ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІГІ ТАРИХЫН ДӘУІРЛЕУ
1. Мемлекеттану: пайым мен ұстаным
Мемлекет жайлы, оның пайда болу себептері, мәні, мемлекетті
басқарудың түрі мен тәсілдері төңірегіндегі ойтолғамдар, ғылыми зерт-
теулер, пікірталастар мыңдаған жылдардан бері үздіксіз жүріп жатыр.
Кімді болсын ойландыратын тағылымы мен сабағы да көп. Мемлекетті
басқару ілімін түзгенде әділдікті, заңға жүгінуді, ақыл-ойды бірінші
кезекке қойған, «патшалар мен билеушілер скипетр үстағандар емес,
әйгілі вельможалардың сайлағандары емес, билікке жеребемен немесе
зорлықпен, алдаумен жеткендер емес, олар басқара білетіндер», деген
Сократ қүлиеленушілік қоғамда айтқан тым өткір идеясы үшін б.з.д.
399 жылы елім жазасына кесілсе[1], мемлекет пен қүқықты қоғамдық-
экономикалық формацияның, базистің өзгермелі қондырғысы түрінде
ғана карастырған маркстік-лениндік ілім XX ғасырдың 74 жылына
бойы Кеңестер елінде үстемдік қүрып, сол «уақытша қондырғының»
қатыгездігінен миллиондаған адамдардың тағдыры қиылды.
Демек, мемлекет пен мемлекеттік билік мәселесі жәй ғана таным-
дық маңыз-мәртебеге ие, ет пен терінің арасындағы желдей өткінші,
жеңіл-желпі қызу тудыратын әңгіме-дүкеннің санатына кірмейді. Бүл
орайдағы ғалымның ойы, шешеннің тілі, батырдың срлігі, билеушінің
тандауы адамзат баласының
озат тәжірбиесі мен тағылымынан,
халқының бүгіні мен ертеңіне ет-жүрегі елжірей алаңдаудан туындап
жатқаны абзал. Бірінші кезекте мемлекетке, азаматтарына ынтымақ
пен ілгерілеу, қауіпсіздік пен еркіндік әкелетін-әкелмейтінін асқан жа-
уапкершілікпен әрі даналықпен ажырата алудың мәні зор. Мемлекет
тарихын дәуірлеудің де жауапкершілігі жеңіл емес. Ол үшін қырық
қатпарлы деректерді игерумен қатар
теориялық-методологиялық
ізденістің биік деңгейін үстай білу керек.
Қазақ
мемлекеттігінің
тарихын
ғылыми
таным
биігінен
дәуірлегенде біз басты үстанымдарға мемлекеттік тәуелсіздік, аумақ-
тық орналасуы, қоғам мүшелерінің еркіндігі, биліктің тармақталуы,
14
заңның әділдігі мен қолданылуы, жеке түлғаның тарихтағы ролі, елдін
ішкі-сыртқы бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін жатқызамыз.
Кез
келген
тарихи
дәу ір л еуд ін әлқиссасы зерттелмек
оқиғаның, қүбы лы сты ң каш ан, кай
к
е ң і с т і к т е ,
калаи ^дүниеге
келгенін аны ктаудан басталады . Қ азак м ем лекетінщ паида
тарихы бүл өлш ем нен тыс түра алмайтыны барш аға ТҮС1^
Оның үстіне қазақ м ем л екетін ің тарихы н Орда жен алғ
ханы болған Ақ О рдадан, Орыс ханнан бастауды дәиектеген
зерттеулер ж ары қ көрген і ж ән е бар[2].
