Ескерту: Автор бұл мақалада осы үлкен тақырыптың бір
үзігін ғана ұсынылып отырғандығын айтады. Ақиқатында,
Р.Сыздық Кеңес тұсында ғалымның тіл мұрасына қызығу-
шылық танытып, қажетті жерінде мəселе етіп көтерген.
А.Байтұрсынұлының есімі ақталғаннан кейін, алғашқы бо-
лып «Тіл тағылымы» жинағына Əліппе, тіл, əдістемелік оқу-
лықтарын топтастырып, құрастырды. Жинақ ҚР БҒМ
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты тарапынан
дайындалып, «Ана тілі» баспасынан жарық көрді.
219
Өмірзақ Айтбай,
академик
ҰЛТ МƏДЕНИЕТІНІҢ ХАНТƏҢІРІ
Ел басына төнген кешегі қара түнектің көбесі сетінеп, əді-
леттің ақ жалауы көтерілгелі бері қазақтың ұлттық мəдениеті
аспанында шуақты нұрын төгіп жарқырай жайнаған руха-
ни көсемдер туралы, олардың өмірі мен шығармашылық
өнері жайлы, азаматтық болмысы мен қайраткерлік қарымы
туралы біраз дүниелер жазылып, көпке беймағлұм көмескі
жайлардың көзі ашылғандай. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз
жанғандай, рухани қазынамыздың олқы тұсының орны тола
бастады. Негізгі тақырыпқа көшпес бұрын, тарих тұңғиығына
батып мəңгі жоғала жаздаған Ахмет Байтұрсынұлы сияқты
Алаш ардагері арыс ұлдарымыздың асыл еңбектерін көздің
қарашығындай сақтап, осы күнге жеткізген жеке адамдарға,
архив қызметкерлеріне жəне бұларға жабылған жаланы жұлып
тастап ақтауда ат салысқан еліміздің естияр азаматтарына жұрт
риза екенін айта кеткіміз келеді.
Қазақ халқы жалпы архив жинау ісін дағдыға айналдырма-
ған ел. Соған қарамастан өзімізде де, өзге шет елдерде де
халықтың тарихына, мəдениетіне, тіліне əдебиетіне, өнеріне
т.б. кəсіп, тіршілік жоралғысына қатысты дүниелердің сақтала
бергені қандай олжа. Осыдан ойға түседі. 1987 жылы күз ай-
ында сапардың сəті түсіп, маған Америка Құрама Штаттары-
на барып қайтуға тура келді. Бір күні Мадисон қаласындағы
университетке соғып, оның кітапхана қорымен таныстық.
Сонда біз таңқаларлық жағдайға тап болдық. Əлгі кітапханада
қазақ мəдениетінің, ғылымының, өнерінің бұрынғы, қазіргі
өкілдерінің бар дүниесі тізіліп тұр. Өзімізде жоқтың бəрі
осында. Компьютер арқылы бар сұрағымызға жауап алдық.
əл-Фарабиден М.Шахановқа дейін түгел жинақталған. Бір
мезгілде көзімізге оттай басылып Ахан туралы мағлұматтар
кетті. Жеті қат жер астына кеткен əйгілі «Қазақ» газетінің топ-
тамасы сонда тұр. Біз оның бірнеше санын көшірме жасап ала
келген едік. Бұл да өзінше бір мұражайлық ескерткіш болып
«Қазақ тілі» қоғамында сақтаулы.
220
Жалпы қазақ қағаз жинамаған, сөз жинап дағдыланған
халық қой. Ахаңның да көп дүниесі көңілде жатталып, көкейде
түйіліп қалған. Соның бəрі кейін шығып жатыр. Мұның үстіне
ата мұрасын індете іздеп, көп шындықтың бетін ашуға атсалы-
сып жүрген жастар (Ғ. Əнесов, А. Мектепов) əкелген деректер
бар. Жиналып келгенде Ахметтану ғылымының негізін кешегі
М.Əуезов, С.Сейфуллин, С.Сəдуақасов, М.Дулатұлы т.т. тəрізді
қазақ мəдениетінің тарландары қалады десек, сексен сегізден
бері қарай ол толыға түсті деп толық айтуға болады. Бұл күн
өткен сайын ауқымдана бермек.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ мəдениетінің тарихында үлкен
бір дəуірді алып жатқан алып тұлға. Ол өзінің құдай берген та-
лантын туған халқына деген сүйіспендікпен суғарып, толассыз
еңбекпен шыңдаған қайсар да қаһарман ғалым. Ол – қараңғы-
лық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айна-
ласына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы. Не оқыту жүйесі,
не өзіндік жазуы қалыптаса қоймаған, мал соңына ерген, мал-
мен бірге ұйықтап, малмен бірге жусаған қалың ұйқыдағы
халқының қамын жеп, сауатын ашпақ боп сары масадай
ызыңдаған үлкен ақын, тілім деп түн ұйқысын төрт бөлген та-
лантты тілші, шебер аудармашы, түркі тілдес халықтар тұлға
тұтқан түрколог қоғам ісіне араласқан мемлекет қайраткері.
