қоғамдық-саяси
Р
большевикТер
күтті. Дегенмен материалистік идеяға қүдаидаи
алдымен экономиканы қолға алды.
u
к-яйтпаған
Сонымен, соғыстьщ жарасы жазыльш, маид^ннан д а
боздақтардың уайым-қайғысы б а с ы л а и ы н ^ дың көктемінде
ласына тағы бір үлы науқан ж етп. Ол
„ Кеңестер елінің
басталған әйгші тың игеру жорығы еді. ^
¥
техНика легі қазак
түкпір-түкпірінен ағылған тыңгерлер мен қадт
ңъщ ціалғай Ак-
ауылының мүлгіген тыныштығын бүзды. ш е
у
Күндіз-түні
шатау елді мекеніндегі Садық қойшының да мазась
3дарЫНЬщ
ойлаитыны - қызғалдақтай қүлпырып көзге көршш қ
^
болашағы. Осылар ертең мына калың орыстың ортасында қалып,
қорғансыздың күнін кешпес пе екен деп іштей елегізеді. Басқаларға
сес болатындай еркек кіндік ұрпағының жоғына да қынжылады.
Қойшының қарбалас тірлігі беткен бе? Ел қыстауға жеткен сол
жылдың қара күзінде Садық қойшының құдайдан тілегені қабыл бо
лып, отбасында шекесі торсықтай қара бала дүниеге келді. Әпкелеріне
қамал-қорғандай пана болатын үл туды деп Сәкең қуанды, отағасының
шаңырағына ие мұрагер әкелгеніне Зілия шешей шаттанды. Жас
нәрестенің аман-есен жетілуіне ырымдай қалжа желінді, шілдехана
күзетілді, азан шақырылып, Тілеген деген есім берілді.
Ата-анасының шексіз махаббатына бөленген Тілеген ойын
қызығымен бір мүшелге қалай жеткенін де білмей қалды. Өмірдің
түщысымен қатар ащысы да бар екенін алғаш осы мүшел жасын-
да сезінді: асқар таудай әкесі дүние салды. Әке қазасы Тілегенді тез
есейтті. Ендігі жерде анасының, әпкелерінің үміт артқан сенімі өзі
екенін қапысыз түсінді. Иыққа түскен салмақ қазақтың қара баласын
қиналтса да, жасыта алмады. Ол арманшыл, қиялшыл болып өсті.
Арман қуған балаң жігіт 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік
университетінің студенті атанды. Бұл - университетті Е. Бөкетов
басқарған жылдар еді ғой. Беделді де білімпаз ректордың жыл сайын
студенттерді жинап алып, оқу, білім, өнер, ғылым туралы ойларын
ортаға салатын дәстүрі бар-тын. Сол лекциялардың біреуі ғалымның
«Көкейкесті» жинағына енген екен. Мұнда студент жастарға кімнен
үлгі-өнеге алу керектігі, үқсауға лайық кімдер бер екенін айтады.
Құнанбай мен Абай, Ломоносов пен Пушкин, Шоқан мен Қаныш, ака-
демиктер П.Л.Капица мен Н.И.Семенов, Архимед пен Н.И.Пирогов,
А.П.Чехов пен А.Толстой, М.Әуезов, Ш.Шокин, Ә.Бектұров есімдері,
ғылыми-шығармашылық мүралары, ғибратты тағдырлары білгірлік-
пен ауызға алыныпты. «Әлсіз болмаңдар, нәрсіз болмаңдар, жоғары
оқу орындарын тандап, шырылдауық шегірткеше ыршып жүріп, ән
сала берулеріңе қысқа өмірдің жете бермейтінін түсініндер. Белдеекен
биігіңе жеткенде, бетінді кері бүрсаң - қорқақтығың; ыждаһатты ықы-
лас, тапжылмас табандылық, тайсалмас қайсарлық, жүйелі әзірлік,
ерінбес еңбек бойларындағы күңдік ылаңын, ойларындағы күдік
түманын жеңе алады» - депті Арыстанның Евнейі. Студент Тілеген
нағыз ғылым адамының қүдірет иееі екенін алғаш Е. Бөкетовтың лек-
цияларын тыңдағанда үқты. Оқуға құмарлығы артты. Студенттердің
ғылыми конференцияларына үзбей қатысатын болды. Сөйтіп, 1977
128
жылы унивсрситсттің тарих факультетін қызыл дипломмен бітіргенде
«не істеймін, кім боламын» деген сұрақтарға оның жауабы дайын еді.
Нңбек жолын Қызылорданың жоғары оқу орнында бастаған ол 1978
жылы Жезказган педагогикалық институтына ауысты. Алғашқыда оқы-
тушы болды, ксйін аға оқытушылыққа жоғарылатылады. Ал ғылыммен
түбегейлі айналысудың реті 1980 жылы М.В.Ломоносов атындағы
МУ-дің аспирантурасына түскен соң келді. Ғылым түңғиығына үш
жыл армансыз сүңгіді. Әлемдік мәртебеге ие оқу орнында алған білімі
мен тағылымы өмірлік азығы екенін аспирант шағында бағамдай қой-
маса да, орда бүзар отызға жетпей ғылым кандидаты диссертация-
сын қорғағанына риясыз қуанғаны рас. ММУ-дің мамандандырылған
кеңесінде диссертациясын қорғап түрған сәтінде көз алдына марқүм
әкесі, ауылда сағына күтіп отырған анасы, әпкелері келгенін әлі тебіре-
нс айтады.
Ғылымдағы
алғашқы қадам ізденушінің кейінгі ғылыми тағдырын
анықтап жатады. Т.Садықовтың кандидаттық диссертациясы XX
ғасырдың 70-ші жылдарындағы Қазақстан өнеркәсібітарихынаарналған
еді.
Жүмысты
жазу барысында жинақталған тәжірибе арада 10 жылдан
астам уақыт еткенде тағы кәдеге жарады. Ол туралы әлі айтамыз.
Елге оралған жас ғалымды үлкен сынақтар күтіп түр екен. Бірден
Декандық қызмстке тағайындалды. Мәскеу университетінде көрген-
ілгені бар, жергілікті ерекшелікті жақсы білетін ол іске білек сыбана
к>ріседі. Филология факультеті қашанда қыз-келіншектердің қалың
шоғыры жинақталған жер ғой. Осы күрделі қауымды ың-шыңсыз баска-
РУ оңайға соққан жоқ. Мүны институт қана емес, облыс деңгейіндегі
азаматтар коріп-біліп отырыпты. Ал атышулы қайта қүру басталғанда
ілеген Жезқазған облыстық партия комитетіне жауапты қызметке
шзқырылды. Бірақ ізденімпаз Тілеген ғылымнан қол үзгісі келмеді.
0-шы жылдардың аяғында ол Жезқазған педагогикалық институты-
на ғылыми жүмыстар бойынша проректор болып оралды. Көп үзамай
үл оқу орны Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті болып
Қайта қүрылады. Тәуелсіздіктің келуімен жоғары оқу орындарында
түбегейлі өзгерістер жүзеге асқаны белгілі. Жас университеттің жаңа
проректоры соның бәрінің бел ортасында жүрді. Абыройсыз да болған
жоқ. «Қазақстан Республикасы білімінің үздігі» белгісімен, білім және
ғьілым министрлігінің грамотасымен марапаггалды.
Жоғары мектепті реформалаудың 8 жыл аласапыранын артга
Қалдырған Тілеген мол әмір тәжірибесімен 1997 жылы докторлық
9-2144
129
диссертациясын ¥ҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этно
логия институтында аяқтау мақсатымен аға ғылыми кызметкерлікке
ауысады. Тағдыр мұнда оны төл тарихымыздың тамыршысы академик
М.Қ.Қозыбаевпен табыстырды. Үзақ кеңесулерден кейін ұстаз бен
шәкірт «Жезқазған өнеркәсіп аймағының қалыптасу және даму тари
хы (ХІХғ. ортасы - ХХғ.)» тақырыбына тоқтауды ұйғарады.
Тағы да мазасыз күндер, үйқысыз түндер. Кітапханада сарылып
отыру, Алматының, Қарағандының, Жезқазғанның, Омбының архив
қорларын ақтару, сарғайған газет беттерін сүзу, шаң басқан журнал-
дарды парақтау. Бір үміт, бір күдік дүниесі. Өзекті такырыптарға
мақала жазуың керек, монография даярлау міндетің, арасында
конференцияларға қатысуды үмытпа деген тапсырмасы және бар ака
демик ағаның. Өзі мазасыз Тілеген одан әрі дегбірден айрылды. Қол-
ды-аяққа түрмай, үршықша үйірілді. Әйтеуір үлгерді. Өнеркәсіп та-
рихымен айналысқанның пайдасы тиді. Аға ғылыми қызметкерлік бір
жылдың ішінде көлемі 20 баспа табақка жуық монографиясын жари-
ялап, сүйінші данасын Манекеңе сыйлағанда академиктің зор ілтипат-
пен қолын қысып, арқасынан қаққаны күні бүгінге дейін көз алдында.
1999 жылдың көктемінде докторлық диссертация да қорғалды.
Ресми
оппоненттері
академик
М.Х.Асылбеков,
профессорлар
Н.Р.Күнхожаев пен К.Ж.Беляев ізденушінің жүмысын отандық
тарихнамага қосылған сүбелі үлес деп бағалады. Әсіресе революцияға
дейінгі Орталық Қазақстанда капиталистік қатынастардың орнығуы,
үлттық жүмысшы табының қалыптасуы жайлы айтқан тың ойларын
баса атап өтті. Степлагтың тарихын ашқан жарияланымдарын рес-
публикамызда тоталитаризм туралы шындықты айтқан алгашқы
талпыныстардың қатарына жатқызды. Диссертацияда ізденуші сон-
дай-ақ еріксіз еңбек, ¥ л ы Отан соғысы жылдарында Жезқазғанның
Жеңіске қосқан үлесі жайлы терең толғаныстарға барған.
1999 жылдың Тілегенге арнаған тағы бір сыйы бар екен. Күзде
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің басшылығы оны жаңа
Елорда - Астанаға қызметке шақырды. 22 жыл еңбек еткен үжымнан,
туғаныңдай болып кеткен ортадан жыраққа кету оңай ма. Тілегеннің
шын қиналған жері осы болды. Бірақ тәуекелге бел буды.
Содан беріде біраз уақыт өте шығыпты. Еуразия университеті
2000 жылы мемлекеттік, 2002 жылы үлттық мәртебеге ие болды. Аса
мәртебелі әлденеше қонақтар мен делегациялар келіп кетті. Универ-
ситетпен бірге Тілеген де кемелденді. Алғашқыда тарих және ха-
130
лықаралық қатынастар факультетінің деканы, кейін гуманитарлык
институт директоры қызметтерін атқарды. 2003 жылдың сәуірінен
университеттің әлеуметтік мәселелер бойынша проректоры лауа-
зымында болса, казір Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі
ретінде студенттерге дәріс оқиды, магистранттармен, аспиранттар-
мен жүмыс істейді, тәрбие жүмысын үйымдастыруға, студенттердің
әлеуметтік-түрмыстық мәселелерін шешуге ат салысады. Астананьщ
біліми-интеллектуалдық әлеуетін артгыруға хал-қадірінше тер төгіп
келеді. Бүгінде Т.Садықовтың қаламынан шыққан бір монография,
бір оқулық, 100-ге тарта ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалары
оның есімін республика тарихшы ғалымдарына мәшһүр етті.
Ғалымдық пен әкімдіктің жолы екі басқа. Жақсы ғалым әркашан
жақсы басшы болады дегендер оңбай қателесетін ахуал өмірде аз кез-
деспейді. Ал біз білетін Т.Садықов осы екі қасиетті - ғалымдық пен
әкімдікті - үқсата үйлестіре алған азамат. 30 жылдан астам әр сала-
да еңбек еттік, басшылардың әлденеше түрін көрдік. Қол астындағы
қызметкерін инфаркт, паралич қылмай тынбайтын ноқай басшылар
болады екен. Түмсығының астындағыны көрмейтін, иіс алмас, ірақ
сенгенінен сүйенгені күшті маубас та басшы бар екен. Аты қазақ, заты
мәңгүрт басшылар кездесті.
Мал баққан қазақ ауылының қара домалағы Т.Садыков үлттық
болмысын бүзбай, кенттік психологияны бойына сіңіре алды, төл
тілімізде алған білімін еуропаның ғылыми қүндылықтармен баиытты,
сөйтіп дәстүр мен жаңашылдықтың тамаша үйлесімін тапты. сыны
еымен уақыт үдесінен шыққан бүгінгі заман азаматы деген анықта
уышқа толық сай.
. . -
Азаматтарымыз тілеген игі тілегіне жеткенде ғана мемлекеттігш
баянды болатыны күмәнсіз ақиқат.
Тілеген Садықов тілегіне жетке
жігіт. Оның тілеуін жүзге қараған анасы тілеп отыр. аиса лиқыз
Байжоловадай жар тапты. Бір үл, екі қыздың әкесі атанды.
Балаларынь ң
алды жоғары дәрежелі білімалып, үлы
Тілеубергенқүкыққорғау'ор>
нында жүмыс істеуде, қызы Гүлдана
Оңтүстік Корея университ
магистранты, ал кенжесі
Перизат Еуразия университетінш студ
Бүл да бір адамның басына
аз бақыт емес.
Тілеген
шыр етіп дүниеге келгенде Кеңестер елі алдағь
жақсылық күтіп, үміт үстінде отыр еді дедік.
келеді.
ел жаңарды, тәуелсіздікке кол жетті, жаңа Аст^
Ү
Өтпелі
дәуірдің ауыртпашылығы артта қала қоимағанмен
халқы бүдан да берекелі болашақтан үмітті. Үміт дүниесі біздің уни-
верситетті де кезіп жү'р. Студенттеріміз жайлы да жаңа жатақханалар
салынса дейді. Оқытушы-профессорлар тезірек элитарлық жоғары оқу
орны мәртебесіне ие болғанды қалайды. Ректор дан бастап жас аспиран
тка дейін оқу-тәрбие және ғылым жайының бүгіні мен ертеңін ойлай-
ды. Ал осының бәрін нақты нәтижеге айналдыратын қүдірет адам ғой.
Тарихты жасайтын да, тарихпен бірге өзгеретін де адам. Заманының
үдесінен шыққан адамды Абай «толық адам» деген екен. Т . Садықов шын
мағынасындағы «толық адам». Біздің қоғам жақсы мен жаманды ажыра-
та алатын дәрежеге ие болды деу әзірге ертерек. Жақсыны жақсы деуге
үялмайық. Жаман жақсы болмайды мақтағанмен. Ақын Н.Айтүлының
«Бәйтерек» поэмасының мына жолдарына үлы империяның сана мен
бойдан әлі тарқай қоймаған дерт болмысы сиып түрған жоқ па:
Ағайын, адаспаңыз енді жетер,
Араздық, бақталастық ел жүдетер.
Ес жиып, етегіңді жаба алмасаң,
Бодандық туын қайта желбіретер.
Бодандықтың туын қайта желбіретпейтін, өз жақсысына келген-
де кекжимейтін Түлғаларымыз көп болғай. Мүсылманшылық әсте-
әстемен келеді. Бүгін де, әрқашанда осындай бірлігімізден қүдай айыр-
масын. Бар үміті алда өсер елдің үрпағы емеспіз бе, ендеше бірімізді
біріміз батыр дейік. «Бірінді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос».
5. «Көк бөрілердіц көз жасы»
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия үлттық унивсрситетінің доценті
Түрсынхан Зәкенүлы қазақ оқырмандарына кейінде таныс болған жа-
зушы. Шынтуайтында оның шығармашылық қарымы Шыңжаң универ-
ситетінде оқып жүргенде-ақ байқалған еді. Т арихи Отаны — Қазақстанға
тәуелсіздік жылдары оралғаннан соң «Тәңірқүт», «Сырда қалған
сыбызғы», «Гүлбаршын», «Балқан тауға барғандар» сынды әңгіме-хи-
каяттарын жариялап, шығармалары, есімі елімізге, әдебиет жанашыр-
ларына белгілі бола бастады. Т.Зәкенүлының жазушылық жолдағы
ізденістерінің іргелісі - «Көк бөрілердің көз жасы» тарихи романы деп
оилаимын. Бүл шығарма Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақ-
парат және қоғамдық келісім министрлігі мен «ҚазМүнайГаз» үлггық
132
компаниясы» жабық акционерлік коғамы жариялаған Қазақстан Рес-
публикасы Тәуелсіздігінің он жылдығына арналған әдеби конкурста
бірінші жүлде алған еді.
Романның идеялық-мазмүндық және көркемдік-тілдік табиғаты
мен болмысы үлттық әдебиетімізге жаңа леп әкеліп, оның ерекшелік-
терін бүрынғыдан айшықтандыра түсті. Көлемі 25 баспа табақ бүл кітап
нақты-тарихи оқиғаларға сүйеніп жазылған. Хронологиялық түрғыдан
алсақ, XII ғасырдың аяғы - XIII ғасырдың бірінші ширегін қамтып
жатыр. Ал мазмүны қиын-қыстау кезеңдегі Моңғолияда, Еуразияның
сайын даласында орын алған саяси, әлеуметтік, әскери, рухани, де-
мографиялық бетбүрыстар мен күрдслі өзгерістердің тағдыры моңғол-
найман-керей этностары арасындағы қарым-қатынаспен, қақтығыс-
соғыстармен айқындалғанын дәйектейді. Шығарманың комлозиция-
лық сүйегін Найман мемлекетінің пайда болуы, өркендеуі, ыдырауы
қүраған. XII ғасырдағы осынау үлыстың тыныс-тіршілігін автор «қой
үстіне бозторғай жүмыртқалаған, ит басына іркіт төгілген» заман де
ген нағыз қазақы үғым-түсінікпен бейнелеп, халықаралық беделі мен
күш-қуатын суреттегенде де тарихи ақиқатты дәлме-дәл береді: «Ра-
сында, Найман үлысы бүл кезде маңайдағы Моңғол, Қырғыз, Керей,
Керейіт, Уақ үлыстарының қай-қайсынан бетер күшейіп, күдірет тап-
ты. Себебі, оның батыс қабырғасы Қаңлылар арқылы Сартауылмен,
батыс-түстігі жайма кекіл Қара Қидан елімен, түстігі Бүлыңғыр және
Қашын патшалығымен түтасып жатты. Оладың кебі Араб мәдениеті
арқылы Әпірең мәдениетімен аралас-қүралас болып келе жатқан бел-
ді мемлекетгер еді. Бүл күндері Найман елі осы елдердің бәрімен са-
уда керуендері, елшілер тобы арқылы жиі-жиі байланысып түратын,
Наймандар жерге жақын ел еді, ақ боз үйден гөрі қара жерді қамырша
илеп, тас қүйып, там соқты. Қолөнерін өркендетгі» (17-18-6.).
Наймандардың арғы-бергі тарихынан оқырмандарын хабардар ет-
кен автор әңгіме-баянының желісін моңғол еліне бүрады. Және оны
дана қарттьщ аузымен жеткізеді. Моңғолдардың шығу тегі түркілерден
алые емес екенін меңзейді. Әдет-ғүрып, сенім-нанымынан хабардар
етеді (44-45-6.). Осы әдеби әдіспен Керей үлысы және оның билеу-
шісі Түғырыл Оң ханның тағдыр-тәлейі суреттеледі, Жиделі-Байсын,
Дәшті Қыпшақ елдерінен біршама мағлүмат беріледі.
Қысқасы, «Көк бөрілердің көз жасы» романында мүндай нақты-
лық, объективті ақпарат өте мол. Сонысымен оқырманның оң тарихи
санасын қалыптастыруға септігін тигізетіні күмән туғызбайды.
133
Шығарманың танымдьщ-тәрбиелік әлеуеті де биік. Ол орта
ғасырлардағы Батыс пен Шығыстың, Қытай мен Түріктің өркениеттік
ерекшеліктерін ел билеу, әскер жасақтау, салт-дәстүрді қүрметтеу мы-
салдарын алға тартумен, адамдардың қарым-қатынасын, іс-әрекетін
шебер өрнектеумен ашады. Және сол замандағы терминдерді колда-
нумен, жер-су, елді мекен аттарын сақтаумен тарихи деректерді, жазба
ескерткіштерді сөйлете алған. Т. Зәкенүлының көсіби тарихшы екені
қоғамдағы әлеуметтік жіктелу эр топ пен қауымға тән қасиеттерді қа-
лыптастырмай қоймайтынын каперде үстағанынан көрініп түр. Бүған
мысал ретінде Оң хан мен оның екі күтушісінің арасындағы әңгімені
оқысақ жетіп жатыр: «Сол күні кеште олар жанған отты қоралай ет
жсп отырып, алда Темүжінмен қалай кездесу жағдайын сөз етті.
- Темүжін қазір тамам Моңғолдың ханы. Оған мына түрімізбен
барғанымыз жарамайды. Тым қүрыса ат-көлігімізді жаңалап, киім-ке-
шегімізді бүтіндеп барайық, - деді Шөгей.
Тағай:
- Мұнда түрған не бар? Айран сүрай барып, шелегіңді жасыр-
ма деген. Несіне күлбеттенеміз. Ақ орданың алдына барып, ат басын
бірақ тірейік, - деді.
Мүны естіген Оң хан бүкіл денесімен қозғалып кеңкілдей күлді.
- Әй, жігіттер-ай, әлі де бір албырттықтарың арылмапты. Әр
елдің салты әр басқа, иті кара қасқа деген. Ағайын - анжының, жол-
дас-жораның бір-біріне аман-сәлем қылуының өз жолы бар. Мен ауам
халқым мен ана жүртымнан айрылып, сыртта жүрсем де, әлі де иісі
Керейдің төбе биі, әке тағының заңды мүрагерімін. Бүл бір. Екіншіден,
Темүжін үшін көненің көзін кәрген, әке орнынаәкемін. Салаң етіп жетіп
барып оның жең ішіне кіргім келмейді. Алдымен екеуінді Темүжіннің
алдына елші ретінде жібергелі отырмын, - деп ауыр тыныс алды. Кеп
талқыға салғызбай, сөздің баукесерін бірақ айтты. Мүндайда ханды
ықтай жалдап үйренген ана екеуі де әлденені түйсінгендей үнсіз бас
изеді.» (75-76-6.).
К һап отансүйгіштікті, ел үшін, жер үшін жан қиярлық ерлікті шы-
найы дәріптеген. Наймандардың Орқын су бойындағы бейбіт өмірден
айрылып, Шыңғыс хан қолынан ойсырай жеңілген соң Жетісуға
үдере аууы, Отанын қорғау жолындағы шайқастарда ерлікпен қа-
баттаса қорқақтық, адалдықпен бірге сатқындық, даналықпен қатар
тоңмойындық жүргенін, алғашқыларды үлықтау, жаман кылықтарды
әшкерелеу романның өн бойынан табылып отырады. Тіпті Күшлік
134
ханның қысылғанда атасы бөлек қара қытайлармен одақтасуын, кейін
Гурхан әулетін биліктен лақтырып тастап, Жетісуды өз қолына алуын
мақүлдауы, яғни Найман мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы
дүрыс таңдау ретінде дәйектеуі автордың этникалық қүндылықтарды,
этатизм принциптерін сын сағатында бәрінен жоғары қоюы деп үққан
жөн болар.
«Кек бөрілердің көз жасында» оқырманын ойға бөлейтін және
екі жәйт бар. Бірі - түрік даналырынан жеткен мүрадағы әдеби
нүсқаларды әр тараудың басында келтіріп отыруы. Олардың ішінде
Қорқыт жырлары, Науаидың жазғандары, Асан қайғының дана сөздері,
Шалкиіз толғаулары, Бүқар жырау өсиеті, Білге қаған ескерткішіндегі
жолдар бар. Эпиграф қолдану арқылы тарихтағы сабақтастықтың ең
маңыздысы рухани-мәдени байланыс екенін қуаттайды. Романнын
мәтінінде де бүл ой мейлінше ашық айтылған: «Бір кезде үзан күйін
аяқтап, көзін жүмған қалпы отырып қалып еді, езі шерткен күйдің әлі
де жалғасып, ауада қалқып түрғандай болғанын естіп, таң қалды. Көзін
ашып, қарсы алдында ынты-шынтысымен домбыра тартып отырған
Кетбүғаны көріп, көктен тілегені жерден табылғандай болды. Балаға
ынтыға, қызыға қарады. Кетбүға оньщ жаңағы тартқан күйін айнытпай
қағып алып, өзіне шертіп беріп отыр еді. Қүба-текін қүшағын айқара
ашып;
- Жарайсың! Жарайсың балам, сен мені өлтірмейді екенсің. Бір
жоқ бір жоқты габады деген осы. Мен Бүйрықты іздеп шығып саған
кездесемін деп ойладым ба! Менің сендей өз жоғымды қуатын бір қара
үлды іздегеніме қаншама уақыт болды деші! Енді, міне, көктен тіле-
генім жерден табылды. Өшкенім жанды. Ат түяғын тай басар деген,
өнерің үстем болсын, өркенің өссін! — деп баланы бауырына басып
бетінен сүйді, көзіне жас алып, қатты толқыды.
Сол кезде Кетбүға:
- Ата, мен сіздің жолыңыызды өмір бойы қуамын. Сіздің қара
домбыраңыз бен қобызыңызды үрпақтаи үрпаққа жеткіземін! - деді.»
(24-25-6.).
Оқырманды ойға шақыратын екінші жәйт - халықтың жер
бетінде сақталып қалуы аналардың қолында деген пайымға шылбыр
үстатуы. Бүл түжырым батыр Сарал мен адал жар ¥лтуғаш тағдыры
арқылы берілген. Романның соңында үзақ жылға созылған қанды
Қырғындардан аман қалған Сарал отбасымен қауышып, Сарыарқаға
келеді. Жаңа өңір жанына жағады.
135
« - Шіркін, Сарыарқа, сенің көркің киіз үй мен жылқы екен ғой!
- деді Сарал сүйініп.
- Рас айтасың, осынау ен далада үйір-үйірімен жылқы бағып, киіз
үйді тігіп тастап дүниенің рахатын көріп жатқанға не жетсін! - деді
¥лтуғаш.
- Ақ ордадай әйдік үйіміз болса.
- Бәрінен бүрын бір-біріне сүйеу болар тоғыз үлым, ай мен күндей
әдемі алты қызым болса. Тоғыз үлым тоғыз рудан қыз алса, алты қы-
зым алты ауылға үзатылса.
- Онда бүл Арқа менің Арқам болар еді.
- Жоқ, бәрімізге болар еді!» (524-6.).
Түптеп келгенде, қазақ жерін жатқа бергізбеген күш - тоғыз ұл,
алты қызды дүниеге әкелген аналар.
Көркем әдебиет айдынында Шыңғыс ханға, онын жорықтарына
арналған шығармалар баршылық. Мәсслен, В.Янмен И .Калашниковтын
туындылары XII ғасыр аяғы - XIII ғасыр ортасына дейінгі тарихты
Шыңғыс әулетінің көзімен баяндайды. Шыңғыс ханға аянбай қарсы
түрғандардың әдеби бейнесін жасаушы Түрсынхан Зәкенүлы сол бір
тарихи кезенді Найман үлысының үрпақтары позициясынан сурет-
теген. Сөз қылып отырған шығарманың түпкі идеясы - ел ішіндегі
береке-бірліктің тағдыранықтағыш қасиетін уағыздау. Ол кеше де,
бүгін де, ертең де өзектілігінен айрылмайтын қүндылық екенін тарих
тағылымымен бекемдеу.
Т.Зәкенүлыньщ «Көк бөрілердің көз жасы» тарихи романы елінің
өткені мен бүгініне бейжай қарай алмайтын әрбір оқырман үшін қажет
әрі қүнды кітап. Мүндай дүние жас үрпақ тәрбиесінде кәдеге жарай-
тыны сөзсіз.
|