əліпбилері əр заманда ондаған
тілдің жазба түрде қызмет етуіне негіз болып, жалпы адамзат
мəдениетінің дамуына, қоғамның ілгерілеуіне ерекше ықпал
етті. Олардың біреуі «жақсы», «керемет», екіншісі «түкке
тұрғысыз», «нашар» деп үзілді-кесілді «үкім» шығаруға бол-
майды. Мұндай үкім əліпби туралы айтыс-таласта бұрын
да көп айтылған, қазіргі кезде де аз айтылып жүрген жоқ.
Əрине, белгілі бір тілдің дыбыстық құрылымына негізделген
əліпби жүйесін екінші бір тілге механикалық тұрғыдан көшіре
салу оң нəтиже бермейді: ондай графикалық жүйені игеру
үшін мыңдаған адам, мейлі араб, мейлі латын, мейлі кирилл
əліпбилері болсын, артық уақыт, артық күш-жігер жұмсайды.
Сондықтан мəселе белгілі бір əліпбиді нақты бір тілдің
дыбыстық жүйесіне оңтайлы етіп беруде болып отыр.
ХV-ХVІІ ғғ. қазақ мемлекеттігімен байланысты қазақ тілінде
жазылған əр түрлі жазба мəтін, құжат нұсқалар болды. Демек
жазба тіл болғаны хақ. Қазақ хан-сұлтандарының бұйрық-жар-
лықтары, көрші елдермен жазысқан дипломатиялық қатынас
қағаздары, өзара жазысқан хаттары т.б. ескі қазақ жазба тілінің
үлгі-нұсқалары болып саналады. Академиктер Ə.Марғұлан,
Р.Сыздық т.б. ғалымдар Қадырғали би Жалайыридың тари-
хи жазбалары, Əбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресін» ескі
қазақ жазба тілінің бастау көздеріне жатқызады. Проф. Ба-
баш Əбілқасымов «Түркістан уəлаяты» (1870-1882), «Дала
уəлаяты» газеттерін ескі қазақ жазба тілінің үлгілері деп та-
ниды. Сондай-ақ Мəшһүр Жүсіптің жазба мұраларында ескі
қазақ жазба тілінің үлгілері молынан кездеседі.
Рас, ескі қазақ жазба тілінің жазу жүйесі күрделі. Өйткені
оның құрылымы əртекті (гетрогенді) болды: 1) қазақ тілінің
элементтері, 2) ескі қыпшақ тілінің элементтері, 3) қарлұқ,
244
оғыз-қыпшақ, сондай-ақ араб-парсы тілдерінен алынған ауыс-
түйістер молынан кездесіп отырды. Осыған қарап кейбір
зерттеушілер бұл тілді шағатай немесе ескі татар тілі деп қате
тұжырым жасады. Қазақ топырағында жасалғандықтан, қазақ
қоғамына, қазақ мемлекетіне қызмет еткендіктен, қазақтың
халық тілі элементтері, əуелде аздау болғанымен, кейініректе
молынан қолданылғандықтан, бұл тіл ескі қазақ жазба тілі деп
арнайы терминмен аталып жүр.
Əрине, ескі қазақ жазба тілі бастан-аяқ қазақтың халық
тілі болмағанмен, сауатты, хат танитын адамдардың қатынас
құралы болып, қоғамның мəдени қажетін өтеді.
Əсіресе ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басын-
да ағартушылар, белгілі түркітанушы ғалымдар жазу-сы-
зуды реформалау қажеттілігіне айрықша назар аударып,
демократиялық бағытқа қарай бетбұрыс жасауды көздеді. Жа-
зу-сызуды демократияландырудың негізгі мəні жазуды барын-
ша халық тіліне жақындату еді. Жазу жүйесіндегі таңбалар
ауызша тілдің дыбыстық жүйесіндегі бірліктерді бейнелеуге
тиіс болды. Ал бұрынғы араб əліпбиіне негізделген түркі жа-
зуының графикалық жүйесінде ауызша қолданыста жоқ архаи-
калық элементтер мен орфографиялық шарттылықтар, екі-
ұшты оқуға болатын таңбалар жиі кездесіп отырды. Міне,
мұндай жайттар араб əліпбиінің түркі тілдерінің дыбыс жүйе-
сіне жарамсыз деген пікірлердің жиірек айтылуына себеп бол-
ды. Бұл жерде араб əліпбиін «жарамсыз» деуден бұрын, ал-
дымен араб əліпбиіне негізделген түркі жазуы қайсы тілдің
дыбыстық жүйесінің графикалық көрінісі деген мəселенің
басы ашылмаған болатын. Шындығында, ол кездегі түркі жаз-
ба тілі белгілі бір халықтық тілдің («тірі» тілдің) лексикалық,
грамматикалық, дыбыстық жүйесінің дəлме-дəл бейнеле-
ген емес. Ол халықтық тілден едəуір айырмасы бар кітаби
тілдің тұрпат межесін белгілейтін графикалық жүйе бола-
тын. Сондықтан сол кездегі тілдік жағдаятты халық тілі өз
алдына, ал жазба тіл өз алдына жүйе деп тануға болады.
ХІХ-ХХ ғғ. мұндай гомогенді диглоссия жағдаяты ағарту
ісін қалың бұқараға қарай бұру ісіне қиындық келтіре баста-
ды. Жазу-сызуды азғана топтың емес, жалпы жұртшылықтың
245
игілігіне айналдыру мақсаты тұрды. Бұқара жұртшылықтың
сөйлейтін тілінен оқыған сауатты адамдар қолданатын кітаби
тіл жүйесінің едəуір айырмасы болды. Осымен байланысты
барлық ағартушылар алдында екі түрлі бағыт тұрды. Бірі
бұрынғы кітаби тілдің жазу жүйесін өзгертпей-ақ халықтық
тілдің элементтеріне кеңінен жол ашу; екіншісі - жазу-сызу-
ды ауызша тілдің жүйесіне лайықтап жасау, яғни жазу-сызу
жүйесін түбегейлі реформалау еді.
Жазу-сызумен байланысты бұл екі бағыт қазақ қоғамының
мəдени өмірінде жарыса жүрді. «Дала уалаяты», «Айқап»,
«Қазақ» т.б. мерзімді басылымдар мен кейбір баспа өнімдері
тіліне халықтық тіл элементтері дендеп ене бастағанмен, ескі
жазба тілге тəн кейбір нормалар сақталып отырды. Оның
бірнеше себептері болды. Солардың негізгілері, бір жағынан,
дінге, екінші жағынан, жазудағы ортақ дəстүрлі норма-
ны сақтау дегенге саяды: «[...] үш жүз миллион мұсылман
халықтың арасында біз, қазақ та, бармыз. Біз де сол жүз мил-
лион мұсылмандарша араб хəрпін қабылдап отырмыз. Біздің
тіліміздегі бар дыбыстардың араб хəрпінде жоқтары бар,
араб хəрпінде бар дыбыстардың біздің тілімізде жоқтары бар.
Соның үшін араб хəрпін тілімізге дөп келерлік етіп бейімдемек,
жазуды еркін бет-бетімен жаза бермей, белгілі бір соқпаққа
салмақ бізге де міндет. Бұрын бұл мəселе ескерілмесе де, енді
ескерілетұғын көрінеді. Соқпақ саламыз дегенде ескерілетін
жерлер: Біз, қазақ халқы, мұсылман дініндеміз, мұсылман
болғанымыз үшін біздер мұсылман дінін үйренуге, шариғат
хүкімдерін білуге, ислам дінінше амал қылуға борыштымыз.
Ислам дінінше амал қылу үшін біз «Құран» оқуға, үйренуге
міндеттіміз. Соның үшін біз өзімізге арнап емле түзгенде, сол
ислам дінін үйренуден алыстарлық емле қолданбаумыз керек.