^
Біздің ойымызша, мәселенің тап осылай қоиылуы теоРия®
методологиялық түрғыдан дәйексіз әрі ақиқатқа апаратын ^
емес. Өйткені Ақ Орда мемлекеті империялық дағдарысы ас
Алтын Ордадан бөлініп шыкқанымен өзінің, халқынын тоуе ^
қорғай алмады, бірде Әбілкайырға, бірде Тоқтамысқа, ірд_
Темірге бағынышты күн кешіп, мемлекеттік шекарасы кал^
гаяси
этникалық түтасуы аяқталмай, тарих сахнасынан түсіп қал
¥Р Екіншіден, егер Ақ Орданың географиялык - ayMaK1g ^ g ^ ^
бір замандарда қазіргі Қазақстан жерін алып жаткан еді,
бауыр-
Қазақ хандығын қүрған Керей-Жәнібек сүлтандардын к
болсак
лары отырды ғой деген түжырымдарды басшылыққа ал
зға
мемлекеттігіміздің тарихын бірден Жошы үлысынан
қ
тура келеді. Бүл - Ш ыңғыс ханның Қазакстанды отар
У’^ ’ ныға
этногенезін тежегенін ақтау деген сөз. Ал мүндаи ү
сабақ-
қалса, моңғол шапқыншылығынан әріде бастау а л ға н ^
түркі,
тастықты жоққа шығаратыны өз алдына, ол сақ-үисін,
НЬІЗЬІН
оғыз-қыпшақ мемлекеггерінің үлттық
т а р и х ы м ы з д а ғ ы
Үшшш?денЫА қО рданы алғашқы қазақ мемлекетп>еті'орньш^ле-
ДаУ ^лт тарихындағы Ноғай
қүрамы
меуге соқтырады. Могулдардьщ
т ү р к ш і к
тегін, ру
білім-
Ұяы жүз бен Орта жүзДЩ тарихында
паз шығыстанушы В.П.Ю дин бай деректікнеп д
rvnv;H токтатса,
Ақ Орда Қазақ хандығы қүрылмай түрғанда-ақ өмір Ү
бірде
Ноғай ордасы мен М оғолстан Қазақ хандығымен ірд
тікелей
шабысып, ХҮІІ ғасырға дейін “
е^
“
ГбеГ сүлтандарға хан-
эсер ете алды. Әрі-беріден кейін, Кереи мен Жә
¥
дықты қүруға жер бөліп берген Моғолстан билеушісі е
Төртіншіден, ұлттық мемлекетіміздің тарихын Қазақ хандығынан
бастау керектігін кезінде Шоқан да қолдаған еді. «...П редание кир
гиз считает своим ханом Джанибека, сына Барака, - дейді ол. - Во
всяком случае, по преданию, Джанибек был первым ханом казаков
из фамилии Джучи-хана... Время управления Джанибека, когда две
родные орды ногаев и казаков жили вместе, воспевается в киргизских
поэмах, как золотой век. К этому времени принадлежит большая часть
преданий, нравственные изречения Джиренчи-Чечена (мудрого), Аз-
Джанибека и ногайского философа Асана Горемычного (Асан-Кайгы)
употребляются степняками до сих пор»[4].
Халықтың мәртебесі, тарихының мазмұндылығы төл мемлекетінің
қашан пайда болғанымен өлшене бермейді. Әлемде мыңдаған тілде
сөйлейтін халықтар бар, ал мемлекеттер саны 200-ге жетер-жетпес.
Бүдан мемлекеті барлары - өркениетті, жоқтары - өркениет көшіне
ілесе алмағандар деген тұжырым тумаса керек. Бар мәселе мемле-
кетін құрган халықтардың сол байлық пен бақытты сақтай алған-
алмағанында.
2. Классикалық дәуір
Алдымен мемлекетгің анықтамасына тоқтала кеткен жөн. М емле
кет дегеніміз, біздің ойымызша, нақты аумақта бір немесе бірнеше
халықтың басын біріктіруші саяси-қүқықтық жүйе. Бұл жүйенің пай
да болуы да, ондағы басқару тетіктерінің қалыптасуы да үзақ мерзімді
қажет етеді. Табиги-географиялық, шаруашылық-мәдени орта, тарих
үдерісі халықтың болмысын даралауға қалай эсер етсе, мемлекеттің
табиғатын анықтауға соншалықты ықпал етеді деп есептейміз.
