Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
Тәжікстан, Литва, Әзірбайжан және т. б. мемлекеттерінің
заңнамасында көрініс тапқан);
- дін саласындағы заңнаманы халыққа дұрыс жеткізу үшін
түсіндіру мүмкіндігін кеңейту (соның ішінде «діни қызмет»,
«діни қызметкер», «діни бірлестік»);
- діни бірлестіктердің сипатын анықтау, жалған діни
топтардың тіркелуіне жол бермейді (мысалы, коммер-
циялық бағыттағы ұйымдар діни бірлестік ретінде тіркеліп,
салықтың барлық түрлерін төлеуден бас тартады, себебі
коммерциялық мақсатта діни әдебиеттер немесе құралдар
шығарумен айналысатындардан өзге діни бірлестіктер салық
төлеуден босатылған);
- діни бірлестік құруға ұмтылатын азаматтардың санын
өзгерту (бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың
және астана аумағында 10-нан 50 адамға дейін көтеру);
- жергілікті, аймақты және республикалық террито-
риядағы қызметтеріне сәйкес діни бірлестіктерді иерар-
хиялық реттеу (Қазақстан Республикасының кемінде елу
азаматының бастамасы бойынша құрылған, бір облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың және астананың шегін-
де әрекет ететін діни бірлестік жергілікті діни бірлестік болып
танылады).
Кемінде екі облыстан, республикалық маңызы бар
қалалардан және астанадан өкілдік ететін, олардың әрқай-
сысынан Қазақстан Республикасының кемінде екі жүз елу
азаматы бар екі және одан да көп жергілікті діни бірлес-
тіктердің қатысушылары (мүшелері) болып табылатын,
Қазақстан Республикасының кемінде бес жүз азаматының
бастамасы бойынша құрылған діни бірлестік өңірлік діни
бірлестік болып құрыла алады.
Барлық облыстардан, республикалық маңызы бар
қалалардан және астанадан өкілдік ететін, Қазақстан
Республикасының кемінде бес мың азаматының бастамасы
бойынша құрылған, олардың әрқайсысында Қазақстан
Республикасының кемінде үш жүз азаматы бар, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының барлық аумағында өз құры-
16
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
лымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар діни
бірлестік республикалық діни бірлестік болып таныла алады.
ҚР жаңа заңнамасы тіркеу барысындағы талаптарды
ендірді:
- Діни бірлестіктер діни сенімдер мен сәйкес тәжіри-
белердің негізі жайлы қосымша, соның ішінде: конфес-
сияның нақтырақ діни бірлестіктің пайда болу тарихы, діни
бірлестіктің қызметінің формалары мен әдістері, отбасы
және неке, білімге деген қарым-қатынастары, белгілі бір дін-
ді ұстанушылардың денсаулығына деген қарым-қатынасы,
діни бірлестіктің мүшелері мен қызметкерлерінің азамат-
тық құқықтары мен міндеттерін шектеу туралы мәлімет-
терді ұсыну міндеттелді.
- Қоғамдық бірлестіктер туралы заң үлгісіне сәйкес діни
бірлестіктің атауы өз діни сенімдерінің атауын міндетті түрде
қамту керек.
Ендірілген нормаға сәйкес, діни білім беру ұйымдарын
қоспағанда, діни бірлестіктен басқа өзгеше ұйымдық-құқықтық
нысанда діни қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды
құруға және олардың қызметіне жол берілмейді. Уәкілетті
органмен келiсе отырып, ғибадат үйлерін (ғимараттарын)
салу туралы, олардың орналасатын жерін анықтау, сондай-ақ,
үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп
бейінін өзгерту (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы
шешімдер қабылдау ендірілді. Аталған шара, ғибадат үйлерін
бақылаусыз сала берудің алдын алады.
Шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республика-
сындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына
келісім білдіретін уәкілетті ұйымдарға құқық беретін және
миссионерлерді жергілікті дін істері агенттігіне тіркеуден
өткізетін жаңа уәкілеттер ендірілді.
Жаңа ендірілген ережелер діни әдет-ғұрыптарды
реттеуге бағытталған. Жаңа қазақстандық заңнамаға сәйкес,
құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және
(немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде (ғимараттарында)
және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында,
17
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
діни бірлестіктер мекемелері мен үй-жайларында, зираттар
мен крематорийлерде, жақын тұратын адамдардың
құқықтары мен мүдделері сақталған жағдайда жүргізіледі.
Өзге жағдайларда діни іс-шаралар белгiленген тәртіппен
митинг, наразылық шаралары, шерулерга арналған жерде
жүзеге асырылады. Діни рәсімдер – әскери бөлімшелерде,
ауруханаларда, қарттар мен мүгедектер үйінде, қоғамнан
уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекеме-
лерде олардың немесе олардың туысқандарының тілегі
бойынша іске асырылады.
Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, тек қана ғибадат үйлерінде (ғимарат-
тарында), арнайы стационарлы ғимараттарда таратуға рұқ-
сат беріледі. Қайырымдылықты жүзеге асыру кезінде бел-
гілі бір діни сенімге тарту мақсатында, қоғамның қорғау-
сыз қалған мүшелерінің, әл-ауқаты төмен адамдардың ма-
териалдық тәуелділігін (мұқтаждығын) пайдалануға жол
берілмейді. Бұл ережені бұзу әкімшілік жауапкершілікке
тартуды көздейді.
Азаматтарды діни сенім бостандығы құқығын іске
асыратын халықаралық тәжірибеге сүйене, мемлекеттің
діни сенім бостандығына қол сұғушылықтан қорғау міндет-
терін ескере отырып, сонымен қатар, 2006-2011 жылдарда
ҚР азаматтық қоғамды дамыту концепциясына сәйкес заң-
намаларды іске асыру қажеттілігіне байланысты төмендегі
аталғандарға бағытталған діни бірлестіктерді құрып, басқа-
руға тыйым салу ұсынылды:
- Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдік-
тер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көр-
сетуге немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келті-
ріп не ерлі-зайыптылардың некесін бұзуына (отбасының
бұзылуына) немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға,
имандылыққа нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңда-
рында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға мәж-
18
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
бүрлеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге
де бұзушылықпен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне;
- Діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін
ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа
да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне
тиесілі мүлкін иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге.
Діни бірлестіктерге қатысты заңнамалардағы қайта
түзетулерді, жарғыға, діни бірлестіктердің атауы және тір-
кеуге қатысты жаңа талаптарға сай жұмыс істеп жатқан діни
бірлестіктер өз құжаттарына аталған өзгерістерді ендірді
және 2012 жылдың 25 қазанына дейін мемлекеттік тіркеуден
өтті. Діни бірлестіктерді тіркеу үдерісі сандық сипатты ғана
емес (1–ші кесте), діни ұйымдардың орналасу аймақтарын
да, сонымен қатар, діни бірлестіктердің мемлекеттік-
конфессиялық саясатқа деген қатынастарын да көрсетті.
Діни бірлестіктерді қайта тіркеуден өткізу жалпы кон-
фессиялық карта үшін пайдалы болды, дегенмен де, діни
бірлестіктердің қызметіне қатысты жағдайларды толығымен
сипаттауға мүмкіндік туғызбады.
19
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасындағы
діни ұйымдардың сандық көрсеткіші
Кесте 1
Тіркелгенге
дейін
Тіркелгеннен
кейін
Ислам
2811
2229
Православие
304
280
Пятидесятник шіркеуі
400
189
Евангелиелік христиан-
баптистер
364
100
Католицизм
118
79
Иегова куәгерлері
70
59
Пресвитериандық шіркеу
229
55
Жетінші күн адвентистері
67
42
Евангелиелік-лютерандық
шіркеу
32
13
Методистер
18
11
Новоапостолдық шіркеу
47
8
Кришнаиттер
14
8
Бахаилер
20
6
Иудаизм
26
4
Буддизм
4
2
Қасиетті соңғы күндердегі
Иисус Христос шіркеуі
(мормондар)
1
2
Меннониттер
6
1
БАРЛЫҒЫ
4 551
3 088
20
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
1.2. МЕМЛЕКЕТ ЗАЙЫРЛЫЛЫҒЫНЫҢ ҮЛГІСІ:
БІРЫҢҒАЙ ӘДІСТЕМЕСІ БАР МА?
Мемлекет зайырлылығының классикалық үлгісі мемле-
кеттің діннен және діни бірлестіктерден бөлек болуын, барлық
діни бағытталған бейтарап қатынаста болуын мақсат етеді.
Зайырлы мемлекет белгілі бір дінді мемлекеттік (ресми)
деңгейге қоймайды, оны міндетіне айырықша санап немесе
қолдамайды. Осыған қарамастан, шынайы өмір қоғамдағы
діннің мәртебесін мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды
заңнама тұрғысынан реттеу арқылы анықтауға әкеледі.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, кейбір мемлекет-
тер өз конституцияларында белгілі бір діннің мемлекеттік
(ресми) мәртебесін бекітеді (мысалы, отызға жуық мұсылман
елдерінде мемлекеттік дін ислам деп бекітілді); ал өзгелер,
діннің мемлекеттік мәртебесін бекітпей-ақ конституция неме-
се заңнамаларына дінді қолдау туралы ережелерді енгізеді.
Осы тарапта, Алжир, Ауғанстан, Бангладеш, Бахрейн,
Бруней, Египет, Индонезия, Иордания, Ирак, Иран, Йемен, Катар,
Комор аралдары, Мавритания, Марокко, Мальдива, Біріккен
Араб Әмірлігі, Оман, Пакістан, Сауд Арабиясы, Сомали, Судан,
Тунисте ислам мемлекеттік (ресми) дін ретінде саналады.
Ватикан,
Доминикан
Республикасы,
Коста-Рика,
Лихтенштейн, Мальта, Монако, Сальвадор, Сан-Маринода
католиктік дін мемлекеттік (ресми) дін саналады.
Буддизм Бутан, Лаос, Камбоджа және Таиланд елдерінде
мемлекеттік (ресми) дәрежеге ие. Таиланд конституциясы
ел басқаратын корольдің буддист болуын және бір уақытта
барлық діннің қорғаны болуын талап етеді.
Грекияда, Конституцияның 3-бабына сәйкес, православие
мемлекеттік дін болып саналады. Прозелитизмге тыйым
салынған (Конституцияның 13-бабындағы 2-ші бөліміне
сәйкес). 1939 ж. өзге шіркеулердің мәртебесіне қатысты заң-
ға сәйкес, құпия догмалар мен діни тәжірибелері болмаса,
олардың тіркелуіне рұқсат берілген.
21
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
Дания (§ 4), Исландия (§ 62) және Финляндия (§ 83) Конс-
титуцияларына сәйкес Евангелиелік-лютерандық шіркеу
мемлекеттік болып саналады және мемлекет тарапынан қол-
дау құқығына ие. Андорра конституциясы мемлекетте қызмет
етіп жатқан бірлесе басқару институтын, яғни, католиктік
епископ және Француз Республикасының Президенті басшы-
лар болып табылатын – мемлекеттегі ұжымдық басшылықты
қолдайды.
Ұлыбританияда 1534 жылғы супрематия туралы Актіге
сәйкес ағылшын шіркеуі мемлекеттік болып саналады. Англия
шіркеуінің Епископтары лорд Палатасының мүшелері болып
табылады. 1701 жылғы тақ мұрагерлігі жайлы Актіге сәйкес,
мемлекеттік шіркеу өкілдерімен некеде тұрмайтындардың
таққа отыруға құқылары жоқ. Шотландияның пресвитериандық
шіркеудің ағылшын шіркеуінен айырмашылығы, ол мемлекетке
бағынбайды және заңды түрде мемлекеттік шіркеу ретінде санал-
майды. Ұлыбритания монархы Шотландия шіркеуінің басшысы
саналмағанымен, коронация барысында Шотландия шіркеуінің
қауіпсіздігін қорғауға ант беруі тиіс. Шотландия шіркеуінің
жоғарғы органдағы бас ассамблеясы отырысында, ханшайымды
өкілетті қызметке ие Жоғарғы комиссар лорд ұсынады.
Норвегия
конституциясындағы
2-бапқа
сәйкес,
Евангелиелік-лютерандық шіркеу мемлекеттік болып сана-
лады және барлық азаматтар өз балаларын сол жерде
тәрбиелеуге тиіс. 27-бапта көрсетілгендей, ресми мемле-
кеттік дінді ұстанбайтын мемлекеттік кеңес мүшесі мемле-
кеттік шіркеуге қатысты мәселелерді талқылауға араласа
алмайды. Ал, 2006 жылы Норвегия шіркеуінің синоды
шіркеудің мемлекеттен бөлінуі туралы тарихи шешім
қабылдады және осы мәселеге қатысты 2013 жылға дейін
Конституцияға түзетулер енгізу жоспарланып отыр.
Норвегиядағы мемлекеттік діннің болуы барлық діни және
діни қоғамдастықтың тіркелуіне кедергі болмайды.
Сирия Конституциясы мемлекет зайырлығын жария
ете отырып, президентке қатысты шектеулер қойып отыр:
мемлекетті басқарушы міндетті түрде ислам дінін ұстану керек.
22
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
Замбия Конституциясы да құрам жағынан ерекше: барлық
конфессиядағы христиан дінін мемлекеттік дін ретінде бекітеді.
Қазіргі замандағы көптеген мемлекеттерде қоғам мен
мемлекеттің шынайы өміріндегі нақты орын (мәдени негізін
құрушы, әлеуметтік маңыздылығы бар) алған белгілі бір дін
ресми дін ретінде саналып жатады.
Шри-Ланка конституциясында буддизмнің рөлі жетекші
дін (бірақ мемлекеттік емес) ретінде бекітіледі.
Израильде иудаизмнің үстемдік ететін дін екенін көрсете-
тін заңнама жоқ болғанымен, 1950 жылдың 5-шілдесіндегі «Елге
қайту туралы» заңның 4-ші бабына сәйкес, Израильге қайтып
келуге ынтасын білдірген әрбір еврейдің құқы бар, бірақ ол
міндетті түрде өзге діннің өкілі болмауы тиіс. Изральдің
жоғарғы соты (ішкі істер министрі Освальд Руфайзенге қарсы
72/62 ісіне қатысты), христиан дініне өткен барлық еврейлер
елге қайту құқығынан айырылатындығын жариялады.
Кипр конституциясы Грек православтық шіркеуіне
ерекше құқықтарды (110 баптың §1) ұсынып отыр. Мем-
лекет Армян апостолдық шіркеуін, маронистік шіркеуді,
католик шіркеуін және исламды мойындайды. Конституция
аз көлемдегі діни қауымдастықтардың құқығын қорғайды
(Е қосымшасындағы 1-ші және 3-ші бап); бірақ, аз көлемдегі
діни қауымдастықтар тек 1 ғана қауымдастыққа жату керек
(2 және 3 бап).
Гамбия, Малайзия және Нигерия конституциясы респуб-
ликаларының зайырлылығын жариялай отырып, мемлекет-
тің сот жүйесіне мұсылмандық құқық мәселесі бойынша
шешімдерді қабылдайтын исламдық сотты да енгізіп отыр.
Боливия Конституциясының 3-бабында мемлекет рим-
католиктік дінді мойындап, қолдайды делінген. Католик шір-
кеуімен қатынас мемлекет пен Қасиетті Престол арасында
орнатылған келісім негізінде іске асады.
Люксембург және Польшада мемлекет пен католик
шіркеуінің арасында конкордат орнатылған (Польша конс-
титуциясы бойынша, мемлекет католик шіркеуін ерекше
қолдауға кепілдеме береді).
23
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
Аргентина конституциясындағы 2-бап бойынша, үкімет
католик Шіркеуін қолдауды бекіткен. Алайда, мемлекеттің
жоғарғы соты рим-католиктік шіркеудің ресми дін ретінде
мәртебесі жоқ екені туралы шешім қабылдады. Бразилиядағы
сияқты, шіркеудегі кейбір міндетті талаптарды орындау
арқылы қиылған неке азаматтық болып есептеледі.
1993 жылғы «Мемлекет пен шіркеу арасындағы қатынас
туралы» Моңғолияның заңына сәйкес, буддизм діні басты дін
ретінде саналады (4-ші баптың 2-ші бөлімі). Сонымен қатар,
дәстүрлі дін ретінде ислам және шаманизм бекітілген. Ал,
моңғол халқының дәстүріне қарсы тұратын кейбір сенімдерге
тыйым салынған.
Ирландияда, Конституцияның 44 баптағы 1-ші бөлімін-
дегі 2-ші бөлімшесінде көрсетілгендей, мемлекет католик
шіркеуін мойындайды. Мемлекет аталған шіркеумен кон-
кордат орнатқан болатын. 44 баптың 1-ші бөліміндегі 3-ші
бөлімшеде мемлекет мойындаған өзге де конфессиялар көр-
сетілген (пресвитериандар, методистер, квакерлер, иудей
және өзге де сенімдер, бұлар Ирландия Конституциясын
(1937) қабылдаған күнге дейін болған сенімдер).
Қазіргі таңда әлем бойынша діни заңнаманың негізгі 2
моделі бар:
1) сепаратистік үлгі, бұл үлгі бойынша мемлекет діни
қауымдастықтардан бөлінген және заңнамада белгілі-бір дінге
қатысты заң жоқ;
2) іріктеушілік үлгі, бұл үлгінің негізінде конституциялық
деңгейде мемлекет қоғам үшін құндылығын ескере отырып,
діни таңдауларын жасау ұстыны жатыр.
Іріктеушілік үлгі діннің бірнеше мәртебесін анықтауды
болжамдайды: мемлекет қалыптастырушы және мәдениет
қалыптастырушы мәртебе, дәстүрлі және тарихи дін мәр-
тебесі, сонымен қатар, көпшілік қауымның діни мәртебесі.
Аталған үлгі көбіне мемлекеттік құрылымның демократия-
лық қағидаттары тамыр жайған Еуропада кең таралған.
Дінге мәртебе жариялағаннан басқа, кейбір мемле-
кеттерде діни ұйымдар белгілі бір жолмен жіктелген.
24
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
Испанияда діни ұйымдар бірнеше категорияларға бөлінеді:
1) Мойындалған діни ұйымдар. Олардың қатарына като-
лик шіркеуі жатады. Мемлекет пен аталған шіркеу арасында
1976 жылдың 25 қыркүйегіндегі № 230 құжатқа сәйкес конкор-
дат орнатылған. Испания мен Қасиетті Престол арасындағы
қарым-қатынас халықаралық қатынас болып есептеледі. Со-
нымен қатар, католик шіркеуінің мәртебесі 1979 жылдың 15
желтоқсанындағы № 300 құжатқа сәйкес заңмен анықталады.
Мемлекет шіркеулік некелерді мойындайды;
2) діни ұйымдар қызметтік салалары мен діндарлардың
санына қарай, Испанияда кең тамырлана бастады (№ 7/1980
жылдың 5 шілдесіндегі 7 баптың 1-ші бөліміндегі «дін еркіндігі
туралы» заңға сәйкес). Мұндай ұйымдар қатарына, мемлекетпен
келісім-шарт орнатқан ұйымдар, яғни, евангелиелік одақ
(№24/1992 жылдың 10 қаңтарындағы заң), иудаистер (№ 25/1992
жылдың 10 қарашасындағы Заң) және мұсылмандар (№ 26/1992
жылдың 10 қарашасындағы Заң) ғана жатады;
3) мемлекетпен келісім шартқа отырмаған аз көлемдегі
діни бірлестіктер;
4) тіркелмеген діни топтар.
Италияда діни ұйымдар 4 топқа бөлінеді:
1) Мойындалмаған Қауымдастықтар, яғни бұлар, жар-
ғысыз қызмет ететіндер, тек миссионерлік қызметке құқығы
бар және мемлекетпен келісім-шартқа отыра алмайды;
2) мойындалған Қауымдастықтар (Азаматтық кодекстің
14–35 баптары), бұлар мемлекет тарапынан қатаң бақыланады
және мемлекет рұқсатынсыз меншікке ие болу құқығы жоқ;
3) құқықтық дәржесе бар топтар (АҚШ-пен достық, сау-
да және кеме қатынастары туралы 1992 жылдың келісімдегі
2-ші бапқа сәйкес), олардың меншіке ие болу құқықтары бар;
4) мойындалған діндер, яғни, мемлекеттік билік орган-
дарымен келісім саласында преференциялары бар мысалы,
білім саласында (№ 1159 1929 жылдың 24 маусымындағы Заң).
Италия Конституциясына сәйкес, католик шіркеуі мемлекет-
пен ерекше қатынаста (7-ші бап). Қасиетті Престолмен кон-
кордат орнатылған (№ 121 1985 жылдың 25 наурызындағы
25
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
Заң), аталған келісімде шіркеу мен мемлекет арасындағы өзара
қарым-қатынастың салалары бекітілген. Вальдезиандықтар
(№ 449 1984 жылдың 11 тамызындағы Заң), жетінші күн
адвентистері (№ 516 1988 жылдың 22 қарашасындағы Заң),
пятидесятниктермен («Құдай Ассамблеясы» деноминациясы)
(1988 жылдың 22 қарашасындағы Заң), иудаистер (№ 101 1989
жылдың 8 наурызындағы Заң), баптистер (№ 116 1995 жылдың
12 сәуіріндегі Заң) және лютерандармен (№ 520 1995 жылдың
28 қарашасындағы Заң) қайырымдылық, ағарту және білім са-
ласына қатысты келісім-шарт орнатылған.
Бельгияда да мойындалған және мойындалмаған дін-
дердің классификациясы бар. Мойындалған діндер қатары-
на католиктік, протестанттық (лютерандық), англикандық,
грек және орыс православтық шіркеулері, иудаизм және
ислам жатады. Аталғандарлың ішінде, католик шіркеуімен
арнайы келісім орнатылған.
Австрияда көптеген еуропалық мемлекеттердегі сияқты
үш түрлі қауым бар. Бұлар қоғамдық ұйымдар; 10 жылдан
аса жұмыс істеп келе жатқан және 300-ден кем емес мүшелері
бар қоғамдық ұйымдар, сонымен қатар, 16 мыңнан аса
мүшелері мен және қаржылай жеңілдіктері бар ресми
діндер. Австрияның ең ірі діни ұйымы – Рим-католик шіркеуі.
Мемлекет аталған шіркеуді барынша қолдайды, мысалы,
мемлекеттегі барлық азаматтар төлеуге міндетті 1% шіркеу
салығы бар.
Австрияның діни қоғамдары мемлекет және қауымдас-
тықтармен өзара қарым-қатынасында преференциялары бар
діни бірлестіктерге бөлінеді. Мемлекетпен преференциялары
барлардың қатарына жататындар: рим-католиктік шіркеу,
ескі католиктік шіркеу, православтық шіркеу (орыс, грек, серб,
румын және болгар), дохалкидондық шіркеу (коптық, армян
және сирия), методистік шіркеу, Новоапостолдық шіркеу, соң-
ғы қасиетті күндердегі Иисус Христос шіркеуі (мормондар),
ислам және буддизм. Мойындалған конфессиялардың тізімі
1874 жылғы RGB1. «Шіркеулерді мойындау», 1998 жылдың
BGB3. I 1998/19 «Діни конфессиялық қоғамдастықтар» туралы
|