Балаларымыз діни рухта тəрбие алсын. Жұрттың бəрінің бірдей
балаларын зор медреселерге жіберіп, ислам ғылымын түгел
оқытуға парасатты бола қоймайды; бір қатарлары балаларын
тезірек хүкімет мектебіне береді; бір қатарлары намаздығын
танып, жазу-сызу білетұғын болған соң үй шаруашылығына
айналдырады; соның үшін де балаларымыздың жасынан-ақ
дін ғылымына түсініп, құран оқуға үйренуі, араб хəріптеріне
246
жаттығулары тиіс. Қазақша «Əліппе» жазушылар осы жағын
өте ескеру керек. Осы күнгі қалыпта хүкімет мектептерінде
оқып жүрген қазақ шəкірттерінің көбі-ақ бұл айтылған қалыпқа
келіп жетпейді. Араларында құран аятынан екі жол қосып оқи
алмайтындары да толып жатыр, бұл – бір.
Екінші, хəріп жаңа «Əліппе» жұртты қосуға да, айыруға да
себепкер болғандықтан, біздің тұтынған хəрпіміз басқа түркі
балаларының хəріптерінен ұзақтап бөлініп кетпеске тиіс;
аталарымыз «саяқ жүрсең таяқ жерсің» депті ғой. [...] біз не
де болса бізден көрі мəдениет дyниясына бұрын аяқ басқан,
бізден көрі ояуырақ діндес-қандасымыз ноғай жұртынан алыс
жүрмелік. Соларменен ұрандасып, бірімізге біріміз шылбыр
берісіп, бірге қимылдалық» (М.Сералин. Айқап. №4, 1914).
Ал екінші бағыт ескі кітаби тілдің грамматикалық жүйесінен
(араб əліпбиінен) мүлде бас тартып, орыс жазуына көшу бола-
тын. Бұл жөнінде кейбір қазақ оқығандарының арасында айты-
лып жүрген пікірлердің сыңайы мынадай: «Инспектором ино-
родческих школ Оренбургского ученого округа г.Катаринским,
при участии учителей-киргиз, составлен и частью издан целый
ряд книжек для чтения и элементарных учебников для изуче-
ния киргизами русской грамоты и русского языка...
Важной особенностью всех этих книжек является то, что
киргизский текст напечатан в них русскими буквами. Этим до-
стигается та выгода, что для учащегося киргиза до невероят-
ности облегчается возможность научиться читать на родном
языке, если киргизские слова изображены русскими буквами.
Это потому, что русская азбука гораздо лучше и точнее пере-
дает звуки киргизского языка, чем арабская, при том одна и та
же арабская буква имеет несколько начертаний, что представ-
ляет главное неудобство арабского алфавита. При том же, при
новом способе начертания киргизского текста, по одной и той
же книжке могут с одинаковым успехом учиться как киргиз
русскому языку, так и русский киргизскому. Счастливая мысль
– заменить для киргиз арабский алфавит русским, как извест-
но, впервые пришла в 70-годах известному Алтынсарину, при-
менившему ее на деле, и с тех пор составляет мечту всех об-
разованных киргиз, желающих облегчить своему народу путь
247
к просвещению. Тем более эти книги достойны внимания, что
они являются первой после Алтынсарина, попыткой освобо-
дить киргизский язык от арабщины и татарщины, которыми
сплошь и рядом наполнены обыкновенные киргизские книж-
ки» (О.Альжанов. Полезные книги для киргизов).
