КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекет пен діни ұйымдар
байланысын тиімді заңды реттеуден басқа да бірнеше күрделі
мәселелер бар, олар жалған діни ұйымдар мен экстремистік
топтардың әрекеттерін тоқтату. Мемлекеттік-конфессиялық
саясатты жүзеге асыруда халықтың діни және дінтанулық
сауаттылығын ашуды қалыптастыру, осыған байланысты
зайырлы білім жүйесі жағдайында дінтанулық білім берудің
мазмұнын анықтау, кәсіби педагог мамандарды дайындау,
қайта дайындау мәселелерін шешудің маңызы өте зор.
Плюралистік дүниетаным жағдайында халықтың әртүрлі
әлеуметтік топтарында жалған ғылыми, жалған діни және
оккульттік тәжірибеге үлкен жөнсіз қызығушылық пайда
болатыны байқалады. Мұндай қызығушылыққа тек дүкендегі
толып тұрған кітаптар ғана емес, сонымен қатар, теледидар
арқылы күндіз-түні берілетін мазмұны түсініксіз, адамның
тағдырын ашып беруге арналған балгерлікке, қашықтықтан
емдеуге, жеке мәселелерін шешуге және т. с. с. арналған
бағдарламалар да өз ықпалын тигізеді.
Идеология жойылған кезең бұқаралық сананы жылдам
жаулап алуға, «евангелизация-исламизация» жобасы бо-
йынша этноконфессиялық менталитеттің қирауына, жаңа
«діни» үлгіні меңгеру мен түсінуге байланысты азаматтар-
дың бей-жай (маргиналды) күйге түсуіне әкеліп соқты. Шын
мәнісінде азаматтардың көптеген топтары (жастық, этностық,
әлеуметтік-кәсіби, білім беру және т. б.) жоғалған ұқсастық
жағдайында қалды, олардың бей-жайлылығына өз әсерін
тигізетін жаңа «діни» (нақты айтсақ, «квазидіндік») жағдайда
қалды. Бұқаралық сана және мінез-құлық (тіпті кейбір азамат-
тар үшін – өмір бейнесі) ретінде діндарлық әртүрлі проекция-
да кездеседі: анық және жасырын түрде, кейбір сәттерде жеке
тұлғаға, қоғамға дұрыс, позитивті әсерін тигізсе, кейде кері
37
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
әсерін де тигізеді (мысалы, атап айтсақ, «діни» экстремизм,
дәстүрлі этноконфессиялық ұқсастықты жоғалту).
Дін жамылған миграция салдарының тек жеке тұлғаға
емес, сонымен қатар топтық және қоғамдық әсері де бар. Діни
мигранттар (уағыздаушыдан бастап, неофиттермен аяқтап)
жоғары жанжалды және Қазақстанның ішкі тұрақтылығына
негізгі қауіп тудырушы жаңа субмәдениетті қалыптастырады.
Қазақстандықтардың жеткілікті деңгейде және басымды тал-
пыныстарына қарамастан, елде кейбір геосаяси факторларға
байланысты таза шетелдік сипаттағы квазидіни негізінде жан-
жалды ұшықтыру жағдайы қалыптасуда. Бұл іс-әрекеттің
мақсаты – бұқаралық сана мен мінез-құлыққа деструктивті
әсер ету, басқаруға болатын (эластикалық) бұқаралық сана
қалыптастыру, бір жағынан, бұқаралық сананы жаһандық
тәртіптің «шайылып» кеткен құндылықтарына ауыстыру-
мен айналысатын, ал екінші жағынан, қазіргі мемлекеттік
құрылымды өзгертуге тырысатын жасырын әрекет ететін сая-
си ұйымдар қатарын құру.
Қазақстандағы тіркелген және діни ұйым ретінде әрекет
етуші бірнеше қауымдастықтардың осы елде болу мақсаты
барлық уақытта нақты көрсетілмеген, себебі жиі ауыстырыла-
ды. Өздерінің іс-әрекеті мен оның декларациясы көп жағдайда
сәйкес келмей жатады. Діни насихат пен ағартушылық аста-
рында саяси кері үгіт-насихат жүргізіледі; әлеуметтік бөлу
идеясы, діни бірегейлік, басқа дін иелеріне төзімсіздік уағыз-
далады; дінге сенушілердің туыстары мен жақындарына, жа-
нында тұратын азаматтарға, мемлекеттік үкімет және басқару
органдарына қатысты төзімсіздік тәртіп құру саясаты тара-
тылады; басқа дінге сенушілерге, мемлекет және қоғам ин-
ституттарына қатысты дінге сенушілердің санасы мен мінез-
құлқын экстремизациялайды; діни іс-әрекет емес, мүлде басқа
істермен айналысады және т. б.
Эксперттік талдау қазақстандық менталитеттің құндылық
негіздерін бұзу арқылы мемлекеттік сипатты босаңсыту
әрекеті басқарылған және арнайы ұйымдастырылған әрекет
екенін көрсетеді. Ол жаңа діни культтер, қоғамдық ұйымдар
38
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
(олардың басым көпшілігі мемлекеттік тіркеуден өткен,
сондықтан еркін қызмет жасайды) арқылы еркін жүргізіледі,
жалпы олардың іс-әрекеті желілік сипатта жүргізіледі.
Идеологиялық жағынан қараса, мұндай ұйымдар үнемі
демократиялық бостандық жоқ екендігі туралы дискуссияны
ұшықтырады, ал, шын мәнісінде, өздері «басқарылатын
демократия» мен «жоспарланған былық» моделін жасайды.
Жаңа діни культке ауысу әдісі жалған христиандық,
жалған исламдық ұйымдарға тән, ұқсас болуы алаңдатады.
Олар да, бұлар да өз қатарын көбейту мақсатында адамдар-
дың жеке күйзеліске ұшыраған сәттерін, адамгершілік
және дүниетаным ізденістеріне талпынысы өскен кездерін,
өмір құндылықтарын түсінуге ұмтылуын, өмірдегі кез-
дескен қиындықтарды, мысалы, жаман әдеттерді жеңу
кезеңдерін пайдаланады. «Діни қызмет» ету сылтауымен
жаңа қауымдастыққа тартудың ең басты құралы – адамдар-
ды сауықтыруға (рухани және дене сауығуы), жаңа аға-іні,
әпке-қарындас, отбасы табуға, жаңа ұжымдық жағдайында
діни (Құран немесе Библияны, намазды оқып-үйрену) және
діни емес мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге уәде беру.
Идеологиялық әсер ететін жаңа «агенттер» діни культ ретінде
емес, басқаша әсер етуге тырысады, мысалы, өздерінің
жеке жетістігі бойынша тренингтер өткізу, қиындыққа
кездескендерді қолдау, көмектесу, сол арқылы өзін жарна-
малау, шет тілдерді оқу және тиімді аутотрениг дағдыларын
алу, сауықтыру тәжірибесін меңгеру және кеңінен тараған
әдіс-тәсілдермен жасырыну арқылы жүргізеді.
Жалған діни ұйымдар жүргізетін уағыздар мен іс-
әрекет түрлерін талдай келе, культ қызметкерлері қазақ-
стандықтардың өмірдегі әлеуметтік-экономикалық мәсе-
лелеріне, ондағы кездесетін қиыншылықтарға дәйекті және
табанды бағытталған жұмыс жүргізетінін көруге болады.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік өзгерістерді жаман жағы-
нан бағалауға саясаттандырады, шындықтың себеп-салдарлық
байланысын адептердің ой-пікірлерін, санасын өмірден
алшақтату мақсатында ойдан шығарылған мифологиялық
39
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
тәуелділікпен ауыстырады. Олар сонымен қатар азаматтарды
әлеуметтік қолдау үшін жасалатын шаралар бойынша діни
топтардың әрекетін басқаларға қарама-қарсы қояды, өзде-
рінің сенімдерін таңдады және адамдардың дүниетанымы
мен көзқарасын өзгертуге мәжбүрлейді, үрей мен қорқыныш
әдісін моральды әсер етуден бастап физикалық әдістер арқы-
лы да қолданады. Бұдан басқа, Қазақстан мемлекетіне, оның
институттарына (жалған) діни сенім жағынан күресуді қажет
ететін құбыжықтардың, жаулардың сипатын береді, сонымен
дінге сенушілерді алға қойған мақсатқа жету үшін «рухани
жауынгер» болуға шақырады.
Осының бәрі бітпейтін уағыздарда, тренингтерде, кез-
десу мен әңгімелерде жүргізіледі, олардың басты мақсаты
– азаматтарды үйреншікті қатысу тобынан (отбасылық, дос-
тық, кәсіби) шығарып, жаңа тілектестер қауымдастығына
енгізу, адамның жеке өз еркін қауымдық лидерге бағындыру.
Жеке адамды топқа, азаматты қоғамға қарсы қою мақсатына
жетуге ұмтылуды біз жалпы мәдени бірлестікті бұзу, біздің
қоғамымыздағы келісім атмосферасына зиян келтіру деп
қарастырамыз. Ал мұндай іс-әрекетті саяси дайындалған және
идеологиялық уәжделген шара деп санауа болады.
Қалыптасқан дүниетаным қазақстандық менталитеттің
құндылықтық негіздерін бұзу арқылы жүргізіледі: ата-ана, от-
басы құндылығы туралы түсінік, ұрпақтар арасындағы өзара
қарым-қатынас өзгереді. Зерттеу жұмыстары көптеген діни
қауымдар дінді жамыла отырып, діни әрекеттерден тіптен алыс
шаралармен айналысатынын, өзінің қатарына жаңа мүшелер-
ді тарту, сенушілерді тәрбиелеу бойынша белсенді, мақсатты
бағытталған жұмыс жүргізетінін көрсетті. Біздің ойымызша,
көбіне осындай іс-әрекеттер табиғи емес, ол тапсырма сипатты
болып келеді, негізінде белгілі бір көзқарасты, тәртіп үлгісін,
өмір жолын өз ыңғайына қарай өзгертуге бағытталған. Біз
мұндай қауымдарды жалған діни, ал олардың іс-әрекеттерін
квазидіни деп бағалау керек деп ұсынамыз.
Неге қазіргі уақытта діни негіздегі экстремизмге қарсы
тұру жүйесі туралы мәселе өте өзекті? Бәлкім, қазіргі кезде жаңа
40
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
тәуелсіз мемлекеттерге ұсынылып жатқан гео-саяси жобаның
мақсаттары анықтала бастағаннан болар, бірақ конфликтогенді
ортаны қалыптастыру үшін дінді пайдаланудың стратегиясы
мен тактикасы анық көрінеді. Біздің ойымызша, дұрысында
діни экстремизм емес, жалған діни экстремизм туралы айту
керек, өйткені жалпы дін экстремистік қызмет атқармайды.
Неге жалған діни экстермизм пайда болды?
Біріншіден, экстремистік идеологияны қабылдауға
іштей дайын белгілі бір әлеуметтік топтардың болу қаупі-
мен байланысты объективті факторлар бар. Нарықтық
өмір индивидуалистікке, эгоистікке, қаталдық пен күшке
негізделгені ешкімге де құпия емес. Нарықтық қатынастар-
ға көшу барысында жақсылық, ізгілік, шыншылдық сияқты
адамгершілік негіздері бұқаралық санада құнсызданып
кетті. Халықтың көпшілік бөлігі нарыққа көшудің алғашқы
кезеңінде жаңа мәртебені қабылдауға, интенсивті әлеу-
меттік өзгерістерге, отбасы экономикасына байланысты
мәселелер кешенін өз бетімен шешуге дайын болмады. Оның
бір себебі, негізгі жекеменшік табы әлі қалыптаспады. Нақты
экстремистерді көбейтудің әлеуметтік базасы қысқарған жоқ.
Сананың фрустрацияланған күйі мен нарықтық жағдай-
ға бейімделудің бұқаралық механизмі болмауы халықтың
белгілі бір топтарына еңсерілмес мәселе болды. Ауысу
кезеңі адамгершілік және әлеуметтік бағдардың жоғалуымен
қатер төндірді, ол көптеген азаматтарды өмір мәнін қайта
қарастыруға, «дұрыс», шынайы жолды табуға жетеледі. Міне
сондықтан, болашақ пен бүгінге сенімнің жоғалуы, өмір сүру
деңгейінің төмендеуі, бұрынғы идеалдардың бұзылуы жаңа
миссионерлер үшін нағыз табылмайтын құтты негіз болды,
олар оны пайдаланып, агрессивті прозелитикалық жұмысты
бастап кетті.
Екіншіден, экстремистік идеялардың табан тіреп енуіне
субъективті фактор болып табылатын идеологияны жоғалту
үрдісі жатады. Кеңестік кезеңнен кейінгі демократияның
жоғалуы негізінде жалған діни тәжірибені және олардан
кейін келе жатқан идеологиялық геосаясат жобасын шексіз
41
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
жүргізуге жағдай жасалып, жақсы мүмкіншілік туғызды.
Қазақстанда 2011 жылдың басында 4500-ден астам діни ұйым-
дардың тіркелуі тегін емес. Ал бөлімдер аясында қаншама
латентті ұйымдар болғаны және олар қалай әрекет ететінін
тіпті болжаудың өзі қиын.
Тек қана жасырын пәтерлерде емес, сонымен қатар
адам бас иетін жерлерде (олар көбіне мектепке дейінгі ба-
лаларды тәрбиелеу үйлері, клубтар, тіпті білім ошақтары)
уағыздалатын жалған діни идеялар саны азаюдың орны-
на көбейіп келе жатқан сенушілердің ерекше санасын
қалыптастыра бастады.
Жаңадан пайда болған адептердің «діни» санасы мен
тәжірибе сипаты төмендегідей болып келеді:
1. Шынайы өмірді бағалауда кемшіліктерге баса назар
аудару және қазіргі жағдайды қабылдауға қарсылық көрсету
(оның негізінде үкіметке қарсылық жатыр).
2. Жаңа идеалдарға қалтқысыз қызмет етумен байланы-
сты болашақты жасайтын жаңа идеяларды насихаттауға да-
йын болу.
3. Жеке адам тұрақты мәртебе алатын, белгілі бір қызмет
пен жауапкершілікке ие болатын ұйымға мүше болуға бейім.
4. Қорқыныш сезімі мен өз еркін өз бетімен білдіруге
қабілетсіздікті қалыптастырған жалған діни құрылымына
(лидер, ұйым) тәуелді болу.
Дайындығы жоқ санаға үздіксіз басымдық көрсету
және идеологтардың әсері әлеуметтік және саяси қарама-
қайшылыққа әкеп соқтырады. Кейбір жалған діни топтар
мемлекеттің заңдылығы мен құқығына күмәнділік көрсете
отырып, өздерінің саяси мақсаттарына жету үшін террорлық
әрекетке көшуін ақтайды. Жалған діни экстремизмді идеоло-
гия және практика ретінде тарату үшін жасалатын шарттар
мемлекеттік бірегейлікті саябырсытуға бағытталған арнайы
технология болып табылады.
Экстремистік әрекеттердің белсенді көріне бастауы
Қазақстанда терроризм идеологиясы мен практикасы дамуы-
ның жаңа кезеңі болып саналады және қарсылық көрсетудің
42
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
латенттік кезеңінен ашық кезеңге, яғни әскери әрекет жасауға
көшкенін көрсетеді.
Қазіргі уақытта, қазақстандық мемлекеттікті күшейту,
жетілдіру кезеңінде адами рухты жаңғырту қағидасына
негізделген (жалпы азаматтық сана, ерік, өмір сүру мәні)
жалпы ұлттық менталитеттің даму үрдісі ерекше өзекті бола
бастады. Монолиттік идеологияны жоғалту және шынайы
дүниетанымдық плюрализмнің басталу кезеңінде білім
санасымен сезімді өрнектеу және мәндеу ретінде, ақиқатты
түсіну нәтижесі ретінде, бұқаралық сананың өмірлік
мотивациялық және идеялық түсінігі ретінде наным күші
әсерінің механизмі мен концептуалдау арқылы саяси ықпал
ету технологиясына өзгерістер енгізу талап етіледі.
Қазақстанда адамгершілік жауапкершілікті және жаңа
уақыттың талабына төтеп беруге мүмкіндік туғызатын
Қазақстан халқы менталитетінің жоғары руханилылығын
нығайту қажет екендігі белгілі. Заманауи қоғамда ғылым
да, дін де бұл орайда өздерінің мәдени тәрбие қызметтерін
атқаруда. Бір жағынан, адамның рухани тірегі ретінде – дін,
ал екінші жағынан, дүниені рационалды түрде түсіндіретін
жүйе ретінде – ғылым, осының бәрі қоғамдық менталитетті
қалыптастыруда маңызды қызметтер атқарады.
Қазақстанның инновацияға, модернизациялауға бет
бұрыс жасауы жоғары зияткерлік, адамгершілік, азаматтық
мәдениетті талап етеді.
Зияткерлі қазақ ұлты тек қоғамдық сананың жеткілікті
денгейде дамыған кезінде ғана толығымен қалыптасады.
Қоғамдық дамудың саяси мәнін діни менталитет (сана, тәр-
тіп және өмір бейнесі) анықтай бастаған жағдайда генезис
ерекшеліктері мен қоғамдық сана қызметін білу, оның
компоненттері мен деңгейлерінің өзара байланысын табу,
қызметтік әсерін анықтау қажеттілігі анық сезіле бастайды.
Сондықтан Қазақстанда зайырлы мемлекеттің даму
және дамушы азаматтық қоғам жағдайында қоғамдық сана
құрылымындағы діни сана мәртебесін зерттеу, білу және
нақты түсіну өте маңызды болып табылады, сонымен қатар
43
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
оның жандану және әртүрлі таптар мен жалпы топтар
өмірінің әлеуметтік мәдени мазмұнына, сондай-ақ, әсіресе
азаматтық бірегейлік үрдісіне ықпал ету ерекшеліктерінің
көлемін есепке алу керек.
Сондықтан өмір мен менталитеттің «көріне бастаған»
компоненті ретінде діңдарлық мәдени парадигма мазмұ-
нын ғана анықтап қоймай, бұқаралық және арнайыланған
санаға тиімді ықпал ететін маңызды индикатор болып табы-
лады. Соңғы онжылдықта қазақстандық қоғамда сыртқы
(жаһандық) және сол сияқты ішкі даму үрдісі әсерінен дін
феноменіне үлкен қызығушылық, діндарлықтың жаңа, ең
алдымен – конфессиялық емес формалардың пайда болуымен
байланысты анық бақылаудағы өзінше рухани ренессанс
жүзеге асырылуда. Қоғамдағы үлкен қозғалыстар, бұрынғы
аксиологиялық координаттардың өзгеруі жағдайында
белгілі бір топ азаматтарының тұрмысты қабылдау мен
тағдырын анықтау барысында кездескен қиыншылықтары
оларды рухани ізденіске жетеледі. Бұл ізденіс көбіне мәдени-
тарихи дәстүрлер мен конверсия механизмінің әрекеттері
белгілеп берген этно-конфессиялық бірдейлікті жоғалту
механизмімен байланысты болып келеді.
Қазақстан халқының діндарлық жағдайы мен үрдісін,
діни бірдейлік мәселелерін, дәстүрлі емес діни ұйымдард-
ағы адептердің санасы мен тәртібін экстремистендіру
технологиясын, жаңа жаһанданған стратегияда ұқсастықты
жоғалту қаупін зерттеу Қазақстанға діни миграцияның
қарқынды өсуіне байланысты.
Соңғы жиырма жылда үнемі ашық және заңды әрекет
етпейтін діни ұйымдар мен топтар, миссионерлер саны
біршама көбейді. Қоғам мен азаматтар діни конверсия
көріністерімен, бірегейлікті жоғалтумен (жеке тұлға, топ
отбасы деңгейінде), әлеуметтік мәртебесінің төмендеуімен,
денсаулықтың бұзылуымен және тағы сол сияқты өмір
сапасын ғана нашарлатып қоймай, сонымен қатар қоғам
қауіпсіздігіне қатер туғызатын жағдайлармен бетпе-бет
кездесіп отырады. Қазақстан алдында қазіргі уақытта біре-
44
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
гей этноконфессиялық ұқсастықты тұрақты даму факторы
ретінде сақтап қалу міндеті тұр.
Заманауи қазақстандық ғылым жалған діни экстремизмге
қарсы әрекетке қандай үлес қоса алады? Жаңа жағдайға сай
идеология жүйесін қарама-қарсы қою қажет. Кең көлемде
халықтың барлық таптары арасында оқыту, түсіндіру, экс-
тремизм қаупі туралы насихат жұмыстарының мүмкіншілігін
кеңейту талап етіледі.
Жалған діни экстремизмге шынайы қарсы тұру үшін
азаматтардың өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын
қабылдау мониторингін жағдаятты емес, үнемі, тұрақты
түрде жүргізудің маңызы өте зор, сонымен қатар, діндарлық
үрдістерін, азаматтық белсенділік себептерін, саяси мәдениет
сипатын зерттеу қажет.
45
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
1.4. ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР
Қазақстан – азаматтардың өз дүниетанымын таңдауда
тек заңнама ретінде емес, іс жүзінде тең құқылы мүм-
кіншілікті кеңінен берген зайырлы мемлекет. Қоғамда еш-
қандай құндылықтарда монопольдік (біртұтастық) құқық
жоқ, барлық азаматтарға рухани ізденісте өз ойларын жүзеге
асыруға түгел жағдай жасалған. Қазақстанда білім беру
зайырлы сипатта болғанымен, қазіргі әлеуметтік жағдайда
ғылымның да, діннің де гуманитарлық қызметінің жалпы
міндеті ағарту қызметі екенін барлығымыз да түсінеміз.
Қазақстанда қалыптасқан діндарлық пен зайырлықтың
идеялық бірлігі мемлекет негізін құрушы этностың, сол
сияқты қоғамдағы басқа да этникалық топтардың тарихи және
мәдени дәстүрлері арқасында мүмкін болып отыр.
Елдегі діни жағдайды білу, сонымен қатар, оны бақылау
қоғамдық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету-
ші мемлекеттік органдар қызметінің құрамдас бөлігі болып
табылады. Жоғалған діни негізде зорлық пен зомбылық,
жеккөрушілік жүйелі түрде іске аспай тұрғанда, ол
ұйымдасқан террорға ауыспай тұрған уақытта олар оған
қарсы тұра алатын шараларды дайындауы керек. Діни
экстремизм мәселесі жаһанды үрдіс болып отыр және ол
үшін ешқандай географиялық шекара жоқ. Сондықтан
қарама-қарсы әрекеттер мен шаралар жүйелі болуы керек.
Қарама-қарсы әрекеттер жүйелі кең көлемдегі мәселелерді
қамтиды, олар әртүрлі институттар мен ұйымдар: құқық
қорғау органдарынан бастап діни ұйымдарға, білім беру жә-
не ғылыми мекемелерден бастап ағартушылық қызметпен
айналысатын ҮЕҰ-ға дейін тығыз байланысты.
Қауіпсіздік мониторингі (ал ол жоғарыда аталғанның
бәрін және басқа да тақырыпты айдарларды қамтиды)
негізінен мемлекеттік ұйым мәртебесі бар, жаңа үрдістерді
анықтауға, мемлекеттік органдар үшін нұсқаулықтар
дайындауға қабілетті ғылыми мекемелерде жинақталу керек.
46
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
Қазақстанда террористік бағыттағы сайттарды жабу
тәжірибесі өте маңызды шара, алайда жабумен қатар оны
басқа әртүрлі Ғаламтор жүйесін қолданушы мақсатты
топтарға, тинэйджерлерден бастап зейнеткерлерге дейін,
арналған әлеуметтік мәселелерге байланысты жаңа сайт
желісін құру қажеттілігі ескерілмеген.
Өзара қарым-қатынас аясының ғаламтор – кеңістікке
ауысуы жағдайында заманауи жалпы қазақстандық мента-
литеттің құндылықтық парадигмасын қалыптастыратын және
жандандыратын мүлдем жаңа әлеуметтік желілерді құру
қазіргі уақытта ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Бұл бағыт ағарту ісімен де, қажетті жалпыазаматтық
мәдениетті қалыптастырумен де тығыз байланысты. Қазақ-
стандық Ғаламтор сегментіндегі оқырмандардың бүгінгі
пікірталасының контент-талдауы тоғышарлық ретінде
көрінеді, тіпті оның өзі сананы экстремистендіру «мысалы»
болып табылады.
Дінтану пәнінің жалпы курсын міндетті пән ретінде
мектептердің жоғары сыныптарында да, колледждер мен
жоғары оқу орындарының бірінші курсында да оқыту ауадай
қажет. Өкінішке орай, әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің
сағат көлемі мен санын қысқарту үрдісі руханилықты
жоғалту мен бей-жайлықты қалыптастырудың бір шарты
болып бара жатыр. Ең бастысы, «Дінтану» пәнінің қандай
мүмкіншіліктері бар және оны қазіргі күрделі жағдайда
қалай пайдалану керек екенін түсінудің маңызы зор.
Зайырлы білім беру жүйесінде «Дінтану» пәні міндетті
пәннің бірі болуы тиіс және ол оқушылар мен студенттерді
ақпараттандыруға, дін түрлерінің көптігі туралы білімдерін
қалыптастыруға, әлемдік діндердің мәдени дамудағы рөлін,
діннің тарихтағы және қазіргі уақыттағы рөлін көрсетуге,
сонымен қатар дінді саяси мақсатта қалай пайдаланатынын
тусінуге бағытталған. Пән базалық матрица ретінде жалпы
адами құндылықтар жүйесін қабылдауға көмектесуі керек.
Тілшілер қоғамдастығы үшін өткізілген бірқатар іс-
шаралар тәжірибесі бізді дін тақырыбын жалпы дискурс
|