Бұл санамалап отырған атақ, дəреже, лауазымдардың өзінен өзі
келмегені мəлім. Ол талмай ізденіп тамаша туындылар берген.
Өмірдегі өзінің басты мақсатын – туған халқына қызмет ету
деп түсінген Ахаң (Ахмет Байтұрсынұлы) небір тар, тайғақ ке-
шулерден өте келе тамаша еңбегімен қазақ халқының ары мен
ұятына айналған өте күрделі де, көсем тұлға.
Оның дүниеге келер тұсы патша ағзамның бұратана елдерді
билеп төстеудің айла-шарғыларын емін-еркін іске жаратып
жатқан кезі болатын. Қазақтың əлденеше ғасырға ұласқан
хандық, билік құрылымының быт-шыты шығып, «күштілерім
сөз айтса, бас имеймін шыбындап» деп тұрған сəті еді. Ахметтің
дүниеге келуі қалыптаса бастаған халықтың тұтастығының
береке-бірлігінің сəні кетіп, ел-жұрты «балапан басымен,
тұрымтай тұсымен» жүріп жатқан дəуір еді.
221
1873 жылдың қаңтар айының соңғы күндерінің бірінде
бұрынғы Торғай уезі Тосын болысына қарайтын Ақкөл жанын-
дағы Сартөбек деген жерде Байтұрсын шаңырағында Ахмет
есімді сəби келеді дүниеге.
Текті тұқым, жақсы тəрбие, құнарлы топыраққа түскен дəн
тəрізді, жемісін молынан береді емес пе? Ахмет те тумысынан
зейін де зерек бала болып өседі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілесің» демекші Ахаң ең алғашқы тағлымды, жөн-жосықты өз
шаңырағынан алады. Өз əкесі Байтұрсын, оның əкесі Шошақ
Үмбетей еліндегі көзі ашық, көкірегі ояу, пікірін ашық та айқын
айта білетін өте батыл болғанға ұқсайды. Əуелі Шошақ, кейін
Байтұрсын балаларын Араб елдері мəдениетінен сусындатқысы
келген. Иран, Түркияға жіберіп те оқытуды ойлаған.
Сонымен бірге Шошақ əулеті, əсіресе Байтұрсындар еш-
қандай əділетсіздікке төзбейтін қайсар тұқым болса керек.
Көпшілікке белгілі оның бір мысалы – осы аймаққа билігін
жүргізіп тұрған ояз Яковлевтің оспадар қылығына, озбырлы-
ғына шыдай алмай Байтұрсынның қарсылық білдіргені. Ал
Яковлев шабармандары Байтұрсынның əділ талабына құлақ
асудың орнына, таяқтың астына алады. Бұған да төзген
ол Яковлевтің өзіне: «Мына бассыздық пен заңсыздықты
тоқтатыңыз» дейді. Сөйтсе ояз «Сен, киргиз ит, жөніңді біл!»
деп оны бетіне түкіріп жіберсе керек. Міне, бұл қорлыққа көне
алмаған Байтұрсын Яковлевті аттан жұлып алып басын жара-
ды да, жандайшаптарына тұра ұмтылады.
Бұл оқиғадан бүкіл ел дүрлігіп, іс насырға шабады. Де-
реу жазалау отрядтары ойда жоқта шыққан қару-жарақсыз
қарсылықты аяусыз жаншып, Байтұрсынның Ақтас жəне
Собалақ дейтін екі інісімен бірге ұсталып, кісенделіп патша
үкіметі тарапынан 25 жылға итжеккенге айдағандығы мəлім.
Білімсіздіктің, тіл білмеудің зардабын əбден тартқан сол
Байтұрсын айдалып бара жатқан сəтінде үміт етері Ахметке:
«Аш-жалаңаш бол, қорлық көр, бəрібір оқы, балам. Тым бол-
маса артымда маған хат жазып тұратын халге жет» дегенін
қайсыбір қариялар аңыз ғып бертінге дейін айтып жүріпті.
Бүкіл елге əсер еткен бұл сұмдық оқиға көпке дейін
ұмытылмайды. Ахмет онда 12-13 жас шамасында екен. Ес-
222
тияр баланың көз алдында болған бұл сурет оның жадында
мəңгілікке қалып қояды. Сондықтан да болар, ол 1909 жылы
Семей түрмесінде отырғанда жазған «Анама хат» деп аталатын
өлеңінде:
«… Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бəрі харам.
Адамнан туып, адам ісін етпей
Ұялмай не бетіммен көрге барам?!»
(Өлең 1911 ж. Орынборда жарық көрген топтамасынан
алынды). Осы бір-екі шумақ өлеңнен балаң Ахметтің бүкіл
өмір бойы істеген ісін, ой-арманын, мақсат-мүддесін аңғаруға
болатын сияқты.
Оқуды арман еткен зерделі жас алдымен Торғайдағы екі
сыныптық орыс-қазақ училищесін үздік бітіріп, одан соң Орын-
бор қаласындағы мұғалімдер даярлайтын қырғыз (қазақ) мек-
тебін 1895 жылы тамамдайды. Ахаңның ресми алған жүйелі
білім осымен шектеледі. Алайда Ахаң көтерілген биіктен оның
тағылымы мол тамаша өміріне көз жіберіп, байқасақ, білімдар
ұстаз, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері т.т. болу үшін институт
бітіріп, үлкен-үлкен атақ-лауазымды болу тіпті де қажет емес
сияқты. Табиғат силаған дарынның арқасында Ахаң онсыз да
бір адамның қолынан келер кереметтей істер тындырды. Ол
істері сан салалы, сан алуан: ағартушылық, оқу-білім, ғылым,
əдебиет, мəдениет, тарих, тағылым т.т.
Мұның бəріне тоқталып, саралап айту тұрмақ, санамалап
шығудың өзі қиын шаруа. Дегенмен, Ахаң туралы сөз болған
соң, оның өмір жолының ұрымтал тұстарын аттап өтуге бол-
майтын сияқты.
Ахаң өмірінің алғашқы қадамдарын бала оқытудан бастай-
ды жəне ол өз мақсатын:
«...Адамдық диқаншысы – қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
223
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге құл халықтың» – деп, бейқам жатқан хал-
қын сауаттандырып, өнер-білімге, мəдениетке жетектеу деп
біледі.
Əрине, бұл тұста Ахаң тəрізді оқыған, білім алып, əлгіндей
мектептерді бітірген, орысша сауат ашқан өзге де қазақтардың
қарасы көріне бастаған-ды. Бірақ, бір ғажабы, олардың көбі
халық, ел мүддесі деген, сөздерден гөрі ұлыққа жағынып, сол
халықты қалай қанап, қалай пайда тапсам екен дейтіндер бола-
тын. Олардың тілмаштыққа қолы жетіп, губернатор кеңселерін
жағалап жүргенде, Ахаң ағартушылық жолына түсіп, «Қайтсем
халқыма пайдамды тигізем, қалай көзін ашам, ұйқысынан
қалай оятам» деп, күндіз-түні соның амалын қарастырады.
Ұмытылмас өнеге бізге мирас.
Осы орайда, қазақтың бірен-саран да болса көзі ашық
оқыған жастарын жинап елшілдік ұранын үдетіп, ел мұңы,
халық қамы деген күрделі мақсаттардың іске асуын көздей
бастайды. Жалғыз ағартушылық жолмен аса алысқа ұзап кете
алмайтынын сезген Ахаң, біртіндеп күрескерлік жолға түседі.
Жан-жақты əрекет етуге талпыну, ізденіс 1896 жылы Ахаңды
Алекторовқа алып келеді. Оған барудың да өзіндік сыры бар
еді. Алекторов ол кезде Омбыда отырып Ақмола, Семей оқу
жүйесін басқарып тұрған болатын. Онымен қазақ даласындағы
бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Бұл кездесу оған екі түрлі
əсер қалдырып, көп нəрсеге көзін аша түскендей болады. Ол
жайында Мұхаң (М.Əуезов): «Біреуі – Алекторовтың қазақ
турасындағы отаршылдық саясатының басын біліп, көздеп
жүрген мақсатын сезген болар, атақты Ильминскийдің жо-
лымен қазақтың көзін ашу үшін осы оқу керек деген саясат-
ты тұтынып жүргендігін сөздерімен білдірген Алекторовтың
ниетімен жақын келіп танысқан соң, Ахмет қазақ халқының
халінің ауырлығын ұғып, ел турасындағы түкпірлі ойы сол кез-
де ояна бастаған.
Алекторовпен танысудың екінші əсері – Ақаңның жолы
ашылып, пікірі ашылып, бұрынғы білім-өнер жүзіндегі шала
білініп, көмескілеу түсініп жүрген нəрселерін таза білуіне се-
беп болған».
224
Бұл жерде Мұхаңның өз кезінде ашып айтуға аузы бар-
май, астарлап отырған бір жайы бар сияқты. Ол орыс
оқымыстыларының миссионерлік мақсатының Ахаң зердесіне
жетуі, содан тіксінуі. Олар қазақтарды орысша оқыту арқылы
орыстандыруды көздеген ғой. Осыдан секем алған Ахаң
ширыға түседі. Қазақты өнер, білімге жетектеу өзгелердің
емес, өзі тектес оқығандардың халық алдындағы парызы деп
түйеді.
Ахаңның осындай мақсатты көздеп, саяси көзқарастарын
шыңдай түсуі Қарқаралыда өмір сүрген 1896-1907 кезеңімен
байланысты. Осы кезде Ахан айналасына əлеумет өміріне зер
сала бастаған бірен-саран көзі ашық, оқыған қазақ зиялылары
топтана бастайды.
Қарқаралыда ағартушылық жұмыспен айналысып жүрген
Ахаңды алты жолдасымен 1907 жылы тұтқындалып, абақтыға
жабылады. Ол он екі жылдай өмір сүрген Қарқаралысымен
қоштасып, Семейге айдалғанда бүкіл қазақ баласының
бойындағы арылмас дерт, арсыздық пен арамдық атаулыға сес
білдіргендей, мынадай жолдарды түзеді:
«...Қош, сау бол, Қарқаралы, жуылмаған,
Айдай бер қалса адамың қуылмаған.
Əдепті, сыпайы елдің қалпында жоқ.
Жасырын дыбыс шықты шуылдаған.
Бүркеніп, арсыздардың шайнауына
Жем тапты пісірмеген, қуырмаған.
Шыққан соң талғамайтын доңыздарың.
Қасыңа қиын болар жуу маған».
Семейде сегіз айдай ешқандай тергеусіз, сотсыз тас қамауда
жатқан Ахаң ақыры қазақ өлкесінен бір жарым жыл мерзімге
Орынборға жер аударылады. Сол кеткеннен мол кетеді. Ол
онда 1917 жылдың аяғына дейін тұрады. Жазалы адам ретінде
айдалған Ахаңның бұл сапары оның өміріндегі ең нəтижелі
де өнімді еңбек еткен жылдар еді деуге болады. Ол ғылым,
білімге бұрынғыдан да тереңірек үңіліп, əділетсіздік жайлаған
мына қоғамды бұрынғыдан да бетер ащы тілмен түйрей, ше-
ней түседі. Қазақ балаларын оқытудың əдістерін, қазақ тілі,
225
əдебиеті, өнері, тарихы, мəдениеті туралы өрелі ойлар айтып,
бастауыш мектептерге арнап оқулықтар мен оқу құралдарын
жаза бастайды. Халық мұраларын, ауыз əдебиет үлгілерін,
эпос, ертегі, жұмбақтар жинап бастыру ісімен айналысады.
Ғылыми зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.
А.Байтұрсынұлының қазақ елінің жоғын жоқтап, санасына
сəуле құюға байланысты жасап жүрген еңбектері елге тарай
бастайды. Əсіресе сол кезде Уфадағы «Ғалия» медресесінде
оқып жүрген қазақ жастарына Ахаңның туындылары, елдік
істері қатты əсер етеді. Сол жастардың ұйғаруымен елден
қаржы жиналады да, газет шығару мəселесі қозғалады. Ол
бейресми газет «Қазақ» деп аталады да, оған редакторлыққа
А.Байтұрсынұлы шақырылады. Міне, сол 1913 жылдың ба-
сынан 1918 жылға дейін бас редакторлық міндетін мүлтіксіз
атқарған Ахаң елге жеткізсем, ұқтырсам деп жүрген көкейіндегі
көптеген мəселелерді енді хатқа түсіріп, жария етуге мүмкіндік
алады.
1911 жылы Орынборда басылған «Маса» жинағы халықты
өз тағдыры үшін күреске шақырған, жұртшылықты шырт
ұйқысынан оятқан дабылды топтама болатын.
Ақын қалғыған халқын тым болмаса маса боп шағып оята-
йын, ойландырайын деген мақсат көздейді. Ол бұл жолда талай
қаққы жеп, тауқымет шегерін де, тіпті өліп те кетерін білген.
Бірақ біле тұра ол алған бетінен қайтпайды:
«...Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша,
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?!»
Сары маса болып ызыңдаған өзі екенін Ахаң 1909 жылы
Петербургте басылған «Қырық мысалындағы» «Малшы мен
маса» деген туындысында жасырмай, ашық айтады:
«...Мысалы қазақ – малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды пəле делік аңдып баққан.
Пəленің түрін көрген мен – Сармаса
Халықты оянсын деп сөзбен шаққан.
226
Ойлаймын осы сөз де жетеді деп,
Қатты айтсам, сөзім батып кетеді деп,
Ұйқысы ашылмаған жұрт өзіңді
Қорқамын сармасадай етеді деп».
Өз тағдырының түбі не боларын алдын ала болжап,
көрегендікпен айтып кеткен Ахаңның түбіне жеткен, шы-
нында да, өзіміз емес пе едік? Халық басына төнген қатерден
қорғанудың амалын тым болмаса сауат ашу арқылы үйретпек
болған асылымызды ұйқылы-ояу халімізбен аяқ-қолын байлап
бердік қой. Осыны бір ойлап, сабақ алсақ етті. Неге десеңіз,
ұлттық сана мен ұлт мəдениеті жолындағы күресте осынау
опасыздық пен алауыздық салқыны əлі де жетерлік-ау деп
сезіктенесің. 50-70-80 жылдар ылаңы не ойлатпайды кісіге.
Тəуелсіз ел болған қазіргі күйіміздің өзі көп жағдайда көңілге
жұбаныш əкеле қоймайды. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең,
істің бəрі бос» (Абай) екенін түгел ұғып біттік пе?!
Жаңадан тəй-тəй басып, Ахаң сияқты бірен-саран оқыған
саналы азаматтардың арқасында оң-солын танып, енді-енді ес
жиып келе жатқан қазақ елі үшін «Қазақ» газетінің атқарған
қызметі ұшан-теңіз екенін тағы да айтсақ артық емес. Бес
жылға таяу уақыт үзбей оқырманымен қауышқан бұл газет
кезінде лайықты көкейтесті мəселелерді бірінен соң бірін
жариялап, жұртшылық мағлұматын кеңейтумен болды. Жал-
пы қазақ халқы қазан төңкерісіне өзінің санасын ғана емес,
қоғамға, əлеуметтік өмірге деген сяаси көзқарастарын да
недəуір қалыптастырды дер болсақ, ондай күрескерлік қасиет
осы «Қазақ» газетінің арқасында айқындала түскенін айту ке-
рек. Кезінде бұл газетті ұлтшыл-буржуазияшыл орган деп тиым
салып тастамағанда талай тарихи шындықтың көзін ашып,
халқымыздың революцияға дейінгі рухани, мəдени өмірінен
мол мағлұмат беретін еді. Газеттің игі мақсат-мүдделері оның
бірінші санында-ақ ашық айтылған. Оның негізгі мақсатты
жұрт пайдасына тиімді шаруасымен айналысу екенінен ба-
стайды… Қазақ арасына ғылым, өнер жайылуына басшылық
ету, басқа жұрттардың халінен хабар беріп, таныстыру. Сол
мақсаттарды орнына келтіру үшін закүндерді, хакімдердің
227
бұйрық-жарлықтарын білдіріп тұру. Государственная дума
һəм Государственный совет жұмыстары турасында жете ха-
бар беру, ішкі һəм сыртқы хабарларды жазып тұру, қазақтың
бұрынғы жəне бүгінгі жайын жазу, күнелту, сауда, кəсіп, жер-
су, егін-тарап, мал шаруасы жайынан кеңесу; оқу, оқыту, мек-
теп, медресе, школа, ғылым, өнер, тіл, əдебиет турасында жөн
көрсету, адам һəм мал дəрігерлігі жайын жазу («Қазақ» №1,
1913, 2 ақпан), қалың бұқараға кезінде аян болған.
Газет əлденеше рет жабылып, қайта тіріліп, шығынданып,
сотталып жатса да көздеген мақсатын түгелімен орындады деп
тұжырым жасауға болады. Тіпті кейде бұдан да шығыңқырап,
əлемдік ой-пікірге азық болар мəселені де қозғап кеткен сəті
бар.
Айта кететін бір жайт: осы газет жəне оның редакторы
жайында жазылған материалдарда тіпті кейінгі уақытқа дейін
«ұлтшыл, буржуазияшыл» дейтін ала таңба қалмай келеді.
Бұрынғысы бір сəрі, ал Ахаңның ақталғанынан кейін де есімі
дұрыс аталмауы, газеттің бағасы кешегі коммунистік идеоло-
гия тұрғысынан қаралуы түсініксіздеу. «Газеттің олқылықтары
мен кемшіліктері болып еді» деп баяғы жалтаққа баспай,
мəселенің ақиқатын ашық айтатын, уақыт жеткен сияқты.
Өйткені Ахаңның о бастағы рухани өмірінің қалыптасуы осы
газетке де тікелей байланысты. Сонда ғана біз Ахаң сияқты
Алаш ардақтысының алыптардың ұстанған бағыт-бағдарын,
оның өз халқын прогреске алып шығар дұрыс жол болғанын
айқындай түсеміз.
А.Байтұрсынұлының қазан төңкерісіне дейінгі өмір жолы-
ның қайсыбір тұстары міне осындай. Бұл жолдың тіпті де оңай
болмағанын баяндаған азын-аулақ деректерден-ақ байқауға
болар. Қит етсе, түрмеге жабу, бостандықта жүргенінің өзін
де үнемі аңдуда, тексерісте болу, тіпті басқан қадамын бы-
лай қойып, ашқан аузын, жазған сөзін бағып, қия бастырмай
тұншықтыруға шыдау үшін адамға қандай күш, жігер, қайрат
керек. Өстіп жүріп, тығырықта өмір кешсе де Ахаң елім,
жерім, халқым деп тыныстауын бір сəтке де тоқтатпаған, ол ел
мүддесіне жарарлық, халық санасын ашарлық қыруар дүниені
берді. Бұл ел деп соққан үлкен жүректің ыстық махаббатынан
ғана туындайтын қазына.
228
Ахаң өмірінің төңкерістен кейінгі бөлігі де тіпті күрделі, тіп-
ті қайғылы. Жан түршігерлік азапқа бола туылған жан дерсің.
Жаңа үкіметтің мүшесі, Қазақ автономиялық республи-
касының оқу ағарту халық комиссары, соның жанындағы
ғылыми-əдеби комиссияның председателі, Бүкілресейлік
ВЦИК-тің мүшесі, Кирвоенкомның мүшесі, КазЦИК-тің мүше-
сі, сондай-ақ Академиялық Орталықтың төрағасы ретіндегі
аз уақытқы шуақты күндерді басынан кешіргені болмаса, ең
ауыр, ең қасіретті, шегінен асқан сұмдық пен зұлымдықтың
тақсыретін тартқан қаралы кезең бұл.
Төңкеріске дейінгі өзі айқасқан надандық пен қараңғылық
жыл өткен сайын құбылып, тəсілденіп, əлденіп алғандай
Ахаңның қыр соңынан қалған емес. Қайта зұлымдық пен қор-
қаулық, арызқойлық пен алауыздық дертін індеттей үдетуші
қаскүнемдер жаңа заманның терісін айналдырып киген
бөрісіндей боп, жақсылықтың ұрығын шашушы жандардың
соңынан шам алып түскені мəлім.
Ахаң болса, езілген ел өміріндегі қазақ төңкерісін саналы-
лықпен қабылдап, Кеңес үкіметіне үлкен үміт артқаны мəлім.
Өзінің ел мұңы, халық қамы деген əу бастағы мақсат-мүддесімен
жаңа үкіметтің бағыт-бағдары сəйкес келіп жатқандай боп
көрінгесін де ол Кеңес үкіметіне қолқабыс етуге тырысты.
Армандай болып алғызбай жүрген көп шаруаның бағы енді жа-
нар деген үмітпен ол іске аянбай-ақ араласты. Жоғарыдағы са-
намалап шыққан қызметтің бəрі соны дəлелдейді. Бірақ Ахаң-
ның ақ ниетінен арамдық іздеуші, іс-əрекетінен контррево-
люциялық бүлік күтуші қара ниеттілер оған аттап қадам
бастырған жоқ. Басқан ізін аңдумен болды. Ол бұрын патша
чиновниктерінен, болыстардан, тілмаштардан, жандарымнан
қаққы жесе, енді бостандық туының астында бірге жүрген
жерлестерінен, большевиктерден, қызыл жағалылардан көрді
көресіні. Аңдыған жау алмай қоймайды. Ол бір емес, бірнеше
рет алды.
«Мылтықтың басуына, құланның қасуы» тура келгендей, дəл
осы кезде қазақтардың сорына Қазақстан тарихының қаралы
беттерін толтырып кеткен Ф.И.Голощекиннің «кіші октябрі»
басталады. Ал бұл «кіші Октябрдің» қазақ халқына қандай
229
қасірет əкелгені тарихтан мəлім. «Асыра сілтеу болмасын, аша
тұяқ қалмасын» деп, зіркілдеген Голощекин жендеттері негізгі
күн көрісі, тіршілігі, тынысы мал болып саналатын халықтың
сол жанды жеріне қанжар сұқты. Малын сыпырып алды.
Тігерге тұяғы, ішерге тамағы болмай қалжыраған қарапайым
шаруа адамы басы ауған жағына кетіп, жол-жөнекей қырылып
жатты. Ахаң сияқты көреген адамдар бұл сұмдықтың боларын
алдын ала сезіп, дабыл қаға бастаған. Бірақ бұлардың сөзіне
құлақ асудың орнына, төңкеріс рухына кері əсерін тигізіп,
кедергі жасап отырған байшыл-ұлтшыл алаш партиясының
бұрынғы көсемінің бірі бұрынғысын көксеп жүр деген жала-
мен ақыры ол 1929 жылдың 4 маусымында 30 адаммен бірге
қамауға алынады. Солардың басы болып қара тізімге алдымен
Ахаң ілінеді. Мұның, əрине, өзіндік себебі де жоқ емес. Голоще-
кинге əлгіндей жаппай қыру саясатын емін-еркін жүргізу үшін
халықтың санасын оятып, көсемдік көрсетіп жүрген осындай
ірі тұлғалардың көзін алдымен жою керек еді. Ал Ахаң, бүкіл
қазақтың ақыл-ойы мен ар-ұятының символына айналып кет-
кен əйгілі қоғам қайраткері, əрі ұлт көсемі болатын. Сөйтіп
Ахмет Байтұрсынов Голощекин тырнағына ілініп, Мəскеудің
Бутыркасында 1929 жылғы шілдеден 1931 жылдың қаңтарына
дейін отырады да, содан соң Архангельск облысының барған
адам жол басшысыз қайтып шыға алмас алыс түкпіріне жер ау-
дарылады.
Бұдан ол «Қызыл Крест» ұйымы арқылы (М.Горькийдің
жұбайы Е.П.Пешкованың араласуымен) мерзімінен бұрын бо-
санып, 1934 жылы қайтып оралады. Бірақ бұл бостандықтың
да өмірі қысқа болды. Небəрі үш жылға жетер-жетпес уақыттан
кейін 1937 жыл 8 тамызда қайтадан қамауға алынып, ақыры
атылады.
Жалпы оның ағартушылық, ғалымдық, қайраткерлік, ақын-
дық, аудармашылық қасиетін саралай түскенде еріксіз мы-
надай ой жетегіне еруге тура келді. Ахаңның алдында қазақ
халқы үшін оның болашағы үшін мол қазына тастап кеткен
үш алыптың, Абай, Ыбырай, Шоқанның болғанын білеміз.
Бір ғажабы, осылардың мұрасын терең зерттей отырып, олар
көтерген мəселелерді бар жанымен ұға отырып, ол осы үшеуінен
230
тартылатын үш арналы жолды бір өзі таңдап алғандай. Шы-
нында қараңыз. Шоқанның ғалымдығы, Ыбырайдың ағарту-
шылығы, Абайдың ақындығы мен ағартушылығы А. Байтұр-
сынұлының өмірлік мұратына айналған. Жəне бұларды заманға
лайықты нақты істермен жалғастыра, дамыта түседі. Сондай-
ақ тыңдаушысы мен оқытушысы аз болған үш алыптан гөрі ол
азынаулақ болса да өз еңбегінің нəтижесін көрген адам.
Абайдың бір де бір өлеңін өткен уақыттың жайын ғана
жырлайтын, кезеңдік дүние деп қарай алмайтынымыз сияқты.
Ахмет туындыларының да шеңбері бір ғана сəттің ауқымымен
шектеліп қала алмайды. Оның əрбір сөзі дəл бүгінгі біздер үшін
де əсерін жоймаған барынша көркем, мейлінше мағыналы. Тіпті
көп өлеңі бүгінгі тіршілігіміздің айналасында боп көрінеді.
Мысалы:
«...Тықылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,
Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған.
Бос белбеу, босаң туған бозбала көп,
Киіздей шала басып қарпылмаған», –
деген шумақ бүгінгі біздерді айтып тұрғандай емес пе?! Бас пай-
дасынан басқа уайымы жоқ, жақын-жуық, халық, ұлт мүддесі
деген ұғымға миығынан күліп қарайтындар аз ба, қазір, мына
бір екі жол соларды нұсқап, дəл басып көрсеткендей.
«…Жаны ашып, жақын үшін қайғырар ма,
Жаны – мал, жақыны – мал, малдың құлы».
(«Досыма хат») болған жандарды ащы сын садағымен
түйрейді. Ал «Жұртыма» деген өлеңінде қазақтың тағы бір
тиімсіз мінезіне қадалады:
«…Келгенде өзді-өзіңе мықтымсыңдар,
Қайтейін өзге десе көнгішіңді
Сықылды сынық бұтақ төмендесең,
Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?!».
Бұл «Күштілерім сөз айтса, бас изеймін шыбындапты» нақ-
тылай ұластырып жатқан шумақтар. «Қолда барда алтынның
231
қадірі жоқ, қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай» деп халық
өлеңінде айтылатын ежелгі, дəстүрлі өлең табиғатына жаңаша
нəр беріп, неге болса да тəубешіл, неге болса да құдай ісі деп,
еш əрекетсіз қарап отыратын мінез-құлықтағы дертті аямай
сынға алады.
Ахмет Байтұрсынұлының аудармашылық қызметінде мы-
сал жанры өзгеше орын алады. Басқа емес дəл осы жанрға
баруының өзінде үлкен мəн жатыр. Қазақ бойындағы ежелден
қалмай келе жатқан əлгіндей ездік пен бойкүйездік, намыс-
сыздық пен жігерсіздік, алаяқтық пен алауыздық, жалқаулық
пен жағымпаздық т.б. толып жатқан ес жиғызбас əдетті сынау,
шенеуге келгенде ақын осы жанрды дұрыс таңдайды. Оның
сыншылдығы да, сыршылдығы да осы мысал өлеңдерінде ба-
рынша ашыла түседі. Əсіресе шымшыма əзілмен əспеттелетін
пəлсапалық түйін мен тағылым тəрбиелік мəні зор тұжы-
рымдары естен кетпей көңілде жатталып қалады. Мұның бəрі,
біздіңше өлеңдегі ой мен сөздің, мазмұн мен түрдің өзара жым-
дасып, қабысып жатуынан.
Сонау Эзоп пен Лафонтеннен бастау алатын И.А.Крыловтан
баян табатын бұл мысал əңгімелерге Абай да, Ыбырай да
қызыққан. Бұларды қазақша сөйлетудің олар да керемет жо-
лын тапқан. Ол əлі игеріліп бітпеген тағылымдық өнегесі тау-
сылмайтын өз алдына бір мектеп. Ахмет бұл дəстүрді де əдемі
жалғастырып, көркем аударманың дамуына зор үлесін қосып
кеткен.
Қаршадайынан ел деп езіліп, халқым деп қайғы жеп
азап пен тозақтың бəрін бастан кешіріп, ақыры қара түнек
надандықтың құрбаны болған аяулы да ардагер Ахаң мен сол
сияқты кемеңгерлер жүріп өткен жолды аузың барып қалайша
жайбарақат əңгімелей аласың. Сол бір бəйгеге басын тіккен
есіл ерлердің шер мен сырға толы еңбек жолы жаныңды қалай
күйзелтпесін. Неге бұлай болды, қаншама халықты жəне сана-
лы жолға салып, болашаққа жетелеген ел көсемдерін зəбірлеген,
олардың тұқым-тұяғымен жер бетінен жойылып кетуіне себеп-
ші болған кімдер? Жалғыз Сталин бе, болмаса жалғыз Голоще-
кин бе? Бұл жауыздардың сұрқия саясатын алақайлай үдетіп,
дамытып, «құлпырта» орындағандар бар емес пе? Солардың
232
аты неге аталып ардың, адамгершіліктің сотына неге салынбай-
ды?! Адам баласы тарихында бұрын-соңды болмаған осынау
теңдесі жоқ жауыздықтың авторлары мен орындаушыларын
халық талқысына салмай, санада шөгіп қалған, бұғып жатқан
арсыздық пен сатқындықтан сірə да арыла алмаспыз.
Ойлап қаралықшы, ағайын. Біздің халқымыздың басына
төнген қатер тек осы ғана ма? Тең жартымыздан айрылдық деп
күңіренеміз. Ол рас, əрине. Бұл бүкіл бір əлемге, бір халыққа
аз қайғы емес. Бұл оның өмірі толмас өлшеусіз қасіреті. Бірақ
біздің қазақтың көрген тозағы осы ғана ма, ол құрбандығымен
тазарып адалданып бітіп пе еді. Жоқ, ағайын, бақсақ, біз ұлттық
тəуелсіздік, ұлттық тұтастық үшін күрес алдында өз жүрегіміз
бен санамызға өшпес қара дақ түсірген халықтың бірі екенбіз.
Елдің тең жартысы аштықтан қырылып, ширегі шет елге қашып
құтылды дейміз. Рас. Ол елде Атамекенде аман-есен халық, ұлт
атына ие болып қалғандардың бəрінің бірдей ары, жаны таза
деп айта аламыз ба? Халқымызды қырғынға ұшыратқандар,
Барса келмеске айдатқандар, сатқындар əлі де жүрген жоқ па
екен арамызда алшаң басып, ойланалықшы!
Əшейінде əділеттің ақ жолын ұстаған боп, кезеңі, реті, сəті
келгенде аянбай қимылдайтын бұлар кеше де, яғни 1986 жылғы
желтоқсанда көрсетпеп пе еді көресіні. Ендеше олар əлі тірі,
сақ. Тек бой тазалап, жауыздығын жасырып арамызда əлі жүр.
Бар бəлені, дертті ендеше өз бойымыздан іздесек етті.
Халқымыздың жан саулығына өлшеусіз зор зиян келтірер
осынау көр мінез бен арам пиғылдан арылмай тəуелсіздігіміздің
іргесі нық болмай ма деп қорқамыз. Ол неше алуан түрге еніп
құбылады. Ол біресе, қоғамшыл, біресе партияшыл, біресе
ұлтшыл, халықшыл боп өрекпиді.
Міне Ахаң жайында əңгіме қозғағанда осындай да ойлар
мазалайды. Жалпы А.Байтұрсынұлы оқуы енді ғана басталды
деп білеміз. Қазақ халқының тəуелсіздігі үшін, оның сауатты да
білікті ел қатарына қосылуы үшін ақтық демі біткенше күрескен
осынау ұлы адамның аты ұлт жүрегінде мəңгі сақталуы тегін
емес. Ендеше, ол адамзаттың асыл перзенті, қазақтың ұлы
тұлғасы. Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлын
Достарыңызбен бөлісу: |