Қазақ тілін «арабщина», «татарщина»-дан «құтқару» идея-
сы шын мəнінде Н.Ильминскийдің миссионерлік саясатының
«жемісі» болатын. Н.Ильминский қазақтарды ашықтан-ашық
ислам мəдениетіне қарсы қою əрекетінен нəтиже шықпасын
жақсы білді. Қазақ қоғамындағы ислам мəдениетінің түп тірегі
жазуда екенін, бұратана халықтарды дəстүрлі дінінен айы-
ру үшін ең алдымен олардың əліпбиін, жазу-сызуын аластау
екенін жақсы түсінді. Қазақ қоғамындағы араб жазулы рухани
дүниенің бəрін «татарша», «тілі шұбарланған», «таза емес»,
араб-парсы сөздерімен шұбарлаған деп қазақтың ескі жазба
тілі (кітаби тілі) деп аталатын рухани-мəдени құндылықты
халық тіліне қарсы қойды. Бірін даттап, екіншісін мақтады.
«Алфавит служит обыкновенно признаком и памятником
соотношений религиозных. Та почти историческая аксиома,
что когда один народ принимал от другого народа веру, то вме-
сте с верой принимал от него и алфавит.
...Если бы каким-нибудь чудом все подвластные России
племена, исповедующие магометанство, вдруг приняли право-
славную веру, то и русский алфавит вошел бы к ним без вся-
кого затруднения. Но пока они остаются в магометанской вере,
до тех пор русской азбуке будет крайне трудно бороться с ал-
фавитом арабским. Если, в виду тех или других соображений
необходимо ввести в языке магометанские племен русскую
азбуку, то нужно найти или создать какую-нибудь опору для
нее в симпатии магометан. За недостатком религиозного сочув-
ствия, можно опереться, напр., на идею звукового преимуще-
ства. Арабский алфавит очень неудобен для языков татарских,
поэтому особенно, что бы беден знаками для гласных звуков,
которыми напротив языки татарской группы богаты» деп.
Н.Ильминский араб əліпби түркі тілдерінің, оның ішінде
қазақ тілінің дыбыс жүйесін, əсіресе дауыстыларын бере
алмайды деп, қазақ оқығандарын иландыруға тырысады.
248
Қазақтың ескі кітаби тілінің құрылым жүйесінде кездесетін
а) архаикалық белгілерді, ə) қарлұқ, б) оғыз-қыпшақ, в) қыпшақ
элементтерін, г) орфографиялық шарттылықтардың бəрін
«татардікі», «қазақтікі» емес деп уағыздайды. Сол уағызға ер-
ген кейбір қазақ оқығандары қазақтың ескі жазба тілін «татар-
щина», «арабщина» деп жағымсыз реңмен атады.
Н.Ильминский алғаш рет қазақ тілі материалдарын орыс
жазуына түсіріп, орыс əліпбиімен берудің үлгісін жасады.
Ондағы көздеген мақсаты орыс əліпбиін қазақ оқығандарының
санасына сіңіру, сөйтіп, араб əліпбиін «жарамсыз» етіп, қазақ
қоғамын ислам мəдениеті мен рухани дүниелерін шеттету еді.
Оны Н.Ильминскийдің мына сөзінен айқын аңғаруға болады:
«Так и у нас в России единство алфавита, даже самое точное,
не приведет к внутреннему единению инородцев с русски-
ми, пока первые не объединятся с нами в вере православной.
Я даже полагаю, что иноверные инородцы, имеющие свою ре-
лигиозную письменность, как, например, татары-магометане,
или ламайцы-буряты, не примут русского алфавита ни цели-
ком, ни с какими угодно приспособлениями и прибавками. Все
наши инородцы, как и русский сельский народ, находятся в пе-
риоде религиозного миросозерцания и руководствуются рели-
гиозными мотивами».
Н.И.Ильминскийдің қазақ тілі дыбыстарын орыс əліп-
биіндегі əріптермен таңбалауы онша сəтті бола қойған жоқ.
Араб əліпбиіндегі əріптер дауыстыларды таңбалауға кедей бол-
са, орыс əліпбиі дауыссыздарды таңбалауға жеткіліксіз болып
шықты. Н.И.Ильминскийден кейін де қазақ мəтіндерін орыс
əліпбиімен берудің В.В.Радлов, Ы.Алтынсарин, В.Катаринский
т.б. жасаған үлгілері болды. Бірақ сол үлгілердің бəріне ортақ
кемшілік – қазақ тілі фонологиялық жүйесінің жыға танылма-
уымен байланысты еді.
Міне, осы қысқаша баяндаудан халық тілінің дыбыстық
жүйесін белгілейтін жаңа типтегі əліпби түзуде, жазу үлгісін
жасауда едəуір қайшылықтар мен қиындықтардың діни,
азаматтық, дəстүрлі мəдениет пен ағартушылықтағы жаңа
бағыт т.б. тəрізді аса күшті əлеуметтік факторлармен байланы-
сты екенін байқауға болады.
249
Сонымен, қазақ жазуына реформа жасаушылардың алдын-
да негізінен мынадай басты міндеттерді шешу күн тəртібінде
тұрды: қазақ жазу-сызуы қай əліпбиді қолдану керек?
Графикалық жүйенің мазмұн межесі байырғы түркі жаз-
ба тіліне тəн архаикалық элементтерді, қарлұқ, оғыз-қыпшақ
(қыпшақ-оғыз), таза қыпшақтық, қазақтық белгілерден тұра-
тын құрылымдық жүйені белгілеуі керек пе, əлде бірыңғай таза
халықтық тілдің (сөйлеу тілін) жүйесін тірек етуге тиіс пе?
Жазу жүйесі жалпы халықтық тілдің құрылымын арқау етсе,
қай əліпбиге (араб əліпбиіне, əлде орыс əліпбиіне) негізделуге
тиіс? Тілдегі фонемалардың құрамы дұрыс анықтала ма?
A.Байтұрсынұлы жазу-сызудың арқауы халықтық тіл болуы
керек деген тұжырымды ұстанып, жазуды аз ғана оқығандардың
емес, көпшіліктің білім, тəрбие құралына айналдыру, яғни жа-
зу-сызуды демократияландыру қағидасын дəйекті түрде жүзеге
асыруды, даналықтың дəнін себуді мақсат етті.
Солай еткенде ғана жазу-сызу ат төбеліндей аз ғана эли-
тарлық топтың ғана емес, күллі халықтың игілігіне айналуға
тиіс болды. Осымен байланысты ағартушылардың алдында
екі таңдау тұрды. Біріншісі – оқу-ағарту, сауаттандыру ісінің
бұқаралық сипат алуы үшін араб графикасына негізделген
бұрынғы əліпбиді негізге алып, ескі жазба тілдің графика емле
дəстүрін сақтай отырып, қолданыстағы жазу дəстүрінен қол
үзбей, тек азды-көпті оңтайландыру болды. Бұл Айқаптың
ұстанымы еді.
Екіншісі – ескі жазба тілдің графикалық жүйесінен мүлде
бас тартып, қара халықтың ауызша тіліне негізделген əліпби
жүйесін жасау. А.Байтұрсынұлы екінші жолды таңдады.
Мұның бірнеше себептері болды: біріншіден, күнделікті
өмірде қолданылып жүрген тілдің дыбыс жүйесін арқау еткен
жазу-сызуды халық тез игеретінін, екіншіден, Р.Сыздықтың
айтуынша, ХV–ХVІІ ғғ. қазақ халқының мəдени өмірінде […]
қазақ халқын құраған ру-тайпалардың əріден келе жатқан
поэзия тілінің негізінде ауызша дамыған əдеби тіл қызмет
етті. Осы аталған ауызша тілдің үлгілері болып саналатын
шешендік сөздер, эпикалық туындылар, ақын-жыраулардың
аса мол көркем дүниелері, мақал-мəтелдер, тұрмыс-салт жыр-
250
лары т.б. түбінде жазба тілдің нормаларына тірек болатыны-
на, сондай-ақ қазақ тілінің бірегей, біртұтас тіл екеніне Ахаң
жете мəн беріп, тереңнен түсінді. Бұл факторлар жазуды халық
тіліне негіздеудің тиімділігін көрсетті. Ал өзбек, ұйғыр, татар
тілдерінде диалектілік құбылыс басым болғандықтан, халық
тілі біртұтас болмады.
Халық арасына аса кең тараған эстетикалық-тəрбиелік,
танымдық мəні, көріктеуіш құралдары, азаматтық-қоғамдық
үні айрықша ауызша əдебиет үлгілері бар екенін, оның
қалыптасқан тілдік, стильдік нормалары жаңа сападағы жа-
зу-сызу тyзуге мықты тірек болатын əлеуметтік-тілдік фактор
екенін А.Байтұрсынұлы терең түсінді.
Жалпы тіл білімінде тұңғыш фонологтар деп əдетте əліпби
түзушілерді айтады (олардың фонологиялық зерттеу жа-
зуы шарт емес). А.Байтұрсынұлының қазақ тілінің дыбыста-
ры жөніндегі фонологиялық көзқарасы алдымен өзі түзген
əліпбиден көрінеді «Қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс бар. Оның
тоғызы дауысты, он тоғызы дауыссыз. Дауысты дыбыстар:
ﺍ /а/, ﻭ /о/, ﯟ /ұ/, ﻯ /ы/, ﻩ /е/ жəне ə, ө, ү, і. Дауыссыз дыбыстар
мынау: ﺏ /б/, پ /п/, ﺕ /т/, ﺝ /ж/, ﺶ /ш/, ﺩ /д/, ﺭ /р/, ﺯ /з/, ﺱ /с/,
ﻍ /ғ/, ﻕ /қ/, ﻙ /к/, گ /г/, ڭ /ң/, ﻝ /л/, ﻡ /м/, ﻥ /н/. Жарты дауысты ды-
быстар: шолақ ﯟ /у/, һəм шолақ ﻱ /й/.» Бірақ А.Байтұрсынұлы
тоғыз дауыстының бас-басына таңба алмай, «Бес дауысты»
жүйемен əліпби түзе келіп, олардың əрқайсысын бір-бір
əріппен белгілейді. Сөйте отырып, əлгі əріптер арқылы жа-
зуда əр фонеманың екі түрлі əуезін (жуан, жіңішкелігін)
сол фонеманың таңбасына сыйғызып береді. Сөйтіп, төрт
дауыстының бас-басына əріп алмай-ақ, дəйекші арқылы жуан
немесе жіңішке (дəйекші болмауы – жуан оқуды, дəйекші бо-
луы – жіңішке оқуды) əуезде оқылатындай жазу жүйесін жасай-
ды. А.Байтұрсынұлы əліпби жүйесінің, түптеп келгенде, сол
кездегі жəне қазіргі жазу жүйесінен өзгешелігі əріптердің əрі
дыбыстық мəнді əрі сөз əуезін (жуан-жіңішке əуезін) білдіріп,
біте қайнасып тұрған ішкі құрылымдық ерекшелігінде.
«Біте қайнасқан» бұл ерекшелік қазақ тілінің сингармонизм
жүйесімен ерекше үйлесім табады: «Тəнді жан қандай биле-
се, дауысты дыбыстар басқа дыбыстарды солай билейді; яғни
251
дауысты дыбыстар жуан айтылса, дауыссыз я жарты дауысты
дыбыстар да жуан айтылады. Дауысты дыбыстар жіңішке ай-
тылса, басқа дыбыстар да жіңішке айтылады. Бұлай болғанда
дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке айтылмағын белгілеп
айырсақ, басқа дыбыстардың да жуан-жіңішке айтылатындығы
да айырылғаны» /А.Байтұрсынов, Тіл тағылымы, 325-б./.
А.Байтұрсынұлы түзген əліпби жүйесінде фонемалар мен
əріптердің сандық қатынасы 28 /фонема/: 24 /əріп/ болып
шығады. Мұндай қатынас, «əліпбидегі əріптің саны фонеманың
санына аз-кем төмен болуға тиіс» деген жазу теориясындағы
ең жақсы əліпби шартымен үйлесіп жатады.
А.Байтұрсынұлы тек əліпби түзіп қойған жоқ, фонология
теориясындағы айырым белгі əдісін қолдану арқылы қазақ
тілінің дыбыс жүйесі мен түзілімін 9 дауысты, 19 дауыссыз
деп тұңғыш рет дəл анықтады. Дауыстылар мен дауыссыздарға
берген сипаттамасына қарағанда А.Байтұрсынұлы дауыс-
тыларды функционалдық басыңқы жүйе, ал дауыссыздар-
ды функционалдық бағыныңқы жүйе деп таниды. Мұндай
лингвистикалық танымның мəні айрықша. Əдетте басыңқы
жүйенің (дауыстылардың) бағыныңқы жүйеге əсері, ықпалы
күшті болады. Соның салдарынан бағыныңқы жүйенің (да-
уыссыздар) жүктемесі де көбейе түседі. Мəселен дауыстылар-
ға қарағанда дауыссыздардың реңктері əлдеқайда көп бо-
лып, басыңқы жүйенің ыңғайына қарай жуан, жіңішке,
еріндік, езулік болып түрленіп отырады. Сөйтіп, жуан не-
месе жіңішкелік белгі бүкіл сөз бойы тұтаса айтылып, əуен-
əуез бірлігіне айналады. «Байтұрсын əліпбиіндегі» (жалпы
тіл біліміндегі атауы, Самойловичтің термині) дəйекші əуен-
əуез бірлігін бейнелесе, жеке əріптер жекелеген дыбыстық
бірліктерді көрсетеді. Байтұрсын жазуының графемалық жүйесі
тұрпат межесі тұрғысынан сегменттік əрі суперсегменттік
бірліктерді (жуан, жіңішкелікті) белгіледі. Сондықтан да бұл
жазу жүйесі қазақ тіліндегі сингармонизм табиғатымен барын-
ша үйлесімді болды. Байтұрсын жазу жүйесінің бұрынғы араб
əліпбиі негізіндегі ескі қазақ жазу жүйесінен, орыс əліпбиіне
негізделген жазу жүйесінен принципті айырмасы осында еді.
А.Байтұрсынұлына дейін араб əліпбиіне негізделген қазақ
252
жазуының тұрпат межесі жуан немесе жіңішкелік белгілерді
дауыссыздардың ырқына бағындырып бейнеледі, яғни
дауыстылардың жуан, жіңішкелігі дауыссыздардың жуан не-
месе жіңішкелік таңбасына қарай оқылады. Ал орыс əліпбиіне
негізделген жазу болса, біріншіден, сөздің жуан немесе
жіңішкелігіне тəн белгілерді жеке дыбыстармен «бөлшектеп»
берді, екіншіден, дауыссыздар жүйесінің дауыстылар жүйесіне
бағыныңқылық қатынасы ескерілмеді.
А.Байтұрсынұлы түзген əліпбиді сол кезеңдегі фоноло-
гиялық мектептің аға буын өкілдері, əлемдік лингвистиканың
көшбасшылары болған Е.Д.Поливанов, сондай-ақ Н.Ф.Яков-
лев тəрізді көрнекті фонологтер аса жоғары бағалады. Түркі-
танушы К.К.Юдахин мен А.М.Сухотин латын жазуына
көшкенше қырғыз халқының Байтұрсын əліпбиін сол күйінде
қолданғанын атап айтады. Мұның өзі Байтұрсын əліпбиінің
ұлтаралық мəртебесін көрсетеді.
Сондай-ақ А.Байтұрсынұлы түзген əліпби жазу тəжіри-
бесінде жұртшылықты сауаттандыру ісінде өте оңтайлы
болғанын М.Дулатұлының мына пікірінен айқын аңғаруға
болады: «Қазақ тілін қолына қалам ұстағаннан бері шылғи
қазақша жаза бастаған Байтұрсынұлы қазақ емлесі[н] шығарды,
оқу құралдары[н] жазды. Осы екі жылдың ішінде «Қазақ»
газетасының тіл, емле туралы қылған қызметі көзге көрінерлік
болды. Екі жылдың ішінде орта есеппен 250 мың дана «Қазақ»
нөмірі тарады, жаңа сөйлеммен 15-тей кітап шықты, бұлар 45
мың данадай бар. Осының бəрі қазақ арасына тарап жатыр.
Бұл емлені тосырқап түсінбейміз, оқи алмадық деген ешкімді
естігеніміз жоқ. «Қазақ» емлесін мұсылман медреселерінде,
орыс школдарындағы шəкірттер, учительдер, мұғалімдер жа-
была қабыл еткендігі былтырғы «Қазақ» нөмірлерінің көбінен
көрінеді. Бұл екі жылдық қана қызмет, иншала, мұнан кейін
артпаса, кемімес деген үміт зор».
А.Байтұрсынұлы бұрын тек бір ғана формада, яғни ау-
ызша түрде қызмет етіп келе жатқан ауызша əдеби тілдің
графикалық, орфографиялық жүйесін жасап, оның жазбаша
түрде қызмет етуін зерделеп берді. Таңба теориясы тұрғысынан
алғанда А.Байтұрсынұлының жасаған араб əліпбиі негізіндегі
253
жазу жүйесі тұрпат межесі тұрғысынан жалпыхалықтық тілдің
бір формасы болып табылатын ауызша əдеби тілдің дыбыс
бірліктерін, ал мазмұн межесі тұрғысынан сол тілдің мағыналық
бірліктерін белгіледі. А.Байтұрсынұлының лингвистикалық
мұрасын жан-жақты зерттеп, арнайы монография жазған
Өзбекстандағы қандасымыз, филология ғылымдарының док-
торы, проф. Махамбет Жүсіпов қазақ тіл білімі тарихын-
да А.Байтұрcынұлының қазақ тілінің дыбыстық бірліктер
түзілімін дəлме-дəл анықтауы арқылы ұлттық жазудың тұңғыш
фонемографиялық жүйесін жасағанын атап айтады.
Сөйтіп ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынұлы қазақ жа-
зу-сызуын демократиялық бағытқа (халық тіліне) бұрды;
қазақ жазуы фонетикалық жазудан фонемографиялық жазуға
қадам басты; ұлттық жазудың негізгі қаланды. Қазақ жазуы-
ның онтогенездік дамуындағы бұл ерекше кезеңде Ахмет
Байтұрсынұлы ақыл-парасаты, қажыр-қайраты лингвистикалық
ой тереңдігі жағынан дəуірдің дара тұрған біртуар ұлы тұлғасы
болды.
Алайда қазіргі қолданылып жүрген орыс графикасына не-
гізделген жазуды, менің ойымша, ұлттық сипаттағы жазу деп
тануға болмайды, өйткені, біріншіден, əліпби құрамында
қазақтың дыбыс жүйесін бейнелемейтін əріптер бар. Екіншіден,
қазақтың төл сөздері қазақ тілінің дыбыс ережесімен, ал толып
жатқан кірме сөздер (экономика, медицина, цех, футбол т.б.)
орыс орфографиясының ережесімен жазылып жүр. Бұл кезең
де Орталықтың нұсқауымен жасалған, тоталитарлық режимнің
«құндылықтары». Кіндігі орыс тіліне байланып қалған мұндай
қос тілді жазу-сызуды ұлттық сипаттағы рухани дүниеміз деп
тану екіталай. Сондықтан да даналықтың диқаншысы болған
Ахаңнан тағылым ала отырып, қазақ жазуын түбегейлі рефор-
малау арқылы оған ұлттық сипат беру кезек күттірмес өзекті
мəселелердің бірі болып отыр.
254
Достарыңызбен бөлісу: |