Сөйлем мүшелері өз міндеттерін қалай атқарып келеді
1.
Басқарушы – Исаханова – 8-сыныптан.
2.
Бастауыш – Бертебаев – 8-сыныптан.
159
3. Баяндауыш – Бейсенова – 7-сыныптан.
4. Пысықтауыш – Бәкіров– 7-сыныптан.
5. Толықтауыш – Ережепова – 7-сыныптан.
6. Анықтауыш – Өтегенова – 8-сыныптан.
7. Шылау–Шалқарбаева– 8- сыныптан.
8. Қаратпа сөз – Әбубәкірова – 8- сыныптан.
9. Қыстырма сөз – Исаев– 6- сыныптан.
10. Сан есім– Мырзабаева – 6-сыныптан.
11. Одағай – Алдабекова – 6-сыныптан,
12. Сөйлем – Әтенова – 8-сыныптан.
Бұлар күн ілгері дайындалып қойған орындарына келіп отырғаннан
кейін, жиын басқарушы тізім бойынша түгелдеп шығады. Әрине, тізім
оқушылардың фамилиясы бойынша емес, грамматикалық атаулар бойынша
шақырылады. Әрбір оқушылардың қолына грамматикалық атаулар байланған
болады. Ол–көрермендер үшін кімнің кім екені белгілі болу үшін істелінеді.
Жиынға қатысушылар түгелденіп болғаннан кейін, мәжіліс басталады.
.
Басқарушы: – Жолдастар, бүгінгі мәжілісімізді ашық деп
жариялаймын. Мәжіліске қатысуға тиісті мәжіліс мүшелері түгел дерлік
қатысып отыр: сондықтан мәжілістің ашылуына ешкімнің қарсылығы болмас
деймін.
Мен сіздерге мәжіліске қатысып отырған кісілердің қай жерден
келгендерін, олардың кім екенін таныстырып өтейін. Бұл мәжіліске
грамматика кітабынан көптеген өкілдер қатысып отыр. Атап айтқанда,
сөйлем мүшелерінің атынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш
және пысықтауыш. Сөз таптары атынан сан есім мен шылау, сөйлем
мүшелерімен грамматикалық байланысы жоқ оқшау сөздердің атынан
қаратпа, қыстырма, одағай сөздер және сөйлем қатысып отыр. Мәжіліске
шешуші дауыспен қатысып отырғандар – мәжілістің толық мүшесі бастауыш,
баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш. Ал кеңесші
дауыспен қатысып отырғандар – сан есім мен шылау, қаратпа, қыстырма,
одағай сөздер жөне сөйлем. Жолдастар, мәжілістің күн тәртібінде қандай
мәселе қаралатынын сіздерге мәжілістің басты мүшесі бастауыш хабарлайды.
Енді бастауыштың сөзін байыппен тыңдаңыздар. Сөз бастауышқа берілді.
Бастауыш: – Жолдастар, біздер көп уақыттан бері қарай бірге қызмет
істесіп, адам баласының игілігіне жұмсалып келе жатырмыз. Біз адам
баласының игілігіне қалай жұмсалып, қандай қызмет атқарып келе
жатқанымыз туралы есеп бермекшіміз. Сондықтан бүгінгі мәжілісте
қаралатын мәселе біреу. Ол – осы мәжіліске қатысып отырған бастауыш,
баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш және анықтауыштар өз міндетін қалай
атқарып келеді деген мәселе.
Біздің бүгінгі бас қосудағы мақсатымыз – әркім өз міндетін қалай
атқарып келе жатқандығы туралы біраз кеңесіп. келешек жұмысымызды
бұдан әрі жандандыра түсудің шараларын белгілеу. Күн тәртібіне пікір айтып,
қосып аларларыңыз бар ма? (бәрі: « жоқ, жоқ» дейді). Күн тәртібіне қосып
аларларыңыз болмаса, мен сөйлем мүшесінің ең басты мүшесі бастауыш
160
болсам, әуелі мен өз жұмысым жөнінде қысқаша айтып өтейін. Әрине, мен
алдын ала мойындауым керек, мойындаймын да. Сөз жоқ, мен сөйлемнің
басты мүшесі бастауыш бола тұрсам да, сөйлем ішінде сәйлемнің басты
мүшесі болып қызмет атқаруда менің кемшіліктерім болды. Болмады
демеймін. Мен ірі-ірі қателіктерге де ұрындым. Бірақ қазір мен бұл
қателіктерден мүлдем арылдым. Бұл қателіктерден арылуыма осы отырған
жолдастардың қатаң сындары орасан жәрдем етті. Сынға кең жол ашып,
өрістету керек, жолдастар!
Менің мойнымдағы жауапкершіліктің ұшан-теңіз екені бәріңізге мәлім.
Сонда да менің келелі-келелі табыстарымның бар екенін ешкім жүрегі дау
жоққа шығара қоймас деп ойлаймын. Мен, шынын айтқанда, сөйлемдегі
ойдың иесімін. Менсіз сөйлем жүрексіз дене секілді. Жүрексіз мал да, адам
да ешқандай өмір сүре алмайды. Сондай-ақ сөйлем де менсіз сіздерге
түсінікті бола алмайды. Сондықтан сөйлем мүшелерінің ішінде бәрінен де
менің жауапкершілігім күшті. Сөйлемдегі айтылып отырған ойға бір ғана мен
жауап беремін. Сөйлемде кім? не? деп сұрай келгендердің бәрі атау тұлғада
тұрған мені қиналмай бірден табады. Рас, кейбір жағдайда менін көзге түспей
жасырынып қалатыным бар. Бірақ бұл менің салақтығымнан емес, сейлем
құрушы мына отырған сіздердің олақтықтарыңыздан.
Баяндауыш: – Жолдас бастауыш, сізге титтей ескерту жасауға болар
ма екен?
Бастауыш: – әлбетте, әлбетте.
Баяндауыш: – жолдас бастауыш, сіздің бір пікіріңізге менің
қосылғым келмейді.
Бастауыш: – жолдас баяндауыш, сіздің сөйлейтін түріңіз бар
ғой. Мен бітейін де әуелі. Сонаң соң сөз алып, сіз айтарсыз.
Баяндауыш: – жолдас бастауыш, сөзіңізді бөлгенге айып етпеңіз.
Менің айтатыным бір-ақ ауыз ғана. Сіздің сөйлемдегі ой иесі екеніңізге менің
таласым жоқ. Бірақ сіздің сөйлемдегі айтылған ойға менің бір басым ғана
жауап бере алады деуіңіз артығырақ-ау деп ойлаймын. Сөйлемдегі айтылған
ой иесінің яғни сіздің қимылыңызды, күй-жағдайыңызды білдіретін мына
мен. Сіз жайлы білгілері келген жұрт бастауыш не істеді? не істеп жатыр? не
болды?деп менен келіп сұрайды. Осы сіз «мен деп» кеудеңізді қаға сөйлеп
даурығасыз. Осы даурықпалықты қалдыру керек қой деп ойлаймын.
Бастауыш: - Жоқ, мен олай деген жоқ шыгармын. Сіз мүмкін,
басқаша түсініп қалған шығарсыз. Өйткені осы отырған бәрімізге мәлім.
Екеуміз де тұрлаулы мүшелер емеспіз бе?
Оған ренжісетін не бар. Осы кезде пысықтауыш қолын көтереді.
Мәжілісті басқарушы пысықтауышқа сөз береді.
Пысықтауыш: – жолдас Бастауыш пен Баяндауыш, сіздер сөйлемнің
ең негізгі тұрлаулы мүшесі екендеріңізге біздің дауымыз жоқ. Бірақ сіздер
неге бөлектене сөйледіңіздер. Сіздер сөйлемнің мүшесі болсаңыздар мен де
сөйлемнің бір мүшесі – Пысықтауышпын. Менен басқа сөйлемнің
Толықтауышы, Анықтауыш деген мүшелері бар. Олай болса, сіздердің
161
бөлектене сөйлейтін орындарың жоқ. Өйткені сіздер бізсіз сөйлемдегі
күрделі ойды қашан, қай жерде беріп едіңіздер!
Жолдас Баяндауыш, сені әсерлеп, көріктеп, пысықтап тұратын мына
мен емеспін бе? Мен сіздің мағынаңызды суреттеп, айқындай түсемін. Сәнің
менімен сәнді. Мені сен қай мезгілде, қандай мақсатпен, қай мекенге
жұмсасаңыз да, мен бара беремін. Сіздерге өзгенің де еңбегін тану керек емес
пе?
Бұдан кейін Толықтауыш атып тұрады да:
– Жолдастар, қызбаңыздар! Шынына келсек, ешқайсымыздың да адам
баласына қызмет етуде бір-бірімізден кеміміз жоқ. Біз де бастауыш
болғанбыз. Ол мақтаныш емес. Сен Бастауышпын, тұрлаулымын деп
иығыңды көтересің. Септеле кетсең, күніңнің не болатынын ескермейсің де.
Мына мені айт, нағыз сөйлемнің мағынасын толықтырып. сойлемдегі ойды
түрлендіре түсемін.
Пысықтауыш:– Дұрыс айтады толықтауыш. Енді анықтауыш сөз алу
үшін қолын көтереді. Бастауыш оған сөз береді .
Анықтауыш: – Жолдастар, сіздер сөйлемнің мүшесі болсаңыздар,
мен де сөйлемнің бір мүшесі Анықтауышпын. Мен сіздердің сөздеріңізді
байқап қарасам, барлығыңыз да босқа даурығасыздар. Кімнің қандай
қызмет атқарып жүргенін өмір көрсетеді. Ешқайсымыздың еңбексіз жүрген
жайымыз жоқ. Сіздерге мәлім, мен Анықтауыш болсам, есім сөздерді анық-
таймын. Сонымен бірге заттық мағынаға ие болып тұрған басқа сөз
таптарымен де байланысып, белгісін, сыр-сипатын, сапасын білдіремін.
Мысалы: Қазіргі кезде дүние жүзінің халқы бейбітшілік ұранын көтеріп
жатқан кезде, кейбір елдер соғыс өртін тұтандыруға күш салуда. Олардың
соғыс құмар, кісі өлтіргіш, алдамшы, жалақор екендігін жер жүзіндегі адал
ниетті бейбітшілік сүйгіш қарапайым адамдар тегіс біледі. Сол жиіркенішті
есімдердің зұлымдық істері мен арам ниеттерін әшкерелеп, әлемге таныта
түсу үшін, сөйлеген сөздерінде Анықтауыш мені зор құрал етіп пайдаланып
жүргенін көріп жүрсіздер. Сондықтан меніңше, өзара бәсекелесетін түк те
жоқ.
Осы кезде сөйлем мүшелерінің сөздерін тоқтату үшін сөз табының
атынан Шылау қол көтереді. Оған басқарушы сөз береді.
.
Шылау: – Сіздердің айтыстарыңыз тіл және әдебиет институтында
өткізілетін айтыстардан аумайды ғой. Сіздер сияқты біз де адам баласының
игілігі үшін жұмсаламыз. Сіздер сөйлемнің мүшесі болсаңыздар біз де сөз
табының бір шылауымыз. Сондықтан бет-бетімізбен адам баласына міндет
айтып, босқа даурыға бергенше, бір қорытындыға келейік те. Қаратпа сөз
орнынан тұрып ұсыныс енгізеді.
—
Жолдастар, айтысты тоқтатып, үзіліс жасасақ қайтеді?
Қаратпа сөздің ұсынысын қоштап, қыстырма сөз былай деді.
—
Үзіліс жасаған, әрине, жаман болмас еді. Дем алғанды кім
жек көрер дейсіз.
Қыстырма сөздің сөзін қуаттай келіп, сан есім ұсыныс жасайды:
162
–Тым болмаса үзіліс бес минут болсын. Мүмкіндігі болса бес минут
емес-ау, бес ай болсын. Осыған келісейік, жолдастар! Сан есім ұсыныс
жасағанда, «менде бір-екі ауыз сөз бар» деп Одағай қолын көтереді.
Мәжілісті басқарушы Одағайға сөз береді.
Одағай: – Жолдастар, әрқайсыңыз атқарып жүрген кызметтеріңізді бір-
біріңізден артық санап, соны адам баласына қоштаттырамын деп
шаршадыңыздар-ау!
Сіздер әрқайсыңыз өз қызметтеріңізді біліп, дұрыс атқарып келесіздер.
Бірақ «мен, мен» деп босқа даурықпаңыздар.
Барлығыңыздың да қызметіңіз бір-біріңізге байланысты. Бастауыш
Баяндауышсыз тиянақты ойды білдіре алатын сөйлем бола алмайды. Ал
бұл екеуі бірігіп тұрып, Толықтауыш, Анықтауыш, Пысықтауыштардың
бірінсіз күрделі ойды білдіре алатын тағы да сөйлем бола алмайды. Олар тек
жалаң ой туғызып, жалаң сөйлем құрайды да, айтылған ой толық болмай,
толымсыз болып қалады. Ондай жағдайда адам баласы олардың қызметіне
қанағаттана алмай қалады. Бастауыш пен баяндауыш бірге тұрып, өзінің
қатарына Толықтауыш, Анықтауыш, Пысықтауыштардың бірін алса, не түгел
алса, онда сіздер күрделі ойды білдіріп жайылма сөйлем құрар едіңіздер де,
адам баласының ойын жан-жақты дамытып, әрқайсыңыз өз қызметтеріңізді
толық танытқан болар едіңіздер. Сондықтан бәріміз де өз міндетімізді біліп,
бет-бетімізбен кетпей, адам баласының игілігі үшін жұмсалайық!
Мәжіліс басқарушы:
–Жолдастар, Одағайдың сөзіне қосыламыз ба?
Бәрі: –"Қосыламыз, қосыламыз.
Осы кезде барлығының сөзін байыппен тыңдап отырған Сөйлем
басқарушыға:
– Маған кішкене сөз беріңізші, – дейді.
Басқарушы сөйлем мүшелеріне қарап:
– Өздеріңіз қызмет етіп отырған сөйлем кішкене сөйлеуге рұқсат
сұрайды. Бұған қалай қарайсыздар? Сөз береміз бе, жоқ па?
Сөйлем мүшелері:
– Рұқсат берілсін.
– Кішкене сөйлесін, –дейді. Басқарушы Сөйлемге сөз берілді.
Сөйлем: – Жолдастар, сіздердің бүгінгі жиындарыңызға мен, шын
мәнісінде шақыртусыз өзімше келген едім. Өйткені сіздердің «сөйлем
мүшелері өз қызметтерін қалай атқарып келеді» деген тақырыпта өткізілетін
жиындарыңыздың хабарландыруын оқып, бұлар өз міндеті туралы не айтар
екен деген оймен әдейі келген едім. Байқасам, сіздер үлкен мәселе қозғап
отырсыздар. Сіздер әрқайсыңыз адам баласы үшін істеген өз қызметтеріңізді
айтумен бірге бір-біріңізді үлкен сынға алып жатырсыздар. Бәріңіздікі де
орынды. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген. Өзара сын сіздердің
кемістіктеріңізді түзеп, ғылымға даңғыл жол салады. Сондықтан өзара
сынды күшейтіңіздер. Өйткені ғылым пікір таласынсыз дамымайды.
163
Жолдастар, мен сөйлеммін. Сендер менің мүшелерімсіңдер. Дене
өзінің аяқ, қол, көз, ауыз, мұрын сияқты мүшелерінсіз қызмет ете алмайтыны
сияқты сендерсіз яғни Бастауыш, Баяндауыш, Анықтауыш, Толықтауыш,
Пысықтауыштарсыз Сөйлем мен де адам баласының ойын бір-біріне толық
жеткізе алмаймын. Сендерсіз менің сөйлем болуым мүмкін емес. Сон-
дықтан сіздердің адам баласы үшін істеген қызметтеріңіз туралы
таластарыңыз орынды. Бұл тұралы Одағай дұрыс қорытынды жасады.
Енді сендер өздерің құрап тұрган сөйлемдерің туралы да жақсы
білулерің керек. Өйткені өздерің сейлем мүшесі бола тұрып, сөйлемнің не
екенін, оның түрлерін білмей, бір-біріңмен айтысуларың құр бостан бос
даурықпа болады. Сондықтан сіздер тыңдаңыздар, мен өз жайымнан кішкене
баяндайын.
Мен сөйлем мүшелері арқылы яғни сөз арқылы құралған сөйлеммін.
Менің тегім арыдан басталады. Қазақ тілі ғылымы үлкен үш салаға
бөлінеді. Атап айтсақ: фонетика, лексика. грамматика. Біз грамматикадан
боламыз. Грамматиканың өзі екі бөлімнен тұрады: 1. Морфология. 2.
Синтаксис.
Нағыз
бізді
қарайтын, бізді тексеретін
бөлім–синтаксис.
Синтаксис сөйлем, болып тұрған мына мені, сөйлем мүшесі болып өзара
міндеттеріңді айтып таласып жатқан мына сендерді тексереді. Бір-бірімізге
тіркеп байланыстыратын, бір-бірімізбен үйлестіретін, сөйтіп адам баласының
бір-бірімен ұғынысуына мүмкіндік туғызатын міне осы синтаксис болмақ.
Бәріміз осы синтаксистен өрбиміз. Олай болса, қазақ тілі грамматикасына көңіл
бөліп, оның бөлімі синтаксисті өте жақсы біліп алайық. Синтаксисті білсек, өз
міндеттерімізді де, сөйлем туралы да жақсы білетін боламыз. Мен сіздерді
синтаксисті жақсы білуге шақырамын, жолдастар!
Мәжіліс басқарушы:
– Кімде қандай ұсыныс бар?
Бастауыш: – жарыс сөз тоқтасын деген ұсыныс бар.
Басқарушы: – Олай болса, бүгінгі күп тәртібіміздегі «Сөйлем
мүшелері өз міндеттерін қалай атқарып келеді» деген мәселе бойынша бас
қосқан мәжілісімізді жабық деп жариялаймын. Келесі мәжілісіміз Сан
есімнің ұсынысы бойынша бес айдан кейін болады.
Мәжіліс басқарушы мәжілісті жабық деп хабарлағаннан кейін, оқушылар
орнынан тұрып, концертке дайындық жасайтын бөлмеге еніп кетеді. Мәжіліс
басқарушы соңында қалып, қатысып отырған көпшілікке қарап:
– Енді сіздердің келу құрметтеріңізге арналған кішкене концертімізді
бастаймыз. Концертіміздің бағдарламасында хор, жеке ән, би, түрлі
грамматикалық ойындар мен тақпақтар. Бұларды орындайтындар қазіргі
мәжіліске қатысушылардың өздері болады. Концертіміз қазақ тілі кешіне
арналғандықтан, әсіресе ойындар мен тақпақтар қазақ тілі грамматикасы
байынша айтылады.
2. Қазақ тілі грамматикасы бойынша берілетін ойындарды тақпақ
ретінде де өткізуге болады. Басқарушы хабарлайды:
164
Тақпақ «сұрауға-жауап». Мұны орындайтын атасы мен баласы. Баласы
1-сыныпта оқиды. Ол атасына сұрау қояды.
Атасы жауап береді
Оқушы:_–_Ата!_Атасы:_–_А-а-а!_Оқушы'>Оқушы: – Ата!
Атасы: – А-а-а!
Оқушы: – Зейін салдың ба?
Бар әріптің алдында
Неліктен «А» тұрады? (көпшілікке қарап)
Тыңдаңыздар,
Атам менің сауатты, .
Қазір беред жауапты.
Атасы:
– Е, балам, балам,
Тыңда болма алаң;
Ана,
Ата,
Ақыл,
Ар,
Адам –
«А» дан басталар
«А» ның алда тұрғаны
Содан, балам, болар.
Оқушы:
– Дұрыс, дұрыс, ата,
Жоқ, мұнда қата.
(Көпшілікке қарап)
Жолдастар ұқтыңдар ма?
Басқарушы: – Тақпақ «Септеу», Қазақ тілінде септеу деген бар. Оның
саны жетеу. Соны жеті сқушы шығып. «Марат» деген баланың атын тақтаға
септеп береді.
Бұл былай орындалады: маңдайында (бас киімінде) «Марат» деген сөзі
бар бір оқушы жеке шығып тұрады. Бұл –септелетін сөзіміз болады. Енді
жеті оқушы шығып, септеу болып қатар тұрады. Олардың оң қолына
(қарына) септеудің аттары жазылып қойылған. Басқарушы оларды шетінен
грамматикалық атымен (атау, ілік, барыс т.б. ) атап тұрады. Аты аталған
оқушы қатардан шығып, маңдайындда «Марат» деген сөзі бар оқушының
қасына келіп, оны көрсете айтып шығады.
Атау – Бөртебаев.
Барлығыңа үлгі болар, қарақтар,
Байсалды да, ақылды да Марат бар.
Ілік - Бейсенова.
Жеке басым ең алдымен Мараттың,
Жасы үлкеңді сыйлағаның жараттым.
165
Барыс – Бәкіров.
Содан кейін не десең де Маратқа
Тапсырмаңды орындайды әр уақта.
Табыс – Ережепова:
Батыл емес дей алмайсың Маратты,
Сол үйретті ауылдағы бар атты.
Жатыс – Өтегенова.
Жаман баға болған емес Маратта,
Оның күші ынта, жігер, талапта.
Шығыс – Мырзабаева.
Қай өнер де табылады Мараттан,
Ән салғанда жұртты аузына қаратқан.
Көмектес – Алдабекова.
Міне осындай жақсы бала Маратпен.
Қатар түспей жүргендер де бар әттең!
Басқарушы: – Тақпақ «Одағай». Қазақ тілінде Одағай деген оқшау
сөз бар. Ол бүгінгі мәжілісте өз міндеттерін, айтып жатқан сөйлем
мүшелеріне бағынбай, оқшауланып, жеке-дара бір түрлі мінез көрсетіп
тұрады. Сол сияқтылар оқушылар арасында да бар. Қазіргі орындалатын
тақпақ сол оқушыны тәртіпсіздігін айтып бетіне басады.
Бұл тақпақ былай орындалады:
Бір оқушы тәртіпсіздік жасаған болып ортаға шығарылып қойылады.
Оның салы мойнына кетіп, сүмірейіп тұрады. Тақпақ айтатын оқушы қасына
келіп, оған жекіп ұрса тақпағын айтады.
Жаңа сен мектептің ішінде,
Асыр сап ойнадың болғандай күшіңде.
Кезекші ағайды көрмедің,
Басқаға сен ерікті бермедің.
Сабақтан қайтарда тағы да,
Кірісіп ойынның қамына.
Бұрымын жұлқылап көп қыздың
Бостан-бос уақытты өткіздің.
Намысың қайда еді, батыр-ай!
Бір күннің ішінде, япыр-ай!
Геройы боларлық мысқылдың,
Қаншама одағай іс қылдың.
Басқарушы: – қазір алдарыңызға Зат есім өзінің жалпы есімімен
шығады. Олар бір-бірінен сұрау арқылы өздерінің кім екенін білмекші.
Сіздер де біліп алыңыздар.
Бұл былай орындалады.
Зат есім мен жалпы есім болып екі оқушы шығады. Зат есім жалпы
есімге сұрау қояды. Жалпы есім жауап береді.
Зат есім:
166
—
Ау, осы біз кімбіз?
Жалпы есім:
—
Зат есімбіз.
Зат есім:
- Қайткенде зат есім боламыз?
Жалпы есім:
- Қане, кім? не? деп атаңыз. Жауап берсек, Зат
есімге жатамыз.
Зат есім:
–
Сен өзің қандай мағынада келгенде жалпы есім болатыныңды
білесің бе?
Жалпы есім:
–
Мен бірыңғайлас көп заттардың жалпылама атын білдіретін
ретте жалпы есім боламын Сізге бір мысал келтірейін.
Біздің класта жиырма бес оқушы бар. Олардың жеке-жеке қойылған
аттары бар. Бірақ барлығына жалпылама ортақ ат – «оқушы». Сонда
«оқушы» жалпылама есім, түсінікті ме?
Зат есім:
- Түсінікті.
Басқарушы: – Енді екі оқушы шығып грамматикалық жұмбақ айтады.
Соны тыңдаңыздар. Жұмбақты шешуге сіздер де қатысыңыздар.
Мұның орындалу тәртібі мынадай:
Екі оқушының біреуі жұмбақ айтады. Оның аты жұмбақ болады.
Екінші оқушы шешеді. Оның аты Тапқыш болады.
Жұмбақ: – Құс атын білдіретін екі буынды сөздің екі буыны да бірдей
бір тұлғадағы сілтеу есімдігі. Ол қандай құс?
Тапқыш: – Сілтеу есімдігі деймісің? Кішкене ойланып
алайын (осы кезде сілтеу есімдігіне жататын сөздерді ой елегінен өткізеді).
Таптым! Таптым! Ол – бұлбұл.
Жұмбақ: - Дұрыс. Енді мынаны тап.
Түйе төлінің аты басқа екі түліктің төлінің атынан құралған. Ол қандай
сөз?
Тапқыш: – Ой, тәйірі, соны да білмейді деймісің! Ол – тайлақ. Тай –
жылқы төлінің аты, лақ – ешкі төлінің аты.
Жұмбақ: – Бәрекелді тапқыш! Енді мынадай екі сөзді тап:
Жыл мезгілін білдіретін бір сөзге барыс септігін жалғаса, бір сын
есімге омоним болады. Ол қандай сөз?
Екіншісі, қандай сын есім сөзге бұйрық райлы етістік сөз омоним
болады.
- Тапқыш: – Омоним дегеніміздің озі тұлғасы бір болған-мен,
мағынасы басқа сөз емес пе? Онда – «қыс» деген сөз-ге «қа» деген барыс
септігінің жалғауын жалғасақ «қысқа» деген сөз болады. Ол–«қысқа» деген
сын есім сөзбен омоним.
167
Екіншісі «қара» деген сөз. «Қара» деген бір заттың түсі. білдіретін сын
есім. Оның екінші мағынасы етістік – қимылды білдіреді. Мысалы: Сен
маған қара.
Жұмбақ: – Тіпті, саған жұмбақ айтуға болмайды екен Сен тапқыш
екенсің. Бәсе, сенің атың неге тапқыш десем, сен қазақ тілін жақсы біледі
екенсің. Білген үстіне біле бер, Тапқыш!
Басқарушы: – Қазақ тілі кешіне арналған концертіміз осымен
аяқталды. Келгендеріңе көп рахмет!
Мұндай сабақты ойын түрінде өткізу үшін оқушылардың қазақ тілі
грамматикасын оқу ынтасын арттыра түсті.
3. Сөз таптарының айтысы ойыны арқылы тыныс белгілер
туралы дағдыларын қалыптастыру.
Бір күні Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу,
Еліктеуіш, Шылау, Одағай кездейсоқ бас қосып қалыпты. Әрқашан өзін сөз
таптары ішінде біріншімін деп санайтын Зат есім басқалардан гөрі өзін
еркін ұстап:
—
Дүниедегі бар байлық кім? не? деген сүраққа жауап береді.
Олай болса, менен байлығы асқан кім бар?, – деді.
—
Керемет, керемет, – деді Сын есім, – Сенде зат көп екені
рас. Бірақ ол заттарыңның түр-түсін, белгісін анықтап жүрген кім? Саған
әйтеуір зат болса, одан басқаның керегі жоқ. Ал заттарыңның бағасы
қайсы, бағасызы қайсы деп жақсы-жаманын ажыратпайтының не?- деп
сөз соңында тиісе кетті.
Үшінші болып Сан есім сөзге араласты.
—
Байлық та, оның бағасы мен сапасы да есепсіз болмас.
Сондықтан есеп керек, есеп, -деді ол саусағын санап. – Оны жүргізуші,
әрине, менмін.
—
Сендер қалай мақтансаңдар да менен алыс кете алмайсыңдар, –
дейді Есімдік. – Оны есімдік деген атымнан да аңғаруларың керек. Мен реті
келгенде Зат есімнің де, Сын есімнің де, Сан есімнің де орнына жүріп,
шаршағанды дем алдырып, еріншекті қатардан алыстатып келемін. Өзім
қандай еңбек сүйгішпін, ә?!
—
Тоқтат, тоқтай тұрыңдар!– деп, есік жаққа жақындау тұрған
Етістік сөзге араласты. Жолыға қалсаңдар ұрыса бастайсыңдар. Зат
біткен көркем болсын, көп болсын, қозғалмаса, , қимыл-әрекетке түспесе,
одан қандай пайда?
Онда әзгеріс, өсу, даму бола ма?– деп өзінің бүкіл іс-әрекетке
қатыстылығын сыпайы жеткізе беріп еді, Үстеу:
—
Өте дұрыс! – деді кенеттен дауыстап. Біз де босқа
жүргеніміз жоқ. Етістік қаншалықты қозғалысты бақыласа, мен де
соншалықты аңғаруға тырысамын. Өйткені қимыл-әрекет қалай, не үшін,
не себепті іске асқанын қадағалаймын.
—
Пыс-пыс әңгіменің не керегі бар? - деп Еліктеуіш дүңк ете
қалғанда, басқалары жалт қарады.
—
Әркім өзі туралы айту ыңғайсыз секілді, сондықтан сөзді
168
доғарайық. Тізгінді беріп қойса, мақтанады-ақ екенбіз – деп, Шылау да
айтысқа жоқтығын ескертті. Шамасы, «Жеке лексикалық мағынасы жоқ,
сөйлемде жеке сөйлем мүшесі бола алмайды» деген өңкей болымсыз
етістікпен айтылатын өз қасиетін айтқысы келмеген болар.
—
Ал, онда кеттік, –деп Зат есім орнынан тұра бергенде,
есік аузында отырған Одағай:
—
Ой, әттегене-ай! Жұмысқа кешігіп қалдым-ау, пай-
пай, ту!– деп зыта жөнеледі.
Оқушы әр сөз табының өз сөйлеу белгісі арқылы өз ерекшелігін беруге
тырысқандығын аңғарып, оларға осы шығарма сияқты әңгіме жазуға
үйретілсе, қайталау кезіндегі жинақтау, ізге салу ісінің нәтижесі анық
байқалмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |