2.7 Сөйлем құрамына байланысты тыныс белгілерді оқыту
1. Салалас құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін игерту. Салалас
құрмалас сөйлемнің өзіндік тыныс белгілері. Олар қос нүкте, сызықша, үтір
мен сызықша. Бұл таныс белгілер салаластың мағыналық түрлеріне қарай
қойылады. Бұларға мынандай көрнекі құрал жасалынды.
Салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері
Қойылатын тыныс белгілер:
, (үтір), :(қос нүкте),
, –(үтір мен сызықша)
Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жауған
жоқ. Қайықты бірде ол еседі, бірде мен
есемін.
жалғаулықты салалас.
Мектепте төрт жүз бала оқиды және
жиырма бес мұгалім жұмыс істейді.
үтір қойылмайды
Біздің жердің күні ыстық болады
Түні салқын болады
жалғаулықсыз ыңғайлас
131
Ауылымыздың аты Шалдар еді
мектепті де Шалдар мектебі деп
атайды.
жалғаулықсыз себеп-салдар
Малшы сырын білем мен қасында
өскем жасымнан
Жарастың қатты күлгені сонша –
көзінен жас шығып кетті .
Атты семірту оңай, – семірген атты
суыту қиын.
жалғаулықсыз себеп-салдар
іліктес салалас
жалғаулықсыз
қарсылықты
Бұл кестені пайдаланғанда да оқушылардың өздерін қатыстыра отырып,
оқушылардың өздеріне талдату арқылы түсіндіріледі. Мысалы:
Бұл кестеден салаластың тыныс белгілерін атап көрсете отырып, бұдан
бұрын бұл тыныс белгілер қандай жерге қойылатыны оқушылардың есіне
салынады. Ол былай жүргізіледі: Мұғалім тыныс белгілердің қойылатын
жерін айтады, оқушылар оған мысал келтіреді. Немесе, керісінше, мұғалім
мысал келтіремін, оқушылар қойылатын тыныс белгілерді айтады. Ол былай:
Мұғалім: – Сәрсен, Ахмет, Хамит, Асан – бәрі біздің кластың
оқушылары. Бұл сөйлемге қандай тыныс белгі қойылады?
Оқушы: «Бәрі» деген жалпылауыш сөздің алдынан сызықша
қойылады. «Сарсен, Ахмет, Хамит, Асан» деген бірыңғай мүшелердің
арасына үтір қойылады.
Мұғалім: – Асан – үздік оқушы. Бұл сөйлемге қандай тыныс белгі
қойылады?
Оқушы: – «Асан» деген сезден кейін сызықша қойылады. Өйткені
«Асан» бастауыш, «оқушы» баяндауыш. Екеуі де атау тұлғада тұр.
Мұғалім: – Үтір мен сызықша қандай жерге қойылатын еді?
Оқушы: – Төл сөзден кейін келген автор сөзінің алдынан үтір мен
сызықша қойылады,
Өткен тыныс белгілерді оқушылардың есіне бұлай салу жаңа сабақтың
алдында бірнеше оқушылардан жауап алу арқылы ауызша жүргізіледі. Бұл
- оқушыларды сабаққа қызықтырады және өткен сабақ пен жаңа сабақ
байланысады.
Енді бұл тыныс белгілердің бәрі бір салалас құрмалас сөйлемнің өзіне ғана
қойылатынына оқушылардың көзі жеткізіледі. Көрнекі құралды пайдалана
отырып, салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін еске түсіруден басталады. Ол
үшін оқушылардан салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, олардың қысқаша
анықтамасы сұралады. Енді кестедегі сөйлемдерді оқу арқылы салаластың
мағыналық түрлеріне талдау жасата отырып, қос нүктенің іліктес салалас пен
салдар мәнді сөйлем бұрын келген жалғаулықсыз себеп-салдар салаластарға
қойылатыны, ал себеп мәнді сөйлемі бұрын келсе немесе себеп-салдар салалас
жалғаулық арқылы байланысса, үтір қойылатыны салыстырыла түсіндіріледі.
Сызықшаның іліктес салаласқа қойылатыны қос нүкте қойылатын іліктеспен
132
салыстырыла түсіндіріледі. Қос нүкте мен сызықшаның қойылу себебі ашылады.
Қос нүкте сөйлемнің мағынасына байланысты қойылса, сызықша алдыңғы
сөйлемнің баяндауышына байланысты қойылады. Мұндай салыстыра түсіндіру
сөйлемнің мағынасы мен жасалу жолына оқушылардың саналы түсініп, соған
байланысты қойылатын тыныс белгілерді өз бетінше қоя білуін қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ үтір мен сызықша жалғаулықсыз қарсылықты салаластарға
қойылатыны түсіндіріледі. Мысалы:
Кестені пайдалана отырып, сөйлем оқытылады. Оқушыларға сұраулар
беріліп, жауаптар алынады.
— Екі жай сөйлемнің арасында қандай тыныс белгі тұр?
— Үтір мен сызықша.
— Бұл сөйлемнің жалғаулықсыз қарсылықты екенін білеміз ғой?
– Білеміз.
Екі жай сөйлемнің арасына қандай жалғаулык. қойып айтуға болады?
– Екі жай сөйлемнің арасына «бірақ» жалғаулығын қойып айтуға
болады.
Сонда қандай сөйлем болып шығады? Кім жазады?
Бір оқушы тақтаға шығарылып, сөйлем толық жаздырылады.
Ол былай жазады: «Атты семірту оңай, бірақ семірген атты суыту қиын».
- Бұл мағынасына құрмалас тәсіліне қарай қандай сөйлем болады?
- Жалғаулықты қарсылықты салалас сөйлем.
- Жалғаулықты қарсылықты салалас сөйлемдердің арасына қандай
тыныс белгі қойылады?
- Екі жай сөйлемнің арасына үтір қойылады.
Тақтада тұрған оқушы «Атты семірту оңай» деген сөйлемнен кейін үтір
қояды. Бұл оқушыны орнына отырғызып, барлық оқушылардан:
- Неге сызықша қоймаймыз?
- Сызықшаның орнына «бірақ» жалғаулығын жаздық.
- Мына жерге неге сызықша қойылған? (Кестеден көрсетіледі).
– «Бірақ» жалғаулығы түсірілген.
Сабаққа қорытынды жасалады.
Үтір – жалпы жалғаулыкты салаластың арасына қойылатын тыныс
белгі, ал сызықша - түсірілген қарсылықты жалғаулықтардың орнына
қойылатын тыныс белгі. Үтір мен сызықшапың қабаттаса қойылу себебі
оқушыларға салыстырыла талдау арқылы түсіндіріліп, мәні ашылады,
жаттығулар жүргізіледі.
Үтір кез келген жалғаулықты, жалғаулықсыз салаластардың арасына
қойылатыны түсіндіріле келіп (қос нүкте, сызықша қойылатын жерінен
басқа), үтірдің қойылмайтын жағдайлары да кесте арқылы көрсетіледі. Екі
жай сөйлемнің арасы «және» жалғаулығы арқылы байланысса, үтір
қойылмайтыны туралы анықтама игертіледі.
2. Сабақтас сөйлемнің тыныс белгісін игерту. Құрмалас сөйлемнің бір
түрі – сабақтас сөйлем. Оның да өзіндік тыныс белгісі бар. Ол – бір ғана үтір.
Сырттай қарағанда екі жай сөйлемнің арасына үтір қоя салу оңай
сияқты. Үтір кез келген жерге қоя салатын мән-мағынасыз тыныс белгісі
133
емес. Оның да шығу тарихы, белгілі бір заңдылыққа сүйенетін қойылу
тәртібі бар. Үтір де белгілі бір синтаксистік ерекшелікке байланысты нақты
ережелерге сүйеніп қойылады. Олай болса, сабақтас сөйлемдерге қойылатын
үтір де осы ережелерге сүйенеді.
Сабақтас құрмалас сейлемдерге қойылатын тыныс белгі бір ғана үтір
деп атап айта отырып, оның үш жағдайда қойылатынын көрнекті құрал
арқылы түсіндіріліп, ережемен қорытындылануы тиіс.
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгісі
Қойылатын тыныс белгі, (үтір).
Ол келмей, мен ешқайда бармаймын.
басыңқының бастауышы басында (Мен)
ешқайда бармаймын.
Бағыныңқының бастауышы
Қайнайды қаның,
Бағыныңқы
Ашиды жаның,
сөйлем
мінездерін көргенде.
соңында.
Бұл көрнекі құрал талданғаннан кейін, кез келген сабақтас
сөйлемдердің арасына үтір қойылатыны айтылады. Бірақ үтір сабақтас
сөйлемдердің арасына ғана қойылмай, үтірдің басқа да қойылатын
орындарының бар екені оқушыларға ескертіледі де, ол қайталанып еске
түсіріледі. Ол үшін оқушыларға сұрау қойылып, жауап алынады.
- Үтір қайдай жерлерге қойылады?
- Бірыңғай мүшелер мен оқшау сөздерге, оңашаланған айқындауыш
мүшелердің екі жағына, кейбір салалас сөйлемдердің арасына т.б. қойылады.
- Мысал келтір.
- Біз таяу жылдарда ет, сүт, май өнімдерін Америкадан мал өндіретін
боламыз. Мұнда «ет, сүт, май» сөздері бірыңғай мүшелер. «Ет, сүт»
сөздерінен кейін үтір қойылады. Екінші бір оқушы оқшау сөздерге мысал
келтіреді.
- Балалар, үй тапсырмасын кім орындап келді? «Балалар» – қаратпа сөз,
одан кейін үтір қойылады.
Өйткені қаратпа сөз сөйлемнің басында келіп тұр. Үшінші оқушы
оңашаланған айқындауыш мүшеге, төртіншісі салалас сөйлемге т.б.
келтіреді.
Үтір сабақтас сөйлемдерге үш жағдайда қойылады. Алғашқы екі
сөйлемде үтір бағыныңқы сөйлемнен кейін қойылған. (Сөйлемдер оқып
беріліп, мағынасына, жасалу жолына қарай талдап беріледі). Ал кейінгі
сөйлемдерде олай емес. Екі жерден үтір қойылған. Бұл да сабақтас сөйлем.
Мұның себебі не? Себебі мынау: кейінгі екі сөйлемде (мен, ол келмей,
ешқайда бармаймын, бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің ортасында тұр
134
яғни басыңқы сөйлемінің бастауышы бағыныңқы сөйлемнің басында тұр.
Бұлай қойылу басыңқы сөйлемнің бастауышын бағыныңқы сөйлемнің
бастауышынан айырады. Сөйлемнің мағынасына толық түсінуге мүмкіндік
береді. Басыңқы сөйлемнің бастауышы бағыныңқы сөйлемнің басында
айтылу жазба тілде болсын, ауыз екі тілде болсын көп кездеседі. Сондықтан
оның мағынасын шатастырмас үшін үтір қойылады.
Ең соңында, үтір өлеңді сөйлемдерде бағыныңқы сөйлемнен бұрын
да қойыла беретіні айтылады. Мұндай жағдайда басыңқы сөйлем
бағыныңқы сөйлемнен бұрын келетіні ескертіледі. Жаттығулар жүргізіледі.
Сонымен, үтір қойылатын жерлер санамалап аталып, үйрету диктанттар
жаздырылады, соңынан ереже арқылы қорытынды жасалады.
Тыныс белгілердің қойылатын орындарын көріп білумен қатар
оқушылардың грамматикадан алған білімдерін еске сала отырып, оны одан
әрі толықтыра түседі, жаңа материалдарды терең ұғынуына жол ашады,
оқушыларды сауатты, қатесіз жазуға баулиды.
Қазақ тілінде қолданылатын тыныс белгілердің саны – 10. Бұлар
түгелдей 9-сыныпта өтіледі. Тыныс белгілердің саны соншалықты аз
болғанмен, олардың қолданылатын орындары алуан түрлі. Мысалға сызықша
мен үтірді алайық. Бұлар 9-12 түрлі жерге қойылады. Олардың барлығына
тоқталмай, үтірдің бірыңғай мүшелерге қойылуы мен қойылмауы және
сызықшаның бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылуы мен қойылмауы
туралы көрнектілікпен өтудің жолын қарастырайық.
3. Бірыңғай мүшелерге қойылатын үтірді көрнектілікпен өту.
Бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгінің бірі – үтір.
Оқушыларға үтір туралы түсіндіргенде, ең алдымен кіріспеден басталды.
Кіріспеде үтір (кіші тыныс белгісі) дүние жүзінде тұңғыш рет кітап бетінде
XV ғасыр мен XVI ғасырдың арасында пайда болғаны, оны алғаш рет кітап-
қа енгізген Венецияның атақты баспаханашысы Альд Мануций екені
айтылып, тарихи дерек берілді. Содан бері талай ғасырларды басынан
өткізіп, біздің заманымызда ең көп қолданылатын тыныс белгі болып
отырғаны, оның маңызы мен қызметі туралы түсінік беріледі.
Кіріспеден кейін жаңа сабақ бірыңғай мүшелерді қайталап еске
түсіруден басталды. Ол үшін оқушыларға мынадай сұраулар қойылды.
- Бірыңғай мүше дегеніміз не?
- Бір сұрауға жауап беретін екі не одан да көп сөздерді бірыңғай мүше
деп атаймыз. (Оқушылар сөзімен жазылды). Мысалы, олар бидайды, арпаны,
тарыны, сұлыны орып алды. «Бидайды, арпаны, сұлыны» деген сөздер
бірыңғай мүшелер. Олар «нені?» деген сұрауға жауап береді.
- Бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгі қойылады?
- Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
Бұл жағдай интерактивті тақтадағы кесте арқылы талданады.
1-кесте.
ҮТІР (, )
135
Бірыңғай мүшелердің арасына қойылады.
Ол – Алатаудың сәнді, көрікті тұлғасына жалтақ-жалтақ қарап
келеді. Жалғаулықсыз байланысу.
Дене шынықтыру сабағында
Балтабай мен Сабыр,
Болат пен Марат,
Мейрам мен Ғабит бір сапқа тұрды. жалғаулықтар көп қайталану.
Сен де бір кірпіш дүниеге, бір-ақ рет кел се де
Тетігін тап та, бар, қалан! екеуі де етістік
Жантық-ай, бері келші, бері бір сөз бірдей тұлғада қайталану.
Бұл кестеде сөйлемдерді оқып, бірыңғай мүшелерді таптырып, оған
талдау жасалады. Тыныс белгі қалай қойылып тұрғаны айтылады. Бірыңғай
мүше болып тұрған сөздердің соңғысынан кейін үтір қойылмайтыны
ескертіледі де, себебі түсіндіріледі. Бірыңғай мүшелерге үтірді қоя білудің
алғы шарты бірыңғай мүшелерді оқушылардың жетік білуі.
Енді жоғарыдағы кестеге салыстыра отырып, бірыңғай мүшелердің
арасына үтірдің қойылмайтын жағдайлары түсіндіріледі. Ол мына кесте
арқылы жүргізіледі.
2- кесте
ҮТІР(, )
Бірыңғай мүшелердің арасына мынадай жағдайда қойылмайды
Біздің достығымызға бір партада отыру
жалғаулықтар
екеуміздің де оқуды жақсы меңгеретін қайталанбай бір-ақ рет
алғырлығымыз дәнекер болды
Жексенбі күні біз не
киноға
немесе әр түрлі жалғаулықтар
театрға
я болмаса
стадионға барамыз.
Мен үн-түнсіз тұрдым да екеуі де етістік. Күшейтпелі қалдым. Күрделі
баяндауыш мағынада үтір қойылса мағынасы өзгереді.
Абай Дәрмен жүзіндегі басылмаған ақындық ұшқынды танып тұр.
бірыңғай мүше емес
136
Мұнда оқушылардың назары жалғаулықтарға аударылады. Бірыңғай
мүшелер аталып, арасындағы жалғаулықтар ба са айтылады. Жалғаулықтар
бірыңғай мүшелердің арасында бір-ақ рет қайталанып не әртүрлі
жалғаулықтар бірнеше рет қайталанып келсе, үтір қойылмайтыны түсінікті.
Мұның керісінше, 2-кестеде жалғаулық бір-ақ рет келсе де, үтір қойылып
тұрғаны көрсетіліп, оның себебі – бірыңғай мүше болып тұрған сөздердің
екеуі де етістік екені айтылады. Егер бірыңғай мүшелер етістіктен болып,
оның арасындағы жалғаулық бір-ақ рет келсе де, үтір қойылатыны баса
түсіндіріледі. Үтірдің қойылатын басқа орындары да көрнектілікпен өткенді
еске салу және салыстыру арқылы түсіндіріліп отырылады. Жаттығу кезінде
әртүрлі әдістерді шебер қолдана отырып, ұтымды пайдаланса, оқушылардың
тез де тиянақты меңгеруі даусыз.
Ереже: Компоненттері мағына, орнын тәртібі, интонация
бойынша, ал олардың баяндауыштары шылаулы да, шылаусыз да
байланысып келіп, олар тиянақты формада болып, өзара тең дәрежеде
келген жай сөйлемдердің тіркесін салалас құрмалас дейді.
1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді кестедегі пунктуациялық
ережелерге сәйкестендіріп, тиісті ұяшыққа көшіріп жазыңыз.
1. Өзен біресе төмен ағып жатқандай, біресе сай-салаға бұрылып ағып
жатқандай (Ғ. Мүсірепов).
2. Не ғылым жоқ, немесе еңбекте жоқ.
Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай (Абай).
3. Жас бала анадан туған екі түрлі мінезбен туады:
біреуі-ішсем, жесем деп, біреуі-білсем екен демек. (Абай).
4. Әл-Фараби қайырымды да білгір адамдардың жаны өлмейді, ал
надан адамдардың жаны өлімді келеді деп топшылайды.
5. Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды (Бауыржан
Момышұлы)
6. Ербол бұл әннің үнін жақтырмаса да, сөзін ұнатты, сондықтан кейде
Абай әніне қосылып та кетеді (М. Әуезов).
Пунктуациялық ережелер
Мысалдар келтіріледі
Ыңғайлас салаластың бөлігіне енген жай
сөйлемдер істің, оқиғаның бір мезгілде немесе
бірінен соң бірі болғанын, болатынын, болып
жатқанын хабарлайды.
Бірінші бөлігіндегі ой, іс, оқиға екінші
компонентіндегі ой, іс, оқиға қарама-қарсы
болып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдер
қарсылықты салалас
деп аталады.
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас бөлігінің
арасына үтір мен сызықша қойылады.
Түсіндірмелі салаласта алдыңғы сөйлем (бөлік)
түсіндіруді қажет етеді де, соңғысы түсіндіреді.
137
Бірінші компонентінен кейін жазғанда қос нүкте
қойылады да, қалған бөлігіндегі араларына үтір
қойылады. Бірінші компонентіндегі баяндауышы
сол, сонша, соншалықты, сондай деген есімдіктер
мен үстеу сөздерден болса қос нүктенің орнына
сызықша қойылады.
Себеп-салдар салаластың бір бөлігі себепті,
екіншісі салдарды (нәтижені) білдіреді. Жазған,
жалғаулықты себеп-салдар салаластың арасына
үтір, жалғаулықсыз себеп-салдардың арасына қос
нүкте қойылады.
Талғаулы салаластың бір бөлігіндегі іс не оқиға
ғана орындалады. Талғаулы салалас тек
жалғаулықты болып келеді. Талғаулы салалас
бөліктерінің арасына үтір қойылады.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем-құрамына
енген жай сөйлемдердің мазмұнынан байқалатын
іс-әрекеттің кезектесіп келетінін білдіретін
құрмалас сөйлем.
2-жаттығу. Құрмалас салаластың екінші сыңарын жалғастырып,
тыныс белгілерін қойып жазыңыз.
1. Демалыста ерте тұрдым бірақ... .
2. Ертеңгі кезекшілікке не Ақжол барады...
3. Ол жұмысқа келді де...
4. Былтыр еңбек демалысына шықпадым сондықтан...
5. Біресе себелеп жаңбыр жауды...
6. Біздің бөлімге екі қызметші қабылданды біреуі...
Ереже: Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай
сөйлемдер үтірмен бөлінеді.
3-жаттығу. Берілген мәтіннің сабақтас құрмалас сөйлемдерді
көшіріп жазыңыз.
Ғалым және оның ілімі
Әл-Фараби философиясының аса маңызды жетістіктерінің бірі-
парасат жайындағы ілім. Әрекетшіл парасат (Аристотельші-бірінші
қозғауыш, ойлаудың ойлауы)-болмыс сатысындағы басқыштардың бірі.
Әл-Фараби қайрымды да білгір адамдардың жаны өлмейді, ал надан
адамдардың жаны өлімді келеді деп топшылайды. Осындай екіұшты пікірді
көрген жанның өлмейтіне ол кәміл сенді дегенге илануға болмайды.
Парасат деген ұғымды ұсына отырып, Әл-Фараби ойлау мен болмыс
парапарлығының диалектикасын шебер ашып көрсетеді. Аристотель
сияқты Әл-Фараби де платондық идеализм жағына ойысып, айрықша
дүниесі бар деп біледі.
138
4-жаттығу. Берілген салалас құрмалас сөйлемдерді сабақтас
құрамалас сөйлемге айналдырып жазыңыз.
1. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге
асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне
басшылық жасайды.
2. Өткен күнде белгі жоқ, ол кезде жағдай мүлде басқаша болатын.
3. Он жылдың ішінде Астана әлемге танылды және елімізді де әлемге
танытты деп айта аламыз.
4. Астана–азаттығымыздың символы, Қазақстан жаңа тарихтың
шынайы шежіресі.
Мектепте сызықшаның қойлытын орындары бойынша мынадай білім
беріледі:
Р. Сыздықова сызықшаның қойылатын орындарының 30 шақты түрін
көрсетеді [31]. Ал мектепте соның мынадай түрлерінен білім, білік, дағды
беру көзделген. Соның негізгілерін келтірейік.
1. Берілген зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан
жасалып, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есімнен немес заттанған басқа сөз
таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады:
а) Тіл-қоғамдық құбылыс. ә) Қаһарлы суық мұзды мұхит-үстінен құс
ұшпаған қырқасын, жан баспаған жапан түз. б) Жастар-біздің болашағымыз.
в) Соңғы келген үшеудің ортадағысы-Құнанбайдың тағы бір тоқал шешесінен
туған Жақып.
Атау тұлғадағы бастауыш, не баяндауыш, не екеуі де тәуелдік, көптік
жалғаулы болуы мүмкін. Ол күнде де бастауыштан кейін сызықша қойылады:
1)Монолог-бір адамның пікір түйе сөйлеген сөзі. 2) Әкесінің баласы-
адамның дұшпаны, адамның даласы-бауырың. (Абай) 3) Адамның ішкі
сезімінің айнасы-көз. (С. Мұқанов. )
Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалауы
мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады. 1) Ар
жазасы-бар жазадан ауыр жаза. (М. Әуезов). 2) Ғашықтың тілі-тілсіз тіл.
(Абай). 3) Әлі де беделі-бедел. (Ғ. Мұстафин). 4) Күлкі-қыздың күлкісі. (С.
Ерубаев).
2. Бастауыш 1, 2 жақтық жекеше көпше тұлға дағды есімдіктен,
баяндауыш жіктік жалғауы түсірілген есімдердің біреуінен болғанда,
бастауыштан кейін сызықша қойылады:
1) Мен-тауда ойнаған қарт марал (Махамбет). 2) Біз-қырғауыл, сіз-
тұйғын (Абай). 3) Семья-шағын мемлекет, мен-президент, сен-премер
(Қасым). 4) Сен-тоты құс бақта жүрген (Абай).
3. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы сын есімне жасалғанда,
бастауыштан кейін сызықша қойылады.
Жақсы-ісімен жақсы. (Мақал. ) Сұлу-сұйлу емес, сүйген-сұлу. (Мақал. )
4. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болғанда, екеуінің арасында
сызықша қойылады: 1) Үш жердегі үш-тоғыз. 2) Екі бесіміз-он.
5. Бастауыш ол, бұл, мынау, сонау, анау деген сілтеу есімдіктерінен
жасалып, баяндауыш атау тұлғадағы зат есім немесе зат есім мағынасындағы
139
басқа сөз табы болғанда, сілтеу есімдіктерінен кейін сызықша қойылады: 1)-
Бұл-адам [ның] көз сүйегі, -дейді ханға. (Абай). 2) Сонау-біздің бие. 3) анау-
емен ағашы. 4) Бірақ бұл-қайтқаны емес, толғанып қалып, бірнеше тәсіл
тапқаны. (Ғ. Мұстафин).
5) Соғысты біз сүймейміз ел жылатқан
Ол-ісі қан құмардың қарғысы атқан. (Жамбыл).
6. Бастауыш тұйық етістіктен не тұйық етістік араласқан тізбектен
жасалса, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен, немесе тұйық етістіктен (не
тұйық етістік аралас) және керісінше болғанда, бастауыштан кейін сызықша
қойылады:
1) Елдің шетін күзету-ең ардақты правоң. (Жамбыл). 2) Көргеннен,
білгеннен аспау, барды қанағат қылу-ой мешеулігі. (Ғ. Мұстафин). 3) Аз сөзді,
көп мағыналы болу-мақал-мәтелдердерге тән құбылыс. 4) Совет мектебінің
міндеті-оқушыларға жан-жақты білім беру және тәрбиелеу.
7. Бастауыш –ған (-ген, -қан, кен) жұрағымен жасалған есімшеден (не
есімше аралас күрделі болса), баяндауыш не зат есім, не есімше, не
есімдіктен жасалғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады:
1) Бұған таяу отырған-Ыбырайдың Ысқағы. (М. Әуезов). 2) Көпір
біткен-соғыс тұмсығының қатты қадалатын жері. (Ғ. Мүсірепов). 3) Алтын
орден алғаным-терең жырдың тиегі. (Жамбыл). 4) Менің жазып отырғаным-
теңіз үстінде кездескен көріністерден, жолыққан адамдардан білгендерім. (С.
Мұқанов). 5) Абайды таң еткен-сол екі жігіт. (М. Әуезов). 6) Ән шырқаған-
сол. 7) Станцияға ең кеш келген-осы.
8. Бастауыш бірі, біреуі, біріншісі, екіншісі, алдыңғысы, соңғысы деген
заттанған сан, сын есімдерден және көбі деген сөзден, баяндауыш атау,
тұлғадағы зат есімнен не тұйық етістіктен және керісінше болғанда,
бастауыштан кейін сызықша қойылады:
1) Пьесада («Шыңырау түсінде») бір-біріне қарсы екі түрлі идея
түйіседі: оның бірі-көнбістікті, төзе берушілікті уағыздайтын аяушылық
идеясы, екіншісі-адам күшіне сену, оны өмір үшін күреске шақыру идеясы.
(«Қазақ әдебиеті». ) 2) Жаяу Мұса-Біржан бастаған Арқадағы әншілер
тобының көрнектілерінің бірі. (М. Әуезов).
9. Баяндауыш өз ішінен сөйлем мүшелеріне ажыратылатын күрделі сөз
тіркестері болып келсе, бастауыштан кейін сызықша қойылады.
1) Біздің жауабымыз-Оралбайды білмейміз. (М. Әуезов). (Мұндағы
баяндауыш-[біз] Оралбайды білмейміз; оның өз ішінде бастауыш (біз),
толықтауышы (Оралбайды), баяндауыш (білмейміз).
10. Бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің басқа бір
мүшесімен шатаспау үшін, одан кейін сызықша қойылады (Мұндайда
баяндауыш қай сөз табынан, қандай тұлғада жасалғаны шарт емес). Айтуда
бастауыштан кейін пауза болады. Мысалы:
2) Отыз – алтыға қалдықсыз бөлінеді (30:6). 3) Мен білмейтін – жер
астында сөйлемді ашып айтсақ: Мен білмейтін нәрсе жердің астында жатады
сияқты болар еді. Мен білмейтін жер астында деген түрінде білмейтін деген
140
бастауыштан кейін сызықша қойылмаса, білмейтін нәрсе емес, жер деп
түсінілу мүмкін.
11. Бастауыш зат есім не заттанған басқа сөз табынан болып,
баяндауыш болымсыздықты білдіретін емес сөзі тіркескен есімдердің бірінен
болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады.
12. Бастауыш алд(ы), арт(ы), жан(ы), қас(ы), үст(і), аст(ы) сияқты
көмекші есімдердің жалаң өзінен болып, баяндауыш та есім сөзден болғанда,
бастауыштан кейін сызықша қойылады:
1) Адасқанның алды–жөн, арты–соқпақ. (Абай).
2) Үстім–көк, астым–теңіз, атам–кеме. Арқырап ту толқынмен
арпалысқан. (Т. Жароков).
13. Мақал–мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде сөйлемнің
баяндауышы түсіріліп, ықшамдалып айтылады. Мұндай сөйлемдер түсінікті
болу үшін, бастауыштан кейін сызықша қойылады:
1) Ер–егесте [сыналады], нар–кешуде [сыналады]. (М. Әуезов. ) 2)
Асыл–тастан [шығады], ақыл–жастан [шығады]. 3) Қой–қозыдан [өреді].
(Мақал). 4) Біреуі–көк [тағысы], береуі–жер тағысы. (Абай).
14. Ол–ол ма, бұрынғы–бұрынғы ма, бұл–бұл ма сияқты қыстырма сөз
тіркестері де өз алдында сөйлем құрылысы бар тізбек ретінде араларына
сызықша қойылып жазылады:
1) Бұрынғы–бұрынғы ма, оның салтанаты тіпті артып кетеді.
(Ертегіден. ) 2) Ол–ол ма, әңгіме одан да күшейе түсті.
15. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз, деген
дегенім, дегенің, деген сөз тұрса, бастауыштан кейін сызықша қойылады:
1) Сөйлем дегеніміз–тиянақты ойды білдіретін бір сөз я бірнеше сөз
тіркесі. («Грамматика». ) 2) Мия дегеніміз–қоймалжың қорыс батпақ. 3)
Гипотеза дегеніміз–ғылыми жорамалдар. 4) Қарағанды деген–байлық қой
жатқан. (Ғ. Мұстафин).
Достарыңызбен бөлісу: |