Сонымен, ХҮ гасырдың екінші жартысында (1465/66 жж.) Қазақ
хандығы Еуразияның сайын даласында кем дегенде екі мыңжылдық
тарихты артта қалдырған мемлекеттер мен зандардың қасиетін, мәнді
белгілерін, қағидаларын, салт-дәстүрін, әдет-ғүрпын қабылдай, бойы-
на сіңіре, жетілдіре жалгастырып, өзіне ғана тән қадір-қасиетімен, да-
ралануымен алғашқы қадамын жасады[5]. Басқаша айтқанда, біздің
үлттық мемлекетіміз өткені бүлыңғыр, алды көк түман, қу тақырда
күрылған, сайда саны, қүмда ізі жоқ азаматтарды бір шаңырақтың ас-
тына біріктіре салган саяси-қүқықтық бірлестік емес. Сондықтан да
Қазақ хандығы пайда болғанға дейінгі мыңжылдықтарды түркілену,
исламдану, қазақтану дәуірі, бір сөзбен түйіндесек, жер-ананың қа-
16
зақты, оның мемлекетін дүниеге әкелуге толғатқан ғасырлары десек
қателеспейміз.
Жер-ананың, тарихтың алтын күрсағында мындаған жылдар тер-
бетілген Қазақ хандығы Ш у мен Қозыбасыдағы алақандай аумақкд
туын тіккенде, сәбилік, балалық, жеткіншектік өсу сатыларын арт
та қалдырып үлгерген еді. Бабаларының тәжірибесі мен тағылымын
бойына жия дүниеге келген ол бірден төл тарихының классикалық
дәуірін бастап кетті. Классикалық дәуір үш гасырға жуық созылып,
1718 жылы Тәуке ханның қайтпас сапарға аттануымен аяқталды.
Дәуірді классикалық деп айдарлауымыздың бірнеше себебі ар.
Біріншіден, Қазақ хандығы осынау дәуірде бір сәтке тәуелсіздіпнен
айрылған жоқ. Тіпті ХҮІ ғасырдың жазба дерегі «Бадаи ал- акаи» қа
зақтар елін «Қазақстан» деп атағаны мемлекеттің нығайғанын көрсетсе
керек[6]. Ел басына күн гуған сәттер аз емес еді. Қысық көз жоңғар
мен қытай да, өз бауырларымыз қырғыз бен өзбек те, көзі көк, өзі сары
орыс та казақ жеріне тамсана қараумен болды. Бірак олар,
үлтепн
жазуында айтылғандай, «игі, білгіш кісілерді, игі, батыл кісшерд
қозғалта алмады. Бір кісі жаңылса, рухы, халқы түқымына деиін қал
мае еді»[7]. Әрине, қазақхандығыньщ күш еюіне көршімемлекеттерді
ішіндегі алауыздық, өзара қырқысулар, мәселен, шей анидтер мен
аштарханидтердің, себеп болғанын да ескеруіміз керек.
Екіншіден, тәуелсіздіктің арқасында қазақ халкының қалыпта
суы түпкілікті аяқталды. Қилы тағдырмен қазақтар қүрамына К1
түркілік, түркілік емес тайпалар тегіс қазақтаньш кетті. Қазақтың
,
мінезі, әдет-ғүрпы, ру-тайпалық кұрылымы, ойындары, этнопеда
касы, философиясы, өнері, болмыс-бітімі дараланғаны тап осы ¥
Үшіншіден, күндіз отырмаған, түнде үйықтамаған илеу
мен саны үздіксіз өскен халық үлан-ғайыр жерін анықтап, ш
ларын бекемдеді, Қазақ хандығы халықаралық субъект дәрсже
көтерілді. А.Левшин, Ш .Уәлиханов, Т.Шонанүлы зерГгеуле^ Ш^
ғасырда-ақ қазақтар қазіргі Қазақстан аумағын қокыстанып т
дәйектелген[8].
Ал ортағасырлық Шығыс қолжаз алары
и
хандығының өзбектермен, Ресеймен, Ауғанстанмен,
РанмеН’
ямен, Түркиямен саяси және сауда-саттык байланыстар орнатқ
деректер молынан кездеседі [9].
жане
Төртіншіден, билік жүйесі тармақталып, заңш ығару,
н.
сот салалары накты орнықты. М емлекеттік биліктщ ір адам
^
.
...... ........
ттануына жол бермеитін
да немесе жалғыз әкім
У
2-2144
17
тетіктер мүдіріссіз жұмыс істеп тұрды. Соның бірі, біздің ойымыз-
ша, «Хан талапай» салт-дәстүрінің атқарылуы. Ол бойынша ақ киізге
көтеріп, хан сайланған тұлғаның мал-мүлкі, байлығы жиналғандарға
таратылады. Осылайша барша қоғам алдындағы ханның саяси-эконо-
микалық жауапкершілігі мен тәуелділігі шартты түрде бекемделеді.
Мемлекетті басқарушылардың әлеуметтік иерархиясында хан-
нан басқа билер, сүлтандар, батырлар, тархандар, қожалар, аксакал-
дар жайгасты. Дәстүрлі биліктің шет жағасын ғана көріп қалган
А.Левшиннің таңданысын жасыра алмай: «Все соседи киргиз-казаков
управляются или монархическим или деспотическим правлением, все
родственные им народы живут в рабстве, достойном сожаления, а они
почти совсем не знают подчиненности, у них не существуют даже ни
имя подданого, ни имя владельца. Явление очень любопытное для по
литиков!», деп жазғаны бар[10].
Бесіншіден, мемлекет пен күқық қарым-қатынасы реттеліп, «Ка
сым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», әз Тәукенің
«Жеті жарғысы», ислам дінінің гуманизмге толы қағидалары мемлекет
өмірін дала демократиясының арнасына түсірді. Азаматтық, қаржы-
лық, отбасылық, қылмыстық қүқықтардың алғашқы үлгілері мен
баптары классикалық дәуірдегі қазақ мемлекетгігіне беймәлім емес
еді. Адамныц өмірі, бостандығы мен бас еркі дала демократиясынын
өзегін қүрады. Билер институты шешімінің хан жарлығымен бірдей
дәрежеде атқарылганы осыған айғақ болса керек. А.Левшиннің ел іші-
нен жинаған мәліметіне ден қойсақ, үлы дала зандарының ғасырлар
бойы түзілгенін халық айна-катесіз үққан. Солай бола түра әз Тәукенің
тарихи орны мен қызметін айрықша қастерлеген. А.Левшиннің жа-
зуынша, «было время, говорят благоразумнейшие из киргизов Мень
шей орды, когда и наш народ жил в покое, было время, когда и у нас
существовал порядок, были законы и правосудие. Сей золотой век, о
котором вспоминают они со вздохами, есть царствование знаменитого
Тявки, который, если верить преданиям, был действительно в своем
роде гений, и в летописях казачьих должен стоят наряду с солонами
и ликургами. Усмирив волновавшие долго роды и поколения, он не
только ввел в них устройство, порядок, но и дал им многие законы»
[11].
Эрине, бүл утопистер мен марксистер армандағандай әлеуметтік
біртекті, қауымдар мен азаматтар арасында сыйластык пен үйлесім то-
лык салтанат қүрған, «әркімге еңбегіне қарай, әркімнен қабілетіне қа-
18
рай» материалдық игілікті тендей бөлген қоғам еместін. Қайшылығы
да, қақтығысы да бір өзіне жетіп жатты. Әйтпесе Марғасқа жыраудан
(ХҮІІ ғ.) қалған:
Ей, қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын,
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың,
Хан емессің, қасқырсың,
Қара албасты басқырсың,
Алтын такта жатсаң да,
Ажалы жеткен пақырсың!
Еңсегей бойлы Ер Есім
Есігінде келіп тұр:
Алғалы тұр жаныңцы,
Шашқалы тұр қанынды! -
деген жолдар бүгінге жетер ме еді[ 12]. Ауыз әдебиетінде сақталып
қалған осынау қақтығыс тарихы жазба деректермен дәлелденіп отыр:
1628 жылы Есім хан Ташкентті билеп тұрған Тұрсын ханның басын
алады[13]. Бірақ, тұтастай алғанда, Қазақ мемлекеттігі сыртқы жаула-
рына дес бермегені, ел ішінде қоғамдық келісімді, халықтың егемен-
дігін, биліктің тепе-теңдігін сақтай алғаны ақиқат.
Алтыншыдан, мемлекет, қүқық және азаматтар арасындағы ақни-
ет ізгілік пен дала демократиясы қоғамның тұрақты да күш жинай да-
муына жол ашты. Айталық, классикалық дәуірді алып жатқан 253 жыл
ішінде 15 қазақ ханы билік басында отырған екен, яғни әрқайсысына
орта есеппен 16-17 жылдан келеді[14]. Осындайда Платон айтқан: ел
басқарушының жасы 50 мен 70-тің арасы болуы керек, әрі ол 20 жылдан
артық билік басында отырмағаны жөн, деген қағида еске түседі[15].
Қазақ мемлекеттігінің серпінді дамумен классикалық дәуірде
қол жеткізген ірі жетістігі - бәсекеге қабілетті қоғам түзе алғаны.
Ортағасырлардағы Қазақ хандығы алыс-жақын көршілерімен аз
соғысқан жоқ. Соның бәріне төтеп бергені экономикалық, сая-
си,
интеллектуалдық,
рухани,
демографиялық әлеуетінің биік
деңгейге көтерілгенін айғақтайды. Ал ол алда тосып түрған «Ақтабан
шүбырынды, алқакөл сүламада», орыспен, қытаймен, ортаазиялық би-
леушілермен тайталасқан, егескен жылдарда өзін ақтады.
19
3. Сындарлы дәуір
Тәуке ханның дүниеден озуымен Қазақ мемлекеттігі тарихының
екінші дәуірі келді. Оны сындарлы (критический) дәуір дсгі айдар-
ладық. Хронологиялық шеңбері 1718-1847 жылдар, яғни Кенесары
ханның қасіретімен тұйықталады.
XY11I ғасыр қазақтың «Елім-айлаған» ғасыры. Ш оқан ол
ғасырды «қанды қырғын» («кровавый»), «жантүрш ігерлік» («ужас
ный»), «жаугершілік» («рыцарство») ғасыры деп атаған[16]. Ел ба-
сына туған сын сағаты XIX ғасырдың ортасына қарай хандықтың
біржолата жойылуымен аяқталды.
Алғашқыда бәрі жақсы басталды. 1716 жылы Орта жүздің ханы
болып Қайып сайланды, 1718 жылы Әбілкайыр Кіші жүзге хан бол-
ды. Бүл қазақ хандығының ыдырауы емес еді. Абай айтқандай, «әр
жүздің халқы өз ынтымағыменен бір туысқанға есеп болыпты» [17].
Тіпті,
кеңестік тарихнама дәлелдеуге тырыскандай, қоғамдағы
дағдарыстың,
сепаратистік
қозғалыстың,
көрші
мемлекеттер
арандатуының да нәтижесі емес, тарихи дамуындағы өзіндік биік са-
тысына көтерілген үлттық мемлекетіміздің шаруашылық, саяси, ай-
мақтық, халықаралық қажеттігінен туған объективті қүбылыс бола-
тын. Біз бүл жерде даму тезисін бекер алға тартып отырған жоқпыз.
Этникалық, саяси, шаруашылық-мәдени түрғыдан келсек, тарихи
даму дегеніміз, біздің ойымызша, шыққан тегінен, бастау бүлағынан,
арнасынан сабақтастығын үзбеген, мәнді байланысы мен қатына-
сын сақтаған қоғамда қүрылымы, функциясы, әлеуеті өзгеше жаңа
күбылыстардың табиғи-ырғақты түрде дүниеге келіп орнығуы.
Сабақтастық пен жаңа қүбылыстар табиғи - ырғақты негізде және
уақыт пен кеңістіктегі қажеттілікке сай заңдылықтар аясында өрілгенде
тарихтағы, этнос болмысындағы, әсіресе рухани әлеміндегі түтастықты
бір дәуірден екінші дәуірге жалғайды. Әр дәуірдің өзіне лайық іштей
жетілуі, жаңа қүбылыстардың тереңдей түсуі, қүрылымдық, өңірлік
ерекшеліктерінің бедерленуі болатыны түсінікті жайт. Ендеше ХҮІІ-
ХҮІІІ ғасырлар межесінде хандықтың ішкі, сыртқы өмірі мейлін-
ше күрделіленгендіктен бүдан бүрын да ел басқару жүйесін шектен
тыс орталықтандырудан бас тартқан дала демократиясы қоғамның
өзін-өзі басқаруын жаңа биікке көтерді. Егер үш жүзге бөліну қазак
қоғамының шын мағынасындағы әлсіздігін, іштей ыдырауын білдірсе,
ол 1723 жылғы «Ақтабан шүбырынды, алқакөл сүламаға» төтеп бере
20
алмас еді, қатерлі дұшпанға бірлесе тойтарыс беру идеясы төңірегіне
топтала қоймас еді. ХҮІІІ ғасырда тәуелдсіздігімізден, елдігімізден
айрыла бастауымыздың құпиясы жүзге бөлінуде де емес, жоңғармен
соғыста да емес. Бар пәле ындыны бұзық еуропалықтардың от қаруын
иеленгенінде жатыр.
Қалай десек те, 1723 жылғы апат, 1731, 1740 жылдарда Кіші жүз
бен Орта жүздің Ресейге бодандықты қабылдауы, отарлаушылардың
Атырау мен Аркаға, Алтайға сүғына кіруі, Ресей мен Қытайдың «бөліп
ал да, билей бер» саясатын жымысқылықпен жүзеге асыруы - бәрі
классикалық дәуірдегі қүндылықтардың іргесін шайқады. Мемлекет-
тік тәуелсіздіктің тағдыры бәске түсті. Қазақ халқы жер бетінен жоқ
болып кетуге шақ қалды. Үштен екісі қырылды, жүздеген мыңы көрші
мемлекеттерге босып, егемендігінен айрылды, ассимиляцияланды[18].
Бірнеше үрпақ ақыл-қайратпен жинаған жер талапайға үшырап, ше-
кара бүзылды. Сындарлы дәуірдегі Қазақ хандығында бүрынғы қуат
қалмағанын Ресей мен Қытай билеушілері менмендікпен бетке басты.
1757 жылы Қытай әкімшілігі Абылайға жолдаған хатында кімнің кім
екенін ашық жариялайды. «Егер сендерге моңғолға жасағандай ішкі
жасақ тәртібін колдансақ, - делінген хатта, - қысым көріп қаласыңдар.
Демек, бүрынғы қоғамдық салт-жүйелерінде бола беріңдер... Ал сенің
елшің бізге жеткізген: «Тарбағатай тегінде біздің байырғы жайлауы-
мыз еді, сол жерді патша бізге берсе», деген сөзге келсек, бүл жерлер
жаңа ғана тыныштандырылған. Әлі йен жатқан өңір. Патша, әсілі, ол
жерді сендерге қиып бере салушы еді, бірақ сендер бізге еңбек сіңірген
жоқсындар, ебін тауып ел болып алғансындар»[19]. Абылайды Орта
жүздің ханы мәртебесінде бекіту үшін Ресей жағы қойған талаптар
бүдан да сорақы екені тарихтан белгілі.
Әйткенмен, көзінің тірісінде Абылай ханмен императорлық Қы-
тай да, патшалық Ресей де есептесті. Ол билеген аумақта мемлекет ici-
не әмірлерін жүргізе алмады. Бүхар жыраудың Абылай хандық қүрған
соңғы жылдарды:
Қайғысыз ұйқы үйықтатқан, ханым-ай,
Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай
Қалыңсыз қатын қүштырған, ханым-ай
Үш жүзден үш кісіні қүрбан қылсам,
Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай, деп сипаттауы[20], ал ака
демик В.В.Бартольдтың «Самым могущественным из ханов ХҮІІІ в.
21
был хан Абылай»[21], деген жолдарында терең мағына жатыр. Есесіне
Нүралы хандық құрған Кіші жүзде ахуал басқаша қалыптасты. «Кіші
жүздің ханы Нұралы қазақтардың ханы болып бекітілгенде қандай да
бір жүздің аты аталмаған болатын, - деп жазыпты II Екатерина патша
1778 жылғы 21 қыркүйекте. - Мүның мәнісі - Нүралы Орта жүзді
өзіне қаратуға күш салсын деген ниетімізде еді. Алайда оның колынан
мүндай іс келмегені былай түрсын, ол өзінің Кіші жүзінде де ешқан-
дай лауазым - шені жоқ өзге сүлтандар мен ел ағаларының үстінен
билігін асыра алмай отыр» [22].
Қос өкпеден қысқан екі империяға да бір орталыққа бағынған
казақ мемлекетінің болмағаны жөн еді. Абылайдьщ дүние салуымен
Ресей билеушілері көздеген мақсатына ашық кірісті.
Қазақ мемлекеттігінің классикалық дәуіріне тән қүндылықтары
мен әлеуетін қайтаруға, қалпына келтіруге Сырым батырдан тартып
Амангелдіге дейін қайрат қылды. Мемлекет қүрылысында дәстүр мен
жаңашылдықты үштастырмақ болған Жәңгір ханның әрекеті діттеген
мақсатына жете бермеді. Әсіресе Кенесары хан аянбай күресті. Атасы
Абылайдан да асыра төтенше шаралар қолдануы дала демократиясы-
мен қабыспай, соңғы қазақ ханын егемендікке қүштар халықтың бел-
гілі бөлігінен алыстатқаны ақиқат. Заң шығару, атқару, сот биліктерінің
бір қолға шоғырлануы соғыс жағдайы қажетінен туындағанымен
наразылық білдіруге халық қүқылы екенін елемеу сындарлы дөуір
мемлекетінің әлеуметтік негізін әлсіретті. Сөз арасында айта кетейік,
жеке дара билік жүргізуді қазақ мемлекетінің әлеуметтік қауымдары
Абылай хан түсында да қабылдамады. Мәселен, Ботақанның ажалы
Қаракесек руын көтеріп, Абылайды састырғаны көп жайдан хабар
береді. Ал Кенесары хандығында бүған ресейлік отарлаушы билік-
пен ауызжаласқан жергілікті басқарушы қауым - қоңыркүлжалар
қосылған соң, қазақ қоғамының ішіне жік түсіп, кешегі тарихи даму
нәтижесі болып табылатын рулық, тайпалық, жүздік қүрылым этни-
калық түтасуға, мемлекеттің қуатын арттыруға қызмет етуден қалды.
Ең ауыры - 1822 және 1824 жылдарғы реформаларға табан тіреген
өктем күштің зорлығымен ¥ л ы даладағы мемлекет - қүқық — азамат
арасындағы байланыс заңдылығы бүзылғандықтан қазақ қоғамы тари-
хи-габиғи даму мүмкіңшілігінен ажырап, әлеуметтік страт қым-қуат
қайшылыққа үрынды.
Екінші дәуірдің аяқталар тұсындағы қасіретін айғақтаған, қайда
агіарып соқтыратынын болжаған деректер мейлінше мол. Солардьщ
22
ішінен Жанақ ақынның (1770-1856) бірер сөзін келтірсек, артықтық
етпес. Рүстем төреге айтқан айыптаулары біздің ой-түжырымымызды
қуаттай түседі:
Хан түңілді бүл күнде халықтан да,
Ханнан мүлде халық та жалыққан ба?!
Халық - дария, хан - балық емес пе еді?
Судан шықса жан кетер балықтан да.
Ханнан қайрат, байынан қайыр кетіп,
Телмірген тендігі жоқ ел болған кез.
Қайғың - азық, ермегің - шер болған кез.
Елмен араз, татуың бір болған кез.
Жуан қамшы той бастар көсем болды,
Елірмелі екі есті шешен болды,
Би кетті малдылардың айтағында,
Пәленді мүқатып бер десең болды[23].
Мемлекеттің ішкі ахуалы
осындай болғанда оның халықара-
лық қатынастар субъекті мәртебесінен айырыла бастауы заңды еді.
Кенесарының қырғыз ханы Орманмен, Қоқан билеушілерімен тіл та-
быса алмауының бір себебі осында жатыр.
Төрт ғасырға жуық салтанат қүрған қазақ мемлекеті Кенесарының
ажалынан соң өмір сүруін тоқтатты. Ол халықтың күші - бірлікте,
мемлекеттің - күші халықта екенін дәлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |