Сабақтың тақырыбы Леп белгісі қойылатын орындар
Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі. Сұрақ-жауап, әңгіме.
(?)
Ал кімде сұрақ бар?
Әлгі Нәзира қайда жоғалып кетті?
(С. Мұратбеков)
(. )
Нәзира әпкем іштегі бір тостаған айран
алып шығып, Тоқтарға ұсынды. Бұл
кезде Тоқтар әлгі Жиренқасқа бестіге
бұғалық салған.
(С. Мұратбеков)
121
(?)
(!)
Сабақтың мақсаты: оқушылардың леп белгісі қойылатын орындар,
леп белгісін қоюдың себептері жөніндегі пунктуациялық дағдыларын
қалыптастыру, оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.
Сабақтың барысы.
Бұл леп белгісі қойылатын орындар бойынша үй тапсырмасын тексеру
арқылы леп белгісі қойылатын орындарды еске түсіруден басталады.
Сөйлем соңына леп белгісін қою үшін оны танытатын белгінің бар-жоғын
анықтап алу керек, ол үшін мына сөйлемдерді салыстырамыз:
1) бұл үлкен сыйлық 2) – Қыран болатынын
қой, ақсақал!
білесіз?
Аса ризашылық сезіммен, Көңіл-күйі білінбейді,
көтеріңкі леппен айтылып сұрау мәні бар,
тұр, сондықтан леп белгісі (!) қойылады. сұрау белгісі (?) қойылады.
3) Қарт балапанның кішісін мақтады.
Көңіл күй мәні де, сұрау да жоқ,
Хабар бар, сондықтан ( . ) нүкте қойылады.
Басқа сөйлемдерді де осылай талдау арқылы леп белгісін қоюдың
себебін дәлелдейді. Соңынан жаттығулар орындалады.
1-топқа берілетін тапсырма. Мына сөйлемдерді таңдау, сүйсіну,
қуаныш мәнді етіп құраңдар.
1. Танауыңды жарған хош иісті гүл.
Бұл тапсырмаларды орындау арқылы леп белгісін танытатын белгілер:
одағай, демеулік шылау, ғажап, керемет, қандай сөздері екені еске түсіріледі.
Ол кесте түрінде тақтаға ілінеді. Бұдан соң леп белгісі қойылатын сөйлемдер
стильдің қай түрінде көп кездесетіні әңгіме болады.
Екі топқа да М. Мақатаевтың "Биылғы май" өлеңін бөліп оқытуға
болады, ол оқушылардың дауыс ырғағын келтіріп оқу дағдысын жетілдіреді.
Өлең оқылып болғаннан кейін леп белгісі қойылған орындар табылып,
олардың белгісі (себебі) анықталады. Осыдан кейін леп белгісінің бұйрықты
сөйлемдерден соң да койылатыны айтылады, бірақ өлеңде баяндауыштың
жасалуына қарай бұйрықты болғанымен, мағынасына қарай бұйрықты емес,
көтеріңкі дауыспен айтылатын тілек, үндеу мәнді сөйлем, сондықтан леп
белгісі қойылып тұр. Ендеше, осындай сөйлемдерден соң және қатаң бұйрық
беретін, тілек, өтініш мәнді сөйлемдерден соң да леп белгісі қойылатыны
айтылады.
Тақтаға бір оқушыны шығарып, бір етістікті бұйрық райда жіктетіп
{оқы, жаз, тоқтат т.б. ), бұйрықты сөйлемдердің жасалу жолын еске түсіріп
алуға болады. Осыдан кейін бұйрықты сөйлемдердің жасалу жолдарын,
мағынасын көрсететін кесте ілініп, құрылысына қарай бұйрықты болып келетін
сөйлемдер қазақ халқының тұрмысындағы тілек айту, бата беру сияқты
122
Туу,
қайдан
дәстүрлерінде көп кездесетін туралы айтып, оқулықтағы жаттығуларға назар
аударылады. Мысалы, бұйрықты сөйлем бойынша ереже түздіру.
1. Кесте бойынша бұйрықты сөйлемнің ерекшеліктерін үйрету арқылы
ереже түздіру:
Бұйрықты сөйлем
Жасалу жолы
Мысалдар
Мағыналары
Бұйрық райдың
II жағы
-шы, -ші жұрнағы
Бұйрық райдың
III жағы
Ал түсіңдер, неге
тұрсыңдар!
Басыңдар аяқтарыңды!
Одан да бір ән салшы,
бауырым!
Серпілтші мынау зіл боп
басқан қапас дүниені!
Ешкім ешқайда
кетпесін!
Кітаптар таратылсын!
Талап ету, талап
қою, тоқтау салу,
сес көрсету
Ескерту, өтініш,
ұсыныс жасау
Сақтандыру, тоқтау салу,
кеңес беру
Сөздік. Әмісе, дерт-дербезе, қалыс.
Сұрақтар: – Тілек, баталар әр түрлі. Ендеше, олардың қайсысы қандай
жағдайға байланысты айтылып, қалай жасалып тұр?
— Тілек, бата мәнді сөздер қандай сөздермен тіркесіп
қолданылады?
— Тілек айтудың мәні неде?
— Бата жасау не үшін керек?
— Сырымға берілген батаның мағынасы қандай?
–
Сырым неге ол батаны картайғанша есіне сақтады?
Оқушылар жаттығудан леп белгісі қойылған сөйлемдерді
теріп алып,
дәптерлеріне жазады.
Екі оқушы кестемен тапсырма орындайды.
123
№1
Тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз.
Мылтығын таянған біреу өзіне төне қарап көз алмай отыр Бала селк етті
Қозғалма деді мылтықты адам Қашып кетем деп ойлама Атып тастаймын
Жорабайдан бұл қалай деп сұрамақшы еді Сейлеме деді мылтықты адам Бала
аспанға қарай қолын созып көріп еді ештеңе ілікпеді. Тыныш отыр деп жекіді
мылтықты адам Жұлдыз көпір деп сыбырлады бала мені арғы жаққа алып өт.
(Ш.Мұртаза. )
№2
Тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз. Леп белгісі неге қойылады?
Омашжан, садағаң кетейін қоя берші баланы Жауап бер деймін, күшік, айтасың ба
милицияға Омашжан-ау, қайдағы милиса Ол әлі милисаны білмейді ғой Шал енді тура
Омаштың қолына жармасты Жіберші жіберші енді шырағым Баланың қылығын кек санап
қайтесің. ( Д. Исабеков. )
Бұл тапсырмалардың екеуінде де оқушы мәтіннің жазылу ретін (автор
сөзі мен төл сөзді тауып) сақтап жазуы керек. Мүндай қате оқушыларда жиі
кездеседі, сондыкқтан әр сабақта осы сияқты тапсырмалардың араласып
отырғаны тиімді болмақ.
Оқулықта оқушылардың өздері әңгіме-диалог құрауына арналған
тақырыптар, оларға қандай сөйлемдерді қосу керектігін көрсеткен жаттығу-
тапсырма бар. Бұл жерде де солардың біреуін алып, ауызша әңгімелетіп, үйге
жазып келуге тапсырма беруге болады.
Сабақты қорыту үшін мынадай сұрақтар жұмыс жүргізіледі:
—
Леп белгісі қандай сөйлемдерден соң қойылады?
—
Леп белгісін коюды талап ететін сөйлемдердің қандай
белгілері бар?
—
Қуаныш, реніш, сүйсіну, бұйыру, зеку т.б. мағыналарын қандай
тілдік тәсіл арқылы білдіруге болады?
—
Леп белгісі қойылатын сөйлемдер өмірдің қай саласында көп
кездеседі?
– Ауызекі сөйлеудегі леп белгісінің қосымшалары нелер?
Сұрақ-жауап кезінде оқушылар тегіс катысуы керек, біреуі сұраққа жауап берсе,
екіншісі мысал келтіреді, үшіншісі бет-жүз, көз, қол т.б. қимылдармен көрсетеді.
Үйге тапсырма. Аталған әңгімеге қоса, шешендік сөздерден бата жасау,
тілек айтуды көрсететін мәтін тауып келу.
Әдетте, мұндай үлкен тақырыптардан соң, қайталап, пысықтап, бақылау
диктантын аламыз. Бірақ бақылау диктанты – баланы үйрету емес, оның
білімін тексеру. Егер бала білімін көрсетіп, қатесіз жазса – жақсы; егер осы
уақытқа дейін оны меңгере алмағандығын көріп қиналса – бұл баланың өз
күшіне деген сенімсіздігін туғызады. Себебі сөйлем соңына қойылатын
тыныс белгілері оқушы үшін жаңалык, емес. Ол оқушының өзіне де белгілі.
Сондықтан бар зейінді салып, осыған дейінгі кемшіліктерді түзетіп, тыныс
белгілерін қоюда қате жібермеуге тырысу керек екенін түсіндіре отырып,
өздік жұмысын жүргізген дұрыс деп есептейміз. Бұдан соң бақылау
диктантын алуға болады, егер диктанттан қате кетсе, енді сол оқушымен
жеке жұмыс жүргізу қажет деген сөз.
Өздік жұмыс.
1-тапсырма. Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерін еске түсіре
отырып, мәтінді жазылу ретін сақтап көшіріп жаз.
Бұлардың құшағы гүлге толды Күн сәскеге көтерілді Қыздар тау
биігінен ойдағы шахтерлер поселкесіне қарады Өзен бойын жағалай салған
үйлердің арасында толған адам Біреудің әлдене деп айкайлаған даусы
124
шығады Өй қыздар қыздар ау енді жетеді қайтайық деп айқайлады Нұрби
Қайтайық жүр кеттік Қыздар жапатармағай таудан төмен қарай бет
алды Поселкеден әлдекімнің айқайы тағы естілді Қыздар тұра қалып
құлағын тосты Не дейсің катты айқайла Бұл қыздардың даусы еді
Таңертеңгі таза ауада таудағы дауыс бұрынғыдан екі есе жаңғырығып
бүкіл таудың кең кеудесін дірілдетіп барып бірақ тоқтады Жеңіс Бұл сөзді
қыздар бірден түсінбеді Қайталап айт Тау да қайталап қайталап айт деп
барып тоқтады Жеңіс Жеңіс Кыздар енді ұқты Құлаған-сүрінгеніне
қарамай ылдиға қарай домалай жөнелді. (С. Бақбергенов. )
2-тапсырма. а) Мәтіннен тыңдау, түсіну, ұқпау сөздерінің синоним-
дерін тап.
ә) Мәтіннен ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып, тура мағынасын
көрсет.
3-тапсырма. "Қуанышты" сөйлемдер қалай жасалатынын түсіндір.
(Бұл тапсырманы да оқушы жазбаша орындайды. )
4-тапсырма. Кітаптың (көп кітап) суретін салып, сұрау белгісін (?)
қойып кою керек, оқушы сол бойынша әңгіме құрап, оны сұрақ-жауап
түрінде жасайды.
5-тапсырма. Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерін еске түсіріп,
мәтінді жазылу ретін сақтап көшір.
Кім бар-ау деп дауыстады Нұрмолда Нұрмолда төрт керегелі аядай
қараша үйге иіліп әрең-әрең енді Мұқажанның келіншегі Жұлдыз болса орнынан
жалма-жан тез тұрып, іргеге қарай ығыса түсіп, иіліп сәлем етті Келін
қалқам сау-саламат па деді Нұрмолда Шүкір деген сөзді естілер-естілмес етіп
Жұлдыз әрең айтты Қонақ төр алдында төсеулі жатқан екі бүктеулі
алабажақ шыт көрпенің үстіне отырды Ал балалар қайда Мұқажан келін
екеуің ғана ма жайлауда Балалар ауылда Оқитыны бар шығар Екеуі оқиды
Қанша балаң бар Жетеді аға бесеу-алтау Өте жақсы екен Мырзабай
марқұмның тұқымын көбейтіп жатырмын де, дұрыс дұрыс-ақ (С.
Бақбергенов. )
6-тапсырма. 1. Мәтіннен кішкентай, ұрпақ, кіру сөздерінің
синонимдерін тап. 2. Азайту, қате сөздерінің антонимдерін көрсет.
7-тапсырма. Жауап алу, білу мақсатындағы сөйлемдер қалай
жасалатынын түсіндір. (Бұл сұраққа да оқушы жазбаша жауап береді. )
8-тапсырма. Гүл. Гүл алаңы бейнеленген сурет. Қасында леп белгісі
тұр. Адамда соған қарап таңғалу, қуану, сүйсіну сезімі болады ғой.
Соны жазып көрсет. Тілдік тәсілдердің кайсысын қолданасың?
Бұлардың қайсысынан соң леп белгісін қоясың?
9. Тестік тапсырмалар:
1. Сөйлемнен соң қандай тыныс белгісін қоюға болады?
А. нүкте (. )
В. сұрау белгісі (?)
С. леп белгісі (!)
125
Д. көп нүкте (... )
Е. сұрау және леп белгісі (?!)
2. Сен өзің тіпті ірі сөйлейді екенсің, ә...
Сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі керек?
А. нүкте (. )
В. сұрау белгісі (?)
С. леп белгісі (!)
Д. көп нүкте (... )
Е. сұрау және леп белгісі (?!)
3. Сенің арманың оңай екен
Сөйлем қандай белгіні қажет етіп түр?
А. нүкте (. )
В. сұрау белгісі (?)
С. леп белгісі (!)
Д. көп нүкте (... )
Е. сұрау жөне леп белгісі (?!)
4. Аянның ертегілері көбіне жетім бала туралы болушы еді.. Сөйлем
қандай мақсатта айтылған?
А. жауап алу
В. қуанышты білдіру
С. хабарлау
Д. орындау
Е. тілек білдіру
Тұжырымдағанда, мынадай ережеге байланысты жаттығу жүргізіледі.
Хабарлы сөйлемдерден кейін нүкте қойылады. Сұраулы сөйлемдерден соң
сұраулы белгісі қойылады. Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
1-жаттығу. Берілген мәтіннің ішінде аяқталған ойдың соңына
қажетті тыныс белгісін қойып, көшіріп жазыңыз.
Мен мемлекеттік қызметшімін.
Менің аты-жөнім – Нұрсұлтан Ақан Арманұлы мен мемлекеттік
қызметшімін мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігінде
қызмет етемін мен халықаралық қауіпсіздік басқармасында кеңесшімін
қызметке орналасарда тест тапсырдым осы қызметте үшінші жыл істеп
жатырмын маған қызметім ұнайды қызмет барысында басшылардың
бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды
адамдардың өз өкілеттілігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқаулары
орындаймын мемлекеттік қызметте істеу-мәртібелі міндет мен
Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік
қызметшінің антын бердім Қазақстан Республикасының Конституциясы
заңдарын сақтаймын мен Отаныма адал қызмет етемін.
2-жаттығу. Берілген сөйлемдердің соңына қойылатын тыныс
белгілерін анықтап (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі), тиісті ұяшыққа
көшіріп жазыңыз.
126
1. Бұл Ш.Шаяхметов атындағы Тілдер дамыту Республикалық
үйлестіру-әдістемелік орталығы ма
2. Менің тілегім: халқым аман болсын, еліміз бейбітшілік заман болсын
3. Тілге қамқорлық алдымен тыныштыққа қамқорлықтан бастау керек
4. Қызмет барысында өзімізге берілген құқықтар шегінде және
қызметтік міндеттерге сәйкес өкілеттікті жүзеге асырамыз
5. Денсаулықты қалай сақтау керек
6. Қараңдаршы, бұл не деген мықтылық, Қарсы алуда туған елің тік
тұрып
7. Қазақстан 1991 жылы өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялады
8. Төрге шық, дастарқаннан дәм тат
9. Аурудың алдын алу шараларына не жатады.
10. Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп әкетер едім, әттең атым көтере
алмайды-ау
11. Кешіріңіз, телефонға Әлима Тұрсынқызын шықырып жіберуге бола ма?
12. Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің ұжымы Сізді
мерейлі 60 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды.
«Нүкте»
қойылатын
сөйлемдер
«Сұрау белгісі»
қойылатын
сөйлемдер
«Леп белгісі»
қойлатын
сөйлемдер
3-жаттығу. Берілген сөйлемдер ішіндегі қажетті тыныс белгілерін
қойып, көшіріп жазыңыз
1. Ертеңгі ұрпақтың білімі әдебі ата-ананы сыйлауы еңбекке қатынас өмірге
көзқарасы бәрі-бәрі көрген өнегесін алған тәрбиесіне, саналығына байланысты.
2. Біздің еліміз Ресей, Қытай, Қырғызтан, Түркменістан және Өзбекстан
елдерімен көршілес орналасқан
3. Қазақ жерінде өзендер мен ормандар таулар мен жазық далалар көлдер
мен шөлдер бар.
Тест жаттығулары.
1. Күн ыстық па
Сөйлем қандай мағынаны білдіріп тұр?
А. білу
В. куанышты білдіру
С. хабарлау
Д. талап ету
Е. өтініш
2. Паһ, шіркін, өнеріңе болайын
Сөйлем қандай мағынаны көрсетіп тұр?
А. сүйсіну
В. хабарлау
С. талап ету
127
Д. бұйыру
Е. білу, жауап алу
3. Қай сөйлемнің тыныс белгісі дұрыс қойылмаған?
А. Көргендігіңді көрсеттің-ау, айналайын!
В. Мына кісі не деп кетті өзі.
С. Сөз жүйесін тапты, мал иесін тапсын.
Д. Иә, білемін. Білгенде қандай!
Е. Мақтауларың асып кетті.
4. Қай сөйлемнің тыныс белгісі дұрыс қойылмаған?
А. Анау қою шаңды көрдің бе?
В. Ентелеп қайда барасың, тоқта!
С. Абыр-дыбыр күшейіп кетті.
Д. Ендеше дайындалыңдар. Аттан!
Е. Осы сіз кімсіз, қария.
Сабаққа қорытынды жасалады.
2.6 Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерін оқыту
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілеріді дұрыс қою оқушылар үшін
қиындық тудыртып жатады. Оны қою үшін дауыс ырғағы жеткіліксіз, себебі бір
сөйлемнің өзін әркім әр түрлі оқиды, ендеше дауыс ырғағы барлық уақытта сөйлем
ішіне қойылатын тыныс белгілерінің көрсеткіші бола алмайды. Мұнда
грамматикадан білім қажет екендігі көрінеді, себебі оқушы бастауыш пен
баяндауыштың қай сөз табынан жасалып, қандай сұраққа жауап беріп тұрғанын
білмей тұрып сызықша қоя алмайды, сол сияқты сөйлем мүшелерін білмесе, оның
бірыңғай екенін танымайды. Осындай қиындықтарды ескере отырып, сабақ
алдымен сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері туралы түсініктен басталады.
Сөйлем ішіне койылатын тыныс белгілері: үтір (, ), сызықша (–), нүктелі
үтір (;), қос нүкте (:), тырнақша (""). Бұл тыныс белгілерді үйретуде
осылардың бәрін қамтитын мәтін арқылы көрсетіліп, олардың қызметін,
мағынасын, қойылу себебін сұрақ-жауап арқылы түсіндіруге болады. Мысалы,
оқулықтағы "Естелік" үзіндісін оқытып, осындағы сөйлем ішіне койылған
тыныс белгілеріне оқушы назары аударылады.
... – Мен мұны неге айтып келемін, – деді Әбутәліп Едігенің күдігіне
жауап қатқандай. – Сәбилерге үлкендер ұдайы-ақ ақылды, беделді болып
көрінеді. Өсе келе қараса, сол кешегі ұстаздары, яғни біздер, соншама ақылды
да, білімді де емес екен. Уақыт дөңгелегі зырылдап, зымырай түседі. Ал бірақ
та біз өзіміз туралы соңғы сөзімізді өзіміз айтып кетуіміз керек-ті. Біздің
бабаларымыз өздері туралы сөзді ертегі, аңыздар айтып қалдыруға
тырысқан ғой. Өздерінің қаншалықты ұлы болғанын кейінгі ұрпақтарға
дәлелдегісі келген. Енді біз оларды сол рухынан танимыз. Міне, мен де өз
жеткіншектерім үшін қолдан келгенше өз білгенімді жазып
қалдырмақшымын. Менінң әңгімем–менің соғыста көргендерім. Балақайларға
128
арнап партизан дәптерін жазып жүрмін. Еш қоспасыз, көрген-білгенімді
ғана жазамын. Балалар өскенде бір қажетіне жарар. Бұдан басқа тағы бір
ойларым да бар. Енді бұл балалар осы Сарыөзекте өседі ғой. Өсе келе, "Е, біз
тап-тақыр жерде өсіппіз ғой" деп ойламасын. Сондықтан осы елдің өлең-
әндерін жазып алып жүрмін, кейін оларды күндіз қолыңа шырақ алып жүріп
іздесең де, таппайсың. Менің пайым-дауымша, ән деген – өткен заман
хабаршысы. Сенің Үкібалаң көп ән біледі екен ғой өзі! Тағы басқаларын еске
түскенде айтып беремін деді.
—
Енді қалай деп едің! Аралдың кызы ғой ол! – деп Едіге бірден
қоқилана қалды. – Теңіз жағасындагы Арал қазақтары. Теңізде ән салу
рақат қой, шіркін! Теңіз бәрін де түсінеді. Шын жүректен шыққан сөз
теңізбен үндес, сарындас келеді. Сенің айтқаның рас. Жуырда жазып алған
әндерді Зәрипа екеуміз қайтадан қарап шығып, көзімізге жас алғанша
тебірендік. Шіркін, бұрынғының әндері-ай! Неткен ғажап! Әрбір ән –
тұтас тарих. Әнді тыңдап отырып, сол әнді шығарған адамдарды көріп
отырғандай боласың. Соларша қайғырып, соларша сүйе білер ме еді, шіркін!
Әне, өздеріне шын ескерткіш орнатқан – сол бұрынғылар ғой. (Ш.
Айтматов. )
Мәтіннен алдымен үтір қойылатын орындар табылады, олардың
бірнешеу екені талданады:
1)
үтір бірыңғай мүшелердің арасына қойылады;
2)
үтір қаратпа сөздерге байланысты қойылады;
3)
үтір–оңашаланған айқындауышты ерекшелеуші таңба;
4)
үтір – айтушының көзқарасын білдіруші таңба;
5)
үтір одағайларды ерекшелеуші ретінде де койылады;
6)
сызықша – бастауыш пен баяндауышты ажырататын белгі;
7)
бірыңғай мүшеге байланысты қос нүкте мен сызықша да сөйлем
ішіне қойылатын белгі қатарына жатады.
Осындай талдау нәтижесінде оқушылардың қабілетін жетілдіруге
болады, ойлана отырып, өткенді еске түсіру арқылы өздерінің тіл
ғылымының морфология, синтаксис салаларынан білімдерін жинақтайды әрі
сөйлем ішіне қойылатын белгілердің сөйлем соңына қойылатын белгілерге
қарағанда күрделі екенін байқайды. Сөйлем ішінде тыныс белгісін қажет
ететін лингвистикалық мәселелер: бастауыш пен баяндауыш; сөйлем
мүшелерінің сан жағынан екі, одан да көп болып қолданылуы; сөйлемде
белгілі ой бөлігінің ерекше дәлелденіп, нақтыланып тұруы; айтушының өз
көзқарасы. Бірінші сабақта бұларды топтап айтудан қандай пайда болатыны
жоғарыда айтылды. Және де оқушы тыныс белгісін қою не қоймау туралы
ойланған кезде аталған белгілердің, мағыналық бөліктердің қайсысы екенін
ажыратуға тырысады, сол бойынша қандай тыныс белгісі керек екенін
таңдайды.
Оқулықтағы жаттығуларды орындатып, жалпы тілдік материалдарды
еске түсіріп алған соң, енді тыныс белгілеріне жеке тоқталамыз.
Үтір. Үтір қойылатын орындарды жеке-жеке өтуге сағат саны аздық
етеді, сондықтан бірыңғай мүше мен оңашаланған айқындауышқа
129
байланысты қойылатын үтір тақырыбын бірге өтуге болады, себебі оқушы
бірыңғай мүше мен айқындауышты ажырата білуге тиіс.
Бірыңғай мүше
Оңашаланған айқындауыш
Кәкітай мен Дәрмен Мағаш
ойының батылдығына, өткірлігіне
қызығып қалды. (М. Әуезов. )
Біз, басқа балалар, Аянды көпке
дейін
сөз
қылушы
едік.
(С. Мұратбеков. )
Кім?
Кәкітай Біз сөз қылушы едік
қызығып қалды
Дәрмен басқа балалар
несіне? сөз қылушы едік
өткірлігі не
батылдығына
Бірыңғай мүшенің белгісі:
Оңашаланған айқындауыштың
белгісі:
а)
сұрағы ортақ;
ә) тұлғасы бір;
б)
қызметі бір;
в)
бір мүшемен байланысады;
г)
өз ішінде салаласа бай-
ланысады;
ғ) екі не одан көп сөзден
болғандықтан, ойды үстемелеп,
көбейтіп көрсетеді. Жоғарыдағы
сөйлемде ой иесі – екеу, қызығудың
объектісі де – екеу, бірыңғай мүше –
күрделі ойды жай сөйлемге
сыйғызып айту тәсілі.
а)
өзінің алдында тұрған
сөздің мағынасын ашып, түсіндіріп
тұрады;
ө) өзінің алдында тұрған сөзбен
тұлғалас, сұрағы бір, бір мүшемен
байланысады;
б)
түсіндіру
интонациясымен
айтылады;
в)
мағыналық ерекшелігі,
қызметі – дәлелдеу, түсіндіру.
Мысалы, біріңғай мүшенің байланысу ерекшеліктері:
Жуанқұл бадырақˆкөз,
130
қалқанˆ құлақ,
еңсегей бойлы,
кісі еді.
дәу,
қара
д) Санамалы дауыс ырғағымен оқылады, сондықтан арасына үтір
қойылады.
Бірыңғай мүше мен оңашаланған айқындауышқа байланысты үтір қою
үшін алдымен мағыналық бөлікті тауып алу керек.
Бірыңғай мүшеде ол ой бөлігінің екі не одан артық болып
келуінен және санамалы жалғаспалы интонациядан байқалып тұрады.
Оңашаланған айқындауышта өзінің алдындағы сөзді
дәлелдеп,
айқындап,
түсіндіріп
тұрғандығынан
және
ерекшелеуші, даралаушы интонациядан көрінеді.
Бала осы ерекшеліктерді түсінбесе, бірыңғай мүшені де, оңашаланған
айқындауышты да таба алмайды, сондықтан үтірді дұрыс қоя алмайды.
Оқулықтағы жаттығулар алдымен ауызша орындауға берілген, бұдан
оқушы бірыңғай мүшеге байланысты үтір қойылатын орындарды көру, игеру
арқылы меңгереді, содан соң оқулықтағы жаттығулар арқылы, мәтінде
арқылы бекітіле түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |