Алғы сөз Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану


Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата22.01.2017
өлшемі1,14 Mb.
#2461
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
2.5. КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР 
САЛАСЫНДАҒЫ ҮРДІСТЕР, КОНФЕССИЯНЫҢ ІШКІ 
ЖАҒДАЙЫНЫҢ ДАМУЫ
1. Жоғарыда аталып өткендей, конфессияаралық келісім 
Қазақстанның мемлекеттік тұрақтылығына орасан зор ықпа-
лын тигізетін аса құнды жетістіктердің бірі болып табылады.  
Бірақ, соңғы кездері діни таңдау, діни басымдылық уағызда-
ры бой көрсетіп отыр. Бұл аса қауіпті бағыт және оның алдын 
алу қажет. 
2.  Қазақстан  Мұсылмандар  Діни  Басқармасы  мұсылман 
жамағатын  нығайтуда  үлкен  жұмыс  атқарып  келеді,  алайда 
ҚР  исламның  жағдайы  әлдеқайда  қиын.  Жаңа  Заңға  сәйкес, 
Қазақстанда тек бір ғана бағыт, бір ғана конфессия, яғни ис-
лам  дінінің  ханафиттік  мазхабы  ғана  тіркелген.  Исламның 
басқа  ешқандай  бағыттары  тіркелмеген  және  олар  ҚР-да 
қызмет  ете  алмайды.  Олай  болса,  олар  ханафиттік  мазхаб 
«атын» жамылып, қызмет етеді, бұл елдегі ислам төңірегіндегі 
жағдайды қиындата түседі. 
3. Исламды этнизациялау әрекеттері, яғни қазақстандық 
жамағатты этникалық белгілер бойынша жіктеу орын алады. 
Осындай  жіктелу  Қазақстанда  XX  ғасырдың  соңы  мен  XXI 
ғасыр басында орын алды. 2005–2006 жылдары мешіттердің, 
халық айтқандай «этникалық пәтер» бойынша жіктелу үрдіс-
тері  айтарлықтай  төмендеді.  Алайда,  аталмыш  мәселенің 
өршігуі  жағдайды  қайта  қиындатуы  мүмкін.  Қазақстан 
жамағатына исламның халықаралық сипаты жайлы ескерту 
қажет.
4.  Өзіндік  ерекшеліктері  бар,  қазақи  исламды  құрудың 
қажеті жоқ, өйткені қазірдің өзінде мұндай исламды құрудың 
үрдістері көрініс табуда. Бұл сандырақ. Себебі, ислам әлемдік 
дін,  ал  Пайғамбар  өзінің  уағыздарын  жер  бетіндегі  барлық 
адамдарға  бағыштаған.  Ислам  догмалары  бойынша,  ислам  – 
барлық адамдарға бағытталған және кез келген уақытта өзекті 

73
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі 
бағыттары мен үрдістері
болып  табылатын  дін.  Сонымен  қатар,  (радикалшылардан 
басқа)  ешкім  де  мұсылмандардың  дін  ұстау  тәжірибесіндегі 
ерек-шеліктерді теріске шығара алмайды.  Мұндай ерекшелік-
терге  қарамастан,  ұлтық  исламды  құрудың  қажеті  жоқ.  Бұл 
әрекет  белсенділердің  исламды  толық  меңгермегенін  ғана 
көр-сетеді.  Оның  орнына  исламдағы  «орталық  жолды»  жасау 
әрекеті: исламның негізгі талаптарының бірі дінге сенушілерді 
шектен шықпай, ақиқат дінге бағынып, сабырлы болуға шақыру 
орынды. 
5. Ислам қазақ этносын біріктіру формасы ретінде өзінің 
маңыздылығын  осы күнге  дейін  сақтап келді, дегенмен,  асы-
ра  сілтеудің  қажеті  жоқ.  Сол  себептен,  болашақта  этносты 
біріктіру механизмі ретінде қарастырылатын исламның орнын 
әлемдік дін сипатындағы ислам басады. Бұл жағдайда кейбір 
қазақтардың  исламнан  кету  себептерін  болжауға  болады.  
Нәтижесінде қазақтардың бір бөлігінің дінге тереңдеу үрдісін 
бақылауға болады. 
6.  Барлық  конфессияларға  тән  болып  табылатын  про-
зелетизм бағыты аз да болса  көрініс табады. Біз бір конфес-
сия  белсенділерінің  өзге  конфессия  өкілдерін  өз  жағына 
«тарту  әрекеттері»  жөнінде  де  жиі  естиміз.  Жалпы  алғанда, 
бұл  қарапайым  және  табиғи  үрдіс,  дегенмен,  атеизмнің 
салдарынан кейін діншілдер мұндай әрекеттерге сақ болады. 
Сонымен  қатар,  бір  қатар  ислам  мемлекеттерінде    прозеле-
тизмге заңды түрде тыйым салынған. Әрине, әрбір конфессия 
үгіт-насихат жүргізумен айналысу керек. Бірақ, көпэтностық 
және поликонфессионалды Қазақстан миссиялық міндет пен 
прозелетизм арасындағы шекараны кесіп өтпеуі қажет.  
7. Қазақстанның негізгі діндері мен жаңа діни қозғалыс-
тар  арасындағы  қарама-қайшылықтардың  шиелінісін  бай-
қауға болады. Қазақстан Республикасында белгілі бір қиын-
дықтар  бұрын  да  болған,  бірқатар  діни  бірлестіктердің 
тіркеуден өте алмау себептерінің нәтижесінде олардың қыз-
меттеріне  тыйым  салу  шаралары  осы  қарама-қайшылықты 
тек  күшейте  түседі.  Осы  бағыттағы  жағдайдың  жағымсыз 
салдарын бәсеңдетудің әдістерін табу керек. 

74
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы жаңа шығыс діни 
ұйымдар мен жалған-христиандық бірлестіктердің радикалдануы 
сияқты бағытқа назар аудару керек деп есептейміз. 
-  жалған-христиандық  діни  бірлестіктердің  радикал-
дануы  тереңдей  түсуі  мүмкін  (бұлай  айтуымыздың  себебі, 
олар  күнделікті  жағдайдың  өзінде  өздерінің  таңдаулы  екен-
дігін  уағыздап,  радикалды  болып  келеді).  Ол  әдетте,  діни 
бірлестіктердің  жетекшілері  мен  отандық  дінтанушылар  ай-
татындай,  мемлекеттік-конфессиялық  саланы  ретке  келті-
ретін  заңның  күшеюі  әсерінен  емес,  діни  бірлестіктердің  өз 
догматикаларын  бірітіндеп  іске  асыруларымен  байланысты 
болып  келеді.  Шет  елдердегі  орталық  аппараттардың  нұс-
қаулары мен бірлестік басшыларының дүниетанымдық ұста-
нымдары олардың радикалдануына үлестерін қосуы мүмкін; 
- жоғарыдағы аталған жолдар бойынша жаңа шығыс діни 
бірлестіктердің  радикалдану  үрдісі  кейбір  ерекшеліктерімен 
іске  асуы  мүмкін.  Осы  орайда,  олардың  жаңадан  қалыптасқа-
нын  естен  шығармаған  жөн.  Олардың  ішіндегі  ең  үлкенінің 
жасы кем дегенде жүз жыл шамасында. Үндістан мен Қытайда 
оларды  секталар  деп  есептейді,  алайда,  олар  Орталық  Азия 
халықтарының дін саласындағы сауатсыздығы мен қараңғылы-
ғын  пайдалана  отырып,  өздерінің  тарихын  ежелгі  уақыттан 
бастайды  (мысалға,  «Кришна  санасының  Қоғамы»  –  криш-
наиттер). Осындай бірлестіктердің негізін қалаушылар  өздерінің 
жақтаушылары  тарапынан  «ақиқатқа  жеткен»,  «кемел»  адеп-
тер ретінде қабылданады. Мұндай адамдар ақиқатқа қол жет-
кізгендіктен,  сынға  түспейді.  Кез-келген  жаңа  ориенталистік 
діни  қозғалыстың  шығу  тегін  қарасақ,  олардың  күмәнділігін 
көрсетеді. Олар басынан радикалды. Исламмен салыстырғанда, 
олардың  радикалистік  бағыты  Қазақстан  мен  аймақтық  дең-
гейде айтарлықтай байқала бермейді, өйткені, олардың мүше-
лерінің саны аз, ал топтар іштей оқшауланып келеді. 
Жаңа  діни  бағыттардың  радикалды  сипаттағы  қызмет-
терінің деңгейін бәсеңдету үшін төмендегідей әдісті қолдану-
ды дұрыс деп есептейміз. Қазақстанда тіркелген барлық діни 
бірлестіктер  белгілі  бір  уақыт  ішінде  (кейбір  мемлекеттер 

75
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі 
бағыттары мен үрдістері
бұған 10–15 жыл береді) өздерінің Қазақстанда жүргізіп жат-
қан қызметтерінің конструктивтілігін, нәтижелілігін және оң-
тайлылығын  көрсетулері  тиіс.  Бұл  жағдайда  қоғамдық  сана-
сезім мен құқықтық салада мұндай діни бірлестік тек де-юре 
ғана емес, сонымен қатар де-факто құқықтарына иеленеді. Егер 
осы уақыттың ішінде діни бірлестіктер заңды бұзып, олардың 
кесірінен  адамдар  зардап  шегетін  болса,  онда  олардың  қыз-
меті тоқтатылады. Осы аналитикалық және тәжірибелік қыз-
мет  өз  кезегінде  шетелдік,  дамыған  және  демократиялық 
мемлекеттер нығайтылған. 
Жаңа  діни  қозғалыстарды  (ЖДҚ)  қолдау  көбінесе  Аме-
рика  Құрама  Штаттарына  байланысты.  Америка  Құрама 
Штаттарының  діни  еркіндік  жөнінде  өздерінің  түсініктерін 
күллі  әлемге  таратады  және  (АҚШ-та  тіркелген  діни  бірлес-
тіктер,  яғни  3  адам  діни  топты  қалыптастырып,  өздерінің 
ұйымдасуын  хабарландыру  формасында  жария  етеді)  Орта-
лық  Азия  аймағында  Америка  Құрама  Штаттарындағыдай 
біраттас бірлестіктерді қолдап отырады. 
Қазақстанда  жаңа  діни  қозғалыстар  қызметі  күмәнді 
қатынасты  білдіреді.  Осындай  қатынастың  себептері  ретінде 
келесі мәселелерді бөліп көрсетуге болады: 
- аймақтағы танымалдығы төмен ЖДҚ-ға сақтықпен қарау; 
-  ЖДҚ жүргізетін уағыздарда басқыншылықтың көрініс 
табуы; 
- ЖДҚ-дың беделінің түсуіне байланысты БАҚ-да мерзімді 
компаниялар ұйымдастырып тұру; 
-  Қазақстан  және  аймақтың  дәстүрлі  діндеріне  деген 
ЖДҚ-дың сыни қатынасы; 
- ЖДҚ-дың «Батыстан» қолдау табуы. 
ЖДҚ-дың мүшелері Қазақстандағы жалпы діндар халық-
тың  тек  5%  құрайтынын  атап  өту  керек.  Бірақ,  Қазақстан 
мен  Орталық  Азия  аймағында  ЖДҚ-дың  әлеуметтік-саяси 
белсенділігі бейпропорционалды түрде  зор болып келеді. 

76
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
2.6. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ АХУАЛҒА 
ДІНДЕРДІҢ ӘСЕР ЕТУ БАҒЫТТАРЫ
Зайырлы  мемлекеттердің  өзінде  де  діннің  қоғамға,  ал 
қоғам  арқылы  мемлекетке  тигізетін  ықпалы  зор.  Алдағы 
уақытта біз осы ықпалдың келесі үрдістерін байқай аламыз. 
Бірінші. Қазақстанда діннің саясилануы жиілеуде. Діннің 
саясилану  үрдісі  барысында  жағымды  және  жағымсыз  сәттер 
қатар  жүреді.  Жағымсыз  сәттер  көп  көрініс  табады  (мыса-
лы,  экстремизм  мен  терроризм)  ал  жағымдыларын    көру 
қиынырақ. Егер біз руханилық пен ізгілік саласынан діннің тек 
жағымды  әсер  әкелетінін  мойындайтын  болсақ,  онда  діннің 
жағымды әсерін қалайша жоққа шығарамыз? Саяси салаға да 
жағымды әсерін көреміз. Діннің ықпалының арқасында саясат  
гуманистік  және  ізгілікті  бола  алады.  Діннің  саясатқа  деген 
жағымды  ықпалын  іске  асыру  үшін  дінді  алдыменен  саяси 
үдерістерге «кірістіру» керек. Түрлі дәрежедегі саясаткерлер 
өздерінің саяси үдерістеріне қатысты діни ықпалдың болуын 
қаламайды, өйткені, діннің саясатқа «кірістірілуі» барысында  
күрделі  мәселелерге  тап  болатындарын  іштей  сезіп,  біледі. 
Осыған орай, осы үрдістің кері нәтижелерін азайтып, жағымды 
және қалыпты жақтарын қолдау керек.  
Діннің  саясилануы  діннің  қағидаттарына  сай  үдеріс 
емес.  Діннің  саясатқа  араласудан  басқа  өзіндік  мақсаттары 
мен міндеттері бар. Кез келген дін әлеуметтік әділеттілікті әр 
түрлі түсінеді. Бұл түсінік шынайылықпен үйлеспей жатқан 
жағдайда,  дін  өзінің  қызметі  аясында  әлеуметтік  және  саяси 
кеңістікке араласуды өз міндеті санайды. Дін саясилануының 
қайнар  көзі  осында.  Діннің  осындай  мүмкіндіктерін 
конструктивті арнаға бағыттасақ, онда діннің пайдасы айқын 
болар  еді.  Діннен  бас  тартатын  болсақ  ол  «оппозицияның» 
қарамағына шығып кетеді. Мемлекет діннің әділеттілік қағи-
дасын  іске  асыру  ұмтылыстары  мен  зайырлылықты  қорғау 
арасындағы үйлесімділікті сақтауы тиіс, әйтпесе, мемлекеттік-
конфессиялық қатынастарда белгілі бір қысым пайда болады. 

77
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі 
бағыттары мен үрдістері
Екіншісі.  Мемлекеттің  зайырлығы  экстремизм  мен 
терроризмнің  өсуіне  кедергі  болып  табылмайтындықтан, 
зайырлықты  атеизм  ретінде  түсінетін  және  дінге  қысым 
көрсететін  зайырлы  мемлекетте  экстремизмнің  шарықтау 
үрдісі әрдайым көрініс тауып отырады. Сол себептен, діннің 
радикалдану  үдерістерін  басқара  отырып,  оның  әлеуеттілі-
гін  де  төмендетуге  болады,  бірақ  ол  үшін  дінге  ықпал  ету 
шеберлігі  қажет.  Ал  қазіргі  таңда  Қазақстанда  діннің  мән-
маңызы  толық  және  жетік  түсініле  бермейді.  Бұл  орайда,  
Қазақстан Республикасының діни саясатын жүзеге асыратын 
шенеуніктерді дайындап шығару қажет. 
Үшінші. Діни идеологиялар Қазақстанда өздерінің рөлін 
күшейте  береді.  Біздің  ойымызша,  алдағы  уақытта  әсіресе, 
радикалистік  бағыттардағы  агрессивті  діни  идеология-
лардың  рөлі  айқын  біліне  бастайды.  Тек  Ислам  ғана  емес, 
басқа  да  діндер  қоғамдық  және  мемлекеттік  өмірден  ығыс-
тырылғандықтан,  радикалды  жолға  түседі.  Бұл  олардың 
ығыстырылуға  қарсы  көрсеткен  наразылықтары  болып  та-
былады. Сол себептен дінге қоғамға ықпал етуге мүмкіндік 
беріп, оның жағымды жағынан танылуын талап ету орынды 
болар еді. Заманауи әлемде діни идеологиялардың рөлі зор 
екенін ескере кеткен жөн: 
Біріншіден,  бұл  идеологиялар  түрлі  бағыттағы  ұлттық 
стратегиялармен қиылысып келеді. 
Екіншіден,  екі  түрлі  әлеуметтік  жүйелердің  («Қырғи 
қабақ»  соғысы  кезіндегі)  идеологиялық  қарсылық  сипатын 
жоғалтқан  «Батыс»  пен  «Шығыстың»  жаһандық  деңгейдегі 
қайшылықтары діни идеологиялардың жаңа бейнесін тапты. 
Үшіншіден,  қазіргі  кезеңнің  ақпараттық  соғысында  діни 
идеологиялар маңызды рөль атқарады. 
Төртіншіден,  діни  идеологиялардың  агрессиялық  және 
жанкештілік қасиеттері, оларды шиеленістерді басқару стра-
тегиясын  жүзеге  асырудың  арсеналына  кіретін  қуатты  да 
«жұмсақ күшке» айналдырады.  
Бесіншіден, діни идеологиялар ұлттық және халықаралық 
деңгейде  өзара  қарым-қатынасқа  түседі.  Бұл  жағдайда  олар 

78
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
осы  идеологиялардың  астарында  тұрған  күштердің  «әсер  ету 
себебіне» айналады. 
Осының  барлығы  діни  идеологияларды  геосаясаттың 
белсенді факторы етеді. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың идеоло-
гиялары  жалпы  идеологияның  мәнін  әшкерелеген  болатын: 
мемлекет  пен  әлеуметтік  топтардың  белгілі  бір  идеологияны 
ұстануы  өткеннің  қалдығы  мен  антидемократиялық  фактор 
ретінде  қарастырыла  бастады.  Босаған  орын  діни  идеоло-
гиялардың еншісіне тиді. Оның үстіне, радикалды формадағы 
діни идеологиялар жалпы идеологиялардың классикалық үл-
гісі болып табылды. Жетістіктері зор идеологиялардың жалпы 
сипаттамаларын  анықтау  мақсатымен  тарихқа  көз  шалатын 
болсақ, онда олардың барлығының шектеулі, жаппай басқын-
шылық және жанкештілік сипаттарын айқын көруге болады. 
Радикалды  идеологиялардың  айтарлықтай  күші  бар. 
Олардың күші келесі факторлармен түсіндіріледі:
-  идеялық  тұрғыдан  олар  біртұтас,  шектеулі  болса  да 
біртұтас;
-  олар  күш  қолдану  әдістерін  пайдаланады,  бұл  әдістер 
мұндай қасиетті жазбаларға сүйене отырып, түсіндіріледі
- радикалды идеологияның күштік идеялық және әлеует-
ті  қырлары  бір  арнаға  енгізілген  –  бірі  екіншісінен  шығып 
отырады. 
-  радикалды  идеологияны  ұстанушылар  өздерінің  көз-
қарастарының  дұрыстылығына  абсолютті  түрде  сенеді.  Кей-
бір жағдайларда олар жанкештілікке дейін барып, сыншыл-
дықты  көтермейді.  Олар  әдетте  өздерінің  қарсыластарын 
түкке тұрғысыз деп бағалап, сұхбатқа бара бермейді. 
Осының барлығы діни идеологиялардың әлемдік және ұлт-
тық саясатта өз рөлін күшейте түсетінін көрсетеді. Олар өздері-
нің ішінде қазіргі әлемді қалыптастырудың жаңа геосаяси амал-
дарын  талап  ететін  саясат  пен  діннің  ақиқатты  мән-маңызын 
ұтымды  бірлестіреді.  Сол  себептен,  діни  идеологиялардың 
жағымсыз  әрекетін  ұғына  отырып,  Қазақстан  халықаралық 
деңгейде соларға қатысты айла-амалдарды ұтымды пайдалана 
білуі керек, өйткені бұл – заманауи саясаттың тілі. 

79
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі 
бағыттары мен үрдістері
Төртінші. Діни білім мен ағартушылықтың өсу үрдісін қол-
дау керек. Негізінде, халықтың діни сауаттылығының көтерілуі 
мемлекетке  тиімді  болмаса,  зиян  болмайды.  Ол  үшін  тек 
діни  мәдениетті  оқытудың  Қазақстанның  зайырлы  сипатына 
сай  оқыту  формаларын  жасап  шығару  қажет.  Қазіргі  таңда 
мектептегі  «дінтану»  курсының  тиісті  деңгейде  оқытылып 
жатпағанын  мойындау  қажет:  даярлығы  төмен  оқытушылар 
балаларды шыдамдылықтан гөрі, конфронтацияға үйретуде. 
Бесінші.  Қазақстандық  қоғамның  дін  арқылы  бірігуінің 
өсу үрдісі байқалуда. Бұл қалай? – деп бізден сұрайды. Дін-
нің дінге тиістілігі бойынша қоғамды жіктейтіні дәлел болып 
табылмайды  ма?  Иә,  әрине,  мұндай  жағдай  орын  алған. 
Бірақ, бұл діннің қоғамға әсер етуінің тек бірінші кезеңі ғана: 
бірінші  кезеңде  дін  қоғамды  мұсылмандар,  христиандар 
(ал  христиандар  өз  ішінде  католиктер,  православиялықтар, 
протестанттар  деп  бөлінеді)  және  басқа  діннің  өкілдері 
деп  бөледі.  Бірақ,  мұндай  жікшілдіктен  кейін  түрлі  діндегі 
адамдардың  рухани  бірлестігі  орын  алады,  ол  өз  кезегінде 
жалпы сенімнің ортақтығына байланысты болып келеді. 
Құдайға  сенудің  өзі  түрлі  діндегі  адамдарды  жақын-
дастырады.  Түрлі  діндерде  Құдай  және  оған  апаратын  жол 
жөніндегі  түсініктердің  арасында  айырмашылық  болса  да, 
ақиқатты сенім дінді тұтушылардың рухани үйлесуін қамта-
масыз  ететін  ортақ  негіз  болып  табылады.  Қазақстан  халық-
тарының  рухани  бірлесу  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыруда 
мемлекет  жетекшілігінің  салмақты  саясаты  маңызды  роль 
ойнайтыны  шүбәсіз.  Осы  бірлесу  мүмкіндігінің  ішкі  шарты 
Құдайға сену болып табылады. Құдайдың өзі рухани бірлесу-
дің  бастапқы  шарты,  өйткені,  ондағы  адамдардың  барлығы 
бір-біріне бауыр болып келеді. Түрлі діндегі адамдарды бөліп, 
ажырататын  діни  ақиқат  емес,  сенім  мәнін  тұрпайы  түрде 
түсіну.  Басқаша  айтқанда,  сенім  шыңы  діншілдерді  бірікті-
реді,  ал  сенімнің  жалпы  талаптарын  ресми  түрде  орындау 
(олардың шын мәнін түсінбей) оларды керісінше бөледі. 
Бұл  үрдіс  –  Қазақстан  үшін  ең  құнды  және  тиімді.  Оны 
әрдайым қолдап отыру қажет. 

80
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
2.7.  ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР
1.  Заманауи  әлемде  діни  ықпалдың  рөлі  өсуде.  Дін  рөлінің 
күшеюі  әлемде  діннің  төмендеуінен  болғанын  атап  өту 
қажет. Бұл жердегі оғаштық, Құдайға деген сенім деңгейінің 
төмендеуі  діннің  саясатқа  белсенді  түрде  араласуына  мүм-
кіндік  жасауы  еді.  Діншілдіктің  төмендеуі  діннің  өзінің  шы-
найы  мәнін  сақтап  қалу  талаптарын  бәсеңдетеді,  дінді  енді 
оның  сыртқы  формаларында,  әлеуметтік-саяси  жобаларда 
және  т.  б.  қолдана  беруге  болады.  Діннің  адамгершілік, 
гуманистік  мүмкіндіктері  емес,  керісінше  дінді  оның  сырт-
қы, саяси, жекеленген жағдайда басқыншылық формада қол-
дану  мүмкіндіктері  кеңеюде.  Әлемдік  саясаттың  белсенді 
субъектілері дінді оның ішкі, құндылықтық және гуманистік 
аспектілерінен  тазартуға  тырысады.  Діннің  бұл  жақтары 
олардың  геосаяси  мақсаттарында  қолдануына  кедергі  кел-
тіреді,  сол  себептен,  дінді  заманауи  өмірден  шеттетеді.  Осы 
орайда  заманауи  геосаясаттың  «дизайнерлері»  дінді  оның 
әлеуметтік-саяси және құқықтық-зайырлы кескінін келтіреді; 
геосаяси мақсаттарда діннің мұндай негіздерін жетекшілікке 
алу оңайырақ. 
2.  Дін  (оның  бұрмаланған  бейнесі)  геосаясатта  басқыншы-
лық  ниеттерді  жүзеге  асырудың  қолайлы  формасы  болып 
табылады.  Діни  құндылықтар  адамдардың  сана-сезіміне 
тереңінен  еніп,  олардың  әрекеттерін  басқарып  отырады. 
Сол  себептен,  тәуелсіз  мемлекеттердің  қоғамдық  санасына 
жалған  діни  қағидаларды  енгізе  отырып,  басқарылмалы 
шиеленістің  классикалық  кестесі  бойынша  оларға  қатысты 
айла-амалдарды  қолдану  қиынға  соқпайды.  Оған  қоса,  ал-
дын ала пайда болған радикалды діни қозғалыстар арқылы 
қысым  көрсетіп  тұрады.  Діни  тұрғыдан  уәжделген  терро-
ризм – геосаясаттың үрдістерін басқаруға сай форма болып 
табылады. 
3.  Халықаралық  құрылымдар  соңғы  10  жыл  ішінде 
ішкі  мемлекеттік  және  халықаралық  деңгейде  діннің  рөлін 

81
Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі 
бағыттары мен үрдістері
регламенттейтін құжаттардың бір қатарын қабылдаған бола-
тын.  Осындай  баламалы  саясатты  адам  құқығы  бойынша 
Еуропалық  сот  жүргізіп,  зайырлы  бағдарланған  азаматтың 
құқығы  мен  еркіндігінен  шыға  отырып,  шешімдер  қабылда-
ды.  Мұндай  құжаттар  мен  АҚЕС  шешімдерінің  талдануы, 
әдетте  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  мүдделеріне  сай 
келмейтін  қағидаттар  негізінде  заманауи  әлемді  құрудың 
маңызды құралы болып табылады. Ол әрине, мемлекетіміздің 
ұлттық қауіпсіздігіне қауіп-қатер келтіреді. 
4.  Жоғарыда  аталып  өткендей,  Қазақстан  зайырлылық 
қағидатын  нақтылап,  оны  іске  асырудың  мемлекетке  тиімді 
механизмдерін  жасап  шығару  қажет.  Оларды  өз  кезегінде 
мемлекеттік-конфессионалды  саясат  саласында  мемлекеттік 
саясатты  жүзеге  асырудың  формаларымен  үйлестіріп,  бір-
лестіру керек. Бұл саланы басқаруда тым «асыра сілтеушілік» 
әрекеттерді  қолданбайтын  мемлекеттік  саясатқа  зейін  қою 
керек. Мемлекет діннен келетін себептерін біліп, оларды кон-
фессиялармен  қарым-қатынасқа  түсу  әдісіне  айналдыруы 
тиіс: бұл жағдайда, мемлекет діни бірлестіктердің қызметіне 
аз  араласып,  зайырлы  мемлекеттерден  талап  етілетін  қағи-
даттарды тиімді орындайды. 
5.  Сонымен  қатар,  әлеуметтік  және  саяси  маңызды  ас-
пектілер бойынша конфессиялардан өз қызметтерінің жауап-
кершілікпен  орындауын,  мемлекеттік-конфессиялық  және 
конфессияаралық қатынастар саласында заңның нақты және 
айқын  түрде  орындалуын  талап  ету  қажет.  Бұл  өз  кезегінде 
осы  саладағы  мемлекеттік  бақылаудың  үлесін  азайтып,  діни 
үрдістерді  басқарудың  ауыр  жүгін  конфессиялардың  өзіне 
жүктейді. 
6.  Геосаясаттағы  діннің  жаңа  рөліне  байланысты  шет 
елдік  бастамаларға  сыни  көзқараспен  қарау  керек.  Осын-
дай  бастамалардың  барлығы  ұсынып  отырған  мемлекеттің 
мүдделеріне  байланысты  болып  келетінін  естен  шығармау 
қажет.  Қазақстан  бөлек  бастамаларға  қосыла  отырып,  ал-
дымен,  осы  үрдістің  артықшылықтары  мен  кемшіліктерін 
қарастыру керек. 

82
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды 
дамытудың өзекті мәселелері
7.  ҚР  СІМ  халықаралық  қатынастар  дамуының  жаңа 
үрдістерін  (саясатта  діни  фактордың  өсуімен  байланысты) 
нақты зерттеуі тиіс, өйткені, мемлекет қаламаған жағдайда да, 
«жаңарған ойын ережелері» бәріне де ортақ болып келеді. 
8.  Дін  істері  Агенттігі  тезірек  діни  бірлестіктер  мен 
олардың  басшыларының  бітімгерлік  және  «діни»  дипло-
матияның  өзге  акцияларына  қатысу  формаларын  анықтап, 
зерттеуі  керек.  Жақын  арада  бұл  акциялардың  жиілігі  мен 
сапасы лезде өсіп кетеді. 
9.  Әлемдік  діндер  шекаралық  кедергілерге  қарамастан 
әрекет  ететіндіктен,  шетелдік  дін  орталықтарының  Қазақстан 
діндарларының  дін  тұту  тәжірибесінің  сипаты  мен  форма-
сына  тигізер  әсерін  терең  және  нақты  зерттеу  қажет.  Бұл 
міндет  Қазақстан  Республикасы  мекемелерінің  кешенді 
мүмкіндіктерімен шешілуі тиіс. 
10.  Қазақстан  Республикасында  діни  сауаттылық  пен 
білімді дамыту қажет (мемлекеттің қатал бақылауымен – Дін 
істерінің  Агенттігі,  ҚР  БҒМ).  Бұл  әрекеттің  өзі  Қазақстанға 
қатысты қатал геосаясаттың шектік шамасын болжайтын бо-
лады (діни дәлелдер мен факторларды қолдана отырып, өйт-
кені, діни сауаттылықты жоғарылату есебінен шенеуніктер, қо-
ғамдық құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық 
қоғамның өзге белгілері арасында осы саясаттың үгіттеушілері 
азая бастайды). Қоғам  діннің  мәнін  түсіне  бастағаннан  кейін 
мүдделі  құрылымдарға  Қазақстанға  қатысты  сыртқы  діни 
факторды  қолдану  арқылы  симметриялы  емес  геосаясатты 
жүргізуге мүмкіндік бермейді. 
11.  Қазақстан  Республикасы  исламизм  идеологиясынан 
айтарлықтай алыстатылуы тиіс. Бұл оның әлемдік деңгейдегі 
беделінің  түсуіне  ғана  емес,  сонымен  қатар  оның  тарихи 
келешегінің де жоқ екеніне назар аудару қажет. Қазіргі таңда 
исламизм заманауи кезеңнің негізгі діни идеологиясы ретінде 
орныға алды. Дегенмен,  бұл – уақытша құбылыс. Исламдық 
әлем  әлемдік  қауымдастықпен  бірлесуге  мәжбүр  болып  ке-
леді  және  исламизм  идеологиясынан  бас  тарту  Батыс  тара-
пынан  ұсынылатын  бірлесудің  міндетті  шарты  бола  алады. 

83

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет