Алғы сөз Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану


Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата22.01.2017
өлшемі1,14 Mb.
#2461
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар 
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
ретінде  де,  діндарлықтың  әртүрлі  аспектілерін  түсіндіру 
барысында  да  ашып  жариялайтын  адамдар  үшін  арнайы 
кәсіби  қайта  дайындау  керек  екендігіне  көзімізді  жеткізді. 
БАҚ-да  экстремизмді  болдырмау  тақырыбын  ретімен, 
халықтың  құқықтық  санасын  қалыптастыру  ұстанымынан 
ашып, жариялау маңызды.
Қазақстандық қоғам үшін діни ағарту жұмысы өте өзек-
ті  мәселе.  Дүкендер  сөресінде  әртүрлі  әдебиеттер  толып 
тұрғанымен,  бүгінгі  күні  елдегі  азаматтардың  дүниетаным 
аясында қажетті білім мен керек бағыт әлі жетіспейді. 
Қазақстан  Республикасында  «Діни  әрекеттер  мен  діни 
бірлестіктер  туралы»  Заң  бар  болғанымен,  оның  қажетті 
қосымша  заңнамалық  актілері  болмағандықтан  іс  жүзінде 
құқықтық пайдасы әзірше үлкен жетістіктерге әкеліп отырған 
жоқ. Сондықтан мемлекеттік конфессиялық саясатқа қатысты 
заңнамалық базаны әрі қарай жетілдіру талап етіліп отыр. Тұл-
ғалық  дамуға,  топтық  бірдейлік  пен  қоғамдық  қауіпсіздікке 
кері әсер ететін жалған діни, квазидіни, деструктивті әрекеттер 
туралы  ереже  жасау  қажет.  Эксперттік  баға  және  қоғамдық 
мониторинг,  сол  сияқты  бұқаралық  қабылдау  деңгейінде 
мәдениет  құрушы  және  дін  жамылған  әрекеттерді  нақты 
айыра білу керек. Дін, білім, тәрбие, отбасы – некелік қарым-
қатынастар,  өндірістік  қатынастар  саласында  заңнамаларды 
жетілдіру  мақсатында  кешенді  өзара  байланысы  бар 
ережелерді дайындауға кірісу қажет.
Зерттеулерде төзімділік, ар-ождандығы, дін туралы заң 
үшін іске асудағы тиімді және қайшылықсыз глоссарий жа-
сау  туралы  дауларда  ұғымның  саяси  әлсіздігін  анықтау  өте 
маңызды.  Мониторинг  тәжірибе  жүзінде  тәртіптік  декла-
рация  мен  оның  фактілік  іс-әрекетпен  өлшенуі  сараптық 
бағаны  ғана  талап  етпейді,  бірақ  сонымен  қатар  олардың 
мәртебелерін  анықтауға  мүмкіндік  беретін  жаңа  діни 
ұйымдардың қызметі жөніндегі қоғамдық пікір ескеріледі. 
Діни  негіздегі  іс-әрекеттің  мүмкіндік  шекараларын 
орнықтырушы  (мүмкін  болатын  жағдайларда)  мониторинг 
әдістемесіне  тиісті  критерийлерді  анықтау  мен  енгізуді  та-

48
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
лап  етеді.  Тексеру  жүргізу  үшін  ғылыми-тұжырымдалған 
әдістер  мен  аксиологиялық  бағамдар  тұрғысынан  а)  қазақ-
стандық қоғамда тарихи қалыптасқан және қабылданған жал-
пыазаматтық  құндылықтар  жүйесіне  сәйкестік;  б)  шынайы 
тәжірибені жалпылау (тәжірибе, өнеге); в) ұйымның негативті 
қызметін  бағалау,  оның  адам  және  қоғам  үшін  шынайы 
қауіптері мен мүмкін болатын нәтижелерін анықтау қажет. 
Осы салада тиімді жұмыс істеу үшін жалған діни қызмет 
тексерісін  жүргізуде  әдістемелік  комментарийлер,  дінтану, 
дін  философиясы,  дін  психологиясы,  дін  әлеуметтануымен 
айналысатын  әлеуметтік  гуманитарлық  бағыттағы  сарап-
шыларды қайта даярлаудан өткізу қажет.

49
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі 
бағыттары мен үрдістері
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ АХУАЛДЫҢ НЕГІЗГІ 
БАҒЫТТАРЫ МЕН ҮРДІСТЕРІ

50
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
2011 жылдың қараша айында қабылданған «Діни қызмет 
және  діни  бірлестіктер  туралы»  жаңа  ҚР  Заңы  мемлекеттік-
конфессияаралық 
қарым-қатынастардың 
тұрақталуына 
мүмкіндік  берсе  де,  Қазақстан  Республикасының  қазіргі 
таңдағы  діни  саласының  жағдайы  белгісіз  болып  отыр. 
Мемлекеттің  діни  ұйымдармен  қарым-қатынастар  құруына 
белгілі бір дәрежеде жақсы негіз қалыптасты. Дегенмен, жа-
ңа Заң ұсынған мүмкіндіктерді жүзеге асыруда айтарлықтай 
жұмыс  мемлекеттік  құрылымдардың  жүйелілігімен  қатар, 
діни  ұйымдардың  әрекеттеріне  де  байланысты.  Мемлекеттік 
құрылымдардың діни саланы сауатты басқаруы – мемлекеттік-
конфессиялық  қатынастардың  маңызды  бағыты  болып 
табылады  және  мемлекеттік  саясаттың  тиімділігін  ғана 
анықтап қана қоймай, ішкі діни саясаттың көп қырларын да 
анықтайды, ал бұл өз кезегінде, мемлекет-дін жүйесіндегі ең 
маңызды бөлік болып табылады. Алайда, Қазақстанда қызмет 
етулеріне  жасалған  шарттарға  қатысты  діни  ұйымдардың 
қатынастары  да  маңызды  болып  келеді:  дінаралық  және 
конфессияаралық  қатынастардың  қазақстандық  үлгісінің 
тұрақтылығы белгілі бір деңгейде соларға да байланысты. 
Қазақстан қоғамының дінге деген қатынасы аса маңызды. 
Аталмыш  қатынас  Қазақстан  Республикасындағы  діни 
жағдайдың  дамуының  негізгі  бағыттарын  анықтайды  деп 
айтсақ  артық  болмайды.  Қазақстан  –  зайырлы  мемлекет, 
бұл  діннің  мемлекеттен  бөлінуін  білдіреді,  мемлекет  білім 
беру  жүйесінен  бастап  қарттар  үйіндегі  жүйелерге  дейін 
мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың барлық түрлерін-
де зайырлылық ұстанымдарына берік болуы тиіс. Мемлекет-
тен бөлек, мемлекеттің зайырлы сипаты сақталған қоғамда дін 
қызмет атқара алады, діннің мәні жоғалмай, оның қоғамнан 
ығыстырылуы  мүмкін  емес.  Осы  тұста  қарама-қайшылық 
туындайды  (дінді  дұрыс  түсінген  жағдайда  аталмыш 
қайшылық орын алмайды): дін қоғамда қызмет атқарады, ал 
қоғамға қызмет ету үшін құрылған мемлекет діннен бөлінген. 
Аталмыш қайшылықты шешпей, мемлекеттік-конфессиялық 

51
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі 
бағыттары мен үрдістері
қатынастар  саласындағы  бір  де  бір  маңызды  мәселелерді 
шешу мүмкін емес. 
Діни  саланың  белгісіздігі  Қазақстан  Республикасындағы 
діни  жағдайдың  даму  үрдістері  жөнінде  сөз  қозғанда  одан 
ары  күшейе  түседі.  Қазіргі  таңдағы  діни  жағдай  саласынан 
түрлі,  тіпті  бір-біріне  мүлде  қарама-қайшы  бағыттар  дамуы 
мүмкін.  Мәселен,  Қазақстандағы  діндарлық  үрдісінің 
күшейгенін  бақылауға,  сонымен  қатар,  діндарлар  санының 
азаюын  да  көруге  болады.  Жаңа  діни  қозғалыстар  өздерінің 
Қазақстандағы  қызметтерін  тоқтатады  деп  болжауға  болады 
(ҚР  діни  саласындағы  қазіргі  жағдайын  есепке  ала  отырып) 
немесе  керісінше,  олардың  елдегі  қызметтерін  күшейту 
бағытын да байқауға болады. Бір қызығы, аталған үрдістердің 
кез-келгенін  белгілі  бір  дәрежеде  негіздеуге  болады.  Бұл 
жағдай,  өзіміздің  қазіргі  таңдағы  діни  саладағы  белгісіздік 
жөніндегі тұжырымымызды дәлелдей түседі.
Қазақстан  Республикасындағы  діни  жағдай  дамуының 
бағыттарын талдаудағы белгісіздік көлемін азайту үшін қазір-
гі  таңдағы  орын  алып  отырған  жағдайды  аса  анықтылықпен 
бақылау және жалпы әлемдік үрдістерді де білу қажет, себебі 
аталмыш үрдістер біздегі жағдайдың да мәні болып табылады. 
Аса маңызды жалпы әлемдік үрдістер ретінде секуляризмнің 
(зайырлылық)  мен  қазіргі  таңдағы  геосаясаттағы  дін  ролінің 
күшеюін айтуға болады. Осы аталған бағыттардың түйісуінде 
әлемдегі  діни  жағдай  үрдісі  жүзеге  асырылады.  Аталмыш 
екі үрдісті талдаудан шығатын тұжырым – діннің саясаттағы 
рөлі ұлғая түседі, алайда дін оның тек сыртқы пішінінде, тек 
саяси  аспектілерінде  ғана  қабылдана  бастайды,  бұл  жағдай 
сарапшыларға, одан қалса шынайы саясаткерлерге жағдайды 
дұрыс түсінуге мүмкіндік бермейді: олар діннің әлемдегі жә-
не белгілі бір мемлекеттердегі үрдістерге тигізетін ықпалына 
дұрыс баға бере алмайды. Дін қайтадан белгісіздік факторына 
айналады, ал бұл жағдайды, негізінен, деструктивті сипаттағы 
түрлі күштер қолданып қалуға ұмтылады.
Сондықтан  да,  жалпы  әлемдегі,  Қазақстанның  ішіндегі 
үрдістерді  де  (дінге  қатысты)  нақты  және  сегментарлы 

52
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
талдау қажет, тек осындай жағдайда ғана мәселені анықтауға 
мүмкіндік туады. Ал бұл әлемдік саясаттағы жалпы үрдістер-
ге  қатысы  бар  сегментарлы  тұжырымдарды  одан  ары  қарай 
жалпылауды  (нақтырақ  айтсақ,  синтездеуді)  қажет  етеді. 
Осыған  байланысты,  зерттеу  әдіснамасы  мынадай  болмақ: 
Қазақстан  Республикасының  дін  саласындағы  қазіргі 
жағдайын  геосаясаттағы  дін  ролінің  динамикасындағы 
жалпы  әлемдік  үрдістер  шеңберінен  өткізіп,  мемлекеттік-
конфессиялық қатынастар, конфессияаралық қатынастар мен 
ішкі  конфессия  жағдайы  мәселелеріне  талдау  жасау  қажет. 
Барлығын  Қазақстан  Республикасының  қоғамдық-саяси 
жағдайына қатысты нақтылай түсу қажет.
* * *

53
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі 
бағыттары мен үрдістері
2.1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДІНИ САЛАСЫНЫҢ 
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстандағы  діни  ахуалдың  дамуының  негізгі  үрдістері 
мен  бағыттарын  зерттемес  бұрын,  елдегі  жалпы  діндарлық 
жағдайға қысқаша сипаттама беру қажет, себебі бірқатар үр-
дістер  дәл  осы  қазіргі  жағдайдан  бастау  алады.  Олар  жалпы, 
келесідей:
1.  Қазақстан  Республикасында  дінаралық  қарым-
қатынастарды  реттейтін  қанағаттанарлық  жүйе  қалыптасты, 
ол ҚР негізгі конфессиялар арасындағы келісімі мен олардың 
мемлекетпен  нәтижелі  қатынастарын  көрсетеді.  Сонымен 
қатар, шетелдік сарапшылар бірнеше рет дәлелдеген конфес-
сияаралық келісім үлгісін де атап айтса болады. Бұл үлгінің 
негізінде Қазақстанның екі негізгі конфессиясының – ханафи 
мазхабындағы ислам мен православиенің терең рухани және 
ізгіліктік  бірлігі  жатыр.  Бұл  конфессиялар  Қазақстан  терри-
ториясында көптеген ғасырлар бойы қызмет етіп келеді және 
қазақстан  қоғамы  мен  мемлекетке  деген  жағымды  ықпалын 
толықтай  көрсете  білді.  Олар  көптеген  мәселелер  аясында 
бірлесе әрекет етеді, оларды атап айтар болсақ:
-  әлеуметтік-саяси саланы тұрақтандыруға қатысу (бірлесе 
әрекет жасау); 
-  қазақстан  қоғамының  белгілі  бір  мөлшердегі  адамгер-
шілік  деңгейін  қолдау  (дегенмен,  бұл  деңгейдің  жеткіліксіз 
екендігін  және  қалыпты  әлемдік  қаржылық  және  эконо-
микалық дағдарыс шарттарында дамып отырған мемлекеттің 
талаптарына жауап бермей отырғанын айта кету қажет, сол 
себептен  де  аталмыш  шарттар  жағдайында  адамгершілік 
деңгейін көтеру мәселесі үнемі өзекті болып табылады);   
- бірқатар бағыттар бойынша ислам және православие ара-
сында конфессияаралық сұхбат жүргізу: бірлескен әлеуметтік 
қызмет  көрсету,  аталмыш  конфессия  басшыларының  үнемі 
серіктестік байланыстары, мешіттер мен храмдардағы бейбіт-
шілік уағыздары, мұсылмандар мен православтардағы ортақ 
қоғамдық  құндылықтарды  қалыптастыру,  басым  көпшілігі 

54
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
ислам мен православиені ұстанатын этникалық топтар арасын-
дағы  келіспеушілікті  жою,  «исламдық  өркениет»  пен  «право-
славиелік өркениет» арасындағы шиеленісу шарттары аясын-
дағы ортақ өркениеттік ұстанымды қалыптастыру және т. б.
Конфессияаралық  келісімнің  қазақстандық  үлгісі  осы  ислам 
мен православие арасындағы бірліктің төңірегінде құрылады. 
Ислам  мен  православиенің  қоғамдық  мақсаттарын  бөлісетін 
конфессиялар  (түрлі  догматикалық  ерекшеліктерге  қарамас-
тан)  оларға  қосылып,  діни  саланың  тұтастығын  күшейте 
түседі.  Қазақстан  діндарларының  қоғамдық  құндылықтарына 
бөтендігін танытып, өздерінің басымдығы мен таңдаулылығын 
баса  көрсететін  конфессиялар  негізгі  конфессиялармен  серік-
тестік  қатынастарға  бармай,  оқшау  тұрады.  Нәтижесінде, 
Қазақстан үшін негізгі конфессиялар мен жаңа діни қозғалыс-
тар арасында алауыздық пайда болады. Конфессиялар арасын-
дағы  аталмыш  күрделі  қатынастар  конфессияаралық  келісім 
үлгісінің тұрақтылығына зиян келтірмейді, әрине ол күрделе-
не түседі, кейде оның тұрақтылығына да себін тигізеді. 
Жалпы, Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық 
келісімнің тұрақтылығы діни ұйымдар мен мемлекеттік құры-
лымдардың  үнемі  жасампаздық  әрекеттеріне  байланысты 
екенін атап өту қажет. Конфессияаралық келісімді сақтау және 
одан  ары  қарай  дамыта  түсу  үшін  күнделікті  жұмыс  қажет, 
тек сондай жағдайда ғана сәттілікке сенуге болады. 
2.  Қазақстан  Республикасында  діндарларының  саны 
98%  деп  есептелінеді  (шамамен  70%  –  мұсылмандар,  23%  – 
православтар,  5%  –  басқа  да  конфессиялардың  өкілдері)
1

Алайда, барлық конфессиялар діндарларының шынайы саны 
40-50%-дан  аспайды.  Көбісі  өздерін  діншілміз  деп  көрсетеді.  
Яғни, сенушілердің саны айтарлықтай асыра көрсетіледі.
3. Егер сенім тереңдігі жөнінде айтар болсақ (адамның сені-
мінің  нығаюын  білдіретін  көрсеткіш  болады),  онда  Қазақстан 
бойынша  ондай  еш  көрсеткіш  жоқ,  бұл  жерде  тек  сенім 
талаптарын  ғана  орындайтын  (бұл  барлық  конфессияларға 

Аталмыш  мәліметтерді  конфессия  басшылары  береді.  Жалпы,  аталмыш 
сандар, ҚР  2009 жылы болған халық санағының нәтижесіне сәйкес келеді.

55
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі 
бағыттары мен үрдістері
тән) кішігірім топ жөнінде айтса болады (жалпы, ҚР халқының 
шамамен  10–15%).  Сонымен,  діндарлар  саны  мен  сапасында 
белгісіздік  байқалады.  Бұл  –  Қазақстан  Республикасындағы 
діни жағдайды сипаттайтын негізгі кезеңнің бірі. Діндарлардың 
«саны» мен «сапасы» жөніндегі нақты мәліметтердің болмауы 
мемлекеттің мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласында 
тиімді саясат жүргізуін қиындата түсетінін айта кету керек.  
4. ҚР «Діни қызмет және діни ұйымдар туралы» Заңының 
жүзеге  асуы  Қазақстандағы  діни  кеңістіктің  өзгеруіне  алып 
келді.  Діни  ұйымдар  санының  үштен  бірі  қысқарса,  кон-
фессиялардың саны 46-дан 17-ге (конфессиялар санының қыс-
қаруы  «конфессия»  түсінігін  анықтау  мен  осы  анықтаманы 
іс  жүзінде  қолдануға  байланысты)  дейін  қысқарды.  Қазірдің 
өзінде, қайта тіркеуден өте алмаған діни ұйымдар мемлекет-
пен  соттасатындығын  хабарлауда.  Бұл  ұйымдардың  сот 
барысында жақсы адвокаттарды тартуға үлкен мүмкіндіктері 
бар екенін ескерсек, сот істері ұзақ және күрделі болады деген 
болжам айтуға болады.
5.  Қазақстандағы  діни  жағдайдың  тұрақтылығына 
қарамастан,  бірқатар  діни  ұйымдардың,  бірінші  орында, 
исламдық ұйымдардың батыл әрекеттерге баруы орын алып 
отыр.  Жаңа  Заң  мемлекетке  мемлекеттік-конфессиялық 
қатынастарды  реттеуге  және  ішкі  конфессиялық  қызметті 
жүйелеуге  қосымша  мүмкіндіктер  береді.  Сондықтан  да, 
Қазақстандағы  радикализация  жағдайын  жақстартуға  деген 
сенім  бар,  алайда,  радикализм  –  көпсалалы  мәселе:  қазіргі 
таңда жағдайдың қалай дамитыны белгісіз. 
6.  Мемлекет,  Дін  Істері  Агенттігі  (ДІА)  өкілдігі  тарапы-
нан  соңғы  жылы  діни  саладағы  жағдайды  реттеуде  үлкен 
жұмыстар  атқарды  (бұл  діни  ұйымдарды  қайта  тіркеуден 
өткізу және діни әдебиеттерді үнемі сараптамадан өткізу жә-
не ДІА қызметінің бірқатар бағыттары). Аталмыш жұмыстың 
нәтижесінде,  ДІА  жауапкершілік  аясындағы  айтарлықтай 
анықтылықты айта кету жөн.
7.  Қазіргі  Қазақстандағы  діни  жағдайды,  діни  ұйымдар-
дың орналасуы мен конфигурациясының аса айқын еместігі-
не  қарамастан  тұрақты  деп  сипаттауға  болады.  Тұрақтылық 

56
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
дегеніміз түрлі конфессиялардың қатып қалған конгломераты 
емес. Керісінше, конфессиялар мен діни ұйымдар арасындағы 
және  олардың  мемлекетпен  қарым-қатынастарының  айқын 
динамизмі  жөнінде айтуға болады. Тұрақтылық Қазақстанда-
ғы  конфессиялар  санының  көптігі  мен  олардың  өзара  және 
мемлекетпен қарым-қатынастарының күрделі сипатына қара-
мастан  қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасындағы  дінара-
лық келісімді бұзатын қайшылықтардың жоқтығын білдіреді. 
Қазіргі тұрақтылықты сақтау үшін діни саладағы мәселелерді 
білу  және  олардың  жинақталып,  күрделене  түсуіне  жол 
бермей,  шешу  қажет.  Ал  бұл  салада  ондай  мәселелер  бар-
шылық, соларды атап өтейік:
-  Қазақстандағы  зайырлылық  мазмұнының  нақты  анық-
талмағандығы, яғни, ҚР зайырлылық ұстынын жүзеге асыру 
концепциясының  жоқтығы.  Біз  –  зайырлы  мемлекетпіз, 
алайда,  қазіргі  таңда,  әлемде  зайырлылық  ұстанымдарын 
жүзеге  асырудың  ондаған  түрлері  бар.  Қазақстандағы  осы 
ұстанымның  мазмұны  қандай  болмақ?  Мәселе  оңай  емес, 
себебі  бұл  ұстанымның  нақты  мазмұнына  байланысты  діни 
ұйымдарға  қатысты  мемлекеттік  саясат  жүзеге  асырылмақ. 
Зайырлылық  ұстыны  нақты  анықталмай,  мемлекеттік-
конфессиялық  және  конфессияаралық  қатынастардың  көп-
теген аспектілері белгісіз болып қалады;
- мемлекеттік шенеуніктер, әсіресе жергілікті басқару дең-
гейі тарапынан дін саласындағы нормативті базаның көптеген 
элементтерін өз бетінше талқылау мүмкіндігі  сақталып отыр;
-  Қазақстан  Республикасындағы  діни  жағдайға  шетелдік 
ықпалдың болуына ішкі діни себептер қаншалықты негіз бо-
лып  отырғаны  және  қаншалықты  шетелдік  мемлекеттердің 
мүдделері тарапынан болып отырғандығы анық емес.
Қазақстан Республикасының діни саласының қазіргі жағ-
дайының негізгі өлшемдері осындай.
Қазақстан  Республикасындағы  діни  жағдайдың  даму 
үрдістерін талдауды негіздеу үшін бұл міндетті әлемдік және 
аймақтық деңгейдегі жалпы үрдістермен байланыстыра білу 
қажет, себебі, дәл осы деңгейлер, көп жағдайда, қазақстанның 
ішкі бағыттарын анықтайды. 

57
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі 
бағыттары мен үрдістері
2.2. ӘЛЕМДЕГІ ДІНИ АХУАЛДЫҢ ДАМУЫНЫҢ 
НЕГІЗГІ ҮРДІСТЕРІ
Дін  саласындағы  әлемдік  үрдістер  біржақты  емес  және 
қарама-қайшылықты болып келеді. Бір жағынан, әлемде дін-
нің ролі төмендеп келеді. Секуляризм дінді қоғамдық және 
мемлекеттік  өмірден  түгелдей  және  жан-жақты  ығыстыру 
ретінде басым түсіп, қазіргі таңдағы дүниетанымдық негізді 
құрауда.  Халықаралық  сахнада  аса  маңызды  шешімдер 
қабылдағанда  діннің  ұстанымы  мүлде  есепке  алынбайды. 
Әлемдік  дінбасылар  өздерінің  саммиттерінде  бірлескен 
шешімдер қабылдап, қазіргі таңдағы сын-қатерлер деңгейін 
діннің көмегімен шешу жөніндегі нақты нұсқауларын әлем-
дік саяси көшбасшыларға бағыттағаны жөнінде деректердің 
орын  алғаны  белгілі,  бірақ  олар  ол  кеңестерге  мүлде  назар 
аудармаған. 
Еуропада  храмдарды  сатып,  христиандық  рәміздерді 
қолдануға  тыйым  салынып  жатыр.  Көптеген  мемлекеттерде 
дін тек сыртқы белгілерге және көрнекілік сипатқа ие. Батыс 
елдеріндегі  халықтардың  жалпы  діндарлық  деңгейі  түсіп 
барады. Дін жеке мүдде аясында қалды.
Екінші  жағынан,  соңғы  жиырма  жыл  ішінде  әлемдік 
саясатта  діни  ықпалдың  ролі  күшейе  түсті.  Бұл  жерде  діннің 
емес,  діни  ықпалдың  ролі  күшейе  түсті.  Қазіргі  таңда  діннің 
мән-мағынасы  емес,  оның  саяси  және  әлеуметтік  көрінісі 
сұранысқа  ие.  Діннің  айтарлықтай  саясаттануы  орын  алды, 
енді осы саясаттандырылған дін әлемдік, аймақтық және мем-
лекеттік  деңгейдегі  саясатқа  тартылуда.  Саясаттандырылған 
дін  шынайы  діннің  мазмұнынан  әлдеқайда  алшақтатылған 
(діннің  саясаттану  үрдісі  оның  діни  құндылықтарын  шайып, 
олардың  орнын  жалған  діни  риториканы  қолдана  отырып, 
саяси құндылықтармен алмастырады), осындай дінді саясатта 
белсенді түрде қолдануға болады. Оларды түрліше қолдануға 
болады,  себебі  бұлай  қолдану  жолдарының  ешқандай  діни 
өлшемдері жоқ. Осылайша, діннің саясаттағы роліне қатысты 

58
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
жалған  стереотиптер  пайда  болады.  Исламға  терроризмді 
жақтаушы деген, православиеге өмірдің ағысынан қалып қой-
ған догматизм деген, католицизмге әлемдік билікке ұмтылады 
деген айыптар тағылады. Бұл жерде діннің ешқандай қатысы 
жоқ  болғандықтан,  аталмыш  айыптарды  діннің  саясаттану 
үрдісі  барысында  қалыптасқан  бұрмаланған  сипаттарына 
бағытталуы тиіс.
Қазіргі кездегі геосаясаттың ұстанымдары белгілі бір дін-
нің негіздерінде пайда болатындығын ескеру қажет. Мәселен, 
тек ұлттық дін болып табылатын, дегенмен  геостратегиялық 
ұмтылыстары  бар  иудаизм  дінін  келтірсе  болады.  Тарихта 
орасан зор роль атқарған өткен ғасырдың 90-жылдары әлемді 
қайта  құруда  белсенділікті  танытып  отырған  Рим  Католик 
Шіркеуін де жатқызуға болады. «Орыс әлемі» концепциясын 
ұсынып,  соны  өмірде  жүзеге  асырып  отырған  Орыс 
православиелік шіркеуі. Бұл басшысы Варфоломей І бастаған 
автокефальді православиелік шіркеулерді біріктіріп, кейіннен 
оларды  римдік  таққа  бағындыру  саясатын  жүргізіп  отырған 
Константинопольдік  патриархат.  Сонымен  бірге,  діндер  өзде-
рінің  мәніне  және  өзінің  догматикасына  сәйкес  әлемге  ықпал 
етуі  тиіс  –  бұл  діннің  геосаятаттың  ең  жаңа  ұстындарының 
қалыптасу үрдісіне тигізетін тұжырымдамалық ықпал болып 
табылады. 
Діннің  әлемдік  деңгейдегі  даму  бағыттарына  қысқаша 
тоқталып өтейік:
-  дін  бірқатар  зайырлы  мемлекеттерде  өзінің  ықпалын 
күшейтіп  келеді.  Бұл  діннің  мәдениет  пен  саясатта  орын 
алуына алып келеді (ішкі және сыртқы);
-  Еуропа  зайырланып,  өзінің  діни  құндылықтарынан  бас 
тартып  отыр.  Осылайша,  дінді  саяси  мақсаттарда  қолдану 
жеңілірек болып келеді;
діннің қоғамдық күштің біріктіруші және жұмылдырушы 
күш  ретінде  қызмет  ету  қабілеті  бар.  Бұл  діннің  саясаттағы 
ролінің  өсуінің  маңызды  шарты.    Бұл  жағдайда,  исламның 
мүмкіндіктері айтарлықтай зор (олар догматкалық деңгейде 
бекітілген); 

59
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі 
бағыттары мен үрдістері
халықаралық құрылымдар, олардың директивті ұйымдары 
халықаралық қатынастар саласында, қоғамдық кеңістікте, жаңа 
геосаясатты  құру  үрдістерінде  діннің  орнына    орасан  зор  көңіл 
бөледі.  Әсіресе,  бұл  салада,  Еуропа  Кеңесінің  Парламенттік 
Ассаммблеясы  ерекше  белсенділік  танытып  отыр.  ЕУПА 
кеңестері мен резолюциялары еуропалық қоғамдарда діннің 
қызмет  етуіне  құқықтық  нормаларды  қалыптастырып, 
әлемдегі  түрлі  мемлекеттердің  заңнамаларына  зор  ықпал 
етеді. Осылайша, дін мен саясаттың өзара ықпал етуіне шарт-
тар қалыптастырады. ЕКПА құжаттарын талдау әлемдік саяси 
элитаның  қазіргі  геосаясатқа  дінді  ендірудің  ұстындары  мен 
нақты  тетіктерін  дайындағанын  көрсетеді.  Сонымен  қатар, 
осы документтер діннің мемлекеттегі және қоғамдағы қызмет 
ету  принциптерін  қатаң  реттеп  отырады.  Нақтырақ  айтсақ, 
ПАСЕ құжаттары келесі мәселелерді ұсынады:
•  дін  саласындағы  ұлттық  заңнамаларды  тіпті  ұлттық 
қауіпсіздікке  қауіп  төндіреді  деген  себеппен  де  қатаңдатуға 
болмайды  (белгілі  бір  дін  адептерінің  құқыққа  қарсы  әре-
кеттерін де қамтиды);
• ұлттық дәстүрлерді қорғау мәселесі де діни еркіндікті 
шектеудің негізі болмауы тиіс;
•  тәуелсіз  мемлекеттер  олардың  ішкі  діни  жағдайына 
ықпал етуде ашық болады;
•  дінді  қалыптастырудың  ұлттық  ерекшеліктері  мойын-
далмайды,
• «дәстүрлі діндер» түсінігі заңсыз болып табылады;
•  дін  азаматтық  қоғамның  бір  бөлігі  болып  табылады, 
діннің сакральді сипаты мойындалмайды, 
•  қасиетті  нәрсені  масқараушылық,  дінді  диффамация-
лау  қылмыс  деп  саналмайды,  қайта  сөз  бостандығының  бір 
түрі деп жарияланады;
•  дін  құқық  жағынан  философиялық,  идеялық  бағыт-
тармен және өзге де пікір, тұжырымдармен теңестіріледі. 
Аталмыш құжаттардың дінге қатысты жағымды жақтарын 
да қамтитынын атап өту қажет:
• дін мен саясатты бөлу қажеттілігі ашып көрсетіледі;

60

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет