Ббк 84 (5 Қаз)-4 б 20 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет13/19
Дата20.01.2017
өлшемі14,45 Mb.
#2314
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

Бабаш Əбілқасымов,
филология ғылымдарының докторы
АХМЕТТАНУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЙБІР ТҰСТАРЫ
(өткені мен бүгінгісі)
 Ахметтану ғылымы бұдан 80 жыл бұрын басталған бола-
тын. Ахмет Байтұрсынұлы көзі тірісінде-ақ қазақ халқының 
рухани көсемі ретінде бүкіл түркітану əлемінде мойындалған 
еді. 1923 жылы қазақ топырағында, қала берді бүкіл шығыс 
халықтарында бұрын сонды болып көрмеген жаңа үрдіс – 
Ахаңның 50 жасқа толған мерейтойының өткізілуі оның 
мəдениетімізге сіңірген еңбегін жалпы халықтың мойын-
дауы іспетті болғаны белгілі. Бұл мүшелтой алдында, оны 
өткізу үстінде халқымыздың біртуар ұлдары М.Əуезовтың, 
М.Дулатовтың, С.Сəдуақасұлының, Е.Омаровтың, С. Сейфул-
линнің, Т.Шонановтың, орыс түркітанушылары Е.Поливанов 
пен А.Самойловичтің Ахмет Байтұрсынұлының көп қырлы 
еңбегін жан-жақты бағалаған мақалалары мен зерттеулері ах-
меттану ғылымының алғашқы іргетасын қалады деуіміз керек. 
Алайда, өкінішке орай, көп ұзамай шығармашылық күш-қуаты 
толысқан дер шағында Аханның өзі де, жаңа қалыптасып келе 
жатқан ахметтану ғылымы да сталиндік қан-қапастың құрбаны 
болып кете барды.
Содан 60 жыл өткенде Ахаңды бұл өмірге əкелген туған 
халқы онымен екінші рет қайта қауышты. Содан бергі өткен он-
он бес жыл мұғдарында ғалым мұрасы жиналып, жарияланып, 
жан-жақты зерттеу нысанына айналып келеді. Ахаңды,оның 
еңбектерін тереңірек зерделеген сайын ұлтымыздың рухы 
биіктеп, рухани санамыз өсе түскені мəлім.
 Жоғары да біз келтірген өз тұстастарының мақалаларында, 
негізінен, Ахаңның ағартушылық, қайраткерлік істері мен 
оның тіл əдебиеттану ғылымдарына сіңірген еңбегі сөз болған. 
Ал Ахмет Байтұрсынұлының қазақ мəдениеті мен ғылымына 
(оның ішінде қоғамдық ғылымдардың барлығы дерлік бар) 
қосқан үлесі өлшеусіз мол.Оның мақалаларында əдебиет пен 

255
тілді былай қойғанда, экономикаға, тарихқа, педагогикаға, 
жорналшылыққа,өнерге қатысты ой-пікірлері ұшан-теңіз.
Біздің бұл жерде айтпағымыз Ахмет Байтұрсынұлы туралы 
жазылған, зерттелген, əлі де зерттеуін күтіп тұрған проблема-
ларды тəптіштеп санап шығу емес, ахметтануға қатысты, оның 
мұрасын жинап, жариялап, жұртшылыққа таныстыруда, оны 
кешенді зерттеуді қолға алуда көшбасшы болған ғалымдардың 
еңбегінің өзіміз куə болған бірнеше тұстарын ғана сөз ету.
Бұның басты себебі – алаш басшылары ақталғаннан кейін 
«ол ақталмай тұрып, алғашқы болып, Ахаң жайында біз айт-
қанбыз» деген адамдар жиі көрініп қалып жүр. Мұндай мəлім-
деулердің шындыққа сай келмейтінін, шын мəнінде, мұндай 
қадамға барғандарды көпшілік қауым, əсіресе, жас буын білуге 
тиіс қой деп ойлаймыз.
«Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерін бірінші болып мен ата-
ған едім», дейтін адамдардың біреуі – марқұм профессор 
Т.Р.Қордабаев болатын. Сонда ол кісінің Ахмет Байтұрсынұлы 
еңбектерін алғаш мен атадым дегендегі келтіретіні – өзінің 
1987 жылы жарық көрген «Қазақ тіл білімінің қалыптасу, 
даму жолдары» деген кітабы. Онда Ахаң аты аталмайды, бірақ 
оған қатысты-ау деп ойлауға келетін мынадай жолдар бар: 
 
«Ана тілінде баяндалған тіл білімі XX ғасырдың бас кезінде 
дүниеге келді. Фонетикаға, лексикология мен грамматикаға 
қатысты негізгі терминдер осы кезде пайда болды.Ол тер-
миндердің басым көпшілігі орыс тіл біліміндегі атауларды 
калька түрінде аударып айту негізінде пайда болған» ( аталған 
кітап, 42-бет). Ал осы жолдардан кезінде Ахаңды көрген
оның кітаптарынан тəлім алған аға ғалымдар болмаса, оның 
оқулығы түгілі, атын естімеген кейінгі ұрпақ ана тілінде ғылым 
жасаған, тіл білімі терминдерін қазақша қалыптастырған кім 
екені жайында не ұғуы мүмкін? Оның есесіне, автор кітаптың 
əліппе, емле мəселелеріне арналған II тарауында Ахмет Бай-
тұрсынұлының латын жазуын енгізуге қарсы болған пікірін 
өлтіре сынайды: «Латын алфавитіне негізделген жазуды 
қабылдау мəселесі 1924 жылы болған қазақ білімпаздарының 
съезінде көтерілгенмен, 1926 жылдың аяғына дейін ол айтар-
лықтай өріс ала алмады. Оған, ең алдымен, сол кездегі басқару 

256
орындарының біразына орналасып алған ұлтшыл арабшы-
лар кінəлі еді. Олар араб жазуынан айырылмаудың, жаңаны 
жуытпаудың барлық шараларын істеп, арпалысып бақты» 
(32-бет).
Бұл арадағы кітап авторының «ұлтшыл арабшылар» деп 
отырғаны – Ахмет Байтұрсынұлы мен оның пікірлестері екені 
айдан анық. Шынында да, Ахаң жалпы алфавит өзгертуге қарсы 
болып, өзі реформалаған араб əліппесі қазақ тілінің дыбыстық 
жүйесін, оның айтылу заңдылықтарын сақтауға əбден қолайлы 
екенін дəлелдеп баққаны белгілі. Ал латын жазуының қазақ тілі 
заңдылықтарын сақтап, дұрыс сауаттануға келе бермейтінін де, 
тек саясат ыңғайымен, «жұрт көшіп жатыр, біз неге көшпейміз» 
деген желеумен көше салудың зияндылығын да көрсеткен 
болатын. Өмір тəжірибесі Ахаңның пікірінің дұрыстығын 
дəлелдеді, он жылға жетер-жетпесте одан безіп шықтық қой.
сонда «Ахаңды бірінші рет мен атадым» деп отырғаны – осы-
лар ғана болғаны ма?
Бірде академиядағы Ахаңға арналған бір жиналыста Төкең 
жоғарыдағы келтірген пікірін қайталағанда, «– Кітабыңыздың 
қай жерінде Ахмет Байтұрсынұлының аты аталады?» – деп 
сұрағанда, ол «мен тікелей атамағанмен, сипалақтатып айт-
тым ғой» – дегені бар. Сонда жиналыс төрағасы академик 
Ə.Қайдаров: – Сіз «сипалақтатып» жүрсеңіз, Рəбиға Сыздықова 
сізден он жыл бұрын Ахаңның атын сипалақтатпай-ақ, тікелей 
атап, ол кісінің қазақ тіл біліміне сіңірген еңбегін де қорықпай 
айтып берген, – деп ескерту жасаған болатын.
Енді Ахмет Байтұрсынұлының атын атап, еңбегі туралы ол 
ақталмай тұрып ауызға алған ғалымдар туралы айтар болсақ, 
алдымен профессор Шора Сарыбаевты атаған болар едік. Ол 
1960 жылы баспадан шыққан «Қазақ тілі білімінің көрсеткіші» 
деген кітабында Ахмет Байтұрсынұлының инициалымен (А.Б) 
оның еңбектерінің тізімін бергені үшін кітабы таралмай жатып 
өртеліп, өзі бөлім бастығы қызметінен босатылған еді (партия-
да болмағандығынан ғана партиялық жаза алған жоқ).
Сол жылдары өзім куə болған тағы бір деректі де айта кет-
кенді жөн санадым. Бұл 1967 жылдың күз айларының бірі еді, 

257
академияға президент болып Шахмардан Есеновтың жаңадан 
келген кезі болатын. Академия президиумының кезекті бір 
мəжілісіне институт директоры да, оның орынбасары да 
қалада болмай, ғалым хатшы ретінде менің қатысуыма тура 
келді. Сол мəжілісте қаралатын негізгі мəселелер аяқталған 
соң Ш. Е.Есенов мəжілістің аяқталғанын ескертіп, бірақ прези-
диум мүшелері мен қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің инсти-
тут басшыларының қала тұруын сұрады. Сондағы Шəкеңнің 
айтқан хабарламасының қысқаша мазмұны төмендегі болды:
– Мен президент болғалы қай жерге барып, қанша халықпен 
кездессем де, Ахмет Байтұрсынұлының осы кезге дейін неге 
ақталмай жүргені туралы сұрақ қояды. Содан кейін ол кісі 
жайында бірсыпыра деректермен танысқанымда, оның өзінің 
де, əкесінің де патша үкіметінен зəбір көргеніне, ал кеңес 
үкіметіне қарсы не істеген ісі, не айтқан сөзі жоқ екеніне көзім 
жетті. Жалғыз жазығы – Алаш үкіметінің құрамында болғаны 
екен. Ал оны кезінде кеңес үкіметі кешіргені де белгілі. Соған 
қарамастан, осы уақытқа дейін оның аты аталмай, еңбектері 
жабық қорларда сақтаулы тұрғаны түсініксіз. Сондықтан сіздер 
мақұл көрсеңіздер, орта буын ғалымдарынан (аға буынды да, 
жастарды да қоспай) комиссия құрып, айқай-шусыз жан-жақты 
зерттесек, егер комиссия қорытындысы дұрыс болса, жоғары 
құзырлы мекемелер алдында ұсыныс жасауға болар еді. 
Бұл ұсынысты президиум мүшелері Полосухин, С.Бəйішев, 
С.Зиманов т.б. қатысушылар қолдады. Бірақ, өкінішке орай, 
қандай себеппен болса да, бұл мəселе одан əрі жалғасын тап-
пай, аяқсыз қалды. Оның себебі, менің ойымша, тап осы тұста 
болған мына оқиғамен байланысты ма деймін. ҚазМУ-дің про-
фессоры марқұм Хайролла Махмудов дəл осы шамада студент-
тер алдында Мағжан Жұмабаев өлеңдерін оқып, ол жоғары 
жаққа мəлім болып, Орталық комитет ҚазМу ректорына сөгіс 
жариялап, партия комитетінің хатшысын орнынан босатқан 
еді.
Қазақ ғалымдары Ахаңның еңбектерін атағаны үшін жаза-
ланып жатқанда, ленинградтық ғалым, белгілі түркітанушы, 
академик А.Н.Кононов өзінің 1974 жылы шыққан «Биоби-

258
блиографический словарь отечественных тюркологов (доок-
тябрьский период)» деген еңбегінде Ахмет Байтұрсынұлына 
кітаптың бір бетін арнап, оның қысқаша өмірбаяны мен негізгі 
еңбектерін, ол туралы жазылған əдебиеттерді көрсеткен еді.
1977 жылы Кеңес үкіметінің құрылғанына 60 жыл толуы-
на арналып, Тіл білімі институтында ғылыми-теориялық кон-
ференция ұйымдастырылды. Конференцияда негізгі баяндама 
жасаған профессор Рəбиға Ғалиқызы Сыздықова өз сөзіне 
азамат, ғалым, коммунист ретінде өзі жауап беретінін ескертіп 
алып, өз баяндамасында қазақ совет тіл білімінің 60 жылдық 
тарихын сөз ету үстінде сол ғылымды қалыптастыруда аянбай 
еңбек еткен Ахмет Байтұрсынұлын, оның еңбектерін атамай 
кету өз ары алдында кешірілмес күнə деп есептейтінін ай-
тып, Ахаң еңбектеріне қысқаша шолу жасады. Бұл біздерге, 
сол тұстағы жас ғалымдарға, үлкен батылдық, тіпті ерліктей 
көрінді. Жұрт үн-түнсіз тыңдады, ешкім, не аға ғалымдар
не жастар тіс жарып, пікір айтпады. Бірақ КГБ (Мемлекеттік 
қауіпсіздік комитеті) ұзамай-ақ Р.Сыздықовадан бұл мəліметті 
қайдан алғанын сұрапты. Ғалым бұл мəліметтерді жоғарыда 
келтірген А.Н.Кононовтың кітабынан жəне ашық қордағы 
«Труды общества изучения киргизского края» (Оренбург, 1922) 
деген кітаптан алғанын айтып құтылыпты. Алайда конферен-
ция материалдары жарияланғанда, əрине, ол баяндама жинаққа 
кірмей қалыпты.
1988 жылы алаш ардагерлерін ақтау ресми қолға алынып,
академия ғалымдарынан комиссия құрылғанында, оның құра-
мында академик Ə.Т.Қайдаров пен профессор Р.Ғ.Сыздықова 
болды жəне Ахмет Байтұрсынұлы туралы қорытындыны 
Р.Сыздықова даярлағаны белгілі. Ал алаш ардагерлерін ақтау 
туралы үкімет қаулысы шыққан бойда алғашқы болып əуелі 
«Социалистік Қазақстан», кейін «Қазақ əдебиеті» газеттерінде 
мақала жазғандар да Ə.Қайдаров пен Р.Сыздықова еді.
Ахмет Байтұрсынұлы ақталысымен Тіл білімі институты 
Мəскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Орынбор қалаларындағы 
мұрағат, кітапханалардан Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін 
жинауға адамдар жіберіп, сол жиналған материалдар бойын-
ша Ахаңның еңбектерінің алғашқы жинағын шығарды («Тіл 

259
тағылымы», 1992). Бұл кітапты даярлауды өз қолына алып, 
жалпы редакциясын басқарған да – Р.Сыздықова. Институт 
ғалымдары тарапынан содан бері көптеген мақала жазылып, 
кандидаттық диссертациялар қорғалды. Р.Сыздықова Ахмет
Байтұрсынұлының өміріне арналған кітапша шығарды, бір-
неше конференцияда баяндамалар жасады, оның мұражайын 
ұйымдастыруда атсалысты. Сондай-ақ институт ғалымдары 
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 125 жыл толуына бағыш-
тап, республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізді. 
Конференция материалдары «Ұлттық рухтың ұлы тіні» де-
ген атпен 30 баспа табақ көлемінде 1999 жылы жарық көрді.
Оған аталған конференциядағы баяндамалар мен хабарлама-
лардан басқа Ахаңның көзі тірісінде өткен оның 50 жылдық 
мүшелтойына арналып жазылған мақалалар да кірді.
Соңғы 10-15 жылдағы Ахаң туралы мақалалар оны халқы-
мызға қайыра таныстыру, оның шығармаларын насихаттауға 
арналғаны белгілі. Ендігі жерде Ахмет Байтұрсынұлы мұрасын 
терең зерделеу керек. Бұл салада қазақ тіл білімінен қорғалған 
2-3 кандидаттық диссертациядан өзге, жоғарыда аталған 
ғылым салаларынан жазылған көлемді еңбектер əзір жоқ. 
Міне, бұл – жаңадан қайта қалыптасып келе жатқан ахметтану 
ғылымының іргезін кеңейтіп, оның мұраларын халқымыздың, 
əсіресе жас ұрпақтың игілігіне айналдырудың басты жолы 
болған болар еді. 
Қазір институт ғалымдары Ахаңның 130 жылдық мүшел-
тойына орай соңғы кезде табылған еңбектерін қосып, шығар-
маларының толық жинағын «Тіл құрал» деген атпен 40 баспа 
табақ көлемінде жарыққа шығарды. Бұл шаралар ахметтану 
ғылымын жаңа белеске көтереді деп ойлаймыз.

260
Сабыржан Шүкірұлы,
жазушы
АЛТЫ АЛАШТЫҢ АРДАҒЫ
Ұлттың дауылда ығы болған, суықта шуағы болған, 
ыстықта көлеңкесі болған, қауіп-қатер төнгенде басын тіккен 
Ерлер болған. Олардың да отбасы, туыс-туғандары, күйіттеуге 
тиісті пенделік жағдайлар бар-ды. Бірақ, соның бəрінен ұлт 
мүддесін жоғары қойған еді. Олар өздерін ешқашанда «халық 
қалаулысымыз» демеген-ді, халықтың жоғын жоқтаушысы, жа-
нашырымыз деп білген-ді. Олар қызмет есебінен күн көрмеген-
ді, халыққа ақы-пұлсыз қызмет еткен-ді. Əлдеқалай бір іс 
тындырған адам да кəдімгідей мейірленіп қалады. Ал, Ахаң, 
Ахмет Байтұрсынұлы заманында бір өзі бір академияның жүгін 
көтерді. Қай шаруаны қолға алса да ұлт мүддесіне қажетті 
болғандықтан, қай іске тəуекел етсе де ұлт болашағы үшін деп 
қимылдаған. Бас пайда, жеке өзінің тірлігін күйттемеген. Елім 
деп, ұлтым деп, халқым деп өткен адал ер. 
Ахаң ілімі – əдебиеттануда төрге озды, Ахаңның тіл білімі – 
күрмелген қазақ тілінің бауырын жазды, Ахаң жинап қаттаған 
халық əдебиеті мен мəдениетінің мұралары – рухани қазынаға 
қосылды. Ахаң ұлттың түпкі мүддесінде Ресейден бөлініп 
тəуелсізденуіне жетуін ойлай отырып, ұлттық əліпбиді араб 
таңбасына негіздеуді жөн көрген. Осы тұрғыдан бүкіл қазақ тіл 
ғылымының бастау көзін ашып, сөз таптары, сөйлем мүшелері, 
септеу, жалғау, жұрнақтары, тыныс белгілері, жазу елелері ту-
ралы, оқыту əдістемеліктеріне дейін түгендеп, қазақша атап, 
түйіндеген. Бұл күні Ахаңа қазақ əліпбиінің атасы, түркі 
тілтану ғылымының атасы атағы қайтарылды. Бұлар оның да-
усыз еншілері. Ахаң мұралары жаңғыру үстінде, жаңа уақыт, 
жаңа заманға, азат халқына қызмет етуде. Жорналшы Ахаң, 
редактор, əрі баспагер Ахаң, ақын – Ахаң, аудармашы – Ахаң, 
мысалшы Ахаң, ұйымдастырушы, іскер Ахаң, саясаткер, 
қайраткер де күрескер Ахаң рухы қазығын қайта оятып, бүгінгі 
ұрпақты қажырлыққа қайрауда. 

261
...Арғы жағын қоя тұрып, даусыз бергі тарихты сүзсек, 
қазақ жұртының айырықша даралана айтылар сом тұлғалары 
санаулы-ақ. Олар: қазіргі қазақ елінің осы атпен шаңырақ 
көтерген бастауындағы əз Жəнібек, одан кейін əз Тəуке хан-
дар. Хандарда, яғни биліктілерде даралана айтылатыны осы 
екеуі жəне Абылай. Ал, асыл сөз, əділ сөз билікте белгілі ке-
мел үш биіміз – Үйсін Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Алшын 
Əйтеке би деп аталыпты. Батырда Қаракерей Қабанбай «дара-
боз» атанған. Билік пен ерлікте тең түскен Шақшақ Жəнібек 
заманының биік мəртебелі шені «тархан» атағын алған. 
Қазақтың «ұлы ақыны» деп Абай атанған. Ал, «Ұлт көсемі» 
деген марапат көзі тірісінде Ахаңа, Ахмет Байтұрсынұлына 
айтылыпты. Əрі сол ұ    ғым-танымның қағазға түсіп, қатталуы 
заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Əуезовтің аузымен 
айтылып, қолымен жазылыпты.
Болды-бітті. Осы бір ұлықтау сөз, ұлт көсемі деген ат 
Ахаңнан басқа ешкімге көзі тірісінде айтылмапты. Тəуба, 
ұлтымызда небір даналар да, даралар да болған ғой, бар ғой, 
болар да ғой. Ахаңның ұлт көсемі атануы соның бəрінен 
асқандығында емес, заманына сай халқына басшы, рухани пана 
болуында. Ахаң қазақ ішіндегі ұстаздық ғылымы мен ісіндегі 
дара тұлға. Мектептік шəкірт ұстазы емес, тұтастай халық, ұлт 
ұстазы. Өйткені, ол – бүкіл ғұмырын, бар еңбегі мен қарекетін 
ұлт санасын тəрбиелеуге, ұлт жадын жаңғыртып, алға бастауға, 
кемелге келтіруге арнаған адам. Саясат қуған пенделер топқа 
бөлініп, тапқа жіктеліп жатқанда да оның көңіліндегі қазақ де-
ген бүтін ұғымға сызат түспеген. Қайта ыдыраған жұрты мен 
жерін тұтастырып, іргелі ел етпек қарекетте болған. 
Ұлтты жадынан адастырар əрекет, қазақтың көп жапа шегіп, 
зəрезап болған нəрсесінің бірі – əліпби. Бұған сырт ықпал да 
бар, өзі де кінəлі. Сырт ықпал – саясат. Ол – үстем күш, озбыр 
ұлт, зорлық қондырма. Өз кінəсі – көнбістігі жəне құбылмалы 
саясатқа елікіш, желпеңбай озықтарының жеңгетайшылдығы. 
Солардың оны көрсе – оған сақ, мұны көрсе – бұған сақ, 
қызыққыш мінездерінің оңғақтығы, ұраншылдығы.
Ахаңның, Ахмет Байтұрсынұлының, араб таңбалы төтен-
шесінен бопсамен латынға көшкенде, əжептеуір сауатты жұр-

262
тымыз сауатсыздар қатарына түсті. Одан өктеп, кирилше 
таңбаға ауыстырылғанда тағы бір сансырап қалдық. Кеңес 
заманындағы «саужой» деп аталған сауатсыздықты жою 
науқанының ұзаққа созылуы, ал одан кейінгі міндетті бастау-
ыш білім беру, міндетті тоғыз жылдық, жалпыға бірдей орта 
білім беру сатыларының тұтастай жарты ғасырға созылуы да 
осы əліпби тұрақсыздығынан болған-ды. 
Біз арғы араб таңбалы да, бергі Ахаң төтеншесіндегі жаз-
баларды да əлі толық оқып, бүгінгі таңбаға түсіріп, игеріп 
болғанымыз жоқ. Латын тұсы ол да шала. Бұған енді кейінгі 
65 жылдың қоры қосылып, мұрағатқа айналар болса, ұлттық 
рухани қазынадан ада боларымыз анық. Бір білгіштер «ком-
пьютер бəрін үлгертеді» дейді. Компьютер үлгертер-ау, егер 
соны үлгірттірер кісі болса де. Білеміз, көріп отырмыз, кімнің 
қолында билік болса, кімнің қалтасында ақша болса, солардың 
ғана белгілілері жарқырап, ал ондай іздеушісі жоқтардың 
неше əулие болса да аты шықпайтынын. Бұл ғадетіміз қоза 
түспесе, қала қоймасы анық. Тіпті, əділдік болғанның өзінде 
де, осыншама ауқымды уақытта жасалған бай мұраның жаңа 
таңбаға көшіріліп, жаппай ел кəдесіне жаратылары екіталай. 
Жекелердің бір сұрыпталған еңбектері көрінер, ал келер 
ұрпақтың кез келген сəтте ойға алған кітап, газет, жорналдарды 
немесе қажетті бір мұрағатты ала салып, керегін тауып оқуына 
мүмкін болмасы хақ. Əңгіме бірлі-жарымды емес, тұтастай 
ұлттық, жалпы халықтық тұрғыда. Біздің білім, ғылым баққан 
салалар мұндай түбегейлі істерді игереді, үлгіртеді деп сана-
маймын. Бұл өткеннен бүгінге дейінгі тəжірибеден мəлім жəйіт.
Мұндай қадамға біздей салғырт, салақ, бір күндігін ғана 
ойлайтын жұрт тұрмақ, ұқыпты деген елдердің өзі тəуекелге 
бара алмай отыр. Мысалға, таңбалануы бір бөлек, дыбысталы 
бір басқа ағылшын тілінің жазуын жаңғырту арқылы, басқасын 
айтпағанда, тек газет қағазын ғана 25 пайызға үнемдеуге бо-
лады екен. Британияның белгілі филологы Макс Мюллер 
ағылшын орфографиясын «ұлтық азап» деп атаған. («Изве-
стия», 11.08.2004.) Соған қарамастан, бұл ел осы қиын жазуды 
сақтауды жөн санауда. Талай жобалар кəдеге аспай келеді. Неге? 

263
Оның бірде-бірі осы кезге дейін жасалған мұраларды оқуға жа-
рамайды. Келер ұрпақ олардан көз жазып қалады деп санай-
ды. Қандай бай ел, ұқыпты жұрт болса да, бұған дейінгілерді 
жаңа əліпбиге көшіріп аламыз деп отырған жоқ. Оның мүмкін 
еместігін біліп отырғандықтан айтпай отыр. Мұндай бөспелікке 
тек ештеңенің алды-артын парықтамайтындар ғана барса керек. 
Сонда осы елдің мүмкіндігінен біздің мүмкіндігіміз жоғары 
ма? Жоқ. Олардан біз мұқиятпыз ба? Қайда? Оларда жазылған 
бір сөйлем жоғалмайды, ал бізде томдар ізделмейді. Дүниедегі 
ең ұқыпты, мүлтіксіз деген герман тілді елдер ГФР, Австрия, 
Швейцария, Лихтенштейн тілінде жүргізіліп жатқан жазу 
өзгерісі «неміс тілінің жағдайын нашарлатып, жаппай шатасуға 
түсірді» делінуде. 1999 жылы басталып, 2005 жылы аяқталуы 
көзделген бұл жобадан ел тайқып, бұрынғы жазу үлгісіне қайта 
көшуді талап етуде, кейбір басылымдар бұрынғысына көшуде 
де. Француз жазуы да жетісіп тұрған жоқ. Бірақ, өзгертеміз деп 
аласұрып жатқан ешкім жоқ. Мұра сақтауды, ұлттың жадын 
ауыстырмауды мұрат тұтуда. 
«Сырдың суы сирағына келмейтін» біз ғана. Латын таңбасы 
бір ата жазуымыздай, оған көшпесек əлденеден құрқалатын-
дай көретіндер алды-артына бағамдамай, жадағай ұрандауда. 
Өзбек көшті дейді. Не себеп болды демейді. Ə дегенде орыс 
ықпалынан тезірек құтылуды ойлаған, əрі «Ислам халифаты» 
дегеннен секем алған ол ел басшысы Америкаға шұғыл бет 
бұрды. Түрікшілдігі ұстағанынан емес, славян таңбасынан 
да, араб таңбасынан да арылуды ойлаған саясатпен латынға 
көшті. Алайда, бұл жазу əлі орныққан жоқ, қалыптасып болған 
жоқ, əріп таңбалары жиі өзгерістерге ұшырауда, қолданыста 
қиыншылықтар орын алуда. Ел саясаты да өзгеруде. Америка-
мен ынтымақ ұзаққа бармады. Орысқа қайта бұрды. Өзбек – 
діндар жұрт, мұнда араб сөзі мен жазуы кең тараған. Оған қоса 
ауғанда да біраз өзбек бар. Күндердің күнінде өзбек жұртының 
қай жазуда боларын бір Алла біледі. Əзірге бауырсырап отырған 
өзбек жоқ. Қазақ, қырғыз, түрік тұрмақ, өзді-өзі сыйыспау-
да. Түркі жұртына гөрі, қазіргі саясатына Қытай мен Ресейді 
жақын тұтуда. Ал, Америка болса, «өзбек-ұйғыр араздығын» 

264
зерттеуде. Саясат сұрқы осындай. Əзербайжан көшті дейміз. 
Неге көшті демейміз. Армиянға діндестікпен ашық болысқан 
орысқа өкпелеген ел Түркияға иек артып, бірден теріс айнал-
ды. Алайда, ұлтының дені Иранда мекендейтін бұл елдің де 
болашақта қай жазуда боларын кім білсін.
Əр елдің өз тағдыры, саясатының əр түрлі құбылысы бар. Бір 
ел сөйтті екен деп жазғырудың да, не соңынан елпеңдеудің де 
лайығы жоқ. Əліптің артын бағу қажет. Заман əлі қалай болар
жел қайдан шығар? Ұлтың əлі біріккен жоқ, жұртыңның үштен 
бірі əлі сыртта. Өз еліңде өз тіліңде сөйлей алмай, жаза алмай 
отырсың. Сөйтіп отырып əріп таңдаған не теңіміз? Қазақтың 
бар шаруасы тəмəм болып енді осы əліпби ауыстыруы ғана 
қалыппа? Қазақ тілі ғылымының, орыс тілі грамматикасы-
нан көшірмеден басқа нағыз қазақ тілінде, қазақы таным мен 
түсінікте, қазақы сөз қолданыста жазылған ешқандай ғылыми 
негіздемесі, тіпті он екіде бір нұсқасы жоқ. Қандай, нендей 
заңдылықты, қай ережеңді басшылыққа алып, басқа əліпбиге 
көшпекпіз? Қазіргі қазақ тілінің даму заңдылығын ескермей, 
əлдекімнің ескі қалыбына сала салу жөн бе? Əліпбидің ла-
тын таңбалы жобалары қазіргі қазақ тілінің дыбысын толық 
жəне дұрыс бере алмайды. Олар қазіргі қазақ тілінің сөйлеу 
мақамына сəйкесті емес. 
Түркі тілінің тегі – көне түркіде латыншылдар жойып 
отырған дыбыстардың болғанын да, бүгінгі түркітілді елдерде 
бұл дыбыстардың қазір де қолданыста екендігін ескермеуде. 
Сөйте тұра, латынға көшуді түркілердің жазу бірлігіне жету 
мақсатында жасалмақ деседі. Бірлікке жазумен жетпейді. Жазу 
біріктірсе-Алла тілінің, Құран жазуының таңбасындағы араб, 
парсы жұрттары жетер еді. Жазу біріктірсе-славиян халықтары 
бірігер еді. Жазу біріктірсе-латын таңбасында болып келген 
халықтар бір-бірімен ғасырлар бойы соғыспас еді. Латынға 
көшті деген өзбек пен əзербайжан не жетісіп қалыпты? Не 
бірлікке жетіпті? Иісі түркіні ұйыстырмақ түгілі, өз бастарын 
бірікпеуде. Түркілік бірлікке үндеген бұл елдерде ешқандай 
ынта да болып көрген емес.

265
Латын таңбасына көшу бастамасы əу бастан-ақ ғылыми 
негізделмей, егжей-тегжейлі ойластырылмай, азғантай топтың 
жеңілтек пайымдауларынан пайда болған-ды. Бұл істің бай-
сал таппай отырғаны да сол байыпсыздықтан. Анкарада бас 
қосқан ынталы топ бүкіл түркі жұрттарын бір таңбада жазып, 
бір тілде сөйлету үшін ортақ 34 таңбаға келіскен. Ал іс жүзінде 
жаңа əліпбиге көшкенде бұдан əзірбайжан – 8, түркімен – 10, 
өзбек – 20 таңбаға бөлектенген. Латындағы түріктің өзінде 
11 таңбаға айырма сақталған. Қырғыз жобасында 12 таңбаға 
айырма бар. Ал біздің елуден астам жобамыз əлем-тапырық. 
Бірде-бір қазіргі қазақ тілінің талабына сəйкес келмейді. Түрік, 
ағылшын, неміс, француз, тілдерінің қалыптарына салынып, 
көне латын, грек əріптеріне еліктеп, компьютер бастырма-
ларына өлшеніп жасалған, қазақ тілінің табиғатынан алшақ, 
қолданысқа қолайсыз мақау таңбалардан тұрады. Əліпби ұлт 
тілінің, жанды тілдің табиғатына сəйкес, ойды жазып жəне 
айқын дыбыстап жеткізуді толық қамтамасыз етуге жеткілікті 
дыбыстардан тұруға тиісті. Таңбадан емес, дыбыстардан. 
Таңба бірінші емес, дыбыс негіз. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ 
тілінде 43 дыбыс бар деп анықтаған. 
Араб таңбасын бейімдеу арқылы дəйекші көмегімен сол 
дыбыстарды толық берген. Латынға көшкенде де, кирилше-
ге ауысқанда да біз жаңа əліпби жасағанымыз жоқ. Тек таңба 
ауыстырдық. Əліпби негізі – қазақ əліпбиінің атасы Ахмет 
Байтұрсынұлының қалыптауынан өзгерген жоқ. Өзгерту 
мүмкін де емес, ұлттық əбден дамып-жетілген сөйлеу мақамын 
өзгерту ешкімнің қолынан келмейді. Тіл кері жүрмейді. Тіл 
қосылмайды, бірікпейді, кірікпейді. Тіл не өшеді, не өседі. Ол 
тек тəуелсіз, дербес тіл тұрғысында ғана дамиды. Біздің қазіргі 
əліпбиіміз – кемелді, уақыт сынынан өткен жазу үлгісі. Оның 
тек таңбасы ғана кирилше де, дыбысы қазақтың өзінікі. Оның 
икемділігі, дыбыс құраудағы əуезділігі сондай, дүниежүзі 
халықтарының қайсысының болсын тіліндегі ұғымды бейне-
лей де, айта да алады. Əріптері келісті, көркем, неше құбылтып 
жазуыңа да келеді. «42 таңба компьютерге сыймайды, интернет-
ке келмейді» деген пікір бұл күнде кісінің күлкісін келтіретін 

266
сөзге айналды. Тілдің компьютердің тілге бағынатындығы 
компьютердің алғаш жасалуында-ақ негізге салынған. Қазақ 
тіліне қазіргі таңда не керек, не деу керек, не істеу керек, ком-
пьютер бəрін үлгертіп тұр. Қытайдың иероглифіне жараған 
компьютер, бізбен таңбалас орысқа жараған компьютер, 
қазаққа неге жарамасын, əбден жарап-ақ тұр. Тек жаратпай 
жүрген əсірелер ғана.
«Латын таңбасына көшсек, орыс тілінің ықпалынан ары-
ламыз» деген бекер даурықпа. Бұл тіл ғылымының тақырыбын 
«Қазақ тілі» қоғамынң, оның да ескірген ұранымен шатас-
тырушылық. Латын тұрмақ араб, не қытай таңбасына көшсек 
те, бұл қалпымызда орыс тілінің құрсауынан арыла алмаймыз. 
Нешеме ғасыр жеріңді жерлеп, суыңды сулап келе жатқан 
орыстың қазақ тілін білмеуі милаулығынан емес, білгісі 
келмеуінен. Аюдың да тілін түсінетін орыс білгісі келсе, бəрін 
де үйренеді. Бұл жағдай əріптен болып тұрған жоқ, артын 
ашуға болмайтын əліптен болып тұрғаны мəлім. Бір таңбада 
оқып, жазып отырып, орыс тілді қазағың да, басқаң да əлі күнге 
дейін қазақ сөзін жөндеп айта алмайды. Ал, басқа таңбаға 
көшер болсақ, олар бұл тілдің қарасын да көрмейтін болады.
Латын таңбасына көшкенде еліңде кім көшеді? Мерзімді 
баспа сөздің 17 пайызы, мектеп оқушыларының 46 пайы-
зы, студентердің 49 пайызы, жалпы халқының мықтағанда 
50 пайызы ғана көшетін болады. Орыс тіліндегі баспасөз, 
ақпарат құралдарын, оқу орындарын, оқулықтарын, орыстілді 
кеңселердің орыс жазуын латын жазбасына көшіре алмайсың 
ғой. Демек, оларды латын таңбасы арқылы қазақша сөйлетіп, 
жаздыра да алмайсың. Қазақтілді қазақ қана латын жазбасына 
көшкенде, қалған жұртың, 135 ұлтыңның əрқайсысы өз тілінің 
һəм ортақ орыс тілінің таңбасында қала бермей ме? Бұрынғы 
қалпы сөйлеп, жаза бермей ме? Таңбаға көшпек тұрмақ, ел-
ден көшіп кетсең де ренжімейді, бірақ тіліңді білмейді. 
Өйткені, оларға тіліңді білгізуге үкіметтің ұстанып отырған 
саясаты жоқ. Алдымен мемлекеттік тілді сол үкіметтің өзі 
білмейді, күнделікті кеңсе қолданысында жоқ. Латын таңбалы 
əліпби бізді түркілік тұрмақ, ұлттық əліпби бірлігінің өзіне 

267
жеткізбейді. Қытайдағы жобамен алғанда 1,5 миллиондай 
қандастарымыз араб таңбасында, Ресейдегі 1 миллионға тар-
та туыстарымыз кирилшеде қала бермек. Еуропаның əр елінде 
там-тұмдап жүрген 15 мыңдай қазақ үшін 15 миллиондық 
ұлттың əліпбиін өзгерту əділеттілік бола ма?
Əлбетте, бұл жəй бүркеніштердің бірі ғана. Əлемдік сая
сат бізді түркілік бірлікке жеткізгелі тұрған жоқ. Қалайда 
латынға көшіру жолындағы бұқпайтайлаған əрекет. Бұл 
саясаттың арғы тегі, қозғаушы күші «түрік тілділер» емес, 
«ағылшын тілділер, католик дінділер» деп білген жөн. Жал-
пы, ғаламдастырудың бір ділге ұйыстыру əрекетінің сабыты 
десек болады. Таңбасына көшсең жазуын оқу оңайлайды, жа-
зуын білсең тілін түсіну жеңілдейді, тілін білсең дініне кіргізу 
қиын емес. Қарыны тойғанға мəз болып, талай діннің соңынан 
сəумеңдеп жүрген қазақ аз ба? Олай-бұлай тайқыған оларда да 
бар шығар, алайда түріктер қазақтардай емес, дінге берік. Əрі 
ол елде дəстүрлі түрде ұлтқа иелік ету, басқаны өздеріне бой-
сындыру, тілін, дінін, ділін мойындату қалыптасқан. Біреуге 
иленбей, іргелі елдік қалпын ұстанып келе жатқан үрдіс бар. 
Осы жағдай, кезінде саясатқа байланысты латын таңбасына 
көшкенімен, Түркия жұртын ағылшын тіліне, католик дініне 
жұттырмай, ділін берік ұстап тұр. Ал бізде мұндай діл, берік 
діл жоқ. Қаңбақ болып көше жөнелер ебелек болып барамыз, 
ебелектеніп барамыз.
Иə, бізде заң жүзінде мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Бірақ, 
іс жүзінде бұл міндетті орыс тілі атқаруда. Оның бұл билігін 
əліпби өзгертумен ала алмайсың. Бұл тек билік күшімен ғана 
өзгертіледі. Қазіргі жағдайда əліпби өзгерту ұлтқа ештеңе 
бермейді, əуреге салады. Əліпби жаңарту мəселесі қазақ тілі 
мемлекеттік тіл мəртебесіне толық жетіп, билікке ие болған 
жағдайда ғана күн тəртібіне қойылғаны жөн. Қазір əліпби ау-
ыстыруды ұлт қажетсініп отырған жоқ. Қазақ тіл білімі мен 
ғылымы дайын емес. 
Əліпби ауыстыру қажеттілігін ғылыми дəлелдеп, негіздеген 
тұжырымдама жоқ. Əліпби жобалары талап көтермейді. Жаңа 
əліпбиді игеру бағдарламасы жасалмаған. Басшылықа алар 

268
ереже, емле, орфографиялық сөздік жоқ. Қазақ тілі ғылымы-
ның атауларына дейін əлі орыс тіліндегі күйінде. Жазу емле-
сінсіз, құр əріптерді тіркей салу іс болып шықпайды. Тұрмыстан 
есеңгіреп, енді ғана ес жинай бастаған қазаққа тағы бір 
қалжырау байлап, сорлатпақ болып жүргендердің ойлағандары 
не? Арзан атақ па, əлде əлдебір сырт күштердің сойылын соғу 
ма? Екеуіде опа берер, сауапты іс емес, ұлты жадынан адасты-
рар əрекет.
Қазақ əліпбиінде Ахаң рухы заман мен заң қанша өзгерсе 
де, саясат қалай құбылса да сақталып келді, сақтала да бермек. 
Ұлтты ұлы көшке бастаған Ахаң əліпбиі сол таңбада шыққан 
«Қазақ газеті», сол басылым ұйытқы болып ұйымдастырған 
Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, сол партия құрған Алашор-
да үкіметі бүгінгі тəуелсіз қазақ елінің бастауы болып табыла-
ды.

269

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет