Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


  Бастауыш   пен   баяндауыштың   арасына   қойылатын   сызықша



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата21.01.2017
өлшемі0,8 Mb.
#2329
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

1.  Бастауыш   пен   баяндауыштың   арасына   қойылатын   сызықша.
Сызықшаның   қойылатын   орындары   да   алуан   түрлі.   Солардың   бірі   –
бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша. Бұл – оқушылар
үшін   синтаксистегі   ең   қиын   категорияның   бірі.   Мұны   оқушылардың   жете
меңгеруі үшін, олар сөз таптарын түгел білуі керек және сөздерді тұлғасына
қарай талдай білуге жетік болуы керек. 
Бастауыш   пен   баяндауыштың   арасына   қойылатын   сызықша   туралы
түсіндіргенде,   бұл   да   қайталаудан   басталады.   Барлық   сөз   таптары   атау
тұлғада тұрып бастауыш та, баяндауыш та бола алады деп кішкене тұжырым
жасалады   да,   бір   сөйлем   жазылып,   ол   оқушылар   арқылы   сөз   таптарына
талданады. Ең соңында оқушылардан атау тұлғалы сөздер туралы сұралады. 
— Атау тұлғалы сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?

Ешқандай жалғау жалғанбаған сөздерді атау тұлғалы сөздер деп
атайды және көптік, тәуелдік жалғаулары жалғанған сөздерді де атау тұлғалы
сөздер деп атайды.    Мысалы: кітап, кітаптар т.б. 
— Қазақ тілінде   неше түрлі жалғау бар?
141

– Қазақ тілінде төрт түрлі жалғау бар. Олар: көптік, септік, тәуелдік,
жіктік. 
–Септік, жіктік жалғауы жалғанған сөздерді неге    атау тұлғалы сөз деп
атамаймыз?
– Оның себебі: ол сөздер атау септігінің кім? не? кімдер? нелер? кімі?
несі? т.б. сұрауларына жауап бермейді. Міне, осылай сөз таптары мен атау
тұлғалы сөздер еске салынғаннан кейін кесте пайдаланылады. 
3-кесте
Сызықша – атау тұлғада тұрған бастауыш пен баяндауыштың арасына
қойылады (ереже). 
1) Сан есім. Үш жердегі үш – тоғыз. 
                                                                                               
2)   Заттанған   есімше  Жым-жырт   жиынның   ішінен  сөйлеген   -
майысқақ Қаратай
3) Сілтеу есімдігі. Бұл – сол қаланың жылқысы
4) Жіктеу есімдігі. Мен – тауда ойнаған қарт марал. 
Атау тұлғада тұрған бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша
қойылатыны сөз табы мен сөйлем мүшелеріне талдау арқылы түсіндіріледі.
Мұндағы  оқушыларға  ескертетін  жай– сызықша үнемі бастауыштан кейін
қойылатыны   баса   айтылады.   Бастауыштан   кейін   қойылатын   сызықша
арқылы оқушылар әрі сөз табын, әрі сөз тұлғасын (түбір мен қосымша), әрі
сөйлем   мүшелерін   есіне   салады.   Бұл   кесте   арқылы   бастауыш   пен
баяндауыштың арасына сызықшаның қойылуын білдірумен қатар бастауыш
пен   баяндауыш   атау   тұлғада   тұрып-ақ   кейде   сызықшаның   қойылмайтын
жағдайлары мына кестені пайдалану арқылы салыстырыла түсіндіріледі. 
Сызықша. Бастауыштан кейін мынадай жағдайда қойылмайды. 
Ұзын Омардың Асаны,   сірә – қыстырма сөз
     
Асқар да биді жақсы көретін жігіт        шылау күшейтпелі мәнде
Атау тұлғадағы есім  сөздер   
Сол жылдың күзі ол үшін 
қуаныш күзі еді. 
                                                                                 
Қою қара мұрты тықыр біткен,           көмекші етістік
өткір, кішілеу көзді
142
адуынды жігіт

жүргінші Әбді дейтін жігіт екен         
Зат есім
Жігіттер,    ойын    арзан,    күлкі    қымбат               Сын есім 
Бұл  кесте   оқушылардың   назары   бастауыштан   кейін   сызықшаның
қойылмауына себепші болып тұрған сөздерге аударылады. Ол сөздерге талдау
жасалады.   Егер   бастауыштан   кейін   қыстырма   сөз   келсе   немесе   шылау
күшейтпелі мәнде айтылса болмаса бастауыш та,   баяндауыш та атау тұлғада
болғанмен,  бастауыш   зат   есім,   баяндауыш   сын   есім  болған   жағдайда
бастауыштан кейін сызықша қойылмайтыны және атау тұлғалы баяндауышқа
көмекші   етістік   тіркесіп  келсе,   көмекші  етістіктің  әсерінен   бастауыштан
кейін сызықша қойылмайтыны түсіндіріледі
Оқушылардың білімін тереңдету және сол алған білімдерін жүйелеп,
қажет жерінде қолдана алу дағдысын қалыптастыру бағытында тәжірибелік
сабақтарының маңызы зор. Өйткені тәжірибелік сабақта оқушы күні бұрын
дайындалады; өз бетінше қосымша әдебиеттерді оқиды; конспект, баяндама
жасайды;  оқыған  ғылыми  еңбектерінің    ішінен  өзіне  керегін  таңдап  алуға
үйренеді;   салыстырады,   өзінше   талдау   жасайды;   қажет   жерінде   өз
көзқарасын    білдіреді;   өз   пікірін,   дайындап   келген   мәселесін   емін-еркін
айтуға дағдыланады: талқыланып отырған мәселе бойынша жолдастарының
баяндау жүйесі, мәселені қамтуы, жетістігі,    кемшілігі жөнінде пікір айтуға
үйренеді,   ол   пікір   ауызша   да,   жазбаша   да   жүргізілсе,   тіпті   жақсы.
Тәжірибелік сабағына    оқушылар түгел қатысады, ол тек оқушының жазып
келген  конспектісін сыдыртып оқып шығу түрінде болмауы керек.  Ол үшін
оқушыға берілетін сұрақ оларды ойлануға, ізденуге  жетелейтіндей, кең түрде
сөйлейтіндей   дәрежеде   болуы    шарт.   Осы   айтылғандардың   бәріне   қоса,
тәжірибе   сабағында   оқушы   өз   жауапкершілігін   ерекше   сезінеді.   Әрине,
тәжірибе    сабағының тақырыбы оқушыға таныс болуы керек, сондықтан ол
оқушы білімін тереңдету үшін жүргізіледі. Енді сондай бір сабаққа тоқталып
көрейік. 
Сабақтың тақырыбы: Сызықша
Сабақтың мақсаты:
1. 
Білімділік:  оқушылардың   өз   бетінше   жұмыс   істеу   дағдысын
жетілдіру;   қосымша   әдебиеттермен   жұмыс   істеуге   үйрету;   өзіне   қажет
материалды   таңдап,   салыстыра   білу   дағдысын,   сөйлеу   және   баяндау
дағдыларын, пікір айту, пікірталасқа қосыла білу машығын қалыптастыру. 
 2. 
Дамытушылық:  сызықша   қандай   орындарда,   не   үшін
қойылатыны,   оны   қою   үшін   тілдік   қандай   белгілерді   білу   қажет   екендігі,
сызықшаның басқа тыныс белгілерден айырмашылығы. 
 3. 
Тәрбиелік:  сөйлеу  мәнерін,   халықтың   аз   сөзге   үлкен   мән   беріп
сөйлеу дағдысын, сөзге тоқтау, сөздің қуатын, күшін сезіну сияқты халықтық
дәстүрлермен таныстыру. 
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап. 
Сабақтың түрі:Семинар сабағы (хабарлама және баяндама). 
143

Тыныс белгісі тақырыбына байланысты материалдың оқушыға таныс
екендігі белгілі. Ендеше оқушының сол білімін танытатын жері – осы. Бір
сабақта  сызықша қойылатын орындардың бәрін қамтуға болмайды, ол өте
асығыс, үстірт болады. Сондықтан оқушылардың баяндама, хабарламалары
үшін бастауыштан кейін бірыңғай мүшеге және оңашаланған айқындауышқа
байланысты қойылатын сызықша туралы айту жеткілікті. 
Сабақтың мақсатын айқындау:
а) сызықша – тыныс белгісі;
ә)сызықшаның   бірнеше   себептерге   байланысты   қойылатындығы;
мақсат – соны еске түсіріп, нақтылап бекітіп алу;
б)   сызықшаны   үтірден   ажырата   білуге   жаттығу;   ол   үшін   екеуінің
қойылу себебін білу – басты мәселе екенін түсіну. 
Кейде оқушылар мұғалім дауысының интонациясына қарап немесе бір
тыныс   белгісі   қажет   болып   тұрғанын   өздерінше   байқағанымен,   ажырата
алмағандықтан,  жазу барысында үтір қоятындығы  кездеседі.  Осыған орай,
сызықшаның өзіне тән дауыс ырғағы, қойылу себебі бар екенін айқындап алу
сабақтың басты мақсаты болмақ. 
Сабақ   мүғалімнің   қысқа   кіріспесінен   басталады.   Ол   үшін   тақтада
жазулы тұрған мына сөйлемдерді көшіріп, тыныс белгісін қойып алған жөн. 
Қасына Тәкежан, Ғабитхан, Дархан,
Жұмағұл ерді
Абай - өз заманының жаршысы. 
Абай   тақап   келгенде,   үй   иесі
шыққан еді. (М. Әуезов. )
Ішінде   отырған   Мәкіш,   Салтанат,
Ербол   –   үшеуі   Абайға   қуана
ұмтылысты. (М. Әуезов. )
1-   сөйлем   –   бірыңғай   мүшелі
жай
 
сөйлем,
 
санамалау
интонациясымен   айтылып,   ой
иелерін   даралап   көрсетіп   тұр,
сондықтан үтір қойылады. 
2-сөйлем  -  құрмалас,   себебі  мұнда
екі түрлі  шындық  беріліп тұр,  сол
себепті үтір қажет. 
Бұл   жерде   сызықша   мен   үтірдің
салыстырып   олар   оқылудағы
интонациялық
 
ерекшеліктерін
анықтайды. 
1-сөйлемде
 
бастауыш
 
та,
баяндауыш та зат есім.  III  жақта түр,
сондықтан
 
дауыс
 
ырғағы
ерекшеленуші даралаушы, түсіндіруші
мәнде. 
2-сөйлемде   жалпылауыш   сөзге
байланысты   қойылып   тұр.   Бұл
жинақтау мәнін білдіреді. 
Осылай сызықшаға назар аударып алған соң, сабақтың мақсатын айқындап,
хабарлама   жасайтын   оқушыларға   сөз   беріледі.   Хабарлама   тақырыптары:
          1. Сызықша – тыныс белгісі. 
2. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша. 
3.   Жалпылауыш   сөзге   байланысты   қойылатын   сызықша.  
             4. Оңашаланған айқындауышқа қай кезде сызықша  қойылады?
144

Хабарлама   жасау   уақыты   –   8-10   минут,   қойылатын   сұрақтар   және
оларға   жауап   беру   –   3-4   минут,   хабарламаны   талқылау   –   10-15,
қорытындылау – 3-5 минут. 
Әр   хабарламашыға   оппонент   белгіленеді   және   пікір   айтушылар
олардың пікіріне де баға береді. Бұл жағы  сабаққа тапсырма беру кезінде
ескертіледі.   Мұндай   жағдайлар   оқушыларды   байқампаздыққа,   тыңдап
түсінуге, оны саралай білуге үйретеді. 
Мұғалім   хабарлама   жасайтын   оқушыларға   талданып   отырған   мәселе
бойынша мысалдарды өздері  іздеп табуын да ескерткені  және оны қандай
әдебиеттерден алуға болатынына бағыт бергені де жөн болады. Мысалы:
1-оқушы.   Оқулықтағы   "Сызықша"   туралы   берілген   анықтама
көлемінде хабарлама жасап, оның сөйлем құрамында белгілі сөзді, сөйлем
мүшесін,   сөйлем   мен   сөйлемнің   арасын   даралап   бөліп   көрсету   жөне
жинақтап,   тұжырымдап   айту   мақсатын   көздейтінін   айтып,   әрқайсысына
мысал келтіріп түсіндіреді. Оны кесте түрінде берсе, тіпті жақсы. Бұдан соң
оқулықта берілген жаттығуды оқып талдағанын, оның қай жеріне, не себепті
сызықша коюға болатынын айтады. Оқушылар хабарламашының түсіндіруі
бойынша бірнеше сөлемді жазып алады. 
2-оқушы.  Бастауыштан   кейін   нақты   қандай   жағдайда   сызықша
қойылатынына   қысқа   тоқталады.   Жаттығудан   сызықша   қойылатын
сөйлемдерді ә ережеге мысал ретінде теріп жазуларына болады. 
3-оқушы. Жалпылауыш   сөздердің   қай сөз  табынан  жасалып,   қандай
дауыс   ырғағымен   айтылатынын,   оның   бірыңғай   мүшеден   бұрын
тұғандағысымен   салыстырып,   дауыс   ырғағындағы,   мағынасындағы
айырмашылықты   ашып,   сызықша   қою   қажеттілігін   дәлелдейді.   Өз
дәлелдеріне   жаттығудағы   мысалдарды   талдап,   оған   басқа   оқушыларды   да
қатыстыра отырып, ішінен бірнеше сөйлемді жазып талдатады. 
4-оқушы.  Сызықшаның   енді   оңашаланған   айқындауышқа   да
байланысты қойылатыны туралы айтады. Өзі дайындап келген мысалдарын
окушыларға түсіндіріп, тақтаға жазып дәлелдейді. 
Сұрақ   әр   хабарламадан   кейін   қойылады   және   талданады.   Пікірді
барлық хабарламадан  кейін айтқан дұрыс, себебі уакыттан ұтылып қалуға
болады. 
Мұғалім   енді   сызықшаның   жазу   тіліне   аса   қажет   белгі   екенін,   оны
дұрыс қоя білу ойды дұрыс жеткізудің бір шарты екенін айтады. Содан кейін
жаттығулар жүргізеді. Мысалы, үзіндінің мәнін ашуға болады. 
1.
"Абай   –   өз   заманының   жыршысы"   дейді   автор.   Оны   қалай
түсінесің?
2.
Данышпандық пен кемеңгерлікті түсініп, білу үшін не кажет?
3.
Кемеңгерлікті танудағы Конфуций пікірін қалай түсінесің?
4.
Абай   неге   кемеңгерлікке   жетудің   қиын   жолын   қалады
деп есептейді автор?
5.
"Абайды   қаншалықты   деңгейде   білемін?"   деген   мәселе
145

төңірегінде ойланып көрдің бе?
Осы сұрақтарға жауап алынған соң, сабақ қорытылып бағаланады. 
Сызықшаға байланысты келесі сабақты тәжірибелік сабақ етіп өткізуге
болады. 
Сабақтың тақырыбы:Сызықша қойылатын орындар 
Сабақтың мақсаты:
1.
Білімділік:  оқушылардың   сызықша   қою   жөніндегі  дағдыларын
жетілдіре түсу, мақал-мәтел қорларын толықтыру, мақал-мәтелдер мен билер
сөзінің арасындағы үндестікті байқату. 
2.
Тәрбиелік:  мақал-мәтелдер   мен   билер   сөзінің   идеясы  бірлік,
ынтымақ екендігі,  оның ел бірлігін сақтауда, қорғануда қаншалықты  қажет
екені   туралы   айтылған  қазақ   тарихындағы   көрнекті   билердің,   хандардың
сөздерінің өміршеңдігі туралы; билер сөзінің мақал-мәтелдермен мағыналық
үндестігі,   айтылу   мәнері,   сөйлем  құрылысындағы  ұқсастық   туралы  түсінік
беру. 
Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ. 
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, қазақ би-шешендері мен хандарының
портреттері, мәтіндер.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі. 
 Үй  тапсырмасын тексеру. 
1.
Ж
аттығу ауызша тексеріледі. 
2.  Өткен   сабақта   сызықша   қойылатын   орындардың  қайсысы
талданғандығы   еске   түсіріледі.   Құрмаласқа   жөне  төл   сөзге   байланысты
сызықша   қою   оқушылар   үшін  жаңалық   емес,   соңдықтан   бұл   мәселені
"Сөйлемді   ықшамдап  қолдануга   байланысты   қойылатын   сызықша"
тақырыбына  енгізуге   де   болады.   Тек   ауызша   еске   түсіріп,   кестеге,   тақтаға
жазылған сөйлемдерді көрсетіп кеткен артық емес. 
Тарс   еткен   мылтық   даусы
естілді   –   Қозыкүреңге   оқ
дарымады. 
(Қ. Жұмаділов. )
Жалғаулығы   түсіріліп   айтылған
қарсылықты   салалас.   Оқиға   тез
өткенін   де   білдіреді,   соңдықтан
сызықша қойылады. 
Оттың   жарығына   сағатын
тосты – он болып қалған екен. 
(Қ. Жұмаділов. )
Бір   мезгілде   шұғыл   өткен   істі
білдіретін ыңғайлас салалас. 
Ақыл айтсаң -  батыл айт. 
(Мақал. )
Ерекше   мән     бере   айтылған   шартты
бағыныңқы  сабақтас. 
– Сөйтіп, ендігі жылы бірге оқимыз ба? – деді Рабиға күлімсіреп, онан
соң   ескерткендей,   –Байқа,   сыныпта   қалып   қойып   жүрме,  –  деді.
(С.Мұратбеков. )
Сызықша төл сөз бен автор сөзінің арасына қойылады. 
146

Келесі жаттығу жазбаша орындалады. "Де" етістігін түрлендіріп жазып,
сызықшаның не үшін қойылғанын түсіндіреді. 
Қазақ   халқының   әлеуметтік,   қоғамдық   тұрмысында   билер   сөзінің,
билер кеңесінің үлкен маңызы бар. Мұғалім осы мәселе туралы қысқаша ғана
айтып, мұндағы сөйлеу мәнеріне, сөйлеу әуеніне көңіл аудартады. Мұндай
сөйлемдердің   мазмұны   өте   терең,   құрылысы   жағынан   ықшамды,   сөйлем
мүшелері   түгел   қатыспайды.   Мағыналық   олқылық   көрінбейді,   керісінше
тұспалдау, нұсқау, сол арқылы ойға жетелеу мәні басым болады, сөзді үнемді
қолданады.   Бұл   сөйлемді  ықшамдап   қолдану  деп   аталады.   Аз   сөзге   көп
мағына сыйғызу, мақал-мәтел – шешендер мен билердің сөйлеу үлгісіне тән
нәрсе. Бұлар ерекше әуезбен айтылады. Мұғалім осыны айтып түсіндірген
соң, жаттығуды алдымен мәнерлеп, рөлге бөліп оқытады. Сызықша қойылып
тұрған орындар табылып, сөйлем мағынасының әсері ашылады. 
Бұдан   әрі   сөздік   жұмысы   жүргізіледі:  азуын   айға   білеу,   құлақтың
құрышын қандыру, итіне түсу тегеурін. 
Ж. Тұрлыбаевтың билер туралы әңгімесіне қатысты мынадай сұрақтар
беру арқылы оның тақырыбы, идеясы туралы ой қозғауға болады. 
1.
Төле бидің сөзі не туралы? Ол нені тұспалдап отыр?
2.
Қойайдар би әңгімені калай дамытты?
3.
"Дөме көп – дәрмен жоқ", – деп Тұяқ би нені айтып  отыр?
4.
Қаз дауысты Қазыбектің сөзінен қандай ой байқалады?
5.
Бұл кеңес қандай мәселені қозғап отыр? Тақырып не   туралы?
6.
Үзінді шағын, идея терең, ол не туралы?
7.  .   Әңгіме   бірлік,   ынтымақ   туралы   екен.   Бірлік   болса   ғана,   жерді
жаудан тазартуға болатыны айтылып отыр. Бірақ соны билер неге қарапайым
түрде айтпайды? Қалай ойлайсыңдар?
Ендігі   жерде   үзіндінің   стилі   талданады.   Үзіндідегі   нақыл   сөздер
табылып, айтылған пікірлер қорытылады. 
Жаттығулар   орындатуға   үйрету:  1.   Сызықшаның   бастауыш   пен
баяндауыштың   арасына   қойылуы   бойынша   ең   алдымен   мынадай
ережені түсіндіріледі:
Ереже: Бастауыш зат есімнен немесе заттанған (зат есімдік мәнге ие
болған)   басқа   сөз   таптарынан   жасалып,   баяндауыш   та   атау   тұлғалы   зат
есімнен   не   затанған   басқа   сөз   таптарынан   болғанда   бастауыштан   кейін
сызықша қойылады. 
Жаттығу. Берілген мәтін бойынша қажетті жерлерге сызықшаны қойып
көшіріп жазыңыз. 
Менің Отаным Тәуелсіз Қазақстан
Менің   Отаным   Тәуелсіз   Қазақстан.   Мен   Қазақстан   азаматымын.
Ұлтым қазақ. Қазақстан әртүрлі ұлт өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. 
Біздің   жерімізде   есепсіз   байлық   бар.   Еліміздің   ең   басты   байлығы
кеңпейіл халқы және шетсіз-шексіз даласы. 
147

Тәуелсіз   Қазақстанның   мемлекеттік   тілі   қазақ   тілі.   Тәуелсіз
Қазақстанның өз Ата Заңы бар. Біздің Мемлекеттік Елтаңбамыз, Туымыз
және Әнұранымыз бар. 
Әрбір азаматтың парызы Отанын қорғау, мемлекеттік тілін және
мемлекеттік   рәміздерін   білу,   құрметтеу.   Мен   Қазақстанда   туғанмыды
мақтанш етемін. 
2-жаттығу. Мәтіннен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын
сызықшасы бар сөйлемдерді теріп жазыңыз. 
Денсаулық – баға жетпес байлық
Денсаулық адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Өмірдің
шыттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. «Денсаулық зор байлық»,
дейді қазақ. Денсаулықты сақтап, оны үнемі нығайтып отыру керек, дейді
ғалымдар   мен   биологтар.   Денсаулықты   сақтаудың   жолын   үйрену   әрбір
адамның   басты   міндеті.   Әркім   өзінің   денсаулығының   нашарлануына   өзі
кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау адамдардың өз қолында. Денсаулықтың
нашарлауына көңіл-күйдің де әсері зор. 
Денсаулықты қалай сақтау керек? Аурудың алдын алу шараларына не
жатады?   Осы   сұраққа   жауап   беру   валеологияның   міндеті.   Валеология
денсаулық және салауатты өмір сүру салты туралы ғылым. 
3-жаттығу.   Берілген   қанатты   сөздердегі   сызықшаны   тиісті   орнына
қойып, көшіріп жазыңыз. 
1. Сабыр ақылдың серігі (Майлықожа сұлтанқожаұлы). 
2. Ақыл жүректің суаты (Абай Құнанбаев). 
3. Халықтық дәстүр асыл мұра (Б. Момышұлы). 
4. Көркем сөз жанның сәулесі (Ғ. Мүсірепов). 
5. Жол анасы тұяқ, сөз анасы құлақ, су анасы бұлақ (Сырым Датұлы). 
6. Мінез жанның айнасы (Әбу Насыр Әл-Фраби). 
7.   Тәуелсіздік   тәтті   сөз   ғана   емес,   ұлттыұ   жауапкершілік   (Ә.
Кекілбайұлы). 
4-жаттығу.   Берілген   сөйлемдердегі   сөздердің   орын   тәртібін   реттей
отырып, әр сөйлем ішінде келетін сызықшаны тиісті орнына қойып жазыңыз.
1. Ол, барлық, тізгінін, тұлға, ұстаған, өзгерістердің. 2. Қара, шаңырақ,
қоғамына, дәстүрлі, қалатын, қазақ, атадан, мирас, балаға, болып, шаңырақ,
әке, үйі, үлкен. 3. Қара, шаңыраққа, келіп, аруағына, құран, бағыштап, отыру,
ата-баба, ұрпақ, парыз, үшін. 4. Халық, саны, кез, келген, елдің, дамуыны,
факторы,   аса,   маңызды.   5.   Онығ,   аты,   Мұхтар   әуезов,   секілді,   Ұлы,
жазушының, кішіпейілділік, бойынан, көрген. 6. Мемлекеттік, қызмет, атқару,
ерекше,   сенім,   қоғам,   мемлекет,   берілген,   тарапынан.   7.   Күн,   бейнесі,
көшпелілер, үшін, нағыз, символы, өмір. 8. Мемлекет, қоғамның, саясатын,
саяси, ұйым, жүзеге, асыратын. 
2.8 Мәтін мазмұны мен  сөйлемдегі  ойға  байланысты
қолданылатын тыныс белгілерді оқыту
148

1) Көп нүкте (...) мағынаға байланысты қойылатын тыныс белгісі. Қөп
нүкте   түрлі   себептермен   ойдың   аяқталмай   қалғандығын   білдіреді.   Атап
айтқанда:
А)   Бір   нәрсе   жөнінде   айтайын   деген   пікір,   ұмытылып
қалғандықтан,   оны   үзілді-кесілді   еске   түсіруде   көп   нүкте   қойылады.
Мысалы:–Аға! Әлгі бір журналда жазылған жетім   бала бар ғой... Жетімге...
жетімді   оқытып... оқытады... ақша беріп... деп... деген журналдан оқып ем,
мені сонда ала кетсең қайтеді аға! (С. М. ). 
Ә)   Айтылып   келе   жатқан   кейбір   пікірлерді   айтыпжатудың   артық
екендігін білдіру үшін қойылады. Мысалы:  Отын, су, пәтер... тегін беріледі
(Ғ. Мұст.). 
Кездейсоқ болған іске таңдануды,     сүйсінуді, назалануды     көрсетеді:
Құлыным, Қайырлым... қайда жоғалып кеттің...  –  деп,   әлсіз ғана шыққан,
дауыс естіледі (Ғ. Мұст. ). Аға, аға,   осы
сөздеріңізді   жазып қалдырса да болғандай екен... (М. Ә. )
Б) Үзіндінің түгел алынбағандығын білдіреді. Мысалы:  Сауатсыз елде
социализм жасауға болмайды... – деген Лениннің сөзін Еркін айта келді де,
әңгімесінің бетін екінші жаққа аударды (Ғ. Мұст. ). 
В) Көп нүкте кейде үш нүктеден артық көлемде бірнеше жол бойы да
қойылады, бірақ ол қанша көлемде не себепті қалдырылғаны белгісіз, қара
сөз бен өлеңдерде кездеседі. Мысалы:
Төсегінде жатса да ұйықтап, 
Оған әркім хат әкелер. 
Бұл не? Шақыру? Айтқандай-ақ, 
Шақырыпты кешке үш жер. 
Мысалдарды талдау арқылы жинақтап қорытады. 
2)   Қос   нүкте   сөйлем   мүшелерінің   грамматикалық   және   логикалық
қарым-қатынасын білдіреді, ойдың жалпыдан жалқыға, жалқыдан жалпыға
қатысын көрсетеді. 
А)   Қос   нүктенің   сөйлемдегі   негізгі   кызметі   –   сөйлем   мүшелерінің
арасындағы түрлі қарым-қатынастарды көрсету. 
Ә) Жеке сөздерден кейін қойылған қос нүкте «былай дейді», «мынадай
оқиға»,   «мынадай   жаңалық   болып   жатыр»   деген   сияқты   толып   жатқан
мағыналарды білдіреді. Мысалы: Ташкент: Кездесу, танысу («ЛЖ»). София:
Бірлік және татулық («СҚ»). Нюрнберг: Қылмыс және жазалау («Спорт»). 
3) Диалог емес төл сөз тырнақшаға алынады: Ол «Түйе-дей қыз беріп,
түймедей   ет   жемедім»   деп,   реніш   білдіріп   отыр   екен   («Жұлдыз»).   Киізі
қырық жамау күркесіне келіп күркесінекеліп келіп: «Қайран  менің өзүйім,
Кең сарайдай боз  үйім» деп керілгенде, Жиреншенің екі  аяғы тізесіне шейін
күркеден   сыртқа   шығып жатады екен деседі («Жұлдыз»). Мен өзге сөзге
емес, «құлынды қайтарам» дегенге қатты елеңдеймін (С. М. . 
149

А)   Біреудің   айтқанынан   жеке-жеке   сөздер,   сөйлемдер   тырнақшамен
жазылады: Белгілі өлшеуі, мөлшері жоқ   бұл шығын анық қараңғы жолмен
алатын жем болғандықтан, оның атын жұрт «қарашығын» дейтін («ҚӘ»). 
Ау,   Ақбала-ау!.   .   Ақбалажан-ау,   қарағым-ау!   «Кел»,   «қатысып   тұр»
дегенім   қайда?   (Ә.   Н.   )   Қамария   балалары   ешкімге   ақысын   сіңірмейтінін
білген соң, бұларға «сөйлеме», «жүрме», «тұрма» деп ақыл айтуды қойдым
(Б. М. ). 
Ә) Ұйым, фабрика, завод, машина маркасы, самолет т.б. қойылған аттар
тырнақшаға алынады: Сарықопаның бойындағы «Ұшқын» артелінің қасына
кеңсенің тұрақты үйлері биылғы көктемнен бастап қана салынып жатыр (С.
М. ). Ойнаушылар «Жас қазақ» ұйымының мүшелері еді (С. С). «Союз-4»
кораблі   «Союз-5»   корабліне   түйіскенге   дейін,   ғарышта   екі   тәулікке   жуық
уақыт болуына тура келді («ЛЖ»). 
Б) Ойын, әдет-салт аттары тырнақшаға алынады: Үлкендер зор меженің
бірі   деп   білетін   өмір   белі   «ұрын   бару»   болса,   Абай   содан   асты.   (М.   Ә.   )
Ұзақты сары күнін балапан қуу, асық ойнаумен өткізген балалардың түнгі
ермегі – «ақ сүйек», «соқыр теке», «бурақотан» сияқты ойындар (С. М. ). 
В) Пьеса, кино, музыкалық шығармалар, газет, журнал, кітап, шығарма,
өлең, қаулы т.б. тырнақшаға алынады: Әлмағамбет «Тәңірі қосқан жар едің
сен»   деген   өлеңіменен   «Татьяна»   назын   толқытып   жөнелді   («Жұлдыз»).
Күйеуі «Ертіс» кинотеатрының алдына кілт тоқтап, сағатына қарады («ЛЖ»).
Аңқау Жүсіп «Бір махаббаттың сыры», «Қош бол», «Кездесу», «Жолдастар»
сияқты бірнеше шағын пьесалар көрсетті («ЛЖ»). «Соғыс және бейбітшілік»,
«Тынық   Дон»   романдарын   уақыт   өткізу   үшін   оқымаймыз   ғой   («ҚӘ»).
«Ескендір»,   «Кім   жазықты?»,   «Абай»,   «Миллионер»,   «Капитан   қызы»,
«Ана», эпостық шығармаларға жатады («ҚМ»). 
Г)   Нысан   етіп   алынған   жеке   сөйлемдер,   сөздер   не   сөз   тізбектері,
әріптер,   буындар   тырнақшаға   алынады:   Көп-шілік   бас   шұлғып,   құптап
жүрген жайды «шындық» дей-міз бе? (М. Ә. ) Бұл араның қазағы қысқы үйді
«там» дейді екен. Солардан үлгі алған қазақтар жазып жүрген дәптерлерін
«естелік» деп атайды (С. М. ). 
Д) Шығармалар     ішінде алынған хаттар   тырнақшамен ажыратылып
жазылады: ... Бұл дәстүрдің қандай екенін  мына бір күлкілі әңгімеден айқын
түсіне аласыздар:
 «Бір қазақтың бес ұлы болыпты. Олардың аты көл,  қамыс, қасқыр, қой
және пышақ екен. Бір күні келіні суға барса, көлдің ар жағында, қамыстың
бер   жағында   қасқыр   қойды   жеп  жатыр   екен.   Сонда   келіні   ауылға   жүгіріп
келіп:   «Сарқыраманың   ар   жағында,   сылдыраманың   бер   жағында,
маңыраманы ұлыма жеп жатыр, тезірек жанығыш пен кескішті жеткізіңдер»–
депті. (Ы. Алтынсарин). 
Е)   Ал   төл   сөз   диалог   ретінде   келсе,   әр   адамның   сөзі   тырнақшаға
алынып   жазылады,   мысалы:   «Одан   да   айт-қыңыз   келмейді   де»–   деп,
жәбірленген   түр   көрсеткен   соң,   «Әлі   де   неше   рет   кездесеміз»,   –   деп,
бұлтарып еді, оған Сюзанна: «кешіріңіз, мен бала емеспін, айтпайтын сыр
150

болса,   қиналмаңыз,   өз   көзіңізбен   көргеніңіз   жөн   болады   да»,   –   деп
дәмелендіргісі келді (С. М. ). 
4) Драмалық шығармалар (автордың түсіндірмелері) жақшаға алынады:
Нұрбала. Жанының тәттісін (Күледі). Қасен ағай өлгенше есінен қалмастай
етіп қорқытқан екен. Қасен ағайдан Мырзалы бұрын келсе, қайтемін, келе
берсін, қорқамын ба? (Мырзалы келеді, состиып аз тұрады, үйреткен сөзді
бастайды)   (Д. Е. ). 
А) Талас не күдікті пікірді көрсетіп, оқушының назарын соған аудару
үшін,   біреуден   келтірілген   үзіндінің   ішін-дегі   жеке   сөздерге   не   сөйлемге
қойылатын леп, сұрау белгілері  жақшаға  алынады:  Ақын поэманың арқау
жібін босатып, ақау жіберіп ала береді, мысалы, «Өлімге күліп қарайды (?).
Ә)   Алынған   мысал   ішіндегі   белгілі   бір   сөздерді   не   сөйлемдерді
санамалап көрсету үшін қойылатын әріптер не цифрлар екі жағынан жақшаға
алынады:   Оқушыларды   мәнерлілікке   үйретудегі   жұмыстың   негізгі   кейбір
түрлері мынадай болуы керек: (1) оқығанда оларды ойлауға, сезінуге үйрету,
(2) оқыған шығармаларындағы кейіпкерлерді есіне түсіре білуге әдеттендіру,
(3) шығарманы жазушы авторға көзқарастарының дұрыс болып қалыптасуын
қадағалау... («ҚМ»), (1) Буырқанған теңіз, (2) сылдырап аққан өзен, (3) сұлу
қайың   сыбдыры,   (4)   тоғайдағы   бұлбұл   үні   тізбектеліп   көз   алдыңнан   өтіп
жатады («газет»). 
5) Сөйлем басында жай дауыспен айтылған «иә», «жоқ», «жә», «кәне»,
«рас», «қап» сияқты сөздерден соң үтір қойылады: Иә, шет жағасын естіген
едім (С. Қ. ). Жоқ, мен білсем, дәл бүгін бізге мал соймай, кәрі кой-дың өлі
етін асып отырған Қаражанның сараңдығын найзаға шаншып жатқан болуы
керек  (М. Ә. ).  Жә, арқанның ұзыны, сөздің  келтесі  жақсы  («ЛЖ»).  Кәне,
серкені бөліп, қойға қосыңдар  (С. Б. ). Қап, мына біреу бір жапырақ болған
неменің қылып кеткенін-ай!  (М. Ә. ). Жақша ішіндегі бірыңғай мүшелер де
үтірмен   бөлінеді:  Балаларды   мәдениеттілікке   кішкене   күнінен   бастап
баулыған   жақсы.   Мысалы:   баланы   тазалыққа   үйрету,  ұқыптылыққа   баулу
(айталық,   жатарда   киімдеріңді   іліп   қой,   ойыншықтарыңды   жинап   орнына
қой, беті-қолыңды жуып жат, ойнағанда киімдеріңді былғама, таза сақта т.б.
деген   сияқты   шаралар)   арқылы   ұқыптылық,   әдептілік     әдет   болып,   жас
баланың бойына сіңе береді де, ол өскенде де әдепті, ұқыпты болады (“Е.Қ”). 
6.   Сызықша  –   сөйлемнің   мағыналық   әрі   грамматикалық   жағын
айқындаушы   белгі.   Мысалы:  «Ревизор»  –  Гогольдің   драматургиясының   ең
шыңы  деген   сөйлемдегі  «Ревизор»   деген   сөзден  соң  айтуда   дауыс  үзілісін
жасамай,   жазуда   ол   сөзден   кейін   сызықша   қоймай   жазсақ,   онда   оқушы
«ревизор» деген сөзді «Гоголь» деген сөздің анықтауышы ретінде қабылдап,
сөйлемді басқа («Ревизор Гоголь деп) мағынада түсінуі мүмкін. Сол сияқты,
«Бұл  –  насихатшының жақсы жұмысының нәтижесі»  деген сөйлемде «бұл»
деген сөзден соң сызықша қойып жазбасақ, «бұл» сөзі «насихатшы» сөзінің
анықтауышы   болып,   екінші   бір   мағына   береді.  «Ұшқыш  –  батыр   ұланым
дегенде «ұшқыш» сөзінен кейінгі тұрған сызықшаны «батыр» деген сөзден
соң қойсақ, не мүлде қоймасақ, сөйлемді екі жақты түсінуге тура келеді. 
151

А) Бастауыш пен баяндауыш арасына қыстырма сөйлем түссе, онда ол
жақшаға алынады да, бастауыштан кейін түруға тиісті сызықша жақшаның
екінші  сыңарынан  соң  қойылады.   Мысалы:  Саудагерлердің   біреуі  (көздері
ой-нақшыған   сақалды   бір   мұжық)–жауынгерлердің   қасына   жақындады
(Ә.Н.). 
Сөйлемде   айтылмай   қалдырылып   кеткен   мүше   орнына   сызықша
қойылады. Мысалы: Қіші пейілділік, әдептілік,   сыпайылық, салмақтылык, –
адам     көркі  («ҚӘ»).  Қуаныш-қайғыға бірдей төзімділік, ашық ой, қажымас
қайрат – ел ардақтысы (Ғ. Мұст. ) Мына бір  шәкіртім Қарағандыдан жазады
– шахтер (М. И. ). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет