«Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата21.01.2017
өлшемі23,78 Mb.
#2323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

32
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
мықты  ұлттық  мемлекет  орнату  сияқты  мәселелер  саналы  ұлт 
қайраткерлерінің  әрдайым  ойында  тұрды.  Міне,  Алаштың  осы 
идеясы  күні  бүгінге  дейін  ел-жұрттың  есінде,  ол  біздің  ұлттық 
қозғалыстарымыздың қозғаушы күші болып келеді. 
Кеңес  өкіметінің  тұсында  Алаш  идеясы  көзделген  мәнінде 
жүзеге  асқан  жоқ.  Әрі  қазақ,  шынын  айтқанда,  көп  зардап  та 
шекті.  Әрине,  ел  өмірінде  үлкен  экономикалық,  әлеуметтік, 
мәдени  жетістіктер  болғанына  дау  жоқ.  Кеңес  өкіметінің 
арқасында 
біз 
өзіміздің 
мемлекеттігімізді 
жаңғырттық. 
Өйткені  дербес  қазақ  хандығы,  яғни  қазақтың  мемлекеттілігі 
жойылғалы  ол  кезде  біраз  уақыт  болған.  Соны  кеңестік 
тұрпатта  –  әуелі  1918-ші  жылы  Түркістан  кеңес  автономиясы 
түрінде,  одан  1920-шы  жылы  Қазақ  кеңестік  автономиясы 
түрінде  жаңғырттық.  Ал  1924-ші  жылы  Орта  Азиядағы  ұлттық-
аумақтық  жіктеу,  межелендіру  науқанынан  кейін  екі  өлке  – 
оңтүстік,  солтүстік  өңірлер  бірігіп,  бір  шаңырақ  астындағы 
бүгінгі  Қазақстан  елдік  ту  көтерді.  Сөйтіп,  шындап  келгенде, 
қазіргі  тәуелсіз  еліміздің  аумағы  кеңес  өкіметінің  тұсында 
қалыптасты. Қарапайым халық «біз жеке ел болдық» деп ұқты. 
Бірақ,  дербес  ел  ретінде  түтін  түтетуге  большевизм 
жібермейтін.  Олар  қазақ  елін  бұрынғы  сипатта,  тек  жаңаша, 
кеңестік  империя  түрінде  отарлап  ұстады.  Бір  қарағанға 
аты  жап-жақсы  –  Советтік  Социалистік  Республикалардың 
Одағы  деп  аталды.  Біздің  Қазақстан  сол  одақты  құратын 
республикалардың 
қатарына 
1936-шы 
жылы 
сталиндік 
конституция  бойынша  кірді.  Шындап  келгенде,  ол  кезде  біз 
Ресей  Федерациясы  құрамындағы  автономиялық  республика 
ғанамыз,  тап  сол  ұлы  Ресеймен  теңесіп,  одаққұрушы 
республика мәртебесін иеленетіндей құрметке лайық емес едік. 
Неге  дейсіз  ғой?  Себебі,  кеңестің  тұсында  қазақ  1917–18–19-
шы  жылдары,  1920–21–22-ші  жылдары,  1930–33-ші  жылдары 
қатты  ашаршылыққа  ұшырады.  Аштық  апаттың  Түркістан 
өлкесінде  орын  алған  алғашқы  кезеңінде  1  миллиондай,  Қазақ 
өлкесіндегі  екінші  кезеңінде  тағы  1  миллиондай,  ал  жер-
суы  мен  халқы  біріккеннен  кейін  болған,  үшінші  кезеңінде 
2  миллионнан  астамы  көшпенді  жан  өлім  құшты.  Және  ол 
ашаршылық  кездейсоқ  емес,  қолдан  ұйымдастырылған-тын. 
Өкінішке  қарай,  большевизмнің  үлкен  де  терең  астыртын 
саясаттарының  бірі  сол  –  аштық  саясаты  еді.  Оны  кезінде 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
33
Мұстафа  Шоқай  «большевиктердің  аштық  саясаты»  деп  атап 
айтқан болатын. 
Шынында  да  сондай  саясат  жүргізілді.  Большевиктерге 
иен  даланы  тиімді  пайдалану  керек  болды.  Көшпенді  халықты 
отырықшыландыру  арқылы  олар  жайлаған  ұлан-ғайыр 
кеңістікті  босатамыз  да,  сол  жерде  индустрия  ошақтарын 
көтереміз  деп  дәмеленді.  Шұрайлы  пұшпақтарды  босатуды 
көздегенмен, халықты қырып жібереміз деп жобаламаса керек. 
Бірақ іш жүзінде құдайы бере кетті: мал соңында көшіп-қонып 
жүрген  жұрттың  төрт  түлігін  сыпырып  алып  еді,  тоз-тозы 
шықты,  жейтін  тамағы  болмай,  аштан  өлді.  Себебі  көшпенді 
қазақ  табан  астында  басқаша  тірлік  етуге  бейім  емес  еді. 
Өкімет  оның  жағдайын  жасаған  жоқ,  алдындағы  малын  тартып 
алып,  отырықшы  бол  деді.  Бірақ  сол  отырықшылық  салтты 
материалдық  тұрғыдан  қамтамасыз  етпеді.  Жейтін  тамағынан, 
ата  кәсібінен  айырғаннан  кейін,  бұрын  мал  бағу  жағдайымен 
ұдайы  көшіп-қонып  жүрген  халықтың  әдеттегідей  үйреншікті 
жеріне  қоныс  аударуына  күші  жетпей  қалды.  Осының 
салдарынан  көбі  ашықты,  қырылды.  Талайы  көрші  елдерге 
босты,  бірлі-жарым  шамасы  жеткендер  қолдарында  қалған 
азын-аулақ малымен шетелге ығысып кетті. Сөйтіп қазақ халқы 
айтып жеткізгісіз ұлттық апатқа ұшырады.
  Міне,  осындай  жағдайларда  –  большевизмнің  қазақ 
халқын  ұлттық  апатқа  душар  еткен  мемлекеттік  қылмысы 
салдарынан – Қазақ елі халқының тең жартысынан артығырақ 
мөлшерін,  экономикасының  өзегін  құрап  отырған  төрт  түлік 
малының  88  пайыздайын  жоғалтқан  еді.  Осынша  құлдыраудың 
шын себебін жасырудың әдісін «халықтар әкесі» тапты: дәстүрлі 
экономикасы  тұралаған,  төл  халқы  өз  елінде  азшылыққа 
айналған  Қазақстан  –  Ресей  Федерациясы  құрамындағы 
Автономиялық  Республика  –  1936  жылғы  конституция 
бойынша  КСРО-ны  құрушы  республикалар  қатарына  бір-ақ 
көтерілді. Сөйтіп, миллиондардың қанының өтеуіне берілген сол 
мәртебенің  арқасында  –  1991  жылы  мемлекеттік  тәуелсіздікке 
жеттік. 
Кеңес  өкіметінің  70  жылдық  билігі  дәуірінде  белгілі  бір 
кезең  бойы  қилы  ауыртпалықты  бірге  көтеріп,  жақсы  өмір 
сүрдік.  Қазақтар  майданға  соғыс  алдындағы  санының  бір 
ширегін  аттандырып,  ортақ  Отанды  фашизмнен  қорғады. 

34
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Республика  шегіне  алыстан  көшіріп  әкелінген  халықтарды 
құшақ  жая  қарсы  алды.  Тың  көтеру,  басқа  да  қай  науқаны 
болмасын,  бәріне  белсенді  атсалысты.  Білімін,  мәдениетін 
ұштады,  тиісінше  ұлттық  мүддесін  ұмытқан  жоқ.  Алаштың 
негізгі  идеясы,  ел  болу  мәселесі  саналы  интеллигенцияның 
ұдайы зердесінде тұрды. 
Өйткені,  отар  заманда  өзекті  болған  жер-су  мәселесі 
ұлттық  қозғалыс  отын  тұтатқан  еді.  Сол  мәселені,  «царизм 
тартып алған 45 миллион десятина жерді өздеріңе қайтарамыз» 
деп  құрғақ  уәделер  берген  революциялық  риторикасына 
қарамастан, большевиктер билігі шешпеді, қайта күрделі күйге 
түсірді.  Қазақ  жеріне  сырттан  лек-легімен  адамдарды  тоғыту 
арқылы,  жанама  түрде  болса  да,  халықты,  жерді  жаңаша 
отарлады.  Қазақтың  тіліне,  мәдениетіне  нұқсан  келтірді. 
Мәселен,  тың  жер,  тыңайған  жер  игереміз  деген  ұранмен 
қоныстанған миллиондаған жұрт қазақтың қайғылы тарихынан 
хабарсыз еді. Өкімет оны білдіртпеу жағында болды. Сондықтан 
біз  келген  халықты  кінәлай  алмаймыз.  Олар  әдемі  ұранға 
сеніп,  елдің  экономикасын  көтереміз,  жақсы  өмір  сүреміз  деп 
дәмеленді.  Солай  істеді  де.  Орталық  үшін,  өздері  үшін  екпінді 
жұмыс  істеді.  Астық  өсірді,  қала  салды,  индустрияны  көтерді. 
Өздері де байыды. 
Бірақ,  қазақ  халқының  ұлттық  дамуына  соншалықты 
жаны  ашыған  жоқ.  Өйткені  қазақ  ауылдары  мұхит  іспетті 
тың  шаруашылығының  ішінде  жыпырлаған,  болашақсыз 
ұсақ  аралдар  тәрізденіп  қалды.  Содан,  700-дей  қазақ  мектебі 
жабылды. Балаларын қазақтар еріксіз жаппай орысша оқытуға 
мәжбүр  болды.  Сөйтіп  тілін  жоғалта  бастады.  Бұл  жерде 
мына  мәселені  ажыратып  алу  керек  –  бәрі  орысша  білуге 
мәжбүр  болды  дегенде,  біз  орыс  тіліне  қарсы  болып  отырған 
жоқпыз.  Өйткені,  орыс  тілі  арқылы,  орыс  мәдениеті  арқылы 
көп  жетістікке  жеттік.  Мәселе  –  орысша  оқу  салдарынан 
балалардың  ұлттық  тамырынан  айырылғандығында.  Көптеген 
балаларымыз  қазақтың  тілін,  мәдениетін,  дәстүрін  білмей 
өсті.  Өкініш  сонда.  Егер  Алаштың  идеясымен,  Алаш  құрған 
жоспармен  өмір  сүрген  болсақ,  ондай  күйге  ұшырамас  едік. 
Өйткені Алаш өз еліндегі бөтен халықтарды ешқашан шеттеткен 
емес,  қазақ  орыстармен  және  басқалармен  бірге  тұрады  деп 
есептеді.  Бірақ  өзінің  тілін  сақтаймын,  мәдениетін  сақтаймын 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
35
әрі  дамытамын,  экономикасын  көтеремін  деді.  Кеңес  тұсында 
сол  мәселе  –  толыққанды  ұлттық  даму  шешімін  таппады. 
Сондықтан  да  алаштық  идея  жүрек  түкпірінде  мен-мұндалап 
тұратын. Бұл жәйт кеңестік кезеңде ашық айтылған жоқ, әрине. 
Бірақ,  халықтың  жаппай  сауаттануы,  мәдениеттің  өркендеуі, 
көркем  әдебиеттің,  өнердің  дамуы  сананы  оятты,  сөйтіп, 
ұлттық мүдденің орындалмай тұрған олқы тұстарын да үздіксіз 
айқындай берді. 
Өзін-өзі  танудың,  сананың  өскендігінің  нәтижесінде  1986-
шы жылғы 17–18 желтоқсанда жастар алаңға шығып, қазақтың 
ұлттық  мүддесі  тұрғысынан  талаптар  қойды,  алғашында  бейбіт 
шеру түрінде басталған қозғалысты шын мәніндегі ұлт-азаттық 
көтеріліске  ұластырды.  Сондағы  күллі  республикаға  жайылған 
қозғалысты  кейбіреулер  осы  күнге  дейін  түрліше  түсіндірмек 
болады.  Тасадағы  біреулер  әдейі  ұйымдастырды,  бұзақыларға, 
наркомандарға  жел  берді  дейді.  Оның  бәрі  бос  сөз.  Мәселе 
ұлттық  намыста  болатын.  Ұлттық  сананың  оянуында  болатын. 
Ал оны мәскеулік орталық бұрынғысынша жапырып, кәдімгідей 
басып-жаншып,  таптап  өте  беремін  деп  ойлады,  солай  етті 
де,  сөйтіп,  КСРО  дегеніміздің  іс  жүзінде  қанқұйлы  империя 
екендігін  дәлелдеді.  Кеңестік  империяның  қожайыны  Мәскеу, 
ал  мына  одаққұрушы  республика  деп  аталатын  Қазақстан 
–  баяғы  отар  аймақ.  Отар  аймақта  метрополияға  қарсылық 
білдіріп,  бас  көтеруге  батылы  барған  жастар  –  метрополияға 
бағынышты  болуға  тиіс  кәдімгі  отарлық  құлдар.  Ал  отар 
құлдарына  қандай  қарым-қатынас  жасалмақ?  Тек  қана  ұрып-
соғып,  күшпен  жуасытып  алу  керек...  Өкінішке  қарай,  солай 
болды.  Осындай  жағдайда  Алаштың  идеясы  мен  идеологиясы, 
Алаштың  жалпы  ұстанымы  өмірге  оралуы  қажет  екені  сезілді. 
Мұны  халықтың  өзі  сезді.  Соны  қайта  құру  жылдары  біздің 
зиялы қауым ашық көтере бастады. 
Міне,  тәуелсіздікке  де  20  жыл  болды.  Бәрібір  Алаштың 
идеясын  әлі  айтып  жүрміз.  Бірақ  жеріне  жеткізе  насихаттаған 
жоқпыз.  Оны  күні  бүгінге  дейін  билік  те,  халық  та  тиісті 
деңгейде  бойына  сіңірген  жоқ.  Алашорданың  90  жылдығы 
елеусіз  өте  шықты.  Жалпы,  Алашқа  қатысты  өткізілуі  тиіс 
үлкен  шаруалар  соншалықты  биік  деңгейде  көрініс  таппады. 
Дегенмен,  соған  қарамастан,  Алашты  зерттеп  оқу  керек 
екенін  түсінеміз.  Еліміздің  жарқын  болашағы  үшін,  ұлттық 

36
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
идеямызды, басты бағдарымызды айқындап алу үшін солай ету 
керек.  Әдетте  отар  ел  нені  арман  етеді?  Отарлық  қамыттан, 
империяның  қамытынан  құтылған  уақытта  нені  армандайды? 
Әрине,  дербес,  егемен,  тәуелсіз  ел  болуды  армандайды! 
Ендеше, сондағы ұлттық идея, ұлттық мақсат-мұрат не? Әрине, 
ұлттық  мемлекет  орнату!  Пәлен  ғасыр  дербес  өмір  сүріп, 
отаршылдар  қолына  түсіп,  жабылып  қалған  мемлекеттігіңді 
озық өркениетке сай етіп, қайтадан жаңғырту. Алға жетелейтін 
негізгі  идея,  міне,  осы  болуға  тиіс.  Осы  күндері  айтылып 
жүрген әлемдегі экономикасы сапалы елдер шоғырына кіру, ең 
озық  елдер  қатарына  қосылу  сынды  биік  мақсаттарға  ұлттық 
негізіндегі  мемлекет  құру  арқылы  жылдамырақ  жете  алсақ 
керек...  Өзіңнің  ұлттық  мемлекетіңде,  өз  еліңде  өзге  жұрттың 
бәрімен  бірге,  ешкімді  бөліп-жармай,  алаламай,  жақсы  өмір 
сүруге  қол  жеткізу  және  кедейшілікті  жою  жолында  пәрменді 
жұмыс жүргізуге болады... 
Халықаралық  құжаттарда  біздің  елді  ұлттық  мемлекет 
деп  есептейді.  Ұлттық  мемлекет  құру,  яғни  қазақтың  ұлттық 
мемлекетін  жаңғырту  мәселесі  біздің  1990  жылғы  тәуелсіздікке 
жету  жайындағы  декларацияда  жазылған  болатын.  Бірақ,  1991 
жылы  мемлекеттік  тәуелсіздікті  жария  еткен  құжатта  ұлттық 
мемлекет  туралы  сөз  болмай  қалды.  Ондай  сөз  осы  күнде  де 
жоқ.  Бұрнағы  жылғы  әйгілі  «Ел  бірлігі  доктринасы»  жобасын 
еске  түсірейік.  Соның  шу  туғызған  нұсқасын  жасаған  жігіттер 
«бізге  ұлттық  мемлекет  қажет  емес,  бізге  азаматтық  мемлекет 
керек»  деген  ұстанымды  ту  етті.  Оның  астарында  ұлттық 
мемлекет  құруды  армандамау  жөн  деген  пиғыл,  біздің  елде 
ұлттық  мемлекеттің  шаңырақ  түтетуін  ұмыттырамыз  деген 
әрекет  жатқан  болатын.  Сол  доктринаның  алғашқы  жобасына 
дем  берушілердің  бірі  осы  күнге  дейін  «қазіргі  заманда  ұлттық 
мемлекет  құру  деген  –  анахронизм»  деп  нығарлайды.  Бұл 
ол  азаматтың  соншалықты  ақылы  асып  кеткендігі  ме,  жоқ, 
әлде,  оған  тым  оқу  өтіп  кеткендіктің  көрінісі  ме,  құдай  білсін. 
Қайткенде  де  дұрыс  емес.  Себебі,  тек  қана  ұлттық  мемлекет 
халқымызды  алыс  болашаққа  аман-есен  апара  алады.  Топан 
судай  үрейді  ала  анталаған  глобализациядан  аман  қалудың, 
жаһандануға  жұтылмаудың  жалғыз  әдісі  –  тек  қана  еліміздің 
ұлттық сипатын сақтау әрі дамыту. 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
37
Ал  Қазақ  Елі  ішінде  ұлттық  сипатты  сақтау,  ұлттық 
мемлекеттің  өзіндік  сипатын  сақтау  –  бүкіл  елге,  өзіміздің 
ішімізде  тұратын  өзге  ұлттар  өкілдерінің  бәріне  де  қолайлы, 
жайлы,  әдемі  мемлекет  құру  деген  сөз.  Осында  тұратын  барша 
жұрт  қазақтың  ұлттық  мемлекетін  мойындаса,  сол  ұлттық 
мемлекеттің  мүддесі  үшін  жұмыс  істесе  –  сонда  өздері  де 
жақсы өмір сүреді. 
Өкінішке  қарай,  бізде  тап  сондай  ниетпен  жүргендер 
жоқтың  қасы.  Неге?  Себебі  біздің  қазақтың  қайғылы  тарихын 
өз арамызда тұратын адамдар білмейді. Қазақтың өзі де көп біле 
бермейді. Өйткені насихаты жоқ. 
Жоғарыда  айтылғандай,  біздің  елімізге  кеше  тың  көтерем, 
индустрияны  дамытам  деп  келгендер  жанама  түрде  болса  да, 
қазақтың  ұлттық  мүддесін  шектеуге  себепкер  болды.  Олардың 
бүгінгі  ұрпақтары  сондай  науқандар  салдарынан  бір  кездері 
қазақтың  өз  елінде  жалпы  халықтың  үштен  біріне  де  жетпей 
қалғанын  білгені  жөн  болар  еді.  Еліміздегі  күллі  диаспора 
өкілдері  жергілікті  халыққа  түрлі  зиянын  тигізген  жәйттерді 
саралап  үйренсе,  қазақ  басынан  кешкен  қиғаштықтарға  ата-
бабаларының  өз  еріктерінен  тыс  «үлес  қосқанын»  кішкене 
ойланса  дұрыс.  Егер  түрлі  түсіндіру,  насихат  жұмыстары 
арқылы  сондай  жағдайға  қол  жеткізсек,  онда  біздің  ұлттық 
ұйымдар қойып жүрген мәселелерге өзге ұлт өкілдері ешқандай 
да  қарсылық  білдірмейді.  Қазақтың  ұлттық  мүддесін  бірінші 
кезекке  қою,  ұлттық  тілді  дегенмен  шынайы  мемлекеттік 
деңгейге  көтеру  мәселесіне  кедергі  болмайды.  Осы  күндері 
әлдекім:  «Біз  де  осы  жерде  көптен  тұрып  жатырмыз,  біз  де 
салық  төлеушіміз,  біздің  де  құқымыз  бірдей,  бізбен  санасу 
керек»  деп  еске  салып  қойып  жүрген  орынсыз  өркөкіректікті 
айтпайды. Елімізді мекендейтін диаспоралармен ешкім санаспай 
жатқан  жоқ.  Санасады,  санаспауы  мүмкін  де  емес.  Мәселе 
приоритет, басымдылық неде болу керек екенін айқындап, соны 
барша қазақстандықтың мойындауында. 
Егер  де,  осы  бір  кілтипанға  жаппай  мойынсұнатындай 
жағдайға  қол  жеткізсек,  ал  оған  жетуге  әбден  болады,  онда 
шын мәніндегі тұтастық, елдің мың жылдық бірлігі қамтамасыз 
етілері  күмәнсіз.  Ал  мұның  әдісі  сол  –  әділ,  дұрыс  насихатты, 
тарихпен  тәрбиелеуді  кең  жолға  қою.  Қазақтың  кәдімгі 
қасіреті  мол  бай  тарихын  баршаға,  күллі  тұрғындарға  білгізу 

38
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
жолымен  ел  азаматын  тәрбиелеуді  мақсат  ету  ләзім.  Сонда 
барша  диаспора  өз  орнын  түсінетін  болады.  Қай  жерде  нені 
қолдау керек екенін ажырата алатын болады. Әр жаққа бөлініп, 
шашырамайды. 
Мәселен,  тіл  мәселесін  алайық.  Алаштың  көсемдері:  «Егер 
тілі  жойылса  –  ұлттың  да  жойылғаны»  деп  айтып  кеткен. 
Ұлттылықтың белгілерінің ішінде бірінші кезекте тіл тұратыны 
баршаға мәлім. Тілдің, экономиканың, географиялық аумақтың, 
ділдің,  мәдениеттің,  психикалық  бітімнің  ортақтығынан 
ұлт  пайда  болады  деген  ежелгі  қағиданы  мойындар  болсақ, 
айтылғандардың  ішінде  тіл  тағдыры  айрықша  ойлантары 
күмәнсіз.  Ұлтты  ұлт  ететін  –  тіл.  Ендеше,  мемлекеттік  тіл 
деген  биік  ресми  мәртебесі  бар  қазақ  тілін  сақтауға  тырысу 
қажет. Жалпы, мемлекеттік қазақ тілі жоғалады дей алмаймыз. 
Өйткені,  біріншіден,  8–9  млн  халық  қазақ  тілін  ана  тілі 
деп  біледі,  екіншіден,  арамыздағы  тегі  өзге  бауырларымыз 
да  қазақша  сөйлеп  келеді.  Қазақ  тілі  жойылмайды.  Мәселе 
басқада.  Мәселе  –  қазақ  тілін  өзі  орнына  қою,  мемлекеттік 
тіл  мәртебесіне  лайық  деңгейге  көтеру.  Осы  шаруада  бізге 
арамыздағы  диаспоралар  мүшелері  көмектессе,  абзал  болар 
еді.  Біздің  ішіміздегі  орыс  ағайындар  бар,  орыс  тілді  басқа 
туыстар  бар,  бәрі  мәселені  тарихи  әділеттілік  тұрғысынан 
түсініп,  қазақтың  ұлттық  мемлекеті  мүддесінің  жүзеге  асуына 
жәрдемдесу керек деп ойлаймын. 
Ал  ортақ  істің  мән-маңызы  мен  жөн-жобасын  олардың 
түсініп  жәрдемге  келуіне  біздің  орыс  тілді  қазақ  азаматтары, 
жалпы біздің мемлекеттік саясатымыз жабыла ықпал етуге тиіс. 
Жағдайды  елге  түсіндіру  ләзім.  Біздің  орыс  бауырларымызға 
ештеңеден шошынуға болмайды. Керісінше, қазақ мемлекетінің 
жоғын  түгендеуге  қатысу  арқылы  олар  өз  болашағын 
қамтамасыз етеді, соны ұғынғандары абзал.
Бізде,  өкінішке  қарай,  теріс  көзқарас  бар:  билік 
мемлекеттік  тілді  біл  деп  міндеттейтін  болса,  онда,  құдды, 
қазақ  еместер  елден  кетіп  қалатындай,  дүниені  қараң  қалдыра 
байбалам  салады.  Бұл  жерде  шектен  шықпау  маңызды. 
Мысалы,  орыс  досыңа  міндетті  түрде  қазақ  тілін  біл  деп  талап 
қоймайсың.  Мәселе  –  сол  досыңның  қазақ  тілін  мемлекеттік 
тіл екендігін мойындауында. Мемлекеттік тіл ретінде құрметтей 
білуінде.  Ең  бастысы  –  сенің  тіліңе  құрметпен  қарауы. 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
39
Егер  мемлекеттік  тілді  мойындап,  құрмет  тұтар  болса,  онда, 
ешқандай  талап  қойылмаса  да,  өзіне  қажет  деңгейде  үйреніп 
алады.  Қажеттілікті  сезінсе  –  жылдамырақ  игеруге  тырысады. 
Ал  мемлекеттік  тілді  білуге  қажеттілікті  жұрт  қандай  жағдайда 
сезінер  еді?  Әрине,  ол  тек  қана  іс  жүзіндегі  мемлекеттік  тілге 
айналғанда.  Мемлекеттік  аппарат,  биліктің  барлық  салалары, 
мемлекеттің  бюджетінен  қаржыландырылатын  мекемелер 
мемлекеттік  тілде  жұмыс  істесе,  онда  сол  жерде  әлдеқандай 
мәселесін  шешкісі  келетін  орыс  және  орыс  тілді  ағайындар 
өзінің  тіршілігіне  керек  тілді  қажет  мөлшерде  тез-ақ  біліп 
алатын болады. 
Ал  былайғы  қарым-қатынаста  орыс  тілін  қолданба  деп 
ешкімге де тыйым сала алмайсың, ондай әрекетке мұқтаждық та 
жоқ.  Бүкіл  ғылымның,  әлемдік  мәдениеттің,  тағы  көп  нәрсенің 
жетістіктерін  орыс  тілі  арқылы  танып-біліп  жүргенімізді 
ешкім  жоққа  шығармайды.  Сондықтан  тек  қана  мәселеге 
түсіністікпен қарау керек. Ал түсіністікпен қараудың әдісі, тағы 
да қайталап айтамын, халықты тарихпен тәрбиелеу. Оған біздің 
теледидар,  біздің  баспасөз,  бұқараға  жететін  барлық  БАҚ  әсер 
етуі  керек.  Егер  нысаналы  түрде  жаппай  жақсы  жұмыс  істеліп 
жатса,  меніңше,  ел-жұрт  дұрыс  түсінетін  болады.  Ешкім  қарсы 
шықпайды. 
Рас,  бізде  жекелеген  шетін  ойлы  радикал  ұйымдар  бар. 
Дұрыс жұмыс жүргізсек –олардың да көзін ашуға болады. Осы 
орайда өзімнің ылғи айтып жүретін бір қисынымды қайталағым 
келеді.  Мүмкін  қателесермін,  қателеспеуім  де  мүмкін,  қалай 
болғанда  да,  менің  ойымша  –  біздің  билік,  үкімет,  анығында 
парламент  бір  опыну  құжатын  қабылдау  керек  секілді. 
Әлқиссасында  жағдайды  түсіндіру  ләзім:  елді  отарлау  қалай 
жүрді,  енді  одан  біз  қалай  шығып  келеміз,  тт.  Әрине,  шындап 
келгенде, 
тәуелсіздік 
табалдырығында 
отарсыздандыру 
бағдарламасын  жасау  керек  еді.  Ол  істелген  жоқ.  Бірақ, 
дегенмен,  отарсыздандыруды  қамтамасыз  ететін  біршама 
жұмыс жүзеге асырылды. Енді соларды қалың халыққа арнайы 
түсіндіретін  байыпты  құжатты  өмірге  әкелген  дұрыс.  Алда 
тұрған  өзекті  де  зәру  мәселені  көпшіліктің  санасына  жеткізу 
үшін,  кім-кім  де  оны  терең  әрі  жете  түсіну  үшін  –  соның 
бәрін  салиқалы  түрде  баян  ету  абзал.  Сосын  алдағы  міндетті 
тұжырымдаған  жөн.  Қысқасы,  қазақтың  қайғылы  тарихынан 

40
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
туындатып, 
жоғалтқандарымыздың 
орнын 
толтыруға 
тырысудың тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге апаратынын, 
олай ету бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы, арманда кеткен аға 
ұрпақ рухы алдындағы парызы екенін биік мекеме тиісті тарихи 
құжат  түрімен  айтса,  көп  нәрсенің  шешімі  идеологиялық 
тұрғыдан қамсыздандырылар еді деп ойлаймын. 
Мәселен, 
біздің 
оралмандар 
деп 
аталып 
жүрген 
қандастарымызды  алайық.  Оралмандар  тәуелсіздік  жылдары 
миллиондап келді, олар - біздің халықтың құрамдас бөлігі. Бірақ 
біздің  арамызда  мынадай  бір  жағымсыз  қылық  бар.  Қытайдан 
келген  қазақты  –  қытай,  Өзбекстаннан  келсе  –  өзбек, 
Монғолиядан  келгенді  –  монғол  дейді.  Жалпы,  ішке  кіргізбей, 
кеудесінен  кері  итеруге  тырысады.  Біздің  кейбір  іс  басындағы 
азаматтар  да  оларды  «біздің  менталитетке  cәйкес  келмейді», 
бізден  гөрі  бөлектеу  ойлайды  деп,  оларға  аса  қырын  қарайтын 
да  ыңғай  танытады.  Ал  енді  тағы  бір  өрескел  жәйтті  айтсақ, 
кейбіреулер: «Бұлар қиын жылдары отанын тастап қашып кетіп 
қалған, енді неге біз олармен бөлісуіміз керек? Өзімізге жетпей 
жатқанда,  қалайша  олар  да  ортақтасып  ұмтылады?»  дегендей 
жаңсақ пікірде. Бұл көзқарас түбірімен қате, ондай ой ешкімде 
болмауға тиіс. 
Неге?  Себебі  шетке  жұрт  қилы  катаклизм  кездерінде 
босты.  Айталық,  16-жылғы  көтеріліс  тұсында,  одан  20–30-
шы  жылдарғы  байларды  тәркілеу,  кедейлерді  ұжымдастыру, 
отырықшыландыру 
секілді 
озбырлықпен 
ұсынылған 
реформаларға  көрсетілген  қарсылықтарды  жазалаушылар 
күшімен басу, ақыры халықты жаппай ашаршылыққа ұшырату 
науқандары  салдарынан,  өлместің  күнімен,  адамдар  басы  ауған 
жаққа  безді.  Қысқасы,  аталған  кеңестік  солақай  реформа 
салдарынан  туған  қызыл  қырғын  кезінде  қазақтардың  амалдап 
аман  қалуға  шамасы  жеткені  туған  топырағынан  көтеріле 
көшті.  Ал  оған,  қайталап  айтамын,  биліктің  –  біздің  қуыршақ 
үкіметіміздің  тарапынан  жасалған  озбырлықтар,  қуғындаулар 
себеп болды. 
Демек,  мен  айтып  отырған  опыну  құжатында  солардың 
көшіп  кетуіне  біздің  сол  кездегі  қуыршақ  «республикамыз» 
себеп  болғанын  ашып  айту  керек.  Өйткені  ұлттық  апат 
себептерін  біз  қаншама  большевизмге,  Мәскеуге  жапсақ  та, 
шынтуайтына  келгенде,  соның  бәрін  мәскеулік  орталық  біздің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет